Нашақорлық пен есiрткi бизнесiнiң алдын алу және оларға қарсы iс-әрекет бойынша жұмысты үйлестiру мәселелерi жөнiндегi комиссия құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 25 желтоқсандағы N 1316 қаулысы

Жаңартылған

       Ескерту. Тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.02.24. N 170  қаулысымен .

      Мемлекеттiк органдардың қызметiн үйлестiру әрі нашақорлықтың алдын алу және есiрткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы iс-әрекет жөнiнде тиiмдi шаралар қабылдау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қосымшаға сәйкес құрамда Нашақорлық пен есiрткi бизнесiнiң алдын алу және оларға қарсы iс-әрекет бойынша жұмысты үйлестiру мәселелерi жөнiндегi комиссия (бұдан әрi - Комиссия) құрылсын.
       Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.02.24. N 170  қаулысымен .

      2. Қоса берiлiп отырған Комиссия туралы ереже бекiтiлсiн.

      3. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
      1) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанында Нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы iс-әрекетті ұйымдастыру мәселелерi жөнiндегi комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 10 қазандағы N 1106  қаулысының  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 34, 362-құжат);
      2) "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 10 қазандағы N 1106 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 28 мамырдағы N 496  қаулысының  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2003 ж., N 23-24, 220-құжат).

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы     
Үкіметінің           
2003 жылғы 25 желтоқсандағы 
N 1316 қаулысымен       
бекітілген           

Нашақорлық пен есiрткi бизнесiнің алдын алу және
оларға қарсы iс-әрекет бойынша жұмысты үйлестiру
мәселелерi жөніндегi комиссияның
құрамы

       Ескерту. Құрамға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.08.04. N 831  қаулысымен , жаңа редакцияда - 2005.02.24. N 170  қаулысымен .  

Тұрысбеков                - Қазақстан Республикасының Iшкi iстер
Зауытбек Қауысбекұлы        министрі, төраға

Выборов                   - Қазақстан Республикасының Iшкi істер
Анатолий Николаевич         вице-министрі - Iшкі iстер министрлiгi
                            Есiрткi бизнесіне қарсы күрес және
                            есiрткi айналымын бақылау комитетiнiң
                            төрағасы, төрағаның орынбасары

Чаус                      - Қазақстан Республикасы Iшкі iстер
Александр Александрович     министрлiгiнiң Есiрткi бизнесіне қарсы
                            күрес және есiрткi айналымын бақылау
                            комитетi төрағасының орынбасары, хатшы

Әбдiмомынов               - Қазақстан Республикасының Бiлiм және
Азамат Құрманбекұлы         ғылым вице-министрi

Диқанбаева                - Қазақстан Республикасының Денсаулық
Сәуле Әлкейқызы             сақтау вице-министрі

Досжан                    - Қазақстан Республикасының Мәдениет,
Ардақ Дүкенбайұлы           ақпарат және спорт вице-министрі

Сұлтанов                  - Қазақстан Республикасының Экономика және
Бақыт Тұрлыханұлы           бюджеттiк жоспарлау вице-министрі

Шәкiров                   - Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер
Асқар Оразалыұлы            министрiнiң орынбасары

Бердалин                  - Қазақстан Республикасы Әдiлет
Бауыржан Маратұлы           министрлiгiнiң Қылмыстық-атқару жүйесi
                            комитетi төрағасының бiрiншi орынбасары

Сүнтаев                   - Қазақстан Республикасы Қаржы
Тiлеген Иматұлы             министрлігінiң Кедендiк бақылау
                            комитетi төрағасының орынбасары

Бiлiсбеков                - Қазақстан Республикасы Ұлттық
Нұрғали Дәулетбекұлы        қауiпсiздiк комитетi Экономикалық
                            қауiпсiздiк департаментiнiң бастығы
                            (келiсiм бойынша)

Қазақстан Республикасы       
Үкіметінің             
2003 жылғы 25 желтоқсандағы    
N 1316 қаулысымен бекiтiлген   

  Нашақорлық пен есiрткi бизнесінің алдын алу
және оларға қарсы iс-әрекет бойынша жұмысты
үйлестiру мәселелерi жөнiндегi 
комиссия туралы ереже

       Ескерту. Тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.02.24. N 170  қаулысымен .

  1. Жалпы ережелер

      1. Нашақорлық пен есiрткi бизнесiнiң алдын алу және оларға қарсы iс-әрекет бойынша жұмыстарды үйлестiру мәселелерi жөнiндегi комиссия (бұдан әрi - Комиссия) консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.
       Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.02.24. N 170  қаулысымен .

