Әкімшілік-аумақтық бірліктердің шекараларын белгілеу және өзгерту жөніндегі жобаларды жасау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 16 тамыздағы № 257 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 18 тамызда № 29180 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 14-бабы 1-тармағының 4-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Әкімшілік-аумақтық бірліктердің шекараларын белгілеу және өзгерту жөніндегі жобаларды жасау қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
Е. Карашукеев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Индустрия және инфрақұрылымдық

      даму министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
2022 жылғы 16 тамыздағы
№ 257 бұйрығымен
бекітілген

Әкімшілік-аумақтық бірліктердің шекараларын белгілеу және өзгерту жөніндегі жобаларды жасау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Әкімшілік-аумақтық бірліктердің шекараларын белгілеу және өзгерту жөніндегі жобаларды жасау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Жер кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 14-бабы 1-тармағының 4-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және әкімшілік-аумақтық бірліктердің шекараларын белгілеу және өзгерту жөніндегі жобаларды жасау тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;

      2) әкімшілік-аумақтық бірліктер (бұдан әрі – ӘАБ) – ауыл, кент, ауылдық округ, қаладағы аудан, қала, аудан, облыс;

      3) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган – жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының құрылымдық бөлімшесі (бұдан әрі – уәкілетті орган);

      4) жер учаскесі – Кодексте белгіленген тәртіппен жер қатынастары субъектілеріне бекітіліп берілетін, тұйық шекара ішінде бөлінген жер бөлігі;

      5) үшінші тұлғалар – мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері және жерге орналастыру жүргізген кезде құқықтары мен заңды мүдделері қозғалатын шектес жер учаскелерінің меншік иелері (жер пайдаланушылар).

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.02.2024 № 76 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Кодекстің 149-бабы 3-тармағының 4) тармақшасына сәйкес жергілікті жерде ӘАБ-дің шекарасын белгілеу жерге орналастыру жөніндегі жұмыстарды жүргізе отырып қамтамасыз етіледі және "Мемлекеттік есептеу жүйелерін және картографиялық проекцияларды белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 14 наурыздағы № 208 қаулысына сәйкес мемлекеттік есептеу жүйелерінде және картографиялық проекцияда жүзеге асырылады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.02.2024 № 76 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Жергілікті жерде ӘАБ шекарасын белгілеу және өзгерту кезінде жүргізілетін жерге орналастыру мынадай кезеңдерді қамтиды:

      1) жерге орналастыру ісін жүргізуді бастау;

      2) дайындық жұмыстары;

      3) ӘАБ шекарасын белгілеу және өзгерту жөніндегі жобаны әзірлеу;

      4) ӘАБ шекараларын белгілеу және өзгерту жөніндегі жобаны қарау, келісу және бекіту;

      5) ӘАБ шекараларын белгілеу және өзгерту жөніндегі жобаны орындау.

2-тарау. Жерге орналастыру ісін жүргізуді бастау

      5. Елді мекеннің бас жоспарын және/немесе тұрғындарының саны бес мың адамға дейінгі ауылдық елді мекендердің бас жоспарын – даму және құрылыс салу схемаларын (шағын елді мекендердің бас жоспарларының оңайлатылған нұсқасын) және елді мекендер аумағының жер-шаруашылық орналастыру жобаларын іске асыру мақсатында жергілікті жерде ӘАБ шекараларын белгілеу және өзгерту жөніндегі жерге орналастыру Кодекстің 150-бабының 1-тармағына және "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының (бұдан әрі – жергілікті атқарушы орган) шешімі бойынша жүргізіледі.

      6. Жергілікті жерде ӘАБ шекарасын белгілеу және өзгерту кезінде жүргізілетін жерге орналастыруды жүргізуді ұйымдастыруды уәкілетті орган жүзеге асырады.

      ӘАБ шекарасын белгілеу және өзгерту жөніндегі жобаны әзірлеу және орындау кезінде жерге орналастыру ісін жүргізуді бастауды жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – жобаны әзірлеуші) Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік сатып алу туралы" заңына сәйкес жергілікті атқарушы органмен жасалатын шарт негізінде жүзеге асырады.

3-тарау. Дайындық жұмыстары

      7. Дайындық жұмыстарын жүргізу процесінде камералды және далалық жұмыстар орындалады.

      8. Камералды жұмыстарды орындау кезінде мемлекеттік жер кадастрының мәліметтерін, оның ішінде жерді сандық есепке алу, ӘАБ-ның болжамды алаңы мен шекарасы мәліметтерін, сондай-ақ картографиялық материалдарды, ӘАБ жерлері теңгерімінің деректерін жинау және талдау жүргізіледі.

      Мемлекеттік жер кадастрының мәліметтерін алу үшін Кодекстің 158-бабына сәйкес Мемлекеттік корпорацияға сұраным жолданады.

      9. ӘАБ аумағындағы камералды жұмыстар процесінде мынадай картографиялық материалдар іріктеледі:

      Қазақстан Республикасының ӘАБ карталары;

      жер-кадастрлық карталар (схемалар);

      елді мекендердің бас жоспарлары;

      орман орналастыру жоспарлары;

      соңғы жаңарту мерзімімен 1:50000, 1:25000, 1:10000, 1:5000-1:500 масштабты топографиялық карталар және аэрофотожоспарлар;

      Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекараларын межелеу карталары және Қазақстан Республикасының шекараларын шегендеу мәліметтері (шекара маңындағы аудандардың ӘАБ үшін).

