Әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін қызметті жүзеге асыруға рұқсаттар беру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 12 мамырдағы № 504 Қаулысы.

      "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 15-бабының 28) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 02.05.2023 № 392 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының әуе кемелерін тіркеу қағидалары бекітілсін.

      2. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әуе кемелерінің тізілімін жүргізу және Қазақстан Республикасы мемлекеттік әуе кемелерінің мемлекеттік тіркеу туралы куәлігін беру Ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2007 жылғы 23 шілдедегі № 210 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4879 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің қару-жарақ пен әскери техника жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 02.05.2023 № 392 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      5. Бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

Ә. Жақсыбеков


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ішкі істер министрі

      милиция генерал-майоры

      ___________Қ. Қасымов

      2011 жылғы 2 мамыр


      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық қауіпсіздік

      комитетінің төрағасы

      милиция генерал-майоры

      __________Н. Әбіқаев

      2011 жылғы 29 шілде

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2011 жылғы 18 мамырдағы
№ 220 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының әуе кемелерiн тiркеу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 02.05.2023 № 392 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы Қазақстан Республикасы мемлекеттiк авиациясының әуе кемелерiн тiркеу қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес әзiрлендi.

      Қағидалар Қазақстан Республикасы мемлекеттiк авиациясының әуе кемелерiн Қазақстан Республикасы мемлекеттiк авиация әуе кемелерiнің тiзiлiмiне (бұдан әрi – Тiзiлiм) тіркеу тәртiбiн және Қазақстан Республикасы мемлекеттiк авиациясының әуе кемелерiн тiркеу туралы хабарлама (бұдан әрi – Хабарлама) беру тәртiбiн айқындайды Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес үлгі бойынша.

      2. Қазақстан Республикасы мемлекеттiк авиациясының әуе кемелерi Тiзiлiмде тіркелуге жатады.

      3. Тiзiлiмдi жүргiзудi және Хабарлама берудi Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi Әуе қорғанысы күштерi бас қолбасшысының басқармасы (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) жүзеге асырады.

2-тарау. Әуе кемесiн тiркеу (шығару) және Хабарлама беру тәртiбi

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 02.05.2023 № 392 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Мемлекеттiк санатқа ауыстырылатын әуе кемесiн тiркеу үшiн қарамағына әуе кемесi келiп түскен мемлекеттiк орган (мекеме) уәкiлеттi органға мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес үлгі бойынша өтінімді;

      2) Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2011 жылғы 2 тамыздағы № 390 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мекемелер үшін бухгалтерлік құжаттама нысандары альбомының (бұдан әрі – альбом) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша әуе кемелерін қабылдау-тапсыру актісі (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7126 болып тіркелген);

      3) әуе кемесiн қабылдағанын (сатып алғанын) растайтын тиісті құжаттардың көшірмелерін;

      4) әуе кемелерiн әуе кемелерінің тиiстi тiзiлiмінен шығаруды растайтын құжатты (азаматтық әуе кемелерi және шетел мемлекеттерінiң әуе кемелерi үшiн).

      Ұсынылған құжаттар негiзiнде уәкiлеттi орган әуе кемесiн Тiзiлiмге енгiзедi және Хабарлама бередi.

      Мемлекеттiк авиацияның әуе кемесiн Тiзiлiмге енгiзу тиiстi құжаттарды қоса бере отырып, өтінім келіп түскен күнiнен бастап 5 жұмыс күнi iшiнде жүргiзiледi.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Қорғаныс министрінің 28.09.2020 № 480 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Әуе кемесiн Тiзiлiмнен шығару үшiн қарамағында әуе кемесi бар мемлекеттiк орган (мекеме) уәкiлеттi органға мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес үлгі бойынша өтінімді;

      2) Хабаламаны (түпнұсқасы);

      3) альбомның 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша әуе кемелерін қабылдау-тапсыру актісі;

      4) шетел мемлекетіне әуе кемесiн беруді (сатуды) немесе мемлекеттiк авиацияның әуе кемесiн азаматтық (эксперименттік) санатына ауыстыруды немесе мемлекеттiк авиацияның әуе кемесiн есептен шығаруды растайтын тиісті құжаттардың көшiрмелерiн.

