Кейбiр акционерлiк қоғамдар - ұлттық компаниялардың директорлар кеңестерiнiң құрамдары туралы және Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 қыркүйектегі N 1051 қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. Акционерлiк қоғамдар - ұлттық компаниялар акцияларының мемлекеттiк пакеттерiне иелiк ету және пайдалану құқығын жүзеге асыратын министрлiктер Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiмен бiрлесiп, заңнамада белгiленген тәртiппен 1-қосымшаға сәйкес құрамдарда кейбiр акционерлiк қоғамдар - ұлттық компаниялардың директорлар кеңестерiн сайлауды қамтамасыз етсiн.

      2. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiмен бiрлесiп 2-қосымшаға сәйкес заңнамада белгiленген тәртiппен "Қазақтелеком" ашық акционерлiк қоғамының директорлар кеңесiнiң құрамына сайлау үшiн кандидатуралар ұсынсын. <*>
      ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгерді - ҚР Yкiметiнiң 2003.04.05. N 328 қаулысымен.

      3. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер бекiтiлсін.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы    
Үкiметiнiң          
2002 жылғы 25 қыркүйектегі 
N 1051 қаулысына     
1-қосымша         

Кейбiр акционерлiк қоғамдар - ұлттық компаниялардың
директорлар кеңестерiнiң құрамдары

      1. "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" ЖАҚ:
      Әбiқаев Нұртай Әбiқайұлы - Қазақстан Республикасының Президентi Әкiмшiлiгiнiң Басшысы, төраға;
      Әшiмов Нұрғали Сәдуақасұлы - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар бiрiншi вице-министрi;
      Нәлiбаев Әбдiхалық Зәкiрұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi Басшысының орынбасары;
      Pахметов Нұрлан Құсайынұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрi;
      Орынбаев Ербол Тұрмаханұлы - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау вице-министрi;
      Раханов Мақсұтбек Смағұлұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетінің төрағасы;
      Қарабалин Ұзақбай Сүлейменұлы - "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" ЖАҚ-тың президентi.
      2. "Электр желiлерiн басқару жөнiндегi қазақстандық компания" AAҚ:
      Жабағиев Қожахан Көкiрекбайұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнің Кеңсесi Өндiрiстiк сала және инфрақұрылым бөлiмiнiң меңгерушiсi, төраға;
      Оразбаев Бiрлiк Есiркепұлы - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрi;
      Орынбаев Ербол Тұрмаханұлы - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрi;
      Комаров Геннадий Григорьевич - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi төрағасының орынбасары;
      Бозымбаев Қанат Алдабергенұлы - "Электр желiлерiн басқару жөнiндегi қазақстандық компания" ААҚ-тың президентi.
      3. "Қазпочта" ААҚ:
      Нәлiбаев Әбдiхалық Зәкiрұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi Басшысының орынбасары, төраға;
      Жұмағалиев Асқар Қуанышұлы - Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Байланыс және ақпараттандыру жөнiндегi комитетi төрағасының орынбасары;
      Кадюков Николай Викторович - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi төрағасының орынбасары;
      Абдулина Нәйла Құрманбекқызы - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi басқармасы төрағасының орынбасары (келiсiм бойынша);
      Арыстанов Әркен Кеңесбекұлы - "Қазпочта" ААҚ басқармасының төрағасы.
      4. "Азық-түлiк келiсiм-шарт корпорациясы" ЖАҚ:
      Күрiшбаев Ақылбек Қажығұлұлы - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрi, төраға;
      Лавриненко Юрий Иванович - Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар бiрiншi вице-министрi;
      Боос Владимир Викторович - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi Өндiрiстiк сала және инфрақұрылым бөлiмi меңгерушiсiнiң орынбасары;
      Комаров Геннадий Григорьевич - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi төрағасының орынбасары;
      Әзiмов Руслан Жұмабайұлы - "Азық-түлiк келiсiм-шарт корпорациясы" ЖАҚ-тың президентi.
      5. "Қазатомөнеркәсiп" ұлттық атом компаниясы" ЖАҚ:
      Оразбаев Бiрлiк Есiркепұлы - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрi, төраға;
      Ысқақов Нұрлан Әбдiлдаұлы - Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау вице-министрi;
      Шыналиев Ғазиз Қоршабекұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi Өндiрiстiк сала және инфрақұрылым бөлiмi меңгерушiсiнiң орынбасары;
      Раханов Мақсұтбек Смағұлұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiнiң төрағасы;
      Жәкiшев Мұхтар Еркiнұлы - "Қазатомөнеркәсiп" ұлттық атом компаниясы" ЖАҚ-тың президентi.
      6. "Қазақстан темiр жолы" ұлттық компаниясы" ЖАҚ:
      Өтембаев Ержан Әбiлхайырұлы - Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгi Басшысының орынбасары, төраға;
      Лавриненко Юрий Иванович - Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар бiрiншi вице-министрi;
      Нәлiбаев Әбдiхалық Зәкiрұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi Басшысының орынбасары;
      Тоқсейiтов Рақымберген Құрманғалиұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрi;
      Орынбаев Ербол Тұрмаханұлы - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау вице-министрi;
      Раханов Мақсұтбек Смағұлұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiнiң төрағасы;
      Атамқұлов Ерлан Дүмшебайұлы - "Қазақстан темiр жолы" ұлттық компаниясы" ЖАҚ-тың президентi.
      ЕСКЕРТУ. 1,2,3,4,5,6-тармақтар жаңа редакцияда - ҚР Yкiметiнiң 2003.04.05. N 328 қаулысымен.
      7. "Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қоры" ЖАҚ:
      Айманбетова Гүлбану Зарлыққызы - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi төрағасының орынбасары, төрайым;
      Paxметов Нұрлан Құсайынұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрi; <*>
      Шалғымбаева Нұртай Тұяққызы - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң департамент директоры;
      Шалғымбаева Галина Николаевна - Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң департамент директоры.
      ЕСКЕРТУ. 7-тармақ өзгерді - ҚР Yкiметiнiң 2003.04.05. N 328 қаулысымен.
      8. Қазақ ақпарат агенттігі (Қазақпарат)" ұлттық компаниясы" ААҚ:
      Рябченко Олег Григорьевич - Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм бiрiншi вице-министрi, төраға;
      Жұмағұлов Бақытжан Тұрсынұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi Әлеуметтік-мәдени даму бөлiмiнiң меңгерушiсi;
      Кадюков Николай Викторович - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендіру комитетi төрағасының орынбасары;
      Құрманғалиева Аида Дәденқызы - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi Әлеуметтік саланың шығыстарын жоспарлау департаментiнiң директоры;
      Шалахметов Ғаділбек Мiнәжұлы. <*>
      ЕСКЕРТУ. 8-тармақпен толықтырылды - ҚР Yкiметiнiң 2003.01.24. N 90 қаулысымен.
      9. "Эйр Қазақстан" ЖАҚ:
      Жандосов Ораз Әлиұлы - Қазақстан Республикасы Президентінiң көмекшiсi, төраға;
      Исаев Батырхан Арысбекұлы - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрi;
      Нығматулин Нұрлан Зайруллаұлы - Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар вице-министрi;
      Комаров Геннадий Григорьевич - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгі Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi төрағасының орынбасары;
      Нөгербеков Серiк Нөгербекұлы - Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі Қаржылық реттеу департаментiнiң директоры;
      Қалиев Еркiн Жәкенұлы - "Эйр Қазақстан" ЖАҚ-тың президентi.
      10. "Қазақстан-инжиниринг" ұлттық компаниясы" ААҚ:
      Әбiқаев Нұртай Әбiқайұлы - Қазақстан Республикасының Президентi Әкiмшiлiгiнің Басшысы, төраға;
      Андрющенко Александр Иванович - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда бiрiншi вице-министрi;
      Поспелов Николай Николаевич - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрiнің орынбасары;
      Раханов Мақсұтбек Смағұлұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгі Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiнiң төрағасы;
      Метте Виталий Леонидович - "Қазақстан-инжиниринг" ұлттық компаниясы" ААҚ-тың президентi;
      ЕСКЕРТУ. 9,10-тармақтармен толықтырылды - ҚР Yкiметiнiң 2003.04.05. N 328 қаулысымен.
     

