БҰЙЫРАМЫН:
1. "Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 27 қаңтардағы № 45 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31809 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясына оқуға қабылдау қағидаларында:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша магистратураға, оның ішінде қашықтан оқытуға жоғары білім берудің білім беру бағдарламаларын меңгерген және құқық қорғау органдарында кемінде бір жыл практикалық жұмыс өтілі бар Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлері және әскери қызметшілері қабылданады.
Бейіндік бағыт бойынша магистратураға, оның ішінде қашықтан оқытуға жоғары білім берудің білім беру бағдарламаларын меңгерген және құқық қорғау органдарында кемінде екі жыл практикалық жұмыс өтілі бар Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлері және әскери қызметшілері қабылданады.
Ғылыми-педагогикалық және бейіндік бағыттар бойынша магистратураға, оның ішінде қашықтан оқытуға жоғары білім берудің білім беру бағдарламаларын меңгерген Қазақстан Республикасының азаматтары және шетел азаматтары қабылданады.";
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша докторантураға, оның ішінде қашықтан оқытуға құқық қорғау қызметіңде кемінде бес жыл немесе мемлекеттік қызметте кемінде бес жыл, оның ішінде құқық қорғау органдарында лауазымдарда кемінде үш жыл өтілі бар және "магистр" дәрежесі бар Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлері және әскери қызметшілері қабылданады.
Бейіндік бағыттағы магистратураны бітірген адамдар ғылыми-педагогикалық магистратураның педагогикалық бейіндегі жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламасын олар қосымша игерген кезде қабылданады.
Бейіндік докторантураға, оның ішінде қашықтан оқытуға құқық қорғау қызметінде кемінде бес жыл немесе мемлекеттік қызметте кемінде бес жыл, оның ішінде құқық қорғау органдарында лауазымдарда кемінде үш жыл өтілі бар және "магистр" дәрежесі бар немесе бейіндік магистратураға теңестірілген арнайы жоғары білімді меңгерген Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлері және әскери қызметшілері қабылданады.
Ғылыми-педагогикалық және бейіндік бағыттағы докторантураға, оның ішінде қашықтан оқытуға "магистр" дәрежесі немесе бейіндік магистратураға теңестірілген арнайы жоғары білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары және шетел азаматтары қабылданады.";
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Қабылдау комиссиясы:
1) осы Қағидалардың 15 және 16-тармақтарында көрсетілген ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді және үміткерлердің осы Қағидалардың 8 және 9-тармақтарының талаптарына сәйкестігін айқындайды.
2) оқуға түсуге үміткерлердің тізімін қалыптастырады;
3) емтихандық комиссия жұмысының нәтижелерін ескере отырып, Академияның магистранттары мен докторанттарының қатарына қабылдау туралы мәселені қарастырады;
4) оқуға үміткерлерді қабылдау қорытындыларын талдайды және жұмысты одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстарды қалыптастырады.".
2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы (бұдан әрі – Академия):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Академияның ректорына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры |
Б. Асылов |