Жоғары әскери және өзге де атақтар, сыныптық шендер жөніндегі комиссияның құрамын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 18 сәуірдегі N 323 Өкімі

Жаңартылған

      1. Жоғары әскери және өзге де атақтар, сыныптық шендер жөніндегі комиссияның мынадай құрамы бекітілсін:

Мәсімов                  - Қазақстан Республикасы Президенті
Кәрім Қажымқанұлы          Әкімшілігінің Басшысы, төраға

Абайділдин               - Қазақстан Республикасы Парламенті
Талғатбек Жәмшитұлы        Сенатының депутаты (келісім бойынша)

Мұқашев                  - Қазақстан Республикасы Парламенті
Рахмет Желдібайұлы         Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық
                           реформа комитетінің төрағасы
                           (келісім бойынша);

      Комиссия құрамына лауазымы бойынша Қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары - Қауіпсіздік Кеңесі хатшылығының меңгерушісі, Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысы, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік қызмет және кадр саясаты бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі кіреді.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2011.07.26
N 128 Жарлығымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 13.11.2012 N 427 Жарлығымен.

      2. "Жоғары әскери және өзге де атақтар, сыныптық шендер жөніндегі комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 3 қарашадағы N 88 өкіміне N 1 қосымша алынып тасталсын.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті