Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2020 жылғы 25 маусымдағы № 346-VI ҚРЗ.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз.

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 23-24 (қосымша); 1995 ж., № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 187-құжат; № 14, 274-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 1-2, 8-құжат; № 5, 55-құжат; № 12, 183, 184-құжаттар; № 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., № 2-3, 23-құжат; № 5-6, 50-құжат; № 11-12, 178-құжат; № 17-18, 224, 225-құжаттар; № 23, 429-құжат; 1999 ж., № 20, 727, 731-құжаттар; № 23, 916-құжат; 2000 ж., № 18, 336-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 7-құжат; № 8, 52-құжат; № 17-18, 240-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 2, 17-құжат; № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 11, 56, 57, 66-құжаттар; № 15, 139-құжат; № 19-20, 146-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 56-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 10, 31-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20, 21-құжаттар; № 4, 28-құжат; № 16, 131-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114, 115-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 16, 18-құжаттар; № 8, 44-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 125, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 2, 21, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 4, 37-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 16, 129-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 13, 15-құжаттар; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 7, 36-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61, 63-құжаттар; № 14, 84-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 7, 34-құжат; № 8, 42, 45-құжаттар; № 13, 68-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 20-I, 110-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 21-I, 128-құжат; № 22-I, 140, 143-құжаттар; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; № 8-II, 70-құжат; № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 15, 55-құжат; № 22-III, 109-құжат; 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 50-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 7, 37-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 19-20, 86-құжат; № 23, 103-құжат; № 24-I, 118-құжат; 2020 жылғы 14 мамырда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне көшi-қон процестерiн реттеу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      9-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамасында көзделген тұтынушының құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуы салдарынан оған келтірілген моральдық зиянды өтеу арқылы азаматтық құқықтарды қорғауды тұтынушылық дауларды сотқа дейінгі реттеу субъектілері жүзеге асыра алады.".

      2. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 18-І, 18-ІІ, 92-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 6-құжат; № 7, 33-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 9, 46-құжат; № 10, 50-құжат; № 11, 52-құжат; № 14, 71-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-І, 101-құжат; № 19-ІІ, 102, 103, 105-құжаттар; № 20-ІV, 113-құжат; № 20-VІІ, 115-құжат; № 21-І, 124, 125-құжаттар; № 21-ІІ, 130-құжат; № 21-ІІІ, 137-құжат; № 22-І, 140, 141, 143-құжаттар; № 22-ІІ, 144, 145, 148-құжаттар; № 22-ІІІ, 149-құжат; № 22-V, 152, 156, 158-құжаттар; № 22-VІ, 159-құжат; № 22-VІІ, 161-құжат; № 23-І, 166, 169-құжаттар; № 23-ІІ, 172-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 9-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-І, 49, 50-құжаттар; № 7-ІІ, 53, 57-құжаттар; № 8-І, 62, 65-құжаттар; № 8-ІІ, 66, 67, 68, 70, 72-құжаттар; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 124, 126, 131-құжаттар; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 9, 17, 18, 21, 22-құжаттар; № 12, 34-құжат; № 14, 49, 50, 54-құжаттар; № 15, 55-құжат; № 16, 56-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 114, 115-құжаттар; 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 7-8, 22-құжат; № 9, 27-құжат; № 10, 32-құжат; № 11, 36, 37-құжаттар; № 12, 39-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 46, 49, 50-құжаттар; № 16, 53-құжат; № 19, 62-құжат; № 22, 82-құжат; № 23, 91-құжат; № 24, 93, 94-құжаттар; 2019 ж., № 1, 2, 4-құжаттар; № 2, 6-құжат; № 5-6, 27-құжат; № 7, 36, 37-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 19-20, 86-құжат; № 21-22, 90, 91-құжаттар; № 23, 99, 103, 106, 108-құжаттар; № 24-I, 118-құжат; № 24-II, 120, 122, 123, 127-құжаттар; 2020 жылғы 5 мамырда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2020 жылғы 14 мамырда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2020 жылғы 14 мамырда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне көшi-қон процестерiн реттеу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2020 жылғы 26 мамырда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 25 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2020 жылғы 26 мамырда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" 2020 жылғы 25 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2020 жылғы 1 маусымда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аймақтар мен тыйым салынған аудандар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 29 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) мазмұнында:

      190-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "190-бап. Қазақстан Республикасының тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамасын бұзу";

      204-1, 204-2, 204-3, 204-4, 465-1-баптардың және 36-тарау 735-1-баптың мынадай мазмұндағы тақырыптарымен толықтырылсын:

      "204-1-бап. Бұрын пайдалануда болған азық-түлік емес тауарларды қабылдау және өткізу кезінде Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасын бұзу

      204-2-бап. Сауда базарларының қызметін ұйымдастыру бойынша Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасын бұзу

      204-3-бап. Азық-түлік тауарларын беру шартын жасау кезінде сатып алынған азық-түлік тауарлары бағасынан сыйақы мөлшерін арттыру немесе әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сатып алумен байланысты сыйақыны заңсыз талап ету

      204-4-бап. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесінің мөлшерін арттыру";

      "465-1-бап. Өзін-өзі реттейтін ұйымның Қазақстан Республикасының өзін-өзі реттеу туралы заңнамасында белгіленген талаптарды бұзуы";

      "735-1-бап. Өзін-өзі реттеу енгізілген жекелеген салада немесе мемлекеттік басқару аясында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органдар";

      2) 64-баптың бірінші бөлігі "186," деген цифрлардан кейін "190 (бесінші және алтыншы бөліктерінде)," деген сөздермен толықтырылсын;

      3) 190-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "190-бап. Қазақстан Республикасының тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамасын бұзу

      1. Сауда қызметін және қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын дара кәсіпкерлердің немесе ұйымдардың кем өлшеуі, таразыдан жеуі, есептен жеуі, тұтынушыларды тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) тұтыну қасиеттеріне немесе сапасына қатысты жаңылыстыруы немесе өзгедей алдауы –

      жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –

      лицензиядан айыра отырып және үш жылға дейінгі мерзімге қызметті тоқтата тұрып немесе оған тыйым салына отырып, жеке тұлғаларға – отыз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, елеулі нұқсан келтіруге әкеп соққан әрекеттер –

      лицензиядан айыра отырып не үш жылға дейінгі мерзімге қызметті тоқтата тұрып немесе оған тыйым салына отырып, жеке тұлғаларға – отыз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      4. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, ірі нұқсан келтіруге әкеп соққан әрекеттер –

      лицензиядан айыра отырып не үш жылға дейінгі мерзімге қызметті тоқтата тұрып немесе оған тыйым салына отырып, жеке тұлғаларға – елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      5. Сатушының (дайындаушының, орындаушының):

      1) сатушының (дайындаушының, орындаушының), тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органның және тұтынушылық дауларды сотқа дейінгі реттеу субъектілерінің байланыс деректері туралы ақпаратты, сондай-ақ өзінің бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіру үшін тұтынушының оларға жүгіну құқығы туралы ақпаратты қазақ және орыс тілдерінде орналастыру;

      2) Қазақстан Республикасының тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамасында белгіленген мерзімде тиісті сападағы да, тиісті емес сападағы да тауарды айырбастауды немесе қайтаруды қамтамасыз ету;

      3) Қазақстан Республикасының тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамасында белгіленген мерзімде тұтынушының құқықтары мен заңды мүдделерін бұзушылықтарды жою туралы наразылыққа жазбаша жауап ұсыну жөніндегі міндеттерін орындамауы –

      ескерту жасауға алып келеді.

