Ескерту. Тақырыбына өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.02.24. N 170 қаулысымен .
Мемлекеттiк органдардың қызметiн үйлестiру әрі нашақорлықтың алдын алу және есiрткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы iс-әрекет жөнiнде тиiмдi шаралар қабылдау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қосымшаға сәйкес құрамда Нашақорлық пен есiрткi бизнесiнiң алдын алу және оларға қарсы iс-әрекет бойынша жұмысты үйлестiру мәселелерi жөнiндегi комиссия (бұдан әрi - Комиссия) құрылсын.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.02.24. N 170
қаулысымен
.
3. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
1) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанында Нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы iс-әрекетті ұйымдастыру мәселелерi жөнiндегi комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 10 қазандағы N 1106
қаулысының
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 34, 362-құжат);
2) "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 10 қазандағы N 1106 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 28 мамырдағы N 496
қаулысының
(Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2003 ж., N 23-24, 220-құжат).
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 25 желтоқсандағы
N 1316 қаулысымен
бекітілген
Нашақорлық пен есiрткi бизнесiнің алдын алу және
оларға қарсы iс-әрекет бойынша жұмысты үйлестiру
мәселелерi жөніндегi комиссияның
құрамы
Ескерту. Құрам жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2006.06.19. N 426 қаулыcымен.
Мұхамеджанов - Қазақстан Республикасының Iшкi
Бауыржан Әлiмұлы iстер министрi, төраға
Выборов - Қазақстан Республикасы Iшкi
Анатолий Николаевич iстер министрлiгi Есiрткi
бизнесiне қарсы күрес және
есiрткi айналымын бақылау
комитетiнiң төрағасы, төрағаның
орынбасары
Комиссия мүшелерi :
Әбдiрайымов - Қазақстан Республикасы Бас
Асылбек Түрiкбайұлы прокуратурасы әлеуметтiк саладағы
заңдылықты қадағалау бөлiмiнiң
бастығы
Ахметова - Қазақстан Республикасы Денсаулық
Ләззат Жамбылқызы сақтау министрлiгiнiң Фармация
комитетi фармацевтикалық бақылау
басқармасының бастығы
Байсеркин - Қазақстан Республикасы Денсаулық
Бауыржан Сәтжанұлы сақтау министрлiгi Емдеу-алдын
алу жұмысы департаментiнiң
директоры
Бiлiсбеков - Қазақстан Республикасы Ұлттық
Нұрғали Дәулетбекұлы қауiпсiздiк комитетi Экономикалық
қауiпсiздiк департаментiнiң
бастығы
Иванова - Қазақстан Республикасы Экономика
Наталья Николаевна және бюджеттiк жоспарлау
министрлiгi Мемлекеттiк аппарат,
құқықтық жүйе және қауiпсiздiк
шығыстарын жоспарлау
департаментiнiң директоры
Қарабалаева - Қазақстан Республикасы Жоғарғы
Алтын Көпбергенқызы Соты жанындағы Сот әкiмшiлiгi
комитетi Облыстардағы соттар мен
әкiмшiлердiң қызметiн ұйымдастыру
департаментiнiң директоры
Құсдәулетов - Қазақстан Республикасының Әдiлет
Дулат Рашидұлы вице-министрi
Нагай - Қазақстан Республикасы Әдiлет
Олег Петрович министрлiгiнiң Қылмыстық-атқару
жүйесi комитетi төрағасының
бiрiншi орынбасары
Нәзiров - Қазақстан Республикасы Қорғаныс
Болат Темiрболатұлы министрлiгiнiң Штабтар бастықтары
комитетi төрағасының орынбасары -
Штабтар бастықтары комитетi
Тәрбие және психологиялық жұмыс
департаментiнiң бастығы
Оразалиева - Қазақстан Республикасы Қаржы
Зәбира Жандарқызы министрлiгi Заң қызметi
департаментiнiң директоры
Тәшiбаев - Қазақстан Республикасы Сыртқы
Мұрат Сейiтжанұлы iстер министрлiгi Халықаралық
ұйымдар және көп жақты
ынтымақтастық департаментiнiң
директоры
Танысбай - Қазақстан Республикасы Мәдениет
Ләззат Мұратқызы және ақпарат министрлiгiнiң
Ақпарат және мұрағат комитетi
төрағасының орынбасары
Өтешев - Қазақстан Республикасы Бiлiм
Нұрлан Сүлейменұлы және ғылым министрлiгi Жастар
саясаты департаментiнiң директоры
Нашақорлық пен есiрткi бизнесінің алдын алу
және оларға қарсы iс-әрекет бойынша жұмысты
үйлестiру мәселелерi жөнiндегi
комиссия туралы ереже
Ескерту. Тақырыбына өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.02.24. N 170 қаулысымен .
1. Нашақорлық пен есiрткi бизнесiнiң алдын алу және оларға қарсы iс-әрекет бойынша жұмыстарды үйлестiру мәселелерi жөнiндегi комиссия (бұдан әрi - Комиссия) консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.02.24. N 170
қаулысымен
.
2. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының
Конституциясын
, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентi мен Үкiметiнiң кесiмдерiн және өзге де нормативтік құқықтық кесiмдерiн, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
<*>
Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.08.04. N 831
қаулысымен
.
