Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының білім беру қызметі мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2018 жылғы 4 желтоқсандағы № 134 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 5 желтоқсанда № 17866 болып тіркелді.

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-1-бабына және Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 30 маусымдағы Заңының 37-бабының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Бас Прокуроры
Қ. Қожамжаров

  Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2018 жылғы 4 желтоқсандағы
№ 134 бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. Күші жойылды - ҚР Бас Прокурорының 27.01.2023 № 45 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. "Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында оқу процесін, оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік қызметті ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2016 жылғы 31 наурыздағы № 55 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13671 болып тіркелген, 2016 жылғы 13 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында оқу процесін, оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік қызметті ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларында:

      3-тармақта:

      4) және 5) тармақшалар алып тасталсын;

      8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) оқытушының басшылығымен жүргізілетін білім алушының өзіндік жұмысы (бұдан әрі – ОБӨЖ) – бекітілген кесте бойынша оқытушының басшылығымен жүргізілетін, оқу сабақтарының жалпы кестесіне кіретін білім алушының аудиториялық жұмысы және ол оқытушының басшылығымен жүргізілетін магистранттың өзіндік жұмысы (бұдан әрі – ОМӨЖ) немесе оқытушының басшылығымен жүргізілетін докторанттардың өзіндік жұмысы (бұдан әрі – ОДӨЖ) болып бөлінеді.";

      5-тармақта:

      5), 6), 8), 11) тармақшалар алып тасталсын;

      6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Академиядағы оқу жылы тиісті жылдың 1 қыркүйегінен басталады және академиялық күнтізбеге сәйкес аяқталады.

      7. Білім алушыларды оқу сабақтарынан босату академияның Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институты (бұдан әрі – ЖОКБИ) директорының жазбаша рұқсатымен жүргізіледі.";

      10, 11, 12, 13, 14, 15, 16-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17669 болып тіркелген) (бұдан әрі – МЖМБС) талаптарына сәйкес Академия оқу нәтижелерін көрсететін жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын дербес әзірлейді, олардың негізінде пәндер бойынша жұмыс оқу жоспарлары мен оқу жұмыс бағдарламалары (бұдан әрі – ОЖБ) әзірленеді.

      11. Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары модульдік оқыту қағидаты бойынша әзірленеді.

      12. Оқу пәндерінің мазмұны ОЖБ анықталады.

      ОЖБ білім беру бағдарламасының барлық пәндері бойынша әзірленеді, ОӘК отырысында қарастырылады және оқу-әдістемелік жұмыс мәселелеріне жетекшілік ететін проректормен бекітіледі.

      13. ОЖБ оқу жылы басталғанға дейін электронды және қағаз тасымалдағыштарда әзірленеді.

      14. ОЖБ-ны:

      1) негізгі бетті;

      2) оқытушы туралы мәліметтерді;

      3) пәннің сипаттамасын (пәнді оқудың мақсатын, міндеттерін, білім алушылардың біліміне, шеберлігіне, дағдылары мен құзыреттеріне қойылатын талаптарды, пререквизиттерді және постреквизиттерді);

      4) пәнді оқытудың тақырыптық жоспарын (дәрістерді, семинарлық (практикалық) сабақтарды – кесте түрінде);

      5) пәннің мазмұнын (дәріс, семинар (практикалық) сабақтарының сұрақтарын, ОМӨЖ, ОДӨЖ үшін тапсырмаларды, олардың сағатпен көлемін);

      6) оқытушының талаптарын, саясатты және рәсімдерді;

      7) білім алушылардың білімін бағалау өлшемшарттарын;

      8) әдебиеттер тізімін: негізгі және қосымша құрайды.

      15. Дәрістік кешен (дәріс тезистері), білім алушылардың оқу жетістіктерін бақылау және бағалау бойынша материалдар (жазбаша бақылау тапсырмалары, тест тапсырмалары, өзіндік дайындыққа арналған сұрақтар тізімі және басқалар), оқу сабақтарын бағдарламалық және мультимедиялық сүйемелдеу (пәннің мазмұнына байланысты), мамандандырылған аудиториялар, кабинеттер тізбесі ЖОКБИ кафедраларында оқытушыда қағаз тасымалдағышта сақталады.

      16. Осы Қағиданың 12, 15 және 22-тармақтарында көрсетілген құжаттардың электрондық нұсқалары тиісті пәндер оқытушыларымен оқу жылы басталғанға дейін оқу процесін автоматтандыруды қамтамасыз ететін ақпараттық жүйеге енгізіледі.";

      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Академия магистранттар мен докторанттарды даярлауды:

      1) үлгілік оқу жоспарына (бұдан әрі – ҮОЖ);

      2) оқу жұмыс жоспарына;

      3) магистранттың және докторанттың жеке жұмыс жоспарына (бұдан әрі-МЖЖЖ/ДЖЖЖ) сәйкес жүзеге асырады.";

      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Оқу жұмыс жоспарлары (бұдан әрі - ОЖЖ) ҮОЖ негізінде оқудың барлық кезеңіне әзірленеді және Академия ректорымен бекітіледі.

      ОЖЖ-да:

      1) пәндер тізбесі және олардың кредитпен еңбек сыйымдылығы;

      2) оқу тәртібі, оқу сабақтарының түрлері және бақылау нысандары;

      3) оқу қызметінің басқа да түрлері (практика, магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысы, магистранттың ғылыми-эксперименттік жұмысы), тағылымдама, кешенді емтихан, магистрлік диссертацияны ресімдеу және қорғау және т.б.) анықталады.

      ОЖЖ сабақ кестесін құруға және оқытушының оқу жұмысының еңбекті қажетсінуін есептеу үшін негіз болып табылады.";

      25-тармақ алып тасталсын;

      26, 27, 28, 29, 30-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "26. ОЖЖ нысаны, құрылымы және әзірлеу тәртібі Академия дербес анықтайды.