      6. Осы баптың бесінші бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекет –

      жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      Ескертпе. Осы бапқа қатысты бір айлық есептік көрсеткіштен асатын сома – елеулі мөлшердегі нұқсан, кемінде үш айлық есептік көрсеткіш сомасы – ірі мөлшердегі нұқсан деп танылады.";

      4) 193-баптың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Қазақстан Республикасының аумағында бағалар жапсырмасымен ресімделген, сауда объектісінің ішкі және (немесе) сыртқы витриналарында қойылған тауарды бағасын теңгемен көрсетпей өткізу не Қазақстан Республикасының аумағында құны бағалар жапсырмасымен ресімделген бағадан асатын, сауда объектісінің ішкі және (немесе) сыртқы витриналарында қойылған тауарды өткізу не Қазақстан Республикасының аумағында жария шарт талаптары бойынша тауарды өткізген кезде оның бағасын теңгемен көрсетпеу –

      шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – алты, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – он, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.";

      5) 202-бап мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:

      "3. Сауда базары әкімшісінің сауда базарларында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына жол берілетін шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшерін ішкі сауда субъектілерінің назарына жазбаша нысанда жеткізбеуі –

      ескерту жасауға алып келеді.

      4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет –

      жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.";

      6) мынадай мазмұндағы 204-1, 204-2, 204-3, 204-4 және 465-1-баптармен толықтырылсын:

      "204-1-бап. Бұрын пайдалануда болған азық-түлік емес тауарларды қабылдау және өткізу кезінде Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасын бұзу

      1. Ішкі сауда субъектісінің:

      1) орындарын және (немесе) бағыттарын жергілікті атқарушы органдар бекіткен стационарлық емес сауда объектілерін қоспағанда, бұрын пайдалануда болған азық-түлік емес тауарларды стационарлық емес сауда объектілерінде өткізуі;

      2) бұрын пайдалануда болған, қабылданған және өткізілген азық-түлік емес тауарларды ішкі сауда қағидаларында айқындалатын тәртіппен есепке алуды жүргізу жөніндегі міндетті орындамауы не тиісінше орындамауы;

      3) бұрын пайдалануда болған, қабылданған және өткізілген азық-түлік емес тауарлар туралы ақпаратты күнтізбелік бір жыл ішінде сақтау міндетін бұзуы түрінде жасаған, бұрын пайдалануда болған азық-түлік емес тауарларды қабылдау және өткізу кезінде Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасын бұзуы, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, –

      ескерту жасауға алып келеді.

      2. Осы баптың бірінші бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекеттер –

      шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      204-2-бап. Сауда базарларының қызметін ұйымдастыру бойынша Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасын бұзу

      1. Сауда базары әкімшісі бекіткен базар регламентінің болмауы, сол сияқты онда:

      1) сауда базарының жұмыс режимі туралы мәліметтердің және ішкі сауда субъектілерінің, сатып алушылар мен сауда базары әкімшілігі жұмыскерлерінің сауда базарына кіру тәртібінің;

      2) сауда базары ұсынатын қосымша көрсетілетін қызметтер тізбесінің (бар болса);

      3) ішкі сауда субъектілеріне сауда орындарын беру тәртібінің, олардың сипаттамасының, мүліктік жалдау (жалға алу) шарты талаптарының көрсетілмеуі –

      ескерту жасауға алып келеді.

      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер –

      жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      204-3-бап. Азық-түлік тауарларын беру шартын жасау кезінде сатып алынған азық-түлік тауарлары бағасынан сыйақы мөлшерін арттыру немесе әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сатып алумен байланысты сыйақыны заңсыз талап ету

      1. Сауда желісін немесе ірі сауда объектілерін ұйымдастыру арқылы тауарларды сату жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ішкі сауда субъектісінің азық-түлік тауарларын берушімен азық-түлік тауарларын беру шартын жасасу кезінде сатып алынған азық-түлік тауарларының бағасынан бес пайыздық сыйақы мөлшерін арттыруы немесе оның әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сатып алуына байланысты сыйақыны заңсыз талап етуі –

      ескерту жасауға алып келеді.

      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер –

      үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      204-4-бап. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесінің мөлшерін арттыру

      1. Ішкі сауда субъектісінің әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасында белгіленген сауда үстемесінің мөлшерін арттыруы –

      ескерту жасауға алып келеді.

      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет –

      шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.";

      "465-1-бап. Өзін-өзі реттейтін ұйымның Қазақстан Республикасының өзін-өзі реттеу туралы заңнамасында белгіленген талаптарды бұзуы

      1. Өзін-өзі реттейтін ұйымның:

      1) өтемақы қорының қаражаттарын өзін-өзі реттейтін ұйымның өзге де қаражаттарымен араластыруы;

      2) өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелері (қатысушылары), тұтынушылар және тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы өзге де тұлғалар арасында туындайтын тұтынушылық дауларды қарау жөніндегі органның болмауы түрінде жасаған, Қазақстан Республикасының өзін-өзі реттеу туралы заңнамасында белгіленген талаптарды бұзушылықтары -

      ескерту жасауға алып келеді.

      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер –

      бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.";

      7) 685-бапта:

      бірінші бөлік "204," деген цифрлардан кейін "204-1," деген цифрлармен толықтырылсын;

      екінші бөліктің 2) тармақшасы "198," деген цифрлардан кейін "204-1," деген цифрлармен толықтырылсын;

      8) 715-1-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстiң 190 (бесінші және алтыншы бөліктерінде), 193 (бiрiншi бөлiгiнде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.";

      9) 729-баптың бірінші және үшінші бөліктері "204," деген цифрлардан кейін "204-2, 204-3, 204-4" деген цифрлармен толықтырылсын;

      10) 36-тарау мынадай мазмұндағы 735-1-баппен толықтырылсын:

      "735-1-бап. Өзін-өзі реттеу енгізілген жекелеген салада немесе мемлекеттік басқару аясында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органдар

      1. Өзін-өзі реттеу енгізілген жекелеген салада немесе мемлекеттік басқару аясында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органдар осы Кодекстің 465-1-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.

      2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға мыналар құқылы:

      1) өзін-өзі реттеу енгізілген жекелеген салада немесе мемлекеттік басқару аясында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың басшылары және олардың орынбасарлары;

      2) өзін-өзі реттеу енгізілген жекелеген салада немесе мемлекеттік басқару аясында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органдар аумақтық органдарының басшылары және олардың орынбасарлары.";

      11) 804-баптың бірінші бөлігінің 64) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "64) тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органның және оның аумақтық органдарының (193 (үшiншi бөлiгi), 462-баптар) уәкілеттік берілген лауазымды адамдарының құқығы бар.".

      3. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 20-II, 20-III, 112-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-II, 55-құжат; № 8-I, 62, 65-құжаттар; № 8-II, 72-құжат; № 12, 87-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 124, 126-құжаттар; 2017 ж., № 9, 21-құжат; № 14, 50, 51-құжаттар; № 22-III, 109-құжат; № 23-III, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 11, 37-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 46, 49, 50-құжаттар; № 19, 62-құжат; № 22, 82, 83-құжаттар; № 24, 94-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 5-6, 27-құжат; № 7, 37, 39-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 19-20, 86-құжат; № 21-22, 90, 91-құжаттар; № 23, 108-құжат; № 24-I, 118-құжат; № 24-II, 123, 124-құжаттар; 2020 жылғы 14 мамырда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2020 жылғы 14 мамырда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне көшi-қон процестерiн реттеу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2020 жылғы 26 мамырда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 25 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      138-бап мынадай мазмұндағы 92-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "92-1) Қазақстан Республикасының тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамасының сақталуына;".

      4. "Сауда қызметін реттеу туралы" 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 6, 44-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 23, 141-құжат; 2009 ж., № 17, 80-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; № 15, 81-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 11, 52-құжат; № 19-І, 101-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; 2016 ж., № 8-ІІ, 70-құжат; № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 12, 34-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 19, 62-құжат; 2019 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 19-20, 86-құжат):

      1) 1-бап мынадай мазмұндағы 33-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "33-1) сыйақы – азық-түлік тауарларын жылжыту, оның ішінде осындай тауарларды жарнамалау және оларды арнайы қоюды жүзеге асыру жолымен жылжыту, сондай-ақ осы тауарларды дайындау, өңдеу, буып-түю жөніндегі көрсетілетін қызметтерді, сауда желілеріне немесе ірі сауда объектілеріне жіберуді қоса алғанда, азық-түлік тауарларын сатып алуға және өткізуге байланысты, азық-түлік тауарларын берушінің сауда желісін немесе ірі сауда объектілерін ұйымдастыру арқылы тауарларды сату жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ішкі сауда субъектісіне ақшалай төлемі;";

      2) 3-баптың 1-тармағының 8) тармақшасындағы "сыртқы" деген сөз "ішкі және сыртқы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 9-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы төртінші және бесінші бөліктермен толықтырылсын:

      "Ішкі сауда субъектісі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарына әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарын беру шартында көрсетілген, өндірушінің босату бағасының немесе көтерме сауда арқылы берушінің сатып алу бағасының он бес пайызынан аспайтын шекті сауда үстемесінің мөлшерін белгілейді.

      Ішкі сауда субъектісі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауары бірнеше өндірушіден немесе көтерме сауда арқылы берушіден болған жағдайда, неғұрлым төмен құны бар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарына әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарын беру шартында көрсетілген, өндірушінің босату бағасының немесе көтерме сауда арқылы берушінің сатып алу бағасының он бес пайызынан аспайтын шекті сауда үстемесінің мөлшерін белгілейді.";

      4) 10-бапта:

      2-7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-7. Сауда базарының әкімшісі Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасына сәйкес сауда базарының жұмыс істеуін және оның жұмысын ұйымдастыруды қамтамасыз ететін жеке тұлға болып табылады.

      Сауда базарының әкімшісі:

      1) ішкі сауда субъектілері мен сауда базары әкімшілігінің жұмыскерлеріне арналған жұмыс режимін қамтитын базар регламентін бекітеді;

      2) сауда базары ұсынатын қосымша көрсетілетін қызметтер тізбесін (бар болса) бекітеді;

      3) ішкі сауда субъектілеріне сауда орындарын беру тәртібін, олардың сипаттамаларын, мүліктік жалдау (жалға алу) шартының талаптарын бекітеді;

      4) сауда базарларында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына жол берілетін шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшерін ішкі сауда субъектілерінің назарына жазбаша нысанда жеткізеді.";

      мынадай мазмұндағы 2-8-тармақпен толықтырылсын:

      "2-8. Сауда базарларының қызметін ұйымдастыру қағидаларын, сауда базарының аумағын күтіп-ұстауға, оны жабдықтауға және жарақтандыруға қойылатын талаптарды Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.";

      5) 31-бапта:

      1-тармақта:

      мынадай мазмұндағы 2-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-2) бұрын пайдалануда болған, қабылданған және өткізілген азық-түлік емес тауарларды ішкі сауда қағидаларында айқындалатын тәртіппен есепке алуды жүргізуге міндетті.

      Ішкі сауда субъектісі бұрын пайдалануда болған, қабылданған және өткізілген азық-түлік емес тауарлар туралы ақпараттың күнтізбелік бір жыл ішінде сақталуын қамтамасыз етеді;";

      8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы Заңның 32-бабында белгіленген қауіпсіздік талаптары мен нормаларға сай келмейтін тауарды айналымнан алып қоюға, сондай-ақ тиісті мемлекеттік органдарды және тұтынушыны оның өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне, қоршаған ортаға ықтимал қауіп туралы уақтылы хабардар етуге, оның ішінде сатылған тауардың құны мен тұтынушыға келтірілген залалдары (нұқсанды) өтей отырып, оны тұтынушыдан қабылдап алуға;";

      7-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген сыйақы мөлшерін арттырған кезде ішкі сауда субъектісі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.";

      6) 32-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-1) техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін және техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган айқындайтын тәртіпке сәйкес алып қоюға және кері қайтарып алуға жататын өнімді;".

      5. "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" 2010 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 9, 43-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; № 22-VII, 161-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; № 8-II, 70-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 11, 36-құжат; № 19, 62-құжат; № 24, 94-құжат; 2019 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат):

      1) 1-бап мынадай мазмұндағы 16-1) және 16-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "16-1) Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық кеңес – тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі жанынан құрылатын консультациялық-кеңесші орган;

      16-2) тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктерінің қауымдастығы (одағы) (бұдан әрі – қауымдастық (одақ) – өз мүшелерінің қызметін үйлестіруді қамтамасыз ету және олардың ортақ мүдделерін қорғау үшін құрылатын, тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктерінің ерікті бірігуі;";

      2) 2-1-баптың 3), 4) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелерінде тұтынушыларды ағарту, тұтынушының құқықтық сауаттылығын арттыру;

      4) тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың оларды қорғауды қамтамасыз ететін іс-шаралардың дәйектілігіне негізделген тиімді жүйесін қамтамасыз ету;";

      "5) тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктерінің, қауымдастықтардың (одақтардың) тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге қатысуы;";

      3) 2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік реттеу және Қазақстан Республикасының тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау";

      4) 4-бап мынадай мазмұндағы 1-3) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-3) Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық кеңесті құрады;".

      5) 5-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-бап. Уәкілетті органның құзыреті

      Уәкілетті орган:

      1) тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді;

      2) Қазақстан Республикасының Үкіметіне тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар енгізеді;

      3) мемлекеттік органдардың тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз ету жөніндегі қызметін салааралық үйлестіруді жүзеге асырады;

      4) тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;

      5) тұтынушылардың, оның ішінде Тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы келіп түсетін шағымдарына, тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың және тұтынушылық дауларды сотқа дейінгі реттеу субъектілерінің қызметіне талдау жүргізеді;

      6) мемлекеттік органдарға осы Заңды және тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы өзге де нормативтік құқықтық актілерді бұза отырып, өздері қабылдаған шешімдердің күшін жою туралы ұсыныстар (ұсынымдар) енгізеді;

      7) өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелерінде тұтынушыларға ақпарат, консультация беруді, оларды ағартуды, олардың құқықтық сауаттылығын арттыруды жүзеге асырады;

      8) оннан астам тұтынушының нақ сол бір мәселе бойынша құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайларда тұтынушылардың белгіленбеген тобының құқықтарын қорғау мәселелері бойынша сотқа жүгінеді;

      9) тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;

      10) зерттеулер, ақпараттық-ағартушылық жұмыс жүргізу, тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша халыққа консультациялық көмек және тұтынушылардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіруде оларға өкілдік қызметтер көрсету бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды, іске асыруды, іске асыру мониторингін және нәтижелерін бағалауды жүзеге асырады;

      11) Қазақстан Республикасының тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      12) Тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың бірыңғай ақпараттық жүйесін қалыптастыру, жүргізу және пайдалану жөніндегі қағидаларды әзірлейді және бекітеді;

      13) жыл сайын Қазақстан Республикасының Үкіметіне тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстың Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық кеңесте талқыланған нәтижелері туралы баяндама ұсынады, ол бұқаралық ақпарат құралдарында беріледі;

      14) Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық кеңестің қызметін қамтамасыз етеді;

      15) тұтынушылық дауларды сотқа дейінгі реттеу субъектілерінің тізбесін әзірлейді және бекітеді;

      16) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.";

      6) 6-бапта:

      3) тармақшадағы "сақталуына бақылауды" деген сөздер "сақталуына мемлекеттік бақылауды" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) тармақшадағы "тұтынушыларға ақпарат беруді, консультация жүргізуді және сауаттандыруды" деген сөздер "өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелерінде тұтынушыларға ақпарат, консультация беруді, оларды ағартуды және олардың құқықтық сауаттылығын арттыруды" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) тармақша алып тасталсын;

      7) 2-тарау мынадай мазмұндағы 6-2 және 6-3-баптармен толықтырылсын:

      "6-2-бап. Қазақстан Республикасының тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау

      1. Қазақстан Республикасының тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға уәкілетті мемлекеттік органдар және олардың лауазымды адамдары жүзеге асырады.