      Ұсынылған құжаттар негiзiнде уәкiлеттi орган әуе кемесiн Тiзiлiмнен шығарады.

      Мемлекеттiк авиацияның әуе кемесiн Тiзiлiмнен шығару тиiстi құжаттарды қоса бере отырып, өтінім келіп түскен күнiнен бастап 5 жұмыс күнi iшiнде жүргiзiледi.

      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Қорғаныс министрінің 28.09.2020 № 480 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5-1. Тізілімге тіркелуге жататын ұшқышсыз әуе кемелері мынадай санаттарға бөлінеді:

      1) орындалатын міндеттердің арналуы мен түрі бойынша:

      жауынгерлік (соққы беретін) – авиациялық зақымдау құралдарымен соққы беру үшін арналған әуе кемелері;

      барлау – инфрақызыл және теледидарлық диапазондарда барлау, қадағалау құралдарымен әуеде барлау жүргізу және қашықтықты лазерлік метрлеу үшін арналған әуе кемелері;

      көп мақсатты – бір уақытта немесе ұшуға арналған тапсырмаға байланысты бірнеше міндетті шешу үшін арналған әуе кемелері;

      2) басқару қағидаты бойынша:

      автономды – оператордың араласуынсыз навигациялық кешенге енгізілген бағдарламаға сәйкес ұшу тапсырмасын орындайтын әуе кемелері;

      қашықтықтан басқару – жерүсті басқару станциясынан (басқару пунктінен) оператор басқаратын әуе кемелері;

      аралас – ұшуда оператор жерүсті басқару станциясынан (басқару пунктінен) автоматты түрде немесе көрсетілген тәсілдерді үйлестірумен басқаратын әуе кемелері;

      3) массалық-габариттік сипаттамалары бойынша:

      микро – барынша ұшу массасы 10 килограмм аз болатын әуе кемелері;

      шағын – барынша ұшу массасы 10 бастап 100 килограмм дейінгі әуе кемелері;

      орташа – барынша ұшу массасы 100 бастап 1 000 килограмм дейінгі әуе кемелері;

      ауыр – барынша ұшу массасы 1 000 килограммнан асатын әуе кемелері;

      4) ұшуды орындау биіктігі бойынша:

      шекті төмен биіктіктерде – жергілікті жер бедерінен немесе су бетінен 200 метрге дейінгіні қоса алғанда;

      төмен биіктіктерде – жергілікті жер бедерінен немесе су бетінен 200 бастап 1 000 метрге дейінгіні қоса алғанда;

      орташа биіктіктерде – теңіз деңгейінен 1 000 бастап 4 000 метрге дейінгіні қоса алғанда;

      үлкен биіктіктерде – теңіз деңгейінен 4 000 бастап 12 000 метрге дейінгіні қоса алғанда;

      стратосферада – теңіз деңгейінен 12 000 метрден жоғары.

      Ескерту. 2-тарау 5-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Қорғаныс министрінің 28.08.2017 № 499 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 02.05.2023 № 392 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      6. Хабарлама әуе кемесінің Тiзiлiмде тiркелгенiн растайтын құжат болып табылады. Хабарлама жоғалтылған немесе бүлінген кезде оның көшiрмесi берiледi. Көшiрменi алу үшiн уәкiлеттi органға Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес үлгі бойынша өтінімді ұсыну қажет.

      Әуе кемесіне Хабарламаның көшірмесін беру өтінім келіп түскен күннен бастап 5 жұмыс күнi iшiнде жүргiзiледi.

      Хабарламаның көшірмесін беру кезінде уәкiлеттi орган Тiзiлiмдегі Хабарламаның түпнұсқасын жою туралы тиісті жазбаны енгізеді.

