Нашақорлық пен есiрткi бизнесiнiң алдын алу және оларға қарсы iс-әрекет бойынша жұмысты үйлестiру мәселелерi жөнiндегi комиссия құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 25 желтоқсандағы N 1316 қаулысы

Жаңартылған

       Ескерту. Тақырыбына өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.02.24. N 170  қаулысымен .

      Мемлекеттiк органдардың қызметiн үйлестiру әрі нашақорлықтың алдын алу және есiрткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы iс-әрекет жөнiнде тиiмдi шаралар қабылдау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қосымшаға сәйкес құрамда Нашақорлық пен есiрткi бизнесiнiң алдын алу және оларға қарсы iс-әрекет бойынша жұмысты үйлестiру мәселелерi жөнiндегi комиссия (бұдан әрi - Комиссия) құрылсын.
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.02.24. N 170  қаулысымен .

      2. Қоса берiлiп отырған Комиссия туралы ереже бекiтiлсiн.

      3. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
      1) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанында Нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы iс-әрекетті ұйымдастыру мәселелерi жөнiндегi комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 10 қазандағы N 1106  қаулысының  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 34, 362-құжат);
      2) "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 10 қазандағы N 1106 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 28 мамырдағы N 496  қаулысының  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2003 ж., N 23-24, 220-құжат).

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы     
Үкіметінің           
2003 жылғы 25 желтоқсандағы 
N 1316 қаулысына       
қосымша           

Нашақорлық пен есiрткi бизнесiнің алдын алу және
оларға қарсы iс-әрекет бойынша жұмысты үйлестiру
мәселелерi жөніндегi комиссияның
құрамы

       Ескерту. Құрам жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2007.06.26. N  1316 , өзгерту енгізілді - 2007.10.22.  N 981 , 2008.07.31.  N 729 қаулыларымен.

Мұхаметжанов                - Қазақстан Республикасының Ішкі істер
Бауыржан Әлімұлы              министрі, төраға

Абоимов Виктор Андреевич    - Қазақстан Республикасы Туризм және
                              спорт министрлігінің Спорт комитеті
                              төрағасының орынбасары

Сабуров                     - Қазақстан Республикасы Ішкі істер
Дәлелхан Қамалбекұлы          министрлігінің Есірткі бизнесіне
                              қарсы күрес және есірткі айналымын
                              бақылау комитеті төрағасының
                              орынбасары, төрағаның орынбасары

Айтбаева                    - Қазақстан Республикасы Ішкі істер
Елена Игоревна                министрлігі Есірткі бизнесіне
                              қарсы күрес және есірткі айналымын
                              бақылау комитетінің алдын алу және
                              ведомствоаралық үйлестіру
                              басқармасы бастығының орынбасары,
                              хатшы

Дәненов                     - Қазақстан Республикасы Сыртқы
Нұрлан Жұмағалиұлы            істер министрінің орынбасары

Мыңбай                      - Қазақстан Республикасының Мәдениет
Дархан Қамзабекұлы            және ақпарат вице-министрі

Кененбаев                   - Қазақстан Республикасы Қаржы
Ерлік Әбдірақымұлы            министрлігі Кедендік бақылау
                              комитеті төрағасының орынбасары
 
Жанасаев                    - Қазақстан Республикасы Қорғаныс
Болат Бақытжанұлы             министрінің орынбасары
 
Омаров                      - Қазақстан Республикасының Денсаулық
Қадыр Тоқтамысұлы             сақтау вице-министрі
 
Қуанғанов                   - Қазақстан Республикасы Білім және
Фархад Шаймұратұлы            ғылым министрлігінің жауапты
                              хатшысы
 
Ерғожин                     - Қазақстан Республикасының Қаржы
Дәулет Еділұлы                вице-министрі
 
Асқаров                     - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты
Бақытжан Бекзатханұлы         жанындағы Сот әкімшілігі комитеті
                              төрағасының орынбасары
                              (келісім бойынша)
 