      27. Магистрант және докторант МЖЖЖ/ДЖЖЖ негізінде оқиды, ол ғылыми жетекшінің (консультанттың) басшылығымен құрылады.

      28. МЖЖЖ/ДЖЖЖ оқудың барлық кезеңіне жасалады және мынадай бөлімдерді қамтиды:

      1) ғылыми-зерттеу, эксперименттік-зерттеу жұмысы (тақырыбы, зерттеу бағыты, есептілік мерзімі мен нысаны);

      2) практика, тағылымдама (бағдарлама, база, есептілік мерзімі мен нысаны);

      3) негіздемесі мен құрылымы бар диссертацияның (жобаның) тақырыбы;

      4) диссертацияны (жобаны) орындау жоспары;

      5) ғылыми жарияланымдардың жоспары, ғылыми-практикалық (ғылыми-теориялық конференцияларға) қатысу және басқалар.

      6) МЖЖЖ/ДЖЖЖ белгіленген мерзімде орындалғаны туралы белгі;

      7) диссертацияны (жобаны) дайындау;

      8) диссертацияның (жобаның) нәтижелерін практикалық, педагогикалық және ғылыми қызметке енгізу;

      9) аралық және қорытынды аттестаттаудан өту: кешенді емтихан тапсыру, диссертацияны (жобаны) қорғау және басқалар.

      29. МЖЖЖ/ДЖЖЖ ЖОКБИ директорымен үш данада бекітіледі: біреуі - білім алушының оқу ісінде сақталады, екіншісі – кафедраларға (орталықтарға) беріледі және МЖЖЖ/ДЖЖЖ уақтылы және сапалы орындалуын бақылауды жүзеге асыру үшін негіз болады; үшіншісі – магистрантқа және докторантқа тапсырылады.

      30. Магистрлік және докторлық диссертация (жоба) тақырыптарын белгілеу тәртібі, ғылыми жетекші (кеңесші) тағайындау МЖМБС талаптарына сәйкес анықталады.

      Магистрлік диссертацияның (жобаның) мазмұнына және ресімделуіне, оларды дайындау және қорғауға талаптар Академиямен дербес анықталады.";

      мынадай мазмұндағы 30-1 тармақпен толықтырылсын:

      "30-1. Жыл сайын оқу жылы аяқталғаннан кейін магистрант және докторант жеке жұмыс жоспарын орындау тұрғысынан академиялық аттестаттаудан өтеді. Магистрантты және докторантты академиялық аттестаттаудан өткізу тәртібі Академия дербес анықтайды.

      Магистрант және докторант жеке жұмыс жоспарымен қарастырылған іс-шараларды белгіленген мерзімде орындамаған жағдайда, Академияның Ішкі тәртіп қағидаларымен орнатылған тәртіпте оған шаралар қолданылуы мүмкін.";

      46-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "46. Оқу-әдістемелік құжаттама Академияның тиісті құрылымдық бөлімшелерімен әзірленеді, кафедра, ОӘК отырыстарында талқылаудан өтеді және олардың оң қорытындысына ие болған соң ЖОКБИ директорымен бекітіледі.";

      1-қосымша осы Тізбеге 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      3. "Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында білім беру технологияларын қолдана отырып оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2016 жылғы 31 наурыздағы № 57 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 13672 болып тіркелген, 2016 жылғы 13 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында білім беру технологияларын қолдана отырып оқу процесін ұйымдастыру қағидаларында:

      мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын;

      "4-1. Академияда ҚБТ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру және қосымша білім беру бағдарламалары бойынша білім алушыларға, тыңдаушыларға қатысты қолданылады.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Міндетті жиынтық:

      1) жұмыс оқу жоспарларынан;

      2) жұмыс оқу бағдарламаларынан;

      3) дәрістердің, видеодәрістердің электрондық конспектілерінен;

      4) практикалық және семинар сабақтарының материалдарынан;

      5) білім алушының өзіндік жұмысы және оқытушының басшылығымен өзіндік жұмыстарына арналған тапсырмалардан;

      6) аралық бақылауды ұйымдастыру материалдарынан (бақылау жұмыстары, тестілеу тапсырмалары, жеке тапсырмалар);

      7) қорытынды бақылау ұйымдастыру материалдарынан (тестілеу емтихан тапсырмалары, емтихан сұрақтары, билеттер, емтихандық бақылау жұмыстары);

      8) қашықтықтан консультациялар жүргізу кестесінен тұрады.";

      22-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) білім алушы мен оқытушының тікелей, сондай-ақ телекоммуникациялық құралдарды пайдаланумен оn-line режимінде қатынасы;".

      4. "Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында ауыстыру және қайта қабылдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2016 жылғы 31 наурыздағы № 59 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13656 болып тіркелген, 2016 жылғы 13 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында ауыстыру және қайта қабылдау қағидаларында:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Академияға шетелдік білім беру ұйымынан ауыстыру немесе қайта қабылдау кезінде мынадай құжаттар ұсынылады:

      1) меңгерілген оқу бағдарламалары туралы құжат (академиялық анықтама немесе транскрипт);

      2) білім берудің алдыңғы деңгейін аяқтағаны туралы құжат, ол Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2008 жылғы 10 қаңтардағы № 8 бұйрығымен бекітілген Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау қағидаларымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5135 болып тіркелген) белгіленген тәртіпте, нострификациялау рәсімінен өтеді;

      3) шетелдік білім беру ұйымына түсу кезінде түсу сынақтарының нәтижесі.";

