Жоғары әскери және өзге де атақтар, сыныптық шендер жөніндегі комиссияның құрамын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 18 сәуірдегі N 323 Өкімі.

Жаңартылған

      1. Жоғары әскери және өзге де атақтар, сыныптық шендер жөніндегі комиссияның мынадай құрамы бекітілсін:

      Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы - төраға,

      Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесі хатшысы,

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысы,

      Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік қызмет және кадр саясаты бөлімінің меңгерушісі,

      Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі,

      Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы (келісім бойынша),

      Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы (келісім бойынша).

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 21.02.2018 № 642; өзгеріс енгізілді - 17.04.2019 № 26 Жарлығымен.

      2. "Жоғары әскери және өзге де атақтар, сыныптық шендер жөніндегі комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 3 қарашадағы N 88 өкіміне N 1 қосымша алынып тасталсын.

      Қазақстан Республикасының
Президенті