Исақов                      - Қазақстан Республикасы Әділет
Нұржан Әзімханұлы             министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі
                              комитеті төрағасының орынбасары
 
Кравченко                   - Қазақстан Республикасы Бас
Андрей Николаевич             прокуратурасы Мемлекеттік органдардың
                              қызметіндегі заңдылықты қадағалау
                              департаментінің бастығы
                              (келісім бойынша)
 
Білісбеков                  - Қазақстан Республикасы Ұлттық
Нұрғали Дәулетбекұлы          қауіпсіздік комитеті төрағасының
                              орынбасары (келісім бойынша)
 
Иванова                     - Қазақстан Республикасы Экономика және
Наталья Николаевна            бюджеттік жоспарлау министрлігі
                              Қорғаныс кешенін, құқық қорғау
                              жүйесін және мемлекеттік органдарды
                              дамыту департаментінің директоры

Қазақстан Республикасы       
Үкіметінің             
2003 жылғы 25 желтоқсандағы    
N 1316 қаулысымен бекiтiлген   

  Нашақорлық пен есiрткi бизнесінің алдын алу
және оларға қарсы iс-әрекет бойынша жұмысты
үйлестiру мәселелерi жөнiндегi 
комиссия туралы ереже

       Ескерту. Тақырыбына өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.02.24. N 170  қаулысымен .

  1. Жалпы ережелер

      1. Нашақорлық пен есiрткi бизнесiнiң алдын алу және оларға қарсы iс-әрекет бойынша жұмыстарды үйлестiру мәселелерi жөнiндегi комиссия (бұдан әрi - Комиссия) консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.02.24. N 170  қаулысымен .

      2. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының  Конституциясын , Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентi мен Үкiметiнiң кесiмдерiн және өзге де нормативтік құқықтық кесiмдерiн, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.  <*>
       Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.08.04. N 831  қаулысымен

  2. Комиссияның негiзгi мiндеттерi мен функциялары

      3. Комиссияның негiзгi міндеттерi:
      1) бiрыңғай мемлекеттiк саясатқа және Қазақстан Республикасы Президентiнің 2005 жылғы 29 қарашадағы N 1678  Жарлығымен  бекiтілген Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрестің 2006-2014 жылдарға арналған стратегиясына негiзделген өзара байланысты саймасай шаралар кешенiн iске асыруға арналған жаңа көзқарастарды жүзеге асыруға;
      2) Қазақстан Республикасында нашақорлықтың және есiрткi бизнесiнiң таралуына тиiмдi мемлекеттiк және қоғамдық қарсы iс-әрекет, нашақорлықтың алдын алу, оны емдеу және есiрткiге тәуелдi адамдарды оңалту жүйелерiн нығайтуға және құруға;
      3) ел халқының әлеуметтiк нашақорлық иммунитетiн қалыптастыруға жәрдемдесу болып табылады.
       Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.06.19. N  426  қаулыcымен.         