      14-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Жұмыс оқу жоспарлары пәндеріндегі академиялық айырмашылықты жою білім алушымен Академияның Жоғары оқу орнынан кейін білім беру институтының (бұдан әрі - ЖОКБИ) оқу-әдістемелік жұмыс бөлімшесімен әзірленетін және Академияның жетекшілік ететін проректорымен бекітілген жеке кесте бойынша жүзеге асырылады.";

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Академияға ауыстыру тәртібі бойынша оқуға қабылдау Академияның бірінші проректорымен, ЖОКБИ директорымен және ЖОКБИ оқу-әдістемелік жұмыс бөлімшесінің басшысымен алдын ала келісілгеннен кейін Академия ректорының бұйрығымен ресімделеді.";

      23, 24-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. ЖОКБИ-дың оқу-әдістемелік жұмыс бөлімшесі күнтізбелік үш күн аралығында ұсынылған анықтама (транскрипт) көшірмесінің негізінде жұмыс оқу жоспарларындағы пәндердің академиялық айырмашылығы, пәннің мазмұны мен көлеміне сәйкес келген жағдайда меңгерілген кредиттерді қайта есептейді және меңгерілген пререквезиттерге сәйкес оқу курсын белгілейді.

      24. Академияға қайта қабылдау тәртібі бойынша оқуға қабылдау жетекшілік ететін проректормен, ЖОКБИ директорымен, ЖОКБИ-дың оқу-әдістемелік жұмыс бөлімшесі басшысымен алдын ала келісілгеннен кейін Академия ректорының бұйрығымен ресімделеді.".

      5. "Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында білім алушылардың кәсіптік практикасын және тағылымдамасын ұйымдастыру және одан өту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2016 жылғы 31 наурыздағы № 60 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13657 болып тіркелген, 2016 жылғы 13 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында білім алушылардың кәсіптік практикасын және тағылымдамасын ұйымдастыру және өту қағидаларында:

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Кәсіптік практика білім беру бағдарламасының міндетті компоненті болып табылады, академиялық күнтізбеге сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17669 болып тіркелген) (бұдан әрі – МЖМБС) талаптарына сәйкес анықталады және мынадай түрлерге бөлінеді: педагогикалық, зерттеу, кәсіптік.";

      мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:

      "8-1. Оқу процесін ұйымдастыру кезінде кәсіптік практиканы академиялық кезеңнен тыс та, академиялық кезеңмен қатар да енгізуге болады.";

      10-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Кәсіптік практика Академия ректорының бұйрығымен ЖОКБИ-дың тиісті кафедрасына бекітіледі (бұдан әрі – жауапты кафедра).";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Кәсіптік практика Академия және практика базалары арасында практика басталардан кемінде бір ай бұрын жасалған шарттар (меморандумдар, келісімдер) негізінде өткізіледі.";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Кәсіптік практиканы өткізу үшін ЖОКБИ-дың директоры практика басталар алдында кемінде бір ай бұрын практика базаларымен келісілген бағдарламаны және күнтізбелік кестелерді бекітеді.";

      27, 28-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "27. Білім алушылар үшін педагогикалық практика 3 кредиттен кем емес көлемде ұйымдастырылады.

      28. Педагогикалық практика шарттар (меморандумдар, келісімдер) жасалған ЖОО-да өткізіледі. Докторанттар үшін педагогикалық практиканы ЖОКБИ-дың базасында өтуге болады.";

      33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "33. Білім алушылар үшін зерттеу практикасы 3 кредиттен кем емес көлемде ұйымдастырылады.";

      36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "36. Зерттеу практикасының базалары:

      1) Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығында тіркелген немесе Академияның Ғылыми кеңесінің шешімімен бекітілген тақырыптар бойынша ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ЖОКБИ-дың кафедралары;

      2) Академияның ведомствоаралық ғылыми-зерттеу институты;

      3) ғылыми-зерттеу орталықтары, ЖОО институттары;

      4) ведомстволық ЖОО ғылыми-зерттеу институттары болып табылады.";

      мынадай мазмұндағы 45-1-тармақпен толықтырылсын:

      "45-1. Тағылымдаманы оқу процесінен қол үзбей теориялық білім алу кезеңінде өтуге рұқсат етіледі.";

      47, 48, 49, 50, 51, 52-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "47. Тағылымдама мемлекеттік және құқық қорғау органдарында, білім беру және (немесе) ғылыми ұйымдарында және (немесе) шетел мемлекеттерінде (бұдан әрі - тағылымдама базалары) диссертациялық зерттеу тақырыптары немесе білім алушылардың жеке шақырулары есепке алынып жүргізіледі.

      Білім алушылар үшін ғылыми ұйымдарда және (немесе) тиісті салалар немесе қызмет аяларының ұйымдарында, сонымен бірге шетелде ғылыми тағылымдаманы міндетті түрде өту қарастырылады.

      Шетел мемлекеттеріндегі тағылымдама базаларының тізімі Академияның халықаралық ынтымақтастық бөлімшесімен (бұдан әрі – бөлімше) білім алушылардың жеке шақыртуларын ескере отырып құрастырылады.

      Мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы, білім беру және (немесе) ғылыми ұйымдарындағы тағылымдама базаларының тізімі жауапты кафедрамен құрылады және Оқу-әдістемелік кеңесте бекітіледі.

      48. Тағылымдама базалары білім беру бағдарламаларының ғылыми бағытына, диссертациялық зерттеу тақырыбына, материалдық-техникалық базаға сәйкес, сондай-ақ білікті профессорлық-оқытушылық құрамды, ғылыми қызметкерлерді және практикалық қызметкерлерді ескере отырып анықталады.

      49. Білім алушы тағылымдамадан өту үшін ғылыми жетекшінің (ғылыми кеңесшінің) қатысуымен осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жоспар жасайды, ол тағылымдама базасымен келісіледі және жауапты кафедра отырысында қаралады.

