Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 6 қазанда № 21366 болып тіркелді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5 т. қараңыз

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 19.06.2023 № 236 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес "Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес "Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес "Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекіту" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;

      4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес "Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;

      5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес "Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;

      6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес "Жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын дайындау және беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;

      7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес "Жер учаскесінің сапалы жай-күйі туралы мәліметтер беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;

      8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес "Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға түпкілікті шешім беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;

      9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес "Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;

      10) осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес "Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;

      11) осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес "Жобаланатын жер учаскесін жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры ақпараттық жүйесінің графикалық деректерімен келісу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;

      12) осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес "Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;

      13) осы бұйрыққа 13-қосымшаға сәйкес "Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;

      14) осы бұйрыққа 14-қосымшаға сәйкес "Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;

      15) осы бұйрыққа 15-қосымшаға сәйкес "Жер учаскесін алу үшін кезекке қою" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;

      16) осы бұйрыққа 16-қосымшаға сәйкес "Жер учаскелері туралы мәліметтерді өзекті ету (түзету)" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      17) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 08.08.2024 № 269 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      17) осы бұйрыққа 17-қосымшаға сәйкес "Республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқықтар алу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары бекітілсін.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      18), 19), 20), 21) тармақшалармен толықтыру көзделген - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 08.08.2024 № 269 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 01.08.2023 № 287 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы бұйрыққа 16-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
С. Омаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2020 жылғы 1 қазандағы
№ 301 бұйрығына
1-қосымша

"Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 19.06.2023 № 236 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1-тармақшасына сәйкес әзірленді және "Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;

      2) жергілікті атқарушы органдардың шешімдері – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің жер учаскесіне құқық беру туралы құқықтық актілері;

      3) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, елорданың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі;

      4) жер учаскесі – Қазақстан Республикасының Жер кодексінде (бұдан әрі – Кодекс) белгіленген тәртіппен жер қатынастары субъектілеріне бекітіліп берілетін, тұйық шекара ішінде бөлінген жер бөлігі;

      5) "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе;

      6) "электрондық үкіметтің" веб-порталындағы пайдаланушының кабинеті (бұдан әрі – жеке кабинет) – "электрондық үкіметтің" веб-порталының жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік органдармен электрондық нысанда қызметтер көрсету мәселелері, көрсетілген тұлғалардың өтініштерін қарайтын субъектілерге қатысты мәселелер, сондай-ақ дербес деректерді пайдалану мәселелері бойынша ресми ақпараттық өзара іс-қимылына арналған құрамдасы;

      7) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 29.02.2024 № 82 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қалалардың әкімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.

      "Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген.

      4. Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту туралы өтінішті және Тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдау портал арқылы жүзеге асырылады.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.

      5. Жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не жылжымайтын мүлікке меншік құқығын растайтын дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы, жер учаскесіне құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттары туралы, жер учаскесіне ауыртпалықтың жоқтығы туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден талап етеді.

      Пайдаланушының порталда тіркелген абоненттік ұялы байланыс нөмірі арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған кезде көрсетілетін қызметті беруші цифрлық құжаттарды іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен бір реттік құпиясөзді беру арқылы немесе порталдың хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы алады.

      Дербес деректерді және ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді өңдеуді көрсетілетін қызметті беруші порталда тіркеген кезде көрсетілетін қызметті алушының келісімімен жүзеге асырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      6. Портал арқылы жүгінген кезде:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері 15 (он бес) минут ішінде ұсынылған құжаттарды қабылдап, тіркеуден өткізіп, көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қарар жазуына жолдайды.

      Көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе және мемлекеттік қызметті көрсету күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы не оны алмастырушы тұлға құжаттар мазмұнымен танысып, қарар жазады және 1 (бір) жұмыс күні ішінде жер учсакесін жалдау мерзімін ұзарту туралы өтінішті шаруа немесе фермер шаруашылығын немесе ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзартқан жағдайда – жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органға не объект салу үшін ұсынылған жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзартқан жағдайда – сәулет және қала құрылысы саласындағы құрылымдық бөлімшеге жолдайды;

      3) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның не сәулет және қала құрылысы саласындағы құрылымдық бөлімшенің басшысы құжаттарды қарайды және 1 (бір) сағат ішінде жауапты орындаушыны тағайындайды.

      4) объект салу үшін берілген жер учаскелері бойынша сәулет және қала құрылысы саласындағы уәіклетті органның жауапты орындаушысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде жер учаскесін кадастрлық құжаттама арқылы сәйкестендіреді, сәулеттік-жоспарлау тапсырмасы талаптарының сақталуын тексереді, қорытынды дайындайды және жер қатынастары саласындағы уәкілетті органға жолдайды;

      5) шаруа немесе фермер шаруашылығын немесе ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері бойынша жер қатынастары саласындағы уәкілетті органның жауапты орындаушысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде Мемлекеттік корпорацияға жер учаскесінің шекараларының өзгермегені туралы мәліметтерді жолдау туралы сұраным жолдайды, шаруа немесе фермер шаруашылығын немесе ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ұсынылған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің пайдаланылуы туралы монититорингтің нәтижелерін қарастырады;

      6) Мемлекеттік корпорация 2 (екі) жұмыс күні ішінде жер учаскесінің шекаралары туралы мәліметтерді көрсете отырып тиісті қорытынды ұсынады;

      7) мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға негіздер болмаған жағдайда, жер қатынастары жөніндегі уәілетті органның жауапты орындаушысы қорытындылар келіп түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде оларды жинақтап қорытындылайды, жер учаскесіне уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) пайдалану (жалдау) құқығын беру туралы шешімінің жобасын әзірлейді;

      8) жер қатынастары саласындағы уәкілетті органның басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде жер учаскесіне уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану (жалдау) құқығын беру туралы шешімнің жобасымен келіседі;

      9) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде жер учаскесіне уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану (жалдау) құқығын беру туралы шешім жобасына қол қояды. Көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесіне уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану (жалдау) құқығын беру туралы шешімінің көшірмесі жер қатынастары саласындағы уәкілетті органға уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану (жалдау) шартын жасау үшін жолданады;

      10) жер қатынастары саласындағы уәкілетті органның жауапты орындаушысы 3 (үш) жұмыс күні ішінде жер учаскесіне уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану (жалдау) шартын әзірлейді;

      11) жер қатынастары саласындағы уәкілетті органның басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде жер учаскесін уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану (жалдау) туралы шартқа қол қояды;

      12) көрсетілетін қызметті беруішінің жер учаскесіне уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану (жалдау) құқығын беру туралы шешімі және жер қатынастары саласындағы уәкілетті орган басшысының қолы қойылған жер учаскесін уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану (жалдау) туралы шарт портал арқылы көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жолданады.

      7. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарлама жіберіледі, онда көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдалым өткізу уақыты мен орны (тәсілі) көрсетіледі.

      Тыңдалым туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі. Тыңдалым хабарлама жасалған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Тыңдалым нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші жер учаскесіне уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру туралы шешім, уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану (жалға алу) туралы шарт жасау не мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы беріледі.

      8. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректердің мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізілуін қамтамасыз етеді.

      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі осы Қағидалар бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторына, көрсетілетін қызметті берушіге және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.

      9. Ақпараттық жүйе істен шыққан кезде көрсетілетін қызметті беруші ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға жауапты көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің жұмыскерін дереу хабардар етеді.

      Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға жауапты жұмыскер техникалық проблема туралы хаттама жасайды және оған көрсетілетін қызметті беруші қол қояды.

      10. Көрсетілетін қызметті беруші Тізбенің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.

3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.

      Шағым Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 91-бабының 4-тармағына сәйкес келіп түскен жағдайда көрсетілетін қызметті беруші оны келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды қарайтын органға жібереді. Көрсетілетін қызметті беруші 3 (үш) жұмыс күні ішінде қолайлы акт қабылданған, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік іс-әрекет жасалған жағдайда шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік органға және (немесе) лауазымды адамға) шағымды жібермейді.

      12. Көрсетілетін қызметті алушының шағымын Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес:

      көрсетілетін қызметті беруші – тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

      мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – ол тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауы тиіс.

      Көрсетілетін қызметті берушінің, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес:

      1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;

      2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.

      Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, шағымды қарау жөнінде өкілеттік берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды берген көрсетілетін қызметті алушыға жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) ұзарту себебін көрсете отырып шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы хабарлайды.

      13. Егер заңда өзгеше көзделмесе, ҚР ӘРПК 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.

  "Жер учаскесін жалдау
мерзімін ұзарту"
мемлекеттік қызметін
көрсету қағидаларына
1-қосымша

"Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Облыстардың, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының, аудандарының, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қалалардың әкімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал).

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

10 (он) жұмыс күні ішінде

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде.

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Көрсетілетін қызметті беруішінің жер учаскесіне уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану (жалдау) құқығын беру туралы шешімі және уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану (жалдау) шарты не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін.

7

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда 13.00-14.30-ке дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбіден жұмаға дейін 9.00-ден 18.30-ға дейін;
2) порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.gov.kz интернет-ресурсында;
2) порталда орналастырылған.

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

көрсетілетін қызметті берушіге:
1) "Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту туралы өтініш;
2) сәйкестендіру құжатының көшірмесі (жер учаскесіне уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру актісі не жер-кадастрлық жоспар);
3) жер учаскесін уақытша (қысқа мерзімді ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалануға (жалға алуға) жасалған шарттың көшірмесі;
порталға:
1) қызмет алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту туралы өтініш;
2) сәйкестендіру құжатының көшірмесі (жер учаскесіне уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру актісі не жер-кадастрлық жоспар);
3) жер учаскесін уақытша (қысқа мерзімді ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалануға (жалға алуға) жасалған шарттың көшірмесі.

9

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-бабы 3-тармағының алтыншы бөлігінде, 37-бабының 2-тармағының бірінші бөлігінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

10

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қойылатын өзге де талаптар.

Көрсетілетін қызмет алушының қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ бірыңғай байланыс орталығы арқылы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары порталда көрсетілген. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.

  "Жер учаскесін жалдау
мерзімін ұзарту"
мемлекеттік қызметін көрсету
қағидаларына
2-қосымша
Нысан
  _______________________әкімі
  (облыстың, қаланың, ауданның)
  ____________________________
  (аты, әкесінің аты (бар болса),
  тегі
  ____________________________
  (жеке тұлғаның аты, әкесінің
  аты (бар болса), тегі
  ____________________________
  заңды тұлғаның толық атауы)
  ____________________________
  (жеке сәйкестендіру номері
  немесе бизнес-сәйкестендіру
  номері)
  ____________________________
  (жеке тұлғаның немесе заңды
  тұлға өкілінің жеке басын
  куәландыратын құжаттың
  деректемелері)
  ____________________________
  (байланыс телефоны (бар болса),
  ____________________________
  орналасқан жері (заңды тұлғалар
  үшін) не тұрғылықты
  мекенжайы (жеке тұлғалар
  үшін)

Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзартуға өтініш

      ________________________________________________________________мекенжайы

      (мекенжайы (орналасқан жері), жер учаскесінің кадастрлық нөмірі)

      бойынша орналасқан, алаңы______________________________ гектар жер учаскесіне

      _______________________ жылға ________________________________үшін уақытша

      (жер учаскесінің нысаналы мақсаты)

      (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану (жалдау) құқығын

      беруіңізді сұраймын.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді

      пайдалануға келісемін.

      __________________________________________________________________________

      Көрсетілетін қызметті алушының қолы (көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне

      жүгінген кезде/электрондық цифрлық қолтаңбасы ("электрондық үкіметтің"

      веб-порталы арқылы жүгінген кезде)

      20___жылғы " ______" _________

  "Жер учаскесін жалдау
мерзімін ұзарту" мемлекеттік
қызметін көрсету
қағидаларына
3-қосымша
Нысан

Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарлама Құрметті _______________

      Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабының 1-тармағына сәйкес осы хабарламамен Сізге "Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту" мемлекеттік қызметін көрсетуден бас тартылғаны туралы хабарлаймыз, өйткені:

      _______________________________________________________________

      (бас тарту себептерін санамалау)

      Бас тарту мәселесі бойынша тыңдалым осы хабарлама жіберілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кейін жүзеге асырылады, онда Сіз осы шешім бойынша өз ұстанымыңызды білдіре аласыз (қажеттісін жазыңыз):

      (тыңдалым өткізу күні мен уақыты, тыңдалым өткізу орны (тәсілі):

      мекенжайы бойынша ғимаратта: / бейнеконференцбайланыс/өзге де коммуникация

      құралдары арқылы)

      Көрсетілетін қызметті беруші ______________________________________________

      (басшының қолы/электрондық цифрлық қолтаңбасы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      20 жылғы " "

  Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2020 жылғы 1 қазандағы
№ 301 бұйрығына
2-қосымша

"Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 01.08.2023 № 287 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;

      2) жер учаскесі – Қазақстан Республикасының Жер кодексінде (бұдан әрі – Кодекс) белгіленген тәртіппен жер қатынастары субъектілеріне бекітіліп берілетін, тұйық шекара ішінде бөлінген жер бөлігі;

      3) жер учаскесіне сәйкестендіру құжаты – жер, құқықтық және қала құрылысы кадастрларын жүргізу мақсатында қажетті жер учаскесінің сәйкестендіру сипаттамаларын қамтитын құжат;

      4) жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны – мемлекет жер учаскесін немесе оны жалға алу құқығын сатқан кезде қолданылатын, инфляцияның жалпы деңгейі туралы ресми статистикалық ақпаратқа сәйкес кезең-кезеңімен нақтыланатын жер учаскелері үшін төлемақының базалық мөлшерлемелері және олардың түзету коэффициенттері негізінде айқындалатын жер учаскесінің есептеу құны;

      5) мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – МЖК ААЖ) – жер учаскелерінің, оның ішінде олардың шекаралары туралы сапалық және сандық сипаттамаларды, сондай-ақ жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылар туралы мәліметтерді қамтитын, мемлекеттік жер кадастрын жүргізуге арналған ақпараттық жүйе;

      6) "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе;

      7) "электрондық үкіметтің" веб-порталындағы пайдаланушының кабинеті (бұдан әрі – жеке кабинет) – "электрондық үкіметтің" веб-порталының жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік органдармен электрондық нысанда қызметтер көрсету мәселелері, көрсетілген тұлғалардың өтініштерін қарайтын субъектілерге қатысты мәселелер, сондай-ақ дербес деректерді пайдалану мәселелері бойынша ресми ақпараттық өзара іс-қимылына арналған құрамдасы;

      8) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) – төлемдерді электрондық нысанда көрсетілетін өтеулі қызметтер көрсету шеңберінде жүргізу туралы ақпарат беру процестерін автоматтандыратын ақпараттандыру объектісі;

      9) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 29.02.2024 № 82 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      3. Мемлекеттік қызметті "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.

      "Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген.

      4. Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау туралы өтінішті және Тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдау көрсетілетін қызметті беруші арқылы не портал арқылы жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік қызмет қағаз тасығышта көрсетілген жағдайда, өтініш пен құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.

      Көрсетілетін қызметті алушы Тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.

      5. Жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не жылжымайтын мүлікке меншік құқығын растайтын дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы, жер учаскесіне құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттары туралы, жер учаскесіне ауыртпалықтың жоқтығы туралы, мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін төлем туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден ЭҮТШ арқылы талап етеді.

      Пайдаланушының порталда тіркелген абоненттік ұялы байланыс нөмірі арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған кезде көрсетілетін қызметті беруші цифрлық құжаттарды іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен бір реттік құпиясөзді беру арқылы немесе порталдың хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы алады.

      Дербес деректерді және ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді өңдеуді көрсетілетін қызметті беруші порталда тіркелген кезде көрсетілетін қызметті алушының келісімімен жүзеге асырады.

      Көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе және мемлекеттік қызметті көрсету күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      6. Көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде:

      1) операциялық залдың жұмыскері (операторы) Қағидаларда көрсетілген құжаттарды қабылдаған күні, оларды 30 (отыз) минут ішінде қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады.

      2) операциялық залдың жұмыскері (операторы) көрсетілетін қызметті алушыдан алынған құжаттарды құжаттар келіп түскен күні 2 (екі) сағат ішінде курьер арқылы көрсетілетін қызметті көрсетуге жауапты құрылымдық бөлімшеге (бұдан әрі – ҚБ) жібереді;

      3) ҚБ басшысы құжаттардың мазмұнымен танысады, бұрыштама қояды және 30 (отыз) минут ішінде қызметтің орындалуына жауапты жұмыскерді анықтайды;

      4) ҚБ жұмыскері құжаттарды тіркеген күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде: көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) түпнұсқалығын тексереді және МЖК ААЖ дерекқоры бойынша жер учаскесін сәйкестендіреді.

      Елді мекендер шетінде орналасқан жер учаскелері үшін елді мекеннің және бағалау аймақтарының шекаралары белгіленген жағдайда 4 минут ішінде жұмысты жүргізуге қажетті құжаттардың бар-жоғы тексеріледі, 12 минут ішінде кестелер мен қабаттардан (елді мекеннің шекаралары, бағалау аймақтары және басқа да анықтамалықтар) ақпарат жиналады, осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын есептеу және жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын анықтау актісін (бұдан әрі – жер учаскесі құнының актісі) қалыптастыру жүзеге асырылады.

      Егер елді мекеннің шетіндегі жер учаскесі МЖК ААЖ қабаттарында (елді мекеннің шекаралары, бағалау аймақтары және басқа да анықтамалықтар) көрсетілмесе, бірақ "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуден өткен жер учаскесіне сәйкестендіру құжаты болса, онда кадастрлық бағалау құны 3 (үш) жұмыс күні ішінде есептеледі.

      Елді мекеннің шетінде ортақ үлестік меншіктегі немесе ортақ үлестік жер пайдаланудағы жер учаскесіндегі жер үлесінің кадастрлық бағалау құнын анықтау үшін жүгінген кезде жер учаскесінің сұратылған бөлігі үшін кадастрлық бағалау құны елді мекеннің белгіленген шекаралары мен бағалау аймақтары болмаған жағдайлар кезіндегідей есептеледі.

      Елді мекеннің және бағалау аймақтарының белгіленген шекаралары болмаған және елді мекендер шекараларынан тыс орналасқан жер учаскелері бойынша құжаттар келіп түскен жағдайда 3 (үш) жұмыс күні ішінде МЖК ААЖ дерекқоры бойынша жер учаскесін сәйкестендіреді, қажет болған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды жүйелеу және сақтау жөніндегі құрылымдық бөлімшесінен (мұрағаттан) мұрағат істерін, (жер-кадастрлық істерін, топырақ, геоботаникалық тексеру және мемлекеттік қызметті көрсетуге қажетті басқа материалдарын) сұратады, түзету коэффициентінің есептемесін жасайды, кадастрлық (бағалау) құнын айқындап, жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау туралы акт дайындайды.

      Елді мекендер шегінен тыс орналасқан, құрылыс салуға, ғимараттарға қызмет көрсетуге және басқа да мақсаттарға және ауыл шаруашылығы мақсаты үшін берілетін жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындауға өтініш келіп түскен жағдайда кадастрлық (бағалау) құнын айқындау және жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау туралы актісін дайындау 3 (үш) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады;

      мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту негіздері болмаған жағдайда, ҚБ қызметкері жоғарыда көрсетілген мерзімде жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау туралы актісін дайындайды және ҚБ басшысына немесе оны алмастыратын тұлғаға жолдайды;

      5) ҚБ басшысы немесе оны алмастыратын тұлға жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау туралы актісін 30 (отыз) минут ішінде тексереді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жолдайды;

      6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау актісін 6 (алты) сағат ішінде тексереді және оған қол қояды;

      7) құжаттарды беру бойынша жауапты ҚБ қызметкері 2 (екі) сағат ішінде жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау актісін беру үшін курьер арқылы жібереді;

      8) көрсетілетін қызметті алушыға дайын құжаттарды беру қолхат негізінде жеке куәлікті немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжатты (сәйкестендіру үшін) (немесе өкілеттігін растайтын құжат арқылы сенімді өкіліне) ұсынған кезде жүзеге асырылады.

      Порталға жүгінген кезде:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері құжаттар келіп түскен күні 3 (үш) минут ішінде көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады;

      2) ҚБ басшысы немесе оны алмастыратын тұлға 5 (бес) минут ішінде құжаттардың мазмұнымен танысады, бұрыштама қояды және қызметтің орындалуына жауапты қызметкерді анықтайды;

      3) ҚБ қызметкері құжаттарды тіркеген күннен бастап: көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) түпнұсқалығын тексереді және МЖК ААЖ деректер базасы бойынша жер учаскесін сәйкестендіреді.

      Елді мекендер шекарасында орналасқан жер учаскелері үшін елді мекеннің және бағалау аймақтарының шекаралары белгіленген жағдайда 4 минут ішінде жұмысты жүргізуге қажетті құжаттардың бар-жоғы тексеріледі, 12 минут ішінде кестелер мен қабаттардан ақпарат жиналады (елді мекеннің шекаралары, бағалау аймақтары және басқа да анықтамалықтар), жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны есептеледі және және жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын анықтау актісін (бұдан әрі – жер учаскесінің құн актісі) қалыптастыру осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүзеге асырылады.

      Елді мекеннің шекарасындағы жер учаскесі ААЖ ААЖ қабаттарында (елді мекеннің шекарасы, бағалау аймақтары және басқа да анықтамалықтар) көрсетілмеген, бірақ "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуден өткен жер учаскесіне сәйкестендіру құжаты болған жағдайларда, кадастрлық бағалау құны 3 (үш) жұмыс күні ішінде есептеледі.

      Елді мекеннің шекарасында ортақ үлестік меншіктегі немесе ортақ үлестік жер пайдаланудағы жер учаскесіндегі жер үлесінің кадастрлық бағалау құнын анықтауға өтініш берген кезде жер учаскесінің сұратылған бөлігі үшін кадастрлық бағалау құны елді мекеннің бекітілген шекаралары мен бағалау аймақтары болмаған жағдайлар кезіндегідей есептеледі.

      Елді мекеннің және бағалау аймақтарының белгіленген шекаралары болмаған және елді мекендер шегінен тыс орналасқан жер учаскелері бойынша құжаттар келіп түскен жағдайда 3 (үш) жұмыс күні ішінде МЖК ААЖ дерекқоры бойынша жер учаскесін сәйкестендіреді, қажет болған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды жүйелеу және сақтау жөніндегі құрылымдық бөлімшесінен (мұрағаттан) мұрағат істерін, (жер-кадастрлық істерін, топырақ, геоботаникалық тексеру және мемлекеттік қызметті көрсетуге қажетті басқа материалдарын) сұратады, түзету коэффициентінің есептемесін жасайды, кадастрлық (бағалау) құнын айқындап, жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау туралы акт дайындайды.

      Елді мекендер шегінен тыс орналасқан, құрылыс салуға, ғимараттарға қызмет көрсетуге және басқа да мақсаттарға және ауыл шаруашылығы мақсаты үшін берілетін жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындауға өтініш келіп түскен жағдайда кадастрлық (бағалау) құнын айқындау және жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау туралы актісін дайындау 3 (үш) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады;

      мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту негіздері болмаған жағдайда, ҚБ қызметкері жоғарыда көрсетілген мерзімде жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау туралы актісін дайындайды және ҚБ басшысына немесе оны алмастыратын тұлғаға жолдайды;

      4) ҚБ басшысы немесе оны алмастыратын тұлға жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау туралы актісін 3 (үш) минут ішінде тексереді және көрсетілетін қызметті берушінің басышына қол қоюға жолдайды;

      5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау актісін 3 (үш) минут ішінде тексереді және оған қол қояды;

      6) жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау актісі 15 (он бес) минут ішінде портал арқылы көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жіберіледі.

      7. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарлама жіберіледі, онда көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдалым өткізу уақыты мен орны (тәсілі) көрсетіледі.

      Тыңдалым туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі. Тыңдалым хабарлама жасалған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Тыңдалым нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау туралы не мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы беріледі.

      8. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректердің мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізілуін қамтамасыз етеді.

      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі осы Қағидалар бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторына, көрсетілетін қызметті берушіге және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.

      9. Ақпараттық жүйе істен шыққан кезде көрсетілетін қызметті беруші ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға жауапты көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің жұмыскерін дереу хабардар етеді.

      Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға жауапты жұмыскер техникалық проблема туралы хаттама жасайды және оған көрсетілетін қызметті беруші қол қояды.

      10. Көрсетілетін қызметті беруші Тізбенің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.

3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті беруңбекшінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.

      Шағым Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 91-бабының 4-тармағына сәйкес келіп түскен жағдайда көрсетілетін қызметті беруші оны келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды қарайтын органға жібереді. Көрсетілетін қызметті беруші 3 (үш) жұмыс күні ішінде қолайлы акт қабылданған, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік іс-әрекет жасалған жағдайда шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді.

      12. Көрсетілетін қызметті алушының шағымын Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес:

      көрсетілетін қызметті беруші – тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

      мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – ол тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауы тиіс.

      Көрсетілетін қызметті берушінің, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес:

      1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;

      2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.

      Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, шағымды қарау жөнінде өкілеттік берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды берген көрсетілетін қызметті алушыға жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) ұзарту себебін көрсете отырып шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы хабарлайды.

      13. Егер заңда өзгеше көзделмесе, ҚР ӘРПК 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.

  "Жер учаскесінің кадастрлық
(бағалау) құнын айқындау"
мемлекеттік қызметін
көрсету қағидаларына
1-қосымша

"Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).

2

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері

1) көрсетілетін қызметті беруші;
2) www.egov.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал).

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Мемлекеттік қызмет көрсетудің жалпы мерзімі:
елді мекендер шегінде орналасқан жер учаскелері бойынша, елді мекеннің және бағалау аймақтарының белгіленген шекаралары болған жағдайда: көрсетілетін қызметті беруші арқылы – 1 (бір) күнді, портал арқылы – 30 (отыз) минутты, олар болмаған жағдайда 3 (үш) жұмыс күнін;
елді мекеннің шекарасында ортақ үлестік меншіктегі немесе ортақ үлестік жер пайдаланудағы жер учаскесіндегі жер үлесінің кадастрлық бағалау құнын анықтаған жағдайда 3 (үш) жұмыс күнін;
елді мекендер шегінен тыс, құрылыс салуға, ғимараттарға қызмет көрсетуге және басқа да мақсаттарға және ауыл шаруашылығына пайдалану мақсаттары үшін берілетін жер учаскелері бойынша 3 (үш) жұмыс күнін құрайды.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген жағдайда, өтініш пен құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде.

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау туралы акт не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мерзімде көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiне өтiнiш жасамаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші беру үшін олардың бір ай бойы сақталуын қамтамасыз етеді, содан кейін олар құжаттарды жүйелеу және сақтау бөліміне (техникалық мұрағат) одан әрі сақтау үшін береді.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің құны "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 87 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13353 болып тіркелген) 3-қосымшаның 18, 19 және 20-параграфтарына сәйкес мөлшерде есептеледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету құнына ақы төлеу екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысанда, сондай-ақ "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылады.

7

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, жұмыс кестесіне сәйкес сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін, түскі үзіліссіз;
2) порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Министрліктің www. gov.kz интернет-ресурсында;
2) көрсетілетін қызметті берушінің www.gov4c.kz интернет-ресурсында;
3) порталда орналасқан.

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы:
жер учаскесін бастапқы беру кезінде:
мемлекеттік қызметті көрсетушіге:
1) "Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын анықтау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын анықтауға өтініш;
2) жеке куәлік немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжаты (сәйкестендіру үшін).
Өкіл жүгінген жағдайда өкілдің жеке басын куәландыратын құжат, көрсетілетін қызметті алушыдан сенімхаттың көшірмесі не көрсетілетін қызметті алушы өкілінің өкілеттігін куәландыратын құжат, не электрондық цифрлық сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) жер учаскесін таңдау және (немесе) схемасы (берілетін жер учаскесі үшін) актінің көшірмесі;
4) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді экспликациясы (ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге);
5) ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, көрсетілген қызметтерге ақы төлеу туралы төлем құжатының (түбіртек) көшірмесі.
Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының келісімін алады.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті өтініштің қабылданғаны туралы қолхат беріледі;
порталға:
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын анықтауға көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен немесе ұялы байланыс операторы беретін көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі тіркелген және қосылған жағдайда, порталдың есептік жазбасына бір реттік құпиясөзбен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) жер учаскесін таңдау және (немесе) схемасы (берілетін жер учаскесі үшін) актінің сканерленген көшірмесі;
3) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді экспликациясының сканерленген көшірмесі (ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге);
4) ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, көрсетілген қызметтерге ақы төлеу туралы төлем құжатының (түбіртек) сканерленген көшірмесі.
Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту кезінде (жер учаскесін сатып алған жағдайда):
мемлекеттік қызметті көрсетушіге:
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын анықтауға өтініш;
2) ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, көрсетілген қызметтерге ақы төлеу туралы төлем құжатының (түбіртек) көшірмесі;
порталға:
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын анықтауға көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен немесе ұялы байланыс операторы беретін көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі тіркелген және қосылған жағдайда, порталдың есептік жазбасына бір реттік құпиясөзбен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, көрсетілген қызметтерге ақы төлеу туралы төлем құжатының (түбіртек) сканерленген көшірмесі.
Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне мемлекеттік қызметті көрсетуге сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.

9

Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға арналған негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректердің және мәліметтердің Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

10

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қойылатын өзге де талаптар.

Көрсетілетін қызмет алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік қызметті алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызмет алушының қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ бірыңғай байланыс орталығы арқылы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары порталда көрсетілген. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.
Цифрлық құжат қызметі мобильді қосымшада рұқсаты бар пайдаланушылар үшін қолжетімді.
Цифрлық құжатты пайдалану үшін ЭЦҚ немесе бір реттік құпиясөз арқылы мобильді қосымшада авторизациядан өту керек, содан кейін "Цифрлық құжаттар" бөліміне өтіп, қажетті құжат таңдалады.

  "Жер учаскесінің кадастрлық
(бағалау) құнын айқындау"
мемлекеттік қызметін көрсету
қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

  __________________________
басшысына
(кадастр жүргізетін ұйымның
атауы)
____________________________
(аты, әкесінің аты (бар болса),
тегі жеке тұлғаның
кімнен
____________________________
аты, әкесінің аты (бар болса),
тегі не заңды
____________________________
тұлғаның толық атауы, жеке
сәйкестендіру
____________________________
нөмірі не бизнес-сәйкестендіру
нөмірі
____________________________
жеке тұлғаның немесе заңды
тұлға өкілінің жеке басын
куәландыратын құжаттың
деректемелері,
____________________________
байланыс телефоны (бар болса),
орналасқан
____________________________
жерінің мекенжайы
(заңды тұлғалар үшін) не
____________________________
тұрғылықты мекенжайы
(жеке тұлғалар үшін))

Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау туралы өтініш

      Ауданы _____________ гектар, шаруашылық орталығы (ауыл, поселке) ___________

      __________________________________________________________________________

                        (жер учаскесінің мекен-жайы (орналасқан жері)

      мекен-жайы бойынша орналасқан жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау бойынша жұмыстарды жүргізуді сұраймын.

      Жер учаскесінің кадастрлық нөмірі (бұдан бұрын табысталған жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын кезінде): _____________________________________________.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

      Көрсетілетін қызметті алушы ______________________________________________

      (жеке тұлғаның немесе заңды тұлғаның уәкілетті өкілінің аты, әкесінің аты (бар болса) тегі,

      қолы) 20 ___ жылғы "____"______________

  "Жер учаскесінің кадастрлық
(бағалау) құнын айқындау"
мемлекеттік қызметін көрсету
қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау актісі № Акт определения кадастровой (оценочной) стоимости земельного участка №

      1. Өтініш беруші/Заявитель: _______________________________________________

      (жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі немесезаңды тұлғаның атауы)/

      (фамилия, имя, отчество (при его наличии) физического лица или наименование

      юридического лица)

      2. Жер учаскесінің кадастрлық нөмірі (бар болса)

      Кадастровый номер земельного участка (при его наличии): ____________________

      3. Жер учаскесінің нысаналы мақсаты:

      Целевое назначение земельного участка: _____________________________________

      4. Жер учаскесінің орналасқан жері:

      Местоположение земельного участка: _______________________________________

      5. Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнының есептемесі/

      Расчет кадастровой (оценочной) стоимости земельного участка.

Аймақ нөмірі (елді мекендер жерлеріне), алқап түрлері, топырақтың үлгісі (ауылшаруашылығы пайдаланылатын жерлер үшін)
Номер зоны (для земель населенных пунктов), виды угодий, типы почв (для земель сельскохозяйственного использования)

Ауданы, гектар/квадрат метр*
Площадь, гектар/ квадратный метр*

Жер үшін төлемнің базалық мөлшерлемесі, теңге
Базовая ставка платы за землю, тенге

Түзету коэффициенті
Поправочный коэффициент

Кадастрлық (бағалау) құны, теңге
Кадастровая (оценочная) стоимость, тенге

Жиыны/ Итого

      *По категориям земель населенных пунктов расчет кадастровой (оценочной) стоимости осуществляется в квадратных метрах

      6. Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны: _______________________________

      _________________________________________________________________ құрайды.

      (сомасы жазумен)

      Кадастровая (оценочная) стоимость земельного участка составляет:

      _________________________________________________________________________.

      (сумма прописью)

      7. Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын ______________________________

      _______________________________________________________________ айқындады.

      (ұйымның атауы)

      Кадастровая (оценочная) стоимость земельного участка определена _____________

      __________________________________________________________________________

      (наименование организации)

      Басшы _________________________________________________________________

      (басшысының қолы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, мөрі)

      Руководитель ___________________________________________________________

      (подпись, фамилия, имя, отчество (при его наличии) руководителя, печать)

      немесе/ или басшының электрондық цифрлық қолтаңбасы/электронная цифровая

      подпись руководителя.

      20 жылғы " " _________ " " 20 года

  "Жер учаскесінің кадастрлық
(бағалау) құнын айқындау"
мемлекеттік қызметін көрсету
қағидаларына
4-қосымша

      Нысан

Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарлама

      Құрметті ____________________

      Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабының

      1-тармағына сәйкес, осы хабарламамен Сізге "Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау)

      құнын анықтау" мемлекеттік қызметін көрсетуден бас тартылғаны туралы

      хабарлаймыз, өйткені: _________________________________

      (бас тарту себептерін санамалау)

      Бас тарту мәселесі бойынша тыңдалым осы хабарлама жіберілген күннен бастап 2 (екі)

      жұмыс күнінен кейін жүзеге асырылады, онда Сіз осы шешім бойынша өз

      ұстанымыңызды білдіре аласыз (қажеттісін жазыңыз):

      __________________________________________________________________________

      (тыңдалым өткізу күні мен уақыты, тыңдалым өткізу орны (тәсілі): мекенжайы

      бойынша ғимаратта: / бейнеконференцбайланыс/өзге де коммуникация құралдары

      арқылы)

      Көрсетілетін қызметті беруші ____________________________________________

      (басшының қолы/электрондық цифрлық қолтаңбасы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      20 жылдың " "

  Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2020 жылғы 1 қазандағы
№ 301 бұйрығына
3-қосымша

"Жер учаскелерін қалыптастыру бойынша жерге орналастыру жобаларын бекіту" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 19.06.2023 № 236 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Жер учаскелерін қалыптастыру бойынша жерге орналастыру жобаларын бекіту" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10 – бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Жер учаскелерін қалыптастыру бойынша жерге орналастыру жобаларын бекіту" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі-мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) жерге орналастыру жобасы – жер учаскесінің схемасы (жоспары), жер учаскесінің алаңы, оның шекаралары мен орналасқан жері туралы мәліметтер, жер учаскелерінің аралас меншік иелері мен жер пайдаланушылары туралы және жер учаскелеріне ауыртпалықтар мен сервитуттар туралы мәліметтер;

      2) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі;

      3) жер учаскесі – Қазақстан Республикасының Жер кодексінде белгіленген тәртіппен жер қатынастары субъектілеріне бекітіліп берілетін, тұйық шекараларда бөлінген жер бөлігі;

      4) "электрондық үкіметтің" веб-порталындағы пайдаланушының кабинеті (бұдан әрі – жеке кабинет) – жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік органдармен электрондық нысанда қызметтер көрсету мәселелері, көрсетілген тұлғалардың өтініштерін қарайтын субъектілерге жүгіну, сондай-ақ дербес деректерді пайдалану мәселелері бойынша ресми ақпараттық өзара іс-қимылына арналған "электрондық үкіметтің" веб-порталының құрамдасы;

      5) "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе;

      6) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.