      2. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының  Конституциясын , Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентi мен Үкiметiнiң кесiмдерiн және өзге де нормативтік құқықтық кесiмдерiн, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.  <*>
       Ескерту. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2004.08.04. N 831  қаулысымен

  2. Комиссияның негiзгi мiндеттерi мен функциялары

      3. Комиссияның негiзгi міндеттерi:
      1) бiрыңғай мемлекеттiк саясатқа және Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрестiң 2001-2005 жылдарға арналған стратегиясына негiзделген өзара байланысты саймасай шаралар кешенiн iске асыруға арналған жаңа көзқарастарды жүзеге асыруға;
      2) Қазақстан Республикасында нашақорлықтың және есiрткi бизнесiнiң таралуына тиiмдi мемлекеттiк және қоғамдық қарсы iс-әрекет, нашақорлықтың алдын алу, оны емдеу және есiрткiге тәуелдi адамдарды оңалту жүйелерiн нығайтуға және құруға;
      3) ел халқының әлеуметтiк нашақорлық иммунитетiн қалыптастыруға жәрдемдесу болып табылады.

      4. Комиссияның функциялары оған жүктелген мiндеттерге сәйкес:
      1) есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың, прекурсорлардың айналымы және олардың заңсыз айналымына қарсы iс-әрекет пен оларды терiс пайдалану саласындағы мемлекеттiк саясатты жетілдiру;
      2) негiзгi бағыттарды айқындау есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымын мемлекеттiк бақылауды күшейту және нашақорлық пен есiрткi бизнесiне қарсы күрестi жүргiзушi мемлекеттiк органдарды үйлестiру;
      3) нашақорлыққа, есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымына және олардың қол жетiмдiлігiне қарсы iс-әрекет және күрес тетiгiн iске асыру және одан әрi жетілдiру, есiрткiні заңсыз пайдаланатын, есiрткi құралдары мен психотроптық заттарды терiс пайдаланатын адамдарды уақтылы анықтау, есiрткiге тәуелдi адамдарды емдеу және оларды әлеуметтiк оңалту;
      4) нашақорлықтың алдын алудың тиiмдiлiгiн арттыру, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарының, оқу орындарының, медицина ұйымдарының, құқық қорғау органдарының және кең қауымның шиеленiстi қатынастарды қалыптастыруға және есiрткi қабылдамауға қатысуы арқылы;
      5) нашақорлық пен есiрткi бизнесiнiң алдын алу және оған қарсы күрес мәселелерi жөніндегi заңнамалық және өзге де нормативтiк құқықтық базаны жетілдiру;
      6) нашақорлық пен есiрткi бизнесiнің алдын алу және оған қарсы күрес саласында мемлекеттiк органдардың қызметiн одан әрi жетiлдiру және оларды үйлестiру;
      7) нашақорлық пен есiрткi бизнесiнің алдын алу және оған қарсы күрес жөнiндегi халықаралық ынтымақтастық мәселелерi жөнiнде ұсынымдар әзiрлеу болып табылады.

  3. Комиссияның құқықтары

      5. Комиссия:
      1) орталық және жергiлiктi атқарушы органдар мен өзге де ұйымдардан Комиссияның мiндеттерiн іске асыру үшiн қажеттi материалдарды сұратуға және алуға;
      2) қажеттiлiгiне орай мемлекеттiк органдар мен мемлекеттiк ғылыми-зерттеу ұйымдарының мамандарын өңiрлердегi есiрткi жағдайын талдау және зерделеу үшiн тартуға;
      3) Комиссияның отырыстарында орталық және жергiлiктi атқарушы органдар мен өзге де ұйымдардың өкiлдерiн Комиссияның құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша тыңдауға;
      4) мемлекеттiк органдарға осы бағыттағы жұмысты одан әрi жетілдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзуге;
      5) Комиссияның құзыретiне жататын өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.

  4. Комиссияның жұмысын ұйымдастыру

      6. Комиссияның төрағасы оның қызметiне басшылық етеді, оның отырыстарына төрағалық етедi, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешiмдерiнiң iске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады. Төраға болмаған уақытта оның функциясын орынбасары орындайды.

      7. Комиссия отырысының күн тәртiбi бойынша ұсыныстар, қажеттi құжаттар, материалдар дайындауды және отырыстан кейiн хаттама ресiмдеудi Комиссияның хатшысы жүзеге асырады.

      8. Комиссияның жұмыс органы Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi болып табылады.

      9. Комиссия отырысын жүргiзуге материалдар дайындауды Комиссия хатшысы жүзеге асырады, ол отырысқа дейiн кемiнде 3 күн бұрын Комиссия мүшелеріне барлық қажетті құжаттарды жiбередi.

      10. Комиссияның отырысы қажетіне қарай, бірақ кемінде тоқсанына бір рет өткiзiледi. Комиссияның отырысы Комиссия мүшелерiнің жалпы санының кемiнде үштен екiсi қатысқан кезде заңды болып саналады. <*>

      11. Комиссияның шешiмi ашық дауыс берiп қабылданады және, егер оған Комиссия мүшелерiнің жалпы санының көпшілiгi дауыс берген болса, қабылданды деп саналады және Комиссия отырысының хаттамасымен қабылданады. Дауыстар тең болған кезде төраға шешушi дауысқа ие.
      Хаттамаға Комиссияның төрағасы мен хатшысы қол қояды.
       Ескерту. 10-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2004.08.04. N 831  қаулысымен