      Білім алушы шетелдік тағылымдамадан өту кезінде тағылымдамадан өту жоспарын шетелдік тағылымдамадан өту базасымен тағылымдаманың кезеңін, мерзімін, орнын және тақырыбын келісу үшін бөлімшеге береді.

      50. Тағылымдамадан өту базасымен білім алушыларды тағылымдамаға қабылдау расталған жағдайда, жоспар Академия ЖОКБИ-ы директорымен бекітіледі.

      Шетелдік тағылымдамадан өту кезінде бекітілген жоспар бөлімшеге тағылымдаманың болжамды кезеңіне дейін кемінде 4 апта (таяу шетел) және 6 апта (алыс шетел) бұрын жіберіледі.

      51. Білім алушы Академияның ЖОКБИ оқу-әдістемелік жұмыс бөлімшесіне мынадай құжаттарды:

      1) Академия ректорының атына ғылыми жетекшінің/кеңесшінің, кафедра меңгерушісінің, ЖОКБИ директорының және Академияның жетекшілік ететін проректорының қолы бар баянат;

      2) тағылымдамадан өту үшін тағылымдамадан өту базасынан мемлекеттік немесе орыс тілдеріне аудармасы бар шақыру-хаттың көшірмесі (қажет болған жағдайда);

      3) тағылымдамадан өту жоспарын ұсынады.

      52. Академия ректоры оң шешім қабылдағаннан кейін, үш жұмыс күні ішінде ЖОКБИ-дың оқу-әдістемелік жұмыс бөлімшесіне білім алушыны тағылымдамаға жіберу туралы бұйрықты Академия ректорына қол қоюға енгізеді.";

      57, 58-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "57. Білім алушылар тағылымдаманы аяқтағаннан кейін ЖОКБИ-дың оқу-әдістемелік жұмыс бөлімшесіне тағылымдамадан өткенін растайтын құжатты (сертификат, куәлік, анықтама және т.б.) ұсынады.

      58. Білім алушы тағылымдама аяқталғаннан кейін бес жұмыс күні өткеннен соң, осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тағылымдамадан өткені туралы есеп жасайды.

      Есеп ғылыми жетекшімен (кеңесшімен), жауапты кафедра меңгерушісімен расталады және ЖОКБИ-дың оқу-әдістемелік жұмыс бөлімшесіне өткізіледі.

      Білім алушының тағылымдама нәтижелері туралы есебін жауапты кафедра меңгерушісі және оның оқытушылары арасынан ЖОКБИ директорымен құрылған комиссия қарайды.

      Есепті қорғау үшін білім алушы комиссия отырысына шақырылады. Есепті қорғау нәтижелері бағалаудың балдық-рейтингтік әріптік жүйесіне сәйкес бағаланады.

      Комиссия шешімі хаттамамен ресімделеді.".

      6. "Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында оқу басылымдары мен оқу-әдістемелік кешендерді дайындау, сараптау, сынамақтан өткізу, басып шығару және оларға мониторинг жүргізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2016 жылғы 31 наурыздағы № 61 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13658 болып тіркелген, 2016 жылғы 13 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында оқу басылымдары мен оқу-әдістемелік кешендерді дайындау, сараптау, сынамақтан өткізу, басып шығару және оларға мониторинг жүргізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру қағидаларында:

      3-тармақтың 6)тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      6) оқулық басылымдарына, оқу-әдiстемелiк кешендеріне сараптама – мазмұны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17669 болып тіркелген) (бұдан әрі – МЖМБС) , үлгілік оқу жоспарының және үлгілік оқу бағдарламаның ның талаптарына, оқыту, тәрбиелеу және дамыту мақсаттарына, қазіргі заманғы ғылыми түсініктерге және ғылымның психологиялық-педагогикалық талаптарына сәйкестілік бағасы;

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Дайындалған оқу басылымдары мен ОӘК академияның жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының (бұдан әрі – ЖОКБИ), кәсіби деңгейді арттыру институтының (бұдан әрі – КДАИ) тиісті кафедрасының, Академияның ведомствоаралық ғылыми-зерттеу институтының (бұдан әрі – ВҒЗИ) орталығының тиісті отырыстарында қарастырылады.

      Оқу басылымдарын және ОӘК қарау барысында Академияда оларда сәйкестіктің бар болуы тұрғысынан Академия ректорының бұйрығымен белгіленген тәртіпте тексеріледі.";

      мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:

      "7-1. Оқу басылымдарын, ОӘК қарастыру нәтижесі бойынша Академияның ЖОКБИ, КДАИ-дың кафедралары, ВҒЗИ орталығы мынадай:

      1) оқу басылымын, ОӘК ғылыми және педагогикалық сараптамаға жіберу туралы;

      2) оқу басылымын, ОӘК пысықтау туралы шешімдердің бірін қабылдайды.

      Оқу басылымын, ОӘК пысықтау туралы шешім, егер тексеру нәтижесі оларда Академия ректорының бұйрығымен белгіленген сәйкестіктің рұқсат етілген деңгейінен кем болған жағдайда қабылданады.

      Кафедра, орталық отырысы хаттамасының көшірмесі авторға (авторлық ұжымға) шешім шығарылғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде жіберіледі.";

      10, 11, 12 -тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Сараптаманы Академияның редакциялық-баспа қызметін ұйымдастыру мәселелеріне жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшесі (бұдан әрі – бөлімше) ұйымдастырады.

