Кейбiр акционерлiк қоғамдар - ұлттық компаниялардың директорлар кеңестерiнiң құрамдары туралы және Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 қыркүйектегі N 1051 қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. Акционерлiк қоғамдар - ұлттық компаниялар акцияларының мемлекеттiк пакеттерiне иелiк ету және пайдалану құқығын жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiмен бiрлесiп, заңнамада белгiленген тәртiппен 1-қосымшаға сәйкес құрамдарда кейбiр акционерлiк қоғамдар - ұлттық компаниялардың директорлар кеңестерiн сайлауды қамтамасыз етсiн.
       Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Yкiметiнiң 2005.03.19.  N 250  қаулысымен.

      2. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттiгi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiмен бiрлесiп 2-қосымшаға сәйкес заңнамада белгiленген тәртiппен "Қазақтелеком" акционерлiк қоғамының директорлар кеңесiнiң құрамына сайлау үшiн кандидатуралар ұсынсын. <*>
       Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Yкiметiнiң 2003.04.05.  N 328 , 2005.03.19.  N 250  қаулыларымен.

      3. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер бекiтiлсін.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы     
Үкiметiнiң           
2002 жылғы 25 қыркүйектегі  
N 1051 қаулысына      
1-қосымша          

       

  Кейбiр акционерлiк қоғамдар - ұлттық компаниялардың
             директорлар кеңестерiнiң құрамдары