      "Жер учаскелерін қалыптастыру бойынша жерге орналастыру жобаларын бекіту" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген.

      4. Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскелерін қалыптастыру бойынша жерге орналастыру жобасын бекітуге арналған өтінішті және Тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдау портал арқылы жүзеге асырылады.

      Көрсетілетін қызметті алушы Тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.

      5. Жеке басты куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы, жылжымайтын мүлікке меншік құқығын растайтын, жер учаскесіне құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттары туралы, мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін ақы төлеу туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден талап етеді.

      Көрсетілетін қызметті берушілер порталда тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы бір реттік құпиясөзді беру арқылы немесе портал хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда, іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен цифрлық құжаттарды алады.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған дербес деректер мен заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді өңдеуді көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының келісімімен порталда тіркеу барысында жүзеге асырады.

      Көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе және мемлекеттік қызмет көрсету күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      6. Көрсетілетін қызметті алушының құжаттары келіп түскен кезде:

      1) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның кеңсе жұмыскері Тізбеде көрсетілген құжаттарды қабылдауды және тіркеуді өтінішті қабылдаған күні жүзеге асырады;

      2) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның басшысы не оны алмастыратын адам құжаттардың мазмұнымен танысады, бұрыштама қояды және оларды өтініш қабылданған күні жұмыс істеу үшін жауапты орындаушыға береді;

      3) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның жауапты орындаушысы құжаттарды тіркеген сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыстығын тексереді;

      мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болмаған кезде жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның жауапты орындаушысы жерге орналастыру жобасын бекіту туралы бұйрық дайындайды және оны жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның басшысына не оны алмастыратын адамға 1 (бір) жұмыс күні ішінде жібереді;

      4) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның басшысы не оны алмастыратын адам 1 (бір) жұмыс күні ішінде жер учаскесін қалыптастыру бойынша жерге орналастыру жобасын бекітеді не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауапқа қол қояды;

      5) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның кеңсе қызметкері жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның басшысы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қойған сәттен бастап 15 (он бес) минут ішінде жер учаскесін қалыптастыру бойынша жерге орналастыру жобасын бекіту туралы бұйрықты не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауапты тіркеуді жүзеге асырады және жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган басшысының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат түрінде портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жібереді.

      7. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарлама жіберіледі, онда көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдалым өткізу уақыты мен орны (тәсілі) көрсетіледі.

      Тыңдалым туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі. Тыңдалым хабарлама жасалған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Тыңдалым нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші жер учаскелерін қалыптастыру бойынша жерге орналастыру жобасын бекіту туралы не мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі не көрсетілетін қызметті беруші арқылы беріледі.

      8. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректердің мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізілуін қамтамасыз етеді.

      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі осы Қағидалар бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторына, көрсетілетін қызметті берушіге және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.

      9. Ақпараттық жүйе істен шыққан кезде көрсетілетін қызметті беруші ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға жауапты көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің жұмыскерін дереу хабардар етеді.

      Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға жауапты жұмыскер техникалық проблема туралы хаттама жасайды және оған көрсетілетін қызметті беруші қол қояды.

      10. Көрсетілетін қызметті беруші Тізбенің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады.

3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.

      Шағым Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 91-бабының 4-тармағына сәйкес келіп түскен жағдайда көрсетілетін қызметті беруші оны келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды қарайтын органға жібереді. Көрсетілетін қызметті беруші 3 (үш) жұмыс күні ішінде қолайлы акт қабылданған, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік іс-әрекет жасалған жағдайда шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді.

      12. Көрсетілетін қызметті алушының шағымын Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес:

      көрсетілетін қызметті беруші – тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

      мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – ол тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауы тиіс.

      Көрсетілетін қызметті берушінің, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес:

      1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;

      2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.

      Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, шағымды қарау жөнінде өкілеттік берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды берген көрсетілетін қызметті алушыға жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) ұзарту себебін көрсете отырып шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы хабарлайды.

      13. Егер заңда өзгеше көзделмесе, ҚР ӘРПК 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.

  "Жер учаскелерін қалыптастыру
жөніндегі жерге орналастыру
жобаларын бекіту" мемлекеттік
қызметін көрсету қағидаларына
1-қосымша

"Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).

2

Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері

"Электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы.

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

4 (төрт) жұмыс күні.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету түрі

электрондық (ішінара автоматтандырылған).

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Жер учаскесін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобасын бекіту туралы бұйрық не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін.

7

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі

Порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.gov.kz интернет-ресурсында;
2) көрсетілетін қызметті берушінің www.gov4c.kz интернет-ресурсында;
3) порталда орналастырылған.

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобасын бекітуге өтініш;
2) электрондық жерге орналастыру жобасы.

9

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 44-1-бабы 8-тармағының он екінші және он үшінші бөліктерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

10

Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары порталда көрсетілген. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.

  "Жер учаскелерін қалыптастыру
жөніндегі жерге орналастыру
жобаларын бекіту" мемлекеттік
қызметін көрсету қағидаларына
2-қосымша
Нысан
  _______________басшысы
  (жергілікті атқарушы органның
  атауы
  ____________________________
  (аты, әкесінің аты (бар болса),
  тегі)
  _________________________
  (жеке тұлғаның аты, әкесінің
  аты (бар болса), тегі)
  ____________________________
  ____________________________
  (жеке сәйкестендіру нөмірі)
  ____________________________
  (жеке тұлғаның жеке басын
  куәландыратын құжаттың
  деректемелері ____________________________
  ____________________________
  байланыс телефоны (бар болса),
  ____________________________
  тұратын мекенжайы)

Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобасын бекітуге өтініш

Жерге орналастыру жобасын әзірлеуші-заңды тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі немесе толық атауы

Жер учаскесіне құқық беру туралы өтініш білдірген жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі немесе заңды тұлғаның атауы

Жерге орналастыру жобасының атауы

Жер учаскесінің мекенжайы (орналасқан жері)

Жер учаскесінің сұратылған нысаналы мақсаты және алаңы, гектар

Жерге орналастыру жобасы даналарының саны, жер комиссиясы хаттамасының нөмірі мен күні

Төмен тұрған жергілікті атқарушы органның шешімі нөмірі мен күні

1

2

3

4

5

6

7

      Жерге орналастыру жобасы мемлекет жер учаскесіне жеке меншік құқығын немесе жер учаскесінің сәйкестендіру сипаттамалары өзгерген жағдайда жер пайдалану құқығын берген кезде дайындалды.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      Көрсетілетін қызметті алушы ________________________________________________

      (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі), электрондық цифрлық қолтаңбасы

  "Жер учаскелерін қалыптастыру
жөніндегі жерге орналастыру
жобаларын бекіту" мемлекеттік
қызметін көрсету қағидаларына
3-қосымша
Нысан

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарлама Құрметті _______________

      Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабының 1-тармағына сәйкес осы хабарламамен Сізге "Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту" мемлекеттік қызметін көрсетуден бас тартылатыны туралы хабарлаймыз, өйткені:

      __________________________________________________________________________

      бас тарту себептерін санамалау

      Бас тарту мәселесі бойынша тыңдалым осы хабарлама жіберілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кейін жүзеге асырылады, онда Сіз осы шешім бойынша өз ұстанымыңызды білдіре аласыз (қажеттісін жазу керек):

      _________________________________________________________________________

      (тыңдалым өткізу күні мен уақыты, тыңдалым өткізу орны (тәсілі): мекенжайы

      бойынша ғимаратта:/бейнеконференцбайланыс/өзге де коммуникация құралдары

      арқылы)

      Көрсетілетін қызметті беруші ________________________________________________

      (басшының қолы/электрондық цифрлық қолтаңбасы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      20 жылғы " "

  Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2020 жылғы 1 қазандағы
№ 301 бұйрығына
4-қосымша

"Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 01.08.2023 № 287 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) жергілікті атқарушы органдардың шешімдері – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің жер учаскесіне құқық беру туралы құқықтық актілері;

      2) жер комиссиясы – Қазақстан Республикасы Жер кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 43-бабына сәйкес өтініштерді (өтінімдерді) қарау және жер учаскелеріне құқықтар беру туралы (шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың жеңімпазын айқындау туралы), жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы және су қорының жерлерін басқа санаттағы жерлерге ауыстыру туралы қорытындылар дайындау үшін құрылатын жергілікті атқарушы орган жанындағы алқалы орган;

      3) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі;

      4) жерге орналастыру жобасы – жер учаскесінің схемасы (жоспары), жер учаскесінің ауданы, оның шекарасы мен орналасқан жері туралы мәліметтер, жер учаскелерінің аралас меншік иелері мен жер пайдаланушылары туралы және жер учаскелеріне ауыртпалықтар мен сервитуттар туралы мәліметтер;

      5) жер учаскесі – Қазақстан Республикасының Жер кодексінде (бұдан әрі – Кодекс) белгіленген тәртіппен жер қатынастары субъектілеріне бекітіліп берілетін, тұйық шекараларда бөлінген жер бөлігі;

      6) мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – МЖК ААЖ) – жер учаскелерінің сапалық және сандық сипаттамаларын, оның ішінде олардың шекаралары туралы, сондай-ақ жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылар туралы мәліметтерді қамтитын мемлекеттік жер кадастрын жүргізуге арналған ақпараттық жүйе;

      7) пайдаланушының "электрондық үкіметтің" веб-порталындағы кабинеті (бұдан әрі – жеке кабинет) – жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік органдармен электрондық түрде қызметтер көрсету мәселелері, аталған тұлғалардың өтініштерін қарайтын субъектілерге жүгіну, сондай-ақ дербес деректерді пайдалану мәселелері бойынша ресми ақпараттық өзара іс-қимылға арналған "электрондық үкіметтің" веб-порталының құрамдасы;

      8) "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе;

      9) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке немесе заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.

      "Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген.

      4. Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру туралы өтінішті және Тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдау көрсетілетін қызметті беруші арқылы не портал арқылы жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік қызметті қағаз түрінде көрсету кезінде өтініштер мен құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.

      Көрсетілетін қызметті алушы Тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.

      5. Жеке басты куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не жылжымайтын мүлікке меншік құқығын растайтын дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы, жер учаскесіне құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттары туралы, мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін ақының төленгені туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден талап етеді.

      Көрсетілетін қызметті берушілер іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен порталда тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы бір реттік құиясөзді беру арқылы немесе портал хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы ұсынылған құжат иесінің келісуі болған жағдайда цифрлық құжаттарды алады.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған дербес деректер мен заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді өңдеуді көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының келісуімен порталда тіркеу барысында жүзеге асырады.

      Көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе және мемлекеттік қызмет көрсету күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      6. Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде:

      1) операциялық залдың жұмыскері (операторы) Тізбеде көрсетілген құжаттарды қабылдауды және тіркеуді құжаттарды қабылдау күні 30 (отыз) минут ішінде жүзеге асырады;

      2) операциялық залдың жұмыскері (операторы) көрсетілетін қызметті алушыдан қабылдаған құжаттарды құжаттар келіп түскен күні 2 (екі) сағат ішінде курьер арқылы көрсетілетін қызметті берушіге тапсырады;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы не оны алмастыратын адам құжаттардың мазмұнымен танысады, бұрыштама қояды және 1 (бір) жұмыс күні ішінде жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы өтінішті құзыреті шегінде жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органға және сәулет және қала құрылысы саласындағы құрылымдық бөлімшеге жібереді;

      4) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның не сәулет және қала құрылысы саласындағы құрылымдық бөлімшенің жауапты орындаушысы құзыреті шегінде өтініш келіп түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындайды және оны бір мезгілде барлық мүдделі мемлекеттік органдарға, инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету жөніндегі тиісті қызметтерге келісуге жібереді;

      5) келісуші органдар 3 (үш) жұмыс күні ішінде жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігі туралы тиісті қорытындылар ұсынады;

      6) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның не сәулет және қала құрылысы саласындағы құрылымдық бөлімшенің жауапты орындаушысы құзыреті шегінде қорытындылар келіп түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігі туралы ұсыныс дайындайды;

      7) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның жауапты орындаушысы материалдарды жер комиссиясының қарауына дайындайды;

      8) жер комиссиясының қорытындысы жер комиссиясына жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту мүмкіндігі туралы ұсыныс келіп түскен сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде хаттамалық шешім нысанында екі данада жасалады;

      9) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның жұмыскері 1 (бір) жұмыс күні ішінде жер комиссиясы қорытындысының бір данасын көрсетілетін қызметті алушыға мынадай тәсілдердің бірімен жібереді:

      қолма қол беру;

      берілгені туралы хабарламамен тапсырысты почта жөнелтілімі түрінде;

      электрондық цифрлық қолтаңба қойылған электрондық құжатпен;

      көрсетілетін қызметті берушінің басшысы қол қойған өтініш берушінің электрондық почтасының мекенжайы бойынша.

      Жер комиссиясының оң қорытындысы болған жағдайда – көрсетілетін қызметті алушының жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнының актісін ұсынуы үшін (жер учаскесін сатып алған кезде), жер комиссиясының теріс қорытындысы болған жағдайда – мемлекеттік қызмет көрсетуде жер комиссиясының хаттамалық шешіміне шағымдану мерзімі өткеннен кейін үш жұмыс күні ішінде уәжді бас тартуды дайындайды және көрсетілетін қызметті алушыға жолдайды;

      10) жер қатынастары жөніндегі уәкілдің не сәулет және қала құрылысы саласындағы құрылымдық бөлімшенің жауапты орындаушысы құзыреті шегінде жер комиссиясының тиісті қорытындысы және жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісі (жер учаскесін сатып алу кезінде) келіп түскен сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің тиісті шешімін дайындайды.

      Аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтердің әкімдері шешім (өкім) қабылдаған жағдайда, жер комиссиясының қорытындысы көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жіберіледі;

      11) көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесін өзгерту туралы не мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту туралы шешімі жер комиссиясының тиісті қорытындысы келіп түскен сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде қабылданады;

      12) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері 2 (екі) сағат ішінде көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамы қол қойған тиісті шешімді курьер арқылы беруге тапсырады;

      13) дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру жеке куәлікті немесе цифрлық құжаттар сервисінен (сәйкестендіру үшін) электрондық құжатты (не өкілеттігін растайтын құжат бойынша оның өкіліне) ұсынған кезде қолхат негізінде жүзеге асырылады.

      7. Порталға жүгінген кезде:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе жұмыскері құжаттарды қабылдаған күні 30 (отыз) минут ішінде Тізбеде көрсетілген құжаттарды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады.

      2) кеңсе қызметкері көрсетілетін қызметті алушыдан қабылдаған құжаттарды құжаттар келіп түскен күні 2 (екі) сағат ішінде көрсетілетін қызметті берушіге курьер арқылы береді;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы не оны алмастыратын адам құзыреті шегінде құжаттардың мазмұнымен танысады, бұрыштама қояды және 1 (бір) жұмыс күні ішінде жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы өтінішті жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органға және сәулет және қала құрылысы саласындағы құрылымдық бөлімшеге жібереді;

      4) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның не сәулет және қала құрылысы саласындағы құрылымдық бөлімшенің жауапты орындаушысы құзыреті шегінде өтініш келіп түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындайды және оны бір мезгілде барлық мүдделі мемлекеттік органдарға, инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету жөніндегі тиісті қызметтерге келісуге жібереді;

      5) келісуші органдар 3 (үш) жұмыс күні ішінде жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігі туралы тиісті қорытындылар ұсынады;

      6) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның не сәулет және қала құрылысы саласындағы құрылымдық бөлімшенің жауапты орындаушысы құзыреті шегінде қорытындылар келіп түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігі туралы ұсынысты дайындайды;

      7) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның жауапты орындаушысы жер комиссиясының қарауына материалдарды дайындайды;

      8) жер комиссиясының қорытындысы жер комиссиясына жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту мүмкіндігі туралы ұсыныс келіп түскен сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде хаттамалық шешім түрінде екі данада жасалады;

      9) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның жұмыскері 1 (бір) жұмыс күні ішінде жер комиссиясы қорытындысының бір данасын көрсетілетін қызметті алушыға, жер комиссиясының оң қорытындысы болған жағдайда – көрсетілетін қызметті алушы жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнының актісін (жер учаскесін сатып алу кезінде) беру үшін жібереді, жер комиссиясының теріс қорытындысы болған жағдайда – мемлекеттік қызмет көрсетуде жер комиссиясының хаттамалық шешіміне шағымдану мерзімі өткеннен кейін үш жұмыс күні ішінде уәжді бас тартуды дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жібереді;

      10) жер қатынастары жөніндегі уәкілдің не сәулет және қала құрылысы саласындағы құрылымдық бөлімшенің жауапты орындаушысы құзыреті шегінде жер комиссиясының тиісті қорытындысы және жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісі (жер учаскесін сатып алу кезінде) келіп түскен сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің тиісті шешімін дайындайды.

      Аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтердің әкімдері шешім (өкім) қабылдаған жағдайда, жер комиссиясының қорытындысы көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жіберіледі;

      11) көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесін өзгерту туралы не мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту туралы шешімі жер комиссиясының тиісті қорытындысы келіп түскен сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде қабылданады;

      12) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанындағы тиісті шешімді портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жібереді.

      8. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарлама жіберіледі, онда көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдалым өткізудің уақыты мен орны (тәсілі) көрсетіледі.

      Тыңдалым туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі. Тыңдалым хабарлама жасалған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Тыңдалым нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру туралы не мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі не көрсетілетін қызметті беруші арқылы беріледі.

      9. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректердің мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізілуін қамтамасыз етеді.

      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі осы Қағидалар бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторына, көрсетілетін қызметті берушіге және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.

      10. Ақпараттық жүйе істен шыққан кезде көрсетілетін қызметті беруші ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға жауапты көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің жұмыскерін дереу хабардар етеді.

      Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға жауапты қызметкер техникалық проблема туралы хаттама жасайды және оған көрсетілетін қызметті беруші қол қояды.

      11. Көрсетілетін қызметті беруші Тізбенің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.

3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      12. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.

      Шағым Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 91-бабының 4-тармағына сәйкес келіп түскен жағдайда көрсетілетін қызметті беруші оны келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды қарайтын органға жібереді. Көрсетілетін қызметті беруші 3 (үш) жұмыс күні ішінде қолайлы акт қабылданған, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік іс-әрекет жасалған жағдайда шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді.

      13. Көрсетілетін қызметті алушының шағымын Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес:

      көрсетілетін қызметті беруші – тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

      мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – ол тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауы тиіс.

      Көрсетілетін қызметті берушінің, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес:

      1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;

      2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.

      Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, шағымды қарау жөнінде өкілеттік берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды берген көрсетілетін қызметті алушыға жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) ұзарту себебін көрсете отырып шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы хабарлайды.

      14. Егер заңда өзгеше көзделмесе, ҚР ӘРПК 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.

  "Жер учаскесінің нысаналы
мақсатын өзгертуге шешім
беру" мемлекеттік қызметін
көрсету қағидаларына
1-қосымша

"Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).

2
2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері

"Электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) және "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы.

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

13 (он үш) жұмыс күні.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

электрондық (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде.

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Көрсетілетін қызметті берушінің сатып алу-сату шартын (жер учаскесін сатып алған жағдайда) қоса бере отырып, жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешімі не мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту.

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін.

7

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс графигіне сәйкес;
2) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9-00-ден 18-30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13-00-ден 14-30-ға дейін.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру сағат 9-00-ден 17-30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13-00-ден 14-30-ға дейін;
3) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.gov.kz интернет-ресурсында;
2) көрсетілетін қызметті берушінің www.gov4c.kz интернет-ресурсында;
3) порталда орналастырылған.

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

1) "Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы өтініш;
жер комиссиясының оң шешімі болған жағдайда 1 (бір) жұмыс күні ішінде:
2) жер учаскесінің нысаналы мақсаты өзгерген кезде, бюджеттің кірісіне Кодекстің 9-бабының 5-тармағына сәйкес жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнына тең соманы төлеу, оның кадастрлық (бағалау) құны актісінің көшірмесі, қажет болған жағдайда бюджетке кадастрлық (бағалау) құн арасындағы айырмаға тең соманы төлеу;
3) әуеайлақ маңындағы аумақта орналасқан жер учаскесінің нысаналы мақсаты өзгерген жағдайда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 12 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген Әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін қызметті жүзеге асыруға рұқсат беру қағидаларына сәйкес берілетін рұқсат.

9

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 44-1-бабы 8-тармағының он екінші және он үшінші бөліктерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

10

Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары порталда көрсетілген. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.

  "Жер учаскесінің нысаналы
мақсатын өзгертуге шешім
беру" мемлекеттік қызметін
көрсету қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

  __________________әкімі
(облыстың, қаланың, ауданның,
кенттің, ауылдың, ауылдық
округтің)
____________________________
(аты, аты, әкесінің аты (бар
болса), тегі)
_________________________
(жеке тұлғаның аты, әкесінің
аты (бар болса), тегі)
____________________________
____________________________
(жеке сәйкестендіру нөмірі)
____________________________
(жеке тұлғаның жеке басын
куәландыратын құжаттың
деректемелері
___________________________
жеке тұлғаның,
____________________________
байланыс телефоны (бар болса),
____________________________
тұратын мекенжайы)

Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беруге өтініш

      Сізден ________________________мекенжайы бойынша орналасқан

      маған жеке меншік (жер пайдалану) құқығында тиесілі жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуіңізді сұраймын

      кадастрлық нөмірі __________________________________________

      ______________________________________________________ байланысты

      (жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту себебін көрсету)

      ___________________________________________ нысаналы мақсатынан

      ____________________________________________ нысаналы мақсатына

      ______________________________________________________

      ауданы _______________гектар.

      Құқық белгілейтін құжат ______жылғы __________ № _____

      Сәйкестендіру құжаты _____ жылғы ____ _______ № ______

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      Көрсетілетін қызметті алушы

      _____________________________________________

      (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы

  "Жер учаскесінің нысаналы
мақсатын өзгертуге шешім
беру" мемлекеттік қызметін
көрсету қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарлама Құрметті _______________

      Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабының

      1-тармағына сәйкес осы хабарламамен Сізге "Жер учаскесінің нысаналы мақсатын

      өзгертуге шешім беру" мемлекеттік қызметін көрсетуден бас тартылғаны туралы

      хабарлаймыз, өйткені:

      _______________________________________________________________

      бас тарту себептерін санамалау

      Бас тарту мәселесі бойынша тыңдалым осы хабарлама жіберілген күннен бастап 2 (екі)

      жұмыс күнінен кейін жүзеге асырылады, онда Сіз осы шешім бойынша өз

      ұстанымыңызды білдіре аласыз (қажеттісін жазыңыз):

      _______________________________________________________________

      (тыңдалым өткізу күні мен уақыты, тыңдалым өткізу орны (тәсілі):

      мекенжайы бойынша ғимаратта: / бейнеконференцбайланыс/өзге де коммуникация

      құралдары арқылы)

      Көрсетілетін қызметті беруші ______________________________________

      (басшының қолы/электрондық цифрлық қолтаңбасы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      20 жылғы " "

  Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2020 жылғы 1 қазандағы
№ 301 бұйрығына
5-қосымша

"Іздестіру жұмыстары үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

      Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 19.06.2023 № 236 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Іздестіру жұмыстары үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Іздестіру жұмыстары үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі –мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) жергілікті атқарушы органдардың шешімдері – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің жер учаскесіне құқық беру туралы құқықтық актілері;

      2) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі;

      3) жер учаскесі – Қазақстан Республикасының Жер кодексінде (бұдан әрі – Кодекс) белгіленген тәртіппен жер қатынастары субъектілеріне бекітіліп берілетін, тұйық шекараларда бөлінген жер бөлігі;

      4) пайдаланушының "электрондық үкіметтің" веб-порталындағы кабинеті (бұдан әрі – жеке кабинет) – жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік органдармен электрондық түрде қызметтер көрсету мәселелері, аталған тұлғалардың өтініштерін қарайтын субъектілерге жүгіну, сондай-ақ дербес деректерді пайдалану мәселелері бойынша ресми ақпараттық өзара іс-қимылға арналған "электрондық үкіметтің" веб-порталының құрамдасы;

      5) "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе;

      6) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке немесе заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.

      "Іздестіру жұмыстары үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген.

      4. Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша іздестіру жұмыстары үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру туралы өтінішті және Тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдау көрсетілетін қызметті беруші арқылы не портал арқылы жүзеге асырылады.

      Көрсетілетін қызметті алушы Тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.

      5. Жеке басты куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не жылжымайтын мүлікке меншік құқығын растайтын дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы, жер учаскесіне құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттары туралы, мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін ақының төленгені туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден талап етеді.

      Көрсетілетін қызметті берушілер іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен порталда тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы бір реттік құпиясөзді беру арқылы немесе портал хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы ұсынылған құжат иесінің келісуі болған жағдайда цифрлық құжаттарды алады.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған дербес деректер мен заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді өңдеуді көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының келісуімен порталда тіркеу барысында жүзеге асырады.

      Көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе және мемлекеттік қызмет көрсету күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      6. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және өтінішті қабылдаған күні оларды басшыға не оны алмастыратын адамға береді.

      7. Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы не оны алмастыратын адам құжаттардың мазмұнымен танысады, бұрыштама қояды және өтініш қабылданған күні жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесінің жауапты орындаушысын айқындайды;

      8. Жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесінің жауапты орындаушысы өтінішті қарайды, іздестіру жұмыстары үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру туралы қаулының жобасын дайындайды және материалдарды көрсетілетін қызметті берушіге 5 (бес) жұмыс күні ішінде жібереді.

      9. Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған материалдар негізінде іздестіру жұмыстары үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру туралы қаулыға қол қояды.

      10. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері бір күн ішінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін тіркейді және портал арқылы көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жібереді.

      11. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарлама жіберіледі, онда көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдалым өткізу уақыты мен орны (тәсілі) көрсетіледі.

      Тыңдалым туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі. Тыңдалым хабарлама жасалған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Тыңдалым нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші іздестіру жұмыстары үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру туралы не мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі не көрсетілетін қызметті беруші арқылы беріледі.

      12. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректердің мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізілуін қамтамасыз етеді.

      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі осы Қағидалар бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторына, көрсетілетін қызметті берушіге және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.

      13. Ақпараттық жүйе істен шыққан жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға жауапты көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің қызметкерін дереу хабардар етеді.

      Мұндай жағдайда ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға жауапты қызметкер техникалық проблема туралы хаттама жасайды және оған көрсетілетін қызметті беруші қол қояды.

      14. Көрсетілетін қызметті беруші Тізбенің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.

3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      15. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.

      Шағым Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 91-бабының 4-тармағына сәйкес келіп түскен жағдайда көрсетілетін қызметті беруші оны келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды қарайтын органға жібереді. Көрсетілетін қызметті беруші 3 (үш) жұмыс күні ішінде қолайлы акт қабылданған, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік іс-әрекет жасалған жағдайда шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік органға және (немесе) лауазымды адамға) шағымды жібермейді.

      16. Көрсетілетін қызметті алушының шағымын Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес:

      көрсетілетін қызметті беруші – тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

      мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – ол тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауы тиіс.

      Көрсетілетін қызметті берушінің, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес:

      1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;

      2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.

      Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, шағымды қарау жөнінде өкілеттік берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды берген көрсетілетін қызметті алушыға жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) ұзарту себебін көрсете отырып шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы хабарлайды.

      17. Егер заңда өзгеше көзделмесе, ҚР ӘРПК 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.

  "Іздестіру жұмыстары үшін
жер учаскесін пайдалануға
рұқсат беру" мемлекеттік
қызметін көрсету қағидаларына
1-қосымша

"Іздестіру жұмыстары үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Облыстардың, Астана, Алматы Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).

2
2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері

"Электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы.

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

10 (он) жұмыс күні

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

электрондық (толық автоматтандырылған).

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Іздестіру жұмыстары үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру туралы көрсетілетін қызметті берушінің қаулысы не мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту.

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін.

7

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

Порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.gov.kz интернет-ресурсында;
2) көрсетілетін қызметті берушінің www.gov4c.kz интернет-ресурсында;
3) порталда орналастырылған.

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында іздестіру жұмыстары үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру туралы өтініш;
2) іздестіру жұмыстарын жүргізу учаскесі жоспарының (схемасының) электрондық көшірмесі;
3) іздестіру жұмыстарын орындауға арналған тапсырманың электрондық көшірмесі.

9

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 44-1-бабы 8-тармағының он екінші және он үшінші бөліктерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

10

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтан қол жеткізу режимінде порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары порталда көрсетілген. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.

  "Іздестіру жұмыстары үшін
жер учаскесін пайдалануға
рұқсат беру" мемлекеттік
қызметін көрсету қағидаларына
2-қосымша
Нысан
  _______________ басшысы
  (жергілікті атқарушы органның
  атауы)
  ____________________________
  (аты, аты, әкесінің аты
  (бар болса), тегі)
  _________________________
  (жеке тұлғаның аты, әкесінің
  аты
  (бар болса), тегі)
  ____________________________
  ____________________________
  (жеке сәйкестендіру нөмірі)
  ____________________________
  (жеке тұлғаның жеке басын
  куәландыратын құжаттың
  деректемелері,
  ____________________________
  байланыс телефоны (бар болса),
  ____________________________
  тұратын мекенжайы)

Іздестіру жұмыстары үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру туралы өтініш

      ____________________________________________________ негізінде жүргізілетін

      (іздестіру жұмыстарын жүргізудің негізін көрсету)

      ____________________________________________________________ жұмыстарын

      (іздестіру жұмыстарының түрі мен мақсатын көрсету)

      жүргізу үшін____________________________________________________________

      (жер учаскесінің мекенжайы (орналасқан жері))

      бойынша орналасқан ауданы __________________________________ жер учаскесін

      (алқап түрін көрсету)

      _______________________мерзімге пайдалануға рұқсат беруіңізді сұраймын.

      жұмыстарды жүргізу графигі_______________________________________________

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 71-бабына сәйкес іздестіру жұмыстарын

      жүргізуге байланысты жер учаскесін пайдалану жөніндегі шарттарды қабылдаймын

      __________________________________________________________________

      (келісу)

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді

      пайдалануға келісемін.

      Көрсетілетін қызметті алушы

      _________________________________________________________________________

      (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) электрондық цифрлық қолтаңбасы

  "Іздестіру жұмыстары үшін
жер учаскесін пайдалануға
рұқсат беру" мемлекеттік
қызметін көрсету қағидаларына
3-қосымша
Нысан

Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарлама Құрметті _______________

      Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабының 1-тармағына сәйкес осы хабарламамен Сізге "Іздестіру жұмыстары үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру" мемлекеттік қызметін көрсетуден бас тартылғаны туралы хабарлаймыз, өйткені:

      ______________________________________________________________________

      (бас тарту себептерін санамалау)

      Бас тарту мәселесі бойынша тыңдалым осы хабарлама жіберілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кейін жүзеге асырылады, онда Сіз осы шешім бойынша өз ұстанымыңызды білдіре аласыз (қажеттісін жазыңыз):

      __________________________________________________________________________

      (тыңдалым өткізу күні мен уақыты, тыңдалым өткізу орны (тәсілі): мекенжайы бойынша ғимаратта: / бейнеконференцбайланыс/өзге де коммуникация құралдары арқылы)

      Көрсетілетін қызметті беруші _______________________________________________

      (басшының қолы/электрондық цифрлық қолтаңбасы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      20 жылғы " "

  Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2020 жылғы 1 қазандағы
№ 301 бұйрығына
6-қосымша

"Жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын дайындау және беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

      Ескерту. 6-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 01.08.2023 № 287 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын дайындау және беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын дайындау және беру" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;

      2) жергілікті атқарушы органдардың шешімдері – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің жер учаскесіне құқық беру туралы құқықтық актілері;

      3) жер учаскесі – Қазақстан Республикасының Жер кодексінде белгіленген тәртіппен жер қатынастары субъектілеріне бекітіліп берілетін, тұйық шекара ішінде бөлінген жер бөлігі;

      4) жер учаскесіне құқық белгілейтін құжат – олардың негізінде жер учаскесіне құқықтар туындайтын, өзгертілетін немесе тоқтатылатын заңды фактілердің (заңды құрамдардың) басталғанын растайтын құжат, оның ішінде шарттар, соттардың шешімдері, атқарушы органдардың құқықтық актілері, мұрагерлікке құқық туралы куәлік, меншік құқығындағы немесе уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын сатып алған жер учаскесі бар мемлекеттік емес заңды тұлғаларды қайта ұйымдастыру кезіндегі табыстау актісі немесе бөлу теңгерімі;

      5) жер учаскесіне сәйкестендіру құжаты – жер, құқықтық және қала құрылысы кадастрларын жүргізу мақсаттары үшін қажетті жер учаскесінің сәйкестендіру сипаттамаларын қамтитын құжат;

      6) мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – МЖК ААЖ) – жер учаскелерінің, оның ішінде олардың шекаралары туралы сапалық және сандық сипаттамаларды, сондай-ақ жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылар туралы мәліметтерді қамтитын, мемлекеттік жер кадастрын жүргізуге арналған ақпараттық жүйе;

      7) "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болып табылатын ақпараттық жүйе;

      8) "электрондық үкіметтің" веб-порталындағы пайдаланушының кабинеті (бұдан әрі – жеке кабинет) – "электрондық үкіметтің" веб-порталының жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік органдармен электрондық нысанда қызметтер көрсету мәселелері, көрсетілген тұлғалардың өтініштерін қарайтын субъектілерге қатысты мәселелер, сондай-ақ дербес деректерді пайдалану мәселелері бойынша ресми ақпараттық өзара іс-қимылына арналған құрамдасы;

      9) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиыны;

      10) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) – электрондық нысанда көрсетілетін өтеулі қызметтер көрсету шеңберінде төлемдер жүргізу туралы ақпарат беру процесін автоматтандыратын ақпараттық жүйе.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      3. Мемлекеттік қызметті "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке немесе заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.

      "Жер учаскелеріне актiлердi дайындау және беру" мемлекеттiк қызметін көрсетуге қойылатын негiзгi талаптар тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген.

      4. Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жер учаскесіне актіні дайындау және беру туралы өтінішті және Тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы немесе портал арқылы жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік қызметті қағаз түрінде көрсету кезінде өтініштер мен құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.

      5. Жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не жылжымайтын мүлікке меншік құқығын растайтын дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы, жер учаскесіне құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттары туралы, жер учаскесіне ауыртпалықтың жоқтығы туралы растайтын мәліметтерді, мемлекеттік қызметті көрсету үшін ақы төлеу туралы, көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден сұратады.

      Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттарды іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен порталда тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы бір реттік құпиясөзді беру арқылы немесе портал хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда алады.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған дербес деректер мен заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді өңдеуді көрсетілетін қызметті беруші порталда тіркелген кезде көрсетілетін қызметті алушының келісімімен жүзеге асырады.

      Көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған сұранымның қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      6. Көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде:

      1) операциялық залдың жұмыскері (оператор) 30 (отыз) минут ішінде Тізбеде көрсетілген құжаттарды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады;

      2) операциялық залдың жұмыскері (операторы) құжаттар келіп түскен күні 2 (екі) сағат ішінде көрсетілетін қызметті алушыдан қабылданған құжаттарды курьер арқылы мемлекеттік қызметті көрсетуге жауапты құрылымдық бөлімшеге (бұдан әрі – ҚБ) жібереді;

      3) ҚБ басшысы өтінішті қабылдаған күні 30 (отыз) минут ішінде құжаттардың мазмұнымен танысады, қарар қояды және мемлекеттік қызметті көрсетуге жауапты жұмыскерді айқындайды;

      4) ҚБ жұмыскері құжаттар тіркелген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде:

      көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыстығын тексереді;

      МЖК ААЖ мәліметтер базасында жер учаскесін сәйкестендіреді, қажет болған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарын (мұрағатын) жүйелеу және сақтау жөніндегі құрылымдық бөлімшеден мұрағаттық жер-кадастрлық істерді сұратады, оларға материалдарды қоса тіркейді, тапсырыс бланкілерін толтырады, кадастрлық нөмірді анықтайды және береді, жер учаскесінің шекараларын және мәліметтерді МЖК ААЖ енгізеді;

      атрибутивтік және графикалық деректерді МЖК ААЖ енгізеді, тексереді, осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесі актісін (бұдан әрі – жер учаскесіне акт) басып шығарады және жер-кадастрлық істерді қалыптастырады және тігеді;

      мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер болмаған кезде жер учаскесі актісін дайындайды және оны ҚБ басшысына не оны алмастыратын адамға жолдайды;

      5) ҚБ басшысы немесе оны алмастыратын адам 30 (отыз) минут ішінде жер учаскесі актісін тексереді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жолдайды;

      6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 6 (алты) сағат ішінде жер учаскесі актісін тексереді және оған қол қояды;

      7) құжаттарды беру жөніндегі құрылымдық бөлімшенің жұмыскері 1,5 (бір жарым) сағат ішінде жер учаскесі актісін тіркейді және 2 (екі) сағат ішінде оны курьер арқылы береді;

      8) көрсетілетін қызметті алушыға дайын құжаттарды беру жеке басын куәландыратын құжатты не электрондық цифрлық құжаттама қызметінің (жеке басын сәйкестендіру үшін) электрондық құжатын (немесе уәкілетті орган растайтын құжат бойынша) көрсеткен кезде қолхат негізінде жүзеге асырылады.

      7. Порталға жүгінген кезде:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің ҚБ жұмыскері 20 (жиырма) минут ішінде Тізбеде көрсетілген құжаттарды қабылдайды, тіркейді және құрылымдық бөлімшесінің басшысына немесе оны алмастыратын тұлғаға береді;

      2) ҚБ басшысы не оны алмастыратын адам өтінішті қабылдаған күні 30 (отыз) минут ішінде құжаттардың мазмұнымен танысады, қарар қояды және мемлекеттік қызметті көрсетуге жауапты жұмыскерді айқындайды;

      3) ҚБ жұмыскері құжаттар тіркелген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде:

      көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыстығын тексереді;

      МЖК ААЖ мәліметтер базасында жер учаскесін сәйкестендіреді, қажет болған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарын (мұрағатын) жүйелеу және сақтау жөніндегі құрылымдық бөлімшеден мұрағаттық жер-кадастрлық істерді сұратады, оларға материалдарды қоса тіркейді, тапсырыс бланкілерін толтырады, кадастрлық нөмірді анықтайды және береді, жер учаскесінің шекараларын және мәліметтерді МЖК ААЖ енгізеді;

      атрибутивтік және графикалық деректерді МЖК ААЖ енгізеді, тексереді, осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесі актісін (бұдан әрі – жер учаскесі актісі) басып шығарады, жер-кадастрлық істерді қалыптастырады және тігеді;

      мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер болмаған кезде жер учаскесі актісін дайындайды және оны ҚБ басшысына не оны алмастыратын адамға жолдайды;

      4) ҚБ басшысы не оны алмастыратын адам 30 (отыз) минут ішінде жер учаскесі актісін тексереді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жолдайды;

      5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 6 (алты) сағат ішінде жер учаскесі актісін тексереді және оған қол қояды;

      6) құжаттарды беру жөніндегі құрылымдық бөлімшенің жұмыскері 1,5 (бір жарым) сағат ішінде сәйкестендіру құжатын тіркейді және веб портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында 15 (он бес) минут ішінде жібереді.

      8. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарлама жіберіледі, онда көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдалым өткізудің уақыты мен орны (тәсілі) көрсетіледі.

      Тыңдалым өткізу туралы хабарлама мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі. Тыңдалым хабарлама жіберілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей өткізіледі.

      Көрсетілетін қызметті беруші тыңдалым нәтижелері бойынша жер учаскесіне актісін беру туралы не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді шешім қабылдайды.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі не көрсетілетін қызметті беруші арқылы беріледі.

      9. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректердің мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізілуін қамтамасыз етеді.

      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі осы Қағидалар бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторына, көрсетілетін қызметті берушіге және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.

      10. Ақпараттық жүйе істен шыққан жағдайда көрсетілетін қызметті беруші ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға жауапты құрылымдық бөлімшенің жұмыскеріне дереу хабарлайды.

      Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға жауапты жұмыскер техникалық ақау туралы хаттама жасайды және көрсетілетін қызметті беруші оған қол қояды.

      11. Көрсетілетін қызметті беруші Тізбенің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.

3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      12. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.

      Шағым Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 91-бабының 4-тармағына сәйкес келіп түскен жағдайда көрсетілетін қызметті беруші оны келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды қарайтын органға жібереді. Көрсетілетін қызметті беруші 3 (үш) жұмыс күні ішінде қолайлы акт қабылданған, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік іс-әрекет жасалған жағдайда шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді.

      13. Көрсетілетін қызметті алушының шағымын Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес:

      көрсетілетін қызметті беруші – тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

      мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – ол тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауы тиіс.

      Көрсетілетін қызметті берушінің, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес:

      1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;

      2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.

      Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, шағымды қарау жөнінде өкілеттік берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды берген көрсетілетін қызметті алушыға жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) ұзарту себебін көрсете отырып шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы хабарлайды.

      14. Егер заңда өзгеше көзделмесе, ҚР ӘРПК 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.

  "Жер учаскесіне сәйкестендіру
құжатын дайындау және беру"
мемлекеттік қызметін көрсету
қағидаларына
1-қосымша

"Жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын дайындау және беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).

2

Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері (қолжетімділік арналары)

1) көрсетілетін қызметті беруші;
2) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал).
Жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) мәліметтері мемлекеттік құпияларды қамтитын жер учаскелерін тіркеу кезінде тек жер учаскесінің орналасқан жері бойынша көрсетілетін қызметті берушіге ғана жүгінеді.

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

4 (төрт) жұмыс күні ішінде.
Мемлекеттік қызметті қағаз нысанда көрсету кезінде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Жер учаскесіне арналған акт не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мерзімде көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiне өтiнiш жасамаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетiлетiн қызметтiң бір ай бойы сақталуын қамтамасыз етеді, содан кейін олар құжаттарды жүйелеу және сақтау бөліміне (техникалық мұрағат) одан әрі сақтау үшін береді.

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің құны "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 87 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13353 болып тіркелген) 3-қосымшаның 28-параграфына сәйкес мөлшерде есептеледі.
Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға олар он сегіз жасқа толғанға дейінгі кезеңде жер учаскесіне жеке меншік құқығына арналған актіні дайындау өтеусіз негізде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің құнын төлеу қолма-қол ақшалай және қолма-қол ақшасыз нысанда екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы, сондай-ақ қолма-қол емес нысанда "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылады.

7

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының Еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс графигіне сәйкес;
2) порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Кодекске сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтініш қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.gov.kz интернет-ресурсында;
2) көрсетілетін қызметті берушінің www.gov4c.kz интернет-ресурсында;
3) порталда орналастырылған.

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы:
көрсетілетін қызметті берушіге:
мемлекет жер учаскесіне құқық берген кезде:
1) "Жер учаскесіне актiлерді дайындау және беру" мемлекеттiк қызметін көрсету қағидаларына (бұдан әрi – Қағидалар) 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесiне актiнi дайындау және беру туралы өтiнiш;
2) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттама қызметінің электрондық құжаты (сәйкестендіру үшін);
Өкіл жүгінген жағдайда – өкілдің жеке басын куәландыратын құжат, көрсетілетін қызметті алушыдан сенімхаттың немесе көрсетілетін қызметті алушы өкілінің өкілеттігін куәландыратын құжаттың көшірмесі не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін).
Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес мұрагерлік тәртібімен жер учаскелерін алған кәмелетке толмағандарға жер учаскелеріне құқықтар ресімделген жағдайда туу туралы куәлік не цифрлық құжаттар сервисінен (сәйкестендіру үшін) электрондық құжат ұсынылады;
3) жергілікті атқарушы органның жер учаскесіне құқық беру туралы шешімінің көшірмесі (құжаттың көшірмесін салыстыру үшін түпнұсқасы);
4) облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органының жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесінің (бұдан әрі ̶ уәкілетті орган) бұйрығымен бекітілген және Қазақстан Республикасы Жер кодексінің (бұдан әрі – Жер кодексі) 14-1-бабы 3-тармағының 6) тармақшасына, 2-тармағының 15) тармақшасына, 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес жобаланып отырған жер учаскесінің "Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының ақпараттық жүйесінің" графикалық деректерімен келісімі бар жерге орналастыру жобасы;
5) жергілікті жерлерде жер учаскесінің шекараларын белгілеу материалдарының көшірмесі (құжаттардың көшірмелерін салыстыру үшін түпнұсқа).
Көрсетілетін қызметті беруші жер учаскесінің шекараларын белгілеу (қалпына келтіру) бойынша жұмыстарды жүргізген жағдайда – жергілікті жерлердегі жер учаскесінің шекараларын белгілеу (қалпына келтіру) актісінің көшірмесі (құжаттардың көшірмелерін салыстырып тексеру үшін түпнұсқа);
6) жеке тұрғын үй құрылысына бөлуге арналған алаңда жер учаскелерін орналастырудың жерге орналастыру жобасы болған кезде нақты жер учаскесіне арналған жерге орналастыру жобасының бір бөлігі және оның жергілікті жерде шекараларын белгілеу жөніндегі материалдар (құжаттардың көшірмелерін салыстыру үшін түпнұсқа);
7) жер учаскесін сатып алу-сату (жалдау) шартының көшірмесі (жер учаскесін сату (жалдау) кезінде) (құжаттардың көшірмелерін салыстыру үшін түпнұсқа);
8) жүргізілген жер учаскесін сатып алу (мемлекет жер учаскесін сатқан кезде, жер учаскесін жалдау құқығын сатып алған кезде) бағасын төлеу туралы төлем құжатының көшірмесі (жеке тұлғалар үшін – түбіртек, заңды тұлғалар үшін ̶ төлем тапсырмасы) (құжаттардың көшірмелерін салыстыру үшін түпнұсқа);
9) көрсетілетін қызметке ақы төленгені туралы төлем құжаты (түбіртек), ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда.
Бұрын жер пайдалануға берілген жер учаскесін жеке меншікке сатып алу кезінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті осы Тізбенің осы тармағының 1), 2), 3), 7), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды береді.
Жер учаскесінің сәйкестендіру сипаттамалары өзгерген жағдайларда жер учаскесіне актіні ауыстырған кезде көрсетілетін қызметті алушы осы Тізбенің осы тармағының 1), 2), 4) және 9) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды және жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттың көшірмесін, жер учаскесіне ауыртпалық түскен жағдайда, сондай-ақ координаттары болмаған кезде үшінші тұлғалардан рұқсатты ұсынады және осы Тізбенің осы тармағындағы 5) тармақшада көрсетілген құжаттар қоса беріледі;
Жер учаскесінің нысаналы мақсатының өзгеруіне байланысты оның сәйкестендіру сипаттамалары өзгерген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы жер учаскесіне актіні ауыстыру кезінде осы Тізбенің 1), 2), 4) және 9) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды және жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттың көшірмесін, жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы жергілікті атқарушы органның шешімін, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда нысаналы мақсатын өзгерткені үшін төленген төлем туралы төлем құжатының көшірмесін (жеке тұлғалар үшін – түбіртек, заңды тұлғалар үшін – төлем тапсырмасы) ұсынады, сондай-ақ жер учаскесінің координаттары болмаған жағдайда осы Тізбенің осы тармағының 5) тармақшасында көрсетілген құжаттар қоса беріледі;
Қазақстан Республикасының бұрын қолданыста болған заңнамасына сәйкес берілген жер учаскесіне актіні ауыстыру кезінде жер учаскесінің сәйкестендіру сипаттамаларында өзгерістер болмаған жағдайда көрсетілетін қызметті алушы осы Тізбенің осы тармағының 1), 2) және 9) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды және жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттың көшірмесін ұсынады, сондай-ақ жер учаскесінің координаттары болмаған жағдайда осы Тізбенің осы тармағының 5) тармақшасында көрсетілген құжаттар қоса беріледі.
Сауда-саттықта (аукциондарда) жергілікті атқарушы органнан мемлекеттік меншіктегі жер учаскесіне құқық алған кезде көрсетілетін қызметті алушы осы Тізбенің осы тармағындағы 1), 2), 4), 5), 7), 8) және 9-тармақшаларында көрсетiлген құжаттарды ұсынады.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті берушінің жұмыскері мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының келісімін алады.
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті өтініштің қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушылар мемлекеттік қызметті алу үшін порталға мыналарды ұсынады:
мемлекет жер учаскесіне құқық берген кезде:
1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен немесе ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі порталға тіркелген және есепке алу жазбасы болғанда бір реттік құпиясөз арқылы куаландырылған электрондық құжат нысанындағы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесіне актіні дайындау және беру туралы өтініш;
Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес мұрагерлiк құқығымен жер учаскелерiн алған кәмелетке толмаған адам жер учаскелерiне құқықтарды тiркеген жағдайда туу туралы куәлiктiң, заңды өкiлiнiң (қамқоршыларының, қорғаншыларының) жеке басын куәландыратын құжаттың деректерi туралы мәлiметтерді және өкілдік ету өкілеттігін растайтын құжатты, сондай-ақ өкіл жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті беруші өкілдің жеке басын куәландыратын құжатты, көрсетілетін қызметті алушыдан сенімхаттың көшірмесін не куәландыратын құжатты электрондық үкімет шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
2) жергілікті атқарушы органның жер учаскесіне құқық беру туралы сканерленген шешімі;
3) Кодекстің 14-1-бабының 1-тармағы 6) тармақшасына, 2-тармағының 15) тармақшасына, 3-тармағының 6) тармақшасына сәйкес жобаланатын жер учаскесінің МЖК ААЖ графикалық деректерімен келісімі бар, уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген, сканерленген жерге орналастыру жобасы;
4) жергілікті жердегі жер учаскесінің шекараларын белгілеу бойынша сканерленген материалдар.
Көрсетілетін қызметті беруші жер учаскесінің шекараларын белгілеу (қалпына келтіру) бойынша жұмыстарды жүргізген жағдайларда – жергілікті жерлерде жер учаскесінің шекараларын белгілеудің (қалпына келтірудің) сканерленген актісі;
5) жер учаскелерін орналастыруға арналған жерге орналастыру жобасы болған жағдайда, жеке тұрғын үй құрылысына бөлу үшін учаскеге нақты жер учаскесіне арналған жерге орналастыру жобасының сканерленген бөлігі және оның жергілікті жерлердегі шекараларын белгілеу жөніндегі материалдар;
6) жер учаскесінің сканерленген сатып алу-сату шарты (жер учаскесін жалдау құқығын сату кезінде – жер учаскесін жалдау құқығын сату-сатып алу шарты);
7) жер учаскесін сатып алу құнын төлеу туралы сканерленген төлем құжаты (жеке тұлғалар үшін – түбіртек, заңды тұлғалар үшін – төлем тапсырмасы) (жер учаскесін мемлекет сатқан кезінде, жер учаскесін жалға беру құқығын сатып алу кезінде);
8) ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, көрсетілген қызметке ақы төлеу туралы сканерленген төлем құжаты (түбіртек).
Бұрын жер пайдалануға берілген жер учаскесін жеке меншікке сатып алу кезінде көрсетілетін қызметті алушы осы Тізбенің осы тармағының 1), 2), 6), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
Жер учаскесінің сәйкестендіру сипаттамалары өзгерген жағдайларда жер учаскесіне актіні ауыстырған кезде көрсетілетін қызметті алушы осы Тізбенің осы тармағының 1), 3) және 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды және жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттың сканерленген көшірмесін, жер учаскесіне ауыртпалық болған жағдайда, үшінші тұлғалардан рұқсатты ұсынады, сондай-ақ жер учаскесінің координаттары болмаған кезде осы Тізбенің осы тармағындағы 4) тармақшасында көрсетілген құжаттар қоса беріледі;
Нысаналы мақсатының өзгеруіне байлансты жер учаскесінің сәйкестендіру сипаттамалары өзгерген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы жер учаскесіне актіні ауыстыру кезінде осы Тізбенің 1), 3) және 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды және жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттың көшірмесін, жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы жергілікті атқарушы органның шешімін, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда нысаналы мақсатын өзгерткені үшін төленген төлем туралы төлем құжатының көшірмесін (жеке тұлғалар үшін – түбіртек, заңды тұлғалар үшін – төлем тапсырмасы) ұсынады, сондай-ақ жер учаскесінің координаттары болмаған жағдайда осы Тізбенің осы тармағының 4) тармақшасында көрсетілген құжаттар қоса беріледі;
Қазақстан Республикасының бұрынғы заңнамасына сәйкес берілген жер учаскесіне актіні ауыстыру кезінде жер учаскесінің сәйкестендіру сипаттамаларында өзгерістер болмаған жағдайда қызметті алушы осы Тізбенің осы тармағының 1) және 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды және жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттың көшірмесін ұсынады, сондай-ақ жер учаскесінің координаттары болмаған жағдайда осы тізбенің осы тармағындағы 4) тармақшасында көрсетілген құжаттар қоса беріледі.
Сауда-саттықта (аукциондарда) жергілікті атқарушы органнан мемлекеттік меншіктегі жер учаскесіне құқық алған кезде көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген құжаттарды ұсынады осы Тізбенің осы тармағындағы 1), 2), 4), 5), 7), 8) және 9)-тармақшаларында көрсетiлген құжаттарды ұсынады.
Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды талап етуге жол берілмейді.

9

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректердің және мәліметтердің Кодекстің 43-бабының 3-тармағының алтыншы бөлігінде және Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

10

Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қойылатын өзге де талаптар

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті тікелей көрсетілетін қызметті беруші арқылы алу жер учаскесінің орналасқан жері бойынша жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда, не бір рет қолданылатын құпиясөз арқылы портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары порталда көрсетілген. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.
Цифрлық құжаттар қызметі мобильді қосымшада авторландырылған пайдаланушылар үшін қолжетімді.
Цифрлық құжатты пайдалану үшін электрондық цифрлық қолтаңба немесе бір реттік құпиясөз арқылы мобильді қосымшада авторизациядан өтіп, "Цифрлық құжаттар" бөліміне өту және қажетті құжатты таңдау керек.

  "Жер учаскесіне сәйкестендіру
құжатын дайындау және
беру" мемлекеттік қызметін
көрсету қағидаларына
2-қосымша
  Нысан
  ____________________________
басшысына
(кадастр жүргізетін ұйымның
атауы)
____________________________
(аты, әкесінің аты (бар болса),
тегі жеке тұлғаның
кімнен
___________________________
аты, әкесінің аты (бар болса),
тегі не заңды
____________________________
тұлғаның толық атауы, жеке
сәйкестендіру
____________________________
нөмірі не бизнес-сәйкестендіру
нөмірі
____________________________
жеке тұлғаның немесе заңды
тұлға өкілінің жеке басын
куәландыратын құжаттың
деректемелері,
____________________________
байланыс телефоны (бар болса),
орналасқан
____________________________
жерінің мекенжайы
(заңды тұлғалар үшін) не
____________________________
тұрғылықты мекенжайы
(жеке тұлғалар үшін))

Жер учаскесіне актілерді дайындау және беру туралы өтініш

      ____________________________________________________________ үшін берілген,

      (жер учаскесінің нысаналы мақсаты)

      _______________________________ мекенжайы бойынша орналасқан жер учаскесіне

      ______________________________________ құқығына арналған акт беруді сұраймын.

      (құқық түрін көрсету)

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын дербес

      деректерімді және мәліметтерді жинақтауға және өңдеуге келісім беремін.

      20 ___ жылғы "____"______________

      Көрсетілетін қызметті алушы ______________________________________________

      (жеке тұлғаның немесе заңды тұлғаның уәкілетті өкілінің аты, әкесінің аты (бар болса)

      тегі, қолы/электрондық цифрлық қолтаңбасы)

  "Жер учаскесіне сәйкестендіру
құжатын дайындау және
беру" мемлекеттік қызметін
көрсету қағидаларына
3-қосымша

      Нысан

Жер учаскесіне арналған акт №_______ Акт на земельный участок №_______

1.

Жер учаскесінің кадастрлық нөмірі/
Кадастровый номер земельного участка

___________________________

2.

Жер учаскесінің мекенжайы, мекенжайдың тіркеу коды*
Адрес земельного участка, регистрационный код адреса *

___________________________
___________________________

3.

Жер учаскесіне құқық түрі
Вид право на земельный участок

___________________________
___________________________

4.

Жалға алудың аяқталу мерзімі мен күні **
Срок и дата окончания аренды **

___________________________

5.

Жер учаскесінің алаңы, гектар ***
Площадь земельного участка, гектар ***

__________________________,

6.

Жердің санаты
Категория земель

___________________________
___________________________

7.

Жер учаскесінің нысаналы мақсаты****
Целевое назначение земельного участка****

___________________________
___________________________

8.

Жер учаскесін пайдаланудағы шектеулер мен ауыртпалықтар
Ограничения в использовании и обременения земельного участка

______________________________
______________________________

9.

Бөлінетіндігі (бөлінеді/бөлінбейді)
Делимость (делимый/неделимый)

______________________________ ______________________________

      Ескертпе:

      * Мекенжайдың тіркеу коды бар болса көрсетіледі.

      ** Аяқталу мерзімі мен күні уақытша жер пайдалану кезінде көрсетіледі.

      *** Қосымша жер учаскесінің үлесі бар болса көрсетіледі.

      **** Қосымша жеке қосалқы шаруашылық жүргізу үшін берілетін жер учаскесі үлесінің түрі көрсетіледі.

      Примечание:

      * Регистрационный код адреса указывается при наличии.

      ** Срок и дата окончания указывается при временном землепользовании.

      *** Дополнительно указывается доля площади земельного участка при наличии.

      ****Дополнительно указывается вид надела земельного участка, предоставляемого для ведения личного подсобного хозяйства.

Жер учаскесінің жоспары План земельного участка

      Масштаб 1:

Сызықтардың өлшемдерін шығару Выноска мер линий

Бұрылысты нүктелердің №
№ поворотных точек

Сызықтардың өлшемдері
Меры линий

Шектес жер учаскелерінің кадастрлық нөмірлері (жер санаттары) Кадастровые номера (категории земель) смежных земельных участков

Бастап
От

Дейін
До

Сипаттамасы
Описание

А-дан
от А

Б-ға дейін
до Б

Жоспар шекараларындағы бөтен жер учаскелері Посторонние земельные участки в границах плана

Жоспардағы №
№ на плане

Жоспар шегіндегі бөтен жер учаскелерінің кадастрлық нөмірлері
Кадастровые номера посторонних земельных участков в границах плана

Алаңы, гектар
Площадь, гектар

      Ескертпе: *Шектесулердің сипаттамасы жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын дайындау сәтіне жарамды.

      Примечание: *Описание смежеств действительно на момент изготовления идентификационного документа на земельный участок.

      Осы актіні _______________________________________________________

      (жер кадастрын жүргізетін ұйымның атауы)

      ______________________________________________жасады.

      Настоящий акт изготовлен _________________________________________

      (наименование организации, ведущей земельный кадастр)

      Мөрдің орны _____________ _______________________________________

      (қолы)             (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      Место печати _________ ___________________________________________

      (подпись)       (фамилия, имя, отчество (при его наличии)

      Электронды құжат нысанында бергенде: басшының электрондық цифрлық қолтаңбасы

      При выдаче форме электронного документа: электронная цифровая подпись руководителя.

      Актінің дайындалған күні ______ жылғы " " ________________

      Дата изготовления акта " " _______________ 20 ___ года.

  "Жер учаскесіне сәйкестендіру
құжатын дайындау және
беру" мемлекеттік қызметін
көрсету қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарлама Құрметті____________________________

      Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабының

      1-тармағына сәйкес осы хабарламамен Сізге "Жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын

      дайындау және беру" мемлекеттік қызметін көрсетуден бас тартылатыны туралы

      хабарлаймыз, өйткені: _________________________________________________

      (бас тарту себептерін санамалау)

      Бас тарту мәселесі бойынша тыңдалым осы хабарлама жіберілген күннен бастап 2 (екі)

      жұмыс күнінен кейін жүзеге асырылады, онда Сіз осы шешім бойынша өз

      ұстанымыңызды білдіре аласыз (қажеттісін жазыңыз):

      _______________________________________________________________

      (тыңдалым өткізу күні мен уақыты, тыңдалым өткізу орны (тәсілі):

      мекенжайы бойынша ғимаратта: / бейнеконференцбайланыс/өзге де коммуникация

      құралдары арқылы)

      Көрсетілетін қызметті беруші ______________________________________

      (басшының қолы/электрондық цифрлық қолтаңбасы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      20 жылғы " "

  Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2020 жылғы 1 қазандағы
№ 301 бұйрығына
7-қосымша

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      7-қосымша жаңа редакцияда көзделген - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 08.08.2024 № 269 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

"Жер учаскесінің сапалы жағдайы туралы мәліметтер беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

      Ескерту. 7-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 19.06.2023 № 236 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Жер учаскесінің сапалы жағдайы туралы мәліметтер беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Жер учаскесінің сапалы жағдайы туралы мәліметтер беру" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі ̶ мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;

      2) жер учаскесіне сәйкестендіру құжаты – жер, құқықтық және қала құрылысы кадастрларын жүргізу мақсаттары үшін қажетті жер учаскесінің сәйкестендіру сипаттамаларын қамтитын құжат;

      3) мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – МЖК ААЖ) – жер учаскелерінің, оның ішінде олардың шекаралары туралы сапалық және сандық сипаттамаларды, сондай-ақ жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылар туралы мәліметтерді қамтитын, мемлекеттік жер кадастрын жүргізуге арналған ақпараттық жүйе;

      4) "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болып табылатын ақпараттық жүйе;

      5) "электрондық үкіметтің" веб-порталындағы пайдаланушының кабинеті (бұдан әрі – жеке кабинет) – "электрондық үкіметтің" веб-порталының жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік органдармен электрондық нысанда қызметтер көрсету мәселелері, көрсетілген тұлғалардың өтініштерін қарайтын субъектілерге қатысты мәселелер, сондай-ақ дербес деректерді пайдалану мәселелері бойынша ресми ақпараттық өзара іс-қимылына арналған құрамдасы;

      6) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) – электрондық нысанда көрсетілетін өтеулі қызметтер көрсету шеңберінде төлемдер жүргізу туралы ақпарат беру процесін автоматтандыратын ақпараттық жүйе;

      7) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиыны.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 29.02.2024 № 82 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      3. Мемлекеттік қызметті Мемлекеттік корпорация (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке немесе заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.

      "Жер учаскесінің сапалық жағдайы туралы мәліметтер беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген.

      4. Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесінің сапалық жағдайы туралы мәліметтерді беру туралы өтінішті және Тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдау көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік қызметті қағаз түрінде көрсету кезінде өтініштер мен құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.

      5. Жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не жылжымайтын мүлікке меншік құқығын растайтын дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы, жер учаскесіне құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттары туралы, жер учаскесіне ауыртпалықтың жоқтығы туралы растайтын мәліметтерді, мемлекеттік қызметті көрсету үшін ақы төлеу туралы, көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден ЭҮТШ арқылы сұратады.

      Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттарды іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен порталда тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы бір реттік құпиясөзді беру арқылы немесе портал хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда алады.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған дербес деректер мен заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді өңдеуді көрсетілетін қызметті беруші порталда тіркелген кезде көрсетілетін қызметті алушының келісімімен жүзеге асырады.

      Көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған сұранымның қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      6. Көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде:

      1) операциялық залдың жұмыскері (оператор) құжаттар қабылданған күні 30 (отыз) минут ішінде Тізбеде көрсетілген құжаттарды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады;

      2) операциялық залдың жұмыскері (операторы) құжаттар келіп түскен күні 2 (екі) сағат ішінде көрсетілетін қызметті алушыдан қабылданған құжаттарды курьер арқылы қызметті орындауға жауапты құрылымдық бөлімшеге (бұдан әрі – ҚБ) жібереді;

      3) ҚБ басшысы 30 (отыз) минут ішінде құжаттардың мазмұнымен танысады, қарар қояды және қызметті көрсетуге жауапты жұмыскерді айқындайды;

      4) ҚБ жұмыскері құжаттар тіркелген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде:

      көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыстығын тексереді;

      1 (бір) сағат ішінде жер учаскесінің сапалық жағдайы туралы мәліметтерді тексереді;

      мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болмаған кезде жер учаскесінің сапалық жағдайы туралы мәліметтерді дайындайды және оны ҚБ басшысына не оны алмастыратын адамға жібереді;

      5) ҚБ басшысы не оны алмастыратын адам 6 (алты) сағат ішінде жер учаскесінің сапалық жағдайы туралы мәліметтерді тексереді және оған қол қояды;

      6) көрсетілетін қызметті берушінің жұмыскері 2 (екі) сағат ішінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін курьер арқылы беруге жібереді;

      7) көрсетілетін қызметті алушыға дайын құжаттарды беру жеке басын куәландыратын құжатты не электрондық цифрлық құжаттама қызметінің (жеке басын сәйкестендіру үшін) электрондық құжатын (немесе уәкілетті орган растайтын құжат бойынша) көрсеткен кезде қолхат негізінде жүзеге асырылады.

      7. Порталға жүгінген кезде:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің жұмыскері құжаттарды қабылдаған күні 20 (жиырма) минут ішінде Тізбеде көрсетілген құжаттарды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және оларды ҚБ басшысына не оны алмастыратын адамға береді;

      2) ҚБ басшысы не оны алмастыратын адам құжаттардың мазмұнымен танысады, бұрыштама қояды және 30 (отыз) минут ішінде сұраным бойынша қызметті орындауға жауапты жұмыскерді айқындайды;

      3) ҚБ жұмыскері құжаттарды тіркеген сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыстығын алу үшін көрсеті тексереді;

      4) ҚБ басшысы не оны алмастыратын адам 1 (бір) сағат ішінде жер учаскесінің сапалық жағдайы туралы мәліметтерді тексереді;

      мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болмаған кезде жер учаскесінің сапалық жағдайы туралы мәліметтерді дайындайды және оны ҚБ басшысына не оны алмастыратын адамға жібереді;

      5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 6 (алты) сағат ішінде жер учаскесінің сапалық жағдайы туралы мәліметтерді тексереді және оған қол қояды;

      6) көрсетілетін қызметті берушінің жұмыскері қол қойылған сәттен бастап 15 (он бес) минут ішінде портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында жер учаскесінің сапалық жағдайы туралы мәліметтерді жібереді.

      8. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарлама жіберіледі, онда көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдалым өткізудің уақыты мен орны (тәсілі) көрсетіледі.

      Тыңдалым туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі. Тыңдалым хабарлама жасалған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Тыңдалым нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші жер учаскесінің сапалық жағдайы туралы немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту туралы мәліметтерді ұсыну туралы шешім қабылдайды.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі не көрсетілетін қызметті беруші арқылы беріледі.

      9. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректердің енгізілуін қамтамасыз етеді.

      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі осы Қағидалар бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторына, көрсетілетін қызметті берушіге және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.

      10. Ақпараттық жүйе істен шыққан кезде көрсетілетін қызметті беруші ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға жауапты көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің қызметкерін дереу хабардар етеді.

      Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға жауапты қызметкер техникалық проблема туралы хаттама жасайды және оған көрсетілетін қызметті беруші қол қояды.

      11. Көрсетілетін қызметті беруші Тізбенің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады.

3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      12. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.

      Шағым Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 91-бабының 4-тармағына сәйкес келіп түскен жағдайда көрсетілетін қызметті беруші оны келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды қарайтын органға жібереді. Көрсетілетін қызметті беруші 3 (үш) жұмыс күні ішінде қолайлы акт қабылданған, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік іс-әрекет жасалған жағдайда шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді.

      13. Көрсетілетін қызметті алушының шағымын Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес:

      көрсетілетін қызметті беруші – тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

      мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – ол тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауы тиіс.

      Көрсетілетін қызметті берушінің, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес:

      1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;

      2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.

      Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, шағымды қарау жөнінде өкілеттік берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды берген көрсетілетін қызметті алушыға жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) ұзарту себебін көрсете отырып шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы хабарлайды.

      14. Егер заңда өзгеше көзделмесе, ҚР ӘРПК 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.

  "Жер учаскесінің сапалы
жағдайы туралы мәліметтер
беру" мемлекеттік қызметін
көрсету қағидаларына
1-қосымша

"Жер учаскесінің сапалы жағдайы туралы мәліметтер беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).

2
2

Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері

1) көрсетілетін қызметті беруші;
2) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал).

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

8 (сегіз) жұмыс күні ішінде.
Көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде.

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Жер учаскесінің сапалық жағдайы туралы мәліметтер не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің құны "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 87 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13353 болып тіркелген) 3-қосымшаның 21-параграфына сәйкес мөлшерде есептеледі.
Мемлекеттік қызмет құнын төлеу екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысанда, сондай-ақ "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылады.

7

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының Еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс графигіне сәйкес;
2) порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Кодекске сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтініш қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.gov.kz интернет-ресурсында;
2) көрсетілетін қызметті берушінің www.gov4c.kz интернет-ресурсында;
3) порталда орналасқан.

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы:
көрсетілетін қызметті берушіге:
1) "Жер учаскесінің сапалық жағдайы туралы мәліметтерді беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесінің сапалық жағдайы туралы мәліметтерді беру туралы өтініш;
ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі тіркелген және қосылған жағдайда, бір реттік құпиясөзбен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұраным;
2) жеке куәлік не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін).
Өкіл жүгінген жағдайда – өкілдің жеке басын куәландыратын құжат, көрсетілетін қызметті алушыдан сенімхаттың немесе көрсетілетін қызметті алушы өкілінің өкілеттігін куәландыратын құжаттың көшірмесі не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) жер учаскесін орналастыру схемасының көшірмесі;
4) көрсетілетін қызметке ақы төлеу туралы төлем құжатының (түбіртектің) көшірмесі.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті берушінің жұмыскері мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының келісімін алады.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті сұранымның қабылданғаны туралы қолхат беріледі;
порталға:
1) ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірін тіркеген және порталдың есептік жазбасына қосқан жағдайда көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен немесе бір реттік құпиясөзбен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұраным;
2) жер учаскесін орналастырудың сканерленген схемасы;
3) ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, көрсетілетін қызметке ақы төлеу туралы төлем құжатының (түбіртектің) сканерленген көшірмесі.
Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне мемлекеттік қызмет көрсетуге сұранымның қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.

9

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға арналған Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректердің және мәліметтердің Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

10

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болған не ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі порталға тіркелген және есепке алу жазбасына қосылған жағдайда бір реттік құпиясөз арқылы порталда электрондық нысанда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары порталда көрсетілген. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.
Цифрлық құжаттар қызметі мобильді қосымшада авторландырылған пайдаланушылар үшін қолжетімді. Цифрлық құжатты пайдалану үшін электрондық цифрлық қолтаңба немесе бір реттік құпиясөз арқылы мобильді қосымшада авторизациядан өтіп, "Цифрлық құжаттар" бөліміне өту және қажетті құжатты таңдау керек.

  "Жер учаскесінің сапалы
жағдайы туралы мәліметтер
беру" мемлекеттік қызметін
көрсету қағидаларына
2-қосымша
Нысан
  ____________________________
  басшысына (кадастр жүргізетін
  ұйымның атауы
  ____________________________
  аты, әкесінің аты (бар болса,
  тегі)
  ____________________________
  (жеке тұлғаның аты, әкесінің
  аты (бар болса), тегі
  ____________________________
  немесе заңды тұлғаның толық
  атауы)
  ____________________________
  (жеке сәйкестендіру нөмірі
  немесе бизнес-сәйкестендіру
  нөмірі)
  ____________________________
  жеке тұлғаның немесе заңды
  тұлға өкілінің жеке басын
  куәландыратын құжаттың
  деректемелері,
  ____________________________
  байланыс телефоны (бар болса),
  мекенжайы
  ____________________________
  орналасқан жері (заңды тұлғалар
  үшін) не
  ____________________________
  тіркеу мекенжайы (жеке
  тұлғалар үшін))

Жер учаскесінің сапалы жағдайы туралы мәліметтерді беруге өтініш

      __________________________________________________________________________

      (жер учаскесінің мекенжайы (орналасқан жері))

      мекенжайы бойынша орналасқан алаңы _____ гектар жер учаскесінің сапалық жағдайы туралы мәлімет беруіңізді сұраймын.

      Жер учаскесінің кадастрлық нөмірі (бар болса) _________________________________

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған дербес деректерімді және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді жинауға және өңдеуге келісемін.

      Көрсетілетін қызметті алушы ____________________________________ (жеке тұлғаның не заңды тұлғаның уәкілетті өкілінің аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы)

      20__ жылғы "____"__________

  Жер учаскесінің сапалы
жағдайы туралы мәліметтер
беру" мемлекеттік қызметін
көрсету қағидаларына
3-қосымша
Нысан

Жер учаскесінің сапалық жай-күйі туралы ақпарат Сведения о качественном состоянии земельного участка

      1. Өтініш беруші/Заявитель_______________________________________________

      (жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі немесе

      __________________________________________________________________________

      заңды тұлғаның атауы)/ (фамилия, имя, отчество (при его наличии)

      физического лица или наименование юридического лица)

      2. Жер учаскесінің кадастрлық нөмірі/Кадастровый номер земельного участка

      3. Жер учаскесінің нысаналы мақсаты/Целевое назначение земельного участка

      4. Жер учаскесінің орналасқан жері/Местоположение земельного участка

      5. Жер учаскесінің алаңы/Площадь земельного участка________________________

Р/с№

Алқап түрлері (бар болса)/Виды угодий (при наличии)

Республикалық жүйелік тізім бойынша топырақ шифры/Шифр почв по республиканскому систематическому списку

Алаңы/Площадь

Топырақтың бонитет балы/Балл бонитета почв

Жарамдылық санаты және жерлер сыныбы/Категория пригодности и класс земель

Топырақтың мелиорациялық, мәдени-техникалық жай-күйі/Мелиоративное, культур техническое состояние почвы

1

2

3

4

5

6

7

1

Егістік/Пашня

1.1

Оның ішінде суармалы егістік/в том числе пашня орошаемая

Орташа өлшенген бонитет балының жиыны/Итого средневзвешенный балл бонитет

2

Жайылым/Пастбища

2.1

Оның ішінде түбегейлі жақсартылған жайылым/в том числе пастбища коренного улучшения

Шабындық/Сенокосы

3.1

Оның ішінде түбегелі жақсартылған шабындық/в том числе сенокосы коренного улучшения

Тыңайған жерлер/Залежь

4.1

Оның ішінде суармалы тыңайған жерлер/в том числе залежь орошаемая

Көпжылдық екпелер/Многолетние насаждения

5.1

Оның ішінде суармалы көпжылдық екпелер/в том числе орошаемые многолетние насаждения

Басқа да алқаптар/Прочие угодья

Жиыны/Итого

      6. Жер учаскесі бойынша орташа өлшенген бонитет балы/Средневзвешенный балл

      бонитета по земельному участку ___________

      Мәліметтерді жинақтаған/Сведения составлены:_____________________________

      (ұйымның атауы, бизнес-сәйкестендіру

      __________________________________________________________________________

      нөмірі)/(наименование организации, бизнес-идентификационный номер)

      Күні/Дата 20___ жылғы " " / " " ________ 20 год.

  "Жер учаскесінің сапалы
жағдайы туралы мәліметтер
беру" мемлекеттік қызметін
көрсету қағидаларына
4-қосымша
Нысан

Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарлама Құрметті____________________________

      Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабының 1-тармағына сәйкес осы хабарламамен Сізге "Жер учаскесінің сапалы жағдайы туралы мәліметтер беру" мемлекеттік қызметін көрсетуден бас тартылғаны туралы хабарлаймыз, өйткені:

      ____________________________________________

      (бас тарту себептерін санамалау)

      Бас тарту мәселесі бойынша тыңдалым осы хабарлама жіберілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кейін жүзеге асырылады, онда Сіз осы шешім бойынша өз ұстанымыңызды білдіре аласыз (қажеттісін жазыңыз):

      __________________________________________________________________________

      (тыңдалым өткізу күні мен уақыты, тыңдалым өткізу орны (тәсілі): мекенжайы

      бойынша ғимаратта: / бейнеконференцбайланыс/өзге де коммуникация құралдары

      арқылы)

      Көрсетілетін қызметті беруші ________________________________________________

      (басшының қолы/электрондық цифрлық қолтаңбасы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      20 жылғы " "

  Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2020 жылғы 1 қазандағы
№ 301 бұйрығына
8-қосымша

"Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға түпкілікті шешім беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

      Ескерту. 8-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 19.06.2023 № 236 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға түпкілікті шешім беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға түпкілікті шешім беру" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) жергілікті атқарушы органдардың шешімдері – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің жер учаскесіне құқық беру туралы құқықтық актілері;

      2) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі;

      3) жер учаскесі – Қазақстан Республикасының Жер кодексінде (бұдан әрі – Кодекс) белгіленген тәртіппен жер қатынастары субъектілеріне бекітіліп берілетін, тұйық шекараларда бөлінген жер бөлігі;

      4) пайдаланушының "электрондық үкіметтің" веб-порталындағы кабинеті (бұдан әрі – жеке кабинет) – жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік органдармен электрондық түрде қызметтер көрсету мәселелері, аталған тұлғалардың өтініштерін қарайтын субъектілерге жүгіну, сондай-ақ дербес деректерді пайдалану мәселелері бойынша ресми ақпараттық өзара іс-қимылға арналған "электрондық үкіметтің" веб-порталының құрамдасы;

      5) "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болып табылатын ақпараттық жүйе;

      6) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.

      "Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға түпкілікті шешім беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген.

      4. Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға түпкілікті шешім беруге арналған өтінішті және Тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру Мемлекеттік корпорация арқылы не портал арқылы жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік қызметті қағаз түрінде көрсеткенде өтініштер мен құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.

      Көрсетілетін қызметті алушы Тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайларда көрсетілетін қызметті беруші, операциялық залдың жұмыскері (операторы) өтінішті қабылдаудан бас тартады.

      5. Жеке басты куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не жылжымайтын мүлікке меншік құқығын растайтын дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы, жер учаскесіне құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттары туралы, мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін ақының төленгені туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден талап етеді.

      Көрсетілетін қызметті берушілер іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен порталда тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы бір реттік құиясөзді беру арқылы немесе портал хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы ұсынылған құжат иесінің келісуі болған жағдайда цифрлық құжаттарды алады.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған дербес деректер мен заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді өңдеуді көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының келісуімен порталда тіркеу барысында жүзеге асырады.

      Көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе және мемлекеттік қызмет көрсету күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      6. Көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде:

      құндылығы аз ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыру кезінде:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе жұмыскері Тізбеде көрсетілген құжаттарды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және 15 (он бес) минут ішінде оларды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына бұрыштамаға жібереді;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы орындаушыны – ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органды 15 (он бес) минут ішінде айқындайды;

      3) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органының басшысы 15 (он бес) минут ішінде жауапты орындаушыны айқындайды;

      4) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы ұсынылған материалдарды қарайды, аудандық ауыл және су шаруашылығы органдарымен келіседі, келісу нәтижелерін жинақтайды және мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер болмаған кезде көрсетілетін қызметті берушінің ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыру туралы шешімінің жобасын дайындайды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін күнтізбелік 25 (жиырма бес) күн ішінде көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қою үшін жібереді;

      5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қояды және күнтізбелік 1 (бір) күн ішінде көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелу үшін көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жібереді;

      6) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін тіркейді және 15 (он бес) минут ішінде портал арқылы көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жібереді.

      Суарылмайтын егістікті құндылығы аз ауыл шаруашылығы алқаптарының түрлеріне ауыстырғанда:

      1) ауданның уәкілетті органының жауапты орындаушысы ұсынылған материалдарды қарайды, аудандық ауыл және су шаруашылығы органдарымен келіседі, келісу нәтижелерін жинақтайды және мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер болмаған кезде қорытынды дайындайды және күнтізбелік 12 (он екі) күн ішінде ауыстыру жөнінде материалдарды облыстың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органына жібереді;

      2) облыстың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органының жауапты орындаушысы ұсынылған материалдарды қарайды, ауыстыру материалдарын облыстық ауыл шаруашылығы және су шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау органдарымен келіседі, келісу нәтижелерін жинақтайды, күнтізбелік 12 (он екі) күн ішінде қорытынды жасайды және ауданның уәкілетті органына жібереді;

      3) ауданның уәкілетті органының жауапты орындаушысы ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыру туралы көрсетілетін қызметті берушінің шешімінің жобасын дайындайды және күнтізбелік 1 (бір) күн ішінде көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қою үшін жібереді;

      4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қояды және күнтізбелік 1 (бір) күн ішінде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жібереді;

      5) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін тіркейді және 15 (он бес) минут ішінде портал арқылы көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жібереді.

      Суармалы егістікті суарылмайтын алқап түрлеріне ауыстырғанда:

      1) ауданның уәкілетті органының жауапты орындаушысы ұсынылған материалдарды қарайды, аудандық ауыл және су шаруашылығы органдарымен келіседі, келісу нәтижелерін жинақтайды, қорытынды дайындайды және күнтізбелік 8 (сегіз) күн ішінде ауыстыру жөніндегі материалдарды облыстың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органына жібереді.

      2) облыстың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органының жауапты орындаушысы ұсынылған материалдарды қарайды, ауыстыру материалдарын облыстық ауыл шаруашылығы және су шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау органдарымен келіседі, келісу нәтижелерін жинақтайды, қорытынды жасайды және күнтізбелік 8 (сегіз) күн ішінде жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органға жібереді;

      3) жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті орган ұсынылған материалдарды қарайды, ауыл шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі орталық уәкілетті органдармен келіседі және күнтізбелік 7 (жеті) күн ішінде қорытындысы бар құжаттар топтамасын облыстың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органына жібереді;

      4) облыстың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органының жауапты орындаушысы жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органның тиісті қорытындысының негізінде бас тарту үшін негіздер болмаған кезде ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыру туралы көрсетілетін қызметті берушінің шешімінің жобасын дайындайды және күнтізбелік 2 (екі) күн ішінде қол қою үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жібереді;

      5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қояды және күнтізбелік 1 (бір) күн ішінде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жібереді;

      6) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін тіркейді және 15 (он бес) минут ішінде портал арқылы көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат түрінде көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жібереді.

      Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген кезде:

      құндылығы аз ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстырған кезде:

      1) операциялық залдың жұмыскері (операторы) 30 (отыз) минут ішінде Тізбеде көрсетілген құжаттарды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады;

      2) операциялық залдың жұмыскері (операторы) көрсетілетін қызметті алушыдан қабылданған құжаттарды құжаттар келіп түскен күні 2 (екі) сағат ішінде көрсетілетін қызметті берушіге курьер арқылы береді;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе жұмыскері Тізбеде көрсетілген құжаттарды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және оларды 15 (он бес) минут ішінде көрсетілетін қызметті берушінің басшысына бұрыштама қою үшін жібереді;

      4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 15 (он бес) минут ішінде орындаушыны – ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органын айқындайды;

      5) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органының басшысы 15 (он бес) минут ішінде жауапты орындаушыны айқындайды;

      6) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы ұсынылған материалдарды қарайды, аудандық ауыл және су шаруашылығы органдарымен келіседі, келісу нәтижелерін жинақтайды және мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер болмаған кезде көрсетілетін қызметті берушінің ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыру туралы шешімінің жобасын дайындайды және күнтізбелік 25 (жиырма) бес) күн ішінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қою үшін жібереді;

      7) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қояды және күнтізбелік 1 (бір) күн ішінде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жібереді;

      8) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін 15 (он бес) минут ішінде тіркейді және 2 (екі) сағат ішінде курьер арқылы Мемлекеттік корпорацияға тапсырады;

      9) көрсетілетін қызметті алушыға дайын құжаттарды беру жеке куәлікті не цифрлық құжаттар сервисінен (сәйкестендіру үшін) электрондық құжатты (не өкілеттігін растайтын құжат бойынша оның өкіліне) ұсынған кезде қолхат негізінде жүзеге асырылады.

      Суарылмайтын егістікті құндылығы аз ауыл шаруашылығы алқаптарының түрлеріне ауыстыру кезінде:

      10) ауданның уәкілетті органының жауапты орындаушысы ұсынылған материалдарды қарайды, аудандық ауыл және су шаруашылығы органдарымен келіседі, келісу нәтижелерін жинақтайды және мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер болмаған кезде ауыстыру жөнінде қорытынды дайындайды және күнтізбелік 12 (он екі) күн ішінде материалдарды облыстың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органына жібереді;

      11) облыстың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органының жауапты орындаушысы ұсынылған материалдарды қарайды, ауыстыру материалдарын облыстық ауыл және су шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау органдарымен келіседі, келісу нәтижелерін жинақтайды, қорытынды жасайды және 12 (он екі) күнтізбелік күн ішінде ауданның уәкілетті органына жібереді;

      12) ауданның уәкілетті органының жауапты орындаушысы ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыру туралы көрсетілетін қызметті берушінің шешімінің жобасын дайындайды және күнтізбелік 1 (бір) күн ішінде қол қою үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жібереді;

      13) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қояды және күнтізбелік 1 (бір) күн ішінде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жібереді;

      14) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін 15 (он бес) минут ішінде тіркейді және 2 (екі) сағат ішінде Мемлекеттік корпорацияға курьер арқылы жібереді;

      15) дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру жеке куәлікті не цифрлық құжаттар сервисінен (сәйкестендіру үшін) электрондық құжатты (не өкілеттігін растайтын құжат бойынша оның өкіліне) ұсынған кезде қолхат негізінде жүзеге асырылады.

      Суармалы егістікті суарылмайтын алқап түрлеріне ауыстырған кезде:

      16) ауданның уәкілетті органының жауапты орындаушысы ұсынылған материалдарды қарайды, аудандық ауыл және су шаруашылығы органдарымен келіседі, келісу нәтижелерін жинақтайды, қорытынды дайындайды және күнтізбелік 8 (сегіз) күн ішінде ауыстыру жөніндегі материалдарды облыстың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органына жібереді.

      17) облыстың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органының жауапты орындаушысы ұсынылған материалдарды қарайды, ауыстыру материалдарын облыстық ауыл шаруашылығы және су шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау органдарымен келіседі, келісу нәтижелерін жинақтайды, қорытынды жасайды және күнтізбелік 8 (сегіз) күн ішінде жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органға жібереді;

      18) жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті орган ұсынылған материалдарды қарайды, ауыл шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі орталық уәкілетті органдармен келіседі және күнтізбелік 7 (жеті) күн ішінде қорытындысы бар құжаттар топтамасын облыстың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органына жібереді;

      19) облыстың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органының жауапты орындаушысы жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органның тиісті қорытындысының негізінде бас тарту үшін негіздер болмаған кезде ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыру туралы көрсетілетін қызметті берушінің шешімінің жобасын дайындайды және күнтізбелік 2 (екі) күн ішінде қол қою үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жібереді;

      20) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қояды және күнтізбелік 1 (бір) күн ішінде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жібереді;

      21) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін 15 (он бес) минут ішінде тіркейді және 2 (екі) сағат ішінде Мемлекеттік корпорацияға курьер арқылы жібереді;

      22) көрсетілетін қызметті алушыға дайын құжаттарды беру жеке куәлікті не цифрлық құжаттар сервисінен (сәйкестендіру үшін) электрондық құжатты (не өкілеттігін растайтын құжат бойынша оның өкіліне) ұсынған кезде қолхат негізінде жүзеге асырылады.

      7. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарлама жіберіледі, онда көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдалым өткізу уақыты мен орны (тәсілі) көрсетіледі.

      Тыңдалым туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі. Тыңдалым хабарлама жасалған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Тыңдалым нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыру туралы не мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы беріледі.

      8. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректердің енгізілуін қамтамасыз етеді.

      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі осы Қағидалар бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторына, көрсетілетін қызметті берушіге және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.

      9. Ақпараттық жүйе істен шыққан кезде көрсетілетін қызметті беруші ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға жауапты көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің қызметкерін дереу хабардар етеді.

      Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға жауапты жұмыскер техникалық проблема туралы хаттама жасайды және оған көрсетілетін қызметті беруші қол қояды.

      10. Көрсетілетін қызметті беруші Тізбенің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады.

3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.

      Шағым Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 91-бабының 4-тармағына сәйкес келіп түскен жағдайда көрсетілетін қызметті беруші оны келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды қарайтын органға жібереді. Көрсетілетін қызметті беруші 3 (үш) жұмыс күні ішінде қолайлы акт қабылданған, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік іс-әрекет жасалған жағдайда шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік органға және (немесе) лауазымды адамға) шағымды жібермейді.

      12. Көрсетілетін қызметті алушының шағымын Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес:

      көрсетілетін қызметті беруші – тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

      мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – ол тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауы тиіс.

      Көрсетілетін қызметті берушінің, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес:

      1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;

      2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.

      Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, шағымды қарау жөнінде өкілеттік берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды берген көрсетілетін қызметті алушыға жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) ұзарту себебін көрсете отырып шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы хабарлайды.

      13. Егер заңда өзгеше көзделмесе, ҚР ӘРПК 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.

  "Ауыл шаруашылығы
алқаптарын бір түрден екінші
түрге ауыстыруға түпкілікті
шешім беру" мемлекеттік
қызметін көрсету қағидаларына
1-қосымша

"Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға түпкілікті шешім беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Облыстардың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).

2
2

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері

"Электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы және "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы.

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

Күнтізбелік 30 (отыз) күн.

4

Мемлекеттік қызметіт көрсету түрі

Электрондық (ішінара автоматтандырылған)/ қағаз түрінде.

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Көрсетілетін қызметті берушінің ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыру туралы шешімі не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін

7

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс графигіне сәйкес;
2) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.gov.kz интернет-ресурсында;
2) көрсетілетін қызметті берушінің www.gov4c.kz интернет-ресурсында;
3) порталда орналастырылған.

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

1) "Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға түпкілікті шешім беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға түпкілікті шешім беру туралы өтініш
2) мыналарды ауыстырған кезде:
құндылығы аз ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге және бағалырақ түрге – аудандар мен қалалардың ауыл және су шаруашылығы саласындағы уәкілетті органдарының қорытындылары мен ұсыныстары бар түсіндірме жазба;
суарылмайтын егістіктерді ауыл шаруашылығы алқаптарының басқа құндылығы аз түрлеріне – ауыл және су шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау саласындағы келісуші облыстық уәкілетті органдардың қорытындылары мен ұсыныстары бар түсіндірме жазба;
3) ауыл шаруашылығы алқаптарының бір түрден екіншісіне ауыстыруға белгіленген жерлердің экспликациясы;
4) басқасына ауыстыру белгіленген ауыл шаруашылығы алқаптарының орналасқан жері, олардың алаңдары, пайдалану түрі, ауыстыру себебі көрсетілген далалық зерттеп-қарау актісі және келісуші мемлекеттік органдар бөлімшелерінің өкілдері мен осы жерлердің барлық мүдделі уәкілетті жер пайдаланушылары (иеленушілері) қол қойған, басқа түрге ауыстыруға белгіленген ауыл шаруашылығы жерлері көрсетілген далалық зерттеп-қарау сызбасы;
5) жер учаскелерінің сапалық сипаттамасы;
6) суару желісінің, жайылма суару жүйесінің, суландыру құрылыстарының техникалық жай-күйі, сондай-ақ негізгі қорлардың құны туралы мәліметтер;
7) жер учаскесі әуеайлақ маңындағы аумақта орналасқан жағдайда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 12 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген Әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін қызметті жүзеге асыруға рұқсат беру қағидаларына сәйкес берілетін рұқсат.

9

Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер

1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін ұсынылған қажетті деректер мен мәліметтердің Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) мемлекеттік қызметті көрсету үшін талап етілетін келісу туралы сұранымға уәкілетті мемлекеттік органның теріс жауабы:
4) осы елді мекенде жайылым тапшылығы болған жағдайда, жайылымдарды егістікке ауыстыруға тыйым салынады.

10

Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары порталда көрсетілген. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.

  "Ауыл шаруашылығы
алқаптарын бір түрден екінші
түрге ауыстыруға түпкілікті
шешім беру" мемлекеттік
қызметін көрсету қағидаларына
2-қосымша
Нысан
  ________________әкіміне
  (облыстың, қаланың, ауданның
  ____________________________
  (аты, әкесінің аты (бар болса),
  тегі)
  ________________________
  (жеке тұлғаның аты, әкесінің
  аты (бар болса), тегі не заңды
  тұлғаның атауы)
  ____________________________
  (жеке сәйкестендіру нөмірі не
  бизнес сәйкестендіру нөмірі)
  ____________________________
  (жеке тұлғаның немесе
  ____________________________
  заңды тұлға өкілінің
  ____________________________
  жеке басын куәландыратын
  құжаттың деректемелері
  ____________________________
  байланыс телефоны (бар болса),
  _______________________
  тұратын мекенжайы
  (жеке тұлғалар үшін) )

Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға түпкілікті шешім беруге өтініш

      _________________________________________________________________ негізінде

      (негізді көрсету)

      __________________________________________________________________арналған

      (жер учаскесінің нысаналы мақсаты)

      _________________________________________________________________________

      (жер учаскесінің мекенжайы (орналасқан жері))

      ________________________________________________________________ орналасқан

      ауданы ____________ гектар жер учаскесіне уақытша өтеулі/өтеусіз жер пайдалану,

      жеке меншік (керегінің астын сызу) құқығын беруіңізді сұраймын.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді

      пайдалануға келісемін.

      Көрсетілетін қызметті алушы

      __________________________________________________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушының аты, әкесінің аты (бар болса)тегі, қолы/электрондық

      цифрлық қолтаңбасы)

  "Ауыл шаруашылығы
алқаптарын бір түрден екінші
түрге ауыстыруға түпкілікті
шешім беру" мемлекеттік
қызметін көрсету қағидаларына
3-қосымша
Нысан

Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарлама Құрметті _______________

      Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабының 1-тармағына сәйкес осы хабарламамен Сізге "Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға түпкілікті шешім беру" мемлекеттік қызметін көрсетуден бас тартылатыны туралы хабарлаймыз, өйткені:

      _______________________________________________________________

      (бас тарту себептерін санамалау )

      Бас тарту мәселесі бойынша тыңдалым осы хабарлама жіберілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кейін жүзеге асырылады, онда Сіз осы шешім бойынша өз ұстанымыңызды білдіре аласыз (қажеттісін жазыңыз):

      _______________________________________________________________________

      (тыңдалым өткізу күні мен уақыты, тыңдалым өткізу орны (тәсілі): мекенжайы

      бойынша ғимаратта: / бейнеконференцбайланыс/өзге де коммуникация құралдары

      арқылы)

      Көрсетілетін қызметті беруші ________________________________________________

      (басшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы/электрондық цифрлық қолтаңбасы)

      20 жылғы " "

  Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2020 жылғы 1 қазандағы
№ 301 бұйрығына
9-қосымша

"Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

      Ескерту. 9-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 01.08.2023 № 287 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;

      2) жергілікті атқарушы органдардың шешімдері – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің жер учаскесіне құқық беру туралы құқықтық актілері;

      3) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган –облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, елорданың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі;

      4) жер учаскесі – Қазақстан Республикасының Жер кодексінде белгіленген тәртіппен жер қатынастары субъектілеріне бекітіліп берілетін, тұйық шекараларда бөлінген жер бөлігі;

      5) мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – МЖК ААЖ) – жер учаскелерінің, оның ішінде олардың шекаралары туралы сапалық және сандық сипаттамаларды, сондай-ақ жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылар туралы мәліметтерді қамтитын, мемлекеттік жер кадастрын жүргізуге арналған ақпараттық жүйе;

      6) "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болып табылатын ақпараттық жүйе;

      7) "электрондық үкіметтің" веб-порталындағы пайдаланушы кабинеті (бұдан әрі – жеке кабинет) – жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік органдармен электрондық нысанда қызметтер көрсету мәселелері, көрсетілген тұлғалардың өтініштерін қарайтын субъектілерге жүгіну, сондай-ақ дербес деректерді пайдалану мәселелері бойынша ресми ақпараттық өзара іс-қимылына арналған "электрондық үкіметтің" веб-порталының құрамдасы;

      8) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 29.02.2024 № 82 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке немесе заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.

      "Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген.

      4. Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру туралы өтінішті және Тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру Мемлекеттік корпорация арқылы не портал арқылы жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік қызметті қағаз түрінде көрсету кезінде өтініштер мен құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.

      Көрсетілетін қызметті алушы Тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайларда көрсетілетін қызметті беруші, Мемлекеттік корпорацияның операциялық залының жұмыскері (операторы) өтінішті қабылдаудан бас тартады.

      5. Жеке басты куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде жылжымайтын мүлікке меншік құқығын растайтын қызметтің басталуы туралы, жылжымайтын мүлікке меншік құқығын растайтын, жер учаскесіне құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттары туралы, мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін ақы төлеу туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден талап етеді.

      Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттарды іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен порталда тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы бір реттік құпиясөзді беру арқылы немесе портал хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы ұсынылған құжатты иеленушінің келісімі болған жағдайда алады.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған дербес деректер мен заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді өңдеуді көрсетілетін қызметті беруші порталда тіркелген кезде көрсетілетін қызметті алушының келісімімен жүзеге асырады.

      Көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе және мемлекеттік қызмет көрсету күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      6. Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызмет екі кезеңде көрсетіледі.

      Бірінші кезең: сұралып отырған жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындау, жер учаскесін таңдау актісін дайындау, сәулет-жоспарлау тапсырмасын, инженерлік желілерге қосылуға техникалық шарттарды және топографияны жасау – 28 (жиырма сегіз) жұмыс күні ішінде:

      1) операциялық залдың жұмыскері (операторы) Тізбеде көрсетілген құжаттарды қабылдауды және тіркеуді 30 (отыз) минут ішінде жүзеге асырады;

      2) операциялық залдың жұмыскері (операторы) көрсетілетін қызметті алушыдан қабылданған құжаттарды курьер арқылы құжаттар келіп түскен күні 2 (екі) сағат ішінде көрсетілетін қызметті берушіге береді;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы 1 (бір) жұмыс күні ішінде келіп түскен құжаттарды қарайды және оларды сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органға жібереді;

      4) сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органның басшысы құжаттарды қарайды, құжаттар келіп түскен күні жауапты орындаушыны айқындайды;

      5) сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органның жауапты орындаушысы бекітілген қала құрылысы құжаттарына сәйкес 7 (жеті) жұмыс күні ішінде ахуалдық схемасы бар жер учаскесін таңдау актісін, сәулет-жоспарлау тапсырмасын, техникалық шарттарды алу үшін сауалнама парағын, топографияны дайындайды және оларды бір мезгілде келісуге барлық мүдделі мемлекеттік органдарға, тиісті қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілеріне және Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері арқылы не келісуші органдарда осы жүйелер болмаған кезде қағаз жеткізгіштерде жібереді.

      Келісуші органдар 12 (он екі) жұмыс күні ішінде мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша жер учаскесін беру мүмкіндігі туралы тиісті қорытынды ұсынады.

      Табиғи монополиялар субъектілері сауалнама парағын алған күннен бастап техникалық шарттарды, ахуалдық схеманы және топографияны алған күннен бастап үшін 5 (бес) жұмыс күні ішінде инженерлік желілерге қосылуға техникалық шарттарды дайындайды және ұсынады.

      Мемлекеттік корпорацияның қорытындысына сұратылып отырған жер учаскесі бойынша мәліметтер және жер-кадастрлық жұмыстары үшін смета қоса беріледі.

      Сұратылып отырған жер учаскесі бос болмаған жағдайда, 3 (үш) жұмыс күні ішінде жергілікті атқарушы органның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесіне жер учаскесіне құқық беруден бас тартуға негіз болатын тиісті ақпаратты жібереді.

      6) оң қорытындылар келіп түскен жағдайда – сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті орган 5 (бес) жұмыс күні ішінде сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органның басшысына сәулет-жоспарлау тапсырмасын, инженерлік желілерге қосылуға техникалық шарттарды және топографияны қоса бере отырып, жер учаскесін таңдаудың түпкілікті актісін дайындайды және қол қоюға жібереді.

      Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған кезде – сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті орган 1 (бір) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарлама дайындайды және сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органның басшысына қол қоюға жолдайды;

      7) сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органның басшысы құжат келіп түскен күні жер учаскесін таңдау актісін не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарламаны қарайды және оған қол қояды;

      8) сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органның жауапты орындаушысы Мемлекеттік корпорацияға көрсетілетін қызметті алушымен келісу үшін жер учаскесін таңдау актісін және жер-кадастрлық жұмыстарға (жер-кадастрлық жоспарды жасауға) сметаны жібереді.

      Түпкілікті таңдау актісін келісу және оның жер-кадастрлық жұмыстар бойынша көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеуді өтініш беруші 3 (үш) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады. Өтініш берушімен келісілмеген жер учаскесін таңдау актісінің қолданылу мерзімі 10 (он) жұмыс күнін құрайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы жер учаскесін таңдау актісін келіскеннен кейін көрсетілетін қызметті алушыға уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын алу күні туралы хабарлама қол қою үшін береді.

      Көрсетілген мерзім өткеннен кейін Мемлекеттік корпорация сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органға көрсетілетін қызметті алушыны хабардар ете отырып, келісілмеген жер учаскесін таңдау актісінің күшін жою үшін қайтарады.

      Екінші кезең: көрсетілетін қызметті алушы жер учаскесін таңдау актісін келісу және жер-кадастрлық жұмыстардың қызметтері үшін ақы төлеу кезінде жер-кадастрлық жоспарды қоса бере отырып, жер учаскесіне жер пайдалану құқығын беру туралы шешім шығару, уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын жасау – 18 (он сегіз) жұмыс күні ішінде:

      1) Мемлекеттік корпорация 10 (он) жұмыс күні ішінде жер-кадастрлық жоспарды дайындайды және оны жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органға жібереді;

      2) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның басшысы 3 (үш) жұмыс күні ішінде жер-кадастрлық жоспарды қарайды, бекітеді және жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның жауапты орындаушысын белгілейді;

      3) мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болмаған жағдайда жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның жауапты орындаушысы жер-кадастрлық жоспар бекітілген сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесіне құқық беру туралы шешімінің жобасын дайындайды.

      Кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері шешім қабылдаған жағдайда, бекітілген жер-кадастрлық жоспар көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жіберіледі;

      4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде жер учаскесіне құқық беру туралы шешімді қарайды және қол қояды.

      Жер учаскесіне құқық беру туралы көрсетілетін қызметті берушінің шешімінің көшірмесі, жер-кадастрлық жоспар 1 (бір) жұмыс күні ішінде уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын дайындау үшін жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органға жіберіледі;

      5) көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесіне құқық беру туралы шешімі және жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган қол қойған уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шарты Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметті алушыға қол қою үшін жіберіледі;

      6) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері 15 (он бес) минут ішінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін тіркейді және курьер арқылы беру, сондай-ақ жер-кадастрлық құжаттамада есепке алу үшін Мемлекеттік корпорацияға береді;

      7) көрсетілетін қызметті алушыға дайын құжаттарды беру қолхат негізінде, жеке куәлікті не цифрлық құжаттар сервисінен (сәйкестендіру үшін) электрондық құжатты (не өкілеттігін растайтын құжат бойынша оның өкіліне) ұсынған кезде жүзеге асырылады.

      Көрсетілетін қызметті алушы хабарламаны алғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартына қол қояды.

      7. Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызмет екі кезеңде көрсетіледі.

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері 15 (он бес) минут ішінде келіп түскен құжаттарды тіркейді және оларды көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына қарауға береді;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы 1 (бір) жұмыс күні ішінде келіп түскен құжаттарды қарайды және оларды сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органға жібереді;

      3) сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органның басшысы құжаттарды қарайды, құжаттар келіп түскен күні жауапты орындаушыны айқындайды;

      4) сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органның жауапты орындаушысы 7 (жеті) жұмыс күні ішінде бекітілген қала құрылысы құжаттарына сәйкес ахуалдық схемасы бар жер учаскесін таңдау актісін, сәулет-жоспарлау тапсырмасын, техникалық шарттарды алу үшін сауалнама парағын, топографияны дайындайды және оларды бір мезгілде келісуге барлық мүдделі мемлекеттік органдарға, тиісті қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілеріне және Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері арқылы не келісуші органдарда осы жүйелер болмаған кезде қағаз жеткізгіштерде жібереді.

      Келісуші органдар 12 (он екі) жұмыс күні ішінде жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша беру мүмкіндігі туралы тиісті қорытынды ұсынады.

      Табиғи монополиялар субъектілері техникалық шарттарды, ахуалдық схеманы және топографияны алу үшін сауалнама парағын алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде инженерлік желілерге қосылуға техникалық шарттарды дайындайды және ұсынады.

      Сұратылып отырған жер учаскесі бос болмаған жағдайда, жергілікті атқарушы органның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесіне жер учаскесіне құқық беруден бас тартуға негіз болатын тиісті ақпаратты 3 (үш) жұмыс күні ішінде жібереді;

      6) оң қорытындылар келіп түскен жағдайда – сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті орган 5 (бес) жұмыс күні ішінде сәулет-жоспарлау тапсырмасын, инженерлік желілерге қосылуға техникалық шарттарды және топографияны қоса бере отырып, жер учаскесін таңдаудың түпкілікті актісін дайындайды және сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органның басшысына қол қоюға жібереді.

      Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған кезде – сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті орган 1 (бір) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарлама дайындайды және сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органның басшысына қол қоюға жібереді;

      6) сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органның басшысы құжат келіп түскен күні жер учаскесін таңдау актісін не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарламаны қарайды және оған қол қояды;

      7) сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органның жауапты орындаушысы портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне көрсетілетін қызметті алушымен келісу үшін ЭЦҚ қойылған, электрондық құжат нысанындағы жер учаскесін таңдау актісін және жер-кадастрлық жұмыстарға (жер-кадастрлық жоспарды жасауға) арналған сметаны не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарламаны жібереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы жер учаскесін таңдаудың түпкілікті актісін келісуді және оның жер-кадастрлық жұмыстар үшін көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуді 3 (үш) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Көрсетілетін қызметті алушының келісілмеген жер учаскесін таңдау актісінің қолданылу мерзімі 10 (он) жұмыс күнін құрайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы жер учаскесін таңдау актісін келіскеннен кейін көрсетілетін қызметті алушыға қол қою үшін уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын алу күні туралы хабарлама береді.

      Екінші кезең:тжер учаскесін таңдау актісін келісу және көрсетілетін қызметті алушы жер-кадастрлық жұмыстардың қызметтері үшін ақы төлеу кезінде жер-кадастрлық жоспарды қоса бере отырып, жер учаскесіне жер пайдалану құқығын беру туралы шешім шығару, уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын жасасу кезінде – 18 (он сегіз) жұмыс күні ішінде:

      1) Мемлекеттік корпорация 10 (он) жұмыс күні ішінде жер-кадастрлық жоспар дайындайды және оны жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органға жібереді;

      3) мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болмаған кезде жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның жауапты орындаушысы жер-кадастрлық жоспар бекітілген сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесіне құқық беру туралы шешімінің жобасын дайындайды.

      5) көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесіне құқық беру туралы шешімі және жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган қол қойған уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шарты портал арқылы көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне, сондай-ақ жер-кадастрлық құжаттамада есепке алу үшін Мемлекеттік корпорацияға жіберіледі;

      6) көрсетілетін қызметті алушы хабарламаны алғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартына қол қояды.

      8. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған кезде тыңдалым рәсімі Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 73-бабына сәйкес жүргізіледі.

      Тыңдалым нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші ахуалдық схемасы бар жер учаскесін таңдау актісін дайындау, сәулет-жоспарлау тапсырмасын, инженерлік желілерге қосылуға техникалық шарттарды және топографияны жасау, жер-кадастрлық жоспарды қоса бере отырып, жер учаскесіне жер пайдалану құқығын беру туралы шешім шығару, уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) шарт жасасу туралы не мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі не көрсетілетін қызметті беруші арқылы беріледі.

      9. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректердің енгізілуін қамтамасыз етеді.

      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі осы Қағидалар бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторына, көрсетілетін қызметті берушіге және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.

      10. Ақпараттық жүйе істен шыққан кезде көрсетілетін қызметті беруші ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға жауапты көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің жұмыскерін дереу хабардар етеді.

      Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға жауапты жұмыскер техникалық проблема туралы хаттама жасайды және оған көрсетілетін қызметті беруші қол қояды.

      11. Көрсетілетін қызметті беруші Тізбенің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      12. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.

      Шағым ҚР ӘРПК 91-бабының 4-тармағына сәйкес келіп түскен жағдайда көрсетілетін қызметті беруші оны келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды қарайтын органға жібереді. Көрсетілетін қызметті беруші 3 (үш) жұмыс күні ішінде қолайлы акт қабылданған, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік іс-әрекет жасалған жағдайда шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік органға және (немесе) лауазымды адамға) шағымды жібермейді.

      13. Көрсетілетін қызметті алушының шағымын Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес:

      көрсетілетін қызметті беруші – тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

      мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – ол тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауы тиіс.

      Көрсетілетін қызметті берушінің, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес:

      1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;

      2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.

      Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, шағымды қарау өкілеттігі берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды берген көрсетілетін қызметті алушыға ұзарту себебін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағымды қағаз жеткізгіште берген кезде) немесе электрондық нысанда (шағымды электрондық түрде берген кезде) хабарлайды.

      14. Егер заңда өзгеше көзделмесе, ҚР ӘРПК 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.

  "Кент, ауыл жерлерінен
жер учаскесін беру"
мемлекеттік қызметін
көрсету қағидаларына
1-қосымша

"Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).

2
2

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері

"Электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) және "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы.

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Бірінші кезең: сұралып отырған жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындау, жер учаскесін таңдау актісін дайындау, сәулет-жоспарлау тапсырмасын, инженерлік желілерге қосылуға техникалық шарттарды және топографияны жасау – 28 (жиырма сегіз) жұмыс күні ішінде.
Екінші кезең: жер учаскесін таңдау актісін келісу және көрсетілетін қызметті алушы жер-кадастрлық жұмыстардың қызметтері үшін ақы төлеу кезінде жер-кадастрлық жоспарды қоса бере отырып, жер учаскесіне жер пайдалану құқығын беру туралы шешім шығару, уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын жасасу – 18 (он сегіз) жұмыс күні ішінде.

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде.

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Көрсетілетін қызметті берушінің жер-кадастрлық жоспарды қоса бере отырып, жер учаскесіне құқық беру туралы шешімі және уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын жасасу не мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту.

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің құны "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 87 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13353 болып тіркелген) 3-қосымшаның 28-параграфына сәйкес мөлшерде есептеледі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет құнын төлеу екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысанда, сондай-ақ "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылады.
Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың он сегіз жасқа толғанға дейінгі кезеңге жер учаскесіне жер-кадастрлық жоспарды дайындау өтеусіз негізде жүзеге асырылады.

7

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

1) Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы – Қазақстан Республикасының Еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс графигіне сәйкес;
2) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Кодекске сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтініш қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.gov.kz интернет-ресурсында;
2) көрсетілетін қызметті берушінің www.gov4c.kz интернет-ресурсында;
3) порталда орналастырылған.

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

бірінші кезең:
1. Жеке тұрғын үй құрылысы үшін:
1) "Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беруге өтініш;
2) жер учаскесінің орналасу схемасы.
2. Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 284-бабына сәйкес инвестициялық жобаларды іске асыру үшін:
1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беруге өтініш;
2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары);
3) мемлекеттік меншіктен жер учаскелерін беру үшін өңірлік үйлестіру кеңесінің инвестициялық жобаны айқындау туралы шешімі.
3. Қазақстан Республикасы Жер кодексінің (бұдан әрі – Жер кодексі) 71-бабына сәйкес бұрын құрылыс мақсаттары үшін іздестіру жұмыстарын жүргізген аумақта ғимараттар (құрылыстар, құрылысжайлар) және олардың инженерлік-коммуникациялық желілерін салу үшін, егер олар бұрын үшінші тұлғаларға тиесілі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алған жағдайда, егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына сәйкес жоспарланған құрылыс шегінде:
1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беруге өтініш;
2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары);
3) іздестіру жұмыстарын жүргізуге рұқсат.
4. Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы заңнамасына сәйкес арнайы экономикалық аймақтың немесе республикалық немесе өңірлік маңызы бар индустриялық аймақтың қатысушысына, арнайы экономикалық аймақтың немесе индустриялық аймақтың басқарушы компаниясына:
1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беруге өтініш;
2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары);
3) арнайы экономикалық аймақтың немесе индустриялық аймақтың қатысуы туралы растайтын құжат.
5. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында көзделген объектілерді, мемлекеттік мүдделерді және қоғамдық маңызы бар мақсаттарға қол жеткізуді қамтамасыз ететін инвестициялық жобаларды салу үшін:
1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беруге өтініш;
2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары);
3) жергілікті атқарушы органның шешімі және жобаны инвестициялық деп тану.
6. Жер кодексінің 9-бабының 3-тармағына сәйкес отандық өнеркәсіп кәсіпорындарына:
1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беруге өтініш;
2) сұралып отырған жер учаскесінің сызбасы (жоспары).
7. мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру үшін жекеше әріптестерге не концессиялық жобаларды іске асыру үшін концессионерлерге:
1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беруге өтініш;
2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары);
3) мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт немесе концессия шарты.
8. Инвестициялық және инновациялық жобаларды іске асыру үшін әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларға:
1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беруге өтініш;
2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары);
3) мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт немесе концессия шарты.
9. Өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды іске асыру үшін өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілеріне:
1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беруге өтініш;
2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары);
3) жергілікті атқарушы органның шешімі және жобаны инвестициялық деп тану.
Екінші кезең: келісілген жер учаскесін таңдау актісі, жер-кадастрлық жұмыстар қызметтері үшін ақы төленгенін растайтын төлем құжатының көшірмесі/электрондық көшірмесі.

9

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректер мен мәліметтердің Жер кодексінің 43-бабы 3-тармағының алтыншы бөлігінде, 49-2-бабы 6-тармағының екінші бөлігінде, 50-бабының 2 және 2-1-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) Жер кодексінің 44-1-бабының 4-тармағына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін келісу туралы сұранымға келісуші органдардың теріс жауабы.

10

Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары порталда көрсетілген. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.

  "Кент, ауыл жерлерінен жер
учаскесін беру"
мемлекеттік қызметін
көрсету қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

  ______________________
(облыстың, қаланың, ауданның)
әкімі________________________
( аты, әкесінің аты (бар болса),
тегі)
________________
(жеке тұлғаның аты,
әкесінің аты (бар болса), тегі
не заңды тұлғаның толық
атауы)
____________________________
(жеке сәйкестендіру нөмірі
немесе бизнес-сәйкестендіру
нөмірі)
____________________________
(жеке басын куәландыратын
құжаттың деректемелері)
____________________________
жеке тұлғаның немесе өкілдің
заңды тұлғаның байланыс
телефоны (бар болса),
____________________________
орналасқан жері,
мекенжайы (заңды тұлғалар
үшін)
____________________________
немесе тұрғылықты мекенжайы
(жеке тұлғалар үшін)

Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру туралы өтініш

      ________________________________________________________ салу үшін

      (жоспарланған құрылыс объектісінің атауы, қабаттылығы)

      ______________________________________________________ орналасқан

      жер учаскесінің орналасқан жері)

      ауданы __________ гектар жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану

      құқығымен ____________жыл мерзімге беруіңізді сұраймын.

      (құрылыстың болжамды ауданы)___________________________

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді

      пайдалануға келісемін.

      Электрондық немесе қағаз форматта сұралып отырған жер учаскесін орналастырудың

      ахуалдық схемасы өтінішке қоса беріледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы _________________________________________________

      (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы/электрондық цифрлық қолтаңбасы)

  "Кент, ауыл жерлерінен
жер учаскесін беру"
мемлекеттік қызмет
көрсету қағидаларына
3-қосымша

      Нысан

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарлама Құрметті _____________________

      Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабының

      1-тармағына сәйкес осы хабарламамен Сізге "Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін

      беру" мемлекеттік қызметін көрсетуден бас тартылатыны туралы хабарлаймыз, себебі

      ____________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (бас тарту себебін санамалау)

      Бас тарту мәселесі бойынша тыңдалым осы хабарлама жіберілген күннен бастап 2 (екі)

      жұмыс күнінен кейін жүзеге асырылады, Сіз осы шешім бойынша өз ұстанымыңызды

      білдіре аласыз (қажеттісін жазасыз):

      _______________________________________________________________

      (тыңдалым өткізу күні мен уақыты, тыңдалым өтетін орны (тәсілі): мекенжайдағы

      ғимаратта/бейнеконференцбайланыс/өзге де коммуникация құралдары арқылы)

      Көрсетілетін қызметті беруші _______________________________________________

      (басшының қолы/электрондық цифрлық қолтаңбасы, аты, әкесінің аты (бар болса),тегі)

      20 ___жылғы " " _________

  Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2020 жылғы 1 қазандағы
№ 301 бұйрығына
10-қосымша

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      10-қосымша жаңа редакцияда көзделген - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 08.08.2024 № 269 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

"Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу" мемлекеттік көрсетілетін қызметін көрсету

      Ескерту. 10-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 01.08.2023 № 287 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;

      3) жергілікті атқарушы органдардың шешімдері – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің жер учаскесіне құқық беру туралы құқықтық актілері;

      4) жер комиссиясы – Қазақстан Республикасы Жер кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 43-бабына сәйкес өтініштерді (өтінімдерді) қарау және жер учаскелеріне құқықтар беру туралы (шаруа немесе шаруа қожалығын жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың жеңімпазын айқындау туралы), жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы және су қорының жерлерін басқа санаттағы жерлерге ауыстыру туралы қорытындылар дайындау үшін құрылатын алқалы орган;

      5) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган –облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі;

      6) жер учаскесі – Кодекспен белгіленген тәртіппен жер қатынастары субъектілеріне бекітіліп берілетін, тұйық шекара ішінде бөлінген жер бөлігі;

      7) мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – МЖК ААЖ) – жер учаскелерінің, оның ішінде олардың шекаралары туралы сапалық және сандық сипаттамаларды, сондай-ақ жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылар туралы мәліметтерді қамтитын, мемлекеттік жер кадастрын жүргізуге арналған ақпараттық жүйе;

      8) "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болып табылатын ақпараттық жүйе;

      9) "электрондық үкіметтің" веб-порталындағы пайдаланушының кабинеті (бұдан әрі – жеке кабинет) – жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік органдармен электрондық түрде қызметтер көрсету мәселелері, аталған тұлғалардың өтініштерін қарайтын субъектілерге жүгіну, сондай-ақ дербес деректерді пайдалану мәселелері бойынша ресми ақпараттық өзара іс-қимылға арналған "электрондық үкіметтің" веб-порталының құрамдасы;

      10) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиыны.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 29.02.2024 № 82 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке немесе заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.

      "Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген.

      4. Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нұсқа бойынша сауда-саттықты талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды алу туралы өтінішті және Тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру Мемлекеттік корпорация арқылы не портал арқылы жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік қызметті қағаз түрінде көрсету кезінде өтініштер мен құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.

      Көрсетілетін қызметті алушы Тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайларда көрсетілетін қызметті беруші және Мемлекеттік корпорацияның операциялық залының жұмыскері (операторы) өтінішті қабылдаудан бас тартады.

      5. Жеке басты куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде жылжымайтын мүлікке меншік құқығын растайтын қызметтің басталуы туралы, жер учаскесіне құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттары туралы, мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін ақы төлеу туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден талап етеді.

      Көрсетілетін қызметті берушілер іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен порталда тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы бір реттік құпиясөзді беру арқылы немесе портал хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда цифрлық құжаттарды алады.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған дербес деректер мен заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді өңдеуді көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының келісімімен порталда тіркеу барысында жүзеге асырады.

      Көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе және мемлекеттік қызмет көрсету күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      6. Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызмет екі кезеңде көрсетіледі.

      Бірінші кезең: сұралып отырған жер учаскесін аумақтық аймақтарға бөлуге сәйкес мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындау, жер учаскесін алдын ала таңдау (елді мекен шегінде объектілер салуды қоспағанда, объектілер салу үшін жер учаскесін сұраған кезде), жер комиссиясының қорытындысын дайындау – 12 (он екі) жұмыс күні ішінде:

      1) операциялық залдың жұмыскері (операторы) құжаттарды қабылдаған күні 30 (отыз) минут ішінде Тізбеде көрсетілген құжаттарды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады;

      2) операциялық залдың жұмыскері (операторы) құжаттар келіп түскен күні 2 (екі) сағат ішінде көрсетілетін қызметті алушыдан қабылданған құжаттарды курьер арқылы көрсетілетін қызметті берушіге береді;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы не оны алмастыратын адам 1 (бір) жұмыс күні ішінде құжаттарды қарайды және құзыреті шегінде аумақтық аймақтар бөлінісіне сәйкес мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша сұралып отырған жер учаскесін пайдалану мүмкіндігін айқындау үшін жер қатынастары жөніндегі және сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органдарға орындауға жібереді.

      Егер көрсетілетін қызметті алушы жер учаскелері мәжбүрлеп алып қойылған адамдардың тізілімінде тұрған жағдайда, жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның жұмыскері 1 (бір) жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан уәжді бас тартуды дайындайды және жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган басшысының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат түрінде жеке кабинетке хабарлама жібереді;

      4) жер қатынастары және сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органдар өтініш келіп түскен сәттен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде сұралып отырған жер учаскесін аумақтық аймақтарға бөлуге сәйкес мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындайды және материалдарды жер комиссиясына енгізеді;

      5) жер комиссиясының қорытындысы жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган жер комиссиясына сұралып отырған жер учаскесін аумақтық аймақтарға бөлуге сәйкес мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігі туралы ұсынысты берген кезден бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде хаттамалық шешім түрінде үш данада жасалады;

      6) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның жұмыскері 1 (бір) жұмыс күні ішінде жер комиссиясы қорытындысының бір данасын көрсетілетін қызметті алушыға мынадай тәсілдердің бірімен жібереді:

      қолма қол;

      тапсырылғаны туралы хабарламасы бар тапсырысты почта жөнелтілімі түрінде;

      электрондық цифрлық қолтаңба арқылы қол қойылған электрондық құжатпен;

      көрсетілетін қызметті берушінің басшысы қол қойған өтініш берушінің электрондық почта мекенжайы бойынша.

      Жер комиссиясының оң қорытындысы болған жағдайда – жерге орналастыру жобасын дайындау үшін көрсетілетін қызметті алушыға жолдайды, жер комиссиясының теріс қорытындысы болған жағдайда - мемлекеттік көрсетілген қызметке қатысты жер комиссиясының хаттамалық шешіміне шағымдану мерзімі өткеннен кейін үш жұмыс күні ішінде уәжді бас тартуды дайындайды және көрсетілетін қызметті алушыға жолдайды.

      Аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтердің әкімдері шешім (өкім) қабылдаған жағдайда, жер комиссиясының қорытындысы көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жіберіледі.

      Екінші кезең: жер учаскесіне құқық беру туралы шешім қабылдау және сатып алу-сату шартын немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын жасасу – бекітілген жерге орналастыру жобасы келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде:

      7) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның жұмыскері бекітілген жерге орналастыру жобасы келіп түскен және бас тарту үшін негіздер болмаған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде жер учаскесіне құқық беру туралы шешімнің және сатып алу-сату не уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартының жобасын дайындауды және келісуді қамтамасыз етеді;

      8) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде жер учаскесіне құқық беру туралы шешімге және сатып алу-сату не уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартына қол қояды;

      9) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе жұмыскері қол қойылған сәттен бастап 15 (он бес) минут ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін курьер арқылы жібереді;

      10) көрсетілетін қызметті алушыға дайын құжаттарды беру жеке куәлікті немесе цифрлық құжаттар сервисінен (сәйкестендіру үшін) электрондық құжатты (не өкілеттігін растайтын құжат бойынша оның өкіліне) ұсынған кезде қолхат негізінде жүзеге асырылады.

      7. Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызмет екі кезеңде көрсетіледі.

      Бірінші кезең: сұралып отырған жер учаскесін аумақтық аймақтарға бөлуге сәйкес мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындау, жер учаскесін алдын ала таңдау (елді мекен шегінде объектілер салуды қоспағанда, объектілер салу үшін жер учаскесін сұраған кезде), жер комиссиясының қорытындысын дайындау – 12 (он екі) жұмыс күні ішінде:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе жұмыскері 15 (он бес) минут ішінде көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды қабылдайды және оларды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына не оны алмастыратын адамға береді;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы не оны алмастыратын адам 1 (бір) жұмыс күні ішінде аумақтық аймақтарға бөлуге сәйкес мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша сұралып отырған жер учаскесін пайдалану мүмкіндігін айқындау үшін құзыреті шегінде құжаттарды қарайды және жер қатынастары жөніндегі және сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органдарға орындауға жібереді.

      Егер көрсетілетін қызметті алушы жер учаскелері мәжбүрлеп алып қойылған адамдардың тізілімінде тұрған жағдайда, жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның жұмыскері 1 (бір) жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан уәжді бас тартуды дайындайды және жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган басшысының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат түрінде жеке кабинетке хабарлама жібереді;

      3) жер қатынастары жөніндегі және сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органдар өтініш келіп түскен сәттен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде сұралып отырған жер учаскесін аумақтық аймақтарға бөлуге сәйкес мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындайды және материалдарды жер комиссиясына енгізеді;

      4) жер комиссиясының қорытындысы жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган жер комиссиясына сұралып отырған жер учаскесін аумақтық аймақтарға бөлуге сәйкес мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігі туралы ұсынысты берген кезден бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде хаттамалық шешім түрінде үш данада жасалады;

      5) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның жұмыскері 1 (бір) жұмыс күні ішінде жер комиссиясы қорытындысының бір данасын көрсетілетін қызметті алушыға мынадай тәсілдердің бірімен жібереді:

      қолма қол;

      тапсырылғаны туралы хабарламасы бар тапсырысты почта жөнелтілімі нысанында;

      электрондық цифрлық қолтаңба арқылы қол қойылған электрондық құжатпен;

      көрсетілетін қызметті берушінің басшысы қол қойған өтініш берушінің электрондық почта мекенжайы бойынша.

      Жер комиссиясының оң қорытындысы болған жағдайда – жерге орналастыру жобасын дайындау үшін көрсетілетін қызметті алушыға жолдайды, жер комиссиясының теріс қорытындысы болған жағдайда - мемлекеттік қызмет көрсетуде жер комиссиясының хаттамалық шешіміне шағымдану мерзімі өткеннен кейін үш жұмыс күні ішінде уәжді бас тартуды дайындайды және көрсетілетін қызметті алушыға жолдайды.

      Аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтердің әкімдері шешім қабылдаған жағдайда, жер комиссиясының қорытындысы көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жіберіледі.

      Екінші кезең: жер учаскесіне құқық беру туралы шешім қабылдау және сатып алу-сату шартын немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын жасасу – бекітілген жерге орналастыру жобасы келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде:

      6) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның жұмыскері бекітілген жерге орналастыру жобасы келіп түскен және бас тарту үшін негіздер болмаған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде жер учаскесіне құқық беру туралы шешімнің және сатып алу-сату не уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартының жобасын дайындауды және келісуді қамтамасыз етеді;

      7) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде жер учаскесіне құқық беру туралы шешімге және сатып алу-сату не уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартына қол қояды;

      8) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері қол қойылған сәттен бастап 15 (он бес) минут ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін портал арқылы көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат түрінде көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жібереді.

      8. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарлама жіберіледі, онда көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдалым өткізудің уақыты мен орны (тәсілі) көрсетіледі.

      Тыңдалым өткізу туралы хабарлама мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі. Тыңдалым хабарлама жіберілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей өткізіледі.

      Көрсетілетін қызметті беруші тыңдалым нәтижелері бойынша сұралып отырған жер учаскесін аумақтық аймақтарға бөлуге сәйкес мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындау туралы, жер учаскесін алдын ала таңдау (елді мекен шегінде объектілер салуды қоспағанда, объектілер салу үшін жер учаскесін сұрау кезінде), жер комиссиясының қорытындысын дайындау, жер учаскесіне құқық беру туралы шешім қабылдау және сатып алу-сату шартын жасасу немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану туралы не мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат түрінде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі не көрсетілетін қызметті беруші арқылы беріледі.

      9. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректердің енгізілуін қамтамасыз етеді.

      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі осы Қағидалар бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап 3 (үш( жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторына, көрсетілетін қызметті берушіге және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.

      10. Ақпараттық жүйе істен шыққан кезде көрсетілетін қызметті беруші ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға жауапты көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің қызметкерін дереу хабардар етеді.

      Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға жауапты жұмыскер техникалық проблема туралы хаттама жасайды және оған көрсетілетін қызметті беруші қол қояды.

      11. Көрсетілетін қызметті беруші Тізбенің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады.

3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      12. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.

      Шағым Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 91-бабының 4-тармағына сәйкес келіп түскен жағдайда көрсетілетін қызметті беруші оны келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды қарайтын органға жібереді. Көрсетілетін қызметті беруші 3 (үш) жұмыс күні ішінде қолайлы акт қабылданған, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік іс-әрекет жасалған жағдайда шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік органға және (немесе) лауазымды адамға) шағымды жібермейді.

      13. Көрсетілетін қызметті алушының шағымын Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес:

      көрсетілетін қызметті беруші – тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

      мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – ол тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауы тиіс.

      Көрсетілетін қызметті берушінің, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес:

      1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;

      2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.

      Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, шағымды қарау өкілеттігі берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды берген көрсетілетін қызметті алушыға ұзарту себебін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағымды қағаз жеткізгіште берген кезде) немесе электрондық нысанда (шағымды электрондық түрде берген кезде) хабарлайды.

      14. Егер заңда өзгеше көзделмесе, ҚР ӘРПК 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.

  "Сауда-саттықты
(аукциондарды) өткізуді талап
етпейтін мемлекет меншігіндегі
жер учаскелеріне құқықтарды
алу" мемлекеттік қызметін
көрсету қағидаларына
1-қосымша

"Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу" мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).

2
2

Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері

"Электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі және "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы.

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

Бірінші кезең: сұралып отырған жер учаскесін аумақтық аймақтарға бөлуге сәйкес мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындау, жер учаскесін алдын ала таңдау (елді мекен шегінде объектілер салуды қоспағанда, объектілер салу үшін жер учаскесін сұраған кезде), жер комиссиясының қорытындысын дайындау.
Екінші кезең: жер учаскесіне құқық беру туралы шешім қабылдау және сатып алу-сату шартын немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын жасасу – бекітілген жерге орналастыру жобасы келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету түрі

электрондық (ішінара автоматтандырылған)/ қағаз түрінде.

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесіне құқық беру туралы шешімі және сатып алу-сату не уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын жасасу не мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту.

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін

7

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі

1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы-Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс графигіне сәйкес;
2) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.gov.kz интернет-ресурсында;
2) көрсетілетін қызметті берушінің www.gov4c.kz интернет-ресурсында
3) порталда орналастырылған.

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

бірінші кезең:
жер учаскесі әуеайлақ маңындағы аумақта орналасқан жағдайда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 12 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген Әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін қызметті жүзеге асыруға рұқсат беру қағидаларына сәйкес берілетін рұқсат;
1. Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 284-бабына сәйкес инвестициялық жобаларды іске асыру үшін:
1) "Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды алу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 2-қосымшасына сәйкес нұсқа бойынша сауда-саттық өткізуді талап етпейтін, мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтар алуға арналған өтініш;
2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары);
3) жер учаскелерін мемлекеттік меншіктен беру үшін инвестициялық жобаны айқындау туралы шешім.
2. Өздеріне меншік құқығымен және (немесе) өзге де заттық құқықтармен тиесілі ғимараттарды (құрылыстарды, құрылыстарды) пайдалану және күтіп-ұстау үшін, оның ішінде іргелес аумақтағы ғимараттарды (құрылыстарды, құрылыстарды) кеңейту және реконструкциялау үшін Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген сәулет-қала құрылысы және (немесе) құрылыс құжаттамасына сәйкес:
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нұсқа бойынша сауда-саттық өткізуді талап етпейтін, мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алуға арналған өтініш;
2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары);
3) сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесінің оң қорытындысы;
3. Қазақстан Республикасы Жер кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 71-бабына сәйкес құрылыс мақсаттары үшін олар іздестіру жұмыстарын жүргізген аумақта ғимараттар (құрылыстар, құрылыстар) және олардың инженерлік-коммуникациялық желілерін салу үшін, егер олар бұрын үшінші тұлғаларға тиесілі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алған жағдайда, егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына сәйкес жоспарланған құрылыс:
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауда-саттық өткізуді талап етпейтін, мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алуға арналған өтініш;
2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары);
3) іздестіру жұмыстарын жүргізуге рұқсат;
4. Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен сәулет және қала құрылысы органдары инженерлік желілерге қосылуға арналған техникалық шарттармен және сәулет-жоспарлау тапсырмасымен бірге беретін трассалар схемаларына сәйкес оларға меншік және жер пайдалану құқығымен тиесілі жер учаскелеріне инженерлік-коммуникациялық желілер мен жүйелерді салу үшін:
1) осы сауда-саттық өткізуді талап етпейтін, мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алуға арналған өтініш;
2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары);
3) техникалық шарттары бар сәулет-жоспарлау тапсырмасы;
5. Кондоминиум объектісін пайдалану және күтіп ұстау үшін кондоминиум қатысушыларына:
1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауда-саттық өткізуді талап етпейтін, мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алуға арналған өтініш;
2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары);
3) кондоминиум құру туралы хаттама;
4) кондоминиум объектісін пайдалану және күтіп ұстау туралы көппәтерлі тұрғын пәтерлер тұрғындарының жалпы жиналысының хаттамасы;
6. "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес жер қойнауын пайдалануға арналған лицензия немесе жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт негізінде жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшін, сондай-ақ пайдалы қазбаларды өндіру, жер қойнауы кеңістігін пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін қажетті инженерлік, көліктік және өзге де инфрақұрылымды салу және (немесе) орналастыру үшін:
1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауда-саттық өткізуді талап етпейтін, мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алуға өтініш;
2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары);
3) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт;
7. Арнайы экономикалық аймақтың немесе республикалық немесе өңірлік маңызы бар индустриялық аймақтың қатысушысына, Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы заңнамасына сәйкес арнайы экономикалық аймақтың немесе индустриялық аймақтың басқарушы компаниясына:
1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауда-саттық өткізуді талап етпейтін, мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алуға өтініш;
2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары);
3) арнайы экономикалық аймақтың немесе индустриялық аймақтың қатысуы туралы растайтын құжат.
8. Жасанды құрылыстар салу үшін аумақтық сулар алып жатқан су қоры жерлерінің құрамынан:
1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауда-саттық өткізуді талап етпейтін, мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алуға өтініш;
2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары);
3) жер учаскесінің орналасқан жерінің координаттары бар су шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау органдарының қорытындылары;
9. Теміржол, автомобиль, теңіз және ішкі су, әуе, құбыр көлігінің мұқтаждықтары үшін, байланыс және энергетика мұқтаждары үшін, сондай-ақ мемлекеттік маңызы бар өзге де объектілерді салу үшін:
1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауда-саттық өткізуді талап етпейтін, мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алуға өтініш;
2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары);
3) теміржол, автомобиль, теңіз және ішкі су, әуе, құбыр көлігі және байланыс және энергетика уәкілетті органдарының келісуі;
10. Кодекстің 107-бабы 3-тармағының бесінші бөлігінің 8) тармақшасына сәйкес халықтың мұқтаждықтарын қанағаттандыруға арналған ортақ пайдаланылатын объектілер үшін (су құбырлары, жылу трассалары, тазарту құрылыстары және басқа да инженерлік-коммуникациялық желілер мен жүйелер, қатты тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинауға арналған инфрақұрылым), сондай-ақ арнайы мақсаттағы объектілер үшін:
1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауда-саттықты өткізуді талап етпейтін, мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алуға өтініш;
2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары);
3) коммуникациялардың өту сызбасы;
11. Кодекстің 9-бабының 3-тармағына сәйкес жеке қосалқы шаруашылық, бау-бақша, саяжай құрылысын жүргізу үшін:
1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауда-саттықты өткізуді талап етпейтін, мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алуға өтініш;
2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары);
12. Жеке орман өсіру үшін:
1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауда-саттықты өткізуді талап етпейтін, мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алуға өтініш;
2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары);
3) орман өсіру жоспары мен жобасы;
13. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында көзделген объектілерді, мемлекеттік мүдделерді және қоғамдық маңызы бар мақсаттарға қол жеткізуді қамтамасыз ететін инвестициялық жобаларды салу үшін:
1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауда-саттық өткізуді талап етпейтін, мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алуға өтініш;
2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары);
3) жергілікті атқарушы органның шешімі және жобаны инвестициялық деп тану.
14. Кодекстің 9-бабының 3-тармағына сәйкес отандық өнеркәсіп кәсіпорындарына:
1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауда-саттықты өткізуді талап етпейтін, мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алуға өтініш;
2) сұралып отырған жер учаскесінің сызбасы (жоспары).
15. Жекеше әріптестерге мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру үшін не концессиялық жобаларды іске асыру үшін концессионерлерге:
1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауда-саттық өткізуді талап етпейтін, мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алуға өтініш;
2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары);
3) мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт немесе концессия шарты.
16. Инвестициялық және инновациялық жобаларды іске асыру үшін әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларға:
1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауда-саттық өткізуді талап етпейтін, мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алуға өтініш;
2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары);
3) мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт немесе концессия шарты.
17. Өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды іске асыру үшін өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілеріне:
1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауда-саттықты өткізуді талап етпейтін, мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алуға өтініш;
2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары);
3) жергілікті атқарушы органның шешімі және жобаны инвестициялық деп тану.
18. Кодекстің 101-бабының 3-тармағына сәйкес қатысушылар (мүшелер) құрамынан шыққан кезде шаруашылық серіктестігінің немесе өндірістік кооперативтің қатысушыларына (мүшелеріне) :
1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауда-саттық өткізуді талап етпейтін, мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алуға өтініш;
2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары);
3) қатысушылардың жалпы жиналысының құрамнан шығу туралы хаттамасы.
Екінші кезең: бекітілген жерге орналастыру жобасы және жерге орналастыру жобасын бекіту туралы бұйрық.

9

Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер

1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 44-1-бабы 8-тармағының он екінші және он үшінші бөліктерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

10

Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары порталда көрсетілген. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.

  "Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына
  2-қосымша

      Нысан

  ________________әкіміне
(облыстың, қаланың, ауданның,
кенттің, ауылдың, ауылдық
округтің)
____________________________
(аты, әкесінің аты (бар болса),
тегі)
_________________________
(жеке тұлғаның аты, әкесінің
аты (бар болса), тегі)
____________________________
____________________________
(жеке сәйкестендіру нөмірі)
___________________________
(жеке басын куәландыратын
құжаттың деректемелері
____________________________
жеке тұлғаның,
____________________________
байланыс телефоны (бар болса),
____________________________
тұратын мекенжайы)

Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алуға өтініш

      ________________________________________________________ негізінде

      (негізді көрсету)

      ___________________________________________________________ үшін

      (жер учаскесінің нысаналы мақсаты)

      ауданы ____________ гектар

      _______________________________________________________________

      (жер учаскесінің мекенжайы (орналасқан жері)

      _______________________________________________орналасқан жер

      учаскесіне уақытша өтеулі/өтеусіз жер пайдалану, жеке меншік (керегінің астын сызу)

      құқығын беруіңізді сұраймын.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді

      пайдалануға келісемін.

      Көрсетілетін қызметті алушы _____________________________________________

                  (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, электрондық цифрлық қолтаңбасы)

  "Сауда-саттықты
(аукциондарды)
өткізуді талап етпейтін мемлекет
меншігіндегі жер учаскелеріне
құқықтарды алу"
мемлекеттік қызметін көрсету
қағидаларына
3-қосымша

      Нысан

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарлама Құрметті _______________

      Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабының 1-тармағына сәйкес осы хабарламамен Сізге "Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу" мемлекеттік қызметін көрсетуден бас тартылғаны туралы хабарлаймыз, өйткені:

      _______________________________________________________________

      (бас тарту себептерін санамалау)

      Бас тарту мәселесі бойынша тыңдалым осы хабарлама жіберілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кейін жүзеге асырылады, онда Сіз осы шешім бойынша өз ұстанымыңызды білдіре аласыз

      (қажеттісін жазыңыз): ______________________________________________________

      (тыңдалым өткізу күні мен уақыты, тыңдалым өткізу орны (тәсілі): мекенжайы

      бойынша ғимаратта: / бейнеконференцбайланыс/өзге де коммуникация құралдары

      арқылы)

      20 жылғы " "

  Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2020 жылғы 1 қазандағы
№ 301 бұйрығына
11-қосымша

"Жобаланатын жер учаскесін жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры ақпараттық жүйесінің графикалық деректерімен келісу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

      Ескерту. 11-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 01.08.2023 № 287 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Жобаланатын жер учаскесін жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры ақпараттық жүйесінің графикалық деректерімен келісу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Жобаланатын жер учаскесін жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры ақпараттық жүйесінің графикалық деректерімен келісу" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;

      2) мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – МЖК ААЖ) – жер учаскелерінің, оның ішінде олардың шекаралары туралы сапалық және сандық сипаттамаларды, сондай-ақ жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылар туралы мәліметтерді қамтитын, мемлекеттік жер кадастрын жүргізуге арналған ақпараттық жүйе;

      3) "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болып табылатын ақпараттық жүйе;

      4) "электрондық үкіметтің" веб-порталындағы пайдаланушының кабинеті (бұдан әрі – жеке кабинет) – "электрондық үкіметтің" веб-порталының жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік органдармен электрондық нысанда қызметтер көрсету мәселелері, көрсетілген тұлғалардың өтініштерін қарайтын субъектілерге қатысты мәселелер, сондай-ақ дербес деректерді пайдалану мәселелері бойынша ресми ақпараттық өзара іс-қимылына арналған құрамдасы;

      5) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) – электрондық нысанда көрсетілетін өтеулі қызметтер көрсету шеңберінде төлемдер жүргізу туралы ақпарат беру процесін автоматтандыратын ақпараттық жүйе.

      6) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиыны;

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      3. Мемлекеттік қызметті Мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.

      "Жобаланатын жер учаскесін жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры ақпараттық жүйесінің графикалық деректерімен келісу" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе)осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген.

      4. Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жобаланатын жер учаскесін жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры ақпараттық жүйесінің графикалық деректерімен келісуге өтінішті және Тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдау көрсетілетін қызметті беруші немесе портал арқылы жүзеге асырылады.

      Көрсетілетін қызметті алушы Тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.

      5. Жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не жылжымайтын мүлікке меншік құқығын растайтын дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы, жер учаскесіне құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттары туралы, жер учаскесіне ауыртпалықтың жоқтығы туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден ЭҮТШ арқылы талап етеді.

      Пайдаланушының порталда тіркелген абоненттік ұялы байланыс нөмірі арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған кезде көрсетілетін қызметті беруші цифрлық құжаттарды іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен бір реттік құпиясөзді беру арқылы немесе порталдың хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы алады.

      Дербес деректерді және ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді өңдеуді көрсетілетін қызметті беруші порталда тіркелген кезде көрсетілетін қызметті алушының келісімімен жүзеге асырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      6. Көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде:

      1) операциялық залдың жұмыскері (оператор) құжаттар келіп түскен күні 15 (он бес) минут ішінде Тізбеде көрсетілген құжаттарды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады;

      2) операциялық залдың жұмыскері (оператор) құжаттар келіп түскен күні 2 (екі) сағат ішінде көрсетілетін қызметті алушыдан қабылдап алған құжаттарды қызметті көрсетуге жауапты құрылымдық бөлімшеге (бұдан әрі – ҚБ) курьер арқылы жібереді;

      3) ҚБ басшысы 30 (отыз) минут ішінде құжаттардың мазмұнымен танысады, қолын қояды және қызметті көрсетуге жауапты жұмыскерді айқындайды;

      4) ҚБ жұмыскері құжаттар тіркелген кезден бастап 1(бір) жұмыс күні ішінде:

      көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыстығын тексереді;

      5 (бес) жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттарды тіркейді, МЖК ААЖ дерекқоры бойынша жер учаскесін сәйкестендіреді, жобаланып отырған жер учаскесінің бұрыштық бұрылыс нүктелерінің координаттарын МЖК ААЖ-ға енгізеді, атрибутивтік ақпаратты енгізеді, жобаланып отырған шекараларға алаңның, желілер өлшемінің, орналасқан жерінің сәйкестігіне, басқа жер учаскелеріне, оның ішінде МЖК ААЖ ақпараттық жүйесіне сақтауға жатпайтын жер учаскелері мен объектілерге қабаттасудың бар-жоғына салыстырып тексеру жүргізеді (бұрыштық бұрылыс нүктелерінің координаттарын енгізеді);

      2 (екі) сағат ішінде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жобаланып отырған жер учаскесінің координаттары ведомосін салыстырып тексеру актісін, осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жобаланып отырған жер учаскесінің жоспарын және осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жобаланып отырған жер учаскесінің шекаралары тараптарының координаттары мен ұзындықтарының жиынтық ведомосін дайындайды;

      жобаланып отырған жер учаскесі желілік объектілер, оның ішінде темір, автомобиль жолдары, бұрылыс жолақтарымен бірге жербеті, жерүсті және жерасты құбырлары және су айдындары мен әуелік электр желілерінің тіреулері, кәбілді электр желілерінің жербеті құрылысжайлары алып жатқан МЖК ААЖ графикалық деректерімен келісілген жағдайда, 2 (екі) сағат ішінде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жобаланып отырған жер учаскесінің координаттары ведомосін салыстырып тексеру актісін, осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша желілі объектілер орналасқан жобаланып отырған жер учаскесінің жоспарын және осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша желілі объектілер орналасқан жобаланып отырған жер учаскесінің шекараларының координаттары мен тараптар ұзындығының жиынтық ведомосін әзірлейді;

      жобаланып отырған жер учаскесінің орналасқан жері МЖК ААЖ графикалық деректеріне сәйкес келмеген жағдайда, 2 (екі) сағат ішінде осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жобаланып отырған жер учаскесі координаттарының сәйкес келмеу актісін, осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жобаланып отырған жер учаскесі шекараларының мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің графикалық деректеріне сәйкессіздігі (қабаттасуы) схемасын, осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жобаланып отырған жер учаскесінің шекараларының координаттары мен ұзындығының жиынтық ведомосін дайындайды;

      жобаланып отырған жер учаскесі желілік объектілер, оның ішінде темір, автомобиль жолдары, бұрылыс жолақтарымен бірге жербеті, жерүсті және жерасты құбырлары және су айдындары мен әуелік электр желілерінің тіреулері, кәбілді электр желілерінің жербеті құрылысжайлары алып жатқан МЖК ААЖ графикалық деректерімен сәйкес келмеген жағдайда, 2 (екі) сағат ішінде осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жобаланып отырған жер учаскесі координаттарының сәйкес келмеу актісін, осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша желілі объектілер орналасқан жобаланып отырған жер учаскесі шекараларының мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің графикалық деректерімен сәйкессіздігі схемасын, осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша желілі объектілер орналасқан жобаланып отырған жер учаскесінің шекараларының координаттары мен ұзындығының жиынтық ведомосін дайындайды;

      мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту негіздері болмаған жағдайда, жер учаскесінің координаттарын салыстырып тексеру актісін, жобаланып отырған жер учаскесі шекараларының жоспарын, жобаланып отырған жер учаскесі шекараларының координаттары мен тараптар ұзындығының жиынтық ведомосін дайындайды және ҚБ басшысына немесе оны алмастыратын адамға жолдайды;

      5) ҚБ басшысы немесе оны алмастыратын адам 3 (үш) сағат ішінде жер учаскесінің координаттарын салыстырып тексеру актісін, жобаланып отырған жер учаскесі шекараларының жоспарын, жобаланып отырған жер учаскесі шекараларының координаттары мен тараптар ұзындығының жиынтық ведомосін тексереді, құжаттарға қол қояды және тіркеуге жібереді;

      6) жер учаскесінің координаттарын салыстырып тексеру актісін, жобаланып отырған жер учаскесі шекараларының жоспарын, жобаланып отырған жер учаскесі шекараларының координаттары мен тараптар ұзындығының жиынтық ведомосін тіркеуді жүзеге асыратын ҚБ жұмыскері қол қойылған құжаттарды 2 (екі) сағат ішінде тіркейді және курьер арқылы көрсетілетін қызметті берушінің қызметкеріне 2 (екі) сағат ішінде береді;

      7) қолхат көрсетілген және жеке куәлік және (немесе) сенімхат бойынша көрсетілетін қызметті алушының жеке басы сәйкестендірілген жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің жұмыскері 20 (жиырма) минут ішінде көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін береді.

      7. Порталға жүгінген жағдайда:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің жұмыскері 15 (он бес) минут ішінде Тізбеде көрсетілген құжаттарды келіп түскен күні қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады және ҚБ басшысына немесе оны алмастыратын адамға жолдайды;

      2) ҚБ басшысы 30 (отыз) минут ішінде құжаттардың мазмұнымен танысады, қолын қояды және қызметті көрсетуге жауапты жұмыскерді айқындайды;

      3) ҚБ жұмыскері құжаттар тіркелген кезден бастап 1(бір) жұмыс күні ішінде:

      көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыстығын тексереді;

      қабылданған құжаттарды тіркейді, МЖК ААЖ дерекқоры бойынша жер учаскесін сәйкестендіреді, жобаланып отырған жер учаскесінің бұрыштық бұрылыс нүктелерінің координаттарын МЖК ААЖ-ға енгізеді, атрибутивтік ақпаратты енгізеді, жобаланып отырған шекараларға алаңның, желілер өлшемінің, орналасқан жерінің сәйкестігіне, басқа жер учаскелеріне, оның ішінде МЖК ААЖ ақпараттық жүйесіне сақтауға жатпайтын жер учаскелері мен объектілерге қабаттасудың бар-жоғына салыстырып тексеру жүргізеді (бұрыштық бұрылыс нүктелерінің координаттарын енгізеді);

      2 (екі) сағат ішінде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жобаланып отырған жер учаскесінің координаттары ведомосін салыстырып тексеру актісін, осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жобаланып отырған жер учаскесінің жоспарын және осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жобаланып отырған жер учаскесінің шекаралары координаттары мен тараптар ұзындықтарының жиынтық ведомосін дайындайды;

      жобаланып отырған жер учаскесі желілік объектілер, оның ішінде темір, автомобиль жолдары, бұрылыс жолақтарымен бірге жербеті, жерүсті және жерасты құбырлары және су айдындары мен әуелік электр желілерінің тіреулері, кәбілді электр желілерінің жербеті құрылысжайлары алып жатқан МЖК ААЖ графикалық деректерімен келісілген жағдайда, 2 (екі) сағат ішінде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жобаланып отырған жер учаскесінің координаттары ведомосін салыстырып тексеру актісін, осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша желілі объектілер орналасқан жобаланып отырған жер учаскесінің жоспарын және осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша желілі объектілер орналасқан жобаланып отырған жер учаскесінің шекараларының координаттары мен тараптар ұзындығының жиынтық ведомосін әзірлейді;

      жобаланып отырған жер учаскесінің орналасқан жері МЖК ААЖ графикалық деректеріне сәйкес келмеген жағдайда, 2 (екі) сағат ішінде осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жобаланып отырған жер учаскесі координаттарының сәйкес келмеу актісін, осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жобаланып отырған жер учаскесі шекараларының мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің графикалық деректеріне сәйкессіздігі (қабаттасуы) схемасын, осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жобаланып отырған жер учаскесінің шекараларының координаттары мен ұзындығының жиынтық ведомосін дайындайды;

      жобаланып отырған жер учаскесі желілік объектілер, оның ішінде темір, автомобиль жолдары, бұрылыс жолақтарымен бірге жербеті, жерүсті және жерасты құбырлары және су айдындары мен әуелік электр желілерінің тіреулері, кәбілді электр желілерінің жербеті құрылысжайлары алып жатқан МЖК ААЖ графикалық деректерімен сәйкес келмеген жағдайда, 2 (екі) сағат ішінде осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жобаланып отырған жер учаскесі координаттарыын сәйкес келмеу актісін, осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша желілі объектілер орналасқан жобаланып отырған жер учаскесі шекараларының мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің графикалық деректерімен сәйкессіздігі схемасын, осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша желілі объектілер орналасқан жобаланып отырған жер учаскесінің шекараларының координаттары мен ұзындығының жиынтық ведомосін дайындайды;

      мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту негіздері болмаған жағдайда, жер учаскесінің координаттарын салыстырып тексеру актісін, жобаланып отырған жер учаскесі шекараларының жоспарын, жобаланып отырған жер учаскесі шекараларының координаттары мен тараптар ұзындығының жиынтық ведомосін дайындайды және ҚБ басшысына немесе оны алмастыратын адамға жолдайды;

      4) ҚБ басшысы немесе оны алмастыратын адам 3 (үш) сағат ішінде жер учаскесінің координаттарын салыстырып тексеру актісін, жобаланып отырған жер учаскесі шекараларының жоспарын, жобаланып отырған жер учаскесі шекараларының координаттары мен тараптар ұзындығының жиынтық ведомосін тексереді, құжаттарға қол қояды және тіркеуге жібереді;

      5) жер учаскесінің координаттарын салыстырып тексеру актісін, жобаланып отырған жер учаскесі шекараларының жоспарын, жобаланып отырған жер учаскесі шекараларының координаттары мен тараптар ұзындығының жиынтық ведомосін тіркеуді жүзеге асыратын ҚБ қызметкері қол қойылған құжаттарды 15 (он бес) минут ішінде тіркейді ҚБ басшысының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жібереді.

      8. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарлама жіберіледі, онда көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдалым өткізудің уақыты мен орны (тәсілі) көрсетіледі.

      Тыңдалым туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі. Тыңдалым хабарлама жасалған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Тыңдалым нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші жобаланып отырған жер учаскесінің тексеру актісін келістіру туралы не мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі не көрсетілетін қызметті беруші арқылы беріледі.

      9. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректердің енгізілуін қамтамасыз етеді.

      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі осы Қағидалар бекітілген және өзгертілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторына, көрсетілетін қызметті берушіге және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.

      10. Ақпараттық жүйе істен шыққан кезде көрсетілетін қызметті беруші ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға жауапты көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің жұмыскерін дереу хабардар етеді.

      Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға жауапты жұмыскер техникалық проблема туралы хаттама жасайды және оған көрсетілетін қызметті беруші қол қояды.

      11. Көрсетілетін қызметті беруші Тізбенің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.

3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      12. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.

      Шағым Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 91-бабының 4-тармағына сәйкес келіп түскен жағдайда көрсетілетін қызметті беруші оны келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды қарайтын органға жібереді. Көрсетілетін қызметті беруші 3 (үш) жұмыс күні ішінде қолайлы акт қабылданған, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік іс-әрекет жасалған жағдайда шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді.

      13. Көрсетілетін қызметті алушының шағымын Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес:

      көрсетілетін қызметті беруші – тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

      мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – ол тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауы тиіс.

      Көрсетілетін қызметті берушінің, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес:

      1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;

      2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.

      Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, шағымды қарау жөнінде өкілеттік берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды берген көрсетілетін қызметті алушыға жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) ұзарту себебін көрсете отырып шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы хабарлайды.

      14. Егер заңда өзгеше көзделмесе, ҚР ӘРПК 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.

  "Жобаланатын жер учаскесін
жылжымайтын мүліктің
бірыңғай мемлекеттік кадастры
ақпараттық жүйесінің
графикалық деректерімен
келісу" мемлекеттік
қызметін көрсету қағидаларына
1-қосымша

"Жобаланатын жер учаскесін жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры ақпараттық жүйесінің графикалық деректерімен келісу" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

1) көрсетілетін қызметті беруші;
2) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал).

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

7 (жеті) жұмыс күні ішінде.

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде.

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Жобаланып отырған жер учаскесінің келісілген жоспары не мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту.
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мерзімде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алуға келмеген жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші беру үшін олардың бір ай боцы сақталуын қамтамасыз етеді, одан кейін оларды одан әрі сақтау үшін құжаттарды жүйелеу және сақтау бөліміне (техникалық мұрағат) береді.

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің құны "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 87 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13353 болып тіркелген) 3-қосымшаның 28-параграфына сәйкес мөлшерде есептеледі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің құнын төлеу қолма-қол ақшалай және қолма-қол ақшасыз нысанда екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы, сондай-ақ қолма-қол емес нысанда "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылады.

7

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін;
2) порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Кодекске сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтініш қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.gov.kz интернет-ресурсында;
2) көрсетілетін қызметті берушінің www.gov4c.kz интернет-ресурсында;
3) порталда орналастырылған.

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушылар ұсынады:
көрсетілетін қызметті берушіге:
1) "Мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің графикалық дерегімен жобаланып отырған жер учаскесін келісу" мемлекеттiк қызметін көрсету қағидаларына (бұдан әрi – Қағидалар) 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
2) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);
3) жер учаскесінің жоспары және оның бұрыштық бұрылыс нүктелері координаталарының ведомостері;
4) көрсетілетін қызметке ақы төленгені туралы төлем құжатының (түбіртектің) көшірмесі;
порталға:
1) көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ-мен немесе ұялы байланыс операторы беретін көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі тіркелген және порталдың есептік жазбасына қосылған жағдайда, бір реттік құпиясөзбен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұраным;
2) мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің сайтында қалыптастырылған жоспар нөмірі;
3) көрсетілетін қызметке ақы төленгені туралы төлем құжатының (түбіртектің) ЭҮТШ арқылы жүргізілген төлемді қоспағанда, электрондық көшірмесі.

9

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректердің және мәліметтердің "Мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің графикалық дерегімен жобаланып отырған жер учаскесін келісу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

10

Мемлекеттік қызмет көрсету, ерекшеліктерін ескере отырып, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін өзге де талаптар

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті тікелей көрсетілетін қызметті беруші арқылы алу жер учаскесінің орналасқан жері бойынша жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда, портал арқылы электрондық нысанда не бір рет қолданылатын құпиясөз арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары порталда көрсетілген. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бірыңғай байланыс телефондары: 1414, 8 800 080 7777.

  "Жобаланатын жер учаскесін
жылжымайтын мүліктің
бірыңғай мемлекеттік кадастры
ақпараттық жүйесінің
графикалық деректерімен
келісу" мемлекеттік
қызметін көрсету Қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

  ____________________________
басшысына
(кадастр жүргізетін
ұйымның атауы)
____________________________
(аты, әкесінің аты (бар болса),
тегі жеке тұлғаның
кімнен _____________________
аты, әкесінің аты (бар болса),
тегі не заңды
____________________________
тұлғаның толық атауы, жеке
сәйкестендіру
____________________________
нөмірі не бизнес-сәйкестендіру
нөмірі
____________________________
жеке тұлғаның немесе заңды
тұлға өкілінің жеке басын
куәландыратын құжаттың
деректемелері,
____________________________
байланыс телефоны (бар болса),
орналасқан
____________________________
жерінің мекенжайы
(заңды тұлғалар үшін) не
____________________________
тұрғылықты мекенжайы
(жеке тұлғалар үшін))

Жобаланатын жер учаскесін жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры ақпараттық жүйесінің графикалық деректерімен келісуге өтініш

      Сізден __________ мекенжайы бойынша орналасқан жобаланып отырған жер учаскесін мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің графикалық деректерімен келістіруді сұраймын.

      Қолданыстағы жер учаскесінің(лерін) жер учаскесінің кадастрлық нөмірі (бар болған жағдайда) _____ ретке келтірген жағдайда және жерге орналастыру жобасын әзірлеу себебі көрсетілсін:

      ______________________________________________________________________

      жер учаскесін бөлу (біріктіру), жер учаскесінің сәйкестендіру (шекараларының)

      __________________________________________________________________________

      сипаттамаларының өзгеруі, мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп алу, желілі объектілер орналасқан жер учаскесінің сәйкестендіру сипаттамаларының өзгеруі).

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

      _______________________________________________________________

      (жеке тұлғаның не заңды тұлғаның уәкілетті өкілінің аты, әкесінің

      ________________________________________________________________

      аты (бар болса), тегі, қолы/электрондық цифрлық қолтаңбасы)

  20__жылғы "___" ________
  "Жобаланатын жер учаскесін
жылжымайтын мүліктің
бірыңғай мемлекеттік кадастры
ақпараттық жүйесінің
графикалық деректерімен
келісу" мемлекеттік қызметін
көрсету қағидаларына
3-қосымша

      Нысан

  Кімге_______________________
(жеке тұлғаның аты,
әкесінің аты (бар болса),
тегі/заңды тұлғаның атауы,)

Жобаланып отырған жер учаскесі координаттарының ведомосін салыстырып тексеру актісі №__

      Ұсынылған жобаланып отырған жер учаскесі координаттарының ведомосін мынадай деректермен салыстырып тексеру нәтижелері бойынша:

      Жер учаскесінің кадастрлық нөмірі:

      __________________________________________________________________

      (қолданыстағы учаскенің конфигурациясы өзгерген кезде көрсетіледі)

      Жер учаскесінің алаңы, гектар:__________________________________________

      Жер учаскесінің нысаналы мақсаты: _____________________________________

      Жер учаскесінің орналасқан жері _______________________________________

      Жерлердің санаты: _______________________________________________

      Жерге орналастыру жобасын әзірлеу туралы ақпарат

      __________________________________________________________________ (ұйымның атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі/жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, жеке сәйкестендіру нөмірі)

      Әзірленген күні: 20___ жылғы "___"___________.

      Жобаланып отырған жер учаскесінің шекараларын ұсынылған жер учаскесінің координаттары бойынша мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің графикалық деректерімен (шекараларға қабаттасудың жоқтығы, алаңның, желілер өлшемдерінің, конфигурациялардың сәйкестігі) келісеміз.

      Қосымша: Жобаланып отырған жер учаскесінің жоспары және координаттардың жиынтық ведомосі және жобаланып отырған жер учаскесі шекараларының ұзындығы

      Ерекше белгілер: _________________________________________________

      (бұрын жобаланып отырған жер учаскесіне қабаттасу бар; жобаланып отырған жер

      учаскесі екі және одан да көп есепке алу орамдары шегінде орналасқан және басқалар)

      Салыстырып тексеруді жүргізген:_____________________________________

                                    (маманның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      Салыстырып тексерілген күні: 20___ жылғы "___" ___________.

      _________________________________________________________________

      Басшының қолы ("Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы жүгінген кезде)/басшының электрондық цифрлық қолтаңбасы ("электрондық үіметтің" веб-порталы арқылы жүгінген кезде)

  "Мемлекеттік жер кадастрының
автоматтандырылған ақпараттық
жүйесінің графикалық дерегімен
жобаланып отырған жер
учаскесін келісу" мемлекеттік
қызметін көрсету қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

Жоспарланып отырған жер учаскесінің жоспары

Масштабы:1:

      Жер учаскесінің алаңы, гектар:_________________________________

      Жер учаскесінің нысаналы мақсаты: _____________________________________

      Жер учаскесінің орналасқан жері _______________________________________

      Жерлердің санаты (бар болса): _________________________________________

      Жоспарды жасаған:

      _______________________________________________________________

      (ұйымның атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі/жеке тұлғаның аты, әкесінің аты

      (бар болса), тегі, жеке сәйкестендіру нөмірі)

      Мөрдің орны ________________ _________________________________

      (қолы)       (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      Жоспардың жасалған күні: 20 жылғы " "

      _________________________________________________________________

      *Басшының қолы ("Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына

      арқылы жүгінген кезде)/басшының электрондың цифрлық қолтаңбасы

      ("электрондық үіметтің" веб-порталы арқылы жүгінген кезде)

  "Мемлекеттік жер кадастрының
автоматтандырылған ақпараттық
жүйесінің графикалық дерегімен
жобаланып отырған жер
учаскесін келісу" мемлекеттік
қызметін көрсету қағидаларына
5-қосымша

      Нысан

Жобаланып отырған жер учаскесінің шекаралары тараптарының координаттары мен ұзындықтарының жиынтық ведомосі

Нүкте нөмірі

Координаттар

Ұзындығы (метр)

X

Y

1

2

3

4

      Периметрі, метр: ________

      Алаңы, гектар: _______

      Ведомості жасаған: ____________________________________________________

      (ұйымның атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі/жеке тұлғаның аты, әкесінің аты

      (бар болса), тегі, жеке сәйкестендіру нөмірі)

      Мөрдің орны ________________ _________________________________

      (қолы) (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      Ведомостің жасалған күні: 20___ жылғы "____" _______

      _________________________________________________________________

      *Басшының қолы ("Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына арқылы жүгінген кезде)/басшының электрондық цифрлық қолтаңбасы ("электрондық үіметтің" веб-порталы арқылы жүгінген кезде)

  "Мемлекеттік жер кадастрының
автоматтандырылған ақпараттық
жүйесінің графикалық дерегімен
жобаланып отырған жер
учаскесін келісу" мемлекеттік
қызметін көрсету қағидаларына
6-қосымша

      Нысан

Желілі объектілер орналасқан жобаланып отырған жер учаскесінің жоспары

"Оңтүстік-Солтүстік" бағыты

Масштабы 1:

      Жер учаскесінің алаңы, гектар:__________________________________________

      Жер учаскесінің нысаналы мақсаты: _____________________________________

      Жер учаскесінің орналасқан жері _______________________________________

      Жерлер санаты (бар болса): _______________________________________________

      Жоспарды жасаған: ______________________________________________________

      (ұйымның атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі/жеке тұлғаның аты, әкесінің аты

      (бар болса), тегі, жеке сәйкестендіру нөмірі)

      Мөрдің орны ________________ _________________________________

      (қолы)             (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      Жоспардың жасалған күні: 20___ жылғы "____" _______

      _________________________________________________________________

      *Басшының қолы ("Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы жүгінген кезде)/басшының электрондық цифрлық қолтаңбасы ("электрондық үіметтің" веб-порталы арқылы жүгінген кезде)

  "Мемлекеттік жер кадастрының
автоматтандырылған ақпараттық
жүйесінің графикалық дерегімен
жобаланып отырған жер
учаскесін келісу" мемлекеттік
қызметін көрсету қағидаларына
7-қосымша

      Нысан

Желілі объектілер орналасқан жобаланып отырған жер учаскесінің шекараларының координаттары мен тараптар ұзындығының жиынтық ведомосі

Нүкте нөмірі

Координаттар

Ұзындығы (метр)

X

Y

1-полигон

1

2

Полигонның алаңы, гектар

2-полигон

5

6

Полигонның алаңы, гектар

3-полигон

11

12

Полигонның алаңы, гектар

      Периметрі, метр:__________________________________________

      Алаңы, гектар: _____________________________________

      Ведомості жасаған: ________________________________________________________

      (ұйымның атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі/жеке тұлғаның аты, әкесінің аты

      (бар болса), тегі, жеке сәйкестендіру нөмірі)

      Мөрдің орны ________________ _________________________________

      (қолы) (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      Ведомостің жасалған күні: 20___ жылғы "____" _______

      _________________________________________________________________

      *Басшының қолы ("Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы

      жүгінген кезде)/басшының электрондық цифрлық қолтаңбасы ("электрондық үіметтің"

      веб-порталы арқылы жүгінген кезде)

  "Мемлекеттік жер кадастрының
автоматтандырылған ақпараттық
жүйесінің графикалық дерегімен
жобаланып отырған жер
учаскесін келісу" мемлекеттік
қызметін көрсету қағидаларына
8-қосымша

      Нысан

  Кімге_______________________
(жеке тұлғаның аты, әкесінің ат
(бар болса), тегі/заңды тұлғаның
атауы)

Жобаланып отырған жер учаскесі координаттарының сәйкес келмеу актісі №___

      Ұсынылған жобаланып отырған жер учаскесі координаттарының ведомосін мынадай деректермен салыстырып тексеру нәтижелері бойынша:

      Жер учаскесінің кадастрлық нөмірі:

      __________________________________________________________________

      (қолданыстағы учаскенің шекаралары өзгерген кезде көрсетіледі)

      Жер учаскесінің алаңы, гектар: __________________________________________

      Жер учаскесінің нысаналы мақсаты: _____________________________________

      Жер учаскесінің орналасқан жері _______________________________________

      Жерлер санаты: _______________________________________________

      Жерге орналастыру жобасын әзірлеуші туралы ақпарат

      ____________________________________________________________________ (ұйымның атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі/жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, жеке сәйкестендіру нөмірі) Әзірленген күні: 20___ жылғы "___" ___________.

      Ұсынылған жер учаскесінің координаттары бойынша жобаланып отырған жер учаскесі шекараларының мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің графикалық деректерімен (шекараларды салу, сызықтар өлшемдері) сәйкессіздігі анықталды.

      Қосымша: жобаланып отырған жер учаскесі шекараларының мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің графикалық деректерімен сәйкессіздігі (салынуы) схемасы және жобаланып отырған жер учаскесі шекараларының координаттарының жиынтық ведомосі және жобаланып отырған жер учаскесі шекараларының ұзындығы.

      Анықталған сәйкессіздік: ______________________________________________

      Ерекше белгілер: _____________________________________________________

      (жер учаскелеріне, оның ішінде мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған

      ақпараттық жүйесінде сақтауға жататын жер учаскелеріне қабаттасу бар, ауыртпалық

      бар)

      Салыстырып тексеруді жүргізген: ________________________________________

                                          (маманның аты, әкесінің аты (бар болса) тегі)

      Салыстырып тексерілген күні: 20___ жылғы "___" ___________.

      *Басшының қолы ("Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы жүгінген кезде)/басшының электрондық цифрлық қолтаңбасы ("электрондық үіметтің" веб-порталы арқылы жүгінген кезде)

  "Мемлекеттік жер кадастрының
автоматтандырылған ақпараттық
жүйесінің графикалық дерегімен
жобаланып отырған жер
учаскесін келісу" мемлекеттік
қызметін көрсету қағидаларына
9-қосымша

      Нысан

Жобаланып отырған жер учаскесі шекараларының мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің графикалық деректеріне сәйкессіздігі (қабаттасуы) схемасы

масштабы1:

      Шартты белгілер:

      __________ жобаланып отырған учаске

      __________ іргелес учаске

      __________ қабаттасу

      __________ сәйкессіздік

      Қабаттасудың жалпы алаңы, гектар: __________

      *Басшының қолы ("Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы жүгінген кезде)/басшының электрондық цифрлық қолтаңбасы ("электрондық үіметтің" веб-порталы арқылы жүгінген кезде)

  "Мемлекеттік жер кадастрының
автоматтандырылған ақпараттық
жүйесінің графикалық дерегімен
жобаланып отырған жер
учаскесін келісу" мемлекеттік
қызметін көрсету қағидаларына
10-қосымша

      Нысан

Жобаланып отырған жер учаскесінің шекараларының координаттары мен ұзындығының жиынтық ведомосі

Нүкте нөмірі

Координаттар

Ұзындығы (метр)

X

Y

1

2

3

4

      Периметрі, метр:__________________________________________

      Алаңы, гектар: _____________________________________

      Ведомості жасаған: _________________________________________________________

      (ұйымның атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі/жеке тұлғаның аты, әкесінің аты

      (бар болса), тегі, жеке сәйкестендіру нөмірі)

      Мөр орны* ____________ ___________________________________________________

                        (қолы) (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      Ведомость жасалған күні: " " _______ 20 ____ жылы.

      *Басшының қолы ("Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы жүгінген кезде)/басшының электрондық цифрлық қолтаңбасы ("электрондық үіметтің" веб-порталы арқылы жүгінген кезде)

  "Мемлекеттік жер кадастрының
автоматтандырылған ақпараттық
жүйесінің графикалық дерегімен
жобаланып отырған жер
учаскесін келісу" мемлекеттік
қызметін көрсету қағидаларына
11-қосымша
  Нысан

Желілі объектілер орналасқан жобаланып отырған жер учаскесі шекараларының мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің графикалық деректерімен сәйкессіздігі схемасы

Масштабы:

      Шартты белгілер:

      __________ жобаланып отырған учаске

      _________ іргелес учаске

      __________ қабаттасу

      __________ сәйкессіздік

      Қабаттасудың жалпы алаңы, гектар: __________

      *Басшының қолы ("Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы жүгінген кезде)/басшының электрондық цифрлық қолтаңбасы ("электрондық үіметтің" веб-порталы арқылы жүгінген кезде)

  "Мемлекеттік жер кадастрының
автоматтандырылған ақпараттық
жүйесінің графикалық дерегімен
жобаланып отырған жер
учаскесін келісу" мемлекеттік
қызметін көрсету қағидаларына
12-қосымша

      Нысан

Желілі объектілер орналасқан жобаланып отырған жер учаскесінің шекараларының координаттары мен ұзындығының жиынтық ведомосі

Нүкте нөмірі

Координаттар

Ұзындығы (метр)

X

Y

Полигон 1

1

2

Полигонның ауданы, гектар

Полигон 2

5

6

Полигонның ауданы, гектар

Полигон 3

11

12

Полигонның ауданы, гектар

      Периметрі, метр:__________________________________________

      Ауданы, гектар: _____________________________________

      Ведомості жасаған: ________________________________________________________

      (ұйымның атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі/жеке тұлғаның аты, әкесінің аты

      (бар болса), тегі, жеке сәйкестендіру нөмірі)

      Мөр орны* ____________ ___________________________________________________

      (қолы)             (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      Ведомость жасалған күні: " " _______ 20 ____ жылы.

      *Басшының қолы ("Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы жүгінген кезде)/басшының электрондық цифрлық қолтаңбасы ("электрондық үіметтің" веб-порталы арқылы жүгінген кезде)

  "Мемлекеттік жер кадастрының
автоматтандырылған ақпараттық
жүйесінің графикалық дерегімен
жобаланып отырған жер
учаскесін келісу" мемлекеттік
қызметін көрсету қағидаларына
13-қосымша

      Нысан

Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарлама Құрметті _______________

      Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабының 1-тармағына сәйкес осы хабарламамен Сізге "Мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің графикалық дерегімен жобаланып отырған жер учаскесін келісу" мемлекеттік қызметін көрсетуден бас тартылғаны туралы хабарлаймыз, өйткені:

      _______________________________________________________________

      (бас тарту себебін санамалау)

      Бас тарту мәселесі бойынша тыңдалым осы хабарлама жіберілген күннен бастап 2 (екі)

      жұмыс күнінен кейін жүзеге асырылады, онда Сіз осы шешім бойынша өз

      ұстанымыңызды білдіре аласыз (керектісін жазу керек):

      ______________________________________________________________________

      (тыңдалым өткізу күні мен уақыты, тыңдалым өткізу орны (тәсілі): мекенжайы

      бойынша ғимаратта: / бейнебаян байланыс арқылы/басқа да коммуникация құралдары)

      Көрсетілетін қызметті беруші ______________________________________

      (басшының қолы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) немесе басшының электрондық

      цифрлық қолтаңбасы.

      20 жылғы " "

  Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2020 жылғы 1 қазандағы
№ 301 бұйрығына
12-қосымша

"Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

      Ескерту. 12-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 19.06.2023 № 236 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау" мемлекеттік қызметін көрсету (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган – жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының құрылымдық бөлімшесі;

      2) жер учаскесі – Қазақстан Республикасының Жер кодексінде белгіленген тәртіппен жер қатынастары субъектілеріне бекітіліп берілетін, тұйық шекараларда бөлінген жер бөлігі;

      3) жер учаскесіне сәйкестендіру құжаты – жер, құқықтық және қала құрылысы кадастрларын жүргізу мақсаттары үшін қажетті жер учаскесінің сәйкестендіру сипаттамаларын қамтитын құжат.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.

      "Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген.

      4. Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындауға арналған өтініш пен Тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдау көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.

      Өтініштер мен құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.

      Көрсетілетін қызметті алушы Тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайларда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.

      5. Жеке басты куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не жылжымайтын мүлікке меншік құқығын растайтын дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы, жер учаскесіне құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттары туралы, мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін ақының төленгені туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден талап етеді.

      Көрсетілетін қызметті берушілер іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен порталда тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы бір реттік құпиясөзді беру арқылы немесе портал хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы ұсынылған құжат иесінің келісуі болған жағдайда цифрлық құжаттарды алады.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған дербес деректер мен заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді өңдеуді көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының келісуімен порталда тіркеу барысында жүзеге асырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      6. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе жұмыскері Тізбеде көрсетілген құжаттарды олар келіп түскен күні қабылдау мен тіркеуді жүзеге асырады және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесінің қабылданған күні мен берілген күні, құжаттарды қабылдаған адамның аты және әкесінің аты (бар болса), тегі көрсетілген талон береді және оларды 15 (он бес) минут ішінде көрсетілетін қызметті берушінің басшысына не оны алмастыратын адамға береді.

      7. Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы не оны алмастыратын адам көрсетілетін қызметті алушының құжаттарының мазмұнымен танысады, бұрыштама қояды және күнтізбелік 1 (бір) күн ішінде жұмыс істеу үшін жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органға және тиісті жергілікті атқарушы органның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесіне береді.

      8. Жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның және тиісті жергілікті атқарушы органның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесінің жауапты орындаушылары келіп түскен өтінішті бірлесіп қарайды, мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болмаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға жер учаскесінің бөлінетіндігі немесе бөлінбейтіндігі туралы жазбаша жауап дайындайды және күнтізбелік 10 (он) күн ішінде жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның басшысына не оны алмастырушы адамға қол қою үшін жібереді.

      9. Жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның басшысы көрсетілетін қызметті алушыға жер учаскесінің бөлінетіндігі немесе бөлінбейтіндігі туралы жазбаша жауапқа не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауапқа қол қояды және оны тіркеу үшін күнтізбелік 1 (бір) күн ішінде жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның кеңсесіне береді.

      10. Жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның кеңсе жұмыскері 15 (он бес) минут ішінде жер учаскесінің бөлінетіндігі немесе бөлінбейтіндігі туралы хатты не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауапты тіркеуді жүргізеді.

      11. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарлама жіберіледі, онда көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдалым өткізу уақыты мен орны (тәсілі) көрсетіледі.

      Тыңдалым туралы хабарлама мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі. Тыңдалым хабарлама жасалған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Тыңдалым нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау туралы не мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚсы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі не көрсетілетін қызметті беруші арқылы беріледі.

      12. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректердің енгізілуін қамтамасыз етеді.

      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі осы Қағидалар бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторына, көрсетілетін қызметті берушіге және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.

      13. Ақпараттық жүйе істен шыққан кезде көрсетілетін қызметті беруші ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға жауапты көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің жұмыскерін дереу хабардар етеді.

      Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға жауапты жұмыскер техникалық проблема туралы хаттама жасайды және оған көрсетілетін қызметті беруші қол қояды.

      14. Көрсетілетін қызметті беруші Тізбенің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.

3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      15. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.

      Шағым Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 91-бабының 4-тармағына сәйкес келіп түскен жағдайда көрсетілетін қызметті беруші оны келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды қарайтын органға жібереді. Көрсетілетін қызметті беруші 3 (үш) жұмыс күні ішінде қолайлы акт қабылданған, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік іс-әрекет жасалған жағдайда шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді.

      16. Көрсетілетін қызметті алушының шағымын Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес:

      көрсетілетін қызметті беруші – тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

      мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – ол тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауы тиіс.

      Көрсетілетін қызметті берушінің, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес:

      1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;

      2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.

      Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, шағымды қарау жөнінде өкілеттік берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды берген көрсетілетін қызметті алушыға жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) ұзарту себебін көрсете отырып шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы хабарлайды.

      17. Егер заңда өзгеше көзделмесе, ҚР ӘРПК 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.

  "Жер учаскелерінің
бөлінетіндігі мен
бөлінбейтіндігін айқындау"
мемлекеттік қызметін көрсету
қағидаларына
1-қосымша

"Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).

2
2

Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері

Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы.

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

Күнтізбелік 15 (он бес) күн.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету түрі

қағаз түрінде.

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау туралы хат не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін

7

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

Көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

1) "Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындауға арналған өтініш;
2) жер учаскесінің бөлінетін бөліктерінің және қолданыстағы құрылыстардың өлшемдері көрсетілген жер учаскесін бөлу схемасы;
3) жер учаскесіне сәйкестендіру құжатының көшірмесі.

9

Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер

1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 44-1-бабы 8-тармағының он екінші және он үшінші бөліктерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.
Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді.

10

Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтан қол жеткізу режимінде "электрондық үкіметтің" веб-порталындағы пайдаланушының "жеке кабинеті", сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары порталда көрсетілген. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.

  "Жер учаскелерінің
бөлінетіндігі мен
бөлінбейтіндігін айқындау"
мемлекеттік қызметін
көрсету қағидаларына
2-қосымша
Нысан
  ______________басшысы
  (жергілікті атқарушы
  органның атауы
  ____________________________
  (аты, әкесінің аты (бар болса),
  тегі)
  _________________________
  (жеке тұлғаның аты, әкесінің
  аты (бар болса), тегі)
  ____________________________
  ____________________________
  (жеке сәйкестендіру нөмірі)
  ____________________________
  (жеке тұлғаның жеке басын
  куәландыратын құжаттың
  деректемелері,
  ____________________________
  ____________________________
  байланыс телефоны (бар болса),
  ____________________________
  тұратын мекенжайы)

Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындауға арналған өтініш

      Сізден ______________________________________________________ орналасқан

      (жер учаскесінің мекенжайы (орналасқан жері))

      _______________________________________________________________ негізінде

      (құқық түрін көрсету)

      ___________________________________________________________ үшін берілген

      (жер учаскесінің нысаналы мақсаты)

      ауданы _____________________гектар жер учаскесінің бөлінетіндігін және (немесе)

      бөлінбейтіндігін анықтауыңызды сұраймын.

      бөлу мақсаты ____________________________________________________________.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді

      пайдалануға келісемін.

      Көрсетілетін қызметті алушы ________________________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі), қолы

  "Жер учаскелерінің
бөлінетіндігі мен
бөлінбейтіндігін айқындау"
мемлекеттік қызметін
көрсету қағидаларына
3-қосымша
Нысан

Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарлама Құрметті _______________

      Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабының 1-тармағына сәйкес осы хабарламамен Сізге "Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау" мемлекеттік қызметін көрсетуден бас тартылатыны туралы хабарлаймыз, өйткені:

      _______________________________________________________________________

      (бас тарту себептерін санамалау)

      Бас тарту мәселесі бойынша тыңдалым осы хабарлама жіберілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кейін жүзеге асырылады, онда Сіз осы шешім бойынша өз ұстанымыңызды білдіре аласыз (қажеттісін жазу керек):

      ________________________________________________________________________

      (тыңдалым өткізу күні мен уақыты, тыңдалым өткізу орны (тәсілі): мекенжайы

      бойынша ғимаратта: / бейнеконференцбайланыс/өзге де коммуникация құралдары

      арқылы)

      Көрсетілетін қызметті беруші ________________________________________________

      (басшының қолы/электрондық цифрлық қолтаңбасы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      20 жылғы " "

  Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2020 жылғы 1 қазандағы
№ 301 бұйрығына
13-қосымша

"Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

      Ескерту. 13-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 19.06.2023 № 236 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі;

      2) пайдаланушының "электрондық үкіметтің" веб-порталындағы кабинеті (бұдан әрі – жеке кабинет) – жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік органдармен электрондық түрде қызметтер көрсету мәселелері, аталған тұлғалардың өтініштерін қарайтын субъектілерге жүгіну, сондай-ақ дербес деректерді пайдалану мәселелері бойынша ресми ақпараттық өзара іс-қимылға арналған "электрондық үкіметтің" веб-порталының құрамдасы;

      3) "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болып табылатын ақпараттық жүйе;

      4) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      "Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген.

      4. Жеке немесе заңды тұлғаның (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат түріндегі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісуге өтінішті және Тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру портал арқылы жүзеге асырылады.

      Көрсетілетін қызметті алушы Тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайларда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.

      5. Жеке басты куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не жылжымайтын мүлікке меншік құқығын растайтын дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы, жер учаскесіне құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттары туралы, мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін ақының төленгені туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден талап етеді.

      Көрсетілетін қызметті берушілер іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен порталда тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы бір реттік құпиясөзді беру арқылы немесе портал хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы ұсынылған құжат иесінің келісуі болған жағдайда цифрлық құжаттарды алады.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған дербес деректер мен заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді өңдеуді көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының келісуімен порталда тіркеу барысында жүзеге асырады.

      Көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе және мемлекеттік қызмет көрсету күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      6. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыскері Тізбеде көрсетілген құжаттарды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және 15 (он бес) минут ішінде оларды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына не оны алмастыратын адамға береді.

      7. Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы не оны алмастыратын адам ұсынылған құжаттардың мазмұнымен танысады, бұрыштама қояды және 1 (бір) жұмыс күні ішінде оларды жұмыс істеу үшін жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органға береді.

      8. Жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның басшысы жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның жауапты орындаушысын айқындайды.

      9. Жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның жауапты орындаушысы мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыстығын тексереді және мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болмаған кезде бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу туралы хат дайындайды және оны көрсетілетін қызметті берушінің басшысына не оны алмастыратын адамға жібереді.

      10. Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы не оны алмастыратын адам бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу туралы хатқа не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауапқа қол қояды және 1 (бір) жұмыс күні ішінде оны тіркеу және көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне береді.

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу туралы хатты немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауапты тіркейді және 15 (он бес) минут ішінде портал арқылы көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат түрінде көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жібереді.

      12. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдалым өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлама жолданады.

      Тыңдалым туралы хабарлама мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі. Тыңдалым хабарлама жасалған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Тыңдалым нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу туралы немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚсы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі не көрсетілетін қызметті беруші арқылы беріледі.

      13. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректердің енгізілуін қамтамасыз етеді.

      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі осы Қағидалар бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторына, көрсетілетін қызметті берушіге және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.

      14. Ақпараттық жүйе істен шыққан кезде көрсетілетін қызметті беруші ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға жауапты көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің жұмыскерін дереу хабардар етеді.

      Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға жауапты жұмыскер техникалық проблема туралы хаттама жасайды және оған көрсетілетін қызметті беруші қол қояды.

      15. Көрсетілетін қызметті беруші Тізбенің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады.

3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      16. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.

      Шағым Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 91-бабының 4-тармағына сәйкес келіп түскен жағдайда көрсетілетін қызметті беруші оны келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды қарайтын органға жібереді. Көрсетілетін қызметті беруші 3 (үш) жұмыс күні ішінде қолайлы акт қабылданған, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік іс-әрекет жасалған жағдайда шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді.

      17. Көрсетілетін қызметті алушының шағымын Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес:

      көрсетілетін қызметті беруші – тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

      мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – ол тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауы тиіс.

      Көрсетілетін қызметті берушінің, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес:

      1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;

      2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.

      Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, шағымды қарау жөнінде өкілеттік берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды берген көрсетілетін қызметті алушыға жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) ұзарту себебін көрсете отырып шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы хабарлайды.

      18. Егер заңда өзгеше көзделмесе, ҚР ӘРПК 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.

  "Бүлінген жерлерді қалпына
келтіру жобасын келісу және
беру" мемлекеттік қызметін
көрсету қағидаларына
1-қосымша

"Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).

2
2

Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері

"Электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы.

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

5 (бес ) жұмыс күні.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету түрі

Электрондық (ішінара автоматтандырылған).

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын бере отырып, электрондық келісімхат немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін.

7

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

Порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.gov.kz интернет-ресурсында:
2) көрсетілетін қызметті берушінің www.gov4c.kz интернет-ресурсында;
3) порталда орналастырылған.

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

1) "Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен немесе көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі тіркелген және порталдың есептік жазбасына қосылған жағдайда ұялы байланыс операторы ұсынған бір реттік құпиясөзбен куәландырылған электрондық құжат түрінде жобаны келісуге өтініш;
2) бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасының электрондық көшірмесі.
Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді.

9

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер

1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректердің және мәліметтердің Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

10

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтан қол жеткізу режимінде "электрондық үкіметтің" веб-порталындағы пайдаланушының "жеке кабинеті", сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары порталда көрсетілген. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.

  "Бүлінген жерлерді қалпына
келтіру жобасын келісу және
жобаны беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
қағидаларына
2-қосымша
Нысан
  ___________________басшысы
  (жергілікті атқарушы органның
  атауы
  ____________________________
  (аты, әкесінің аты (бар болса),
  тегі)
  _________________________
  (жеке тұлғаның аты, әкесінің
  аты (бар болса), тегі)
  ____________________________
  ____________________________
  (жеке сәйкестендіру нөмірі)
  ____________________________
  (жеке тұлғаның жеке басын
  куәландыратын құжаттың
  деректемелері,
  ____________________________
  ____________________________
  байланыс телефоны (бар болса),
  ____________________________
  тұратын мекенжайы)

Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісуге өтініш

Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын әзірлеуші-жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі немесе заңды тұлғаның толық атауы

Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу туралы өтініш білдірген жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі немесе заңды тұлғаның атауы

Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасының атауы

Жер учаскесінің мекенжайы (орналасқан жері)

Жер учаскесінің нысаналы мақсаты және ауданы, гектар

Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасы даналарының саны

Жергілікті атқарушы органның шешімі нөмірі мен күні

1

2

3

4

5

6

7

      Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасы дайындалды: мемлекет жер учаскесіне жеке меншік құқығын немесе жер пайдалану құқығын берген кезде, жер учаскесінің сәйкестендіру сипаттамалары өзгерген жағдайда.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      Көрсетілетін қызметті алушы____________________________________________

      (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі), электрондық цифрлық қолтаңбасы

  "Бүлінген жерлерді қалпына
келтіру жобасын келісу және
жобаны беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
қағидаларына
3-қосымша
Нысан

Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарлама Құрметті____________________________

      Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабының 1-тармағына сәйкес осы хабарламамен Сізге "Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және жобаны беру" мемлекеттік қызметін көрсетуден бас тартылатыны туралы хабарлаймыз, себебі:

      _____________________________________________________________________

      (бас тарту себебі көрсетіледі)

      Бас тарту туралы тыңдалым осы хабарлама жіберілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кейін жүзеге асырылады, онда осы шешім бойынша өз ұстанымыңызды білдіре аласыз (қажеттісін жазу керек):

      ______________________________________________________________________

      (тыңдалым өткізілетін күні мен уақыты, тыңдалым өткізілетін жері (тәсілі): мекенжайы

      бойынша ғимаратында:/ бейнебаян байланысы арқылы/басқа да коммуникация

      құралдары)

      Көрсетілетін қызметті беруші ________________________________________________

      (басшының қолы/электрондық цифрлық қолтаңбасы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      20 жылғы " "

  Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2020 жылғы 1 қазандағы
№ 301 бұйрығына
14-қосымша

"Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

      Ескерту. 14-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 19.06.2023 № 236 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) жер учаскесі – Қазақстан Республикасының Жер кодексінде белгіленген тәртіппен жер қатынастары субъектілеріне бекітіліп берілетін, тұйық шекараларда бөлінген жер бөлігі;

      2) "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болып табылатын ақпараттық жүйе;

      3) "электрондық үкіметтің" веб-порталындағы пайдаланушының кабинеті (бұдан әрі – жеке кабинет) – жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік органдармен электрондық нысанда қызметтер көрсету мәселелері, көрсетілген тұлғалардың өтініштерін қарайтын субъектілерге жүгіну, сондай-ақ дербес деректерді пайдалану мәселелері бойынша ресми ақпараттық өзара іс-қимылына арналған "электрондық үкіметтің" веб-порталының құрамдасы;

      4) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың, аудандық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.

      "Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген.

      4. Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сатуға өтінішті және Тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдау портал арқылы жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік қызметті қағаз түрінде көрсету кезінде өтініштер мен құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.

      Көрсетілетін қызметті алушы Тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайларда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.

      5. Жеке басты куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы, жылжымайтын мүлікке меншік құқығын растайтын, жер учаскесіне құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттары туралы, мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін ақы төлеу туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден талап етеді.

      Көрсетілетін қызметті берушілер порталда тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы бір реттік құпиясөзді беру арқылы немесе портал хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда, іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен цифрлық құжаттарды алады.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған дербес деректер мен заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді өңдеуді көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының келісімімен порталда тіркеу барысында жүзеге асырады.

      Көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе және мемлекеттік қызмет көрсету күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      6. Көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе жұмыскері құжаттарды қабылдаған күні 15 (он бес) минут ішінде Тізбеде көрсетілген құжаттарды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады.

      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттардың мазмұнымен танысады, бұрыштама қояды және оларды құжаттар келіп түскен күні уәкілетті органның басшысына орындау үшін жібереді;

      3) уәкілетті органның басшысы құжаттарды қарайды және 1 (бір) сағат ішінде жауапты орындаушыны айқындайды;

      4) уәкілетті органның жауапты орындаушысы құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде:

      көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыстығын тексереді;

      кадастрлық құжаттама бойынша жер учаскесін сәйкестендіреді;

      мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болмаған кезде уәкілетті органның жауапты орындаушысы жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру туралы шешімнің жобасын дайындайды және оны уәкілетті органның басшысына жібереді;

      5) уәкілетті органның басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру туралы шешімнің жобасын келіседі және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жібереді;

      6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру туралы шешімді тексереді және қол қояды;

      7) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе жұмыскері 15 (он бес) минут ішінде жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру туралы шешімді тіркеуді жүргізеді.

      7. Портал арқылы жүгінген кезде:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе жұмыскері құжаттарды қабылдаған күні 15 (он бес) минут ішінде Тізбеде көрсетілген құжаттарды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы Тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайларда көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе жұмыскері өтінішті қабылдаудан бас тартады.

      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттардың мазмұнымен танысады, бұрыштама қояды және оларды орындау үшін құжаттар келіп түскен күні уәкілетті органның басшысына жібереді;

      3) уәкілетті органның басшысы құжаттарды қарайды және 1 (бір) сағат ішінде жауапты орындаушыны айқындайды;

      4) уәкілетті органның жауапты орындаушысы құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде:

      мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыстығын тексереді;

      кадастрлық құжаттама бойынша жер учаскесін сәйкестендіреді;

      мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болмаған кезде уәкілетті органның жауапты орындаушысы жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру туралы шешімнің жобасын дайындайды және оны уәкілетті органның басшысына жібереді;

      5) уәкілетті органның басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру туралы шешімнің жобасын келіседі және көрсетілетін қызметті берушінің басшысы қол қоюға жібереді;

      6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру туралы шешімді тексереді және қол қояды;

      7) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері 15 (он бес) минут ішінде жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру туралы шешімді тіркеуді жүргізеді және оны портал арқылы көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат түрінде көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жібереді.

      8. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарлама жіберіледі, онда көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдалым өткізудің уақыты мен орны (тәсілі) көрсетіледі.

      Тыңдалым туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі. Тыңдалым хабарлама жасалған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Тыңдалым нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату туралы не мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі не көрсетілетін қызметті беруші арқылы беріледі.

      9. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректердің енгізілуін қамтамасыз етеді.

      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі осы Қағидалар бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторына, көрсетілетін қызметті берушіге және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.

      10. Ақпараттық жүйе істен шыққан кезде көрсетілетін қызметті беруші ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға жауапты көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің жұмыскерін дереу хабардар етеді.

      Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға жауапты жұмыскер техникалық проблема туралы хаттама жасайды және оған көрсетілетін қызметті беруші қол қояды.

      11. Көрсетілетін қызметті беруші Тізбенің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады.

3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      12. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.

      Шағым Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 91-бабының 4-тармағына сәйкес келіп түскен жағдайда көрсетілетін қызметті беруші оны келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды қарайтын органға жібереді. Көрсетілетін қызметті беруші 3 (үш) жұмыс күні ішінде қолайлы акт қабылданған, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік іс-әрекет жасалған жағдайда шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді.

      13. Көрсетілетін қызметті алушының шағымын Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес:

      көрсетілетін қызметті беруші – тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

      мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауы тиіс.

      Көрсетілетін қызметті берушінің, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес:

      1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;

      2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.

      Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, шағымды қарау жөнінде өкілеттік берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды берген көрсетілетін қызметті алушыға жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) ұзарту себебін көрсете отырып шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы хабарлайды.

      14. Егер заңда өзгеше көзделмесе, ҚР ӘРПК 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.

  "Жер учаскесін жеке меншікке
ақысын бірден төлеп не бөліп
төлеуге сату" мемлекеттік
қызметін көрсету қағидаларына
1-қосымша

"Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).

2
2

Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері

"Электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы.

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

5 (бес) жұмыс күні.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету түрі

электрондық (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде.

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру туралы шешімі не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін.

7

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс графигіне сәйкес дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 13-00-ден 14-30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9-00-ден 18-30-ға дейін.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру сағат 13-00-ден 14-30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9-00-ден 17-30-ға дейін жүзеге асырылады.
2) порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.gov.kz интернет-ресурсында;
2) көрсетілетін қызметті берушінің www.gov4c.kz интернет-ресурсында;
3) порталда орналастырылған.

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге мыналарды ұсынады:
1) "Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесін жеке меншікке сатуға өтініш;
2) жеке куәлік немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісінің көшірмесі.
Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушылар порталға мыналарды ұсынады:
1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен немесе көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі тіркелген және порталдың есептік жазбасына қосылған жағдайда, ұялы байланыс операторы ұсынған бір реттік құпиясөзбен куәландырылған электрондық құжат нысанында Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесін жеке меншікке сатуға өтініш;
2) жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісінің электрондық көшірмесі.
Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді.

9

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 44-1-бабы 8-тармағының он екінші және он үшінші бөліктерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

10

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары порталда көрсетілген. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.

  "Жер учаскесін жеке меншікке
ақысын бірден төлеп не бөліп
төлеуге сату" мемлекеттік
қызметін көрсету қағидаларына
2-қосымша
Нысан
  __________________әкімі
  (облыстың, қаланың, ауданның,
  кенттің, ауылдың, ауылдық
  округтің)
  ____________________________
  (аты, әкесінің аты (бар болса),
  тегі)
  _________________________
  (жеке тұлғаның аты, әкесінің
  аты (бар болса), тегі)
  ____________________________
  ____________________________
  (жеке сәйкестендіру нөмірі)
  ____________________________
  (жеке тұлғаның жеке басын
  куәландыратын құжаттың
  деректемелері,
  ____________________________
  ____________________________
  байланыс телефоны (бар болса),
  ____________________________
  тұратын мекенжайы)

Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сатуға өтініш

      _____________________________________________________________________үшін

      (жер учаскесінің нысаналы мақсаты)

      _______________________________________________________________________

      (жер учаскесінің мекенжайы (орналасқан жері))

      _______________________________________________ мекенжайында орналасқан

      ауданы ____________ гектар жер учаскесіне ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу

      арқылы жеке меншік құқығын беруіңізді сұраймын.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді

      пайдалануға келісемін.

      Көрсетілетін қызметті алушы _________________________________________________

      (аты, әкесінің аты (бар болса),тегі),

      көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы

  "Жер учаскесін жеке меншікке
ақысын бірден төлеп не бөліп
төлеуге сату" мемлекеттік
қызметін көрсету қағидаларына
3-қосымша
Нысан

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарлама Құрметті _______________

      Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабының 1-тармағына сәйкес осы хабарламамен Сізге "Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату" мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылатыны туралы хабарлаймыз, өйткені:

      _____________________________________________________________________

      (бас тарту себептерін санамалау)

      Бас тарту мәселесі бойынша тыңдалым осы хабарлама жіберілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кейін жүзеге асырылады, онда Сіз осы шешім бойынша өз ұстанымыңызды білдіре аласыз (қажеттісін жазу керек):

      _______________________________________________________________________

      (тыңдалым өткізу күні мен уақыты, тыңдалым өткізу орны (тәсілі): мекенжайы

      бойынша ғимаратта: / бейнеконференцбайланыс/өзге де коммуникация құралдары

      арқылы)

      Көрсетілетін қызметті беруші ________________________________________________

      (басшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі), қолы/электрондық цифрлық

      қолтаңбасы)

      20 жылғы " "

  Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2020 жылғы 1 қазандағы
№ 301 бұйрығына
15-қосымша

"Жер учаскесін алу үшін кезекке қою" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

      Ескерту. 15-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 19.06.2023 № 236 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Жер учаскесін алу үшін кезекке қою" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Жер учаскесін алу үшін кезекке қою" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) пайдаланушының "электрондық үкіметтің" веб-порталындағы кабинеті (бұдан әрі – жеке кабинет) – жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік органдармен электрондық түрде қызметтер көрсету мәселелері, аталған тұлғалардың өтініштерін қарайтын субъектілерге жүгіну, сондай-ақ дербес деректерді пайдалану мәселелері бойынша ресми ақпараттық өзара іс-қимылға арналған "электрондық үкіметтің" веб-порталының құрамдасы;

      2) "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болып табылатын ақпараттық жүйе;

      3) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      3. Мемлекеттік қызметті Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, кент, ауыл, ауылдық округ әкімі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.

      "Жер учаскесін алу үшін кезекке қою" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген.

      4. Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесін алу үшін кезекке қоюға өтінішті және Тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдау портал арқылы жүзеге асырылады.

      Көрсетілетін қызметті алушы Тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайларда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.

      5. Жеке басты куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не жылжымайтын мүлікке меншік құқығын растайтын дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы, жер учаскесіне құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттары туралы, мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін ақының төленгені туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден талап етеді.

      Көрсетілетін қызметті берушілер іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен порталда тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы бір реттік құпиясөзді беру арқылы немесе портал хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы ұсынылған құжат иесінің келісуі болған жағдайда цифрлық құжаттарды алады.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған дербес деректер мен заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді өңдеуді көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының келісуімен порталда тіркеу барысында жүзеге асырады.

      Көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе және мемлекеттік қызмет көрсету күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      6. Жер учаскесін алуға кезекке қоюға арналған өтініштерді арнайы есепке алынуын қалыптастыруға жауапты көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері 20 (жиырма) минут ішінде:

      порталда авторландыру рәсімін өтеді;

      жер учаскесін алуға кезектілік тізіміне көрсетілетін қызметті алушының деректерін енгізеді;

      жер учаскесін алуға кезектілік тізіміне деректерді енгізгеннен кейін интеграциялық өзара әрекеттесулер жолымен автоматты түрде мемлекеттік қызметті көрсетуге қажетті барлық қажетті мәліметтерді өңдейді;

      көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне электрондық құжат түрінде көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ-сы қойылған өтінішті арнайы есепке қою туралы хабарламаны не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауапты жолдайды.

      7. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректердің енгізілуін қамтамасыз етеді.

      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі осы Қағидалар бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторына, көрсетілетін қызметті берушіге және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.

      8. Ақпараттық жүйе істен шыққан кезде көрсетілетін қызметті беруші ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға жауапты көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің жұмыскерін дереу хабардар етеді.

      Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға жауапты жұмыскер техникалық проблема туралы хаттама жасайды және оған көрсетілетін қызметті беруші қол қояды.

      9. Көрсетілетін қызметті беруші Тізбенің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады.

3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      10. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.

      Шағым Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 91-бабының 4-тармағына сәйкес келіп түскен жағдайда көрсетілетін қызметті беруші оны келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды қарайтын органға жібереді. Көрсетілетін қызметті беруші шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын қолайлы акт қабылданған, әкімшілік іс-әрекет жасалған жағдайда шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді.

      11. Көрсетілетін қызметті алушының шағымын Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес:

      көрсетілетін қызметті беруші – тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

      мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – ол тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауы тиіс.

      Көрсетілетін қызметті берушінің, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес:

      1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;

      2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.

      Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, шағымды қарау жөнінде өкілеттік берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды берген көрсетілетін қызметті алушыға жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) ұзарту себебін көрсете отырып шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы хабарлайды.

      12. Егер заңда өзгеше көзделмесе, ҚР ӘРПК 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.

  "Жер учаскесін алу үшін
кезекке қою" мемлекеттік
қызметін көрсету қағидаларына
1-қосымша

"Жер учаскесін алу үшін кезекке қою" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).

2
2

Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері

"Электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы.

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

20 (жиырма) минут ішінде.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету түрі

Электрондық (ішінара) автоматтандырылған).

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Өтінішті арнайы есепке қою туралы хабарлама не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін.

7

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

Порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.gov.kz интернет-ресурсында;
2) көрсетілетін қызметті берушінің www.gov4c.kz интернет-ресурсы;
3) порталда орналастырылған.

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен не көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі тіркелген және порталдың есептік жазбасына қосылған жағдайда ұялы байланыс операторы ұсынған бір реттік құпиясөзбен куәландырылған электрондық құжат түрінде Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесін алу үшін кезекке қоюға өтініш.
Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді.

9

Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер

1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 44-1-бабы 8-тармағының он екінші және он үшінші бөліктерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

10

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары порталда көрсетілген. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.

  "Жер учаскесін алу үшін
кезекке қою" мемлекеттік
қызметін көрсету қағидаларына
2-қосымша
Нысан
  __________________әкімі
  (қаланың, кенттің, ауылдың,
  ауылдық округтің)
  ____________________________
  (аты, әкесінің аты (бар болса),
  тегі)
  _________________________
  (жеке тұлғаның аты, әкесінің
  аты (бар болса), тегі)
  ____________________________
  ____________________________
  (жеке сәйкестендіру нөмірі)
  ____________________________
  (жеке басын куәландыратын
  құжаттың деректемелері
  ____________________________
  жеке тұлғаның,
  ____________________________
  байланыс телефоны (бар болса),
  ____________________________
  тұратын мекенжайы)

Жер учаскесін алу үшін кезекке қоюға өтініш

      _____________________________________________________________________үшін

      (жер учаскесінің нысаналы мақсаты)

      ауданы ________________________ гектар

      ________________________________________________________________орналасқан

      (жер учаскесінің мекенжайы (орналасқан жері)

      жер учаскесін алу үшін кезекке қоюды сұраймын.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді

      пайдалануға келісемін.

      Көрсетілетін қызметті алушы ________________________________________________

      (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, электрондық цифрлық қолтаңбасы)

  Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2020 жылғы 1 қазандағы
№ 301 бұйрығына
16-қосымша

"Жер учаскелері туралы мәліметтерді жандандыру (түзету)" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

      Ескерту. Бұйрық 16-қосымшамен толықтырылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 01.08.2023 № 287 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Жер учаскелері туралы мәліметтерді жандандыру (түзету)" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Жер учаскелері туралы мәліметтерді жандандыру (түзету)" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі ̶ мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;

      2) "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болып табылатын ақпараттық жүйе;

      3) "электрондық үкіметтің" веб-порталындағы пайдаланушылардың кабинеті (бұдан әрі – жеке кабинет) – "электрондық үкімет" веб-порталының өтініштерді қарайтын субъектілерге өтініш беру мәселелері, сондай-ақ дербес деректерді пайдалану мәселелері бойынша электрондық нысанда көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік органдармен ресми ақпараттық өзара іс-қимылына арналған құрам-бөлігі.

      4) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) – электрондық нысанда көрсетілетін өтеулі қызметтер көрсету шеңберінде төлемдер жүргізу туралы ақпарат беру процесін автоматтандыратын ақпараттық жүйе;

      5) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиыны.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 29.02.2024 № 82 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      3. Мемлекеттік қызметті "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке немесе заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.

      "Жер учаскесінің сапалық жай – күйі туралы мәліметтер беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген (бұдан әрі – тізбе).

      4. Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесінің сапалық жай-күйі туралы мәліметтерді беру туралы өтінішті және тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдау көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік қызметті қағаз түрінде көрсету кезінде өтініштер мен құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.

      5. Жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не жылжымайтын мүлікке меншік құқығын растайтын дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы, жер учаскесіне құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттары туралы, жер учаскесіне ауыртпалықтың жоқтығы туралы растайтын мәліметтерді, мемлекеттік қызметті көрсету үшін ақы төлеу туралы, көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден сұратады.

      Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттарды іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен порталда тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы бір реттік парольді беру арқылы немесе портал хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда алады.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған дербес деректер мен заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді өңдеуді көрсетілетін қызметті беруші порталда тіркелген кезде көрсетілетін қызметті алушының келісімімен жүзеге асырады.

      Көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған сұранымның қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде ҚР еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      6. Қызмет көрсетуші арқылы жүгінген кезде:

      1) операциялық залдың қызметкері (операторы) Тізбеде көрсетілген құжаттарды қабылдауды және тіркеуді құжаттарды қабылдаған күні 30 (отыз) минут ішінде жүзеге асырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды толық ұсынбаған жағдайда, операциялық залдың қызметкері (операторы) өтінішті қабылдаудан бас тартады;

      2) операциялық залдың қызметкері (операторы) көрсетілетін қызметті алушыдан қабылданған құжаттарды курьер арқылы 2 (екі) сағат ішінде көрсетілетін қызметті орындауға жауапты құрылымдық бөлімшеге (бұдан әрі – ҚБ) құжаттар келіп түскен күні береді;

      3) ҚБ басшысы құжаттардың мазмұнымен танысады, бұрыштама қояды және сұрау салу бойынша қызметті орындауға жауапты қызметкерді 30 (отыз) минут ішінде айқындайды;

      4) ҚБ қызметкері құжаттарды тіркеген сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде: мемлекеттік қызметті және (немесе) олардағы деректерді (мәліметтерді) алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың дұрыстығын тексереді;

      5 (бес) жұмыс күні ішінде "Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының ақпараттық жүйесінде" жер учаскесін сәйкестендіреді, қажет болған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды жүйелеу және сақтау бөлімінен (техникалық мұрағат) жер-кадастрлық істерді сұратады, қолда бар топырақ, топырақ-мелиоративтік, геоботаникалық зерттеп-қарау материалдарын, топырақты бағалау материалдарын таңдайды, мыналар туралы мәліметтерді дайындайды осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесінің сапалық жай-күйі (бұдан әрі – жер учаскесінің сапалық жай-күйі туралы мәліметтерді) және көрсетілетін қызметті берушінің ҚБ басшысына тексеруге жібереді.

      Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер болмаған кезде ҚБ қызметкері жер учаскесінің сапалық жай-күйі туралы мәліметтерді дайындайды және оны ҚБ басшысына не оны алмастыратын адамға жібереді;

      5) ҚБ басшысы не оны алмастыратын адам жер учаскесінің сапалық жай-күйі туралы мәліметтерді 1 (бір) сағат ішінде тексереді;

      6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 6 (алты) сағат ішінде жер учаскесінің сапалық жай-күйі туралы мәліметтерді тексереді және қол қояды;

      7) көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін курьер арқылы беруге 2 (екі) сағат ішінде береді;

      8) көрсетілетін қызметті алушыға дайын құжаттарды беру жеке куәлікті немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжатты (сәйкестендіру үшін) ұсынған кезде қолхат негізінде жүзеге асырылады.

      7. Порталға жүгінген кезде:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері Тізбеде көрсетілген құжаттарды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және оларды ҚБ басшысына не оны алмастыратын адамға құжаттарды қабылдаған күні 20 (жиырма) минут ішінде береді;

      2) ҚБ басшысы не оны алмастыратын адам құжаттардың мазмұнымен танысады, бұрыштама қояды және сұрау салу бойынша қызметті орындауға жауапты қызметкерді 30 (отыз) минут ішінде айқындайды;

      3) ҚБ қызметкері құжаттарды тіркеген сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде: мемлекеттік қызметті және (немесе) олардағы деректерді (мәліметтерді) алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың дұрыстығын тексереді;

      5 (бес) жұмыс күні ішінде "Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының ақпараттық жүйесінде" жер учаскесін сәйкестендіреді, қажет болған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды жүйелеу және сақтау бөлімінен (техникалық мұрағат) жер-кадастрлық істерді сұратады, қолда бар топырақ, топырақ-мелиоративтік, геоботаникалық зерттеп-қарау материалдарын, топырақты бағалау материалдарын таңдайды, мыналар туралы мәліметтерді дайындайды осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесінің сапалық жай-күйі (бұдан әрі – жер учаскесінің сапалық жай-күйі туралы мәліметтерді) және көрсетілетін қызметті берушінің БК басшысына тексеруге жібереді.

      Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер болмаған кезде БК қызметкері жер учаскесінің сапалық жай-күйі туралы мәліметтерді дайындайды және оны БК басшысына не оны алмастыратын адамға жібереді;

      4) ҚБ басшысы не оны алмастыратын адам жер учаскесінің сапалық жай-күйі туралы мәліметтерді 1 (бір) сағат ішінде тексереді;

      Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер болмаған кезде ҚБ қызметкері жер учаскесінің сапалық жай-күйі туралы мәліметтерді дайындайды және оны БК басшысына не оны алмастыратын адамға жібереді;

      5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 6 (алты) сағат ішінде жер учаскесінің сапалық жай-күйі туралы мәліметтерді тексереді және қол қояды;

      6) көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері қол қойылған сәттен бастап 15 (он бес) минут ішінде көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында жер учаскесінің сапалық жай-күйі туралы мәліметтерді портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жібереді.

      8. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарлама жіберіледі, онда көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізудің уақыты мен орны (тәсілі) көрсетіледі.

      Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі. Тыңдау хабарлама жасалған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші жер учаскесінің сапалық жай-күйі туралы немесе Мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту туралы мәліметтерді ұсыну туралы шешім қабылдайды.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі не көрсетілетін қызметті беруші арқылы беріледі.

      9. Көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы Мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.

      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі-Министрлік) осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторына және көрсетілетін қызметті берушіге жібереді.

      Министрлік мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығына ұсынады.

      Министрлік пен көрсетілетін қызметті беруші осы қағидалар бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты өзектендіреді және бірыңғай байланыс орталығына жібереді.

      10. Ақпараттық жүйе істен шыққан кезде көрсетілетін қызметті беруші ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға жауапты көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің қызметкерін дереу хабардар етеді.

      Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға жауапты қызметкер техникалық проблема туралы хаттама жасайды және оған көрсетілетін қызметті беруші қол қояды.

      11. Көрсетілетін қызметті беруші тізбенің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады.

3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.

      Шағым Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 91-бабының 4-тармағына сәйкес келіп түскен жағдайда көрсетілетін қызметті беруші оны келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды қарайтын органға жібереді. Көрсетілетін қызметті беруші шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын қолайлы акт қабылданған, әкімшілік іс-әрекет жасалған жағдайда шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді.

      12. Көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25 бабының 2 тармағына сәйкес қаралуға тиіс:

      көрсетілетін қызметті беруші-тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

      мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – ол тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде.

      Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес қажет болған жағдайларда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады:

      1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;

      2) қосымша ақпарат алу.

      Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымды қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды қарау өкілеттігі берілген лауазымды адам шағымды берген көрсетілетін қызметті алушыға шағымды қарау мерзімі ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағымды қағаз жеткізгіште берген кезде) немесе электрондық нысанда (шағымды электрондық түрде берген кезде) хабарлайды ұзарту себебін көрсете отырып, шағымды қарау.

      14. Егер заңда өзгеше көзделмесе, ҚР ӘРПК 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.

  "Жер учаскелері туралы
мәліметтерді жандандыру
(түзету)" мемлекеттік қызметін
көрсету қағидаларына
1-қосымша

"Жер учаскелері туралы мәліметтерді жандандыру (түзету)" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).

2

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері (қолжетімділік арналары)

1) көрсетілетін қызметті беруші;
2) "электрондық үкіметтің" веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі – портал).

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде.
Көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған)/қағаз.

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Жер учаскесінің сапалық жай-күйі туралы мәліметтер не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің құны "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 87 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13353 болып тіркелген) бекітілген 21-параграфқа сәйкес мөлшерде есептеледі.
Мемлекеттік қызмет құнын төлеу екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма – қол және қолма-қол ақшасыз нысанда, сондай-ақ "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылады.

7

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының Еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс кестесіне сәйкес;
2) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Кодекске сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтініш қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.moa.gov.kz интернет-ресурсында;
2) көрсетілетін қызметті берушінің www.gov4c.kz интернет-ресурсында;
3) порталда орналасқан.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы:
көрсетілетін қызметті берушіге:
1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен бекітілген "жер учаскесінің сапалық жай – күйі туралы мәліметтерді беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына (бұдан әрі-қағидалар) 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесінің сапалық жай-күйі туралы мәліметтерді беру туралы өтініш (бұдан әрі-қағидалар); (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21366 болып тіркелген);
ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі тіркелген және қосылған жағдайда, бір реттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
2) жеке куәлік немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін).
Өкіл жүгінген жағдайда-өкілдің жеке басын куәландыратын құжат, көрсетілетін қызметті алушыдан сенімхаттың немесе көрсетілетін қызметті алушы өкілінің өкілеттігін куәландыратын құжаттың көшірмесі не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) жер учаскесін орналастыру схемасының көшірмесі;
4) көрсетілетін қызметке ақы төлеу туралы төлем құжатының (түбіртектің) көшірмесі.
Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының келісімін алады.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті сұрау салудың қабылданғаны туралы қолхат беріледі;
порталға:
1) Ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірін тіркеген және порталдың есептік жазбасына қосқан жағдайда көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен немесе бір реттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
2) жер учаскесін орналастырудың сканерленген схемасы;
3) ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, көрсетілетін қызметке ақы төлеу туралы төлем құжатының (түбіртектің) сканерленген көшірмесі.
Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне мемлекеттік қызмет көрсетуге сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға арналған негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықытық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес дұрыс еместігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректердің және мәліметтердің Кодекстің 43-бабының 3-тармағының алтыншы бөлігінде белгіленген талаптарға сәйкескелмеуі.

10

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланыс операторы ұсынған абоненттік нөмірін тіркеген және порталдың есептік жазбасына қосқан жағдайда көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы немесе бір реттік паролі болған жағдайда мемлекеттік қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 379-бабының 3-тармағына сәйкес орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің актісіне қол қояды.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары порталда көрсетілген. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.
Сандық құжаттар қызметі мобильді қосымшада авторизацияланған пайдаланушылар үшін қол жетімді.
Цифрлық құжатты пайдалану үшін электрондық цифрлық қолтаңбаны немесе бір реттік парольді пайдалана отырып, мобильді қосымшада авторизациядан өту, содан кейін "цифрлық құжаттар" бөліміне өтіп, қажетті құжатты таңдау қажет.

  "Жер учаскелері туралы
мәліметтерді жандандыру
(түзету)" мемлекеттік қызметін
көрсету қағидаларына
2-қосымша
  Нысан
  Басшысына__________________
(кадастр жүргізетін ұйымның
атауы
____________________________
тегі, аты, әкесінің аты
(бар болса)
____________________________
(тегі, аты, әкесінің аты
(бар болса)
____________________________
жеке тұлғаның немесе заңды
тұлғаның толық атауы)
____________________________
(жеке сәйкестендіру нөмірі
немесе бизнес-сәйкестендіру
нөмірі)
____________________________
жеке тұлғаның немесе заңды
тұлға өкілінің жеке
басын(куәландыратын құжаттың
деректемелері
____________________________
байланыс телефоны (бар болса),
мекенжайы
____________________________
орналасқан жері
(заңды тұлғалар үшін) не
____________________________
тіркеу мекенжайы
(жеке тұлғалар үшін))

Жер учаскелері туралы мәліметтерді жандандыру (түзету) өтініш ___________________________________________________________________ (жер учаскесінің мекенжайы (орналасқан жері))

      мекенжайы бойынша орналасқан алаңы гектар жер учаскесінің сапалық жағдайы туралы мәлімет беруіңізді сұраймын.

      Жер учаскесінің кадастрлық нөмірі (бар болса) ___________________

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған менің дербес деректерімді және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді жинауға және өңдеуге келісемін.

      Көрсетілетін қызметті алушы ____________________________________

      (тегі, жеке тұлғаның не заңды тұлғаның уәкілетті өкілінің аты, әкесінің аты (ол болған кезде), қолы)

      "____"__________20__ жыл.

  "Жер учаскелері туралы
мәліметтерді жандандыру
(түзету)" мемлекеттік қызметін
көрсету қағидаларына
3-қосымша

Жер учаскесінің сапалық жай-күйі туралы ақпарат Сведения о качественном состоянии земельного участка

      1. Өтініш беруші/Заявитель_______________________________________________

      (жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі немесе

      _________________________________________________________________________

      заңды тұлғаның атауы)/ (фамилия, имя, отчество (при его наличии)

      __________________________________________________________________________

      физического лица или наименование юридического лица)

      2. Жер учаскесінің кадастрлық нөмірі/Кадастровый номер земельного участка

      __________________________________________________________________________

      3. Жер учаскесінің нысаналы мақсаты/Целевое назначение земельного участка

      __________________________________________________________________________

      4. Жер учаскесінің орналасқан жері/Местоположение земельного участка

      __________________________________________________________________________

      5. Жер учаскесінің алаңы/Площадь земельного участка________________________

Р/с№п/п

Алқап түрлері (бар болса)/Виды угодий (при наличии)

Республикалық жүйелік тізім бойынша топырақ шифры/Шифр почв по республиканскому систематическому списку

Алаңы/Площадь

Топырақтың бонитет балы/Балл бонитета почв

Жарамдылық санаты және жерлер сыныбы/Категория пригодности и класс земель

Топырақтың мелиорациялық, мәдени-техникалық жай-күйі/Мелиоративное, культур техническое состояние почвы

1

2

3

4

5

6

7

1

Егістік/Пашня

1.1

Оның ішінде суармалы егістік/в том числе пашня орошаемая

Орташа өлшенген бонитет балының жиыны/Итого средневзвешенный балл бонитет

2

Жайылым/Пастбища

2.1

Оның ішінде түбегейлі жақсартылған жайылым/в том числе пастбища коренного улучшения

Орташа өлшенген бонитет балының жиыны/Итого средневзвешенный балл бонитет

3

Шабындық/Сенокосы

3.1

Оның ішінде түбегелі жақсартылған шабындық/в том числе сенокосы коренного улучшения

Орташа өлшенген бонитет балының жиыны/Итого средневзвешенный балл бонитет

4

Тыңайған жерлер/Залежь

4.1

Оның ішінде суармалы тыңайған жерлер/в том числе залежь орошаемая

Орташа өлшенген бонитет балының жиыны/Итого средневзвешенный балл бонитет

5

Көпжылдық екпелер/Многолетние насаждения

5.1

Оның ішінде суармалы көпжылдық екпелер/в том числе орошаемые многолетние насаждения

Орташа өлшенген бонитет балының жиыны/Итого средневзвешенный балл бонитет

6

Басқа да алқаптар/Прочие угодья

Жиыны/Итого

      6. Жер учаскесі бойынша орташа өлшенген бонитет балы/Средневзвешенный балл бонитета по земельному участку ___________

      Мәліметтерді жинақтаған/Сведения составлены:_____________________________

      (ұйымның атауы, бизнес-сәйкестендіру

      __________________________________________________________________________

      нөмірі)/(наименование организации, бизнес-идентификационный номер)

      Күні/Дата 20___ жыл " " / " " ________ 20 год.

  "Жер учаскелері туралы
мәліметтерді жандандыру
(түзету)" мемлекеттік қызметін
көрсету қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарлама Құрметті____________________________

      Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабының 1-тармағына сәйкес осы хабарламамен сізге "Жер учаскелері туралы мәліметтерді жандандыру (түзету)" мемлекеттік қызметін көрсетуден бас тартылатыны туралы хабарлаймыз, өйткені:

      _____________________________

      (бас тарту себебін тізімдеу)

      Бас тарту мәселесі бойынша тыңдау осы хабарлама жіберілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кейін жүзеге асырылады, онда сіз осы шешім бойынша өз ұстанымыңызды білдіре аласыз (қажетін жаза аласыз):

      ___________________________________________________________________

      (тыңдауды өткізу күні мен уақыты, тыңдауды өткізу орны (тәсілі): ғимаратта

      мекенжайы бойынша/ бейнеконференцбайланыс/өзге де коммуникация құралдары

      арқылы)

      Көрсетілетін қызметті беруші _____________________________________

      (басшының қолы / электрондық цифрлық қолтаңбасы, тегі, аты, әкесінің аты

      (бар болса))

      " " 20 жыл

  Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2020 жылғы 1 қазандағы
№ 301 бұйрығына
17-қосымша

"Республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқықтар алу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

      Ескерту. Бұйрық 17-қосымшамен толықтырылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 01.08.2023 № 287 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқықтар алу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқықтар алу" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;

      2) жергілікті атқарушы органдардың шешімдері – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің жер учаскесіне құқық беру туралы құқықтық актілері;

      3) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган –облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, елорданың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі;

      4) жер учаскесі – Қазақстан Республикасының Жер кодексінде белгіленген тәртіппен жер қатынастары субъектілеріне бекітіліп берілетін, тұйық шекараларда бөлінген жер бөлігі;

      5) мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – МЖК ААЖ) – жер учаскелерінің, оның ішінде олардың шекаралары туралы сапалық және сандық сипаттамаларды, сондай-ақ жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылар туралы мәліметтерді қамтитын, мемлекеттік жер кадастрын жүргізуге арналған ақпараттық жүйе;

      6) "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болып табылатын ақпараттық жүйе;

      7) "электрондық үкіметтің" веб-порталындағы пайдаланушы кабинеті (бұдан әрі – жеке кабинет) – жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік органдармен электрондық нысанда қызметтер көрсету мәселелері, көрсетілген тұлғалардың өтініштерін қарайтын субъектілерге жүгіну, сондай-ақ дербес деректерді пайдалану мәселелері бойынша ресми ақпараттық өзара іс-қимылына арналған "электрондық үкіметтің" веб-порталының құрамдасы;

      8) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке немесе заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.

      "Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген.

      4. Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру туралы өтінішті және Тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру Мемлекеттік корпорация арқылы не портал арқылы жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік қызметті қағаз түрінде көрсету кезінде өтініштер мен құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.

      Көрсетілетін қызметті алушы Тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайларда көрсетілетін қызметті беруші, Мемлекеттік корпорацияның операциялық залының жұмыскері (операторы) өтінішті қабылдаудан бас тартады.

      5. Жеке басты куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде жылжымайтын мүлікке меншік құқығын растайтын қызметтің басталуы туралы, жылжымайтын мүлікке меншік құқығын растайтын, жер учаскесіне құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттары туралы, мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін ақы төлеу туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден талап етеді.

      Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттарды іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен порталда тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы бір реттік құпиясөзді беру арқылы немесе портал хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы ұсынылған құжатты иеленушінің келісімі болған жағдайда алады.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған дербес деректер мен заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді өңдеуді көрсетілетін қызметті беруші порталда тіркелген кезде көрсетілетін қызметті алушының келісімімен жүзеге асырады.

      Көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе және мемлекеттік қызмет көрсету күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      6. Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызмет екі кезеңде көрсетіледі.

      Бірінші кезең: сұралып отырған жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындау, жер учаскесін таңдау актісін дайындау, сәулет-жоспарлау тапсырмасын, инженерлік желілерге қосылуға техникалық шарттарды және топографияны жасау – 28 (жиырма сегіз) жұмыс күні ішінде:

      1) операциялық залдың жұмыскері (операторы) Тізбеде көрсетілген құжаттарды қабылдауды және тіркеуді 30 (отыз) минут ішінде жүзеге асырады;

      2) операциялық залдың жұмыскері (операторы) көрсетілетін қызметті алушыдан қабылданған құжаттарды курьер арқылы құжаттар келіп түскен күні 2 (екі) сағат ішінде көрсетілетін қызметті берушіге береді;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы 1 (бір) жұмыс күні ішінде келіп түскен құжаттарды қарайды және оларды сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органға жібереді;

      4) сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органның басшысы құжаттарды қарайды, құжаттар келіп түскен күні жауапты орындаушыны айқындайды;

      5) сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органның жауапты орындаушысы бекітілген қала құрылысы құжаттарына сәйкес 7 (жеті) жұмыс күні ішінде ахуалдық схемасы бар жер учаскесін таңдау актісін, сәулет-жоспарлау тапсырмасын, техникалық шарттарды алу үшін сауалнама парағын, топографияны дайындайды және оларды бір мезгілде келісуге барлық мүдделі мемлекеттік органдарға, тиісті қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілеріне және Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері арқылы не келісуші органдарда осы жүйелер болмаған кезде қағаз жеткізгіштерде жібереді.

      Келісуші органдар 12 (он екі) жұмыс күні ішінде мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша жер учаскесін беру мүмкіндігі туралы тиісті қорытынды ұсынады.

      Табиғи монополиялар субъектілері сауалнама парағын алған күннен бастап техникалық шарттарды, ахуалдық схеманы және топографияны алған күннен бастап үшін 5 (бес) жұмыс күні ішінде инженерлік желілерге қосылуға техникалық шарттарды дайындайды және ұсынады.

      Мемлекеттік корпорацияның қорытындысына сұратылып отырған жер учаскесі бойынша мәліметтер және жер-кадастрлық жұмыстары үшін смета қоса беріледі.

      Сұратылып отырған жер учаскесі бос болмаған жағдайда, 3 (үш) жұмыс күні ішінде жергілікті атқарушы органның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесіне жер учаскесіне құқық беруден бас тартуға негіз болатын тиісті ақпаратты жібереді.

      6) оң қорытындылар келіп түскен жағдайда – сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті орган 5 (бес) жұмыс күні ішінде сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органның басшысына сәулет-жоспарлау тапсырмасын, инженерлік желілерге қосылуға техникалық шарттарды және топографияны қоса бере отырып, жер учаскесін таңдаудың түпкілікті актісін дайындайды және қол қоюға жібереді.

      Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған кезде – сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті орган 1 (бір) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарлама дайындайды және сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органның басшысына қол қоюға жолдайды;

      7) сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органның басшысы құжат келіп түскен күні жер учаскесін таңдау актісін не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарламаны қарайды және оған қол қояды;

      8) сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органның жауапты орындаушысы Мемлекеттік корпорацияға көрсетілетін қызметті алушымен келісу үшін жер учаскесін таңдау актісін және жер-кадастрлық жұмыстарға (жер-кадастрлық жоспарды жасауға) сметаны жібереді.

      Түпкілікті таңдау актісін келісу және оның жер-кадастрлық жұмыстар бойынша көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеуді өтініш беруші 3 (үш) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады. Өтініш берушімен келісілмеген жер учаскесін таңдау актісінің қолданылу мерзімі 10 (он) жұмыс күнін құрайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы жер учаскесін таңдау актісін келіскеннен кейін көрсетілетін қызметті алушыға уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын алу күні туралы хабарлама қол қою үшін береді.

      Көрсетілген мерзім өткеннен кейін Мемлекеттік корпорация сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органға көрсетілетін қызметті алушыны хабардар ете отырып, келісілмеген жер учаскесін таңдау актісінің күшін жою үшін қайтарады.

      Екінші кезең: көрсетілетін қызметті алушы жер учаскесін таңдау актісін келісу және жер-кадастрлық жұмыстардың қызметтері үшін ақы төлеу кезінде жер-кадастрлық жоспарды қоса бере отырып, жер учаскесіне жер пайдалану құқығын беру туралы шешім шығару, уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын жасау – 18 (он сегіз) жұмыс күні ішінде:

      1) Мемлекеттік корпорация 10 (он) жұмыс күні ішінде жер-кадастрлық жоспарды дайындайды және оны жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органға жібереді;

      2) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның басшысы 3 (үш) жұмыс күні ішінде жер-кадастрлық жоспарды қарайды, бекітеді және жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның жауапты орындаушысын белгілейді;

      3) мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болмаған жағдайда жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның жауапты орындаушысы жер-кадастрлық жоспар бекітілген сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесіне құқық беру туралы шешімінің жобасын дайындайды.

      Кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері шешім қабылдаған жағдайда, бекітілген жер-кадастрлық жоспар көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жіберіледі;

      4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде жер учаскесіне құқық беру туралы шешімді қарайды және қол қояды.

      Жер учаскесіне құқық беру туралы көрсетілетін қызметті берушінің шешімінің көшірмесі, жер-кадастрлық жоспар 1 (бір) жұмыс күні ішінде уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын дайындау үшін жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органға жіберіледі;

      5) көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесіне құқық беру туралы шешімі және жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган қол қойған уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шарты Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметті алушыға қол қою үшін жіберіледі;

      6) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері 15 (он бес) минут ішінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін тіркейді және курьер арқылы беру, сондай-ақ жер-кадастрлық құжаттамада есепке алу үшін Мемлекеттік корпорацияға береді;

      7) көрсетілетін қызметті алушыға дайын құжаттарды беру қолхат негізінде, жеке куәлікті не цифрлық құжаттар сервисінен (сәйкестендіру үшін) электрондық құжатты (не өкілеттігін растайтын құжат бойынша оның өкіліне) ұсынған кезде жүзеге асырылады.

      Көрсетілетін қызметті алушы хабарламаны алғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартына қол қояды.

      7. Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызмет екі кезеңде көрсетіледі.

      Бірінші кезең: сұралып отырған жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындау, жер учаскесін таңдау актісін дайындау, сәулет-жоспарлау тапсырмасын, инженерлік желілерге қосылуға техникалық шарттарды және топографияны жасау – 28 (жиырма сегіз) жұмыс күні ішінде:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері 15 (он бес) минут ішінде келіп түскен құжаттарды тіркейді және оларды көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына қарауға береді;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы 1 (бір) жұмыс күні ішінде келіп түскен құжаттарды қарайды және оларды сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органға жібереді;

      3) сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органның басшысы құжаттарды қарайды, құжаттар келіп түскен күні жауапты орындаушыны айқындайды;

      4) сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органның жауапты орындаушысы 7 (жеті) жұмыс күні ішінде бекітілген қала құрылысы құжаттарына сәйкес ахуалдық схемасы бар жер учаскесін таңдау актісін, сәулет-жоспарлау тапсырмасын, техникалық шарттарды алу үшін сауалнама парағын, топографияны дайындайды және оларды бір мезгілде келісуге барлық мүдделі мемлекеттік органдарға, тиісті қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілеріне және Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері арқылы не келісуші органдарда осы жүйелер болмаған кезде қағаз жеткізгіштерде жібереді.

      Келісуші органдар 12 (он екі) жұмыс күні ішінде жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша беру мүмкіндігі туралы тиісті қорытынды ұсынады.

      Табиғи монополиялар субъектілері техникалық шарттарды, ахуалдық схеманы және топографияны алу үшін сауалнама парағын алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде инженерлік желілерге қосылуға техникалық шарттарды дайындайды және ұсынады.

      Мемлекеттік корпорацияның қорытындысына сұратылып отырған жер учаскесі бойынша мәліметтер және жер-кадастрлық жұмыстары үшін смета қоса беріледі.

      Сұратылып отырған жер учаскесі бос болмаған жағдайда, жергілікті атқарушы органның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесіне жер учаскесіне құқық беруден бас тартуға негіз болатын тиісті ақпаратты 3 (үш) жұмыс күні ішінде жібереді;

      6) оң қорытындылар келіп түскен жағдайда – сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті орган 5 (бес) жұмыс күні ішінде сәулет-жоспарлау тапсырмасын, инженерлік желілерге қосылуға техникалық шарттарды және топографияны қоса бере отырып, жер учаскесін таңдаудың түпкілікті актісін дайындайды және сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органның басшысына қол қоюға жібереді.

      Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған кезде – сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті орган 1 (бір) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарлама дайындайды және сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органның басшысына қол қоюға жібереді;

      6) сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органның басшысы құжат келіп түскен күні жер учаскесін таңдау актісін не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарламаны қарайды және оған қол қояды;

      7) сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органның жауапты орындаушысы портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне көрсетілетін қызметті алушымен келісу үшін ЭЦҚ қойылған, электрондық құжат нысанындағы жер учаскесін таңдау актісін және жер-кадастрлық жұмыстарға (жер-кадастрлық жоспарды жасауға) арналған сметаны не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарламаны жібереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы жер учаскесін таңдаудың түпкілікті актісін келісуді және оның жер-кадастрлық жұмыстар үшін көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуді 3 (үш) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Көрсетілетін қызметті алушының келісілмеген жер учаскесін таңдау актісінің қолданылу мерзімі 10 (он) жұмыс күнін құрайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы жер учаскесін таңдау актісін келіскеннен кейін көрсетілетін қызметті алушыға қол қою үшін уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын алу күні туралы хабарлама береді.

      Екінші кезең:тжер учаскесін таңдау актісін келісу және көрсетілетін қызметті алушы жер-кадастрлық жұмыстардың қызметтері үшін ақы төлеу кезінде жер-кадастрлық жоспарды қоса бере отырып, жер учаскесіне жер пайдалану құқығын беру туралы шешім шығару, уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын жасасу кезінде – 18 (он сегіз) жұмыс күні ішінде:

      1) Мемлекеттік корпорация 10 (он) жұмыс күні ішінде жер-кадастрлық жоспар дайындайды және оны жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органға жібереді;

      2) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның басшысы 3 (үш) жұмыс күні ішінде жер-кадастрлық жоспарды қарайды, бекітеді және жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның жауапты орындаушысын белгілейді;

      3) мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болмаған кезде жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның жауапты орындаушысы жер-кадастрлық жоспар бекітілген сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесіне құқық беру туралы шешімінің жобасын дайындайды.

      Кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері шешім қабылдаған жағдайда, бекітілген жер-кадастрлық жоспар көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жіберіледі;

      4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде жер учаскесіне құқық беру туралы шешімді қарайды және қол қояды.

      Жер учаскесіне құқық беру туралы көрсетілетін қызметті берушінің шешімінің көшірмесі, жер-кадастрлық жоспар 1 (бір) жұмыс күні ішінде уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын дайындау үшін жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органға жіберіледі;

      5) көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесіне құқық беру туралы шешімі және жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган қол қойған уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шарты портал арқылы көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне, сондай-ақ жер-кадастрлық құжаттамада есепке алу үшін Мемлекеттік корпорацияға жіберіледі;

      6) көрсетілетін қызметті алушы хабарламаны алғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартына қол қояды.

      8. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған кезде тыңдалым рәсімі Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 73-бабына сәйкес жүргізіледі.

      Тыңдалым нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші ахуалдық схемасы бар жер учаскесін таңдау актісін дайындау, сәулет-жоспарлау тапсырмасын, инженерлік желілерге қосылуға техникалық шарттарды және топографияны жасау, жер-кадастрлық жоспарды қоса бере отырып, жер учаскесіне жер пайдалану құқығын беру туралы шешім шығару, уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) шарт жасасу туралы не мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі не көрсетілетін қызметті беруші арқылы беріледі.

      9. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректердің енгізілуін қамтамасыз етеді.

      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі осы Қағидалар бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторына, көрсетілетін қызметті берушіге және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.

      10. Ақпараттық жүйе істен шыққан кезде көрсетілетін қызметті беруші ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға жауапты көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің жұмыскерін дереу хабардар етеді.

      Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға жауапты жұмыскер техникалық проблема туралы хаттама жасайды және оған көрсетілетін қызметті беруші қол қояды.

      11. Көрсетілетін қызметті беруші Тізбенің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      12. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.

      Шағым ҚР ӘРПК 91-бабының 4-тармағына сәйкес келіп түскен жағдайда көрсетілетін қызметті беруші оны келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды қарайтын органға жібереді. Көрсетілетін қызметті беруші 3 (үш) жұмыс күні ішінде қолайлы акт қабылданған, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік іс-әрекет жасалған жағдайда шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік органға және (немесе) лауазымды адамға) шағымды жібермейді.

      13. Көрсетілетін қызметті алушының шағымын Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес:

      көрсетілетін қызметті беруші – тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

      мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – ол тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауы тиіс.

      Көрсетілетін қызметті берушінің, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес:

      1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;

      2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.

      Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, шағымды қарау өкілеттігі берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды берген көрсетілетін қызметті алушыға ұзарту себебін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағымды қағаз жеткізгіште берген кезде) немесе электрондық нысанда (шағымды электрондық түрде берген кезде) хабарлайды.

      14. Егер заңда өзгеше көзделмесе, ҚР ӘРПК 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.

  "Республикалық маңызы бар
қала, астана, облыстық және
аудандық маңызы бар қалалар
шегінде жер учаскесіне
құқықтар алу" мемлекеттік
қызметін көрсету қағидаларына
1-қосымша

"Республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқықтар алу" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).

2
2

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері

"Электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) және "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы.

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Бірінші кезең: сұралып отырған жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындау, жер учаскесін таңдау актісін дайындау, сәулет-жоспарлау тапсырмасын, инженерлік желілерге қосылуға техникалық шарттарды және топографияны жасау – 28 (жиырма сегіз) жұмыс күні ішінде.
Екінші кезең: жер учаскесін таңдау актісін келісу және көрсетілетін қызметті алушы жер-кадастрлық жұмыстардың қызметтері үшін ақы төлеу кезінде жер-кадастрлық жоспарды қоса бере отырып, жер учаскесіне жер пайдалану құқығын беру туралы шешім шығару, уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын жасасу – 18 (он сегіз) жұмыс күні ішінде.

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде.

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Көрсетілетін қызметті берушінің жер-кадастрлық жоспарды қоса бере отырып, жер учаскесіне құқық беру туралы шешімі және уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын жасасу не мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту.

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің құны "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 87 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13353 болып тіркелген) 3-қосымшаның 28-параграфына сәйкес мөлшерде есептеледі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет құнын төлеу екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысанда, сондай-ақ "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылады.
Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың он сегіз жасқа толғанға дейінгі кезеңге жер учаскесіне жер-кадастрлық жоспарды дайындау өтеусіз негізде жүзеге асырылады.

7

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

1) Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы – Қазақстан Республикасының Еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс графигіне сәйкес;
2) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Кодекске сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтініш қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.gov.kz интернет-ресурсында;
2) көрсетілетін қызметті берушінің www.gov4c.kz интернет-ресурсында;
3) порталда орналастырылған.

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

бірінші кезең:
1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқықтар алу туралы өтініш;
2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспары).
Екінші кезең: келісілген жер учаскесін таңдау актісі, жер-кадастрлық жұмыстар қызметтері үшін ақы төленгенін растайтын төлем құжатының көшірмесі/электрондық көшірмесі.

9

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректер мен мәліметтердің Жер кодексінің 43-бабы 3-тармағының алтыншы бөлігінде, 49-2-бабы 6-тармағының екінші бөлігінде, 50-бабының 2 және 2-1-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) Жер кодексінің 44-1-бабының 4-тармағына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін келісу туралы сұранымға келісуші органдардың теріс жауабы.

10

Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары порталда көрсетілген. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.

  "Республикалық маңызы бар
қала, астана, облыстық және
аудандық маңызы бар қалалар
шегінде жер учаскесіне
құқықтар алу" мемлекеттік
қызметін көрсету қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

  ______________________
(облыстың, қаланың, ауданның)
әкімі ______________________
( аты, әкесінің аты (бар болса),
тегі)
________________
(жеке тұлғаның аты,
әкесінің аты (бар болса), тегі
не заңды тұлғаның толық
атауы)
____________________________
(жеке сәйкестендіру нөмірі
немесе бизнес-сәйкестендіру
нөмірі)
____________________________
(жеке басын куәландыратын
құжаттың деректемелері)
____________________________
жеке тұлғаның немесе өкілдің
заңды тұлғаның
байланыс телефоны (бар болса),
____________________________
орналасқан жері, мекенжайы
(заңды тұлғалар үшін)
____________________________
немесе тұрғылықты мекенжайы
(жеке тұлғалар үшін)

Республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқықтар беру туралы өтініш

      ________________________________________________________ салу үшін

      (жоспарланған құрылыс объектісінің атауы, қабаттылығы)

      ______________________________________________________ орналасқан

      жер учаскесінің орналасқан жері)

      ауданы __________ гектар жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану

      құқығымен ____________жыл мерзімге беруіңізді сұраймын.

      (құрылыстың болжамды ауданы) ___________________________

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді

      пайдалануға келісемін.

      Электрондық немесе қағаз форматта сұралып отырған жер учаскесін орналастырудың

      ахуалдық схемасы өтінішке қоса беріледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы _________________________________________________

      (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы/электрондық цифрлық қолтаңбасы)

  "Республикалық маңызы бар
қала, астана, облыстық
және аудандық маңызы бар
қалалар шегінде жер
учаскесіне құқықтар алу"
мемлекеттік қызмет
көрсету қағидаларына
3-қосымша

      Нысан

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарлама Құрметті _____________________

      Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабының

      1-тармағына сәйкес осы хабарламамен Сізге "Республикалық маңызы бар қала, астана,

      облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқықтар алу"

      мемлекеттік қызметін көрсетуден бас тартылатыны туралы хабарлаймыз, себебі

      ____________________________________________

      ______________________________________________________________________

      (бас тарту себебін санамалау)

      Бас тарту мәселесі бойынша тыңдалым осы хабарлама жіберілген күннен бастап 2 (екі)

      жұмыс күнінен кейін жүзеге асырылады, Сіз осы шешім бойынша өз ұстанымыңызды

      білдіре аласыз (қажеттісін жазасыз):

      _____________________________________________________________________

      (тыңдалым өткізу күні мен уақыты, тыңдалым өтетін орны (тәсілі): мекенжайдағы

      ғимаратта/бейнеконференцбайланыс/өзге де коммуникация құралдары арқылы)

      Көрсетілетін қызметті беруші _______________________________________________

      (басшының қолы/электрондық цифрлық қолтаңбасы, аты, әкесінің аты (бар болса),тегі)

      20 ___жылғы " " _________

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      18, 19, 20, 21-қосымшалармен толықтыру көзделген - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 08.08.2024 № 269 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2020 жылғы 1 қазаны
№ 301 бұйрығына
16-қосымша

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Жер учаскесіне меншік құқығына және жер пайдалану құқығына сәйкестендіру құжаттарының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 158 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10149 болып тіркелген, 2015 жылғы 28 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      2. "Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 270 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11051 болып тіркелген, 2015 жылғы 4 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      3. "Жер қатынастары саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 271 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11052 болып тіркелген, 2015 жылғы 4 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      4. "Жер қатынастары, геодезия және картография саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 272 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11050 болып тіркелген, 2015 жылғы 4 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      5. "Жер қатынастары саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 355 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11251 болып тіркелген, 2015 жылғы 17 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      6. "Жер қатынастары саласындағы кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 782 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13093 болып тіркелген, 2016 жылғы 26 ақпанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бекітілген өзгерістер енгізілетін жер қатынастары саласындағы бұйрықтар тізбесінің 5-тармағы.

      7. "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 24 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13161 болып тіркелген, 2016 жылғы 29 ақпанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      8. "Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 30 наурыздағы № 151 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13652 болып тіркелген, 2016 жылғы 13 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      9. "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 20 шілдедегі № 318 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14171 болып тіркелген, 2016 жылғы 21 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтары тізбесінің 2 және 3-тармақтары.

      10. "Жер қатынастары, геодезия және картография саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 272 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 18 қаңтардағы № 19 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14862 болып тіркелген, 2017 жылғы 18 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      11. "Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 4 шілдедегі № 285 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15846 болып тіркелген, 2017 жылғы 4 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      12. "Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 4 шілдедегі № 285 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 11 қаңтардағы № 17 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16719 болып тіркелген, 2018 жылғы 11 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      13. "Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 4 шілдедегі № 285 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 544 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18101 болып тіркелген, 2019 жылғы 9 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      14. "Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 30 наурыздағы № 151 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 21 қаңтардағы № 18 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18231 болып тіркелген, 2019 жылғы 1 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      15. "Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 24 қаңтардағы № 25 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18243 болып тіркелген, 2019 жылғы 4 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      16. "Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 270 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 25 қаңтардағы № 32 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18251 болып тіркелген, 2019 жылғы 6 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      17. "Жер қатынастары, геодезия және картография саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 272 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 30 қаңтардағы № 40 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18268 болып тіркелген, 2019 жылғы 21 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      18. "Жер қатынастары саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 271 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 4 ақпандағы № 47 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18279 болып тіркелген, 2019 жылғы 19 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      19. "Жер қатынастары саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 355 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 10 маусымдағы № 230 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18832 болып тіркелген, 2019 жылғы 24 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      20. "Мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің графикалық дерегімен жобаланып отырған жер учаскесін келісу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 13 маусымдағы № 236 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18855 болып тіркелген, 2019 жылғы 21 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      21. "Қазақстан Республикасы ұлттық экономика және ауыл шаруашылығы министрліктерінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 27 қыркүйектегі № 356 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19435 болып тіркелген, 2019 жылғы 4 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).