      11. Автор (авторлық ұжым) оқулық басылымына және ОӘК сараптау жүргізу үшін бөлімшеге мынадай материалдарды жолдайды:

      1) авторы (авторлық ұжым), титулды бетіне сәйкес атауы, тілі, басылымнан шығу жылы көрсетілген оқулық басылымына, ОӘК сараптау жүргізу туралы баянатты (өтінішті);

      2) ЖОКБИ, КДАИ кафедраларының, ВҒЗИ орталығы отырысының хаттамасынан көшірме;

      3) оқулық басылымының, ОӘК екі данасы немесе электронды оқулық басылымы үшін CD (DVD)-дискісі;

      4) басылымның негізгі тұжырымдамалық ойларын, әзірленуінің өзектілігін, МЖБС, үлгілік оқу бағдарлама талаптарының іске асуын, ал қайта басылып шығарылатын оқулық басылымдары үшін – автормен (авторлық ұжыммен, әзірлеушімен) енгізілген өзгерістері мен толықтыруларын қамтитын оқу басылымына, ОӘК түсіндірме жазба;

      5) екі сын-пікір – ішкі және сыртқы;

      6) электронды оқулық басылымдары, ОӘК үшін - орнату бойынша нұсқаулық және пайдаланушы үшін басшылыққа алынатын еркін нысандағы нұсқаулық;

      7) Академияның оқу басылымын оларда сәйкестіктің бар-жоғына тексеру нәтижесі туралы анықтама, есеп.

      12. Оқу басылымдарына, ОӘК сараптама жүргізу үшін бөлімшемен ғылыми дәрежесі (ғылым кандидаты, ғылым докторы) немесе (PhD) философия докторы дәрежесі бар Академияның профессор-оқытушылық құрамының, қызметкерлерінің және оқу басылымы әзірленген саланың мамандары болып табылатын практикалық қызметкерлер қатарынан үш адамнан аспайтын сарапшылар тартылады.";

      14, 15-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Бір оқу басылымының, ОӘК сараптамасы, тиісті шешім қабылданғаннан кейін алпыс жұмыс күні ішінде Академияның ЖОКБИ, КДАИ кафедраларының, ВҒЗИ орталығының отырысында ұйымдастырылады.

      15. Сараптамалық қорытындыда мынадай шешімдердің бірі көрсетіледі:

      1) басылымға және (немесе) оқу процесінде пайдалануға ұсынылады;

      2) пысықтауды талап етеді;

      3) басылымға және/немесе оқу процесінде пайдалануға ұсынылмайды.";

      17, 18-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. ОӘК сарапшыларының оң қорытындысы негізінде Академияның Ғылыми кеңесі оқу басылымын, ОӘК баспаға және/немесе оқу процесінде пайдалануға ұсынады.

      18. Автор (авторлық ұжым) сараптама нәтижелерімен келіспеген жағдайда, Академияның ЖОКБИ, КДАИ кафедраларының, ВҒЗИ орталығының шешімі бойынша оқу басылымдарына, ОӘК қосымша сараптама жүргізіледі, оны жүргізу осы Қағидалардың 12-тармағына сәйкес өзге сарапшыларға тапсырылады.

      Қосымша сараптаманы бөлімше ұйымдастырады.".

      7. "Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, оларға аралық және қорытынды аттестаттау жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2016 жылғы 31 наурыздағы № 64 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13660 болып тіркелген, 2016 жылғы 13 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, оларға аралық және қорытынды аттестаттау жүргізу қағидаларында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Оқу үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау білім алушылардың білім беру бағдарламаларын және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17669 болып тіркелген) (бұдан әрі – МЖМБС) меңгеру деңгейін анықтау мақсатында өткізіледі.

      6-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Оқу сабақтарын өткізуге қатыспаған тұлғалардың ағымдағы бақылауға қатысуына Академияның жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институты (бұдан әрі – ЖОКБИ) директорының жазбаша рұқсатынсыз жіберілмейді.";

      мынадай мазмұндағы 11-1-тармақпен толықтырылсын:

      "11-1. Әрбір оқу пәні бір академиялық кезеңде оқытылады және қорытынды бақылаумен (емтиханмен) аяқталады.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Емтихандар Академияның ЖОКБИ оқу-әдістемелік жұмыс бөлімшесі жасайтын кестеге сәйкес тапсырылады. Емтихан кестесін ЖОКБИ директоры бекітеді және емтихан сессиясы басталғанға дейін он жұмыс күнінен кешіктірілмей білім алушылар мен оқытушылардың назарына жеткізіледі.":

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Аралық бақылау мен емтихандардың өткізу кезінде Академия басшылығы, сонымен қатар ғылыми-білім қызметін мониторингтеу және сапасын бағалау бөлімшесінің қызметкерлерінен басқа, өзге тұлғалардың қатысуына ЖОКБИ директорының жазбаша рұқсатынсыз жол берілмейді.";

      17-тармақ алынып тасталсын;

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Емтихандар жазбаша, ауызша, тестілеу немесе аралас түрде жүргізіледі.

      Тестілеу түрінде екі және одан да көп пән бойынша олардың бейіндік және туыстық қағидасын сақтай отырып кешенді емтихан белгілеуге болады.

      Оқытушы әрбір оқу пәні бойынша емтиханды өткізу нысаны мен тәртібін кафедра және Академияның оқу-әдістемелік кеңесі отырысының шешімі негізінде емтихан өткізуден бір ай бұрын мерзімінен кешіктірмей дербес белгілейді.";

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Емтихандағы білім алушының үлгерімі халықаралық тәжірибеде қабылданған сандық баламасы бар әріптік жүйеге (оң бағалар, кему шамасына қарай, "А"-дан "D" – ге дейін, және "қанағаттанарлықсыз" - "FХ", "F",) және дәстүрлі жүйе бойынша бағаға сәйкес келетін 100 балдық шкала бойынша бағаланады. Емтихан нәтижелері емтихан ведомосына жазылады.";

      25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. Білім алушыға аралық аттестаттау кезінде оқу пәні (модуль) бойынша емтиханды екі реттен артық емес қайта тапсыруға жол беріледі.

      "Қанағаттанарлықсыз" бағасынан оң бағаға емтиханды қайта тапсыру үшін білім алушы академиялық кезең аяқталысымен пәнді өздігінен оқып, рұқсат алады және қорытынды бақылауды тапсырады.

      Үшінші рет "қанағаттанарлықсыз" бағаға сәйкес келетін FX немесе F бағасын алғанда, білім алушы қаншалықты "қанағаттанарлықсыз" бағасын алуына қарамастан Академиядан академиялық үлгермегені үшін оқудан шығарылады.";

      27-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Оқудың қосымша түрлерінің пәндері бойынша емтихан нәтижелері емтихан ведомосы мен транскриптке енгізіледі.";

      28-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Сырқат болуы және басқа дәлелді себептері болған жағдайда ЖОКБИ директоры бекітетін жеке емтиханды тапсыру кестесі жасалады. Дәлелді себептері болмаған жағдайда емтиханға келмеу "қанағаттанарлықсыз" бағасына теңестіріледі. "Қанағаттанарлықсыз" бағасынан оң бағаға қайта тапсырудың тәртібі осы Қағидалардың 25-тармағында анықталған.";

      34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "34. Өту балын жинамаған білім алушы академиялық үлгірмегені үшін Академиядан шығарылады.

      "Білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін анықтама нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 12 маусымдағы № 289 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5717 болып тіркелген) бекітілген нысанға сәйкес Академиядан шығарылған адамға анықтама жазылады.

      Академиядан шығарылған білім алушыға Академия ректоры қол қойған және мөрмен бекітілген транскрипт жазылады.

      Транскриптке "қанағаттанарлықсыз" баламасына сәйкес келетін FX және F бағаларын қоса алғанда, қорытынды бақылау (емтихан) бойынша алған барлық бағаларын көрсете отырып, білім алушы оқыған барлық оқу пәндері және (немесе) модульдері міндетті түрде жазылады.";

      36, 37, 38, 39, 40, 41, 42-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "36. Академиядағы магистрантты қорытынды аттестаттау академиялық күнтізбеде, білім беру бағдарламаларында және мамандықтардың оқу жұмыс жоспарларында көзделген мерзімде кешенді мемлекеттік емтихан (бұдан әрі – кешенді емтихан) тапсыру және магистрлік диссертацияны (жобаны) қорғау нысанында өткізіледі.

      Магистрантты қорытынды аттестаттаудың мақсаты магистратураның білім беру бағдарламасын оқып аяқтағаннан кейін қол жеткізілген негізгі оқу нәтижелері мен басты құзыреттіліктерді бағалау болып табылады.

      Докторанттың қорытынды аттестациясы докторлық диссертацияны жазу және қорғау түрінде жүргізіледі.

      Докторантты қорытынды аттестаттаудың мақсаты докторанттың ғылыми-теориялық және зерттеу-талдау деңгейін, қалыптасқан кәсіби және басқарушылық құзыреттілігін, кәсіби міндеттерді өз бетінше орындауға дайындығын, оның дайындығының докторантураның білім беру бағдарламасының талаптарына сәйкестігін бағалау болып табылады.

      37. Қорытынды аттестаттауға білім беру бағдарламасының, оқу жұмыс жоспарының және оқу жұмыс бағдарламасының талаптарына сәйкес білім беру процесін аяқтаған, сондай-ақ диссертациялық зерттеу нәтижелері бойынша алдын ала қорғаудан (кеңейтілген отырыс) өткен білім алушылар жіберіледі.

      38. Білім беру бағдарламасының, оқу жұмыс жоспарының және оқу жұмыс бағдарламасының талаптарын орындамаған бітіруші курстың білім алушылары академиялық үлгермегені үшін Академиядан шығарылады.

      39. Магистратурада кешенді емтихан қабылдау үшін Академия білім беру бағдарламалары немесе даярлау бағыттары бойынша кемінде 5 адамнан тұратын мемлекеттік аттестаттау комиссиясын (бұдан әрі – МАК) құрады.

      40. Әрбір білім беру бағдарламасы бойынша МАК төрағалары Академияда жұмыс істемейтін және ғылыми дәрежесі немесе ғылыми атағы бар сыртқы өкілдер болып табылады.

      41. МАК құрамына ғылыми дәрежесі немесе ғылыми атағы немесе академиялық дәрежесі бар тұлғалар, сондай-ақ, құқық қорғау органдарының жоғары білікті қызметкерлері енгізіледі.

      42. МАК-тың төрағасы мен құрамы Академияның Ғылыми кеңесінің шешімі негізінде оныншы қаңтардан кешіктірілмей Академия ректорының бұйрығымен бекітіледі және күнтізбелік жыл бойы қызмет етеді.";

      46-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "46. Кешенді мемлекеттік емтихан бағдарламасын, оны өткізу түрін және тапсырмалар мазмұнын осы кешенді емтиханға енгізілген пәндердің оқу бағдарламалары негізінде ЖОКБИ кафедралары әзірлейді.

      Кешенді емтихан бағдарламасы Академияның оқу-әдістемелік кеңесінің шешімімен бекітіледі.";

      48, 49-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "48. Кешенді емтихан магистрлік диссертацияны (жобаны) қорғағанға дейінгі 1 айдан кешіктірілмей қабылданады.

      49. Кешенді емтиханның нәтижелері осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша МАК отырысының хаттамасымен ресімделеді, ол әрбір магистрантқа жеке толтырылады.";

      56-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "56. Бағаны көтермелеу мақсатында кешенді емтиханды қайта тапсыруға немесе магистрлік диссертацияны (жобаны) қорғауға жол берілмейді.

      "Қанағаттанарлықсыз" баға алған тұлғаларға кешенді емтиханды қайта тапсыруға, сондай-ақ магистрлік диссертацияны (жобаны) қайта қорғауға қорытынды аттестаттаудың осы кезеңінде рұқсат етілмейді.";

      58-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "58. Диссертациялық жұмыстарды (магистранттар мен докторанттардың) плагиат мәніне тексеру МЖМБС талаптарына сәйкес Академия ректорының бұйрығымен айқындалатын тәртіпте жүзеге асырылады.

      Докторлық диссертация авторға және дерек көзіне (диссертацияны плагиат мәніне тексеру) сілтеме жасамай көшіру алу мәніне тексеруден өтеді, ол Мемлекеттік ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығымен жүргізіледі.";

      61, 62, 63, 64-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "61. Магистрлік диссертацияны қорғау:

      1) ғылыми жетекшінің оң пікірі;

      2) жарияланымдар;

      3) бітіртуші кафедраның (орталықтың) қорғауға ұсыну туралы шешімі (кафедра отырысының хаттамасынан көшірмесі);

      4) диссертацияға жан-жақты сипаттама және тиісті білім беру бағдарламасы немесе даярлық бағыттары бойынша магистр академиялық дәрежесін беру мүмкіндігі туралы дәлелді қорытынды берілетін біліктілігі (ғылыми немесе академиялық дәрежесі) қорғалатын жұмыс бейініне сәйкес келетін рецензенттің бір рецензиясы;

      5) магистрлік диссертацияны (жобаны) онда сәйкестіктің болуы мәніне тексеру нәтижелері туралы Академияның анықтамасы мен есебі болған жағдайда жүзеге асырылады.

      Егер ғылыми жетекші және/немесе бітіртуші кафедра "қорғауға жіберілмейді" немесе "қорғауға ұсынылмайды" деген теріс қорытынды берсе, магистрант магистрлік диссертацияны (жобаны) қорғауға жіберілмейді.

      62. Магистрлік диссертацияны (жобаны) қорғау нәтижелері магистрлік диссертацияны (жобаны) қарау жөніндегі МАК отырысының хаттамасымен осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әрбір магистрантқа жеке ресімделеді.

      63. Қорытынды аттестаттаудан өткен және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламасын игергенін растаған және магистрлік диссертацияны (жобаны) көпшілік алдында қорғаған магистрантқа МАК шешімімен тиісті білім беру бағдарламасы бойынша "магистр" дәрежесі беріледі және бітірту туралы бұйрық шыққан күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қосымшасымен қоса тегін негізде диплом беріледі.

      МАК шешімі әрбір магистрантқа магистрлік диссертацияны қорғау жөніндегі МАК отырысының хаттамасымен осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ресімделеді.

      64. Дипломға қосымшада (транскриптте) барлық оқу пәндері, ғылыми-зерттеу немесе эксперименталды-зерттеу жұмыстары, кәсіптік практика түрлері, қорытынды аттестаттау бойынша бағалаудың балдық-рейтингтік әріптік жүйесі бойынша соңғы бағалары академиялық кредиттер мен сағаттарда көрсетіледі.";

      70-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "70. Академия магистранттар мен докторанттар бітіргеннен кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына бітірушілердің дербес тізімін қоса беріп және білім беру бағдарламасы, берілген дипломның нөмірі және қызмет орнын көрсете отырып есеп ұсынады.";

      71-тармақ алынып тасталсын.

      8. "Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы қызмет қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2016 жылғы 31 наурыздағы № 65 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13653 болып тіркелген, 2016 жылғы 13 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы қызмет қағидаларында:

      3-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыру.";

      10-тармақтың 4) тармақшасы алынып тасталсын;

      18-тармақтың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Кафедраны меңгеруші басқарады, оның кандидатурасы Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2013 жылғы 28 ақпандағы № 90 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының жүйесі қызметкерлернің біліктілік талаптарына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу реестрінде № 8780 тіркеген) сәйкес келуге тиіс.";

      21, 22-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Академиялық лектер мен топтар білім алушылардың жеткілікті саны қағидаты бойынша қалыптастырылады.

      Академиялық лек пен топтың толықтылығын Академия дербес айқындайды.

      22. Білім алушылардың құқықтары мен міндеттері ішкі тәртіп қағидаларымен, Академия Жарғысымен және білім беру қызметтерін көрсетуге келісімшартпен айқындалады.";

      мынадай мазмұндағы 24-1, 24-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "24-1. Оқу процесінің негізгі қағидаты академиялық адалдық болып табылады, оны іске асыруды Академия дербес қамтамасыз етеді.

      Академиялық адалдық принциптері:

      1) адалдық – бұл бағаланатын және бағаланбайтын оқу жұмысы түрлерін білім алушылардың адал, лайықты орындауы;

      2) автордың және оның құқықтық мирасқорларының құқықтарын қорғауды жүзеге асыру – авторлық құқық объектісі болып табылатын туындылардың авторлары барын және қорғалуын бөгденің сөзін, ойын дұрыс беру және бағаланатын жұмыстардағы ақпарат көздерін көрсету арқылы тану;

      3) ашықтық – айқындық, өзара сенім, білім алушылар мен оқытушылар арасында ақпарат және идеялармен ашық алмасу;

      4) білім алушылардың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу – пікірлер мен идеяларды еркін білдіру құқығы;

      5) теңдік – әрбір білім алушының академиялық адалдық қағидаларын сақтау жөніндегі міндеті және оларды бұзғаны үшін тең жауапкершілік.

