Ескерту. Нормативтік қаулының атауындағы және бүкіл мәтін бойынша "жеке" деген сөз "жекеше" деген сөзбен ауыстырылды - ҚР Жоғарғы Сотының 25.11.2016 № 10 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.
Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "ҚР ҚІЖК-нің", "ҚІЖК-нің" деген сөздер "ҚПК-нің" деген сөзбен ауыстырылды - ҚР Жоғарғы Сотының 25.11.2016 № 10 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.
Республика соттарының жекеше қаулылар шығару тәжірибесін талдау құқық бұзушылық жасауға итермелеген себептер мен жағдайларды анықтаумен қатар, жекеше қаулылар анықтау және алдын-ала тергеу органдарының, прокурорлық қадағалау мен сот тәжірибесі қызметін жетілдіруге, сондай-ақ азаматтардың құқыққа құрметпен қарауын қалыптастыруға оң ықпал ететінін көрсетіп отыр.
Жекеше қаулыларды шығару тәжірибесін бірыңғай жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы қаулы етеді:
1. Соттар қылмыстық істерді қарау кезінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚПК) 8-бабының 2-бөлігіне сәйкес, қылмыстық істер бойынша қылмыстық іс жүргізудің заңда белгіленген тәртібі, адамды және азаматты негізсіз айыптау мен соттаудан, олардың құқықтары мен бостандықтарын заңсыз шектеуден қорғауды, заңдылық пен құқық тәртібін нығайтуға, қылмыстың алдын алуға, құқықты құрметтеу көзқарасын қалыптастыруға жәрдемдесуі тиіс екенін ескерулері керек.
Осыған байланысты, соттардың жекеше қаулылары заңдылықты сақтаудың, адам бостандығының және құқығының басты және маңызды екенін мойындаудың, қылмыстың және басқа да құқық бұзушылықтың алдын алудың, мемлекеттік органдар, лауазымды тұлғалар мен шаруашылық субъектілерінің қызметіндегі кемшіліктерді анықтау мен жоюдың әсерлі құралы болуы тиіс.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 24.12.2014 N 4 Нормативтік қаулысымен (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).2. Соттарға анықтау, тергеу органдарының, прокурорлардың іс жүргізу заңдарының нормаларын бұзуын, азаматтардың заңды мүдделері мен конституциялық құқықтарына қысымшылық көрсетуін елемей қалдыруға болмайды. Бұл жағдайларда соттар қателіктерді жіберген лауазымды тұлғаларды нақты көрсетіп, жекеше қаулылар шығаруы тиіс.
3. ҚПК-нің 405-бабында көрсетілген жекеше қаулылар шығарудың негіздемелер тізімі толық қамтылмағандықтан, соттар: сот процесін болдырмау, сотты құрметтемеу, анықтау, тергеу органдары мерзімді бұзуы секілді фактілеріне назар аударуға құқылы.
Сот жекеше қаулыларды ынталандыру сипатында да шығара алады.
Егер басты сот талқылауы кезінде дереу жоюды талап ететін заң бұзушылықтар анықталса, сот ҚПК-нің 344-бабына сәйкес істі қарауды тоқтатуға және кеңесу бөлмесінде жекеше қаулы шығаруға құқылы, ол дереу сот залында жарияланады және орындау үшін жіберіледі.
Ескерту. 3-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 04.04.2013 N 2 (жарияланған күнінен бастап күшіне енеді); 24.12.2014 N 4 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 11.12.2020 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.4. ҚПК-нің 23-бабының 5-бөлігіне сәйкес сот қылмыстық ізге түсу органы болып табылмайды, айыптау немесе қорғау жағында болмайды және құқық мүдделерінен басқа, қандай да болсын мүдделерді білдірмейді, егер лауазымды немесе басқа тұлғалардың қылмыс белгілері бар әрекеттері немесе әрекетсіздігі қылмыс жасаудың себебі мен шарты болып табылса, сот оларды қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы мәселені жекеше қаулыда көтеруге құқығы жоқ, тек бұл фактілерді арнайы шешетін органдардың құзырына жеткізе алады.
