Қазақстан Республикасының заңнамасына өзгерістер енгізілуіне байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы
қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының мынадай нормативтік қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-1. Күші жойылды - ҚР Жоғарғы Сотының 29.06.2017 № 5 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).1-2. Күші жойылды - ҚР Жоғарғы Сотының 24.12.2014 N 4 Нормативтік қаулысымен (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
1-3. "Соттардың қылмыстық істер бойынша жеке қаулылар шығару тәжірибесі туралы" 2003 жылғы 19 желтоқсандағы № 11 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 18 нормативтік қаулысымен енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен бірге):
1) 3-тармақтағы "мен соттардың" деген сөздер алып тасталсын;
2) 5-тармақтағы "немесе төменгі саты сотының қарауы кезінде" деген сөздер алып тасталсын және аталған тармақтағы "ҚІЖК-нің 446-8-бабының 6) тармақшасына" деген сөздер "ҚІЖК-нің 446-8-бабының 8) тармақшасына" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) аталған нормативтік қаулы 15-1-тармақпен толықтырылып мынадай редакцияда жазылсын:
"15-1. ҚІЖК-нің 59-бабының 4 және 5-бөліктеріне сәйкес, қадағалау сатысындағы сот ҚІЖК-нің 387-бабында көрсетілген мән-жайларды анықтаған кезде ҚІЖК-нің 448-бабының 6-бөлігіне сәйкес орындалатын жеке қаулы шығарады.";
1-4. "Азаматтық талапты қылмыстық процесте қарау туралы" 2005 жылғы 20 маусымдағы № 1 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2010 жылғы 25 маусымдағы № 10 нормативтік қаулысымен, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2011 жылғы 21 сәуірдегі № 1 нормативтік қаулысымен енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен бірге):
1) 39-тармақтың екінші абзацындағы "575" деген цифрлар "575-1" деген цифрлармен ауыстырылсын, "қадағалау тәртібінде ғана" деген сөздер "талап қараусыз қалдырылған жағдайларды қоспағанда, кассациялық және қадағалау тәртібінде" деген сөздермен ауыстырылсын.
1-5. "Жеке айыптау істері бойынша сот тәжірибесі туралы" 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 13:
1) 9-тармақтың үшінші абзацы "сотталушымен" деген сөзден кейін "соның ішінде медиация тәртібімен" деген сөздермен толықтырылсын;
2) 12-тармақтағы "391" деген цифрлар "393" деген цифрлармен
ауыстырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-тармағына сәйкес осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына енгізіледі және жалпыға бірдей міндетті болады әрі жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы | |
Жоғарғы Сотының Төрағасы | Б. Бекназаров |
Қазақстан Республикасы | |
Жоғарғы Сотының судьясы, | |
жалпы отырыс хатшысы | Д. Нұралин |