"Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2024 жылғы 8 тамыздағы № 269 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 8 тамызда № 34909 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21366 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1-тармақта:

      17) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "17) осы бұйрыққа 17-қосымшаға сәйкес "Республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқықтар алу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;";

      мынадай мазмұндағы 18), 19), 20) және 21) тармақшалармен толықтырылсын:

      "18) осы бұйрыққа 18-қосымшаға сәйкес "Жер учаскесінің кадастрлық ісінен құжаттардың көшірмелерін ұсыну" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;

      19) осы бұйрыққа 19-қосымшаға сәйкес "Әкімшілік-аумақтық бірліктердің жобаланатын шекараларын жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры ақпараттық жүйесінің графикалық деректерімен келісу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;

      20) осы бұйрыққа 20-қосымшаға сәйкес "Жер учаскесіне жалдау шартының телнұсқасын беру туралы" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;

      21) осы бұйрыққа 21-қосымшаға сәйкес "Ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттар үшін ауыл шаруашылығы алқаптарын алып қою кезінде ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын айқындау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары.";

      7-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      10-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      осы бұйрыққа 3, 4, 5 және 6-қосымшаларға сәйкес 18, 19, 20 және 21-қосымшалармен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қаамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
А. Сапаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму,

      инновациялық және аэроғарыш

      өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
2024 жылғы 8 тамыздағы
№ 269 бұйрығына
1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2020 жылғы 1 қазандағы
№ 301 бұйрығына
7-қосымша

"Жер учаскесінің сапалық жай-күйі туралы мәліметтер беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Жер учаскесінің сапалық жай-күйі туралы мәліметтер беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Жер учаскесінің сапалық жай-күйі туралы мәліметтер беру" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) жер учаскесі – осы Қазақстан Республикасының Жер кодексінде белгіленген тәртіппен жер қатынастары субъектілеріне бекітіліп берілетін, тұйық шекара ішінде бөлінген жер бөлігі;

      2) жер учаскесіне сәйкестендіру құжаты – жер, құқықтық және қала құрылысы кадастрларын жүргізу мақсаттары үшін қажетті жер учаскесінің сәйкестендіру сипаттамаларын қамтитын құжат.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің "Мемлекеттік жерлерді зерттеп-қарау жөніндегі жұмыстарды жүргізу институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке немесе заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.

      "Жер учаскесінің сапалық жай-күйі туралы мәліметтер беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген.

      4. Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесінің сапалық жай-күйі туралы мәліметтерді беру туралы өтінішті және Тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдау көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.

      5. Жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не жылжымайтын мүлікке меншік құқығын растайтын дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы, жер учаскесіне құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттары туралы, мемлекеттік қызметті көрсету үшін ақы төлеу туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден талап етеді.

      Көрсетілетін қызметті беруші цифрлық құжаттарды порталда тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы бір реттік құпиясөзді беру арқылы немесе портал хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда, іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен алады.

      6. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе жұмыскері Тізбеде көрсетілген құжаттарды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті алушыдан қабылданған құжаттарды көрсетілетін қызметті орындауға жауапты өндірістік құрылымдық бөлімшеге (бұдан әрі – ҚБ) құжаттарды қабылдаған күні береді.

      7. ҚБ басшысы 30 (отыз) минут ішінде құжаттардың мазмұнымен танысады және мемлекеттік көрсетілетін қызметті орындауға жауапты жұмыскерді белгілейді.

      8. ҚБ жұмыскері құжаттарды тіркеген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде:

      мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыстығын тексереді;

      жер учаскесінің сапалық жай-күйі туралы мәліметтерді тексереді;

      мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болмаған кезде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесінің сапалық жай-күйі туралы мәліметтерді дайындайды және тексеру және қол қою үшін ҚБ басшысына жібереді.

      9. ҚБ басшысы жер учаскесінің сапалық жай-күйі туралы мәліметтерді тексереді және қол қояды және оны ҚБ жұмыскеріне береді.

      10. Көрсетілетін қызметті берушінің ҚБ жұмыскері 2 (екі) сағат ішінде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне ұсынады;

      11. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарлама жіберіледі, онда көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдалым өткізу уақыты мен орны (тәсілі) көрсетіледі.

      Тыңдалым туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі. Тыңдалым хабарлама жасалған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Тыңдалым нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші жер учаскесінің сапалық жай-күйі туралы не мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту туралы мәліметтерді ұсыну туралы шешім қабылдайды.

      12. Көрсетілетін қызметті алушыға дайын құжаттарды беру жеке куәлікті не цифрлық құжаттар сервисінен (сәйкестендіру үшін) электрондық құжатты (не өкілеттігін растайтын құжат бойынша оның өкіліне) ұсынған кезде қолхат негізінде жүзеге асырылады.

      13. Көрсетілетін қызметті беруші Тізбенің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.

      14. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректердің енгізілуін қамтамасыз етеді.

      15. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі осы Қағидалар бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторына, көрсетілетін қызметті берушіге және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.

3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      16. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.

      Шағым Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 91-бабына сәйкес келіп түскен жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші оны келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды қарайтын органға жібереді. Көрсетілетін қызметті беруші шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын қолайлы акт қабылданған, әкімшілік іс-әрекет жасалған жағдайда, шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді.

      17. Көрсетілетін қызметті алушының шағымын Заңның 25-бабының 2- тармағына сәйкес:

      көрсетілетін қызметті беруші , ведомство – тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

      мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауы тиіс.

      Көрсетілетін қызметті берушінің, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес:

      1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;

      2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.

      Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, шағымды қарау мерзімі ұзартылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды қарау өкілеттігі берілген лауазымды адам, шағымды берген көрсетілетін қызметті алушыға шағымды қарау мерзімі ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағымды қағаз жеткізгіште берген кезде) немесе электрондық нұсқада (шағымды электрондық түрде берген кезде) ұзарту себебін көрсете отырып хабарлайды.

      18. Егер заңда өзгеше көзделмесе, ҚР ӘРПК 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.

  "Жер учаскесінің сапалық жай-
күйі туралы мәліметтер беру"
мемлекеттік қызметін көрсету
қағидаларына
1-қосымша

"Жер учаскесінің сапалық жай-күйі туралы мәліметтер беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі


Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің "Мемлекеттік жерлерді зерттеп-қарау жөніндегі жұмыстарды жүргізу институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші)

2

Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері

Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

5 (бес) жұмыс күні ішінде

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Қағаз түрінде

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Жер учаскесінің сапалық жай-күйі туралы мәліметтер не мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің құны Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 152-бабы 3-тармағына сәйкес жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын мөлшерде есептеледі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің құнын төлеу екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол ақшамен және қолма-қол ақшасыз түрде жүзеге асырылады.

7

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

Көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, жұмыс графигіне сәйкес дүйсенбіден бастап жұмаға дейін сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 21336 болып тіркелген) бекітілген "Жер учаскесінің сапалық жай-күйі туралы мәліметтер беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесінің сапалық жай-күйі туралы мәліметтер беру туралы өтініш;
2) жеке куәлік не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін).
Өкіл жүгінген жағдайда – өкілдің жеке басын куәландыратын құжат, көрсетілетін қызметті алушыдан сенімхаттың немесе көрсетілетін қызметті алушы өкілінің өкілеттігін куәландыратын құжаттың көшірмесі не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) жер учаскесінің орналасу схемасының көшірмесі;
4) көрсетілетін қызметке ақы төлеу туралы төлем құжатының (түбіртектің) көшірмесі;
5) сұратылып отырған жер учаскесіне сәйкестендіру құжатының көшірмесі.
Жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не жылжымайтын мүлікке меншік құқығын растайтын дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы, жер учаскесіне құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттары туралы, мемлекеттік қызметті көрсету үшін ақы төлеу туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден талап етеді.

9

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректер мен мәліметтердің Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге ұсынылатын келісімінің болмауы.

10

Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де талаптар

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті тікелей көрсетілетін қызметті беруші арқылы алу жер учаскесінің орналасқан жері бойынша жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық Кодексі) 379-бабы 3-тармағына сәйкес орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер актісіне қол қояды.
Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары порталда көрсетілген. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.
Цифрлық құжаттар қызметі мобильді қосымшада авторландырылған пайдаланушылар үшін қолжетімді.
Цифрлық құжатты пайдалану үшін электрондық цифрлық қолтаңбаны немесе бір реттік құпиясөзді пайдалана отырып, мобильді қосымшада авторландырудан өту, бұдан әрі "цифрлық құжаттар" бөліміне өту және қажетті құжатты таңдау қажет.

  "Жер учаскесінің сапалық жай-
күйі туралы мәліметтер беру"
мемлекеттік қызметін көрсету
қағидаларына
2-қосымша
  Нысан
  ________________________
басшысына (ұйымның атауы)
____________________________
(жеке тұлғаның аты, әкесінің
аты (бар болса), тегі
____________________________
не заңды тұлғаның толық атауы)
____________________________
(жеке сәйкестендіру нөмірі не
бизнес-сәйкестендіру нөмірі)
____________________________
(жеке тұлғаның немесе заңды
тұлға өкілінің жеке басын
куәландыратын құжаттың
деректемелері,
____________________________
байланыс телефоны (бар болса),
мекенжайы
____________________________
орналасқан жері
(заңды тұлғалар үшін) не
__________________________
тіркеу мекенжайы
(жеке тұлғалар үшін))

Жер учаскесінің сапалы жай-күйі туралы мәліметтерді беру туралы өтініш

      _____________________________________________________________________

      (жер учаскесінің мекенжайы (орналасқан жері))

      мекенжайы бойынша орналасқан алаңы _____ гектар жер учаскесінің сапалық жай-күйі

      туралы мәліметтер беруіңізді сұраймын.

      Жер учаскесінің кадастрлық нөмірі (бар болса)

      ______________________________________________________

      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару

      комитетінің "Мемлекеттік жерлерді зерттеп-қарау жөніндегі жұмыстарды жүргізу

      институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік

      кәсіпорнына (бизнес-сәйкестендіру нөмірі 231140024109) дербес деректерімді және

      "Жер учаскесінің сапалық жай-күйі туралы мәліметтер беру" мемлекеттік қызметін алу

      үшін қажетті заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді жинауға және

      өңдеуге, оның ішінде үшінші тұлғаларға беруге келісім беремін.

      Дербес деректердің трансшекаралық берілуінің жоқтығы туралы, сондай-ақ жалпыға

      қолжетімді көздерде дербес деректердің таралуының жоқтығы туралы хабарлаймыз.

      Жиналатын деректер тізбесі: жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, заңды

      тұлғаның атауы, жеке сәйкестендіру нөмірі, бизнес сәйкестендіру нөмірі, электрондық

      почтасы, телефон нөмірі.

      Мемлекеттік қызметті алушы

      ___________________________________________________________________

      (жеке тұлғаның не заңды тұлғаның уәкілетті өкілінің аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы)

      20__ жылғы "____"__________

  "Жер учаскесінің сапалық жай-
күйі туралы мәліметтер беру"
мемлекеттік қызметін көрсету
қағидаларына
3-қосымша

      Нысан

Жер учаскесінің сапалық жай-күйі туралы мәліметтер

      1. Өтініш беруші _______________________________________________

      (жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі немесе

      _____________________________________________________________________

      заңды тұлғаның атауы)

      _____________________________________________________________________

      2. Жер учаскесінің кадастрлық нөмірі

      _____________________________________________________________________

      3. Жер учаскесінің нысаналы мақсаты

      _____________________________________________________________________

      4. Жер учаскесінің орналасқан жері

      _____________________________________________________________________

      5. Жер учаскесінің алаңы

      _____________________________________________________________________

Р/с №

Алқап түрлері (бар болса)

Республикалық жүйелік тізім бойынша топырақ шифры

Алаңы

Топырақтың бонитет балы

Жарамдылық санаты және жерлер сыныбы

Топырақтың мелиорациялық, мәдени-техникалық жай-күйі

1

2

3

4

5

6

7

1

Егістік






1.1

Оның ішінде суармалы егістік







Жиыны орташа өлшенген бонитет балы






2

Жайылым






2.1

Оның ішінде түбегейлі жақсартылған жайылым







Жиыны орташа өлшенген бонитет балы






3

Шабындық






3.1

Оның ішінде түбегелі жақсартылған шабындық







Жиыны орташа өлшенген бонитет балы






4

Тыңайған жерлер






4.1

Оның ішінде суармалы тыңайған жерлер







Жиыны орташа өлшенген бонитет балы






5

Көпжылдық екпелер






5.1

Оның ішінде суармалы көпжылдық екпелер







Жиыны орташа өлшенген бонитет балы






6

Басқа да алқаптар







Жиыны





      6. Жер учаскесі бойынша орташа өлшенген бонитет балы

      __________________________________________________________________

      Табиғи аймаққа тиесілілігі: _____________________________

      Мәліметтерді жинақтаған: _____________________________

      _________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________

      (ұйымның атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

      20___ жылғы " " ______________

  "Жер учаскесінің сапалық жай-
күйі туралы мәліметтер беру"
мемлекеттік қызметін көрсету
қағидаларына
4-қосымша

      Нысан

Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарлама

      Құрметті____________________________

      Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің

      73-бабының 1-тармағына сәйкес осы хабарламамен Сізге "Жер учаскесінің

      сапалық жай-күйі туралы мәліметтер беру" мемлекеттік қызметін көрсетуден бас

      тартылғаны туралы хабарлаймыз, өйткені:

      _____________________________________________________________________

      (бас тарту себептерін санамалау)

      Бас тарту мәселесі бойынша тыңдалым осы хабарлама жіберілген күннен

      бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кейін жүзеге асырылады, онда Сіз осы шешім

      бойынша өз ұстанымыңызды білдіре аласыз (қажеттісін жазыңыз):

      _____________________________________________________________________

      (тыңдалым өткізу күні мен уақыты, тыңдалым өткізу орны (тәсілі): мекенжайы

      бойынша ғимаратта:/бейнеконференцбайланыс/өзге де коммуникация құралдары арқылы)

      Көрсетілетін қызметті беруші ________________________________________________

      (басшының қолы/электрондық цифрлық қолтаңбасы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      20____ жылғы "___"

  Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
2024 жылғы 8 тамыздағы
№ 269 бұйрығына
2-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2020 жылғы 1 қазандағы
№ 301 бұйрығына
10-қосымша

"Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;

      2) жерге орналастыру жобасы – жер учаскесінің схемасы (жоспары), жер учаскесінің алаңы, оның шекаралары мен орналасқан жері туралы мәліметтер, жер учаскелерінің аралас меншік иелері мен жер пайдаланушылар туралы және жер учаскелеріне ауыртпалықтар мен сервитуттар туралы мәліметтер;

      3) жергілікті атқарушы органдардың шешімдері – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің жер учаскесіне құқық беру туралы құқықтық актілері;

      4) жер комиссиясы – өтініштерді (өтінімдерді) қарау және жер учаскелеріне құқықтар беру туралы (шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру жөніндегі конкурстың жеңімпазын айқындау туралы), жер учаскелерінің (елді мекен жерлерін қоспағанда) нысаналы мақсатын өзгерту туралы және су қорының жерлерін басқа санаттағы жерлерге ауыстыру туралы қорытындылар дайындауға арналған облыстың, республикалық маңызы бар қаланың (оның әкімшілік бағынысына берілген аумақтағы) және ауданның жергілікті атқарушы органының жанындағы алқалы орган;

      5) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі;

      6) жер учаскесі – Қазақстан Республикасының Жер кодексінде (бұдан әрі – Жер кодексі) белгіленген тәртіппен жер қатынастары субъектілеріне бекітіліп берілетін, тұйық шекараларда бөлінген жер бөлігі;

      7) "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесін білдіретін ақпараттық жүйе;

      8) "электрондық үкіметтің" веб-порталындағы пайдаланушының кабинеті (бұдан әрі – жеке кабинет) – "электрондық үкіметтің" веб-порталының жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік органдармен электрондық түрде қызметтер көрсету мәселелері, көрсетілген тұлғалардың өтініштерін қарайтын субъектілерге жүгіну, сондай-ақ дербес деректерді пайдалану мәселелері бойынша ресми ақпараттық өзара іс-қимылға арналған құрамдасы;

      9) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдар жиынтығы.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, облыстық маңызы бар қалалардың (оның әкімшілік бағынысына берілген аумақтағы), аудандардың жергілікті атқарушы органдары және кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке немесе заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.

      "Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген.

      4. Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауда-саттықты (аукциондарды) талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды алу туралы өтінішті және Тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру Мемлекеттік корпорация арқылы не портал арқылы жүзеге асырылады.

      5. Жеке басты куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде жылжымайтын мүлікке меншік құқығын растайтын қызметтің басталуы туралы, жер учаскесіне құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттары туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден талап етеді.

      Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттарды порталда тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы бір реттік құпиясөзді беру арқылы немесе портал хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда, іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен алады.

      Көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе және мемлекеттік қызмет көрсету күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      6. Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызмет екі кезеңде көрсетіледі.

      Бірінші кезең: сұралып отырған жер учаскесін аумақты аймақтарға бөлуге сәйкес мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындау, жер учаскесін алдын ала таңдау (елді мекен шегінде объектілер салуды қоспағанда, объектілер салу үшін жер учаскесін сұраған кезде), жер комиссиясының қорытындысын дайындау – 12 (он екі) жұмыс күні ішінде:

      1) операциялық залдың жұмыскері (операторы) құжаттарды қабылдаған күні 30 (отыз) минут ішінде Тізбеде көрсетілген құжаттарды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады;

      Көрсетілетін қызметті алушы Тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның операциялық залының жұмыскері (оператор) өтінішті қабылдаудан бас тартады.

      2) құжаттар толық болған жағдайда операциялық залдың жұмыскері (операторы) құжаттар келіп түскен күні 2 (екі) сағат ішінде көрсетілетін қызметті алушыдан қабылданған құжаттарды курьер арқылы көрсетілетін қызметті берушіге береді;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы не оны алмастыратын адам 1 (бір) жұмыс күні ішінде құжаттарды қарайды және құзыреті шегінде аумақты аймақтарға бөлуге сәйкес мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша сұралып отырған жер учаскесінің пайдалану мүмкіндігін айқындау үшін жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органға және сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органға орындауға жібереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы осы Жер кодексінің 92 және 93-баптарына сәйкес заңды күшіне енген сот шешімінің негізінде жер учаскелері мәжбүрлеп алып қойылған адамдардың тізілімінде тұрған жағдайда, жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның қызметкері 1 (бір) жұмыс күні ішінде уәжді бас тартуды дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы көрсетілетін қызметті алушыға жолдайды;

      4) жер қатынастары жөніндегі және сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органдар өтініш келіп түскен күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде сұралып отырған жер учаскесін аумақты аймақтарға бөлуге сәйкес мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындайды және материалдарды жер комиссиясына енгізеді;

      5) жер комиссиясының қорытындысы жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган жер комиссиясына сұралып отырған жер учаскесін аумақты аймақтарға бөлуге сәйкес мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігі туралы ұсынысты берген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде хаттамалық шешім нысанында үш данада жасалады;

      6) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның жұмыскері 1 (бір) жұмыс күні ішінде жер комиссиясы қорытындысының бір данасын көрсетілетін қызметті алушыға жібереді:

      Жер комиссиясының оң қорытындысы болған жағдайда – жерге орналастыру жобасын дайындау үшін көрсетілетін қызметті алушыға жолдайды, жер комиссиясының теріс қорытындысы болған жағдайда – жер комиссиясының хаттамалық шешіміне шағымдану мерзімі өткеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тартуды дайындайды және көрсетілетін қызметті алушыға жолдайды.

      Кенттің, ауылдың, ауылдық округтердің әкімдері шешім (өкім) қабылдаған жағдайда, жер комиссиясының қорытындысы көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жіберіледі.

      Екінші кезең: жер учаскесіне құқық беру туралы шешім қабылдау және бекітілген жерге орналастыру жобасы келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде сатып алу-сату немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын жасасу:

      7) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның қызметкері бекітілген жерге орналастыру жобасы келіп түскен күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде және мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болмаған кезде жер учаскесіне құқық беру туралы шешімнің және сатып алу-сату не уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартының жобасын дайындауды және келісуді қамтамасыз етеді;

      8) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде жер учаскесіне құқық беру туралы шешімге және сатып алу-сату не уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартына қол қояды;

      9) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері қол қойылған күннен бастап мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін курьер арқылы жібереді;

      10) көрсетілетін қызметті алушыға дайын құжаттарды беру Мемлекеттік корпорацияның жұмыс графигіне сәйкес оның немесе Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес берілген, өкілдің тиісті өкілеттілігі көрсетілген құжаттың негізінде әрекет ететін оның өкілінің жеке басын куәландыратын құжаттар не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін) не ұсынылған кезде жүзеге асырылады.

      7. Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызмет екі кезеңде көрсетіледі.

      Бірінші кезең: сұралып отырған жер учаскесін аумақтық аймақтарға бөлуге сәйкес мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындау, жер учаскесін алдын ала таңдау (елді мекен шегінде объектілер салуды қоспағанда, объектілер салу үшін жер учаскесін сұраған кезде), 12 (он екі) жұмыс күні ішінде жер комиссиясының қорытындысын дайындау:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды қабылдайды және оларды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына не оны алмастыратын адамға береді;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы не оны алмастыратын адам 1 (бір) жұмыс күні ішінде аумақты аймақтарға бөлуге сәйкес мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша сұралып отырған жер учаскесін пайдалану мүмкіндігін айқындау үшін құзыреті шегінде құжаттарды қарайды және жер қатынастары жөніндегі және сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органдарға орындауға жібереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы Тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолдану мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушы Жер кодексінің 92 және 93-баптарына сәйкес заңды күшіне енген сот шешімінің негізінде жер учаскелері мәжбүрлеп алынып қойылған адамдар тізілімінде тұрса, онда жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның қызметкері 1 (бір) жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан уәжді бас тартуды дайындайды және жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган басшысының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанындағы хабарламаны жеке кабинетке жолдайды.

      3) жер қатынастары жөніндегі және сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органдар өтініш келіп түскен күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде сұралып отырған жер учаскесін аумақты аймақтарға бөлуге сәйкес мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындайды және материалдарды жер комиссиясына енгізеді;

      4) жер комиссиясының қорытындысы жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган жер комиссиясына сұралып отырған жер учаскесін аумақты аймақтарға бөлуге сәйкес мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігі туралы ұсынысты берген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде хаттамалық шешім нысанында үш данада жасалады;

      5) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның жұмыскері 1 (бір) жұмыс күні ішінде жер комиссиясы қорытындысының бір данасын көрсетілетін қызметті алушыға жібереді:

      Жер комиссиясының оң қорытындысы болған жағдайда – жерге орналастыру жобасын дайындау үшін көрсетілетін қызметті алушыға жолдайды, жер комиссиясының теріс қорытындысы болған жағдайда – мемлекеттік қызметті көрсетуде жер комиссиясының хаттамалық шешіміне шағымдану мерзімі өткеннен кейін үш жұмыс күні ішінде уәжді бас тартуды дайындайды және көрсетілетін қызметті алушыға жолдайды.

      Кенттің, ауылдың, ауылдық округтердің әкімдері шешім қабылдаған жағдайда, жер комиссиясының қорытындысы көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жіберіледі.

      Екінші кезең: бекітілген жерге орналастыру жобасы келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде – жер учаскесіне құқық беру туралы шешім қабылдау және сатып алу-сату немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын жасасу:

      6) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның жұмыскері бекітілген жерге орналастыру жобасы келіп түскен күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде және мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болмаған кезде жер учаскесіне құқық беру туралы шешімнің және сатып алу-сату не уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартының жобасын дайындауды және келісуді қамтамасыз етеді;

      Пайдалы қазбаларды өндіру, жер қойнауы кеңістігін пайдалану бойынша операцияларды жүргізу үшін қажетті инженерлік, көліктік және өзге де инфрақұрылымды салу және (немесе) орналастыру үшін жерлер беруді жер учаскесінің орналасқан жері бойынша жергілікті атқарушы орган жүзеге асырады;

      7) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде жер учаскесіне құқық беру туралы шешімге және сатып алу-сату не уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартына қол қояды;

      8) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері қол қойылған күннен бастап мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін портал арқылы көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жібереді.

      8. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарлама жіберіледі, онда көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдалым өткізудің уақыты мен орны (тәсілі) көрсетіледі.

      Тыңдалым өткізу туралы хабарлама мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі. Тыңдалым хабарлама жіберілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей өткізіледі.

      Тыңдалым нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші жер учаскесіне құқық беру туралы шешім қабылдайды және сатып алу-сату немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын жасасады не мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      Тыңдалым нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамның ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі не Мемлекеттік корпорация арқылы беріледі.

      9. Көрсетілетін қызметті беруші Тізбенің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.

      10. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректердің енгізілуін қамтамасыз етеді.

      11. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі осы Қағидалар бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторына, көрсетілетін қызметті берушіге және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.

      12. Ақпараттық жүйе істен шыққан кезде көрсетілетін қызметті беруші ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға жауапты көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің жұмыскерін дереу хабардар етеді.

      Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға жауапты жұмыскер техникалық проблема туралы хаттама жасайды және оған көрсетілетін қызметті беруші қол қояды.

3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      13. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.

      Шағым Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 91-бабына сәйкес келіп түскен жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші оны келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды қарайтын органға жібереді. Көрсетілетін қызметті беруші 3 (үш) жұмыс күні ішінде қолайлы акт қабылданған, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік іс-әрекет жасалған жағдайда шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік органға және (немесе) лауазымды адамға) шағымды жібермейді.

      14. Көрсетілетін қызметті алушының шағымын Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес:

      көрсетілетін қызметті беруші – тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

      мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – ол тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауы тиіс.

      Көрсетілетін қызметті берушінің, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес:

      1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;

      2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.

      Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, шағымды қарау өкілеттігі берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды берген көрсетілетін қызметті алушыға ұзарту себебін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағымды қағаз жеткізгіште берген кезде) немесе электрондық нысанда (шағымды электрондық түрде берген кезде) хабарлайды.

      15. Егер заңда өзгеше көзделмесе, ҚР ӘРПК 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.

  "Сауда-саттықты
(аукциондарды) өткізуді талап
етпейтін мемлекет меншігіндегі
жер учаскелеріне құқықтарды
алу" мемлекеттік қызметін
көрсету қағидаларына
1-қосымша

"Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу" мемлекеттік көрсетілетін қызметіне қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Облыстардың, облыстық маңызы бар қалалардың (оның әкімшілік бағынысына берілген аумақтағы), аудандардың жергілікті атқарушы органдары және кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері

2

Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері

"Электрондық үкіметтің" веб-порталы және "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы.

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

Бірінші кезең: сұралып отырған жер учаскесін аумақты аймақтарға бөлуге сәйкес мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындау, жер учаскесін алдын ала таңдау, жер комиссиясының қорытындысын дайындау – 12 (он екі) жұмыс күні ішінде;
Екінші кезең: жер учаскесіне құқық беру туралы шешім қабылдау және сатып алу-сату шартын немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын жасасу – бекітілген жерге орналастыру жобасы келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету түрі

электрондық (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде.

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Жер учаскесіне құқық беру туралы шешім және сатып алу-сату не уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын жасасу не мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту.

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін

7

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы – дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, Мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсететін кезекші бөлімдері Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мерекелік күндерден басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін, және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін;
2) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);
3) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, жұмыс графигіне сәйкес дүйсенбіден бастап жұмаға дейін сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.gov.kz интернет-ресурсында;
2) көрсетілетін қызметті берушінің www.gov4c.kz интернет-ресурсында
3) порталда орналастырылған.

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

бірінші кезең: әуеайлақ маңындағы аумақта орналасқан жер учаскесі берілген жағдайда: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 12 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген Әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін қызметті жүзеге асыруға рұқсат беру қағидаларына сәйкес берілетін әуе кемелерінің ұші қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін қызметті жүзеге асыруға рұқсат.
1. Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 284-бабына сәйкес инвестициялық жобаларды іске асыру үшін:
1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21366 болып тіркелген) бекітілген "Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды алу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтар алуға арналған өтініш;
2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары);
3) жер учаскелерін мемлекеттік меншіктен беру үшін инвестициялық жобаны айқындау туралы шешім.
2. Өздеріне меншік құқығымен және (немесе) өзге де заттық құқықтармен тиесілі ғимараттарды (құрылыстарды, құрылысжайларды) пайдалану және күтіп-ұстау үшін, оның ішінде іргелес аумақтағы ғимараттарды (құрылыстарды, құрылысжайларды) кеңейту және реконструкциялау үшін Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген сәулет-қала құрылысы және (немесе) құрылыс құжаттамасына сәйкес:
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алуға өтініш;
2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары);
3. Қазақстан Республикасы Жер кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 71-бабына сәйкес құрылыс мақсаттары үшін олар бұрын іздестіру жұмыстарын жүргізген аумақта ғимараттар (құрылыстар, құрылысжайлар) және олардың инженерлік-коммуникациялық желілерін салу үшін, егер олар бұрын егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына сәйкес жоспарланған құрылыс үшінші тұлғаларға тиесілі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алған жағдайда:
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алуға өтініш;
2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары);
3) іздестіру жұмыстарын жүргізуге рұқсат.
4. Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен сәулет және қала құрылысы органдары инженерлік желілерге қосылуға арналған техникалық шарттармен және сәулет-жоспарлау тапсырмасымен бірге беретін трассалар схемаларына сәйкес оларға меншік және жер пайдалану құқығымен тиесілі, елді мекеннен тыс жерде орналасқан жер учаскелеріне инженерлік-коммуникациялық желілер мен жүйелерді салу үшін:
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алуға арналған өтініш;
2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары).
5. Кондоминиум объектісін пайдалану және күтіп-ұстау үшін кондоминиум қатысушылары:
1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алуға арналған өтініш;
2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары);
3) кондоминиум құру туралы хаттама;
4) кондоминиум объектісін пайдалану және күтіп ұстау туралы көппәтерлі тұрғын үйлер тұрғындарының жалпы жиналысының хаттамасы.
6. "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес жер қойнауын пайдалануға арналған лицензия немесе жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт негізінде жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшін, сондай-ақ пайдалы қазбаларды өндіру, жер қойнауы кеңістігін пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін қажетті инженерлік, көліктік және өзге де инфрақұрылымды салу және (немесе) орналастыру үшін:
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алуға өтініш;
2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары);
3) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт;
4) жер учаскесін беру жоғары тұрған атқарушы органның құзыретіне кірген жағдайда – төмен тұрған жергілікті атқарушы органның жер учаскесіне құқық беру мүмкіндігі туралы шешімі.
7. Арнайы экономикалық аймақтың немесе республикалық немесе өңірлік маңызы бар индустриялық аймақтың қатысушысы, Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы заңнамасына сәйкес арнайы экономикалық аймақтың немесе индустриялық аймақтың басқарушы компаниясы:
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алуға өтініш;
2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары);
3) арнайы экономикалық аймақтың немесе индустриялық аймақтың қатысушысының мәртебесін растаушы құжат. 8. Жасанды құрылысжайлар салу үшін аумақтық сулар алып жатқан су қоры жерлерінің құрамынан:
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алуға өтініш;
2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары);
3) су шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау органдарының жер учаскесінің орналасқан жерінің координаттары бар қорытындылары;
9. Теміржол, автомобиль, теңіз және ішкі су, әуе, құбыр көлігінің мұқтаждықтары үшін, байланыс және энергетика мұқтаждары үшін, сондай-ақ мемлекеттік маңызы бар өзге де объектілерді салу үшін:
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алуға өтініш;
2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары);
3) теміржол, автомобиль, теңіз және ішкі су, әуе, құбыр көлігі және байланыс және энергетика уәкілетті органдарының келісуі.
10. Кодекстің 107-бабы 3-тармағының бесінші бөлігінің
8) тармақшасына сәйкес халықтың мұқтаждықтарын қанағаттандыруға арналған ортақ пайдаланылатын объектілер (су құбырлары, жылу трассалары, тазарту құрылысжайлары және басқа да инженерлік-коммуникациялық желілер мен жүйелер, қатты тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинауға арналған инфрақұрылым) үшін, сондай-ақ арнайы мақсаттағы объектілер үшін:
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алуға өтініш;
2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары);
3) коммуникациялардың өту схемасы.
11. Кодекстің 9-бабының 3-тармағына сәйкес жеке қосалқы шаруашылық, бақ өсіру, саяжай құрылысын жүргізу үшін:
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алуға өтініш;
2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары);
12. Жекеше орман өсіру үшін:
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алуға өтініш;
2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары);
3) орман өсіру жоспары мен жобасы.
13. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында көзделген объектілерді, мемлекеттік мүдделерді және қоғамдық маңызы бар мақсаттарға қол жеткізуді қамтамасыз ететін инвестициялық жобаларды салу үшін:
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауда-саттықты (ауциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алуға өтініш;
2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары);
3) жергілікті атқарушы органның жобаны инвестициялық жоба деп тану туралы шешімі.
14. Кодекстің 9-бабының 3-тармағына сәйкес отандық өнеркәсіп кәсіпорындары:
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алуға өтініш;
2) сұралып отырған жер учаскесінің сызбасы (жоспары).
15. Жекеше әріптестер мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын не концессионерлер концессиялық жобаларды іске асыру үшін:
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алуға өтініш;
2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары);
3) мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт немесе концессия шарты.
16. Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар инвестициялық және инновациялық жобаларды іске асыру үшін:
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алуға өтініш;
2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары);
3) әлеуметтік-кәсіпкерлік коорпорациялар орандарының олардың құзіретіне сәйкес инвестициялық және инновациялық жобаны іске асыру туралы шешімі.
17. Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды іске асыру үшін:
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алуға өтініш;
3) жергілікті атқарушы органның жобаны инвестициялық жоба деп тану туралы шешімі.
18. Кодекстің 101-бабының 3-тармағына сәйкес қатысушылар (мүшелер) құрамынан шыққан кезде шаруашылық серіктестігінің немесе өндірістік кооперативтің қатысушылары (мүшелері):
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алуға өтініш;
2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары);
3) қатысушылардың жалпы жиналысының құрамнан шығу туралы хаттамасы.
19. Қазақстан Республикасының инвестициялар саласындағы заңнамасына сәйкес жасалған келісімшарт негізінде мемлекеттік заттай гранттар ретінде:
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алуға өтініш;
2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары);
3) уәкілетті орган мен көрсетілетін қызметті алушы арасында жасалған инвестицияларды жүзеге асыруды және инвестициялық преференциялар беруді көздейтін инвестициялық жобаны іске асыруға арналған модельдік келісімшарт;
4) құрылыс мақсаттары үшін жер учаскесі сұралған жағдайда, инженерлік желілерге қосылуға арналған сауалнама парағы.
20. Бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдынына және (немесе) учаскесіне іргелес жер учаскелерінде балық шаруашылығы объектілерін және оларды күтіп-ұстауға арналған коммуникацияларды орналастыру үшін, күрделі құрылыссыз балық шаруашылығын жүргізу мақсатында:
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алуға өтініш;
2) сұратылып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары);
3) балық шаруашылығы су айдынын және (немесе) учаскесін бекітіп беру туралы шешімнің көшірмесі;
4) балық шаруашылығын жүргізуге арналған шарттың көшірмесі. Екінші кезең: бекітілген жерге орналастыру жобасы және жерге орналастыру жобасын бекіту туралы бұйрық.
Портал арқылы жүгінген жағдайда тізбеде көрсетілген құжаттар элоктрондық құжаттар көшірмесі ретінде ұсынылады.
Жеке басты куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде жылжымайтын мүлікке меншік құқығын растайтын қызметтің басталуы туралы, жер учаскесіне құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттары туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден талап етеді.

9

Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін
ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған деректер мен мәліметтердің Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушының "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы;
4) көрсетілетін қызметті алушы Кодекстің 92 және 93-баптарына сәйкес заңды күшіне енген сот шешімінің негізінде жер учаскелері мәжбүрлеп алынып қойылған адамдар тізілімінде тұрған жағдайда.

10

Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары порталда көрсетілген. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.

  "Сауда-саттықты
(аукциондарды) өткізуді талап
етпейтін мемлекет меншігіндегі
жер учаскелеріне құқықтар алу"
мемлекеттік қызметін
көрсету қағидаларына
2-қосымша
  Нысан
  ____________________________
_____________________ әкіміне
(облыстық маңызы бар,
қаланың, (оның әкімшілік
бағынысына берілген
аумақтағы) ауданның және
кенттің, ауылдың, ауылдық
округтің)
кімнен ______________________
(жеке тұлғаның аты, әкесінің
аты (бар болса), тегі не заңды
____________________________
тұлғаның толық атауы)
____________________________
(жеке сәйкестендіру нөмірі не
бизнес-сәйкестендірунөмірі)
____________________________
(жеке тұлғаның немесе заңды
тұлғаның немесе өкілінің жеке
басын куәландыратын құжаттың
деректемелері,
____________________________
байланыс телефоны (бар болса),
орналасқан
____________________________
жерінің мекенжайы
(заңды тұлғалар үшін) не
____________________________
тұрғылықты мекенжайы
(жеке тұлғалар үшін))

Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алуға арналған өтініш

      ________________________________________________________ негізінде

      (негізді көрсету)

      ___________________________________________________________ үшін

      (жер учаскесінің нысаналы мақсаты)

      алаңы ____________ гектар

      _______________________________________________________________

      (жер учаскесінің мекенжайы (орналасқан жері)

      _____________________________________________________ орналасқан жер

      учаскесіне уақытша өтеулі/өтеусіз жер пайдалану, жеке меншік (керегінің астын сызу)

      құқығын беруіңізді сұраймын.

      Дербес деректерімді және "Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін

      мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу" мемлекеттік қызметін алу

      үшін қажетті заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді жинауға және

      өңдеуге, оның ішінде үшінші тұлғаларға беруге келісім беремін.

      Дербес деректердің трансшекаралық берілуінің жоқтығы туралы сондай-ақ жалпыға

      қолжетімді көздерде дербес деректердің таралуының жоқтығы туралы хабарлаймыз.

      Жиналатын деректер тізбесі: жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, заңды

      тұлғаның атауы, жеке сәйкестендіру нөмірі, бизнес сәйкестендіру нөмірі, электрондық

      почтасы, телефон нөмірі.

      Көрсетілетін қызметті алушы _____________________________________________

                  (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы/электрондық цифрлық қолтаңбасы)

  "Сауда-саттықты
(аукциондарды) өткізуді талап
етпейтін мемлекет меншігіндегі
жер учаскелеріне құқықтарды
алу" мемлекеттік қызметін
көрсету қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарлама

      Құрметті _______________

      Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің

      73-бабының 1-тармағына сәйкес осы хабарламамен Сізге "Сауда-саттықты

      (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне

      құқықтарды алу" мемлекеттік қызметін көрсетуден бас тартылғаны туралы

      хабарлаймыз, өйткені:

      _______________________________________________________________

      (бас тарту себептерін санамалау)

      Бас тарту мәселесі бойынша тыңдалым осы хабарлама жіберілген күннен

      бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кейін жүзеге асырылады, онда Сіз осы шешім

      бойынша өз ұстанымыңызды білдіре аласыз

      (қажеттісін жазыңыз):

      ______________________________________________________

      (тыңдалым өткізу күні мен уақыты, тыңдалым өткізу орны (тәсілі): мекенжайы

      бойынша ғимаратта: / бейнеконференцбайланыс/өзге де коммуникация құралдары

      арқылы)

      Көрсетілетін қызметті беруші _____________________________________

      (басшының қолы/электрондық цифрлық қолтаңбасы, аты, әкесінің аты (бар болса),тегі)

      20 жылғы " " _________

  Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
2024 жылғы 8 тамыздағы
№ 269 бұйрығына
3-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2020 жылғы 1 қазандағы
№ 301 бұйрығына
18-қосымша

"Жер учаскесінің кадастрлық ісінен құжаттардың көшірмелерін ұсыну" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Жер учаскесінің кадастрлық ісінен құжаттардың көшірмелерін ұсыну" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Жер учаскесінің кадастрлық ісінен құжаттардың көшірмелерін ұсыну" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі ̶ мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) жер учаскесіне құқық белгілейтін құжат – осылардың негізінде жер учаскесіне құқықтар туындайтын, өзгертілетін немесе тоқтатылатын заңдық фактілердің (заңдық құрамдарының) басталғанын растайтын құжат, оның ішінде шарттар, соттардың шешімдері, атқарушы органдардың құқықтық актілері, мұрагерлікке құқық туралы куәлік, меншік құқығымен жер учаскесін иеленген немесе уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын сатып алған (жалдаған) мемлекеттік емес заңды тұлғаларды қайта ұйымдастыру кезіндегі табыстау актісі немесе бөлу балансы, жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықтардың (аукциондардың) қорытындылары бойынша хаттама;

      2) "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесін білдіретін ақпараттық жүйе;

      3) "электрондық үкіметтің" веб-порталындағы пайдаланушының кабинеті (бұдан әрі – жеке кабинет) – "электрондық үкіметтің" веб-порталының жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік органдармен электрондық нысанда қызметтер көрсету мәселелері, көрсетілген тұлғалардың өтініштерін қарайтын субъектілерге қатысты мәселелер, сондай-ақ дербес деректерді пайдалану мәселелері бойынша ресми ақпараттық өзара іс-қимылына арналған құрамдасы;

      4) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдар жиынтығы.

      3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын құрайтын мәліметтерді беру "Мемлекеттік құпиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген нормалар сақталған кезде жүзеге асырылады.

      4. Жер-кадастрық ісіндегі мемлекеттік құпияларды және өзге де шектеулерді қамтымайтын мәліметтер жалпыға қолжетімді болып табылады және мүдделі жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ұсынылады.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      5. Мемлекеттік қызметті "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      "Жер учаскесінің кадастрлық ісінен құжаттардың көшірмелерін ұсыну" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген.

      6. Тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы не портал арқылы жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік қызметті қағаз түрінде көрсету кезінде өтініштер мен құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.

      Көрсетілетін қызметті алушы Тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің операциялық залының жұмыскері (операторы) өтінішті қабылдаудан бас тартады.

      7. Жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не жылжымайтын мүлікке меншік құқығын растайтын дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы, жер учаскесіне құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттары туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші электрондық үкіметтің төлем шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкіметтің" шлюзі талап етеді.

      Көрсетілетін қызметті беруші цифрлық құжаттарды порталда тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы бір реттік құпиясөзді беру арқылы немесе портал хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген жағдайда жеке кабинетке мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе және мемлекеттік қызметті көрсету күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      8. Көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде:

      1) операциялық залдың жұмыскері (оператор) құжаттар қабылданған күні 30 (отыз) минут ішінде Тізбеде көрсетілген құжаттарды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады;

      2) операциялық залдың жұмыскері (операторы) құжаттар келіп түскен күні 2 (екі) сағат ішінде көрсетілетін қызметті алушыдан қабылданған құжаттарды курьер арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті орындауға жауапты құрылымдық бөлімшеге (бұдан әрі – ҚБ) жібереді;

      3) ҚБ басшысы 30 (минут) ішінде құжаттардың мазмұнымен танысады, қарар жазады және мемлекеттік көрсетілетін қызметті орындауға жауапты жұмыскерді айқындайды;

      4) ҚБ жұмыскері құжаттарды тіркеген күннен бастап 5 (бес ) жұмыс күні ішінде:

      көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыстығын тексереді;

      көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды жүйелеу жане сақтау жөніндегі құрылымдық бөлімшесінен (мұрағаттан) жер-кадастрлық істі сұратады;

      мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы сұраған жер-кадастрлық ісінен құжаттардың көшірмелерін жасайды және оларды ҚБ басшысына не оны алмастыратын адамға жолдайды;

      5) ҚБ басшысы не оны алмастыратын адам 1 (бір) жұмыс күні ішінде жер-кадастрлық ісінен алынған құжаттардың көшірмелерін тексереді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдайды;

      6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 6 (алты) сағат ішінде тексереді және жер-кадастрлық ісінен құжаттардың көшірмелерін беру туралы шешім қабылдайды;

      7) мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесiн тiркеуді жүзеге асыратын ҚБ жұмыскерi жер-кадастрлық iсінен құжаттардың көшiрмелерiн курьер арқылы жолдайды;

      8) көрсетілетін қызметті алушыға дайын құжаттарды беру көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс графигіне сәйкес жеке басты куәландыратын құжаттарды не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжатты (сәйкестендіру үшін) ұсынған кезде (не оның өкілдігін куәландыратын құжаттарды ұсынған кезде өкілге) жүзеге асырылады.

      9. Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің жұмыскері 30 (отыз) минут ішінде құжаттарды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады және оларды ҚБ басшысына не оны алмастыратын адамға жібереді;

      2) ҚБ басшысы не оны алмастыратын адам құжаттарды тіркеген күннен бастап, 30 (отыз) минут ішінде құжаттардың мазмұнымен танысады, қарар жазады және мемлекеттік көрсетілетін қызметті орындауға жауапты жұмыскерді айқындайды;

      3) ҚБ жұмыскері құжаттарды тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде:

      мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыстығын тексереді;

      көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды жүйелеу және сақтау жөніндегі құрылымдық бөлімшесінен (мұрағаттан) жер-кадастрлық істі сұратады;

      мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға негіздер болмаған кезде көрсетілетін қызметті алушы жер-кадастрлық ісінен сұратқан құжаттардың көшірмелерін алуды жүзеге асырады және оларды ҚБ басшысына не оны алмастыратын адамға жібереді;

      4) ҚБ басшысы не оны алмастыратын адам 1 (бір) жұмыс күні ішінде жер-кадастрлық ісінен алынған құжаттардың көшірмелерін тексереді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдайды;

      5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 6 (алты) сағат ішінде жер-кадастрлық ісінен алынған құжаттардың көшірмелерін тексереді және ұсыну туралы шешім қабылдайды;

      6) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін тіркеуді жүзеге асыратын ҚБ жұмыскері жер-кадастрлық ісінен алынған құжаттардың электрондық көшірмелерін көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне портал арқылы жібереді.

      10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарлама жіберіледі, онда көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдалым өткізудің уақыты мен орны (тәсілі) көрсетіледі.

      Тыңдалым туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі. Тыңдалым хабарлама жасалған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Тыңдалым нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші жер-кадастрлық ісінен құжаттардың көшірмелерін беру туралы не мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      Тыңдалым нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамның ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі не көрсетілетін қызметті беруші арқылы беріледі.

      11. Көрсетілетін қызметті беруші Тізбенің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.

      12. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректердің енгізілуін қамтамасыз етеді.

      13. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі осы Қағидалар бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторына, көрсетілетін қызметті берушіге және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.

      14. Ақпараттық жүйе ісінен шыққан кезде көрсетілетін қызметті беруші ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға жауапты көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің қызметкерін дереу хабардар етеді.

      Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға жауапты қызметкер техникалық проблема туралы хаттама жасайды және оған көрсетілетін қызметті беруші қол қояды.

3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      15. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.

      Шағым Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 91-бабына сәйкес келіп түскен жағдайда көрсетілетін қызметті беруші оны келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды қарайтын органға жібереді. Көрсетілетін қызметті беруші 3 (үш) жұмыс күні ішінде қолайлы акт қабылданған, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік іс-әрекет жасалған жағдайда, шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді.

      16. Көрсетілетін қызметті алушының шағымын Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес:

      көрсетілетін қызметті беруші – тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

      мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – ол тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауы тиіс.

      Көрсетілетін қызметті берушінің, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес:

      1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;

      2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.

      Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, шағымды қарау жөнінде өкілеттік берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды берген көрсетілетін қызметті алушыға жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) ұзарту себебін көрсете отырып шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы хабарлайды.

      17. Егер заңда өзгеше көзделмесе, ҚР ӘРПК 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.

  "Жер учаскесінің кадастрлық
ісінен құжаттардың
көшірмелерін ұсыну"
мемлекеттік қызметін
көрсету қағидаларына
1-қосымша

"Жер учаскесінің кадастрлық ісінен құжаттардың көшірмелерін ұсыну" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).

2

Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері

1) көрсетілетін қызметті беруші;
2) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал).

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

8 (сегіз) жұмыс күні ішінде.
Мемлекеттік қызметті қағаз нысанда көрсету кезінде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде.

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Жер-кадастрлық ісінен құжаттардың көшірмесі не мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту.

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің құны "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жер кадастрын жүргізу жөніндегі қызмет саласындағы мемлекеттік монополияға жатқызылған "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 16 қаңтардағы № 23/НҚ бұйрығына сәйкес белгіленген мөлшерде есептеледі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет құнын төлеу екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол ақшамен және қолма-қол ақшасыз нысанда, сондай-ақ "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылады.

7

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, жұмыс графигіне сәйкес дүйсенбіден бастап жұмаға дейін сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
2) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтініш қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.gov.kz интернет-ресурсында;
2) көрсетілетін қызметті берушінің www.gov4c.kz интернет-ресурсында;
3) порталда орналастырылған.

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

Көрсетілетін қызметті берушіге:
1) осы Тізбеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер-кадастрлық ісінен құжаттардың көшірмелерін ұсынуға арналған өтініш;
2) жеке куәлік не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін).
Өкіл жүгінген жағдайда – өкілдің жеке басын куәландыратын құжат, көрсетілетін қызметті алушыдан сенімхаттың немесе көрсетілетін қызметті алушы өкілінің өкілеттігін куәландыратын құжаттың көшірмесі не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
Адвокат жүгінген жағдайда – адвокатты куәландыру және қорғау (өкілдік) туралы жазбаша хабарлама;
Уақытша, банкроттықты және оңалтуды басқарушылар жүгінген жағдайда - дәрменсіз борышкерді банкрот деп тану туралы сот шешімі, сырттай байқауды енгізу туралы сот ұйғарымы және банкроттық саласындағы уәкілетті органның уақытша, банкроттықты және оңалтуды басқарушыларды тағайындау туралы бұйрығы.
Мәжбүрлеп таратылатын заңды тұлғаның тарату комиссиясы (таратушылар) жүгінген жағдайда - тарату комиссиясының құрамын тағайындау туралы бұйрық және тарату комиссиясының төрағасы берген сенімхат.
Мұрагерлер жүгінген жағдайда - мұраға құқық туралы куәлік;
3) жер-кадастрлық істі сәйкестендіру үшін жер учаскесіне сәйкестендіру құжатының көшірмесі.
Порталға:
1) осы Тізбеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер-кадастрлық ісінен құжаттардың көшірмелерін беруге арналған электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
Үшінші тұлғалардан субъектінің жеке кабинетіндегі және/немесе субъектінің ұялы байланыс операторы берген абоненттік нөмірі порталдың есепке алу жазбасына тіркелген және қосылған жағдайда, субъектінің келісімі болған кезде порталдағы жеке кабинетінен берілген sms-хабарлама түрінде және/немесе субъектінің ұялы байланыс операторы берген абоненттік нөмірі порталдың есепке алу жазбасына қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы тіркелген және қосылған жағдайда, қысқа мәтіндік хабарлама жіберу жолымен sms-хабарлама түріндегі электрондық сұраным ;
2) өкіл жүгінген жағдайда – көрсетілетін қызметті алушыдан сенімхаттың электрондық көшірмесі;
Адвокат жүгінген жағдайда – адвокат куәлігінің электрондық көшірмесі және қорғау (өкілдік) туралы жазбаша хабарламаның электрондық көшірмесі;
Уақытша, банкроттықты және оңалтуды басқарушылар жүгінген жағдайда - дәрменсіз борышкерді банкрот деп тану туралы сот шешімінің, сырттай байқауды енгізу туралы сот ұйғарымының және банкроттық саласындағы уәкілетті органның уақытша, банкроттықты және оңалтуды басқарушыларды тағайындау туралы бұйрығының электрондық көшірмесі;
Мәжбүрлеп таратылатын заңды тұлғаның тарату комиссиясы (таратушылар) жүгінген жағдайда – тарату комиссиясының құрамын тағайындау туралы бұйрықтың және тарату комиссиясының төрағасы берген сенімхаттың электрондық көшірмесі;
Мұрагерлер жүгінген жағдайда – мұраға құқық туралы куәліктің электрондық көшірмесі;
3) жер-кадастрлық істі сәйкестендіру үшін жер учаскесіне сәйкестендіру құжатының электрондық көшірмесі;
Жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не жылжымайтын мүлікке меншік құқығын растайтын дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы, жер учаскесіне құқық белгілейтін, төлем туралы құжат және сәйкестендіру құжаттары туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші электрондық үкіметтің төлем шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкіметтің" шлюзі талап етеді.

9

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға арналған Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті
алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы.

10

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қойылатын өзге де талаптар

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті тікелей көрсетілетін қызметті беруші арқылы алу жер учаскесінің орналасқан жері бойынша жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда немесе көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланыс операторы ұсынған абоненттік нөмірі тіркелген және порталдың есептік жазбасына қосылған жағдайда бір реттік құпиясөзбен алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық Кодексі) 379-бабы 3-тармағына сәйкес орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер актісіне қол қояды.
Көрсетілетін қызметті алушының порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алу мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары порталда көрсетілген. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.
Цифрлық құжаттар қызметі мобильді қосымшада авторландырылған пайдаланушылар үшін қолжетімді.
Цифрлық құжатты пайдалану үшін электрондық цифрлық қолтаңбаны немесе бір реттік құпиясөзді пайдалана отырып, мобильді қосымшада авторландырудан өту, бұдан әрі "цифрлық құжаттар" бөліміне өту және қажетті құжатты таңдау қажет.

  "Жер учаскесінің кадастрлық
ісінен құжаттардың
көшірмелерін ұсыну"
мемлекеттік қызметін көрсету
қағидаларына
қосымша
  Нысан
  ___________________ басшысы
(ұйымның атауы)
____________________________
аты, әкесінің аты (бар болса),тегі
кімнен ______________________
(жеке тұлғаның аты, әкесінің
аты (бар болса), тегі не заңды
____________________________
тұлғаның толық атауы)
____________________________
(жеке сәйкестендіру нөмірі не
бизнес-сәйкестендірунөмірі)
____________________________
(жеке тұлғаның немесе заңды
тұлға өкілінің жеке басын
куәландыратын құжаттың
деректемелері,
___________________________
байланыс телефоны (бар болса),
орналасқан
____________________________
жерінің мекенжайы (заңды
тұлғалар үшін) не
____________________________
тұрғылықты мекенжайы
(жеке тұлғалар үшін))

Жер-кадастрлық ісінен құжаттардың көшірмелерін ұсынуға арналған өтініш

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (жер учаскесінің мекенжайы (орналасқан жері))

      мекенжайы бойынша орналасқан жер учаскесінің кадастрлық ісін құжаттардың

      (құқық белгілейтін құжаттың, жерге орналастыру жобасының) көшірмелерін беруіңізді

      сұраймын:

      Жер учаскесінің кадастрлық нөмірі: _____________________________

      "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес

      акционерлік қоғамына (бизнес-сәйкестендіру нөмірі 180541001313) дербес

      деректерімді және "Жер учаскесінің кадастрлық ісінен құжаттардың көшірмелерін

      ұсыну" мемлекеттік қызметін алу үшін қажетті заңмен қорғалатын құпияны құрайтын

      мәліметтерді жинауға және өңдеуге, оның ішінде үшінші тұлғаларға беруге келісім

      беремін.

      Дербес деректердің трансшекаралық берілуінің жоқтығы туралы сондай-ақ жалпыға

      қолжетімді көздерде дербес деректердің таралуының жоқтығы туралы хабарлаймыз.

      Жиналатын деректер тізбесі: жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, заңды

      тұлғаның атауы, жеке сәйкестендіру нөмірі, бизнес сәйкестендіру нөмірі, электрондық

      почтасы, телефон нөмірі.