5. ҚПК-нің 53-бабының 4 және 5-бөліктеріне сәйкес бірінші, апелляциялық және кассациялық сатыдағы сот ҚПК-нің 405-бабында көрсетілген мән-жайларды анықтаған жағдайда, ҚПК-нің 471-бабының 6-бөлігіне сәйкес орындалатын жекеше қаулыны шығарады.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғарғы Сотының 25.11.2016 № 10 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.5-1. Тергеу судьясы ҚПК-нің 55-бабында көзделген өкілеттіктерді жүзеге асырған кезде ҚПК-нің 56-бабының 6-бөлігінде көрсетілген негіздер бойынша жекеше қаулы шығаруға құқылы. Бұл ретте тергеу судьясы қылмыстық істі мәні бойынша шешу кезінде сотта қарау нысанасы болуы мүмкін мәселелерді алдын ала шешуге, оның ішінде кінәнің дәлелденгені немесе дәлелденбегені туралы, іс бойынша жиналған дәлелдемелердің қатыстылығы, жол берілетіндігі, анықтығы және жеткiлiктiлiгi туралы тұжырымдар жасауға тиіс емес.
Ескерту. 5-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Жоғарғы Сотының 25.11.2016 № 10 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.5-2. Тергеу судьясы өз өкілеттіктерін қылмыстық істің сотқа дейінгі кезеңінде жүзеге асырған және Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарында азаматтарға кепілдік берілген құқықтары мен бостандықтарының бұзылуын және заңсыз шектелуін анықтаған, сондай-ақ ұйымдардың заңмен қорғалатын мүдделерін заңсыз шектеу фактілерін және өзге де бұзушылықтарды айқындаған кезде, сот бақылауы шеңберінде оларды жою және заң бұзушылығына жол берген лауазымды адамдардың жауаптылығы туралы жекеше қаулы шығарады.
Ескерту. 5-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Жоғарғы Сотының 25.11.2016 № 10 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.6. Осы іс бойынша назар аударуды қажет ететін басқа да мән-жайлар болған жағдайда, Бірінші сатыдағы соттың жекеше қаулы шығаруы жоғары саты соттарының жекеше қаулы шығаруына еш кедергі бола алмайды.
7. Жекеше қаулы заңды, негізделген және істің жан-жақты, толық әрі объективті зерттелуіне құрылуы керек, себебі ҚПК-нің 405-бабының 6-бөлігіне сәйкес ол құқықтық нәтиже жүктейтін міндеттеуші құжат болып табылады.
Соттардың қабылданған шешімнің заңдылығына және негізділігіне күмән келтіретін жағдайларды жекеше қаулыларда көрсетуге құқығы жоқ.
Жекеше қаулыда жалпы мазмұнды сөздер мен тұжырымдар болмауы керек. Онда нақты заң бұзушылық, оны жіберген тұлғалар, қылмыс жасауға немесе басқа құқық бұзушылыққа итермелеген, сот анықтаған себеп пен жағдай, сондай-ақ сот қорытындысын негіздейтін дәлелдер көрсетіледі. Жекеше қаулыда тиісті органның не ұйымның өндірістік қызмет мәселелері бойынша ерекше құзырына кіретін ұсыныстар, нұсқаулар берілмейді.
Сот жәбірленушінің, куәнің, аудармашының, сарапшының, маманның көрінеу жалған айғақтар беру фактісін, сол сияқты құжаттардың жалғандығын анықтап, оларға сот актісінде тиісті баға беріп, осы айғақтардың дұрыс еместігі және құжаттардың жалғандығы туралы өз түйіндерін, оны тиісті шаралар қабылдау үшін прокурорға жіберіп, сонымен қатар жеке қаулыда көрсетуге құқылы.