      2. Қазақстан Республикасының тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшелері Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жоспардан тыс тексеру және осы Заңға сәйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырады.

      3. Қазақстан Республикасының тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамасының сақталуын бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау тұтынушының бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіру, залалды (зиянды) өтеу, сондай-ақ бақылау субъектілеріне әкімшілік жүктемені төмендету арқылы олардың әлеуметтік және мүліктік жауапкершілігін арттыру мақсатында жүргізіледі.

      4. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылауды уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшелері Қазақстан Республикасының тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамасын бұзу фактілері бойынша мемлекеттік органдардан, тұтынушылық дауларды сотқа дейінгі реттеу субъектілерінен, тұтынушылардың заңды мүдделерін білдіретін өкілдерден, оның ішінде Тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары арқылы алынған ақпарат пен есептілік негізінде жүргізеді.

      5. Сатушылар (дайындаушылар, орындаушылар) мемлекеттік бақылау субъектілері болып табылады.

      6. Осы баптың 4-тармағында көзделген ақпарат пен есептілікті қарау нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамасын бұзушылықтар анықталған жағдайда, бақылау субъектісіне оларды жою тәртібі міндетті түрде түсіндіріле отырып, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалмай, бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным бақылау субъектісіне жіберіледі.

      7. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным бақылау субъектісіне жеке қолын қойғызып немесе оны жөнелту мен алу фактілерін растайтын өзге де тәсілмен табыс етілуге тиіс. Төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген, бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным мынадай жағдайларда:

      1) қолма-қол – алғаны туралы ұсынымда белгі қойған күннен бастап;

      2) поштамен – тапсырысты хатпен пошта жөнелтімін алғаны туралы хабарланған күннен бастап;

      3) электрондық тәсілмен – уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшелері сұрау салған кезде хатта көрсетілген бақылау субъектісінің электрондық мекенжайына уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшелері жөнелткен күннен бастап табыс етілді деп есептеледі.

      8. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным ол табыс етілген (хабарланған) күннен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде орындалуға тиіс.

      9. Бақылау субъектісі бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымда көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшелеріне қарсылық жіберуге құқылы.

      10. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау жарты жылда бір реттен жиі жүргізілмейді.

      6-3-бап. Тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі

      1. Тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі тұтынушылардың өтініштерін қабылдау және қарау процесін автоматтандыруға, оларды тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесінің барлық деңгейінде жүйелендіруге және есепке алуға арналған ақпараттық жүйе болып табылады.

      2. Уәкілетті орган Тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың бірыңғай ақпараттық жүйесін және оның мобильдік нұсқасын қалыптастыруды және жүргізуді қамтамасыз етеді.

      3. Тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы тұтынушылардың өтініштерін тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесінің барлық деңгейінде қарауды:

      1) тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатушылар (дайындаушылар, орындаушылар), ойын бастамашылары (ұйымдастырушылары);

      2) тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктері, қауымдастықтар (одақтар), заң консультанттары палатасының мүшелері болып табылатын және заң көмегін көрсететін заң консультанттары және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де тұлғалар;

      3) тұтынушылық дауларды сотқа дейінгі реттеу субъектілері;

      4) уәкілетті орган, мемлекеттік органдар қамтамасыз етеді.

      Мемлекеттік органдар мен тұтынушылық дауларды сотқа дейінгі реттеу субъектілері тұтынушылардың қаралған өтініштерінің нәтижелері, сондай-ақ оларды қараудан бас тарту себептері туралы барлық ақпаратты Тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың бірыңғай ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

      Тұтынушылардың өтініштерін сатушылар (дайындаушылар, орындаушылар) Тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы олар онда ерікті түрде тіркелген кезде қарайды.

      4. Тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы қаралатын тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы өтініштерге мыналар жатады:

      1) тұтынушылардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатушыларға (дайындаушыларға, орындаушыларға) өздерінің құқықтары мен заңды мүдделерін бұзушылықтарын жою, сондай-ақ тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) кемшіліктері салдарынан осы бұзушылықтар келтірген залалды (зиянды) өтеу туралы наразылығы бар өтініштері;

      2) тұтынушылардың ұтыс түрінде берілген (орындалған, көрсетілген) тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) сапасы бойынша ойын бастамашыларына (ұйымдастырушыларына) наразылығы бар өтініштері;

      3) тұтынушылардың тұтынушылық дауларды сотқа дейінгі реттеу субъектілеріне өздерінің бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру, тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) кемшіліктері салдарынан келтірілген залалды (зиянды) өтеу, моральдық зиянды өтеу үшін берілген өтініштері;

      4) тұтынушылардың тұтынушылар құқықтарын қорғау саласындағы өз құқықтары мен заңды мүдделерін бұзған сатушыларға (дайындаушыларға, орындаушыларға), ойын бастамашыларына (ұйымдастырушыларына) қатысты өз құзыреті шегінде шаралар қабылдау мақсатында уәкілетті органға және тиісті мемлекеттік органдарға өтініштері;

      5) тұтынушылардың тұтынушылық дауларды сотқа дейінгі реттеу субъектілеріне және (немесе) тұтынушылардың заңды мүдделерін білдіретін өкілдерге тұтынушылық дауларды қарау және (немесе) олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі қызметті тиімсіз жүзеге асыруына байланысты оларға қатысты өз құзыреті шегінде шаралар қолдану мақсатында уәкілетті органға және тиісті мемлекеттік органдарға өтініштері;

      6) тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктерінің, қауымдастықтардың (одақтардың) қауіпсіздік пен сапа жөніндегі белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін тауарларды шығарған және өткізген (жұмыстарды орындаған және қызметтер көрсеткен) тұлғаларға қатысты өз құзыреті шегінде шаралар қабылдау мақсатында; тұтынушылардың өтініштері, шағымдары келіп түскен жағдайда тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) сапасын бағалау мақсатында; тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзу фактісін қарауға жәрдемдесу мақсатында уәкілетті органға және тиісті мемлекеттік органдарға, оның ішінде қоғамдық бақылау нәтижелері бойынша өтініштері.

      Тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша сотқа өтініштер Тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы жіберілмеуге тиіс.

      5. Тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасының талаптары ескеріле отырып, өздеріне қатысты тұтынушылардың өтініштері мен шағымдары келіп түскен сатушылар (дайындаушылар, орындаушылар) туралы мәліметтерді қоса алғанда, ақпараттың жалпыға бірдей қолжетімділігін қамтамасыз етуге тиіс.";

      8) 7-бапта:

      2) тармақшадағы "сауаттандыруға" деген сөздер "ағартуға және тұтынушының өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелерінде құқықтық сауаттылығын арттыруға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) сатушыдан (дайындаушыдан, орындаушыдан) тауарды сатып алу (жұмысты орындау, қызметті көрсету) фактісін растайтын құжатты немесе тауарды сатып алу (жұмысты орындау, қызметті көрсету) кезінде жасалған шартты алуға;";

      9) 8-1-баптың 2-тармағында:

      мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "4-1) төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді қабылдау кезінде қолма-қол ақшамен төленген жағдайдағы тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сату бағасынан асатын баға белгілеу;";

      12) тармақша "тұтынушылардың" деген сөзден кейін "Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында айқындалған" деген сөздермен толықтырылсын;

      10) 9-бапта:

      тақырыптағы "сауаттану" деген сөз "ағарту және өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелерінде тұтынушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "сауаттану" деген сөз "ағарту және өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелерінде тұтынушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру" деген сөздермен ауыстырылсын;

      11) 18 және 21-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

      "18-бап. Тұтынушының сатушыдан (дайындаушыдан, орындаушыдан) тауарды сатып алу (жұмысты орындау, қызметті көрсету) фактісін растайтын құжатты немесе тауарды сатып алу (жұмысты орындау, қызметті көрсету) кезінде жасалған шартты алу құқығы

      1. Тұтынушының сатушыдан (дайындаушыдан, орындаушыдан) тауарды сатып алу (жұмысты орындау, қызметті көрсету) фактісін растайтын құжатты немесе тауарды сатып алу (жұмысты орындау, қызметті көрсету) кезінде жасалған шартты алуға құқығы бар.