      Көрсетілетін қызметті алушы ____________________________________

      (жеке тұлғаның не заңды тұлғаның уәкілетті өкілінің аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы)

      20__ жылғы "____"__________

  "Жер учаскесінің кадастрлық
ісінен құжаттардың
көшірмелерін ұсыну"
мемлекеттік қызметін
көрсету қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарлама

      Құрметті____________________________

      Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің

      73-бабының 1-тармағына сәйкес осы хабарламамен Сізге "Жер учаскесінің

      кадастрлық ісінен құжаттардың көшірмелерін ұсыну" мемлекеттік қызметін

      көрсетуден бас тартылғаны туралы хабарлаймыз, өйткені:

      _________________________________________________________________

      бас тарту себептерін санамалау

      Бас тарту мәселесі бойынша тыңдалым осы хабарлама жіберілген күннен бастап 2 (екі)

      жұмыс күнінен кейін жүзеге асырылады, онда Сіз осы шешім бойынша өз

      ұстанымыңызды білдіре аласыз (қажеттісін жазыңыз):

      _________________________________________________________________

      (тыңдалым өткізу күні мен уақыты, тыңдалым өткізу орны (тәсілі):

      мекенжайы бойынша ғимаратта:/бейнеконференцбайланыс/өзге де коммуникация

      құралдары арқылы)

      Көрсетілетін қызметті беруші

      ________________________________________________________

      (басшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы/электрондық цифрлық қолтаңбасы)

      20__ жылғы "____"__________

  Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
2024 жылғы 8 тамыздағы
№ 269 бұйрығына
4-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2020 жылғы 1 қазандағы
№ 301 бұйрығына
19-қосымша

"Әкімшілік-аумақтық бірліктердің жобаланатын шекараларын жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры ақпараттық жүйесінің графикалық деректерімен келісу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Әкімшілік-аумақтық бірліктердің жобаланатын шекараларын жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры ақпараттық жүйесінің графикалық деректерімен келісу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Әкімшілік-аумақтық бірліктердің жобаланатын шекараларын жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры ақпараттық жүйесінің графикалық деректерімен келісу" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) әкімшілік-аумақтық бірлік (бұдан әрі – ӘАБ) – ауыл, кент, ауылдық округ, қаладағы аудан, қала, аудан, облыс;

      2) жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының ақпараттық жүйесі – жүргізілу тәртібі Қазақстан Республикасының Жер кодексінде және "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалатын, жер және құқықтық кадастрлардың мәліметтерін қамтитын ақпараттық жүйе;

      3) "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесін білдіретін ақпараттық жүйе;

      4) "электрондық үкіметтің" веб-порталындағы пайдаланушының кабинеті (бұдан әрі – жеке кабинет) – "электрондық үкіметтің" веб-порталының жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік органдармен электрондық нысанда қызметтер көрсету мәселелері, көрсетілген тұлғалардың өтініштерін қарайтын субъектілерге қатысты мәселелер, сондай-ақ дербес деректерді пайдалану мәселелері бойынша ресми ақпараттық өзара іс-қимылына арналған құрамдасы;

      5) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі – электрондық нысанда көрсетілетін өтеулі қызметтер көрсету шеңберінде төлемдер жүргізу туралы ақпарат беру процесін автоматтандыратын ақпараттық жүйе;

      6) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдар жиынтығы.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      3. Мемлекеттік қызметті "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.

      "Әкімшілік-аумақтық бірліктердің жобаланатын шекараларын жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры ақпараттық жүйесінің графикалық деректерімен келісу" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген.

      4. Тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы не портал арқылы жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік қызмет қағаз түрінде көрсетілген кезде өтініштер мен құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.

      Көрсетілетін қызметті алушы Тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.

      5. Жеке басты куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не жылжымайтын мүлікке меншік құқығын растайтын дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы, жер учаскесіне құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттар туралы, жер учаскесіне ауыртпалықтың жоқтығы туралы, мемлекеттік қызметтің көрсетілгені үшін төлем туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы талап етеді.

      Көрсетілетін қызметті беруші цифрлық құжаттарды порталда тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы бір реттік құпиясөзді беру арқылы немесе портал хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда, іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      6. Көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде:

      1) операциялық залдың жұмыскері (операторы) құжаттарды қабылдаған күні 15 (он бес) минут ішінде Тізбеде көрсетілген құжаттарды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады;

      2) операциялық залдың жұмыскері (операторы) құжаттар келіп түскен күні 2 (екі) сағат ішінде көрсетілетін қызметті алушыдан қабылданған құжаттарды курьер арқылы көрсетілетін қызметті орындауға жауапты құрылымдық бөлімшеге (бұдан әрі – ҚБ) береді;

      3) ҚБ басшысы 30 (отыз) минут ішінде құжаттардың мазмұнымен танысады, қарар жазады және мемлекеттік көрсетілетін қызметті орындауға жауапты жұмыскерді айқындайды;

      4) ҚБ жұмыскері құжаттарды тіркеген күннен бастап 21 (жиырма бір) жұмыс күні ішінде:

      көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыстығын тексереді;

      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2022 жылғы 16 тамыздағы № 257 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29180 болып тіркелген) бекітілген Әкімшілік-аумақтық бірліктердің шекараларын белгілеу және өзгерту жөніндегі жобаларды жасау қағидаларын (бұдан әрі – Қағидалар) ескере отырып, қабылданған құжаттарды тіркейді, жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының ақпараттық жүйесінің дерекқоры бойынша ӘАБ шекараларын сәйкестендіреді, жобаланатын ӘАБ бұрыштық бұрылыс нүктелерінің координаттарын жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының ақпараттық жүйесіне енгізеді, атрибутивтік ақпаратты енгізеді, әкімшілік-аумақтық бірліктердің жобаланатын шекараларының басқа сабақтас ӘАБ және жер учаскелеріне, оның ішінде жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының ақпараттық жүйесінде сақтауға жатпайтын жер учаскелері мен объектілерге қабаттасулардың бар-жоғын, олардың алаңының, сызықтарының өлшемдеріне, орналасқан жерінің сәйкестігіне салыстырып-тексеруді жүргізеді (бұрыштық бұрылыс нүктелерінің координаттарын енгізеді);

      ӘАБ жобаланатын шекаралары жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының ақпараттық жүйесінің графикалық деректерімен сәйкес келген кезде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ӘАБ жобаланатын шекаралары координаттарының ведомосін салыстырып-тексеру актісін дайындайды, ӘАБ жобаланатын шекаралары координаттарының ведомосін салыстырып-тексеру актісіне 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша әкімшілік-аумақтық бірліктердің жобалау схемасын (жоспарын) және ӘАБ жобаланатын шекараларының координаттары мен ұзындықтарының жиынтық ведомосін қоса береді;

      ӘАБ жобаланатын шекараларының орналасқан жері жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының ақпараттық жүйесінің графикалық деректеріне сәйкес келмеген кезде (қабаттасулар, орналасқан жердің сәйкес келмеуі, алаңның деректерінің, ұсынылған деректер бойынша ӘАБ шекара сызықтары, конфигурациялары мен координаттары өлшемдерінің дұрыс болмауы), осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әкімшілік-аумақтық бірліктің жобаланатын шекараларының координаттар ведомосінің сәйкессіздігі туралы актіні дайындайды, ӘАБ жобаланатын шекараларының координаттар ведомосінің сәйкессіздігі туралы актіге 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша әкімшілік-аумақтық бірліктің жобаланатын шекараларының бірыңғай мемлекеттік жылжымайтын мүлік кадастрының ақпараттық жүйесінің графикалық деректеріне сәйкес келмеу (қабаттасу) схемасын және әкімшілік-аумақтық бірліктің жобаланатын шекаралары координаттары мен жақтарының ұзындықтарының жиынтық ведомосін қоса береді;

      5) ҚБ басшысы не оны алмастыратын адам мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін тексереді, қол қояды және 3 (үш) сағат ішінде тіркеуге береді;

      6) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін тіркеуді жүзеге асыратын ҚБ жұмыскері қол қойылған құжатты тіркейді және 2 (екі) сағат ішінде курьер арқылы жіберуге береді;

      7) көрсетілетін қызметті алушыға дайын құжаттарды беру қолхат негізінде, жеке куәлікті немесе цифрлық құжаттар сервисінен (сәйкестендіру үшін) электрондық құжатты (немесе өкілеттігін растайтын құжат бойынша оның өкіліне) ұсынған кезде 20 (жиырма) минут ішінде жүзеге асырылады.

      7. Порталға жүгінген кезде:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің жұмыскері Тізбеде көрсетілген құжаттарды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және оларды ҚБ басшысына не оны алмастыратын адамға құжаттарды қабылдаған күні 15 (он бес) минут ішінде береді;

      2) ҚБ басшысы не оны алмастыратын адам 30 (отыз) минут ішінде құжаттардың мазмұнымен танысады, бұрыштама қояды және мемлекеттік қызметті орындауға жауапты қызметкерді айқындайды;

      3) ҚБ жұмыскері құжаттарды тіркеген күннен бастап 21 (жиырма бір) жұмыс күні ішінде:

      көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыстығын тексереді;

      Қағидаларды ескере отырып, қабылданған құжаттарды тіркейді, жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының ақпараттық жүйесінің дерекқоры бойынша ӘАБ шекараларын сәйкестендіреді, жобаланатын ӘАБ бұрыштық бұрылыс нүктелерінің координаттарын жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының ақпараттық жүйесіне енгізеді, атрибутивтік ақпаратты енгізеді, әкімшілік-аумақтық бірліктердің жобаланатын шекараларының басқа сабақтас ӘАБ және жер учаскелеріне, оның ішінде жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының ақпараттық жүйесінде сақтауға жатпайтын жер учаскелері мен объектілерге қабаттасулардың бар-жоғын, олардың алаңының, сызықтарының өлшемдеріне, орналасқан жерінің сәйкестігіне салыстырып-тексеруді жүргізеді (бұрыштық бұрылыс нүктелерінің координаттарын енгізеді);

      ӘАБ жобаланатын шекаралары жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының ақпараттық жүйесінің графикалық деректерімен сәйкес келген кезде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ӘАБ жобаланатын шекаралары координаттарының ведомосін салыстырып-тексеру актісін дайындайды, ӘАБ жобаланатын шекаралары координаттарының ведомосін салыстырып-тексеру актісіне 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша әкімшілік-аумақтық бірліктің жобалау схемасын (жоспарын) және ӘАБ жобаланатын шекараларының координаттары мен ұзындықтарының жиынтық ведомосін қоса береді (бұрыштық бұрылыс нүктелерінің координаттарын енгізеді);

      ӘАБ жобаланатын шекараларының орналасқан жері жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының ақпараттық жүйесінің графикалық деректеріне сәйкес келмеген жағдайда (қабаттасулар, орналасқан жердің сәйкес келмеуі, алаңның деректерінің, ұсынылған деректер бойынша ӘАБ шекара сызықтары, конфигурациялары мен координаттары өлшемдерінің дұрыс болмауы), осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әкімшілік-аумақтық бірліктің жобаланатын шекараларының координаттар ведомосінің сәйкессіздігі туралы актіні дайындайды, ӘАБ жобаланатын шекараларының координаттар ведомосінің сәйкессіздігі туралы актіге 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша әкімшілік-аумақтық бірліктің жобаланатын шекараларының бірыңғай мемлекеттік жылжымайтын мүлік кадастрының ақпараттық жүйесінің графикалық деректеріне сәйкес келмеу (қабаттасу) схемасын және әкімшілік-аумақтық бірліктің жобаланатын шекаралары координаттары мен жақтарының ұзындықтарының жиынтық ведомосін қоса береді;

      4) ҚБ басшысы не оны алмастыратын адам мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін тексереді және қол қояды және 3 (үш) сағат ішінде тіркеуге береді;

      5) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін тіркеуді жүзеге асыратын ҚБ жұмыскері қол қойылған құжатты тіркейді және оны қол қойылған күннен бастап 15 (он бес) минут ішінде портал арқылы ҚБ басшысының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жібереді.

      8. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарлама жіберіледі, онда көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдалым өткізудің уақыты мен орны (тәсілі) көрсетіледі.

      Тыңдалым туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі. Тыңдалым хабарлама жіберілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей өткізіледі.

      Тыңдалым нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әкімшілік-аумақтық бірліктің жобаланатын шекаралары координаттарының ведомосін салыстырып-тексеру актісін беру туралы шешім қабылдайды, ӘАБ жобаланатын шекаралары координаттарының ведомосін салыстырып-тексеру актісіне 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша әкімшілік-аумақтық бірліктің жобалау схемасын (жоспарын) және ӘАБ жобаланатын шекараларының координаттары мен ұзындықтарының жиынтық ведомосін қоса береді не осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әкімшілік-аумақтық бірліктің жобаланатын шекараларының координаттар ведомосінің сәйкессіздігі туралы актіні беру туралы шешімді қабылдайды, ӘАБ жобаланатын шекараларының координаттар ведомосінің сәйкессіздігі туралы актіге 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша әкімшілік-аумақтық бірліктің жобаланатын шекараларының бірыңғай мемлекеттік жылжымайтын мүлік кадастрының ақпараттық жүйесінің графикалық деректеріне сәйкес келмеу (қабаттасу) схемасын және әкімшілік-аумақтық бірліктің жобаланатын шекаралары координаттары мен жақтарының ұзындықтарының жиынтық ведомосін қоса береді.

      9. Көрсетілетін қызметті беруші Тізбенің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.

      10. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректердің мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізілуін қамтамасыз етеді.

      11. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі осы Қағидалар бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторына, көрсетілетін қызметті берушіге және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.

      12. Ақпараттық жүйе істен шыққан кезде көрсетілетін қызметті беруші ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға жауапты көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің жұмыскерін дереу хабардар етеді.

      Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға жауапты жұмыскер техникалық проблема туралы хаттама жасайды және оған көрсетілетін қызметті беруші қол қояды.

3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      13. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.

      Шағым Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 91-бабына сәйкес келіп түскен жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші оны келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды қарайтын органға жібереді. Көрсетілетін қызметті беруші 3 (үш) жұмыс күні ішінде қолайлы акт қабылданған, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік іс-әрекет жасалған жағдайда, шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді.

      14. Көрсетілетін қызметті алушының шағымын Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес:

      көрсетілетін қызметті беруші – тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

      мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – ол тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауы тиіс.

      Көрсетілетін қызметті берушінің, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес:

      1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;

      2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайда, 10 (он) жұмыс күнінен асырмай ұзартылады.

      Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, шағымды қарау жөнінде өкілеттік берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды берген көрсетілетін қызметті алушыға жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) ұзарту себебін көрсете отырып шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы хабарлайды.

      15. Егер заңда өзгеше көзделмесе, ҚР ӘРПК 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.

  "Әкімшілік-аумақтық
бірліктердің жобаланатын
шекараларын жылжымайтын
мүліктің бірыңғай мемлекеттік
кадастры ақпараттық
жүйесінің графикалық
деректерімен келісу"
мемлекеттік қызметін
көрсету қағидаларына
1-қосымша

"Әкімшілік-аумақтық бірліктердің жобаланатын шекараларын жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры ақпараттық жүйесінің графикалық деректерімен келісу" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).

2

Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері

1) көрсетілетін қызмет беруші;
2) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал).

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

21 (жиырма бір) жұмыс күні ішінде

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде.

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Әкімшілік-аумақтық бірліктердің (бұдан әрі – ӘАБ) жобаланатын шекаралары жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры ақпараттық жүйесінің графикалық деректеріне сәйкес келген кезде:
"Әкімшілік-аумақтық бірліктердің жобаланатын шекараларын жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры ақпараттық жүйесінің графикалық деректерімен келісу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әкімшілік-аумақтық бірліктің жобаланатын шекараларының координаттары ведомосінің салыстырып тексеру актісі, ӘАБ жобаланатын шекараларының координаттары ведомосінің салыстырып тексеру актісіне 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша әкімшілік-аумақтық бірліктердіңжобалық схемасын (жоспарын) және әкімшілік-аумақтық бірліктің жобаланатын шекараларының координаттары мен ұзындықтарының жиынтық ведомосін қоса бере отырып;
ӘАБ жобаланатын шекараларының жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының ақпараттық жүйесінің графикалық деректеріне сәйкес келмеген кезде Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әкімшілік-аумақтық бірліктің жобаланатын шекараларының координаттары ведомосінің сәйкессіздігі туралы акті, ӘАБ жобаланатын шекараларының координаттары ведомосінің сәйкессіздігі туралы актіге 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша әкімшілік-аумақтық бірліктің жобаланатын шекараларының бірыңғай мемлекеттік жылжымайтын мүлік кадастрының ақпараттық жүйесінің графикалық деректеріне сәйкес келмеу (қабаттасу) схемасын және әкімшілік-аумақтық бірліктің жобаланатын шекараларының координаттары мен жақтарының ұзындықтарының жиынтық ведомосі;
не мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту.

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің құны "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жер кадастрын жүргізу жөніндегі қызмет саласындағы мемлекеттік монополияға жатқызылған "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 16 қаңтардағы № 23/НҚ бұйрығына сәйкес мөлшерде есептеледі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің құнын төлеу екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма қол және қолма-қол ақшасыз нысанда, сондай-ақ "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы қолма қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылады.

7

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

1) көрсетілетін қызметті берушінің – Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мерекелік күндерден басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, Мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсететін кезекші бөлімдері дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін;
2) порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.gov.kz интернет-ресурсында;
2) көрсетілетін қызметті берушінің www.gov4c.kz интернет-ресурсында;
3) порталда орналастырылған.

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушылар мыналарды ұсынады:
көрсетілетін қызметті берушіге:
1) осы Тізбеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) жеке куәлік не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) осы Тізбеге 2-қосымшаға сәйкес нысандар бойынша әкімшілік-аумақтық бірліктің жобалық схемасы (жоспары) және әкімшілік-аумақтық бірліктің жобаланатын шекараларының координаттары мен жақтары ұзындықтарының жиынтық ведомосі.
порталға:
1) осы Тізбеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланыс операторы ұсынған абоненттік нөмірін тіркелген және порталдың есептік жазбасына қосылған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен немесе бір реттік құпиясөзбен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры ақпараттық жүйесінің жария кадастрлық картасында қалыптастырылған жоспардың нөмірі;
Жеке басты куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не жылжымайтын мүлікке меншік құқығын растайтын дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы, жер учаскесіне құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттар туралы, жер учаскесіне ауыртпалықтың жоқтығы туралы, мемлекеттік қызметтің көрсетілгені үшін төлем туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден талап етеді.

9

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызмет алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректер мен мәліметтердің Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы.

10

Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін өзге де талаптар

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті тікелей көрсетілетін қызметті беруші арқылы алу жер учаскесінің орналасқан жері бойынша жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда немесе көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланыс операторы ұсынған абоненттік нөмірі тіркелген және порталдың есептік жазбасына қосылған жағдайда бір реттік құпиясөзбен алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)" 379-бабы 3-тармағына сәйкес орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер актісіне қол қояды.
Көрсетілетін қызметті алушының порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алу мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары порталда көрсетілген. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.
Цифрлық құжаттар қызметі мобильді қосымшада авторландырылған пайдаланушылар үшін қолжетімді.
Цифрлық құжатты пайдалану үшін электрондық цифрлық қолтаңбаны немесе бір реттік құпиясөзді пайдалана отырып, мобильді қосымшада авторландырудан өту, бұдан әрі "цифрлық құжаттар" бөліміне өту және қажетті құжатты таңдау қажет.

  "Әкімшілік-аумақтық
бірліктердің жобаланатын
шекараларын жылжымайтын
мүліктің бірыңғай мемлекеттік
кадастры ақпараттық жүйесінің
графикалық деректерімен
келісу" мемлекеттік
қызметін көрсетуге қойылатын
негізгі талаптар тізбесіне
1-қосымша
  Нысан
  ____________________________
басшысы
(ұйымның атауы,
____________________________
аты, әкесінің аты
(бар болса), тегі)
кімнен ______________________
(жеке тұлғаның аты, әкесінің
аты (бар болса), тегі
____________________________
не заңды тұлғаның толық атауы)
____________________________
(жеке сәйкестендіру нөмірі
не бизнес-сәйкестендіру нөмірі)
____________________________
(жеке тұлғаның немесе заңды
тұлға өкілінің
____________________________
жеке басын куәландыратын
құжаттың деректемелері,
____________________________
байланыс телефоны (бар болса),
мекенжайы
____________________________
(заңды тұлғалар үшін
орналасқан жері), не
____________________________
тіркеу мекенжайы
(жеке тұлғалар үшін))

Өтініш

      Сізден әкімшілік-аумақтық бірлік_______________________________

      жобаланатын шекараларын жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры

      ақпараттық жүйесінің графикалық деректерімен келісуді сұраймыз.

      "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес

      акционерлік қоғамына (БСН-сы 180541001313) менің дербес деректерімді және

      "Әкімшілік-аумақтық бірліктердің жобаланатын шекараларын жылжымайтын мүліктің

      бірыңғай мемлекеттік кадастры ақпараттық жүйесінің графикалық деректерімен

      келісу" мемлекеттік қызметін алу үшін қажетті заңмен қорғалатын құпияны құрайтын

      мәліметтерді жинауға және өңдеуге, оның ішінде үшінші тұлғаларға беруге келісім

      беремін.

      Дербес деректердің трансшекаралық берілуінің жоқтығы туралы, сондай-ақ жалпыға

      қолжетімді көздерде дербес деректердің таралуының жоқтығы туралы хабарлаймыз.

      Жиналатын деректер тізбесі: жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, заңды

      тұлғаның атауы, жеке сәйкестендіру нөмірі, бизнес сәйкестендіру нөмірі, электрондық

      почтасы, телефон нөмірі.

      Көрсетілетін қызметті алушы

      _______________________________________________________________

      (жеке тұлғаның не заңды тұлғаның уәкілетті өкілінің аты, әкесінің аты (бар болса), тегі

      _______________________________________________________________

      қолы/электрондық цифрлық қолтаңбасы)

      20 жылғы "____ " ____________

  "Әкімшілік-аумақтық
бірліктердің жобаланатын
шекараларын жылжымайтын
мүліктің бірыңғай мемлекеттік
кадастры ақпараттық жүйесінің
графикалық деректерімен
келісу" мемлекеттік
қызметін көрсетуге қойылатын
негізгі талаптар тізбесіне
2-қосымша
  Нысан

Әкімшілік-аумақтық бірліктердің жобалық схемасы (жоспар)



      Шартты белгілер: __________ жобаланып отырған әкімшілік-аумақтық бірлік

      __________ аралас әкімшілік-аумақтық бірлік

      Жоспарды жасаған: __________________________________

      (заңды тұлғаның атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі/жеке тұлғаның аты,

      әкесінің аты (бар болса), тегі, жеке сәйкестендіру нөмірі)

      Басшы ___________________________________ __________

      (аты, әкесінің аты (бар болса),тегі)       (қолы)

      Жоспардың жасалған күні: 20___ жылғы "____" _______

  Нысан

Әкімшілік-аумақтық бірліктің жобаланатын шекараларының координаттары мен жақтары ұзындығының жиынтық ведомосі

Нүкте нөмірі

Координаттары

Ұзындығы (метр)

X

Y

1




2




3




4




      Периметрі, метр: _______

      Алаңы, гектар _______

      Ведомості жасаған: ________________________________________________

      (заңды тұлғаның атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі/жеке тұлғаның аты,

      әкесінің аты (бар болса), тегі, жеке сәйкестендіру нөмірі)

      Басшы________________________________ _______________

      (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) (қолы)

      Ведомостің жасалған күні: 20___ жылғы "____" _______.

      * Басшының қолы/Басшының электрондық цифрлық қолтаңбасы

      ("электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы жүгінген кезде)

  "Әкімшілік-аумақтық
бірліктердің жобаланатын
шекараларын жылжымайтын
мүліктің бірыңғай мемлекеттік
кадастры ақпараттық жүйесінің
графикалық деректерімен
келісу" мемлекеттік қызметін
көрсету қағидаларына
2-қосымша
  Нысан
  Кімге _____________________
(жеке тұлғаның аты, әкесінің
аты (бар болса), тегі/заңды
тұлғаның атауы)

Әкімшілік-аумақтық бірліктің жобаланатын шекараларының координаттары ведомосін салыстырып-тексеру актісі №

      Ұсынылып отырған әкімшілік-аумақтық бірліктің жобаланатын

      шекараларының координаттары мен жақтарының ұзындығы жиынтық ведомосін

      мынадай деректермен салыстырып-тексеру нәтижелері бойынша:

      Әкімшілік-аумақтық бірліктің кадастрлық коды (бар болса) _____

      Әкімшілік-аумақтық бірліктің әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуішінің

      (ӘАОЖ) коды (бар болса) ___________________________

      (қолданыстағы учаскенің шекаралары өзгерген кезде көрсетіледі)

      Әкімшілік-аумақтық бірліктің ауданы, гектар: ___________

      Әкімшілік-аумақтық бірліктің орналасқан жері: _____________________

      Жобаны әзірлеуші туралы ақпарат: ______________________

      _________________________________________________________________________

      ___________________________________________________________

      (ұйымның атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі/жеке тұлғаның аты, әкесінің аты

      (бар болса), тегі, жеке сәйкестендіру нөмірі)

      _____________________________________________________________________

      Әзірленген күні: 20___ жылғы "___" ___________.

      Жобаланатын әкімшілік-аумақтық бірліктің шекараларын әкімшілік- аумақтық

      бірліктің ұсынылған координаттары бойынша "Жылжымайтын мүліктің бірыңғай

      мемлекеттік кадастрының ақпараттық жүйесінің" графикалық деректерімен

      (шекаралар салынбауы, алаңның сәйкестігі, сызықтар шаралары) келісеміз.

      Қосымша: жобаланатын әкімшілік-аумақтық бірліктің жоспары және

      жобаланатынәкімшілік-аумақтық бірлік шекараларының координаттары мен жақтары

      ұзындықтарының жиынтық ведомосі.

      Ерекше белгілер __________________________________________________

      (бұрын жобаланған әкімшілік-аумақтық бірлікке қабаттасу бар;

      жобаланатын әкімшілік-аумақтық бірлік екі және одан да көп

      _____________________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      облыстардың және басқалардың шекараларында тұр)

      Салыстырып-тексеруді жүргізген: ____________________________________

      (маманның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      Салыстырып-тексерілген күні: 20___ жылғы "___" ___________.

      _______________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________

      басшының қолы ("Азаматтарға арналған үкімет"" мемлекеттік корпорациясы

      арқылы жүгінген кезде)/басшының электрондық цифрлық қолтаңбасы

      ("электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы жүгінген кезде)

  Әкімшілік-аумақтық
бірліктердің жобаланатын
шекараларының координаттары
ведомосін салыстырып-
тексеру актісіне
1-қосымша
  №__
  Нысан

Әкімшілік-аумақтық бірліктертің жобалау схемасы (жоспары)



      Шартты белгілер: __________ жобаланып отырған әкімшілік-аумақтық бірлік

      __________ шектес әкімшілік-аумақтық бірлік

      Жоспар құрылды: __________________________________________________________

      (заңды тұлғаның атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі / жеке тұлғаның аты,

      әкесінің аты (бар болса), тегі, жеке сәйкестендіру нөмірі)

      Басшы _____________________________________________ ________

      (аты, әкесінің аты (бар болса),тегі)             (қолы)

      Жоспардың жасалған күні: 20___ жылғы "____" _______

  Әкімшілік-аумақтық
бірліктердің жобаланатын
шекараларының координаттары
ведомосін салыстырып-
тексеру актісіне
2-қосымша
  Нысан

Әкімшілік-аумақтық бірліктердің жобаланатын шекараларының координаттары мен жақтары ұзындығының жиынтық ведомосі

Нүкте нөмірі

Координаттары

Ұзындығы (метр)

X

Y

1




2




3




4




      Периметрі, метр: _______

      Ауданы, гектар _______

      Ведомості жасаған: _________________________________________________

      (заңды тұлғаның атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі/жеке тұлғаның аты,

      әкесінің аты (бар болса), тегі, жеке сәйкестендіру нөмірі)

      Басшы ____________________________________________       ________

      (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі))             (қолы)

      Ведомостің жасалған күні: 20___ жылғы "____" _______.

      *Басшының қолы ("Азаматтарға арналған үкімет"" мемлекеттік корпорациясы арқылы жүгінген кезде)/Басшының электрондық цифрлық қолтаңбасы ("электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы жүгінген кезде)

  "Әкімшілік-аумақтық
бірліктердің жобаланатын
шекараларын жылжымайтын
мүліктің бірыңғай мемлекеттік
кадастры ақпараттық жүйесінің
графикалық деректерімен
келісу" мемлекеттік қызметін
көрсету қағидаларына
3-қосымша
  Нысан
  Кімге _____________________
(жеке тұлғаның аты, әкесінің ат
(бар болса), тегі/заңды
тұлғаның атауы

Әкімшілік-аумақтық бірліктердің жобаланатын шекараларының координаттары ведомосінің сәйкессіздігі туралы акті №___

      Ұсынылған жобаланатын әкімшілік-аумақтық бірліктің жобаланатын шекаралары

      координаттарының және жақтарының ұзындықтары ведомосін мынадай деректермен

      салыстырып-тексеру нәтижелері бойынша:

      Әкімшілік-аумақтық бірліктің кадастрлық коды (бар болса) ____

      Әкімшілік-аумақтық бірліктің әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуішінің

      (ӘАОЖ) коды (бар болса) ______________________

      (қолданыстағы әкімшілік-аумақтық бірліктің шекаралары өзгерген кезде көрсетіледі)

      Әкімшілік-аумақтық бірліктің ауданы, гектар: ______________

      Әкімшілік-аумақтық бірліктің орналасқан жері: ______________

      Жобаны әзірлеуші туралы ақпарат: ______________

      (заңды тұлғаның атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі/жеке тұлғаның тегі,

      аты, әкесінің аты (бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі)

      Әзірленген күні: 20___ жылғы "___" ___________.

      Жобаланатын әкімшілік-аумақтық бірлік шекараларының әкімшілік-аумақтық

      бірліктің ұсынылған координаттары бойынша жылжымайтын мүліктің бірыңғай

      мемлекеттік кадастрының ақпараттық жүйесінің графикалық деректеріне (шекаралар

      қабаттасыу, сызықтар өлшемдері) сәйкес келмеуі анықталды.

      Қосымша: әкімшілік-аумақтық бірліктің жобалатын шекараларының жылжымайтын

      мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының ақпараттық жүйесінің графикалық

      деректеріне сәйкес келмеу (қабаттасу) схемасы және әкімшілік-аумақтық бірліктің

      жобаланатын шекараларының координаттары мен жақтары ұзындықтарының жиынтық

      ведомосі.

      Сәйкессіздік анықталды: ___________________________________________

      Ерекше белгілер __________________________________________________

      (бұрын жобаланған әкімшілік-аумақтық бірлікке қабаттасу бар;

      жобаланатын әкімшілік-аумақтық бірлік екі немесе одан да көп облыс

      шекараларында орналасқан)

      Салыстырып -тексеруді жүргізген: __________________________________

      (маманның аты, әкесінің аты (бар болса) тегі)

      Салыстырып- тексерілген күні: 20___ жылғы "___" ___________.

      ________________________________________________________________

      басшының қолы ("Азаматтарға арналған үкімет"" мемлекеттік корпорациясы

      арқылы жүгінген кезде)/басшының электрондық цифрлық қолтаңбасы

      ("электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы жүгінген кезде)

  №__ жобаланатын әкімшілік-
аумақтық бірлік
координаттарының
сәйкес келмеу актісіне
1-қосымша
  Нысан

Жобаланатын әкімшілік-аумақтық бірлік шекараларының жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры ақпараттық жүйесінің графикалық деректеріне сәйкес келмеу (қабаттасу) схемасы



      Шартты белгілер:

      __________ жобаланатынәкімшілік-аумақтық бірлік;

      __________ іргелес әкімшілік-аумақтық бірлік;

      __________ қабаттасу;

      __________ сәйкессіздік

      Қабаттасудың жалпы алаңы, гектар:__________.

      Басшының қолы ("Азаматтарға арналған үкімет"" мемлекеттік корпорациясы арқылы жүгінген кезде)/басшының электрондық цифрлық қолтаңбасы ("электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы жүгінген кезде).

  №__ жобаланатын әкімшілік-
аумақтық бірлік
координаттарының
сәйкес келмеу актісіне
2-қосымша
  Форма

Жобаланатын әкімшілік-аумақтық бірлік шекараларының координаттары мен жақтары ұзындығының жиынтық ведомосі

Нүкте нөмірі

Координаттары

Ұзындығы (метр)

X

Y

1




2




3




4




      Периметрі, метр: _______

      Ауданы, гектар _______

      Ведомості жасаған:

      _________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (ұйымның атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі/жеке тұлғаның аты, әкесінің аты

      (бар болса), тегі, жеке сәйкестендіру нөмірі)

      Мөр орны * ________

      ____________________________________________________________________

      _________________________________________________________

      (қолы)             (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      Ведомость жасалған күні: 20___ жылғы " " _______.

      * Басшының қолы ("Азаматтарға арналған үкімет"" мемлекеттік корпорациясы арқылы жүгінген кезде)/басшының электрондық цифрлық қолтаңбасы ("электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы жүгінген кезде)

  "Әкімшілік-аумақтық
бірліктердің жобаланатын
шекараларын жылжымайтын
мүліктің бірыңғай мемлекеттік
кадастры ақпараттық жүйесінің
графикалық деректерімен
келісу" мемлекеттік қызметін
көрсету қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарлама

      Құрметті _______________

      Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің

      73-бабының 1-тармағына сәйкес осы хабарламамен Сізге "Жобаланатын

      әкімшілік-аумақтық бірліктерін жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік

      кадастры ақпараттық жүйесінің графикалық деректерімен келісу" мемлекеттік

      қызмет көрсетуден бас тартылғаны туралы хабарлаймыз, өйткені:

      ________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (бас тарту себебін санамалау)

      Бас тарту мәселесі бойынша тыңдалым осы хабарлама жіберілген күннен

      бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кейін жүзеге асырылады, онда Сіз осы шешім

      бойынша өз ұстанымыңызды білдіре аласыз (керектісін жазу керек):

      ____________________________________________________________________

      (тыңдалым өткізу күні мен уақыты, тыңдалым өткізу орны (тәсілі):

      мекенжайы бойынша ғимаратта:/бейнеконференцбайланыс /өзге де коммуникация

      құралдары арқылы)

      Көрсетілетін қызметті беруші____________________________________

      _________________________________________________________________

      (басшының қолы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) немесе басшының

      электрондық цифрлық қолтаңбасы).

      20___ жылғы "____" _____________

  Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
2024 жылғы 8 тамыздағы
№ 269 бұйрығына
5-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2020 жылғы 1 қазандағы
№ 301 бұйрығына
20-қосымша

"Жер учаскесіне жалдау шартының телнұсқасын беру туралы" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Жер учаскесіне жалдау шартының телнұсқасын беру туралы" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1-тармақшасына сәйкес әзірленді және "Жер учаскесіне жалдау шартының телнұсқасын беру туралы" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) жергілікті атқарушы органдардың шешімдері – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің жер учаскесіне құқық беру туралы құқықтық актілері;

      2) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі;

      3) жер учаскесі – Қазақстан Республикасының Жер кодексінде белгіленген тәртіппен жер қатынастары субъектілеріне бекітіліп берілетін, тұйық шекара ішінде бөлінген жер бөлігі;

      4) "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесін білдіретін ақпараттық жүйе;

      5) "электрондық үкіметтің" веб-порталындағы пайдаланушының кабинеті (бұдан әрі – жеке кабинет) – "электрондық үкіметтің" веб-порталының жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік органдармен электрондық нысанда қызметтер көрсету мәселелері, көрсетілген тұлғалардың өтініштерін қарайтын субъектілерге қатысты мәселелер, сондай-ақ дербес деректерді пайдалану мәселелері бойынша ресми ақпараттық өзара іс-қимылына арналған құрамдасы;

      6) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.

      "Жер учаскесіне жалдау шартының телнұсқасын беру туралы" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) осы Қағидаларға қосымшада көрсетілген.

      4. Тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы не портал арқылы жүзеге асырылады.

      5. Жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не жылжымайтын мүлікке меншік құқығын растайтын дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы, жер учаскесіне құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттары туралы мәліметтерді, көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы сұратады.

      Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттарды порталда тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы бір реттік құпиясөзді беру арқылы немесе портал хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы ұсынылған құжат иесінің келісуі болған жағдайда, іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      6. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері 15 (он бес) минут ішінде өтінішті қабылдайды және тіркейді және оны көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қарар жазуға жібереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде жеке кабинетке мемлекеттік қызметті көрсетуге сұранымның қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы Тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолдану мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.

      7. Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы не оны алмастыратын адам өтініштің мазмұнымен танысады, қарар жазады және құжаттар қабылданған күні жауапты орындаушыны айқындайды.

      Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы өтініш тіркелген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде:

      1) өтініште қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыстығын тексереді және жер учаскесіне жалдау шартының болуын тексереді;

      2) жер учаскесіне жалдау шартының телнұсқасын не мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тартуды дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жібереді.

      Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы келіп түскен күні мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне қол қояды.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы беріледі не портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жіберіледі.

      8. Көрсетілетін қызметті беруші Тізбенің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.

      9. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректердің мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізілуін қамтамасыз етеді.

      10. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі осы Қағидалар бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторына, көрсетілетін қызметті берушіге және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.

      11. Ақпараттық жүйе істен шыққан кезде көрсетілетін қызметті беруші ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға жауапты көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің жұмыскерін дереу хабардар етеді.

      Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға жауапты жұмыскер техникалық проблема туралы хаттама жасайды және оған көрсетілетін қызметті беруші қол қояды.

3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      12. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.

      Шағым Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 91-бабына сәйкес келіп түскен жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші оны келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды қарайтын органға жібереді. Көрсетілетін қызметті беруші 3 (үш) жұмыс күні ішінде қолайлы акт қабылданған, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік іс-әрекет жасалған жағдайда, шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік органға және (немесе) лауазымды адамға) шағымды жібермейді.

      13. Көрсетілетін қызметті алушының шағымын Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес:

      көрсетілетін қызметті беруші – тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

      мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – ол тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауға тиіс.

      Көрсетілетін қызметті берушінің, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес:

      1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;

      2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда, 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.

      Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, шағымды қарау жөнінде өкілеттік берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды берген көрсетілетін қызметті алушыға жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) ұзарту себебін көрсете отырып шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы хабарлайды.

      14. Егер заңда өзгеше көзделмесе, ҚР ӘРПК 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.

  "Жер учаскесіне жалдау
шартының телнұсқасын
беру туралы"
мемлекеттік қызметін
көрсету қағидаларына
қосымша

"Жер учаскесіне жалдау шартының телнұсқасын беру туралы" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал).

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

2 (екі) жұмыс күні ішінде.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде.

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Жер учаскесіне жалдау шартының телнұсқасы (телнұсқа деген белгісімен) не мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту.

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін.

7

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда 13.00-14.30-ке дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбіден жұмаға дейін 9.00-ден 18.30-ға дейін;
2) порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.gov.kz интернет-ресурсында;
2) порталда орналастырылған.

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

көрсетілетін қызметті берушіге: осы Тізбеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесіне жалдау шартының телнұсқасын алуға арналған өтініш;
порталға: көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы жер учаскесіне жалдау шартының телнұсқасын алуға арналған өтініш; Жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы, жер учаскесіне құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттары туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы талап етеді.

9

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21366 болып тіркелген) бекітілген "Жер учаскесіне жалдау шартының телнұсқасын беру туралы" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы.

10

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қойылатын өзге де талаптар.

Көрсетілетін қызметті алушының қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ бірыңғай байланыс орталығы арқылы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары порталда көрсетілген. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.

  "Жер учаскесіне жалдау
шартының телнұсқасын
беру туралы"
мемлекеттік қызметін
көрсету қағидаларына
қосымша
  Нысан
  ___________ уәкілетті органына
(облыстың, қаланың, ауданның )
____________________________
(аты, әкесінің аты
(бар болса), тегі
____________________________
(жеке тұлғаның аты, әкесінің
аты (бар болса), тегі
____________________________
не заңды тұлғаның
толық атауы)
____________________________
(жеке сәйкестендіру нөмірі не
бизнес-сәйкестендіру нөмірі)
___________________________
(жеке тұлғаның немесе өкілдің
жеке басын куәландыратын
құжаттың деректемелері)
____________________________
(байланыс телефоны (бар болса),
___________________________
орналасқан жері
(заңды тұлғалар үшін)
не тұрғылықты мекенжайы
(жеке тұлғалар үшін))

Жер учаскесіне жалдау шартының телнұсқасын алуға арналған өтініш

      _____________________________________________________________________

      (мекенжайы (орналасқан жері), жер учаскесінің кадастрлық нөмірі)

      мекенжайы бойынша орналасқан, алаңы_______ гектар жер учаскесіне жалдау шартының телнұсқасын беруіңізді сұраймын.

      Дербес деректерімді және "Жер учаскесіне жалдау шартының телнұсқасын беру туралы" мемлекеттік қызметін алу үшін қажетті заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді жинауға және өңдеуге, оның ішінде үшінші тұлғаларға беруге келісім беремін.

      Дербес деректердің трансшекаралық берілуінің жоқтығы туралы, сондай-ақ жалпыға қолжетімді көздерде дербес деректердің таралуының жоқтығы туралы хабарлаймыз.

      Жиналатын деректер тізбесі: жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, заңды тұлғаның атауы, жеке сәйкестендіру нөмірі, бизнес сәйкестендіру нөмірі, электрондық почтасы, телефон нөмірі.

      Көрсетілетін қызметті алушының қолы (көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жүгінген кезде)/электрондық цифрлық қолтаңбасы ("электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы жүгінген кезде)

      20___жылғы "______" _________

  Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
2024 жылғы 8 тамыздағы
№ 269 бұйрығына
6-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2020 жылғы 1 қазандағы
№ 301 бұйрығына
21-қосымша

"Ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттар үшін ауыл шаруашылығы алқаптарын алып қою кезінде ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын айқындау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттар үшін ауыл шаруашылығы алқаптарын алып қою кезінде ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын айқындау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттар үшін ауыл шаруашылығы алқаптарын алып қою кезінде ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын айқындау" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының ақпараттық жүйесі – жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының Жер кодексінде және "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалатын, жер және құқықтық кадастрлардың мәліметтерін қамтитын ақпараттық жүйе;

      2) "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосылуға техникалық шарттар беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерге және электрондық түрде көрсетілетін квазимемлекеттік сектор субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесін білдіретін ақпараттық жүйе;

      3) "электрондық үкіметтің" веб-порталындағы пайдаланушының кабинеті (бұдан әрі – жеке кабинет) – жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік органдармен электрондық нысанда қызметтер көрсету мәселелері, көрсетілген тұлғалардың өтініштерін қарайтын субъектілерге жүгіну, сондай-ақ дербес деректерді пайдалану мәселелері бойынша ресми ақпараттық өзара іс-қимылына арналған "электрондық үкіметтің" веб-порталының құрамдасы;

      4) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдар жиынтығы.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      3. Мемлекеттік қызметті "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке немесе заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.

      "Ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттар үшін ауыл шаруашылығы алқаптарын алып қою кезінде ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын айқындау" мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген.

      4. Тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы не портал арқылы жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік қызметті қағаз түрінде көрсету кезінде өтініштер мен құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.

      5. Жеке басты куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші электрондық порталдың төлем шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден талап етеді.

      Көрсетілетін қызметті беруші цифрлық құжаттарды порталда тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы бір реттік құпиясөз беру немесе портал хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда, іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен алады.

      Көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне өтінімнің қабылданғаны туралы мәртебе және мемлекеттік қызметті көрсету күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      6. Операциялық залдың қызметкері (оператор) 30 (отыз) минут ішінде Тізбеде көрсетілген құжаттарды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады және 2 (екі) сағат ішінде курьер арқылы мемлекеттік қызметті орындауға жауапты құрылымдық бөлімшеге (бұдан әрі – ҚБ) береді.

      Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде жеке кабинетіне мемлекеттік қызметті көрсетуге сұранымның қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы Тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.

      7. ҚБ басшысы құжаттарды қабылдаған күні құжаттардың мазмұнымен танысады, қарар жазады және жауапты орындаушыны айқындайды;

      Жауапты орындаушы құжаттар тіркелген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде:

      1) мемлекеттік қызметті алушы үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыстығын тексереді;

      2) құжаттарды (мұрағаттың) жүйелеу және сақтау жөніндегі құрылымдық бөлімшеден көрсетілетін қызметті берушінің мұрағат материалдарын және жер-кадастрлық істерді сұратады, жер учаскесінің сапалық жай-күйі туралы мәліметтерді тексереді, материалдарды жинақтап қорытындылайды және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын айқындау актісін дайындайды және оны ҚБ басшысына жібереді.

      ҚБ басшысы ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын айқындау актісін тексереді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жібереді.

      Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын айқындау актісін тексереді және қол қояды.

      Құжаттарды беру жөніндегі құрылымдық бөлімшенің жауапты орындаушысы ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын айқындау актісін тіркейді және оны курьер арқылы береді не портал арқылы көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жібереді.

      Дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру жеке куәлікті не цифрлық құжаттар сервисінен (сәйкестендіру үшін) электрондық құжатты (не өкілеттігін растайтын құжат бойынша оның өкіліне) ұсынған кезде қолхат негізінде жүзеге асырылады.

      8. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарлама жіберіледі, онда көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдалым өткізудің уақыты мен орны (тәсілі) көрсетіледі.

      Тыңдалым туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі. Тыңдалым хабарлама жасалған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Тыңдалым нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші жер учаскелері туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету) туралы не мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      Тыңдалым нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жіберіледі не көрсетілетін қызметті беруші арқылы беріледі.

      9. Көрсетілетін қызметті беруші Тізбенің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.

      10. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректердің енгізілуін қамтамасыз етеді.

      11. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторына, көрсетілетін қызметті берушіге және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.

      12. Министрлік және көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидалар бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпаратты өзектендіреді және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.

      13. Ақпараттық жүйе істен шыққан кезде көрсетілетін қызметті беруші ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға жауапты көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің қызметкерін дереу хабардар етеді.

      Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға жауапты қызметкер техникалық проблема туралы хаттама жасайды және оған көрсетілетін қызметті беруші қол қояды.

3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      14. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.

      Шағым Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 91-бабына сәйкес келіп түскен жағдайда көрсетілетін қызметті беруші оны келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды қарайтын органға жібереді. Көрсетілетін қызметті беруші шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын қолайлы акт қабылданған, әкімшілік іс-әрекет жасалған жағдайда, шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді.

      15. Көрсетілетін қызметті алушының шағымын Заңның 25-бабының 2- тармағына сәйкес:

      көрсетілетін қызметті беруші – тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

      мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауы тиіс.

      Көрсетілетін қызметті берушінің, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес:

      1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;

      2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.

      Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, шағымды қарау мерзімі ұзартылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды қарау өкілеттігі берілген лауазымды адам, шағымды берген көрсетілетін қызметті алушыға шағымды қарау мерзімі ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағымды қағаз жеткізгіште берген кезде) немесе электрондық нысанда (шағымды электрондық түрде берген кезде) ұзарту себебін көрсете отырып хабарлайды.

      16. Егер заңда өзгеше көзделмесе, ҚР ӘРПК 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.

  "Ауыл шаруашылығын
жүргізуге байланысты емес
мақсаттар үшін ауыл
шаруашылығы алқаптарын
алып қою кезінде ауыл
шаруашылығы өндірісінің
шығындарын айқындау"
мемлекеттік қызметін
көрсету қағидаларына
1-қосымша

"Ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттар үшін ауыл шаруашылығы алқаптарын алып қою кезінде ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын айқындау" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).

2

Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері

1) көрсетілетін қызметті беруші;
2) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал).

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

3 (үш) жұмыс күні ішінде

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде.

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын айқындау актісі не мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту.

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің құны "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жер кадастрын жүргізу жөніндегі қызмет саласындағы мемлекеттік монополияға жатқызылған "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 16 қаңтардағы № 23/НҚ бұйрығына сәйкес белгіленген мөлшерде есептеледі.
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтін құнын төлеу екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол ақшамен және қолма-қол ақшасыз нысанда, сондай-ақ "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылады.

7

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

1) көрсетілетін қызметті беруші – Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мерекелік күндерден басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, Мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсететін кезекші бөлімдері дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін;
2) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.gov.kz интернет-ресурсында;
2) көрсетілетін қызметті берушінің www.gov4c.kz интернет-ресурсында;
3) порталда орналастырылған.

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Көрсетілетін қызметті берушіге:
1) осы Тізбеге қосымшаға сәйкес ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын айқындау туралы өтініш ;
2) жеке куәлік не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін).
Өкіл жүгінген жағдайда:
өкілдің жеке басын куәландыратын құжат, көрсетілетін қызметті алушыдан сенімхаттың немесе көрсетілетін қызметті алушы өкілінің өкілеттігін куәландыратын құжаттың көшірмесі не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) көрсетілетін қызметті алушының жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттың көшірмесі және ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттар үшін аударылатын ауыл шаруашылығы алқаптарының экспликациясы.
мемлекет жер учаскесіне құқық берген кезде:
ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттар үшін аударылатын ауыл шаруашылығы алқаптарының экспликациясын көрсете отырып, жер комиссиясының оң қорытындысымен жер учаскесін таңдау актісі және шекараларының схемасы;
Порталға:
1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен немесе көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланыс операторы ұсынған абоненттік нөмірі порталдың есептік жазбасына тіркелген және қосылған жағдайда бір реттік құпиясөзбен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш.
Өкіл жүгінген жағдайда –көрсетілетін қызметті алушыдан сенімхаттың немесе өкілдің өкілеттігін куәландыратын құжаттың көшірмесін көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады;
2) көрсетілетін қызметті алушының жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттың көшірмесі және ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттар үшін аударылатын ауыл шаруашылығы алқаптарының экспликациясы.
мемлекет жер учаскесіне құқық берген кезде: ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттар үшін аударылатын ауыл шаруашылығы алқаптарының экспликациясын көрсете отырып, жер комиссиясының оң қорытындысымен жер учаскесін таңдау актісі және шекараларының схемасы.
Жеке басты куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден талап етеді.

9

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін ұсынылған материалдардың, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21366 болып тіркелген) бекітілген "Ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттар үшін ауыл шаруашылығы алқаптарын алып қою кезінде ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын айқындау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге ұсынылатын келісімінің болмауы.

10

Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін өзге де талаптар

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті тікелей көрсетілетін қызметті беруші арқылы алу жер учаскесінің орналасқан жері бойынша жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда немесе көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланыс операторы ұсынған абоненттік нөмірі тіркелген және порталдың есептік жазбасына қосылған жағдайда бір реттік құпиясөзбен алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)" 379-бабы 3-тармағына сәйкес орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер актісіне қол қояды.
Көрсетілетін қызметті алушының порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алу мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары порталда көрсетілген. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.
Цифрлық құжаттар қызметі мобильді қосымшада авторландырылған пайдаланушылар үшін қолжетімді.
Цифрлық құжатты пайдалану үшін электрондық цифрлық қолтаңбаны немесе бір реттік құпиясөзді пайдалана отырып, мобильді қосымшада авторландырудан өту, бұдан әрі "цифрлық құжаттар" бөліміне өту және қажетті құжатты таңдау қажет.

  "Ауыл шаруашылығын
жүргізуге байланысты емес
мақсаттар үшін ауыл
шаруашылығы алқаптарын
алып қою кезінде ауыл
шаруашылығы өндірісінің
шығындарын айқындау"
мемлекеттік қызметін көрсету
қағидаларына қойылатын
негізгі талаптар тізбесіне
қосымша
  Нысан

Ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын айқындау туралы өтініш

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      (жер учаскесінің мекенжайы (орналасқан жері))

      мекенжайы бойынша _________ гектар алаңда орналасқан жер учаскесі бойынша ауыл

      шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттар үшін ауыл шаруашылығы

      алқаптарын алып қою кезінде ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын

      айқындауды сұраймын.

      Жер учаскесінің кадастрлық нөмірі (бар болса) _______________________

      "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес

      акционерлік қоғамына (бизнес-сәйкестендіру нөмірі 180541001313) дербес

      деректерімді және "Ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттар үшін

      ауыл шаруашылығы алқаптарын алып қою кезінде ауыл шаруашылығы өндірісінің

      шығындарын айқындау" мемлекеттік қызметін алу үшін қажетті заңмен қорғалатын

      құпияны құрайтын мәліметтерді жинауға және өңдеуге, оның ішінде үшінші тұлғаларға

      беруге келісім беремін.

      Дербес деректердің трансшекаралық берілуінің жоқтығы туралы, сондай-ақ жалпыға

      қолжетімді көздерде дербес деректердің таралуының жоқтығы туралы хабарлаймыз.

      Жиналатын деректер тізбесі: жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, заңды

      тұлғаның атауы, жеке сәйкестендіру нөмірі, бизнес сәйкестендіру нөмірі, электрондық

      почтасы, телефон нөмірі.

      Көрсетілетін қызметті алушы

      ________________________________________________________

      (жеке тұлғаның не заңды тұлғаның уәкілетті өкілінің аты, әкесінің аты (бар болса),

      тегі, электрондық цифрлық қолтаңбасы)

      Қабылданған құжаттардың тізбесі (атауы, қашан және кім берді):

      1. ___________________________________________________________

      2. ___________________________________________________________

      3. ___________________________________________________________

      4. ___________________________________________________________

      Байланыс телефоны _________________________________________________

      Ескерту ____________________________________________________________

      20__ жылғы "___"__________.

  "Ауыл шаруашылығын
жүргізуге байланысты емес
мақсаттар үшін ауыл
шаруашылығы алқаптарын
алып қою кезінде ауыл
шаруашылығы өндірісінің
шығындарын айқындау"
мемлекеттік қызметін
көрсету қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын айқындау актісі

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________

      (жер пайдаланушы (меншік иесі)

      __________________________________________________________________________

      _________________________________________________

      (нысаналы мақсаты)

      ________________________________________________________________________

      _____________________________________________________

      (орналасқан жері, алаңы (гектар))

Ауыл шаруашылығы алқабының атауы

Топырақ типінің атауы

Ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын өтеу нормативі (теңге)

Алаңы
(гектар)

Ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын өтеу сомасы (теңге) (4-баған х 5-баған=)

1

2

3

4

5

6

























Барлығы:

      "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы"

      коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының басшысы _____________

      ______________________________________________________________________

      ______________________________________________________________________

      (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) (қолы) Мөрдің орны (бар болса)

      Күні: 20___ жылғы "____" _______.

      Келісілді:

      ______________________________________________________________________

      ______________________________________________________________________

      (жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі немесе заңды тұлғаның атауы)

      Орындаушының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі

      _______________ _________________

      (қолы)       (күні)

  "Ауыл шаруашылығын
жүргізуге байланысты емес
мақсаттар үшін ауыл
шаруашылығы алқаптарын
алып қою кезінде ауыл
шаруашылығы өндірісінің
шығындарын айқындау"
мемлекеттік қызметін
көрсету қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарлама

      Құрметті _______________

      Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің

      73-бабының 1-тармағына сәйкес осы хабарламамен |Сізге "Ауыл

      шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттар үшін ауыл шаруашылығы

      алқаптарын алып қою кезінде ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын

      айқындау" мемлекеттік қызметін көрсетуден бас тартылатынын хабарлаймыз,

      өйткені:

      ____________________________________________________________________

      (бас тарту себептері)

      Бас тарту мәселесі бойынша тыңдалым осы хабарлама жіберілген күннен бастап

      2 (екі) жұмыс күнінен кейін жүзеге асырылады, онда Сіз осы шешім бойынша

      өз ұстанымыңызды білдіре аласыз (қажеттісін жазу керек):

      _______________________________________________________________

      (тыңдалым өткізу күні мен уақыты, тыңдалымды өткізу орны (тәсілі): ғимаратта

      мекенжай бойынша:/бейнеконференцбайланыс/өзге де коммуникация құралдары

      арқылы) Көрсетілетін қызметті беруші _______________________________________

      (басшының электрондық цифрлық қолтаңбасы/қолы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      20___ жылғы "____" _______.