Ескерту. 7-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 24.12.2014 N 4 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 11.12.2020 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.8. ҚПК-нің 405-бабының 1-бөлігіне сәйкес жекеше қаулы тек сотта тікелей қаралған іс бойынша кеңесу бөлмесінде шығарылуға тиіс, онда басқа істерден мәліметтер мен фактілер болмауы керек.
Аталмыш қаулының қорытынды бөлігінде оған шағым жасау, прокурордың өтінішхат келтіру тәртібі мен мерзімі көрсетілу керек.
Сот кеңесу бөлмесінен келгеннен кейін жекеше қаулының мәтінін толық жария етеді, бұл туралы басты сот талқылау хаттамасында, ол қағаз жеткізгіште жасалған жағдайда, көрсетілуі тиіс.
Егер жекеше қаулының мәтіні ауқымды көлемде болса, төрағалық етуші қаулының кіріспе және қарар бөліктерін ғана жария етуге құқылы.
Ескерту. 8-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 24.12.2014 N 4 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 25.11.2016 № 10 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 11.12.2020 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.9. Істің мәні бойынша шығарылған сот актісіне шағымдану (прокурордың өтінішхат келтіруі) үшін көзделген тәртіпте және мерзімдерде жекеше қаулыларға шағымдануға (прокурордың өтінішхат келтіруіне) болады. Жекеше қаулыға шағымдану не прокурордың өтінішхат келтіруі мерзімдерін анықтаған кезде, ҚПК-нің 422-бабының екінші бөлігіне сәйкес, бірінші сатыдағы сот қаулыларына жекеше шағымдарды, прокурордың өтінішхатын ҚПК-нің 414-бабында және 414-бабының үшінші бөлігінде көзделген адамдар, ол шығарылған күннен бастап он бес тәулік ішінде, ал күзетпен ұсталатын сотталғандар – оған жекеше қаулының көшірмесі тапсырылған күннен бастап сол мерзімде беруі керек.
Мұнан басқа, егер қаулы олардың мүдделеріне тікелей қатысты болса, істе тараптар болып табылмайтын адамдар да шағым беруге құқылы.
Өздерінің атына шығарылған жекеше қаулы туралы ол заңды күшіне енгеннен кейін мәлім болған адамдар жекеше қаулы шығарған сотқа шағымдану мерзімін қалпына келтіру үшін өтінішхатпен жүгінуге құқылы.
Ескерту. 9-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2008.12.22 N 21 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз), 2010.06.25 N 13 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз); 24.12.2014 N 4 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 11.12.2020 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.10. Алып тасталды - ҚР Жоғарғы Сотының 24.12.2014 N 4 Нормативтік қаулысымен (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
10-1. Төмен тұрған сатыларда шығарылған жекеше қаулыларға, ҚПК-нің 484-бабында көрсетілген ерекшеліктерді қоспағанда, ҚПК-нің 485-бабында көзделген негіздер бойынша кассациялық өтінішхат, наразылық берілуі мүмкін.
Ескерту. 10-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Жоғарғы Сотының 25.11.2016 № 10 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.11. Апелляциялық және кассациялық сатылар төменгі тұрған саты сотының істің мән-жайы бойынша шығарылған шешіміне келіп түскен шағым немесе прокурордың өтінішхаты немесе наразылық білдіру негізінде істі қарау кезінде, ҚПК-нің 426-бабы 3-бөлігінің, 484-бабы 1-бөлігінің талаптарына сай, оған шағым не прокурордың өтінішхаты немесе наразылық болмаған жағдайда да жекеше қаулының негізділігін және заңдылығын қарауға құқылы.
Ескерту. 11-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2010.06.25 N 13 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз); 24.12.2014 N 4 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 25.11.2016 № 10 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 11.12.2020 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.12. Істің мән-жайы бойынша шығарылған сот шешімін жою барлық жағдайда жекеше қаулыны бұзуға әкеп соқпайды.
