Кейбiр акционерлiк қоғамдар - ұлттық компаниялардың директорлар кеңестерiнiң құрамдары туралы және Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2002 жылғы 25 қыркүйек N 1051

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. Акционерлiк қоғамдар - ұлттық компаниялар акцияларының мемлекеттiк пакеттерiне иелiк ету және пайдалану құқығын жүзеге асыратын министрлiктер Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiмен бiрлесiп, заңнамада белгiленген тәртiппен 1-қосымшаға сәйкес құрамдарда кейбiр акционерлiк қоғамдар - ұлттық компаниялардың директорлар кеңестерiн сайлауды қамтамасыз етсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiмен бiрлесiп 2-қосымшаға сәйкес заңнамада белгiленген тәртiппен "Эйр Қазақстан" жабық акционерлiк қоғамының және "Қазақтелеком" ашық акционерлiк қоғамының директорлар кеңестерiнiң құрамына сайлау үшiн кандидатуралар ұсынсын.
      3. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер бекiтiлсін.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы    
Үкiметiнiң          
2002 жылғы 25 қыркүйектегі 
N 1051 қаулысына     
1-қосымша     

Кейбiр акционерлiк қоғамдар - ұлттық компаниялардың
директорлар кеңестерiнiң құрамдары

      1 . "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" ЖАҚ:
      Қарабалин Ұзақбай Сүлейменұлы - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрi, төраға;
      Андрющенко Александр Иванович - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда бiрiншi вице-министрi;
      Нәлiбаев Әбдiқалық Зәкiрұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi Басшысының орынбасары;
      Раханов Мақсұтбек Смағұлұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетiнiң төрағасы;
      Қиынов Ләззат Кетебайұлы - "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" ЖАҚ-тың президентi.
      2. "Қазақстандық электр желiлерiн басқару жөнiндегi компания" ААҚ:
      Жабағиев Қожахан Көкiрекбайұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi Өндiрiстiк сала және инфрақұрылым бөлiмiнiң меңгерушiсi, төраға;
      Бертiсбаев Несiпқұл Бертiсбайұлы - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiнiң департамент директоры;
      Қосжанова Жанаркүл Тоғызбайқызы - Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң департамент директоры;
      Комаров Геннадий Григорьевич - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi төрағасының орынбасары;
      Бозымбаев Қанат Алдабергенұлы - "Қазақстандық электр желiлерiн басқару жөнiндегi компания" ААҚ-тың президентi.
      3. "Қазпочта" ААҚ:
      Нәлiбаев Әбдiқалық Зәкiрұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi Басшысының орынбасары, төраға;
      Рахымбеков Боран Ғизатұлы - Қазақстан Республикасының Әдiлет бiрiншi вице-министрi;
      Жұмағалиев Асқар Қуанышұлы - Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң Байланыс және ақпараттандыру жөнiндегi комитетi төрағасының орынбасары;
      Абдулина Нәйлә Құрманбекқызы - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi басқармасы төрағасының орынбасары (келiсiм бойынша);
      Оразбақов Ғалым Iзбасарұлы - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрi;
      Кадюков Николай Викторович - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi төрағасының орынбасары;
      Арыстанов Әркен Кеңесбекұлы - "Қазпочта" ААҚ басқармасының төрағасы.
      4. "Азық-түлiк келiсiм-шарт корпорациясы" ЖАҚ:
      Күрiшбаев Ақылбек Қажығұлұлы - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрi, төраға;
      Боос Владимир Оттович - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң Өндiрiстiк сала және инфрақұрылым бөлiмi меңгерушiсiнiң орынбасары;
      Жәмiшев Болат Бидахметұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы бiрiншi вице-министрi;
      Комаров Геннадий Григорьевич - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi төрағасының орынбасары;
      Әзiмов Руслан Жұмабайұлы - "Азық-түлiк келiсiм-шарт корпорациясы" ЖАҚ-тың президентi.
      5. "Қазатомөнеркәсiп" ұлттық атом компаниясы" ЖАҚ:
      Әшiмов Нұрғали Сәдуақасұлы - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар бiрiншi вице-министрi, төраға;
      Аймақов Бауыржан Жаңабекұлы - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрi;
      Раханов Мақсұтбек Смағұлұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiнiң төрағасы;
      Шыналиев Ғазиз Қоршабекұлы - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң Өндiрiстiк сала және инфрақұрылым бөлiмi меңгерушiсiнiң орынбасары;
      Жәкiшев Мұхтар Еркiнұлы - "Қазатомөнеркәсiп" ҰАК" ЖАҚ-тың президентi.
      6. "Қазақстан темiр жолы" ұлттық компаниясы" ЖАҚ:
      Нәлiбаев Әбдiқалық Зәкiрұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi Басшысының орынбасары, төраға;
      Жәмiшев Болат Бидахметұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы бiрiншi вице-министрi;
      Құсайынов Әбiлғазы Қалиақпарұлы - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрi;
      Раханов Мақсұтбек Смағұлұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiнiң төрағасы;
      Рахымбеков Боран Ғизатұлы - Қазақстан Республикасының Әдiлет бiрiншi вице-министрi;
      Лавриненко Юрий Иванович - Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар бiрiншi вице-министрi;
      Атамқұлов Ерлан Дүмшебайұлы - "Қазақстан темiр жолы" ұлттық компаниясы" ЖАҚ-тың президентi.
      7. "Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қоры" ЖАҚ:
      Айманбетова Гүлбану Зарлыққызы - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi төрағасының орынбасары, төрайым;
      Жәмiшев Болат Бидахметұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы бiрiншi вице-министрi;
      Шалғымбаева Нұртай Тұяққызы - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң департамент директоры;
      Шалғымбаева Галина Николаевна - Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң департамент директоры.

Қазақстан Республикасы    
Үкiметiнiң        
2002 жылғы 25 қыркүйектегi
N 1051 қаулысына    
2-қосымша    

"Эйр Қазақстан" жабық акционерлiк қоғамы және "Қазақтелеком" ашық акционерлiк қоғамы директорлар кеңестерiнiң құрамдарына сайлау үшiн кандидатуралар

      1. "Эйр Қазақстан" ЖАҚ:
      Нығматулин Нұрлан Зайроллаұлы - Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар вице-министрi;
      Баталов Анвар Қасымұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң кеңесшiсi;
      Орынбаев Ербол Тұрмаханұлы - Экономика және бюджеттiк жоспарлау вице-министрi;
      Жолдыбаев Амантай Базарбайұлы - Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң Азаматтық авиация комитетi төрағасының орынбасары;
      Комаров Геннадий Григорьевич - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiнiң төрағасының орынбасары;
      Нөгербеков Серiк Нөгербекұлы - Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Қаржылық реттеу департаментiнiң директоры;
      Қалиев Еркiн Жәкенұлы - "Эйр Қазақстан" ЖАҚ-тың президентi.
      2. "Қазақтелеком" ААҚ:
      Нәлiбаев Әбдiқалық Зәкiрұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi Басшысының орынбасары;
      Өтепов Эдуард Карлович - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi төрағасының бiрiншi орынбасары;
      Нығматулин Нұрлан Зайроллаұлы - Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар вице-министрi;
      Бектасов Әбен Ағыбайұлы - "Қазақтелеком" ААҚ-тың президентi.

Қазақстан Республикасы   
Yкiметiнiң       
2002 жылғы 25 қыркүйектегі 
N 1051 қаулысымен     
бекiтiлген     

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне
енгiзiлетiн өзгерiстер

      1. "Кейбiр акционерлiк қоғамдар мен республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың (ұлттық компаниялардың) қызметiн тиiмдi басқару мен бақылауды ұйымдастыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 28 ақпандағы N 290 қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2001 ж., N 8, 85-құжат):
      3-тармақ алынып тасталсын;
      көрсетiлген қаулыға 1-қосымшада:
      реттiк нөмiрi 14-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      "14. "Қазақстан темiр жолы" ұлттық компаниясы" ЖАҚ".
      2. "Мұнай және газ көлiгi" ұлттық компаниясы" жабық акционерлiк қоғамын құру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 2 мамырдағы N 591 қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2001 ж., N 16, 210-құжат):
      2-тармақ және 3-тармақтың 5) тармақшасы алынып тасталсын.
      3. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 21 ақпандағы N 811 Жарлығын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 25 ақпандағы N 248 қаулысында :
      1-тармақтың 3) тармақшасы алынып тасталсын.
      4. "Қазақстан темiр жолы" ұлттық компаниясы" жабық акционерлiк қоғамын құру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 15 наурыздағы N 310 қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2002 ж., N 9, 76-құжат):
      4-тармақтың 4) тармақшасы алынып тасталсын.