      ӘАБ аумағындағы камералды жұмыстар процесінде жергілікті жердің жекелеген элементтерін көрсете отырып, картографиялық материалдың дұрыс еместігі анықталған фактілер туралы мәліметтерді есепке алу жүргізіледі.

      10. Далалық жұмыстар процесінде жергілікті жерлерде ақпарат жинау, жер алқаптарын нақтылы зерттеп-қарау, далалық зерттеп-қарау актісін және далалық зерттеп-қарау нәтижелері бойынша схема жасау жүргізіледі.

      Жер алқаптарын нақтылы зерттеп-қарау жер учаскелері ӘАБ-ның жобалық шекарасы бойында орналасқан үшінші тұлғалардың қатысуымен жүргізіледі.

      Жер учаскелері ӘАБ-ның жобалық шекарасы бойында орналасқан үшінші тұлғалар жазбаша түрде бас тартқан, тиісті хабарлама болмаған немесе келмеген жағдайда, олардың қатысуынсыз жер алқаптарына нақтылы зерттеп-қарауды жүргізуге жол беріледі, бұл туралы далалық зерттеп-қарау актісінде тиісті белгі жасалады.

      Далалық жұмыстар нәтижелері осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша далалық зерттеп-қарау нәтижелері бойынша схеманы дайындай отырып далалық зерттеп-қарау актісімен ресімделеді.

4-тарау. ӘАБ шекараларын белгілеу және өзгерту жөніндегі жобаны әзірлеу

      11. ӘАБ шекараларын белгілеу және өзгерту жөніндегі жоба (бұдан әрі – жоба) екі бөліктен қалыптастырылады: мәтіндік және техникалық.

      Жобаның мәтіндік бөлігі:

      1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша титул парағын;

      2) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тізімдемені;

      3) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша түзету парағын;

      4) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органнан қабылданған құжаттар мен материалдардың тізбесін;

      5) шартты, техникалық тапсырманы;

      6) уәкілетті орган өкілінің өкілеттігін растайтын құжаттың көшірмесін;

      7) ӘАБ шекараларын өзгерту кезінде қабылданатын (шектес ӘАБ шекараларын белгілеу және өзгерту туралы жергілікті өкілді және атқарушы органдардың шешімдері, заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген қала құрылысы құжаттамасы, елді мекендер аумақтарының жер-шаруашылық орналастыру жобалары, қонысаралық аумақтар (елдi мекендердiң шекарасынан (шегiнен) тыс жатқан аумақтар) туралы мәліметтер (деректер), өзгерілетін аумақтың көлемі, онда тұратын халық саны туралы мәліметтер, заңды тұлғалардың тізбесі, олардың өндірістік көрсеткіштері, олардың әрқайсысында жұмыс істейтіндердің саны, шешім қабылдауда маңызы бар географиялық, климаттық деректер, ӘАБ шекарасын өзгертуге байланысты өткізілген қоғамдық тындаулар материалдары) шешімдерді негіздеу үшін қажетті құжаттарды (мәліметтерді) қамтиды.

      Жобаның техникалық бөлігі:

      1) осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша түсіндірме жазбаны;

      2) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша далалық зерттеп-қарау актісін;

      3) осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әкімшілік-аумақтық бірліктің шекараларын келісу схемасын (жоспарын);

      4) осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әкімшілік-аумақтық бірлік шекараларының схемасын (жоспарын);

      5) осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әкімшілік-аумақтық бірліктің жерін қалыптастыру ведомосын;

      6) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әкімшілік-аумақтық бірлік жерінің схемасын (жоспарын);

      7) осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әкімшілік-аумақтық бірліктің жобалық схемасын (жоспарын);

      8) осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жобаланатын әкімшілік-аумақтық бірліктің шекарасы жақтарының координаттары мен ұзындықтарының жиынтық ведомосын қамтиды.

      12. Жобаны әзірлеу процесінде "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 61-бабына сәйкес қала құрылысы жобалары негізінде ӘАБ шекарасына қосылатын жерлердің алаңын нақтылау және орналастыру жүргізіледі.

      Елді мекендердің жобалық шекаралары елді мекеннің бас жоспарына және/немесе тұрғындарының саны бес мың адамға дейінгі ауылдық елді мекендердің бас жоспарына – даму және құрылыс салу схемасына (шағын елді мекендер бас жоспарларының оңайлатылған нұсқасына) және елді мекендер аумақтарын жер-шаруашылық орналастыру жобаларына сәйкес айқындалады.

      ӘАБ шекараларының схемасын (жоспарын) дайындау кезінде есептік орамдардың жер-кадастрлық карталары (схемалары), ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді түгендеу жөніндегі мәліметтер, бұрын белгіленген ӘАБ шекараларының мәліметтері (деректері) пайдаланылады.

      Жүргізілген дайындық жұмыстары материалдарының негізінде осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әкімшілік-аумақтық бірлік шекараларын келісу схемасы (жоспары) әзірленеді.

      ӘАБ шекаралары бойынша, сондай-ақ жобаланатын ӘАБ шекараларына сәйкес келетін үшінші тұлғалардың жер учаскелерінің шекаралары бойынша картографиялық деректерді жинау және талдау жүргізіледі. Осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әкімшілік-аумақтық бірлік шекараларының схемасы (жоспары) жасалады, онда ӘАБ-ның қазіргі бар (нақты) және жобалық (жаңа) шекаралары, олардың алаңы, ӘАБ-мен шектес шекараларды келісу көрсетіледі.

      13. Жоспарлы-картографиялық материалдың масштабы ӘАБ типіне байланысты белгіленеді: облыстар үшін – 1:250000, аудандар үшін – 1:10000, ауылдық округтер үшін – 1:10000 немесе 1: 50000; қалалар, қаладағы аудандар, ауылдар, кенттер үшін – 1:2000 немесе 1:10000.

      14. Картографиялық материалға мемлекеттік жер кадастрының мәліметтеріне сәйкес ӘАБ шектес шекаралары және ӘАБ объектілерінің шекаралары түсіріледі.

      15. Жобада ӘАБ шекаралары және бұрылыс нүктелері мынадай шартты белгілермен көрсетіледі:

      жасырын орталықтармен және (немесе) сыртқы белгілермен ұзақ мерзімді бекіту нүктелері – ішіндегі нүктесі бар және ұзындығы 0,5 (нөл бүтін оннан бес) мм көлденең және тік штрихтармен диаметрі 1,5 (бір бүтін оннан бес) миллиметр (бұдан әрі – мм) шеңбермен;

      жасырын орталықтарсыз және сыртқы белгілерсіз уақытша бекіту нүктелері – ішінде нүктесі бар диаметрі 1,5 (бір бүтін оннан бес) мм шеңбермен;

      бекітілмеген нүктелер – диаметрі 0,8 (нөл бүтін оннан сегіз) мм шеңбермен; оларды орналастыру шарттары бойынша бекіту мүмкін емес нүктелер (шекараның шатқалдар арқылы өтуі кезінде) – диаметрі 1 (бір) мм нүктемен;

      ӘАБ шекаралары – қалыңдығы 1 (бір) мм қызыл түсті сызықпен.

      Сызықтық объектілердің осі бойынша өтетін шекаралар осы объектінің екі жағында кезекпен орналастырылған штрихтардың үзбелерімен (үзбеде үш штрихтан) көрсетіледі.

      16. ӘАБ шекаралары жергілікті жерде және картографиялық материалда желілік объектілермен сенімді танылатын үшінші тұлғалардың жер учаскелерінің шекараларымен, ал жекелеген жағдайларда – орманшылықтар мен орман орамдарының шекараларымен біріктіріледі. Құрғақ шекаралар жергілікті жердегі бұрылыс нүктелерін бекіте отырып, түзу сызықтармен жобаланады.

      17. Бірнеше ӘАБ аумағында жобаланатын шекаралар орналасқан кезде ӘАБ шекаралары жер алаптарының елді мекендерге аумақтық тартылуын, қалыптасқан өндірістік байланыстар мен мамандандырылуын, жолдар мен өндірістік инфрақұрылымның басқа элементтерінің болуы мен орналасуын ескере отырып белгіленеді.

      ӘАБ аумағында шекаралардың орналасуы жерді ұтымды пайдалану мен қорғауға кедергі келтіретін шекаралардың жоларалықтарына, сыналануына, әр жерден белгіленуіне, шамадан тыс үзілуіне және басқа да кемшіліктерге әкеп соқтырмауға тиіс.

      18. Ауылдық елді мекеннің шекарасын (шегін) белгілеу және өзгерту мынадай факторларды ескере отырып жүргізіледі:

      1) әрбір елді мекеннің экономикалық әлеуетін зерделеу және бағалау мақсатында аумақтарды дамыту мониторингін жүргізу;

      2) жергілікті өкiлдi және атқарушы органдарының ұсыныстарына сәйкес тоқыраудағы аудандар мен келешегі жоқ елді мекендерден халықты жоспарлы көшіру;

      3) "Қандастар мен қоныс аударушыларды қоныстандыруға арналған өңірлерді айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қыркүйектегі № 765 қаулысына сәйкес қандастар мен қоныс аударушыларды қоныстандыру үшін өңірлерді айқындау.

      Ескерту. 18-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.02.2024 № 76 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      19. Нақты елді мекен бойынша құрылыс салынып жатқан аумағының шекараға енгізілмеген, елді мекеннің бас жоспарына және/немесе тұрғындарының саны бес мың адамға дейінгі ауылдық елді мекендердің бас жоспарына – даму және құрылыс салу схемасына (шағын елді мекендер бас жоспарларының оңайлатылған нұсқасына) және елді мекендер аумақтарының жер-шаруашылық орналастыру жобаларына сәйкес анықталған бөлігі іс жүзінде алып жатқан алаңы бойынша елді мекеннің жалпы алаңына енгізіледі.

      20. Жep учаскелерiн қала, кент, ауыл шегiне қосу осы жер учаскелеріне меншiк құқығын немесе жер пайдалану құқығын тоқтатуға әкеп соқпайды.

      21. Елді мекенде құрылыс салу жобасы болмаған жағдайда ӘАБ алаңы қолданыстағы нормативтер бойынша есептеу жолымен айқындалады.

      Есептеулердің негізіне: халықтың перспективалы саны, отбасылар саны және жеке және көп пәтерлі тұрғын үйлер үшін жер учаскелерінің көлемі, сондай-ақ жеке және көп пәтерлі құрылыстың арақатынасы кіреді.

      22. Елді мекеннің тұрғын үй құрылысына, мәдени-тұрмыстық мақсаттағы учаскелерге, саябақтарға, скверлерге, стадиондарға және басқа да әлеуметтік объектілерге арналған қосымша алаңның көлемі сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қолданыстағы мемлекеттік нормативтер бойынша айқындалады. Көшелер, өтпе жолдар, жолдар алаңдары тұрғын үй аймағы аумағының 12-15 пайызы шегінде қабылданады. Егер тұрғын үй аймағына құрылысқа жарамсыз учаскелер (жыралар, тоғандар, сулы-батпақты жерлер) кірсе, онда олардың алаңдары нақты көлемі бойынша енгізіледі.

      23. Өндірістік құрылыстар мен құрылыс-жайларға арналған алаңдар нақты елді мекенде өндірістің перспективалық дамуын негізге ала отырып, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер (мемлекеттік нормативтік құжаттар) бойынша айқындалады.

      24. Сыртқы аймақ алаңы (зираттар, мал қорымдары, улы химикаттар қоймалары) нақты пайдаланылуы бойынша айқындалады.

      25. Елді мекеннің тұрғын үй аймағынан тыс жерлерде жеке қосалқы шаруашылық үшін егістік телімдерге арналған жер учаскелері айқындалады (тұрғын үйлердің немесе пәтерлердің жанында қабылданған өлшемдер мен бөлінген өлшемдер арасындағы айырмашылық).

      26. Халықтың жеке ауладағы малын жаюға арналған жайылымдардың алаңы "Жайылымдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 1) тармақшасына сәйкес ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті өкілді органы бекітетін жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарға сәйкес айқындалады.

      27. Елді мекендердің шекараларын (шегін) белгілеу жөніндегі жұмыстарды орындау кезінде 1:10000 – 1:100000 масштабында қосымша жоспарлар дайындалады.

      28. ӘАБ шекарасын ауыстыру үшін әрбір парақты алты-сегіз сенімді танылатын нүктелер бойынша бағдарлай отырып, бастапқы картографиялық материалды цифрлауды көздейтін тәсілдер пайдаланылады.

      Контурлық жүктеме жеткіліксіз болған кезде бастапқы материалдарды кейіннен парақтарды тіге, олардың растрлық бейнесі бойынша шекараларды векторлай және кейіннен топографиялық карталардың объектілеріне байланыстыра отырып сканерлеуге жол беріледі.

      29. Жобаны әзірлеудің қорытынды кезеңі осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әкімшілік-аумақтық бірлік жерін қалыптастыру ведомосын жасау және осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әкімшілік-аумақтық бірліктің жер схемасын (жоспарын) дайындау болып табылады.

      30. ӘАБ-ның жобалау схемасын (жоспарын) ресімдеу схеманы ресімдеу кезінде қабылданған шартты белгілер мен таңбаларға сәйкес жүргізіледі.

      31. ӘАБ-ның жобалау схемасында (жоспарында):

      ӘАБ-ның қолданыстағы және жобалық шекаралары (шектері);

      ӘАБ аумағына енгізілетін (алып тасталатын) қосымша жер учаскелері, оларды нысаналы пайдалану;

      сыртқы инфрақұрылым элементтері (жолдар, су объектілері);

      ауыл шаруашылығы алқаптары;

      орман алқаптары;

      азаматтардың бағбаншылыққа, бақша өсірушілікке, мал жаюға арналған жер учаскелері, шаруа немесе фермер қожалықтарының жер учаскелерінің шекаралары (ауылдық елді мекендер үшін) көрсетіледі.

5-тарау. ӘАБ шекараларын белгілеу және өзгерту бойынша қарау, келісу және бекіту

      32. ӘАБ-ның жобалау схемасына (жоспарына) ӘАБ-ның шекарасы енгізілгеннен кейін оларды ӘАБ орналасқан жердегі Мемлекеттік корпорацияда мемлекеттік жер кадастры мәліметтерінің сәйкестігіне келісу қажет.

      Әкімшілік-аумақтық бірліктердің жобалау схемасы (жоспары) және жобаланып отырған жер учаскесі шекараларының координаттары мен тараптар ұзындықтарының жиынтық ведомосі осы Қағидаларға 11 және 12-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша ресімделеді.

      33. ӘАБ шекараларын уәкілетті органмен, тиісті жергілікті атқарушы органның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесімен, қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласындағы уәкілетті органмен, шектес ӘАБ уәкілетті өкілдерімен, сондай-ақ жер учаскелері ӘАБ-ның жобалық шекарасы бойында орналасқан үшінші тұлғалармен келісу осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әкімшілік-аумақтық бірлік шекараларын келісу схемасында (жоспарында) тікелей жүргізіледі.

      34. Келісілген жобаны Кодекстің 150-бабы 4-тармағының 3) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекітеді.

      35. Бекітілген жоба үш данада жасалады, бір данасы уәкілетті органға беріледі, екінші данасы жобаланып отырған ӘАБ шекараларының координаттары мен тараптар ұзындықтарының жиынтық ведомосімен бірге Мемлекеттік корпорацияның мұрағатына тапсырылады және үшінші данасы жобаны әзірлеушіде қалады.

6-тарау. ӘАБ шекараларын белгілеу және өзгерту жөніндегі жобаны орындау

      36. Жобаны орындау ӘАБ шекарасын белгілеу және өзгерту туралы жергілікті өкілді және атқарушы органдардың тиісті шешімі қабылданғаннан кейін жүзеге асырылады, сондай-ақ жобаны жергілікті жерге көшіруді қамтиды.

      37. Жобаны жергілікті жерге ауыстыру және межелік белгілерді уәкілетті органға тапсыру ӘАБ шекараларын белгілеу және өзгерту жөніндегі жұмыстарды жүргізудің қорытынды кезеңі болып табылады.

      Жобаны жергілікті жерге ауыстыру үшін осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шекараны белгілеудің (өзгертудің) жұмыс сызбасы жасалады, оған мыналар енгізіледі:

      шекараның бұрылыс нүктелері (межелік белгілердің сипаттамалары көрсетілген орнату орындары);

      ӘАБ шекарасының өтуі байланыстырылатын жергілікті жердің объектілері;

      шекараларды ауыстыру кезінде пайдаланылатын геодезиялық желі пункттері;

      жобаны жергілікті жерге ауыстыру үшін қажетті геодезиялық (сызықтық, бұрыштық) деректер.

      ӘАБ шекарасын белгілеудің (өзгертудің) жұмыс сызбасы үш данада жасалады, бір данасы уәкілетті органға беріледі, екінші данасы Мемлекеттік корпорацияның мұрағатына тапсырылады және үшінші данасы жобаны әзірлеушіде қалады.

      38. Жобаны жергілікті жерге ауыстыру кезінде ӘАБ шекарасының барлық бұрылыс нүктелері жергілікті жерде белгіленген үлгідегі межелік белгілермен бекітіледі.

      ӘАБ-ның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасымен тұспа-тұс келетін шекаралары жергілікті жерде белгіленбейді.

      ӘАБ шекарасын жергілікті жерге ауыстыру мәліметтері мемлекеттік жер кадастрында бар осындай шекаралардың бұрылыс нүктелерінің координаттары (ӘАБ шекарасының бұрылыс нүктелерін сипаттай отырып) бойынша орындалады. Орнатылатын межелік белгілердің координаттарын анықтау дәлдігі ӘАБ-ның орнатылатын шекарасына іргелес жатқан жер учаскелері шекараларының бұрылыс нүктелерінің координаттарын анықтаудың қажетті дәлдігін қамтамасыз етуі тиіс.

      39. Жергілікті жерге ауыстырылған ӘАБ-ның құрғақ шекаралары уәкілетті органның келісімі бойынша жыртылады.

      40. ӘАБ-ның белгіленген шекаралары осы Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әкімшілік-аумақтық бірліктердің шекараларын белгілеу (өзгерту) актісімен ресімделеді.

      ӘАБ шекарасын белгілеу (өзгерту) актісі үш данада жасалады, бір данасы уәкілетті органға беріледі, екінші данасы Мемлекеттік корпорацияның мұрағатына тапсырылады және үшінші данасы жобаны әзірлеушіде қалады.

      Межелік белгілерді сақтауға тапсыру актісі осы Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үш данада жасалады, бір данасы уәкілетті органға беріледі, екінші данасы Мемлекеттік корпорацияның мұрағатына тапсырылады және үшінші данасы жобаны әзірлеушіде қалады.

  Әкімшілік-аумақтық
бірліктердің шекараларын
белгілеу және өзгерту жөніндегі
жобаларды жасау қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

Далалық зерттеп-қарау актісі

      _______________________________________________________________________

      (әкімшілік-аумақтық бірліктің атауы)

      20 __жылғы ___ _____________

      __________________________________________________________________________

      (жобаны әзірлеуді жүзеге асыратын жеке тұлғаның, аты, әкесінің аты (бар болса),

      тегі немесе заңды тұлғаның атауы)

      __________________________________________________________________________

      (жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның және (немесе) сәулет және қала

      құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы

      органның құрылымдық бөлімшесінің атауы)

      ______________________________________________ 20 __ жылғы №_____ негізінде

      жер учаскелері ӘАБ-нің жобалық шекарасы бойында орналасқан үшінші тұлғалардың

      қатысуымен _______________________________________________________________

      __________________________________________________ шекараны далалық зерттеп-

      (әкімшілік-аумақтық бірліктің атауы)

      қарау жүргізілді.

      Жер учаскелері әкімшілік-аумақтық бірліктің жобалық шекарасы бойында орналасқан үшінші тұлғалардың жазбаша бас тартуы, болмауы немесе келмеуі туралы белгі

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Зерттеп-қарау нәтижесінде мыналар анықталды:

      Нақты алаңы _________ гектарды құрайды, шекараның ұзындығы ___________ метр.

      Әкімшілік-аумақтық бірліктің шекарасын далалық зерттеп-қарау кезінде қолданылатын геодезиялық аспаптар:

      __________________________________________________________________________

      (аспап түрі, дәлдігі)

      Шекараны сипаттау (шектес әкімшілік-аумақтық бірліктерді айқындау, әрбір шектес

      бойынша шекараның жергілікті белгілер мен бағдарлар бойынша өтуін сипаттау)

      _________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Жобаны орындаушы __________________________ __________ _________________

      (аты, әкесінің аты (бар болса),тегі) (қолы)       (күні)

      ___________________________________________________________________________ (уәкілетті органның немесе жергілікті атқарушы органның сәулет және қала құрылысы

      саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесінің атауы)

көрсетілген шекаралармен мынадай себептер бойынша келісемін/келіспеймін: _______________________________________________________________________________ _______________________________________________________________________________ ______________________________________________________________________________

      ____________________________________________________ ___________ __________

                  (уәкілетті өкілдің аты, әкесінің аты (бар болса) ,тегі) (қолы) (күні)

      Жер учаскелері әкімшілік-аумақтық бірліктің жобалық шекарасы бойында орналасқан үшінші тұлғалар көрсетілген шекаралармен мынадай себептер бойынша келіседі / келіспейді:

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Үшінші тұлғалар ________________________________ ____________ ______________

                                    (аты, әкесінің аты (бар болса),тегі) (қолы) (күні)

      _________________________________ ____________ _______________

      (аты, әкесінің аты (бар болса),тегі) (қолы) (күні)

      _________________________________ ____________ _______________

      (аты, әкесінің аты (бар болса),тегі) (қолы) (күні)

      Нысан

Далалық зерттеп-қарау нәтижелері бойынша схема

      ________________________________________________________

      (әкімшілік-аумақтық бірліктің атауы)

      "Оңтүстік – Солтүстік" бағыты



Шектесу сипаттамасы:

      А-дан Б-ға дейін

      ______________________________________________________________________________

      (шектес әкімшілік-аумақтық бірліктің атауы, кадастрлық коды (бар болса))

      Б-дан А-ға дейін

      _______________________________________________________________________

      (шектес әкімшілік-аумақтық бірліктің атауы, кадастрлық коды (бар болса))

      Орындаушы _______________________________________ __________ ____________

                              (лауазымы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) (қолы) (күні)

      Жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның немесе жергілікті атқарушы органның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесінің өкілі:

      ________________________________ _________ __________

      (аты, әкесінің аты (бар болса),тегі) (қолы) (күні)

      Ескертпе: бұрылыс нүктелерінің өлшемдері мен координаттары әкімшілік-аумақтық бірліктің шекаралары қажеттілігіне қарай электрондық тахеометрлермен, жаһандық позициялау жүйесінің дәлдігі жоғары геодезиялық аспаптармен бөлу нұсқаларымен толықтырылады.

  Әкімшілік-аумақтық
бірліктердің шекараларын
белгілеу және өзгерту
жөніндегі жобаларды жасау
қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

  ____________________________
(жер қатынастары жөніндегі
уәкілетті органның атауы)
20___ жылғы ____ ___________
№_____ бұйрығымен бекітілген

Титул парағы _____________________________________________________________________ (жобаның атауы)

      Жобаны әзірлеуші _________________________________________________________

      (заңды тұлғаның атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі/жеке тұлғаның аты, әкесінің аты

      (бар болса), тегі, жеке сәйкестендіру нөмірі)

  Әкімшілік-аумақтық
бірліктердің шекараларын
белгілеу және өзгерту
жөніндегі жобаларды жасау
қағидаларына
3-қосымша

      Нысан

Тізімдеме

Р/с №

Құжат атауы

Парақтар саны

Беттер нөмірі


Мәтін бөлігі








































Техникалық бөлігі








































Жиыны:



      __________________________________________________________________________

      (жобаны орындаушының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы, күні)

  Әкімшілік-аумақтық
бірліктердің шекараларын
белгілеу және өзгерту
жөніндегі жобаларды жасау
қағидаларына
4-қосымша

      Нысан

Түзету парағы

Түзету енгізген тұлғалардың, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі

Кадастрлық нөмірі (бар болса)

Ескертулер, түзетулер, келісулер

Тексеру күні

Ескертуді жою күні
























































      __________________________________________________________________________

                  ( жобаны орындаушының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы)

  Әкімшілік-аумақтық
бірліктердің шекараларын
белгілеу және өзгерту
жөніндегі жобаларды жасау
қағидаларына
5-қосымша

      Нысан

Жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органнан қабылданған құжаттар мен материалдардың тізбесі

Р/с №

Құжаттың атауы

Парақтар саны

Ескертпе (көшірмелер, түпнұсқалар, формат)













































      __________________________________________________________________________

                  (құжаттарды қабылдаған адамның аты, әкесінің аты (бар болса),тегі)

      ______________

      (қолы, күні)

      __________________________________________________________________________

                  (құжаттарды тапсырған адамның аты, әкесінің аты (бар болса),тегі)

      __________________________________________________________________________

      ______________

      (қолы, күні)

  Әкімшілік-аумақтық
бірліктердің шекараларын
белгілеу және өзгерту
жөніндегі жобаларды жасау
қағидаларына
6-қосымша

      Нысан

Түсіндірме жазба

      _______________________________ шекарасын белгілеу және өзгерту жөніндегі жоба

      (әкімшілік-аумақтық бірліктің атауы)

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның атауы)

      _____________________________________________20_____жылғы № ____________

      хат негізінде әзірленді

      Жобаны жасау негіздемелері: ________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Жалпы алаңы _____________гектар, шекараның ұзындығы _____________метр.

      Қосымша түсіндірме: әкімшілік-аумақтық бірліктің бұрыштық бұрылыс нүктелері

      (координаттары) __________________________________________________сақталады

      (жобаны әзірлеушінің атауы)

      Орындаушы: _______________________________________ __________ ____________

                        (лауазымы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) (қолы) (күні)

  Әкімшілік-аумақтық
бірліктердің шекараларын
белгілеу және өзгерту
жөніндегі жобаларды жасау
қағидаларына
7-қосымша

      Нысан

Әкімшілік-аумақтық бірліктің шекарасын келісу схемасы (жоспары)

      ___________________облысы _________________ ауданы/ қаласы

      _________________ әкімшілік-аумақтық бірліктің жобаланып отырған шекарасын

      мемлекеттік органдардың, шектес әкімшілік-аумақтық бірліктер өкілдерінің келісуі

      "Оңтүстік – Солтүстік" бағыты



Схема (жоспар) келісілді:
Мемлекеттік органдар:

Р/с №

Мемлекеттік органның атауы

Келісуші тұлғаның лауазымы

Келісуші лауазымды тұлғалардың, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі

Қолы және мөрі

Күні

1






2






3






Жер учаскелері әкімшілік-аумақтық бірліктің жобалық шекарасы бойында орналасқан үшінші тұлғалар

1






2






3







Жобаны әзірлеуші (жеке тұлғаның
аты, әкесінің аты
(бар болса), тегі немесе
заңды тұлғаның атауы)

қолы

күні

Әкімшілік-аумақтық бірліктердің шекараларын белгілеу және өзгерту жобасы

Әкімшілік-аумақтық бірліктің атауы




жоба сызбасы

парақ

парақ

масштаб





      Құрастырған __________________________________ ______________ ____________

                        (орындаушының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) (қолы) (күні)

  Әкімшілік-аумақтық
бірліктердің шекараларын
белгілеу және өзгерту жөніндегі
жобаларды жасау қағидаларына
8-қосымша

      Нысан

Әкімшілік-аумақтық бірлік шекарасының схемасы (жоспары)

      ___________________облысы _________________

      ауданы/қаласы _________________ мекенжайы

      бойынша орналасқан әкімшілік-аумақтық бірлік

      шекарасының схемасы (жоспары)



Шектес әкімшілік-аумақтық бірліктер (бұдан әрі – ӘАБ):
А-дан-Б-ға дейін – шектес ӘАБ атауы
Б-дан-В-ға дейін – шектес ӘАБ атауы
В-дан-Г-ға дейін – шектес ӘАБ атауы
Г-дан-Д-ға дейін – шектес ӘАБ атауы
Д-дан-А-ға дейін – шектес ӘАБ атауы
Бөтен жер пайдаланушылардың атауы және олардың алаңы:
Жерлердің экспликациясы, гектармен

ӘАБ шекараларында барлығы беріледі

оның ішінде:

егістік

шабындық

жайылым

басқа алқаптар






 

Орындаушының аты, әкесінің аты (бар болса),тегі

Қолы

Күні

Әкімшілік-аумақтық бірліктердің шекараларын белгілеу және өзгерту жобасы




ӘАБ атауы




Жоба сызбасы

парақ

парақ

масштаб


















Жобаны әзірлеуші

 

  Әкімшілік-аумақтық
бірліктердің шекараларын
белгілеу және өзгерту
жөніндегі жобаларды
жасау қағидаларына
9-қосымша

      Нысан

Әкімшілік-аумақтық бірлік жерін қалыптастыру ведомосі

      ____________________________________

      гектарда

Әкімшілік-аумақтық бірліктің (бұдан әрі – ӘАБ) аумағы қалыптастырылатын жерлердің атауы

Жалпы алаңы, гектар

оның ішінде:

егістік

суармалы егістік

көпжылдық екпелер

тыңайған жер

шабындық

жайылым

барлық ауыл шаруашылығы алқаптары

басқа алқаптар

Есепке алу бойынша жер алаңы










Әкімшілік шекараларға кіреді:










1 .Босалқы жер










оның ішінде арнайы жер қорының жерлері










2.Орман қорының жері










3. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер:










оның ішінде:




















4. Басқа санаттағы жерлер










ӘАБ аумағы шығарылады










оның ішінде




















Жоба бойынша ӘАБ аумағы










      Ведомості құрастырған: ____________________________________________________

      (жобаны әзірлеуді жүзеге асыратын жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса),

      тегі немесе заңды тұлғаның атауы)

      Жоспардың жасалған күні: 20___ жылғы ___ ________

  Әкімшілік-аумақтық
бірліктердің шекараларын
белгілеу және өзгерту
жөніндегі жобаларды
жасау қағидаларына
10-қосымша

      Нысан

Әкімшілік-аумақтық бірлік схемасы (жоспары)



Масштаб:


Жобаны әзірлеуші (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі немесе заңды тұлғаның атауы)

қолы

күні

шаруашылықаралық жерге орналастыру

әкімшілік-аумақтық бірліктің атауы

жоба сызбасы

парақ

парақ

масштаб








  Әкімшілік-аумақтық
бірліктердің шекараларын
белгілеу және өзгерту
жөніндегі жобаларды
жасау қағидаларына
11-қосымша

      Нысан

Әкімшілік-аумақтық бірліктің жобалау схемасы (жоспары)



Масштаб:

       Шартты белгілер: __________ жобаланып отырған әкімшілік-аумақтық бірлік

      __________ шектес әкімшілік-аумақтық бірлік

      Жоспар құрылды: __________________________________________________________

      (заңды тұлғаның атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі / жеке тұлғаның аты, әкесінің аты

                        (бар болса), тегі, жеке сәйкестендіру нөмірі)

      Басшы _____________________________________________ _______________

      (аты, әкесінің аты (бар болса),тегі) (қолы)

      Жоспардың жасалған күні: 20___ жылғы "____" _______

  Әкімшілік-аумақтық
бірліктердің шекараларын
белгілеу және өзгерту
жөніндегі жобаларды
жасау қағидаларына
12-қосымша

      Нысан

Жобаланып отырған әкімшілік-аумақтық бірліктің координаттары мен тараптар ұзындығының жиынтық ведомосі

Нүктелер нөмірі

Координаттары

Ұзындығы (метр)

X

Y

1




2




3




4




      Периметр, метр: _______

      Алаңы, гектар: _______

      Ведомості құрастырған: _________________________________________________

      (заңды тұлғаның атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі / жеке тұлғаның аты, әкесінің аты

                        (бар болса), тегі, жеке сәйкестендіру нөмірі)

      Басшы ________________________________________ _______________

      (аты, әкесінің аты (бар болса),тегі)       (қолы)

      Ведомостің жасалған күні: 20___ жылғы "____" _______

  Әкімшілік-аумақтық
бірліктердің шекараларын
белгілеу және өзгерту
жөніндегі жобаларды
жасау қағидаларына
13-қосымша

      Нысан

Әкімшілік-аумақтық бірлік шекарасын белгілеудің (өзгертудің) жұмыс сызбасы

      _________________________________________________________________________

      (әкімшілік-аумақтық бірліктің атауы)



      Шектесу сипаттамасы:

      А-дан Б-ға дейін ____________________________________________________________

      (шектес әкімшілік-аумақтық бірліктің атауы)

      Б-дан А-ға дейін ____________________________________________________________

      (шектес әкімшілік-аумақтық бірліктің атауы)

      Құрастырған ________________________________________ __________ ____________

                        (орындаушының аты, әкесінің аты (бар болса),тегі) (қолы) (күні)

      Ескертпе: бұрылыс нүктелерінің өлшемдері мен координаттары әкімшілік-аумақтық бірліктің шекаралары қажеттілігіне қарай электрондық тахеометрлермен, жаһандық позициялау жүйесінің дәлдігі жоғары геодезиялық аспаптармен бөлу нұсқаларымен толықтырылады.

  Әкімшілік-аумақтық
бірліктердің шекараларын
белгілеу және өзгерту
жөніндегі жобаларды
жасау қағидаларына
14-қосымша

      Нысан

Әкімшілік-аумақтық бірліктің шекараларын белгілеу (өзгерту) актісі

      __________________________________________________________

      (әкімшілік-аумақтық бірліктің атауы)

      20__ жылғы ___ __________

      ________________________________________________________________________

      (жобаны әзірлеуді жүзеге асыратын жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса),

      тегі немесе заңды тұлғаның атауы)

      ___________________________________________________________________ сәйкес

                        (жұмыстарды жүргізу негізі)

      шектес әкімшілік-аумақтық бірліктердің мынадай өкілдерінің қатысуымен жергілікті жерде

      __________________________________________________________________________

                        (әкімшілік-аумақтық бірліктің атауы)

      шекараларды белгілеу (өзерту) жүргізілді:

Р/с №

Шектес әкімшілік-аумақтық бірліктің атауы

Шектес әкімшілік-аумақтық бірлік өкілінің аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, лауазымы

1



2



      1. Шектес әкімшілік-аумақтық бірліктердің өкілдері уақтысында шақырылды, бірақ келмеді :

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      2. Белгіленген (қалпына келтірілген) шекаралардың сипаттамасы (жергілікті белгілер мен бағдарлар бойынша шекараның өту сипатын көрсету және әрбір шектестік бойынша сипаттау):

      __________________________________________________________________________

      3. Жергілікті жерде жер учаскесінің шекарасын белгілеу кезінде қолданылған геодезиялық аспаптар:

      __________________________________________________________________________

      (аспап түрі, дәлдігі)

      4. Белгіленген (өзгертілген) шекаралар бойынша өкілдердің өтініші (келісуі немесе қарсылық)

      __________________________________________________________________________

      5. Қатысушыларға межелік белгілердің сақталуы туралы хабарланды.

      Акт үш данада жасалды, оның бір данасы жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органға беріледі, екінші данасы "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорацияның мұрағатына тапсырылады және үшінші данасы әкімшілік-аумақтық бірлік шекараларын белгілеу және өзгерту жөніндегі жобаны әзірлеушіде қалады.

      Орындаушы: ____________________________________ ____________________

      (аты, әкесінің аты (бар болса),тегі)             (қолы)

      Жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның өкілі:

      ____________________________________________ _____________________________

                        (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)             (қолы)

  Әкімшілік-аумақтық
бірліктердің шекараларын
белгілеу және өзгерту жөніндегі
жобаларды жасау қағидаларына
15-қосымша

      Нысан

Межелік белгілерді сақтауға тапсыру актісі

      20__ жылғы ___ _________

      Біз, төменде қол қоюшылар, _________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, лауазымы, жобаны әзірлеуді жүзеге асыратын жеке

      тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегінемесе заңды тұлғаның атауы )

      бір тараптан, және _________________________________________________________

      (жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның атауы)

      ___________________________________________________________________ атынан

      (уәкілетті өкілдің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      екінші тараптан, орындаушының тапсырғаны туралы межелік белгілерді сақтауға

      тапсырудың осы актісін жасадық, ал жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган

      __________________________________________________________________________

      (әкімшілік-аумақтық бірліктің атауы)

      _________________ шекарасы бойынша ______________дана жер учаскесінің

      шекараларын бекіту кезінде жергілікті жерде орнатылған межелік белгілерді

      (металл қазықшаларды) қабылдады

      Акт үш данада жасалды, оның бір данасы жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органға

      беріледі, екінші данасы "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорацияның

      мұрағатына тапсырылады және үшінші данасы әкімшілік-аумақтық бірлік

      шекараларын белгілеу және өзгерту жөніндегі жобаны әзірлеушіде қалады.

      Тапсырды ___________________________________________________ _____________

      (орындаушының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)             (қолы)

      Қабылдады __________________________________________________ _____________

                  (уәкілетті орган өкілінің аты, әкесінің аты (бар болса),тегі)             (қолы)