      Хабарламаның көшірмесі "көшірме" белгісін және тіркеуші органның мөртаңбасын қоюмен Хабарламаның түпнұсқасының барлық мәтінін қамтуға тиіс.

      7. Әуе кемелерін Тізілімге тіркеуден (Тізілімнен алудан, Хабарлама телнұсқасын беруден) бас тарту үшін негіз осы Қағидалардың 4, 5 және 6-тармақтарына сәйкес құжаттар тізімін толық ұсынбау болып табылады.

      Ескерту. 2-тарау 7-тармақпен толықтырылды - ҚР Қорғаныс министрінің 28.09.2020 № 480 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
мемлекеттiк авиациясының әуе
кемелерiн тiркеу қағидаларына
1-қосымша
ҮЛГІ

ЕЛТАҢБА
Уәкілетті орган __________________________________________________________________________ Қазақстан Республикасы мемлекеттiк авиация әуе кемелерiнің тiзiлiмiне әуе кемелерін мемлекеттік тiркеу туралы ХАБАРЛАМА №_____

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 02.05.2023 № 392 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Мемлекеттiк авиация әуе кемесiнiң түрi Мемлекеттiк авиация әуе кемесiнiң толық зауыттық нөмірі Шығарылған жылы Мемлекеттiк және тiркеу тану белгiлерi *




      Пайдаланушы________________________________________________________

      Негіздеме____________________________________________________________

      Мемлекеттiк авиация әуе кемесi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес

      Қазақстан Республикасы мемлекеттiк авиациясы әуе кемелерiнiң тiзiлiмiнде

      тiркелгенiн куәландырады.

      __________________________ ____________ ________________________

      (уәкілетті органның басшысы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))

      Мөр орны

      20 ___ жылғы "___"___________

      Ескертпе: *Халықаралық аэронавигацияда қолданылатын мемлекеттік авиация әуе

      кемесі үшін толтырылады.

      (артқы жағы)

      ҮЛГІ

      МЕМЛЕКЕТТIК АВИАЦИЯНЫҢ ӘУЕ КЕМЕСIН БЕРУ ТУРАЛЫ БЕЛГI

      Пайдаланушы________________________________________________________

      Негіздеме____________________________________________________________

      __________________________ _________ ___________________________

      (уәкілетті органның басшысы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))

      Мөр орны

      20 ___ жылғы "___"___________

      Пайдаланушы________________________________________________________

      Негіздеме___________________________________________________________

      __________________________ ________ ___________________________

      (уәкілетті органның басшысы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))

      Мөр орны

      20 ___ жылғы "___"___________

      Пайдаланушы________________________________________________________

      Негіздеме____________________________________________________________

      __________________________ _________ ___________________________

      (уәкілетті органның басшысы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))

      Мөр орны

      20 ___ жылғы "___"___________

      Пайдаланушы________________________________________________________

      Негіздеме____________________________________________________________

      __________________________ _________ ___________________________

      (уәкілетті органның басшысы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))

      Мөр орны

      20 ___ жылғы "___"___________

  Қазақстан Республикасы
мемлекеттiк авиациясының әуе
кемелерiн тiркеу қағидаларына
2-қосымша
ҮЛГІ

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысына Қазақстан Республикасы мемлекеттiк авиациясының әуе кемелерін мемлекеттік тіркеу туралы
ӨТІНІМ

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 02.05.2023 № 392 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      ____________________________________________________________________

      (әуе кемесінің түрі)

      Зауыттық нөмірі______________________________________________________

      Шығарылған күні (әскери өкіл қабылдап алған күні)________________________

      ____________________________________________________________________

      (авиациялық қозғалтқыштардың түрі және олардың зауыттық нөмірі)

      _________________________________авиациялық қозғалтқыштары орнатылған

      _____________________________________________________________жататын

      (пайдаланушы және оның мекенжайы)

      __________________________________________________________келіп түскен

      ____________________________________________________________негізінде

      Қазақстан Республикасы мемлекеттiк авиациясы әуе кемелерiнiң тізілімінде тіркеуді

      сұраймын.