       1. "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" АҚ:
      Қиынов Ләззат Кетебайұлы - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрi, төраға
      Смағұлов Қайрат Молдырахманұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесi Басшысының орынбасары
      Лавриненко Юрий Иванович - Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар бiрiнші вице-министрi 
      Ысқақов Марлен Нұрахметұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің төрағасы 
      Әйтекенов Қайрат Медібайұлы - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі
      Раханов Мақсұтбек Смағұлұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетінің төрағасы
      Қарабалин Ұзақбай Сүлейменұлы - "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" АҚ-тың президентi
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Yкiметiнiң 2003.08.04. N  782 , 2004.02.19. N  193 , 2004.07.26. N  791  қаулыларымен. 
       2.   "Электр желiлерiн басқару жөнiндегi қазақстандық компания" AҚ:
      Табанов Эльдар Рашитович - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi Өндiрiстiк сала және инфрақұрылым бөлiмiнiң меңгерушiсi, төраға
      Оразбаев Бiрлiк Есiркепұлы - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрi 
      Әйтекенов Қайрат Медібайұлы - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі
      Комаров Геннадий Григорьевич - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi төрағасының орынбасары
      Сағынтаев Бақытжан Әбдiрұлы - Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу агенттiгiнiң төрағасы
      Бозымбаев Қанат Алдабергенұлы - "Электр желiлерiн басқару жөнiндегi қазақстандық компания" АҚ-тың президентi
       Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Yкiметiнiң 2003.08.04.  N 782 , 2004.02.19.  N 193 ,  2004.07.26.  N 791  қаулыларымен. 
       3.   "Қазпочта" АҚ:
      Айтжанов Дулат Нулиұлы - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрi
      Оразалинов Дулат Сұлтанұлы - Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөнiндегi агенттiгi төрағасының орынбасары, төраға 
      Кадюков Николай Викторович - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi төрағасының орынбасары
      Абдулина Нәйла Құрманбекқызы - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi басқармасы төрағасының орынбасары (келiсiм бойынша)
      Арыстанов Әркен Кеңесбекұлы - "Қазпочта" АҚ басқармасының төрағасы
       Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Yкiметiнiң 2003.08.04.  N 782  қаулысымен.
       4.   "Азық-түлiк келiсiм-шарт корпорациясы" АҚ:
      Күрiшбаев Ақылбек Қажығұлұлы - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрi, төраға
      Исаев Батырхан Арысбекұлы - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау вице-министрi
      Боос Владимир Викторович - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi Өндiрiстiк сала және инфрақұрылым бөлiмi меңгерушiсiнiң орынбасары;
      Комаров Геннадий Григорьевич - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi төрағасының орынбасары
      Әзiмов Руслан Жұмабайұлы - "Азық-түлiк келiсiм-шарт корпорациясы" АҚ-тың президентi.
       Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Yкiметiнiң 2004.07.26.  N 791  қаулысымен. 
       5.   "Қазатомөнеркәсiп" ұлттық атом компаниясы" АҚ:
      Оразбаев Бiрлiк Есiркепұлы - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрi, төраға
      Абайдiлдин Талғатбек Жәмшитұлы - Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау вице-министрi
      Шыналиев Ғазиз Қоршабекұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi Өндiрiстiк сала және инфрақұрылым бөлiмi меңгерушiсiнiң орынбасары
      Раханов Мақсұтбек Смағұлұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiнiң төрағасы
      Жәкiшев Мұхтар Еркiнұлы - "Қазатомөнеркәсiп" ұлттық атом компаниясы" ЖАҚ-тың президентi
       6. "Қазақстан темiр жолы" ұлттық компаниясы" АҚ:
      Лавриненко Юрий Иванович - Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар бiрiншi вице-министрi
      Шыналиев Ғазиз Қоршабекұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесi Өндiрiстік сала және инфрақұрылым бөлiмi меңгерушiсiнiң орынбасары
      Алдабергенов Нұрлан Шәдiбекұлы - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi төрағасының бiрiншi орынбасары
      Исекешев Әсет Өрентайұлы - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрi 
      Әйтекенов Қайрат Медібайұлы - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі
      Раханов Мақсұтбек Смағұлұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiнiң төрағасы, төраға
      Атамқұлов Ерлан Дүмшебайұлы - "Қазақстан темiр жолы" ұлттық компаниясы" АҚ-тың президентi
       Ескерту. 1,2,3,4,5,6-тармақтар жаңа редакцияда - ҚР Yкiметiнiң 2003.04.05.  N 328 , тармаққа өзгеріс енгізілді - 2003.08.04.  N 782 , 2004.02.19.  N 193 , 2004.07.26.  N 791 , 2005.03.19.  N 250  қаулыларымен.
       7. <*>
       Ескерту. 7-тармақ алып тасталды - ҚР Yкiметiнiң 2005.03.05.  N 215  қаулысымен.
       8. Қазақ ақпарат агенттігі (Қазақпарат)" ұлттық компаниясы" АҚ:
      Жоламан Рүстем Қабидоллаұлы - Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және спорт бiрiншi вице-министрі, төраға
      Қапақов Нұрлан Төлегенұлы - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесiнiң Әлеуметтік-мәдени даму бөлiмi Мәдениет секторының меңгерушісі
      Омаров Жанай Сейiтжанүлы - "Қазақ ақпарат агенттігi (Қазақпарат)" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының президентi
      Кадюков Николай Викторович - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендіру комитетi төрағасының орынбасары
      Құрманғалиева Аида Дәденқызы - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi Әлеуметтік саланың шығыстарын жоспарлау департаментiнiң директоры
       Ескерту. 8-тармақпен толықтырылды - ҚР Yкiметiнiң 2003.01.24.  N 90 , тармаққа өзгеріс енгізілді - 2004.02.19.  N 193 , 2004.07.26.  N 791 , 2005.01.28.  N 73  қаулыларымен.
       9. <*>
       Ескерту. 9-тармақ алынып тасталды - ҚР Yкiметiнiң 2005.03.19.  N 250  қаулысымен.
       10. "Қазақстан-инжиниринг" ұлттық компаниясы" АҚ:
      Лукин Андрей Иванович - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрi, төраға
      Ахметов Ербосын Кимұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінiң Кеңсесi Өндiрiстік сала және инфрақұрылым бөлiмiнiң бас сарапшысы
      Поспелов Николай Николаевич - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрiнің орынбасары
      Раханов Мақсұтбек Смағұлұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгі Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiнiң төрағасы
      Оразбақов Ғалым Iзбасарұлы - "Қазақстан-инжиниринг" ұлттық компаниясы" АҚ-тың президентi
       Ескерту. 10-тармақпен толықтырылды - ҚР Yкiметiнiң 2003.04.05.  N 328 , тармаққа өзгеріс енгізілді - 2003.08.04.  N 782 , 2003.11.27.  N 1188 , 2004.07.26.  N 791 , 2005.03.19.  N 250  қаулыларымен.
       11. "Астана халықаралық әуежайы" АҚ:
      Нығматулин Нұрлан Зайроллаұлы - Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгi Басшысының орынбасары - Ұйымдастыру-бақылау жұмысы және кадр саясаты басқармасының бастығы, төраға
      Әйтекенов Қайрат Медібайұлы - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі
      Комаров Геннадий Григорьевич - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi төрағасының орынбасары
      Мәмбетов Алматбек Әбiлқасымұлы - Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Азаматтық авиация комитетiнің төрағасы
      Қапаров Серiк Әбдiбайұлы.
      Ескерту. 11-тармақпен толықтырылды - ҚР Yкiметiнiң 2003.06.05.  N 533 , тармаққа өзгеріс енгізілді - 2003.08.04.  N 782 , 2004.02.19.  N 193 ,  2004.07.26.  N 791  қаулыларымен.   