3. Комиссияның негiзгi міндеттерi:
1) бiрыңғай мемлекеттiк саясатқа және Қазақстан Республикасы Президентiнің 2005 жылғы 29 қарашадағы N 1678
Жарлығымен
бекiтілген Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрестің 2006-2014 жылдарға арналған стратегиясына негiзделген өзара байланысты саймасай шаралар кешенiн iске асыруға арналған жаңа көзқарастарды жүзеге асыруға;
2) Қазақстан Республикасында нашақорлықтың және есiрткi бизнесiнiң таралуына тиiмдi мемлекеттiк және қоғамдық қарсы iс-әрекет, нашақорлықтың алдын алу, оны емдеу және есiрткiге тәуелдi адамдарды оңалту жүйелерiн нығайтуға және құруға;
3) ел халқының әлеуметтiк нашақорлық иммунитетiн қалыптастыруға жәрдемдесу болып табылады.
Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.06.19. N
426
қаулыcымен.
4. Комиссияның функциялары оған жүктелген мiндеттерге сәйкес:
1) есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың, прекурсорлардың айналымы және олардың заңсыз айналымына қарсы iс-әрекет пен оларды терiс пайдалану саласындағы мемлекеттiк саясатты жетілдiру;
2) негiзгi бағыттарды айқындау есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымын мемлекеттiк бақылауды күшейту және нашақорлық пен есiрткi бизнесiне қарсы күрестi жүргiзушi мемлекеттiк органдарды үйлестiру;
3) нашақорлыққа, есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымына және олардың қол жетiмдiлігiне қарсы iс-әрекет және күрес тетiгiн iске асыру және одан әрi жетілдiру, есiрткiні заңсыз пайдаланатын, есiрткi құралдары мен психотроптық заттарды терiс пайдаланатын адамдарды уақтылы анықтау, есiрткiге тәуелдi адамдарды емдеу және оларды әлеуметтiк оңалту;
4) нашақорлықтың алдын алудың тиiмдiлiгiн арттыру, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарының, оқу орындарының, медицина ұйымдарының, құқық қорғау органдарының және кең қауымның шиеленiстi қатынастарды қалыптастыруға және есiрткi қабылдамауға қатысуы арқылы;
5) нашақорлық пен есiрткi бизнесiнiң алдын алу және оған қарсы күрес мәселелерi жөніндегi заңнамалық және өзге де нормативтiк құқықтық базаны жетілдiру;
6) нашақорлық пен есiрткi бизнесiнің алдын алу және оған қарсы күрес саласында мемлекеттiк органдардың қызметiн одан әрi жетiлдiру және оларды үйлестiру;
7) нашақорлық пен есiрткi бизнесiнің алдын алу және оған қарсы күрес жөнiндегi халықаралық ынтымақтастық мәселелерi жөнiнде ұсынымдар әзiрлеу болып табылады.
5. Комиссия:
1) орталық және жергiлiктi атқарушы органдар мен өзге де ұйымдардан Комиссияның мiндеттерiн іске асыру үшiн қажеттi материалдарды сұратуға және алуға;
2) қажеттiлiгiне орай мемлекеттiк органдар мен мемлекеттiк ғылыми-зерттеу ұйымдарының мамандарын өңiрлердегi есiрткi жағдайын талдау және зерделеу үшiн тартуға;
3) Комиссияның отырыстарында орталық және жергiлiктi атқарушы органдар мен өзге де ұйымдардың өкiлдерiн Комиссияның құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша тыңдауға;
4) мемлекеттiк органдарға осы бағыттағы жұмысты одан әрi жетілдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзуге;
5) Комиссияның құзыретiне жататын өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
6. Комиссияның төрағасы оның қызметiне басшылық етедi, оның отырыстарына төрағалық етедi, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешімдерiнiң iске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады және қолданыстағы заңнамаға сәйкес Комиссия жүзеге асыратын қызметке, сондай-ақ салааралық, ведомствоаралық үйлестіру мен Комиссия әзiрлейтiн шешімдер үшін дербес жауапты болады. Төраға болмаған уақытта оның функцияларын орынбасары орындайды.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2006.06.19. N
426
қаулыcымен.
7. Комиссия отырысының күн тәртiбi бойынша ұсыныстар, қажеттi құжаттар, материалдар дайындауды және отырыстан кейiн хаттама ресiмдеудi Комиссияның төрағасы тағайындайтын Комиссияның хатшысы жүзеге асырады.
Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.06.19. N
426
қаулыcымен.
9. Комиссия отырысын жүргiзуге материалдар дайындауды Комиссия хатшысы жүзеге асырады, ол отырысқа дейiн кемiнде 3 күн бұрын Комиссия мүшелеріне барлық қажетті құжаттарды жiбередi.
10. Комиссияның отырысы қажетіне қарай, бірақ кемінде тоқсанына бір рет өткiзiледi. Комиссияның отырысы Комиссия мүшелерiнің жалпы санының кемiнде үштен екiсi қатысқан кезде заңды болып саналады.
Ескерту. 10-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.08.04. N 831
қаулысымен
.
11. Комиссияның шешiмi ашық дауыс берiп қабылданады және, егер оған Комиссия мүшелерiнің жалпы санының көпшілiгi дауыс берген болса, қабылданды деп саналады және Комиссия отырысының хаттамасымен қабылданады. Дауыстар тең болған кезде төраға шешушi дауысқа ие.
Хаттамаға мiндетті түрде Комиссияның барлық мүшелері қол қояды.
Ескерту. 11-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.06.19. N
426
қаулыcымен.