Жоғары әскери және өзге де атақтар, сыныптық шендер жөніндегі комиссияның құрамын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 18 сәуірдегі N 323 Өкімі

Жаңартылған

      1. Жоғары әскери және өзге де атақтар, сыныптық шендер жөніндегі комиссияның мынадай құрамы бекітілсін:

                                             Қазақстан Республикасы
                                                  Президентінің
                                             2002 жылғы 18 сәуірдегі
                                                N 323 өкімімен
                                                   БЕКІТІЛГЕН      

Жоғары әскери және өзге де атақтар,
сыныптық шендер жөніндегі комиссияның
ҚҰРАМЫ

       Ескерту. Құрам жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2008.11.12 N 689, өзгерту енгізілді - 2009.05.22 N 815, 2009.12.28 № 907 Жарлықтарымен.

Донақов                   - Қазақстан Республикасы Президенті
Талғат Советбекұлы          Әкімшілігі Басшысының орынбасары,
                            Комиссия төрағасы

Комиссия мүшелері:

Абайділдин                - Қазақстан Республикасы Парламенті
Талғатбек Жәмшитұлы         Сенатының депутаты (келісім бойынша)

Жаңбыршин                 - Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының
Қозы-Көрпеш Есімұлы         орынбасары - Қауіпсіздік Кеңесі
                            хатшылығының меңгерушісі

Әбдірахымов               - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі
Ғабидолла Рахматоллаұлы     Кеңсесінің Басшысы

Мұқашев                   - Қазақстан Республикасы Парламенті
Рахмет Желдібайұлы          Мәжілісі Заңнама және сот-құқықтық
                            реформа комитетінің төрағасы
                            (келісім бойынша)

Бектұрғанов               - Қазақстан Республикасы Президенті
Ерсұлтан Өтеғұлұлы          Әкімшілігінің Мемлекеттік қызмет және
                            кадр саясаты бөлімінің меңгерушісі

Шпекбаев                  - Қазақстан Республикасы Президенті
Алик Жатқамбайұлы           Әкімшілігінің Құқық қорғау жүйесі
                            бөлімінің меңгерушісі

      2. "Жоғары әскери және өзге де атақтар, сыныптық шендер жөніндегі комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 3 қарашадағы N 88 өкіміне N 1 қосымша алынып тасталсын. 

      Қазақстан Республикасының
      Президенті