Қазақстан Республикасы     
Үкiметiнiң         
2002 жылғы 25 қыркүйектегi   
N 1051 қаулысына         
2-қосымша             

  "Қазақтелеком" акционерлiк қоғамы директорлар кеңесiнiң құрамына сайлау үшiн кандидатуралар

       Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Yкiметiнiң 2005.03.19.  N 250  қаулысымен.
       1.  <*>
       Ескерту. 1-тармақ алып тасталды - ҚР Yкiметiнiң 2003.04.05.  N 328  қаулысымен.
       2. "Қазақтелеком" АҚ:
      Сағынтаев Бақытжан Әбдiрұлы - Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы
      Өтепов Эдуард Карлович - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi төрағасының бiрiншi орынбасары
      Бектасов Әбен Ағыбайұлы - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігiнiң төрағасы
      Табанов Эльдар Рашитович - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесi Өндiрiстiк сала және инфрақұрылым бөлiмiнiң меңгерушiсi
      Кәрiбжанов Қайрат Сәлiмұлы - "Қазақтелеком" АҚ-ның президентi
      "Қазақтелеком" ашық акционерлік қоғамы директорлар кеңесiнiң төрағасы етіп сайлау үшiн Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттiгiнің төрағасы Әбен Ағыбайұлы Бектасовтың кандидатурасы "Қазақтелеком" акционерлік қоғамының директорлар кеңесiне ұсынылсын. 
       Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Yкiметiнiң 2003.08.04.  N 782 , 2004.07.26.  N 791 , 2005.03.19.  N 250  қаулыларымен.

Қазақстан Республикасы    
Yкiметiнiң        
2002 жылғы 25 қыркүйектегі  
N 1051 қаулысымен      
бекiтiлген      

  Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне
енгiзiлетiн өзгерiстер

      1. "Кейбiр акционерлiк қоғамдар мен республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың (ұлттық компаниялардың) қызметiн тиiмдi басқару мен бақылауды ұйымдастыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 28 ақпандағы N 290  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2001 ж., N 8, 85-құжат):
      3-тармақ алынып тасталсын;
      көрсетiлген қаулыға 1-қосымшада:
      реттiк нөмiрi 14-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      "14. "Қазақстан темiр жолы" ұлттық компаниясы" ЖАҚ".
      2. "Мұнай және газ көлiгi" ұлттық компаниясы" жабық акционерлiк қоғамын құру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 2 мамырдағы N 591  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2001 ж., N 16, 210-құжат):
      2-тармақ және 3-тармақтың 5) тармақшасы алынып тасталсын.
      3. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 21 ақпандағы N 811 Жарлығын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 25 ақпандағы N 248  қаулысында :
      1-тармақтың 3) тармақшасы алынып тасталсын.
      4. "Қазақстан темiр жолы" ұлттық компаниясы" жабық акционерлiк қоғамын құру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 15 наурыздағы N 310  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2002 ж., N 9, 76-құжат):
      4-тармақтың 4) тармақшасы алынып тасталсын.