      Қосымша мәліметтер:

      1. Санаты (әуе кемесінің арналуы)__________________________________

      2. Ең ауыр ұшу салмағы, килограмм________________________________

      Қосымшалар:____________________________________________________

      ______________________ _______ ___________________________

      (мемлекеттік органның, (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты мекеменің басшысы) (бар болған

      жағдайда))

      Мөр орны

      20 ____жылғы "____" __________

  Қазақстан Республикасы
мемлекеттiк авиациясының әуе
кемелерiн тiркеу қағидаларына
3-қосымша
ҮЛГІ

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысына Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясы әуе кемелерiнiң тiзiлiмiнен мемлекеттiк авиациясы әуе кемесiн шығару туралы
ӨТІНІМ

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 02.05.2023 № 392 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      ___________________________________________________________________жататын

      (пайдаланушы және оның мекенжайы)

      __________________________________________________________________________

      (әуе кемесінің түрі)

      Зауыттық нөмірі____________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (авиациялық қозғалтқыштардың түрі және олардың зауыттық нөмірі)

      _______________________________________авиациялық қозғалтқыштары орнатылған

      Мемлекеттiк авиациясы әуе кемесiн Қазақстан Республикасы мемлекеттiк авиациясы

      әуе кемелерiнiң тізіліміне мемлекеттік тiркеу туралы 20 ___жылғы "__"___________

      берілген № ______ хабарлама

      мемлекеттік және тіркеу тану белгілері_______________________________________

      ________________________________________________________________________

      ______________________________________________________________байланысты

      Қазақстан Республикасы мемлекеттiк авиациясы әуе кемелерiнiң тiзiлiмiнен шығаруын сұраймын.

      Қосымша мәліметтер:

      1. Санаты (әуе кемесінің арналуы)__________________________________

      2. Ең ауыр ұшу салмағы, килограмм ________________________________

      Қосымшалар: ___________________________________________________

      ___________________________ _____ _______________________________________

      (уәкілетті органның басшысы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))

      Мөр орны

      20 ____жылғы "______" _______

  Қазақстан Республикасы
мемлекеттiк авиациясының әуе
кемелерiн тiркеу қағидаларына
4-қосымша
ҮЛГІ

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысына Қазақстан Республикасы мемлекеттiк авиациясы әуе кемелерiнiң тізіліміне әуе кемесiн мемлекеттік тiркеу туралы хабарламаның көшірмесін алуға
ӨТІНІМ

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің 02.05.2023 № 392 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      ____________________________________________________________________

      (әуе кемесінің түрі, борттық нөмірі)

      әуе кемесінің Қазақстан Республикасы мемлекеттiк авиациясы әуе кемелерiнiң

      тізіліміне мемлекеттік тiркеу туралы 20___жылғы "___"_________ № ________

      хабарламаны ауыстыруды (телнұсқа беруді) сұраймын.

      Ауыстыру (телнұсқа беру) себебі________________________________________

      ____________________________________________________________________.

      Куәлікті жоғалтуға, зақымдауға (бүлдіруге) әкеп соқтырған жағдайлар

      _____________________________________________________________________.

      Әуе кемесі туралы деректер:

      Әуе кемесінің түрі_____________________________________________________

      Зауыттық нөмірі ______________________________________________________

      Шығарылған күні (әскери өкілдің қабылдап алған күні) _____________________

      Қондырылған қозғалтқыштар ___________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (авиациялық қозғалтқыштардың түрі мен зауыттық нөмірі)

      Санаты (әуе кемесінің арналуы)___________________________________________

      Ең ауыр ұшу салмағы, килограмм__________________________________________

      _________________________________________________________________тиесілі

      (пайдаланушы және оның мекенжайы)

      ____________________________________________________________келіп түскен

      _______________________________________________________________негізінде.

      Қосымшалар:___________________________________________________________

      _____________________ _______ __________________________________________

      (мемлекеттік органның, (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты мекеменің басшысы) (бар болған жағдайда))

      Мөр орны

      20 ____жылғы "___" _________