Қазақстан Республикасы    
Үкiметiнiң        
2002 жылғы 25 қыркүйектегi  
N 1051 қаулысына        
2-қосымша            

"Эйр Қазақстан" жабық акционерлiк қоғамы және "Қазақтелеком" ашық акционерлiк қоғамы директорлар кеңестерiнiң құрамдарына сайлау үшiн кандидатуралар

      1. <*>
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақ алып тасталды - ҚР Yкiметiнiң 2003.04.05. N 328 қаулысымен.
      2. "Қазақтелеком" ААҚ:
      Нәлiбаев Әбдiқалық Зәкiрұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi Басшысының орынбасары;
      Өтепов Эдуард Карлович - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi төрағасының бiрiншi орынбасары;
      Нығматулин Нұрлан Зайроллаұлы - Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар вице-министрi;
      Бектасов Әбен Ағыбайұлы - "Қазақтелеком" ААҚ-тың президентi.

Қазақстан Республикасы   
Yкiметiнiң       
2002 жылғы 25 қыркүйектегі 
N 1051 қаулысымен     
бекiтiлген     

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне
енгiзiлетiн өзгерiстер

      1. "Кейбiр акционерлiк қоғамдар мен республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың (ұлттық компаниялардың) қызметiн тиiмдi басқару мен бақылауды ұйымдастыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 28 ақпандағы N 290 қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2001 ж., N 8, 85-құжат):
      3-тармақ алынып тасталсын;
      көрсетiлген қаулыға 1-қосымшада:
      реттiк нөмiрi 14-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      "14. "Қазақстан темiр жолы" ұлттық компаниясы" ЖАҚ".
      2. "Мұнай және газ көлiгi" ұлттық компаниясы" жабық акционерлiк қоғамын құру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 2 мамырдағы N 591 қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2001 ж., N 16, 210-құжат):
      2-тармақ және 3-тармақтың 5) тармақшасы алынып тасталсын.
      3. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 21 ақпандағы N 811 Жарлығын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 25 ақпандағы N 248 қаулысында :
      1-тармақтың 3) тармақшасы алынып тасталсын.
      4. "Қазақстан темiр жолы" ұлттық компаниясы" жабық акционерлiк қоғамын құру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 15 наурыздағы N 310 қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2002 ж., N 9, 76-құжат):
      4-тармақтың 4) тармақшасы алынып тасталсын.