Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 25 желтоқсандағы N 1316 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 19 мамырдағы N 426 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 1345 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.11.16 N 1844 Қаулысымен.

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2007.12.26 N 1295 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуiрдегi Бюджет кодексiнiң 175-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Қазақстан Даму Банкi" акционерлiк қоғамы, "Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" акционерлік қоғамы, "Қазына" орнықты даму қоры" акционерлік қоғамы және "Қазақстандық ипотекалық компания" акционерлік қоғамы бюджеттiк кредиттер республикалық бюджеттен мiндеттемелердi орындау қамтамасыз етiлмей бөлiнетiн қаржы агенттіктері деп айқындалсын.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің  2007.12.26 N 1295, 2008.08.14 N 743, 2008.09.18 N 863 Қаулыларымен.

       2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі