Жоғары әскери және өзге де атақтар, сыныптық шендер жөніндегі комиссияның құрамын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 18 сәуірдегі N 323 Өкімі.

Жаңартылған

      1. Жоғары әскери және өзге де атақтар, сыныптық шендер жөніндегі комиссияның мынадай құрамы бекітілсін:

Жақсыбеков Әділбек Рыскелдіұлы

-

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы, төраға

Абайділдин Талғатбек Жәмшитұлы

-

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты (келісім бойынша)

Әбдіров Нұрлан Мәжитұлы

-

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы (келісім бойынша);

      Комиссия құрамына лауазымы бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесі хатшысы, Қазақстан Республикасы Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысы, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік қызмет және кадр саясаты бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі кіреді.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2011.07.26 N 128; өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 13.11.2012 N 427; 11.04.2014 N 795; 08.02.2016 N 191; 09.06.2016 N 275; 07.09.2016 № 316 Жарлықтарымен.

       2. "Жоғары әскери және өзге де атақтар, сыныптық шендер жөніндегі комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 3 қарашадағы N 88 өкіміне N 1 қосымша алынып тасталсын.

      Қазақстан Республикасының
Президенті