      2. Тұтынушыда тауарды сатып алу (жұмысты орындау, қызметті көрсету) фактісін растайтын құжаттың немесе тауарды сатып алу (жұмысты орындау, қызметті көрсету) кезінде жасалған шарттың болмауы тауарды сатып алу фактісін растау үшін оны куәлардың айғақтарына, сондай-ақ құжаттарға және басқа да дәлелдеу құралдарына, оның ішінде фото- және (немесе) бейнетіркеуге сілтеме жасау құқығынан айырмайды.";

      "21-бап. Моральдық зиянды өтету құқығы

      Қазақстан Республикасының тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамасында көзделген тұтынушының құқықтары мен заңды мүдделерін сатушының (дайындаушының, орындаушының) бұзуы салдарынан оған келтірілген моральдық зиянды өтеуді, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сот немесе тұтынушылық дауларды сотқа дейінгі реттеу субъектілері жүзеге асыруы мүмкін.

      Моральдық зиянды өтеу тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) кемшіліктері салдарынан келтірілген залалдарды (нұқсанды) өтеуге қарамастан жүзеге асырылады.

      Тұтынушыға келтірілген моральдық зиянды өтеу мөлшерін, тұтынушыға келтірілген дене азабы мен адамгершілік күйзеліс сипатына қарай, моральдық зиян келтірілген нақты мән-жайларды және тұтынушының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, тұтынушылық даудың тараптары айқындайды.

      Сатушының (дайындаушының, орындаушының) Қазақстан Республикасының тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамасында көзделген тұтынушының құқықтары мен заңды мүдделерін бұзуы салдарынан оған келтірілген моральдық зиянды өтетуді тараптардың келісімі болған кезде ғана тұтынушылық дауларды сотқа дейінгі реттеу субъектілері жүзеге асыра алады.";

      12) 22-бап алып тасталсын;

      13) 24-баптың бірінші бөлігінің 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) тауарды сату (жұмысты орындау, қызметті көрсету) кезінде тауарды сатып алу (жұмысты орындау, қызметті көрсету) фактісін растайтын құжатты немесе тауарды сатып алу (жұмысты орындау, қызметті көрсету) кезінде жасалған шартты беруге;";

      14) 26-бапта:

      1-тармақтың бірінші бөлігіндегі "маңдайшаға" деген сөз "тауарды өткізу (жұмысты орындау, қызметті көрсету) орнында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Сатушы (дайындаушы, орындаушы) уәкілетті органның байланыс деректерін (мекенжайын және телефон нөмірін), тауарларды өткізу (жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету) шарттарын, сондай-ақ сатушының тауарды сату (жұмысты орындау, қызметті көрсету) кезінде тауарды сатып алу (жұмысты орындау, қызметті көрсету) фактісін растайтын құжатты немесе тауарды сатып алу (жұмысты орындау, қызметті көрсету) кезінде жасалған шартты беру міндеті туралы ақпаратты тауарды өткізу (жұмысты орындау, қызметті көрсету) орнында орналастырып, көрсетілген ақпаратты қазақ және орыс тілдерінде тұтынушының назарына жеткізуге міндетті.

      Осы баптың 1-тармағында және осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген талаптар осы Заңның 33-2-бабы 2-тармағының талаптары ескеріле отырып, электрондық коммерциядағы сатушыларға (дайындаушыларға, орындаушыларға) қолданылады.";

      15) 27-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Сатушы (дайындаушы, орындаушы) тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) белгіленген кепілдік мерзімі, сақтау мерзімі немесе жарамдылық мерзімі ішінде оның қауіпсіздігі үшін жауап беруге міндетті.";

      16) 28-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

      "1-1. Бір тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатып алуды өзге де тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) міндетті түрде сатып алумен байланыстыруға тыйым салынады.

      Тұтынушының тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) еркін таңдау құқығының бұзылу салдарынан оған келтірілген залалдарды (нұқсанды) сатушы (дайындаушы, орындаушы) толық көлемде өтейді.

      Тұтынушылардың кепілдік мерзімі ішінде қойылатын талаптарын қанағаттандыруды тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) кемшіліктерімен байланысты емес шарттармен байланыстыруға және дайындаушының (орындаушының) талаптарында көзделген тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) қоспағанда, тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатып алуды кепілдік міндеттемені орындау шарты ретінде таңуға тыйым салынады.";

      17) 29-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

      "1-1. Сатушы (дайындаушы, орындаушы) белгіленген кепілдік мерзімі, сақтау мерзімі немесе жарамдылық мерзімі ішінде тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) сапасына жауап беруге міндетті.";

      18) 30-бапта:

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Тұтынушының тиісті сападағы тауарларды айырбастау, қайтару туралы талаптарын, сондай-ақ тиісті сапасы жоқ тауар сатылған жағдайда тұтынушының талаптарын орындау мерзімін өткізіп алғаны үшін тұтынушы талабының орындалмауына жол берген сатушы (дайындаушы), егер шартта, Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, тұтынушыға наразылық берілген күннен бастап талаптар қанағаттандырылған күнге дейін мерзімі өткен әрбір күн үшін тауар құнының бір пайызынан кем емес мөлшерде тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) төлейді.

      Тұтынушының шартта, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) төлеу туралы талаптарын сатушы (дайындаушы) наразылық берілген кезден бастап талаптар қанағаттандырылған кезге дейінгі мерзімде ерікті түрде қанағаттандыруы тиіс.

      Мұндай талаптарды ерікті түрде қанағаттандырудан бас тартылған жағдайда тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) төлеу туралы мәселе тараптардың келісімі болған кезде тұтынушылық дауларды сотқа дейінгі реттеу субъектілерінің қарауына берілуі мүмкін.

      Тұтынушылық дауды сотқа дейінгі реттеуде тұтынушыға тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) төлеу туралы тұтынушылық дауды реттеу мүмкін болмаған жағдайда тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) өндіріп алуды сот жүзеге асырады.";

      10-тармақтағы "жеткізудің" деген сөз "тауарды берудің (жеткізудің)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      19) 4-тарау мынадай мазмұндағы 33-2-баппен толықтырылсын:

      "33-2-бап. Сатушының (дайындаушының, орындаушының) уәкілетті орган және тұтынушылық дауларды сотқа дейінгі реттеу субъектілері туралы ақпаратты орналастыру жөніндегі міндеттері

      1. Сатушы (дайындаушы, орындаушы) тауарды өткізу (жұмысты орындау, қызметті көрсету) орнында уәкілетті органның және тұтынушылық дауларды сотқа дейінгі реттеу субъектілерінің байланыс деректерін (мекенжайы мен телефон нөмірін), сондай-ақ тұтынушының өзінің бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін оларға немесе сотқа жүгіну құқығы туралы ақпаратты орналастыруға міндетті.

      Сатушы (дайындаушы, орындаушы) өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшесі (қатысушысы) болған жағдайда, бұл туралы ақпарат тауарды өткізу (жұмысты орындау, қызметті көрсету) орнында міндетті түрде орналастырылуға тиіс.

      2. Электрондық коммерция арқылы тауарды өткізу (жұмысты орындау, қызметті көрсету) кезінде уәкілетті органның және тұтынушылық дауларды сотқа дейінгі реттеу субъектілерінің байланыс деректері (мекенжайы мен телефон нөмірлері) туралы ақпаратты уәкілетті органның ресми интернет-ресурсына сілтеме арқылы, сондай-ақ тұтынушының өзінің бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін оларға немесе сотқа жүгіну құқығын көрсету ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы орналастырылуға тиіс.