Алайда, сот шешімін жою кезінде жекеше қаулы істі қайта тергеуге немесе сот талқылауында зерттеу мен бағалауға жататын істің материалдарына және шығарылған сот шешіміне қатысты болса, онда ол да бұзылуы мүмкін.
13. ҚПК-нің 471-бабына сәйкес, бірінші саты соттарының жекеше қаулысы шағымдану немесе прокурордың өтінішхат келтіру мерзімі өткен соң не шағым жасалған немесе прокурор өтінішхат келтірген жағдайда, істі жоғары тұрған сот қарағаннан кейін заңды күшіне енеді және орындалады.
ҚПК-нің 444-бабының үшінші бөлігіне сәйкес, апелляциялық қаулы оның толық мәтіні жария етілген кезден бастап заңды күшіне енеді.
Ескерту. 13-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2010.06.25 N 13 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз); 24.12.2014 N 4 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 25.11.2016 № 10 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 11.12.2020 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.14. Жекеше қаулылар әрекетінде заң бұзушылық табылған адамдарға, қылмыс жасауға ықпал еткен, сотпен анықталған себептер мен жағдайды өзінің лауазымдық күшімен жоя алатын және жоюға міндетті өзге лауазымды адамдарға (ұйым басшысына) немесе заң бұзушылық жасаған нақты адамдардың жауапкершілік мәселесін көтеруге құқықты адамдарға тікелей жолданады.
15. Барлық деңгейдегі соттар жекеше қаулылардың пәрменді әрекет етуін қамтамасыз ету мақсатында лауазымды адамдардың (тұлғалардың) және ұйымдардың мүлтіксіз орындауы үшін тиісті бақылау жасауды қамтамасыз ету қажет.
Лауазымды тұлға жекеше қаулыны қараусыз қалдырса немесе онда көрсетілген заң бұзушылықты жою жөнінде шара қабылдамаса, онда ол жекеше қаулыға өз уақытында жауап қайтарылмағанға теңестіріледі, соған сәйкес сот төрағасы немесе іс бойынша төрағалық етуші Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (әрі қарай - ӘҚБтК) 804-бабы 1-бөлігінің 57) тармақшасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жазу үшін сот приставына немесе басқа да сот қызметкерлеріне нұсқау беруге құқылы, яғни ҚР ӘҚБтК-нің 684-бабына сай бұл әкімшілік іс сотта қаралуға тиіс. Осы фактілерді куәландыратын қажетті құжаттардың қосымшасымен, ӘҚБтК-нің 49-тарауына сәйкес артықшылықтары және әкімшілік жауаптылықтан қорғанышы бар адамдарды әкімшілік жауапқа тарту ерекшелігін ескере отырып, сондай-ақ ӘҚБтК-нің 32-бабының ережесі бойынша адамдардың әкімшілік жауапкершілікке тартылуы шешілетін жағдайды санамағанда, тиісті аумақтағы сотқа жіберіледі.
Ескерту. 15-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 2010.06.25 N 13 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз); 24.12.2014 N 4 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 25.11.2016 № 10 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулыларымен.15-1. 15-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Жоғарғы Сотының 04.04.2013 N 2 (жарияланған күнінен бастап күшіне енеді); алып тасталды - ҚР Жоғарғы Сотының 25.11.2016 № 10 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Нормативтік қаулысымен.
16. Осы нормативтік қаулының қабылдануына байланысты Қазақ КСР Жоғарғы Соты Пленумының 1963 жылғы 19 шілдедегі N 3 "Қылмыс жасауға итермелейтін себеп пен жағдайды жою шараларын анықтау мен қабылдау бойынша Алматы облыстық және Оңтүстік Қазақстан өлкесі соттарының жұмыс жағдайы мен оларды жетілдіру шаралары туралы" қаулысының күші жойылды деп танылсын.
17. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, сондай-ақ жалпыға міндетті болып табылады және ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы | |
Қазақстан Республикасы |