      4. Комиссияның функциялары оған жүктелген мiндеттерге сәйкес:
      1) есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың, прекурсорлардың айналымы және олардың заңсыз айналымына қарсы iс-әрекет пен оларды терiс пайдалану саласындағы мемлекеттiк саясатты жетілдiру;
      2) негiзгi бағыттарды айқындау есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымын мемлекеттiк бақылауды күшейту және нашақорлық пен есiрткi бизнесiне қарсы күрестi жүргiзушi мемлекеттiк органдарды үйлестiру;
      3) нашақорлыққа, есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымына және олардың қол жетiмдiлігiне қарсы iс-әрекет және күрес тетiгiн iске асыру және одан әрi жетілдiру, есiрткiні заңсыз пайдаланатын, есiрткi құралдары мен психотроптық заттарды терiс пайдаланатын адамдарды уақтылы анықтау, есiрткiге тәуелдi адамдарды емдеу және оларды әлеуметтiк оңалту;
      4) нашақорлықтың алдын алудың тиiмдiлiгiн арттыру, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарының, оқу орындарының, медицина ұйымдарының, құқық қорғау органдарының және кең қауымның шиеленiстi қатынастарды қалыптастыруға және есiрткi қабылдамауға қатысуы арқылы;
      5) нашақорлық пен есiрткi бизнесiнiң алдын алу және оған қарсы күрес мәселелерi жөніндегi заңнамалық және өзге де нормативтiк құқықтық базаны жетілдiру;
      6) нашақорлық пен есiрткi бизнесiнің алдын алу және оған қарсы күрес саласында мемлекеттiк органдардың қызметiн одан әрi жетiлдiру және оларды үйлестiру;
      7) нашақорлық пен есiрткi бизнесiнің алдын алу және оған қарсы күрес жөнiндегi халықаралық ынтымақтастық мәселелерi жөнiнде ұсынымдар әзiрлеу болып табылады.

  3. Комиссияның құқықтары

      5. Комиссия:
      1) орталық және жергiлiктi атқарушы органдар мен өзге де ұйымдардан Комиссияның мiндеттерiн іске асыру үшiн қажеттi материалдарды сұратуға және алуға;
      2) қажеттiлiгiне орай мемлекеттiк органдар мен мемлекеттiк ғылыми-зерттеу ұйымдарының мамандарын өңiрлердегi есiрткi жағдайын талдау және зерделеу үшiн тартуға;
      3) Комиссияның отырыстарында орталық және жергiлiктi атқарушы органдар мен өзге де ұйымдардың өкiлдерiн Комиссияның құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша тыңдауға;
      4) мемлекеттiк органдарға осы бағыттағы жұмысты одан әрi жетілдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзуге;
      5) Комиссияның құзыретiне жататын өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.

  4. Комиссияның жұмысын ұйымдастыру

      6. Комиссияның төрағасы оның қызметiне басшылық етедi, оның отырыстарына төрағалық етедi, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешімдерiнiң iске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады және қолданыстағы заңнамаға сәйкес Комиссия жүзеге асыратын қызметке, сондай-ақ салааралық, ведомствоаралық үйлестіру мен Комиссия әзiрлейтiн шешімдер үшін дербес жауапты болады. Төраға болмаған уақытта оның функцияларын орынбасары орындайды.
       Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2006.06.19. N  426  қаулыcымен.

      7. Комиссия отырысының күн тәртiбi бойынша ұсыныстар, қажеттi құжаттар, материалдар дайындауды және отырыстан кейiн хаттама ресiмдеудi Комиссияның төрағасы тағайындайтын Комиссияның хатшысы жүзеге асырады.
       Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.06.19. N  426  қаулыcымен.

      8. Комиссияның жұмыс органы Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi болып табылады.

      9. Комиссия отырысын жүргiзуге материалдар дайындауды Комиссия хатшысы жүзеге асырады, ол отырысқа дейiн кемiнде 3 күн бұрын Комиссия мүшелеріне барлық қажетті құжаттарды жiбередi.

      10. Комиссияның отырысы қажетіне қарай, бірақ кемінде тоқсанына бір рет өткiзiледi. Комиссияның отырысы Комиссия мүшелерiнің жалпы санының кемiнде үштен екiсi қатысқан кезде заңды болып саналады.
       Ескерту. 10-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.08.04. N 831  қаулысымен .  

      11. Комиссияның шешiмi ашық дауыс берiп қабылданады және, егер оған Комиссия мүшелерiнің жалпы санының көпшілiгi дауыс берген болса, қабылданды деп саналады және Комиссия отырысының хаттамасымен қабылданады. Дауыстар тең болған кезде төраға шешушi дауысқа ие.
      Хаттамаға мiндетті түрде Комиссияның барлық мүшелері қол қояды.
       Ескерту. 11-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.06.19. N  426  қаулыcымен.