1. "Соттардың қылмыстық істер бойынша жеке қаулылар шығару тәжірибесі туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы № 11 қаулысына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 21, 2010 жылғы 26 маусымдағы № 13, 2013 жылғы 4 сәуірдегі № 2, 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 4нормативтік қаулыларына енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен бірге) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) қаулының атауындағы және бүкіл мәтін бойынша "жеке" деген сөз "жекеше" деген сөзбен ауыстырылсын;
бүкіл мәтін бойынша "ҚР ҚІЖК-нің", "ҚІЖК-нің" деген сөздер "ҚПК-нің" деген сөзбен ауыстырылсын;
2) 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. ҚПК-нің 53-бабының 4 және 5-бөліктеріне сәйкес бірінші, апелляциялық және кассациялық сатыдағы сот ҚПК-нің 405-бабында көрсетілген мән-жайларды анықтаған жағдайда, ҚПК-нің 471-бабының 6-бөлігіне сәйкес орындалатын жекеше қаулыны шығарады.";
3) мынадай мазмұндағы 5-1 және 5-2-тармақтармен толықтырылсын:
"5-1. Тергеу судьясы ҚПК-нің 55-бабында көзделген өкілеттіктерді жүзеге асырған кезде ҚПК-нің 56-бабының 6-бөлігінде көрсетілген негіздер бойынша жекеше қаулы шығаруға құқылы. Бұл ретте тергеу судьясы қылмыстық істі мәні бойынша шешу кезінде сотта қарау нысанасы болуы мүмкін мәселелерді алдын ала шешуге, оның ішінде кінәнің дәлелденгені немесе дәлелденбегені туралы, іс бойынша жиналған дәлелдемелердің қатыстылығы, жол берілетіндігі, анықтығы және жеткiлiктiлiгi туралы тұжырымдар жасауға тиіс емес.
5-2. Тергеу судьясы өз өкілеттіктерін қылмыстық істің сотқа дейінгі кезеңінде жүзеге асырған және Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарында азаматтарға кепілдік берілген құқықтары мен бостандықтарының бұзылуын және заңсыз шектелуін анықтаған, сондай-ақ ұйымдардың заңмен қорғалатын мүдделерін заңсыз шектеу фактілерін және өзге де бұзушылықтарды айқындаған кезде, сот бақылауы шеңберінде оларды жою және заң бұзушылығына жол берген лауазымды адамдардың жауаптылығы туралы жекеше қаулы шығарады.";
4) 8-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші абзацтармен толықтырылсын:
"Сот кеңесу бөлмесінен келгеннен кейін жекеше қаулының мәтінін толық жария етеді, бұл туралы басты сот талқылау хаттамасында, ол қағаз жеткізгіште жасалған жағдайда, көрсетілуі тиіс.
Егер жекеше қаулының мәтіні ауқымды көлемде болса, төрағалық етуші қаулының кіріспе және қарар бөліктерін ғана жария етуге құқылы.";
5) мынадай мазмұндағы 10-1-тармақпен толықтырылсын:
"10-1. Төмен тұрған сатыларда шығарылған жекеше қаулыларға, ҚПК-нің 484-бабында көрсетілген ерекшеліктерді қоспағанда, ҚПК-нің 485-бабында көзделген негіздер бойынша кассациялық өтінішхат, наразылық берілуі мүмкін.";
6) 11-тармақта:
"Апелляциялық, кассациялық және қадағалау сатысы" деген сөздер "Апелляциялық және кассациялық сатылар" деген сөздермен ауыстырылсын;
"426-бабының 2-бөлігінің", "484-бабы үшінші бөлігінің" деген сөздер тиісінше "426-бабы 3-бөлігінің", "484-бабы 1-бөлігінің" деген сөздермен ауыстырылсын;
"444-бабы үшінші бөлігінің", "449-бабының" деген сөздер алып тасталсын;
7) 13-тармақта "ҚПК-нің 465-бабының екінші бөлігіне сәйкес, кассациялық қаулы ол жария етілген сәттен бастап заңды күшіне енеді" деген сөздер алып тасталсын;
8) 15-тармақтағы "804-бабына" деген сөздер "804-бабы 1-бөлігінің 57) тармақшасына" деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 15-1-тармақ алып тасталсын.
2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, жалпыға бірдей міндетті болып табылады және алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы | |
Жоғарғы Сотының Төрағасы | Қ.МӘМИ |
Қазақстан Республикасы | |
Жоғарғы Сотының судьясы, | |
жалпы отырыс хатшысы | Қ.ШАУХАРОВ |