"Соттардың қылмыстық істер бойынша жеке қаулылар шығару тәжірибесі туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы № 11 нормативтік қаулысына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 21 нормативтік қ

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2010 жылғы 25 маусымдағы N 13 Нормативтік қаулысы

      Қазақстан Республикасы заңнамасының өзгеруіне байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы

қаулы етеді:

      1. «Соттардың қылмыстық істерді қысқартылған тәртіппен қарауы туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2004 жылғы 26 қарашадағы № 17 нормативтік қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      1) 8-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      «Сот, сондай-ақ ҚІЖК-нің 361-бабында қарастырылған негіздер мен тәртіп бойынша сот отырысында дәлелдемелерді зерттеуді шектеу туралы қаулы шығара алады.»;
      2) 9-тармақтың бірінші сөйлеміндегі «үшінші» деген сөз «төртінші» деген сөзбен ауыстырылсын, «жаңа» деген сөз алынып тасталсын.
      3) 13-тармақтың екінші абзацы алынып тасталсын.
      2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес, осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, сондай-ақ жалпыға бірдей міндетті болып табылады және ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасы
      Жоғарғы Сотының Төрағасы                   М. Әлімбеков

      Қазақстан Республикасы
      Жоғарғы Сотының судьясы,
      жалпы отырыс хатшысы                       Ж. Бәйішев