"Астана халықаралық әуежайы" жабық акционерлік қоғамын басқарудың кейбiр мәселелерi туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 5 маусымдағы N 533 қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 29 сәуірдегі N 598 Қаулысымен

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 29 сәуірдегі N 598 Қаулысымен.

      Қазақстан Pecпубликасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнің Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетімен бiрлесіп "Астана халықаралық әуежайы" жабық акционерлiк қоғамының президентi қызметiне заңнамада белгiленген тәртiппен cайлау үшiн Серiк Әбдiбайұлы Қапаровтың кандидатурасы ұсынылсын.

      2. "Кейбiр акционерлік қоғамдар - ұлттық компаниялардың директорлар кеңестерiнiң құрамдары туралы және Қазақстан Республикасы Үкiметiнің кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2002 жылғы 25 қыркүйектегi N 1051 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2002 ж., N 32, 341-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетiлген қаулыға 1-қосымша:
      мынадай мазмұндағы 11-тармақпен толықтырылсын:
      "11. "Астана халықаралық әуежайы" ЖАҚ:
      Hығматулин Нұрлан Зайроллаұлы - Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар вице-министрi, төраға;
      Орынбаев Ербол Тұрмаханұлы - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрi;
      Комаров Геннадий Григорьевич - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi төрағасының орынбасары;
      Есқалиев Ерхат Серiкұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Департамент директорының орынбасары;
      Мәмбетов Алматбек Әбiлқасымұлы - Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Азаматтық авиация комитетiнің төрағасы;
      Мұқанов Елтай Жанәбiлұлы - Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгі Департамент директорының орынбасары;
      Қапаров Серiк Әбдiбайұлы".

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі