Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2020 жылғы 25 мамырдағы № 332-VІ ҚРЗ.

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 125-құжат; № 16, 129-құжат; № 20, 151-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 16-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 36, 41-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 94-құжат; № 18-19, 119-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 6-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44-құжат; № 11, 63, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128, 131-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 11, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-I, 100-құжат; № 19-II, 106-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 117-құжат; № 21-I, 121, 124-құжаттар; № 21-II, 130, 132-құжаттар; № 22-I, 140, 143-құжаттар; № 22-II, 144-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 7-II, 53-құжат; № 8-І, 62-құжат; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 23, 119-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 6, 11-құжат; № 9, 18-құжат; № 10, 23-құжат; № 13, 45-құжат; № 14, 51-құжат; № 15, 55-құжат; № 20, 96-құжат; № 22-III, 109-құжат; № 23-III, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 1, 2-құжат; № 7-8, 22-құжат; № 9, 31-құжат; № 10, 32-құжат; № 12, 39-құжат; № 14, 42-құжат; № 15, 47, 50-құжаттар; № 16, 55-құжат; № 19, 62-құжат; № 22, 82, 83-құжаттар; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 1, 4-құжат; № 5-6, 27-құжат; № 7, 37, 39-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 19-20, 86-құжат; № 23, 99, 106-құжаттар; № 24-I, 118, 119-құжаттар; 2020 жылғы 7 мамырда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      53-баптың 1-тармағында:

      2) тармақшаның төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "жұмылдыру резервінің дәрілік заттары мен медициналық бұйымдарын қоспағанда, мемлекеттік материалдық резервтерді қалыптастыру және сақтау;";

      5) тармақша мынадай мазмұндағы оныншы абзацпен толықтырылсын:

      "жұмылдыру резервінің дәрілік заттары мен медициналық бұйымдарын беру және сақтау;".

      2. 2009 жылғы 18 қыркүйектегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 20-21, 89-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 32-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 149, 152-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 17, 136-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 12, 83-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 7, 36-құжат; № 9, 51-құжат; № 12, 57-құжат; № 13, 62-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; №16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 65-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 7, 33-құжат; № 10, 50-құжат; № 19-II, 102-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 22-I, 143-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 23-II, 170-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 8-II, 67, 70-құжаттар; № 23, 119-құжат; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 7-құжат; № 9, 22-құжат; № 13, 45-құжат; № 22-III, 109-құжат; № 23-III, 111-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 14, 42-құжат; № 15, 47-құжат; № 19, 62-құжат; № 23, 91-құжат; № 24, 93, 94-құжаттар; 2019 ж., № 7, 36-құжат; № 8, 46-құжат; № 21-22, 90-құжат; № 23, 106-құжат; 2020 жылғы 5 мамырда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 62-бап мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:

      "6-1. Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама мемлекеттік материалдық резервте сақтауда тұрған, жарамдылық мерзімі өткен тамақ өнімдеріне кәдеге жаратуды жүргізу мүмкіндігін айқындау үшін жүргізіледі.";

      2) 77-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "7-1) Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау туралы заңнамасына сәйкес жұмылдыру резервінің дәрілік заттары мен медициналық бұйымдарын беру, сақтау және жаңарту мен номенклатура өзгерген жағдайда броньнан шығару тәртібімен оларды шығару;";

      3) 88-баптың 1-тармағының 6) және 9) тармақшаларындағы "дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы", "дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника" және "дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың" деген сөздер тиісінше "дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды", "дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар" және "дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың" деген сөздермен ауыстырылсын.

      3. 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 13-І, 13-ІІ, 83-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 16, 79-құжат; № 21-ІІІ, 137-құжат; № 22-І, 140-құжат; № 22-ІІІ, 149-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; 2016 ж., № 7-ІІ, 55-құжат; № 8-ІІ, 67-құжат; № 12, 87-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 8, 16-құжат; № 9, 21-құжат; № 14, 50-құжат; № 16, 56-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 1, 2-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 46-құжат; № 16, 56-құжат; № 23, 88, 91-құжаттар; № 24, 94-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 7, 36-құжат; № 8, 45-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 19-20, 86-құжат; № 23, 108-құжат; № 24-I, 118-құжат; № 24-IІ, 120-құжат; 2020 жылғы 5 мамырда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) мазмұны мынадай мазмұндағы 388-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:

      "388-1-бап. Жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында жұмылдыру тапсырмаларын немесе жұмылдыру тапсырыстарын қасақана орындамау";

      2) мынадай мазмұндағы 388-1-баппен толықтырылсын:

      "388-1-бап. Жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында жұмылдыру тапсырмаларын немесе жұмылдыру тапсырыстарын қасақана орындамау

      1. Лауазымды адам немесе коммерциялық немесе өзге де ұйымда басқарушылық функцияларды орындайтын адам немесе мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адам жасаған, жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында жұмылдыру тапсырмаларын немесе жұмылдыру тапсырыстарын қасақана орындамауы –

      бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

      2. Ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол іс-әрекет –

      бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.".

      4. 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 15-I, 15-II, 88-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 20-VII, 115-құжат; № 21-III, 137-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; № 8-II, 67-құжат; № 12, 87-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 126, 129-құжаттар; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 8, 16-құжат; № 14, 50, 53-құжаттар; № 16, 56-құжат; № 21, 98, 102-құжаттар; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 1, 2-құжат; № 10, 32-құжат; № 16, 53, 56-құжаттар; № 23, 91-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 7, 36-құжат; № 19-20, 86-құжат; № 23, 103-құжат; № 24-I, 118, 119-құжаттар; № 24-IІ, 120-құжат; 2020 жылғы 5 мамырда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      187-баптың бесінші бөлігі "297 (үшінші және төртінші бөліктерінде)" деген сөздерден кейін ", 388-1" деген цифрлармен толықтырылсын.

      5. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 18-I, 18-II, 92-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 6-құжат; № 7, 33-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 9, 46-құжат; № 10, 50-құжат; № 11, 52-құжат; № 14, 71-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-I, 101-құжат; № 19-II, 102, 103, 105-құжаттар; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 21-I, 124, 125-құжаттар; № 21-II, 130-құжат; № 21-III, 137-құжат; № 22-I, 140, 141, 143-құжаттар; № 22-II, 144, 145, 148-құжаттар; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 152, 156, 158-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 22-VII, 161-құжат; № 23-I, 166, 169-құжаттар; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 9-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-I, 49, 50-құжаттар; № 7-II, 53, 57-құжаттар; № 8-I, 62, 65-құжаттар; № 8-II, 66, 67, 68, 70, 72-құжаттар; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 124, 126, 131-құжаттар; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 9, 17, 18, 21, 22-құжаттар; № 12, 34-құжат; № 14, 49, 50, 54-құжаттар; № 15, 55-құжат; № 16, 56-құжат; № 22-III, 109-құжат; № 23-III, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 114, 115-құжаттар; 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 7-8, 22-құжат; № 9, 27-құжат; № 10, 32-құжат; № 11, 36, 37-құжаттар; № 12, 39-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 46, 49, 50-құжаттар; № 16, 53-құжат; № 19, 62-құжат; № 22, 82-құжат; № 23, 91-құжат; № 24, 93, 94-құжаттар; 2019 ж., № 1, 2, 4-құжаттар; № 2, 6-құжат; № 5-6, 27-құжат; № 7, 36, 37-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 19-20, 86-құжат; № 21-22, 90, 91-құжаттар; № 23, 99, 103, 106, 108-құжаттар; № 24-I, 118-құжат; № 24-IІ, 120, 122, 123, 127-құжаттар; 2020 жылғы 5 мамырда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) мазмұны мынадай мазмұндағы 643-1 және 686-1-баптардың тақырыптарымен толықтырылсын:

      "643-1-бап. Қазақстан Республикасының жұмылдыру дайындығы саласындағы заңнамасын бұзу";

      "686-1-бап. Жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті орган";

      2) мынадай мазмұндағы 643-1 және 686-1-баптармен толықтырылсын:

      "643-1-бап. Қазақстан Республикасының жұмылдыру дайындығы саласындағы заңнамасын бұзу

      1. Қазақстан Республикасының жұмылдыру дайындығы саласындағы заңнамасын:

      1) жұмылдыру тапсырмалары немесе жұмылдыру тапсырыстары бар мемлекеттік органдардың, облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдіктерінің және ұйымдардың жұмылдыру жоспарларының болмауы;

      2) қару-жарақ пен әскери техника бұйымдарына, аса маңызды азаматтық өнімдерге арналған техникалық құжаттаманың, сондай-ақ қатері жоғары объектілерге, халықтың тіршілігін қамтамасыз ету жүйелеріне және ұлттық игілік болып табылатын объектілерге арналған жобалық құжаттаманың сақтандыру қорын жасау және сақтау жөніндегі іс-шараларды орындамау;

      3) жұмылдыру жарияланған кезде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға, Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарына, сондай-ақ жұмылдыру тапсырыстарын орындайтын ұйымдарға беруге арналған арнаулы құралымдар мен техниканы дайындау жөніндегі іс-шараларды жүргізбеу;

      4) жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтар запастарын жасау, жинақтау, сақтау және жаңарту жөніндегі іс-шараларды жүргізбеу;

      5) әскери міндеттілерді броньдауды жүргізбеу түрінде жасалған бұзушылық –

      ескерту жасауға немесе лауазымды адамдарға – отыз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –

      лауазымды адамдарға – елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.";

      "686-1-бап. Жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті орган

      1. Жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 643-1-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.

      2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органның басшысы мен оның орынбасарлары құқылы.".

      6. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 20-II, 20-III, 112-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-II, 55-құжат; № 8-I, 62, 65-құжаттар; № 8-II, 72-құжат; № 12, 87-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 124, 126-құжаттар; 2017 ж., № 9, 21-құжат; № 14, 50, 51-құжаттар; № 22-III, 109-құжат; № 23-III, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 11, 37-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 46, 49, 50-құжаттар; № 19, 62-құжат; № 22, 82, 83-құжаттар; № 24, 94-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 5-6, 27-құжат; № 7, 37, 39-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 19-20, 86-құжат; № 21-22, 90, 91-құжаттар; № 23, 108-құжат; № 24-I, 118-құжат; № 24-IІ, 123, 124-құжаттар):

      129-баптың 5-тармағы мынадай мазмұндағы 4-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "4-2) жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы мемлекеттік бақылау;".

      7. "Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы" 1997 жылғы 16 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 11, 155-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 16, 104-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; 2010 ж., № 17-18, 108-құжат; 2011 ж., № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; 2015 ж., № 19-II, 104-құжат; 2018 ж., № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 5-6, 27-құжат):

      1) 1-баптың 13) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "13) Қазақстан Республикасының жұмылдыру жоспары – Қазақстан Республикасы қорғаныс жоспарының Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды, арнаулы мемлекеттiк органдарды жұмылдыра өрiстету жөнiндегi шараларды iске асыруға, Қазақстан Республикасының экономикасын, мемлекеттiк органдарын, ұйымдарын, әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерi мен халқын жұмылдыру тапсырмаларын немесе жұмылдыру тапсырыстарын, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы жөніндегі өзге де iс-шараларды орындау арқылы жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңiндегi және соғыс уақытындағы қызмет режимiне көшiруге бағытталған құрамдас бөлігі;";

      2) 2-баптың тақырыбындағы "Жұмылдыру" және "заңдар" деген сөздер "Қазақстан Республикасының жұмылдыру" және "заңнамасы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 4-бапта:

      7) тармақшадағы "арналған құжаттамаларды" және "жобалық құжаттамаларды" деген сөздер тиісінше "арналған техникалық құжаттаманың" және "жобалық құжаттаманың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      10) тармақшадағы "мемлекеттiк материалдық резервтiң", "қорын" деген сөздер "жұмылдыру резервінiң", "запастарын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      11) тармақшадағы "дайындығының жай-күйiне баға беру" деген сөздер "дайындығын бағалау" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 5-бапта:

      4-1) тармақша алып тасталсын;

      4-3) тармақшадағы "тапсырыстары" және "ережелерін белгілейді" деген сөздер тиісінше "жұмылдыру тапсырыстары" және "қағидаларын бекітеді" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 7-бапта:

      2) тармақша алып тасталсын;

      12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "12) Қазақстан Республикасының Президентіне Қазақстан Республикасының жұмылдыру әзірлігі туралы жыл сайын баяндап отырады;";

      мынадай мазмұндағы 12-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "12-1) экономика салаларынан Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, арнаулы мемлекеттік органдардың жұмылдыру қажеттіліктерін айқындау қағидаларын бекітеді;";

      17) тармақша алып тасталсын;

      18) тармақшадағы "арналған құжаттаманың" және "белгілейді" деген сөздер тиісінше "арналған техникалық құжаттаманың" және "айқындайды" деген сөздермен ауыстырылсын;

      24) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "24) жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңіне және соғыс уақытында Қазақстан Республикасының аумағындағы әскери-көліктік міндеттілік қағидаларын бекітеді;";

      6) 7-1-бап мынадай мазмұндағы 3-1) және 9-1) тармақшалармен толықтырылсын:

      "3-1) жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;";

      "9-1) қару-жарақ пен әскери техника бұйымдарына, аса маңызды азаматтық өнімдерге арналған техникалық құжаттаманың, сондай-ақ қатері жоғары объектілерге, халықтың тіршілігін қамтамасыз ету жүйелеріне және ұлттық игілік болып табылатын объектілерге арналған жобалық құжаттаманың сақтандыру қорын жасау және сақтау саласындағы қызметті үйлестіреді;";

      7) 8-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкiлеттi органға жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру жөнiндегi iс-шараларды қаржыландыру көлемдерi жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;";

      8) мынадай мазмұндағы 8-1-баппен толықтырылсын:

      "8-1-бап. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы құзыреті

      Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі:

      1) жұмылдыруға, соғыс жағдайы мен соғыс уақытына Қарулы Күштердің дайындығын жүзеге асырады, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, аумақтық әскерлердің, әскери оқытылған резервтің дайындығын үйлестіреді;

      2) экономика салаларынан Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, арнаулы мемлекеттік органдардың жұмылдыру қажеттіліктерін айқындау қағидаларын әзірлейді;

      3) жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңіне және соғыс уақытында Қазақстан Республикасының аумағындағы әскери-көліктік міндеттілік қағидаларын әзірлейді;

      4) осы Заңда, өзге де заңдарда, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.";

      9) 9-бапта:

      1-тармақта:

      11) тармақша "дайындығы" деген сөзден кейін "мен жұмылдыру" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "11-1) жұмылдыру жарияланған кездегі іс-қимылдар тәртібі туралы халық арасында түсіндіру жұмысын жүргізеді;";

      2-тармақ мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "9-1) жұмылдыру жарияланған кездегі іс-қимылдар тәртібі туралы халық арасында түсіндіру жұмысын жүргізеді;";

      3-тармақ мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "5-1) жұмылдыру жарияланған кездегі іс-қимылдар тәртібі туралы халық арасында түсіндіру жұмысын жүргізеді;";

      10) 13-баптың 1 және 1-1-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Жұмылдыру тапсырмалары немесе жұмылдыру тапсырыстары бар мемлекеттiк органдар мен ұйымдардағы жұмылдыру дайындығы жөнiндегi іс-шараларды ұйымдастыру, үйлестiру және олардың жүргiзiлуiн бақылау мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың бірінші басшысына тікелей бағынатын жұмылдыру органдарына (бөлiмшелеріне) жүктеледi. Жұмылдыру органдарының (бөлiмшелерінiң) құрылымы, штат саны, өкiлеттiгi осы тапсырмалардың немесе тапсырыстардың сипаты мен көлемі негізге алына отырып айқындалады.

      1-1. Жұмылдыру тапсырмалары немесе жұмылдыру тапсырыстары бар мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың бiрiншi басшылары жұмылдыру органдарына (бөлiмшелеріне) жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру бойынша өздерiне жүктелген мiндеттердi орындау үшiн қажеттi жағдайлар жасайды.";

      11) мынадай мазмұндағы 5-1-тараумен толықтырылсын:

      "5-1-тарау. Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы мемлекеттік бақылау

      19-1-бап. Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы мемлекеттік бақылау

      1. Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы мемлекеттік бақылау (бұдан әрі – мемлекеттік бақылау) Қазақстан Республикасының жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы заңнамасының бұзылуына жол бермеу мақсатында жүзеге асырылады.

      2. Мыналар:

      1) Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, жұмылдыру тапсырмалары бар Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары;

      2) жұмылдыру тапсырыстары бар ұйымдар мемлекеттік бақылау субъектілері (бұдан әрі – бақылау субъектілері) болып табылады.

      19-2-бап. Мемлекеттік бақылауды жүргізу тәртібі

      1. Мемлекеттік бақылауды жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті орган мерзімдік және жоспардан тыс тексерулер нысанында жүргізеді.

      2. Мерзімдік тексеру жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті орган бекіткен тексерулер жүргізу графигіне сәйкес үш жылда бір реттен жиілетпей жүргізіледі.

      Жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті орган тексерулер жүргізу графигін әзірлейді және тексеру жылының алдындағы жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірмей бекітеді.

      Тексерулер жүргізу графигі мыналарды қамтиды:

      1) тексерулер жүргізу графигінің тіркеу нөмірі мен бекіту күні;

      2) жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органның атауы;

      3) бақылау субъектілерінің (объектілерінің) атауы, олардың орналасқан жері;

      4) тексеру нысанасы;

      5) тексерулер жүргізу мерзімдері;

      6) тексерулер жүргізу графигіне қол қоюға уәкілеттік берілген адамның қолтаңбасы және жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органның мөрі.

      Тексерулер жүргізу графигі мерзімдік тексеру жүргізу туралы хабарлама болып табылады.

      Тексерулер жүргізу графигін жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен бақылау субъектілеріне тиісті жылдың 1 ақпанына дейін жібереді.

      Тексерулер жүргізу графигіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу бақылау субъектісі банкрот болған, таратылған, қайта ұйымдастырылған және оның жұмыс бейіні өзгерген жағдайларда жүзеге асырылады.

      Бақылау субъектілері тексерулер жүргізу графигіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілетіні туралы мерзімдік тексеру жүргізілетін күнге дейін кемінде он жұмыс күні бұрын хабардар етілуге тиіс.

      3. Жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті орган:

      1) бақылау субъектілерінің жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру жөніндегі іс-шараларды орындау бойынша міндеттерді орындамағанын және (немесе) тиісінше орындамағанын куәландыратын нақты фактілер мен мән-жайлар туралы ақпарат (әскери-экономикалық оқулардың нәтижелері, жұмылдыру әзірлігін бағалау) болған кезде;

      2) анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың орындалуын бақылау мақсатында тағайындайтын тексеру жоспардан тыс тексеру болып табылады.

      4. Жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органның лауазымды адамдарының тексеру жүргізу кезінде:

      1) осы баптың 8-тармағында көрсетілген құжаттарды көрсеткен кезде тексеру нысанасына сәйкес бақылау субъектісінің (объектісінің) аумағына және үй-жайларына кедергісіз кіруге;

      2) тексеру нысанасына сәйкес тексеру нәтижелері туралы акт пен анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаға қосып тіркеу үшін қағаз және электрондық жеткізгіштерде құжаттарды (мәліметтерді) не олардың көшірмелерін алуға, сондай-ақ жұмылдыру қуаттарына және жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарына, автоматтандырылған дерекқорға (ақпараттық жүйелерге) қол жеткізуге;

      3) мемлекеттік органдардың, ведомстволық бағынысты және өзге де ұйымдардың мамандарын, консультанттары мен сарапшыларын тартуға құқығы бар.

      5. Бақылау субъектілері не олардың уәкілетті өкілдері тексеру жүргізілген кезде:

      1) жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органның тексеру жүргізу үшін келген лауазымды адамдарын:

      осы Заңда белгіленген мерзімдерге сәйкес келмейтін, тексеруді тағайындау туралы актіде көрсетілген мерзімдер асып кеткен не өтіп кеткен;

      осы баптың 8-тармағында көзделген құжаттар болмаған;

      тексеру мерзімдері осы Заңда белгіленген мерзімнен асатын мерзімге ұзартылған жағдайларда тексеруге жібермеуге;

      2) тексеру нәтижелері туралы актіге, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасауға құқылы.

      6. Бақылау субъектілері не олардың уәкілетті өкілдері тексеру жүргізілген кезде:

      1) жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органның лауазымды адамдарының бақылау субъектісінің (объектісінің) аумағына және үй-жайларына кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге;

      2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар және заңмен қорғалатын өзге де құпиялар туралы заңнамасында көзделген талаптарды сақтай отырып, тексеру нысанасына сәйкес жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органның лауазымды адамдарына тексеру нәтижелері туралы акт пен анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаға қосып тіркеу үшін қағаз және электрондық жеткізгіштерде құжаттарды (мәліметтерді) не олардың көшірмелерін, сондай-ақ жұмылдыру қуаттарына және жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарына, автоматтандырылған дерекқорға (ақпараттық жүйелерге) қолжетімділікті ұсынуға;

      3) тексеру аяқталған күні тексеру нәтижелері туралы акт пен анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың екінші данасына алғаны туралы белгі жасауға;

      4) тексеру жүргізу кезеңінде тексерілетін құжаттарға (мәліметтерге) өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол бермеуге;

      5) осы объект үшін белгіленген нормативтерге сәйкес зиянды және қауіпті өндірістік әсер ету факторларынан тексеру жүргізу үшін келген адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндетті.

      7. Тексеруді тағайындау туралы акт негізінде тексеру жүргізіледі.

      Тексеруді тағайындау туралы акт екі данада жасалады.

      Тексеруді тағайындау туралы актіде мыналар көрсетіледі:

      1) тексерулерді тағайындау туралы актілерді есепке алу журналында тіркелген күні мен нөмірі;

      2) жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органның атауы;

      3) тексеру жүргізуге уәкілеттік берілген адамдардың тектері, аттары, әкесінің аттары (егер олар жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса) және лауазымдары;

      4) мемлекеттік органдардың, ведомстволық бағынысты және өзге де ұйымдардың тексеру жүргізу үшін тартылатын мамандары, консультанттары мен сарапшылары туралы мәліметтер;

      5) бақылау субъектісінің атауы, оның орналасқан жері, сәйкестендіру нөмірі, бақылау объектілерінің тізбесі.

      Заңды тұлғаның филиалы және (немесе) өкілдігі тексерілген жағдайда, тексеруді тағайындау туралы актіде оның атауы мен орналасқан жері көрсетіледі;

      6) тексеру нысанасы;

      7) тексеру жүргізу мерзімі;

      8) тексеру жүргізу негіздері;

      9) актіге қол қоюға уәкілеттік берілген адамның қолтаңбасы және жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органның мөрі.

      Тексеруді тағайындау туралы акт тексерулерді тағайындау туралы актілерді есепке алу журналында тіркеледі.

      Тексерулерді тағайындау туралы актілерді есепке алу журналын жүргізу тәртібі мен нысанын жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті орган бекітеді.

      Тексеруді тағайындау туралы актіні жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен бақылау субъектілеріне:

      мерзімдік тексеру бойынша – ол басталғанға дейін кемінде жеті жұмыс күні бұрын;

      жоспардан тыс тексеру бойынша ол басталғанға дейін кемінде бір тәулік бұрын жібереді.

      8. Жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органның лауазымды адамдары тексеру кезінде бақылау субъектісіне:

      1) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтермен жұмыс істеуге рұқсаттың бар екені туралы анықтаманы;

      2) сәйкестендіру картасын көрсетуге міндетті.

      9. Тексеру жүргізу мерзімі тексеру нысанасы, сондай-ақ алдағы жұмыстардың көлемі ескеріле отырып белгіленеді және жеті жұмыс күнінен аспауға тиіс.

      Тексеру жүргізу мерзімі он бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімге бір рет қана ұзартылуы мүмкін. Ұзарту жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті орган басшысының шешімімен жүзеге асырылады.

      Тексеру жүргізу мерзімдерін ұзарту бақылау субъектісін хабардар ете отырып, тексеру мерзімдерін ұзарту туралы қосымша актімен ресімделеді, онда тексеруді тағайындау туралы алдыңғы актінің тіркеу нөмірі мен күні және ұзарту себептері көрсетіледі.

      Тексеру мерзімдерін ұзарту туралы қосымша акт тексерулерді тағайындау туралы актілерді есепке алу журналында тіркеледі.

      Тексеру мерзімдерін ұзарту туралы хабарламаны жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен табыс ету туралы хабарламамен бірге ұзартылғанға дейін бір жұмыс күні бұрын бақылау субъектісіне табыс етеді.

      10. Жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органның тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адамы тексеру нәтижелері бойынша екі данада:

      1) тексеру нәтижелері туралы акт;

      2) бұзушылықтар анықталған жағдайларда, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама жасайды.

      11. Тексеру нәтижелері туралы актіде мыналар көрсетіледі:

      1) актінің жасалған күні, уақыты мен орны;

      2) жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органның атауы;

      3) тексеру жүргізуге негіз болған тексеруді тағайындау туралы актінің нөмірі мен күні;

      4) тексеру жүргізген адамдардың тектері, аттары, әкесінің аттары (егер олар жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса) және лауазымдары;

      5) мемлекеттік органдардың, ведомстволық бағынысты және өзге де ұйымдардың тексеру жүргізу үшін тартылатын мамандары, консультанттары мен сарапшылары туралы мәліметтер;

      6) бақылау субъектісінің атауы, оның орналасқан жері, сәйкестендіру нөмірі, бақылау объектілерінің тізбесі;

      7) тексеру жүргізілген кезең;

      8) тексеру нәтижелері туралы, оның ішінде анықталған бұзушылықтар және олардың сипаты туралы мәліметтер;

      9) бақылау субъектісінің, сондай-ақ тексеру жүргізу кезінде қатысқан адамдардың тексеру нәтижелері туралы актімен танысуы туралы немесе танысудан бас тартуы туралы мәліметтер, олардың қолтаңбалары немесе қол қоюдан бас тартуы туралы жазба;

      10) тексеру жүргізген лауазымды адамдардың қолтаңбасы.

      Тексеру нәтижелері туралы актіге тексеру нәтижелеріне байланысты құжаттар немесе олардың көшірмелері болған кезде, олар қоса беріледі.

      12. Тексерулер жүргізген кезде Қазақстан Республикасының жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы заңнамасын бұзушылықтар анықталған жағдайда анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама жасалады, онда мыналар көрсетіледі:

      1) анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың жасалған күні, уақыты мен орны;

      2) тексеру жүргізген адамдардың тектері, аттары, әкесінің аттары (егер олар жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса) және лауазымдары;

      3) бақылау субъектісінің атауы, оның орналасқан жері, сәйкестендіру нөмірі, бақылау объектілерінің тізбесі;

      4) тексеру нәтижелері туралы актінің нөмірі мен күні;

      5) анықталған бұзушылықтар және оларды жою туралы талап;

      6) анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы орындау мерзімдері;

      7) анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаға шағым жасау тәртібі.

      Анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама бақылау субъектілерінің орындауы үшін міндетті болып табылады.

      13. Анықталған бұзушылықтарды (олар болған кезде) жою туралы нұсқамамен, бақылау субъектісінде түпнұсқа түрінде болатын құжаттардың көшірмелерін қоспағанда, қосымшалардың көшірмелерімен бірге тексеру нәтижелері туралы актінің бір данасы танысу және анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қолдану үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен бақылау субъектісіне табыс етіледі.

      Тексеру нәтижелері бойынша ескертулер және (немесе) қарсылықтар болған жағдайда, бақылау субъектісі оларды жазбаша түрде баяндайды. Ескертулер және (немесе) қарсылықтар тексеру нәтижелері туралы актіге қоса беріледі, бұл жөнінде тиісті белгі жасалады.

      Жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті орган бақылау субъектісінің тексеру нәтижелері туралы акт пен анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаға ескертулерін және (немесе) қарсылықтарын қарауға және отыз жұмыс күні ішінде уәжді жауап беруге тиіс.

      Тексеру нәтижелері туралы акт пен анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы қабылдаудан бас тартылған жағдайда хаттама жасалады, оған тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адамдар және бақылау субъектісінің басшысы не оның уәкілетті өкілі қол қояды.

      Бақылау субъектісі бас тарту себебі туралы жазбаша түсініктеме бере отырып, хаттамаға қол қоюдан бас тартуға құқылы.

      14. Тексеруді тағайындау туралы актіде немесе тексеру мерзімдерін ұзарту туралы қосымша актіде көрсетілген тексеруді аяқтау мерзімінен кешіктірілмей тексеру нәтижелері туралы акт бақылау субъектісіне табыс етілген күн тексеру мерзімінің аяқталуы деп есептеледі.

      15. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы орындау мерзімдері оны орындаудың нақты мүмкіндігіне әсер ететін мән-жайлар ескеріле отырып, бірақ анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама табыс етілген күннен бастап кемінде күнтізбелік отыз күн деп айқындалады.

      Нұсқамада көрсетілген анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы орындау мерзімдерін айқындау кезінде:

      1) бақылау субъектісінің бұзушылықтарды жою бойынша ұйымдастырушылық, техникалық мүмкіндіктерінің бар-жоғы;

      2) мемлекеттік органдарда міндетті қорытындыларды, келісулерді және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген басқа да құжаттарды алу мерзімдері;

      3) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес растайтын құжаттар болған кезде мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыруға бюджет қаражатының уақтылы, толық бөлінуі немесе түсімінің болмауы ескеріледі.

      16. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада белгіленген бұзушылықтарды жою мерзімі өткеннен кейін бақылау субъектісі нұсқамада белгіленген мерзім ішінде жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органға анықталған бұзушылықтардың жойылғаны туралы ақпарат беруге міндетті.

      Ақпарат ұсынылмаған жағдайда, жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті орган осы баптың 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес жоспардан тыс тексеру тағайындауға құқылы.

      17. Егер тексеру жүргізу нәтижесінде бақылау субъектісінің, осы баптың 15-тармағында көрсетілген мән-жайларды қоспағанда, тексеруді тағайындау туралы актіде көзделген іс-шараларды орындау жөніндегі міндеттерді орындамау және (немесе) тиісінше орындамау фактілері анықталатын болса, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген құзыретке сәйкес жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органның лауазымды адамы бұзушылыққа жол берген бақылау субъектісін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа тарту жөнінде шаралар қолданады.";

      12) 22-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "22-бап. Қазақстан Республикасының жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық

      Қазақстан Республикасының жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келеді.".

      8. "Мемлекеттік құпиялар туралы" 1999 жылғы 15 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 4, 102-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; 2002 ж., № 15, 147-құжат; 2004 ж., № 6, 41-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 9, 67-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 24, 122, 128-құжаттар; 2010 ж., № 3-4, 11-құжат; № 7, 32-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 8, 63-құжат; 2013 ж., № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 22-I, 141-құжат; № 22-V, 156-құжат; 2016 ж., № 1, 2-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 19, 62-құжат; 2019 ж., № 24-I, 119-құжат):

      12-баптың 30) тармақшасындағы "өнімге арналған құжаттаманың", "құжаттаманың" деген сөздер тиісінше "өнімдерге арналған техникалық құжаттаманың", "техникалық құжаттаманың" деген сөздермен ауыстырылсын.

      9. "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы" 2005 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 1-2, 1-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; № 10, 48-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 5, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 5, 41-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 19-II, 104-құжат; № 22-I, 140-құжат; 2017 ж., № 11, 29-құжат; № 13, 45-құжат; № 16, 56-құжат; 2018 ж., № 15, 47-құжат; 2019 ж., № 5-6, 27-құжат; № 24-І, 119-құжат):

      1) 5-баптың 2-тармағының 3) тармақшасындағы ", сондай-ақ мемлекеттің жұмылдыру жоспарын" деген сөздер алып тасталсын;

      2) 7-баптың бірінші бөлігінің 14) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "14) жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңіне және соғыс уақытында Қазақстан Республикасының аумағындағы әскери-көліктік міндеттілік қағидаларын бекітеді;".

      10. "Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 17, 133-құжат; 2009 ж., № 18, 86-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 16-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-ІV, 113-құжат; № 22-VІІ, 161-құжат; 2016 ж., № 8-ІІ, 70-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 19, 62-құжат; 2019 ж., № 19-20, 86-құжат):

      12-баптың 4-тармағының 4) тармақшасы "белгіленген" деген сөздің алдынан "мемлекеттік материалдық резервте сақтауда тұрған және броньнан шығару тәртібімен кәдеге жаратуға жататын тамақ өнімдерін қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын.

      11. "Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 7, 36-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-II, 103, 104-құжаттар; № 20-I, 111-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 23-I, 169-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-II, 53, 56-құжаттар; 2017 ж., № 11, 29-құжат; № 23-V, 113-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 19, 62-құжат; № 23, 91-құжат; № 24, 93, 94-құжаттар; 2019 ж., № 5-6, 27-құжат; № 21-22, 90-құжат; № 23, 103-құжат):

      1) 1-баптың 22) тармақшасындағы "кәдеге жарату (жою)" деген сөздер "кәдеге жарату немесе жою" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 11-бапта:

      23) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "23) мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын есептен шығару, жою, кәдеге жарату және кәдеге жаратылған тауарларды өткізу қағидаларын бекітеді;";

      42) тармақша "шығару" деген сөзден кейін ", басқа мемлекеттік органдардың балансына беру, кәдеге жарату" деген сөздермен толықтырылсын;

      44) тармақша алып тасталсын;

      3) 12-баптың 1-тармағында:

      27) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "27) облыстардың, қалалардың, аудандардың азаматтық қорғаныс жоспарларын әзірлейді және оларды тиісті азаматтық қорғаныс бастықтарына бекітуге ұсынады;";

      мынадай мазмұндағы 27-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "27-1) Қазақстан Республикасы қорғаныс жоспарының құрамдас бөлігі болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтық қорғаныс жоспарын әзірлейді және оны Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ұсынады;";

      4) 12-1-бапта:

      11) тармақша "мемлекеттік" деген сөздің алдынан "жұмылдыру резервінің дәрілік заттары мен медициналық бұйымдарын қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;

      12) тармақшадағы "тәртібінде" деген сөз ", кәдеге жарату тәртібімен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 19-баптың 9-тармағында:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Қазақстан Республикасының азаматтық қорғаныс жоспарын қоспағанда, тиісті деңгейдегі азаматтық қорғаныс жоспарын бекітуге;";

      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-1) жұмылдыру жарияланған, соғыс жағдайы енгізілген кезде және соғыс уақытында тиісті деңгейдегі азаматтық қорғаныс жоспарын қолданысқа енгізуге;";

      6) 89-баптағы "мемлекеттік резерв саласындағы уәкілетті орган" деген сөздер "мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7) 92-бапта:

      2-тармақтағы "Мемлекеттік резерв" деген сөздер "Осы Заңның 96-1-бабының 2-тармағында көзделген ережені қоспағанда, мемлекеттік материалдық резерв" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:

      "3-1. Мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік резервке берілетін және онда сақтауда тұрған материалдық құндылықтарға Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігіне зерттеулер (сынақтар) жүргізуді ұйымдастырады.

      Тамақ өнімдеріне зерттеулер (сынақтар) жүргізуді халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік ұйымдар жүзеге асырады.

      Мемлекеттік резервтің өзге материалдық құндылықтарына зерттеулер (сынақтар) жүргізуді аккредиттелген сынақ зертханалары жүзеге асырады.

      Материалдық құндылықтарды зерттеулерді (сынақтарды) қаржыландыру бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.";

      4-тармақтағы "Мемлекеттік" деген сөз "Жұмылдыру резервінің дәрілік заттары мен медициналық бұйымдарын қоспағанда, мемлекеттік" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8) 93-бапта:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Мемлекеттік резерв жүйесінің ведомстволық бағынысты ұйымдары, мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарын сақтау пункттерi және жұмылдыру тапсырыстары белгіленген ұйымдар мемлекеттiк резервтiң сақтауға берiлген материалдық құндылықтарының сапасы мен саны жағынан сақталуына жауапты болады.";

      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

      "2-1. Мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пункттеріне қойылатын өлшемшарттар мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарымен операциялар жүргізу қағидаларында айқындалады.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарын сақтауды жүзеге асыратын ұйымдардың тізбесі, осы құндылықтардың атауы мен оларды сақтау көлемі мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарының номенклатурасына және сақтау көлемдерінде айқындалады.";

      6-тармақтағы "мемлекеттік резерв саласындағы уәкілетті орган" деген сөздер "мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9) 94-бапта:

      7-тармақтағы "мемлекеттік резерв саласындағы уәкілетті орган" деген сөздер "мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

      10-тармақтағы "мемлекеттік резерв саласындағы уәкілетті органда" деген сөздер "мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органда" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 10-1 және 10-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "10-1. Мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пункттері мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарының номенклатурасына және сақтау көлемдеріне сәйкес материалдық құндылықтарды мемлекеттік резервке кейіннен сала отырып, шарттық негiзде мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарын жаңартуды жүзеге асырады.

      10-2. Мемлекеттік резервтің жаңартуға жататын материалдық құндылықтарын және номенклатура өзгерген кезде броньнан шығарылған материалдық құндылықтарды басқа мемлекеттік органдардың балансына беру алушы мемлекеттік органдармен және мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органның шешімімен өтеусіз негізде жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік резервтің жаңартуға жататын материалдық құндылықтарын және номенклатура өзгерген кезде броньнан шығарылған материалдық құндылықтарды басқа мемлекеттік органдардың балансына беру тәртібі мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарымен операциялар жүргізу қағидаларында айқындалады.";

      11-тармақтағы "кәдеге жаратылған (жойылған)" деген сөздер "кәдеге жаратылған немесе жойылған" деген сөздермен ауыстырылсын;

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Материалдық құндылықтарды мемлекеттiк резервтен шығарған кезде оларды өткізуден алынған қаражат мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті орган шарттың толық орындалғаны туралы растауды алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде бюджет есебіне жатқызылуға жатады.";

      10) мынадай мазмұндағы 94-1-баппен толықтырылсын:

      "94-1-бап. Мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын кәдеге жарату

      1. Мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын кәдеге жарату туралы шешімді мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті орган қабылдайды.

      2. Мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын кәдеге жарату Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      3. Кәдеге жаратылған тауарларды мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын есептен шығару, жою, кәдеге жарату және кәдеге жаратылған тауарларды өткізу қағидаларына сәйкес өткізуге тиіс.";

      11) 96-баптың 3-тармағының бірінші бөлігіндегі "Мемлекеттік резерв саласындағы уәкілетті орган" деген сөздер "Мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

      12) мынадай мазмұндағы 96-1-баппен толықтырылсын:

      "96-1 бап. Жұмылдыру резервінің дәрілік заттары мен медициналық бұйымдарын беру, сақтау және шығару ерекшеліктері

      1. Жұмылдыру резервінің дәрілік заттары мен медициналық бұйымдарын беруге, сақтауға және шығаруға осы бапта белгіленген ерекшеліктермен бірге осы Заңның ережелері қолданылады.

      2. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган жұмылдыру резервінің дәрілік заттары мен медициналық бұйымдарын беру, сақтау және жаңарту мен номенклатура өзгерген жағдайларда броньнан шығару тәртiбiмен оларды шығару бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алуға тапсырыс беруші ретінде әрекет етеді.

      3. Жұмылдыру резервінің дәрілік заттары мен медициналық бұйымдарын беруді, сақтауды және жаңарту мен номенклатура өзгерген жағдайларда броньнан шығару тәртiбiмен оларды шығаруды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын бірыңғай дистрибьютор жүзеге асырады.

      4. Жұмылдыру резервінің дәрілік заттары мен медициналық бұйымдарын беру, сақтау және шығару тәртібі мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарымен операциялар жүргізу қағидаларында айқындалады.";

      13) 99-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "99-бап. Мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын есепке алу

      1. Мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын есепке алуды мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырады.

      2. Мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтары зерттеулер (сынақтар) жүргізілген кезде және табиғи кему нормалары шегінде жетіспеген кезде есептен шығарылады.".

      2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