      Сатушы (дайындаушы, орындаушы) пайдаланатын интернет-ресурста оның байланыс деректері (нақты мекенжайы мен телефон нөмірлері) туралы ақпараттың орналастырылуы міндетті.";

      20) 41-бапта:

      1-тармақтың 19) тармақшасындағы "қатысуға құқылы." деген сөздер "қатысуға;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 20) және 21) тармақшалармен толықтырылсын:

      "20) қоғамдық бақылау жүргізу кезінде тауарлардың (жұмыстардың көрсетілетін қызметтердің) сапасы мен қауіпсіздігіне сараптама жүргізуге бастамашылық жасауға;

      21) мынадай:

      бір дауды қарау кезінде тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктері, қауымдастықтар (одақтар) тұтынушылық дауларды сотқа дейінгі реттеу субъектілері және тұтынушының заңды мүдделерін білдіретін өкілдер ретінде әрекет ететін;

      тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктері тұтынушының заңды мүдделерін білдіретін өкіл ретінде әрекет ететін қауымдастықтың (одақтың) қатысушылары болып табылатын жағдайларды қоспағанда, тұтынушылық дауды сотқа дейінгі тәртіппен қарауға құқылы.";

      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

      "1-1. Тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзушылықтардың алдын алу және бұл туралы халықты хабардар ету мақсатында тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктері, қауымдастықтар (одақтар):

      тұтынушылар үшін қолжетімді тауарды өткізу (жұмысты орындау, қызметті көрсету) орындарына бару;

      Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын ескере отырып, тұтынушылар үшін қолжетімді тауарды өткізу (жұмысты орындау, қызметті көрсету) орындарына барған кезде жасалатын әрекеттердің фото-, аудио-, бейнетіркелуін қолдану;

      сатушының (дайындаушының, орындаушының) белгіленген жұмыс режиміне кедергі келтірмеу шартымен, тұтынушылардың құқықтық сауаттылығын және өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мүмкіндіктері туралы хабардар болу деңгейін арттыруға бағытталған іс-шараларды, оның ішінде тауарды өткізу (жұмысты орындау, қызметті көрсету) орындарында өткізу арқылы қоғамдық бақылауды жүзеге асырады.

      Қоғамдық бақылауды жүзеге асыру үшін тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктері, қауымдастықтар (одақтар) құрамына тұтынушылардың өзге де қоғамдық бірлестіктерінің, қауымдастықтардың (одақтардың) өкілдері кіре алатын, құрамында кемінде үш адам болатын комиссиялар құрады.

      Қоғамдық бақылау мынадай негіздер бойынша және кезеңділікпен:

      тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктеріне, қауымдастықтарға (одақтарға) келіп түсетін тұтынушылар өтініштерін мониторингтеу және жинақтау қорытындылары бойынша жылына екі реттен көп емес;

      алдыңғы қоғамдық бақылау нәтижелері бойынша ұсынымдардың іске асырылуын тексеру мақсатында бір рет;

      тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктеріне, қауымдастықтарға (одақтарға) бір елді мекенде бір тоқсан ішінде нақ сол бір сатушыға (дайындаушыға, орындаушыға) қатысты тұтынушылардың бес және одан да көп шағымының түсуіне қарай жүзеге асырылады.

      Қоғамдық бақылауды жүзеге асыру алдында комиссия құру, оның құрамы, қоғамдық бақылау жүргізу күні туралы құжаттың көшірмесін бере отырып, қоғамдық бақылау жүргізу болжанған күнге дейін бір жұмыс күнінен кеш емес мерзімде оны жүргізу негіздері мен комиссияның құрамы туралы ақпарат сатушыға (дайындаушыға, орындаушыға) жеткізіледі.

      Қоғамдық бақылау жүргізу мерзімі қоғамдық бақылау жүргізудің болжанған күнінен бастап бір жұмыс күнінен аспауға тиіс.

      Жүргізілген қоғамдық бақылаудың нәтижелері комиссияның ұсынымдарымен бірге күнін, орнын және осы Заңның 26-бабына сәйкес сатушы (дайындаушы, орындаушы) туралы ақпаратты көрсете отырып, қоғамдық бақылау жүргізілген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде тұтынушылардың қоғамдық бірлестігінің, қауымдастықтың (одақтың) интернет-ресурсында (бар болса), Тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың бірыңғай ақпараттық жүйесінде және (немесе) бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылады.

      Тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзушылықтар анықталған кезде бұл туралы ақпарат тиісті мемлекеттік органдарға жіберіледі, сондай-ақ бақылау субъектісіне беріледі.";

      21) 42-бап алып тасталсын;

      22) мынадай мазмұндағы 6-1-тараумен толықтырылсын:

      "6-1-тарау. Тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі шаралар

      42-1-бап. Тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың институционалдық жүйесі

      1. Тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды:

      1) уәкілетті орган, тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар, сот;

      2) тұтынушылық дауларды сотқа дейінгі реттеу субъектілері;

      3) тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктері, қауымдастықтар (одақтар), заң консультанттары палатасының мүшелері болып табылатын және заң көмегін көрсететін заң консультанттары және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де тұлғалар қамтамасыз етеді.

      2. Тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жүйесі тұтынушылардың құқықтарын тиімді қорғауды қамтамасыз ететін мынадай дәйекті іс-шаралар кешенін қамтиды:

      1) тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі профилактикалық шаралар (консультация беру, қоғамдық бақылау, өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелерінде тұтынушыларды ағарту және олардың құқықтық сауаттылығын арттыру, осы Заңның 33-2-бабына сәйкес уәкілетті орган және тұтынушылық дауларды сотқа дейінгі реттеу субъектілері туралы ақпаратты орналастыру);

      2) Қазақстан Республикасының тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамасында көзделген, тұтынушының құқықтары мен заңды мүдделерін бұзған сатушының (дайындаушының, орындаушының) оның құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіру мәселесін реттеу;

      3) тұтынушылық дауды сотқа дейінгі тәртіппен қарау кезінде тұтынушылардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру, тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) кемшіліктері салдарынан келтірілген залалды (зиянды) өтеу;

      4) тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзған сатушыларды (дайындаушыларды, орындаушыларды) жауаптылыққа тарту;

      5) сотта тұтынушылардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру, тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) кемшіліктері салдарынан келтірілген залалды (зиянды) өтеу.

      42-2-бап. Тұтынушының құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуына құқығы

      1. Құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған тұтынушы өзінің бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін осы Заңда белгіленген тәртіппен сатушыға (дайындаушыға, орындаушыға), тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарға немесе тұтынушылық дауды сотқа дейінгі реттеу субъектісіне, сондай-ақ сотқа жүгінуге құқылы.

      2. Осы баптың ережесі сатушыға (дайындаушыға, орындаушыға), тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарға немесе тұтынушылық дауды сотқа дейінгі реттеу субъектісіне, сондай-ақ сотқа тұтынушының атынан осы Заңның 42-3-бабында аталған оның өкілдері жүгінген жағдайларда да қолданылады.

      42-3-бап. Тұтынушылардың заңды мүдделерін білдіретін өкілдер

      1. Тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау кезінде мыналар олардың өкілдері бола алады:

      1) тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктері, қауымдастықтар (одақтар);

      2) "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес заң консультанттары палатасының мүшелері болып табылатын заң консультанттары;

      3) адвокаттар;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де тұлғалар.

      2. Тұтынушылардың заңды мүдделерін білдіретін өкілдер тұтынушылардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіру, тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) кемшіліктері салдарынан келтірілген залалды (зиянды) өтеу үшін қажетті шараларды қолдана отырып, өз міндеттерін тиісінше орындауға міндетті.

      3. Тұтынушылардың заңды мүдделерін білдіретін өкілдер тұтынушыға қаржылық шығындардың сипаты мен мөлшерін қоса алғанда, көрсетілетін өкілдік қызметтердің ықтимал нәтижелері мен салдарын түсіндіруге міндетті.

      Тұтынушылардың заңды мүдделерін білдіру көрсетілетін өкілдік қызметтерді қайтару мерзімдері, сомасы және шарттары, сондай-ақ тұтынушы атынан өкіл жасайтын әрекеттер тізбесі міндетті түрде көрсетіле отырып, жазбаша нысанда ресімделеді.

      Тұтынушылардың заңды мүдделерін білдіру бойынша қызметтер көрсету шараларын таңдау тұтынушының мүдделерін басшылыққа алуға тиіс.

      4. Тұтынушылардың заңды мүдделерін білдіретін өкілдер міндеттерін орындау кезінде мүдделер қақтығысын болдырмау бойынша шаралар қолданады.

      5. Тұтынушының заңды мүдделерін білдіретін өкілге мүдделер қақтығысы болған жағдайда өкілдік қызметтер көрсетуге тыйым салынады.

      Тұтынушының заңды мүдделерін білдіретін өкіл, егер:

      1) тұтынушы және өкіл, оның жақын туыстары мүдделерінің қақтығысы бар болған, сондай-ақ мүдделер қақтығысын құрайтын басқа да мән-жайлар болған;

      2) Қазақстан Республикасының азаматтық процестік заңнамасында көзделген негіздер бар болған жағдайда, өкілдік қызметтер көрсетуден бас тартуға міндетті.

      6. Тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктері, қауымдастықтар (одақтар) тұтынушылар мүддесінде сотта қарау үшін жіберетін талап арыздарға мемлекеттік баж салынбайды.

      7. Тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктері, қауымдастықтар (одақтар) мен заң консультанттарының палаталары да тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша халыққа консультациялық көмек көрсету және тұтынушыларға өздерінің бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіруде өкілдік қызметтер көрсету жөніндегі мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде тұтынушыларға консультация беруді жүзеге асырады.

      8. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша консультациялық көмек және өкілдік қызметтер мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде:

      1) "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдарға;

      2) атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар адамдарға;

      3) Ұлы Отан соғысына қатысушыларға және жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген адамдарға;

      4) басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне;

      5) бірінші және екінші топтағы мүгедектерге;

      6) қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) тұратын қарттар мен мүгедектерге;

      7) "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға;

      8) қиын әлеуметтік және қаржылық жағдайдағы өзге де адамдарға көрсетіледі.

      42-4-бап. Тұтынушының сатушыға (дайындаушыға, орындаушыға) жүгінуі

      1. Құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған тұтынушы сатушыға (дайындаушыға, орындаушыға) құқықтары мен заңды мүдделерін бұзушылықтарды жою және тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) кемшіліктері салдарынан осы бұзушылықтар келтірген залалды (зиянды) тұтынушыға ерікті түрде өтеу туралы наразылықпен жүгінуге құқылы.

      Тұтынушының сатушыға (дайындаушыға, орындаушыға) наразылығы қолма-қол табыс етіледі не табыс етілгені туралы хабарламасы бар тапсырысты пошта жөнелтімі нысанында не сатушының (дайындаушының, орындаушының) электрондық пошта мекенжайы бойынша, егер мұндай мекенжайды сатушы (дайындаушы, орындаушы) бұрын көрсеткен болса, жіберіледі.

      2. Сатушы (дайындаушы, орындаушы) тұтынушының наразылығын қарауға және тұтынушының талаптарымен келіспеген жағдайда тұтынушының наразылығын алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде құжатпен негізделген дәлелді жазбаша жауап ұсынуға міндетті. Осы құжаттардың көшірмелері сатушының (дайындаушының, орындаушының) тұтынушыға жауабына қоса тіркелуге тиіс.

      Сатушының (дайындаушының, орындаушының) жауабы тұтынушыға осы баптың 1-тармағының екінші бөлігінде жазылған тәсілдермен ұсынылады.

      Егер сатушының (дайындаушының, орындаушының) жауабы мерзімнің соңғы күнінен жиырма төрт сағат бұрын поштаға тапсырылса немесе басқа да байланыс құралдары бойынша жіберілсе, онда осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім өтіп кеткен болып есептелмейді.

      3. Егер сатушы (дайындаушы, орындаушы) күнтізбелік он күн ішінде наразылыққа жазбаша жауап бермесе немесе бұзушылықтарды жоюдан және тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) кемшіліктері салдарынан келтірілген залалды (зиянды) ерікті түрде өтеуден бас тартса, сондай-ақ тұтынушылық дауды сотқа дейінгі тәртіппен қарауға қатысудан бас тартса, тұтынушы уәкілетті органға, тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарға жүгінуге құқылы.

      42-5-бап. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарға жүгіну

      1. Тұтынушы тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарға жазбаша нысанда өтініш беру жолымен не Тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы өтінішпен не шағыммен жүгінуге құқылы.

      Тұтынушы жазбаша нысанда жүгінген кезде тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар немесе уәкілетті орган мұндай өтінішті Тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың бірыңғай ақпараттық жүйесіне енгізуді және оны құзыретіне сәйкес тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы функцияларды жүзеге асыратын тиісті мемлекеттік органға жіберуді қамтамасыз етеді.

      2. Тұтынушы сатушының (дайындаушының, орындаушының) ерікті түрде құқықтар мен заңды мүдделерді бұзушылықтарды жоюы, тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) кемшіліктері салдарынан залалды (зиянды) өтеуі туралы наразылықпен оған жүгінген кезден бастап, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше мерзім белгіленбесе, екі айдан кешіктірмей тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарға жүгінуге құқылы.

      3. Тұтынушының өтінішіне:

      1) сатушының (дайындаушының, орындаушының) тұтынушының өтінішіне жауабының көшірмесі, ал егер осы Заңда белгіленген мерзім ішінде сатушының (дайындаушының, орындаушының) жауабы алынбаған болса, – тұтынушының сатушыға (дайындаушыға, орындаушыға) өтінішінің көшірмесі (бар болса);

      2) өтініште жазылған мән-жайларды растайтын өзге де құжаттар (бар болса) қоса тіркеледі.

      4. Тұтынушының өтінішінде:

      1) жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке сәйкестендіру нөмірі (ол бар болса), пошта мекенжайы;

      2) өзіне қатысты тұтынушының талаптары қойылған сатушының (дайындаушының, орындаушының) деректері (заңды тұлғаның атауы, пошта мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (ол бар болса);

      3) тұтынушының талабы және тұтынушылық даудың мән-жайлары көрсетілуге тиіс.

      Өтініште байланыс деректері (телефон, факс нөмірлері, электрондық пошта мекенжайлары және өзге де мәліметтер), сондай-ақ тауарларды (орындалған жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді) және сатушының (дайындаушының, орындаушының) әрекеттерін фото-, аудио-, бейнетіркеуді қоса алғанда, өтініш дұрыс және уақтылы қаралуы үшін қажетті, тұтынушының құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылғандығын растайтын материалдар көрсетілуі мүмкін.

      5. Өтініш Тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы берілген жағдайда өтінішке қажетті құжаттардың сканерленген көшірмелері қоса тіркеледі.

      Қажет болған жағдайда, тұтынушының өтінішін қарайтын, тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік орган ұсынылған құжаттар көшірмелерінің түпнұсқаларын құжаттарды сұратуға құқылы.

      42-6-бап. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың тұтынушының өтінішін қараудан бас тартуы

      1. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік орган тұтынушыға оның өтінішін қараудан мынадай:

      1) сол тараптар арасындағы дауды дәл сол нысана бойынша және дәл сол негізде сот қараған;

      2) заңды күшіне енген сот шешімі не тұтынушылық дауды сотқа дейінгі реттеу субъектісінің сол тараптар арасындағы, дәл сол нысана бойынша және дәл сол негізде тұтынушылық дауға қатысты қабылдаған шешімі бар болған жағдайларда, бас тартады.

      Бас тарту үшін өзге де негіздер осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленуі мүмкін.

      2. Тұтынушының өтінішін қараудан бас тарту туралы шешім, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзге мерзім көзделмесе, тұтынушының өтінішін алған кезден бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей қабылдануға тиіс.

      3. Тұтынушының өтінішін қараудан бас тарту туралы шешім дәлелді болуға тиіс.

