Жоғары әскери және өзге де атақтар, сыныптық шендер жөніндегі комиссияның құрамын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 18 сәуірдегі N 323 Өкімі

Жаңартылған

      1. Жоғары әскери және өзге де атақтар, сыныптық шендер жөніндегі комиссияның мынадай құрамы бекітілсін:

Нығматулин               - Қазақстан Республикасы Президенті
Нұрлан Зайроллаұлы         Әкімшілігінің Басшысы, төраға

Абайділдин               - Қазақстан Республикасы Парламенті
Талғатбек Жәмшитұлы        Сенатының депутаты (келісім бойынша)

Әбдіров                  - Қазақстан Республикасы Парламенті
Нұрлан Мәжитұлы            Мәжілісі Заңнама және сот-құқықтық
                           реформа комитетінің төрағасы (келісім
                           бойынша);

      Комиссия құрамына лауазымы бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесі хатшысы, Қазақстан Республикасы Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысы, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік қызмет және кадр саясаты бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі кіреді.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2011.07.26
N 128 Жарлығымен; өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 13.11.2012 N 427; 11.04.2014 N 795; 08.02.2016 N 191; 09.06.2016 N 275 Жарлықтарымен.

      2. "Жоғары әскери және өзге де атақтар, сыныптық шендер жөніндегі комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 3 қарашадағы N 88 өкіміне N 1 қосымша алынып тасталсын.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті