Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 19 наурыздағы N 250 Қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 29 сәуірдегі N 598 Қаулысымен

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.04.29. N 598 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2005 жылғы 19 наурыздағы 
N 250 қаулысымен     
бекiтiлген        

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне
енгізілетiн өзгерiстер мен толықтырулар

      1. <*>
      Ескерту. 1-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006.09.15. N 873 қаулысымен .
      2. "Кейбiр акционерлiк қоғамдар - ұлттық компаниялардың директорлар кеңестерiнің құрамдары туралы және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2002 жылғы 25 қыркүйектегi N 1051 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 32, 341-құжат):
      1-тармақта "министрлiктер" деген сөз "мемлекеттiк органдар" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақта:
      "Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттiгi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "ашық" деген сөз алынып тасталсын;
      1) көрсетiлген қаулыға 1-қосымшада, мәтiнiнде:
      "ЖАҚ", "ААҚ" деген аббревиатуралар "АҚ" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
      2-тармақта:
      "Қажыкен Мейрам Зекешұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi Өндiрiстiк сала және инфрақұрылым бөлiмiнiң меңгерушiсi, төраға" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      "Табанов Эльдар Рашитович - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi Өндiрiстiк сала және инфрақұрылым бөлiмiнiң меңгерушiсi, төраға";
      "Дүкенбаев Кенжемұрат Дүкенбайұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң кеңесшiсi;" деген жол алынып тасталсын;
      "агенттiгi төрағасының мiндетiн атқарушы" деген сөздер "агенттiгiнiң төрағасы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "және бәсекелестікті қорғау жөнiндегi" деген сөздер алынып тасталсын;
      5-тармақта:
      "Ысқақов Нұрлан Әбдiлдаұлы - Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау вице-министрi;" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      "Абайдiлдин Талғатбек Жәмшитұлы - Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау вице-министрi;";
      6-тармақта:
      "Сағынтаев Бақытжан Әбдiрұлы - Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгi төрағасының мiндетiн атқарушы" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      "Алдабергенов Нұрлан Шәдiбекұлы - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi төрағасының бiрiншi орынбасары;";
      9-тармақ алынып тасталсын;
      10-тармақта:
      мына:
      "Әмрин Ғұсман Кәрiмұлы - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда бiрiншi вице-министрi, төраға;
      Қажыкен Мейрам Зекешұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi Өндiрiстiк сала және инфрақұрылым бөлiмiнiң меңгерушiсi;" деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
      "Лукин Андрей Иванович - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрi, төраға;
      Ахметов Ербосын Кимұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінiң Кеңсесi Өндiрiстік сала және инфрақұрылым бөлiмiнiң бас сарапшысы;";
      2) көрсетiлген қаулыға 2-қосымшада:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақтелеком" акционерлiк қоғамы директорлар кеңесiнiң құрамына сайлау үшiн кандидатуралар";
      2-тармақта:
      "ААҚ" деген аббревиатура "АҚ" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
      "агенттiгi төрағасының мiндетін атқарушы" деген сөздер "агенттiгiнiң төрағасы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi" деген сөздер алынып тасталсын;
      "Жұмағалиев Асқар Қуанышұлы - Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөнiндегi агенттігi төрағасының орынбасары" деген жол алынып тасталсын;
      "Бектасов Әбен Ағыбайұлы - "Қазақтелеком" ААҚ-тың президентi" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      "Бектасов Әбен Ағыбайұлы - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігiнiң төрағасы";
      мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
      Кәрiбжанов Қайрат Сәлiмұлы - "Қазақтелеком" АҚ-ның президентi";
      алтыншы абзацта:
      "ашық" деген сөз алынып тасталсын;
      "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi төрағасының орынбасары Эдуард Карлович Өтеповтiң" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттiгiнің төрағасы Әбен Ағыбайұлы Бектасовтың" деген сөздермен ауыстырылсын.
      3. <*>
      Ескерту. 3-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006.09.15. N 873 қаулысымен .
      4. "Ұлттық ақпараттық технологиялар" жабық акционерлiк қоғамын басқарудың кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 19 тамыздағы N 824 қаулысында :
      тақырыбында және мәтiнiнде "жабық" деген сөздер алынып тасталсын;
      1-тармақтың 1) тармақшасында:
      мына:
      "Смағұлов Қайрат Молдрахманұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесi Басшысының орынбасары, төраға;
      Есекеев Қуанышбек Бақытбекұлы - Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөнiндегi агенттiгi төрағасының орынбасары;" деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
      "Бектасов Әбен Ағыбайұлы - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттiгiнің төрағасы, төраға;
      Сәрсембаев Өмiрзақ Нұрғалиұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi Өндiрiстік сала және инфрақұрылым бөлiмiнiң бас сарапшысы;".
      5. <*>
      Ескерту. 5-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006.09.15. N 873 қаулысымен .
      6. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.04.23 N 381 Қаулысымен.