      42-7-бап. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың тұтынушының өтінішін қарауы

      1. Тұтынушының өтінішін қарау кезінде тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар:

      1) тұтынушыдан қосымша құжаттар мен ақпарат сұратуға;

      2) тұтынушының талабы қойылған сатушыдан (дайындаушыдан, орындаушыдан) өтінішті қарау үшін қажетті түсіндірмелер мен дәлелдемелер ұсынуды сұратуға;

      3) мемлекеттік органдар мен мекемелерден, басқа да ұйымдардан тұтынушының өтінішін қарау үшін қажетті ақпарат сұратуға және алуға құқылы.

      2. Тұтынушының өтінішін қарау туралы шешім қабылданған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде әрекеттеріне қатысты тұтынушының өтініші ұсынылған сатушыға (дайындаушыға, орындаушыға) хабарды алған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей толық түсіндірмелерді және оларды негіздейтін құжаттарды ұсыну талабымен тұтынушының алынған өтініші туралы хабар, осы өтініштің және оның қосымшаларының көшірмелері жіберіледі.

      Хабар сатушыға (дайындаушыға, орындаушыға) электрондық пошта мекенжайы немесе телефон нөмірі бойынша, сондай-ақ хабарламаны немесе шақыруды тіркеуді қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдары бойынша жіберілуі мүмкін.

      Сатушының (дайындаушының, орындаушының) электрондық пошта мекенжайы туралы немесе телефон нөмірі немесе хабарламаны немесе шақыруды тіркеуді қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдары туралы мәліметтер болмаған жағдайда, хабар сатушыға (дайындаушыға, орындаушыға) соңғы белгілі тұрғылықты жері немесе орналасқан жері бойынша телефонограммамен гибридтік жөнелту арқылы не оның табыс етілгені туралы хабарламасы бар тапсырысты хатпен жіберіледі.

      3. Ұсынылған құжаттарды қарау қорытындылары бойынша және тұтынушының құқықтары мен заңды мүдделерін бұзушылықтар анықталған кезде:

      1) сатушыға (дайындаушыға, орындаушыға) бұзушылықтарды жою туралы нұсқама шығарылады;

      2) сатушыны (дайындаушыны, орындаушыны) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа тарту туралы шешім қабылданады.

      Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік орган шығарған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы орындамау Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келеді.

      Қазақстан Республикасының заңдарында тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың тұтынушылардың өтініштерін қарауының өзге де тәртібі мен мерзімдері белгіленуі мүмкін.

      42-8-бап. Тұтынушылық дауды сотқа дейінгі реттеу

      1. Тұтынушы сатушыға (дайындаушыға, орындаушыға) осы Заңның 33-2-бабына сәйкес ол туралы ақпаратты сатушы (дайындаушы, орындаушы) орналастырған, тұтынушылық дауды сотқа дейінгі реттеу субъектісінің – төреліктің, медиатордың, тұтынушылардың қоғамдық бірлестігінің, қауымдастықтардың (одақтардың) не сатушы (дайындаушы, орындаушы) мүшесі болып табылатын өзін-өзі реттейтін ұйымның қарауына беруді ұсынуға құқылы.

      Бұл ретте сатушы (дайындаушы, орындаушы) тұтынушымен келісуге және тұтынушылық дауды сотқа дейінгі тәртіппен қарауға қатысуға құқылы.

      Тұтынушылық дауды сотқа дейінгі реттеу субъектісінің қарауына тұтынушылық дауды беру туралы келісім жазбаша нысанда ресімделеді.

      2. Тұтынушы тұтынушылық дауды сотқа дейінгі тәртіппен қарау туралы өтінішті тараптардың тұтынушылық дауды сотқа дейінгі реттеу субъектісінің қарауына тұтынушылық дауды беру туралы жазбаша келісімі болған кезде тұтынушылық дауды сотқа дейінгі реттеу субъектісіне жүгіну арқылы немесе Тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы беруі мүмкін.

      Тұтынушылық дауды сотқа дейінгі реттеу субъектісі тұтынушылардың өтініштерін қарау қорытындылары туралы тоқсан сайынғы ақпаратты уәкілетті органға береді.

      3. Тұтынушылық дауды сотқа дейінгі тәртіппен қарау осы Заңның және Қазақстан Республикасының төрелік, медиация, өзін-өзі реттеу туралы заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.".

      6. "Медиация туралы" 2011 жылғы 28 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 2, 27-құжат; 2012 ж., № 6, 44-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 14, 84-құжат; 2015 ж., № 20-VII, 115-құжат; 2019 ж., № 24-II, 120-құжат):

      14-баптың 6-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Тұтынушыны жұмыс істеп тұрған, тұтынушылық дауларды сотқа дейінгі реттеу субъектілерінің бар екендігі туралы хабардар ету мақсатында кәсіби медиаторлар ұйымы тізілімнің жаңартылуына қарай Тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың бірыңғай ақпараттық жүйесіне медиаторлар туралы ақпарат (медиатордың тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), медиатордың заңды мекенжайын, байланыс деректерін (пошта мекенжайы немесе электрондық пошта мекенжайы не телефон немесе телефакс нөмірі), медиатор маманданып жүрген медиация саласы туралы мәліметтер, медиатор медиацияны жүзеге асыра алатын тіл туралы мәліметтер) жібереді.".

      7. "Өзін-өзі реттеу туралы" 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 21-І, 127-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 19, 62-құжат):

      1) 7-бап мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "4-1) Қазақстан Республикасының тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамасын бұзу фактілері бойынша тұтынушылардың тұтынушылық дауларды қарау жөніндегі қызметті тиімсіз жүзеге асыратын өзін-өзі реттейтін ұйымдарға қатысты шағымдарын қарайды;";

      2) 9-бапта:

      5-тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасындағы "ұсынылмауы негізінде жүзеге асырылады." деген сөздер "ұсынылмауы;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

      "4) өзін-өзі реттейтін ұйымның қызметін тоқтату және оны өзін-өзі реттейтін ұйымдар тізілімінен шығару туралы заңды күшіне енген сот шешімінің негізінде жүзеге асырылады.";

      мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:

      "6. Реттеуші мемлекеттік органның өзін-өзі реттейтін ұйымды өзін-өзі реттейтін ұйымдар тізілімінен шығару туралы шешіміне сотқа шағым жасалуы мүмкін.

      Реттеуші мемлекеттік органның өзін-өзі реттейтін ұйымды өзін-өзі реттейтін ұйымдар тізілімінен шығару туралы шешіміне шағым жасау осы шешімнің орындалуын тоқтата тұрмайды.";

      3) 17-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-1) өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелері (қатысушылары) мен тұтынушылар және тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы өзге де тұлғалар арасында туындайтын тұтынушылық дауларды қарау жөніндегі орган;";

      4) 19-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 8) тармақшасындағы "жеткізуге міндетті." деген сөздер "жеткізуге;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 9), 10) және 11) тармақшалармен толықтырылсын:

      "9) тұтынушылардың келіп түскен өтініштері және оларды қарау нәтижелері туралы ақпаратты тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органның назарына жеткізуге;

      10) өз мүшелері (қатысушылары) туралы жаңартылған ақпаратты тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органға және Тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың бірыңғай ақпараттық жүйесіне беруге;

      11) өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелері (қатысушылары) мен тұтынушылар және тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы өзге де тұлғалар арасында туындаған тұтынушылық дауларды қарау жөніндегі орган құруға міндетті.".

      2-бап. Осы Заң:

      2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 5-тармағы 5) тармақшасының сегізінші және он бесінші абзацтарын, 7) тармақшасының он алтыншы-отыз төртінші абзацтарын, 22) тармақшасының елу бірінші, елу екінші және алпыс екінші абзацтарын, 6-тармағының екінші және үшінші абзацтарын, 7-тармағы 4) тармақшасының үшінші абзацын;

      2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 5-тармағы 6) тармақшасының үшінші абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