      24-2. Білім беру қызметінің сапасын арттыру мақсатында Академияда жоғары білімнің еуропа кеңістігінде (ESG) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру сапасын қамтамасыз етуге арналған халықаралық стандарттар мен нұсқаулықтарға негізделген сапаны ішкі қамтамасыз ету жүйесі құрылады, ол:

      1) сапаны қамтамасыз ету саласындағы саясатты;

      2) бағдарламаларды әзірлеу мен бекітуді;

      3) білім алушыға бағытталған оқытуды, білім беруді және бағалау;

      4) білім алушыларды қабылдау, үлгерім, тану және сертификаттау;

      5) оқытушылар құрамын;

      6) оқу ресурстарын және білім алушыларды қолдау жүйесін;

      7) ақпаратты басқаруды;

      8) жұртшылықты хабардар етуді;

      9) бағдарламаларға тұрақты мониторинг жасауды және мерзімді бағалауды;

      10) сапаны мерзімді сыртқы қамтамасыз етуді құрайды.";

      31, 32-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "31. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша кадрларды даярлау тиісті Институтта, күндізгі нысан бойынша, оның ішінде қашықтықтан оқыту технологиясын пайдалана отырып жүзеге асырылады.

      32. Академияға оқуға қабылдау "Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 13 тамыздағы № 101 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады. (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу реестрінде № 12000 тіркеген).";

      36-тармақ:

      мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Бұл ретте, базалық білімнің немесе ғылыми дәрежелердің немесе академиялық дәрежелердің оқылатын пәндер бейініне сәйкестігі міндетті болып табылмайды және Академиямен дербес реттеледі.";

      37-тармақ:

      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Академия оқу процесін жоспарлау және ұйымдастыру кезінде оқу жұмысының түрлері бойынша уақыт нормаларын, оқу жұмысының түрлері, оқыту технологиясы арасындағы сағат көлемінің арақатынасын, оның ішінде қашықтықтан білім беру технологиясын пайдалана отырып дербес анықтайды.";

      38, 39-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "38. Академия оқытушысы білім беру бағдарламалары және оқу жұмыс бағдарламалары негізінде оқу сабақтарын ұйымдастырудың оқыту әдістерін, өткізу тәсілдері және нысандарын дербес таңдайды.

      39. Магистратураның білім беру бағдарламасының құрылымы білім беру мазмұнын айқындайтын оқу және ғылыми жұмыстардың әртүрлі түрлерін қамтиды.

      Магистратураның білім беру бағдарламасының құрылымы мыналарды:

      1) базалық және бейінді пәндер циклдерін оқытуды қамтитын теориялық оқытуды;

      2) магистранттарды практикалық даярлау: практиканың, ғылыми немесе кәсіби тағылымдаманың әртүрлі түрлерін;

      3) ғылыми-педагогикалық магистратура үшін магистрлік диссертацияны орындауды қамтитын ғылыми-зерттеу жұмысын немесе бейіндік магистратура үшін магистрлік жобаны орындауды қамтитын эксперименттік-зерттеу жұмысын;

      4) қорытынды аттестаттауды құрайды.

      Докторантураның білім беру бағдарламасының құрылымы екі құрамдастықтан тұрады: білім беру мазмұнын айқындайтын білім беру және ғылыми.

      Докторантураның білім беру бағдарламасының құрылымын:

      1) базалық және бейінді пәндер циклін оқытуды қамтитын теориялық оқыту;

      2) докторанттарды практикалық даярлау: кәсіби практикалардың, ғылыми немесе кәсіби тағылымдамалардың әрқилы түрлері;

      3) докторлық диссертацияны орындауды қамтитын, ғылыми-зерттеу жұмысы;

      4) қорытынды аттестаттау құрайды.

      Әрбір пән бір академиялық кезең ішінде оқытылады.";

      41, 42-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "41. Оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыруға жауапты бөлімше академиялық топтарды жасақтайды, игерілген кредиттердің есебін жүргізеді, аралық және қорытынды аттестаттауды ұйымдастырады және өткізеді, білім алушылардың транскриптісін жазады, Академиядағы білім алушылардың оқу жетістіктерінің барлық тарихын жүргізеді.

      42. Оқу процесін қамтамасыз ету мақсатында оқу полигондары құрылады.";

      45-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "45. Академияның тәрбие жұмысы білім беру үдерісінің құрамдас бөлігі болып табылады және патриоттық, азаматтық, интернационализм, жоғары мораль мен адамгершілік сезімдерін, құқықтық мәдениетті, конфессияаралық толеранттылықты қалыптастыруға, сондай-ақ білім алушылардың мүдделері мен қабілеттерін жан-жақты дамытуға бағытталған.

      Академиядағы тәрбие жұмысы қосымша жұмыс түрі болып табылады және білім алушылар мен профессорлық-оқытушылық құрамның адамдық қадір-қасиетін өзара құрметтеу негізінде жүзеге асырылады.

      Академия білім алушылардың ерікті негізде құрылатын Магистранттар мен докторанттар кеңесінің жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

      Магистранттар мен докторанттар кеңесінің қызметін ұйымдастыру тәртібін Академия дербес анықтайды.".

  Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2018 жылғы 4 желтоқсандағы
№ 134 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін кейбір
бұйрықтарының
тізбесіне 1-қосымша

      Ескерту. 1-қосымшаның күші жойылды - ҚР Бас Прокурорының 27.01.2023 № 45 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2018 жылғы 4 желтоқсандағы
№ 134 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
2-қосымша

      Ескерту. 2-қосымшаның күші жойылды - ҚР Бас Прокурорының 27.01.2023 № 45 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2018 жылғы 4 желтоқсандағы
№ 134 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін кейбір
бұйрықтарының
тізбесіне 3-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының
  Жанындағы
Құқық қорғау органдары
академиясына білім беру
технологияларын қолдана
отырып, оқу процесін
ұйымдастыру қағидаларына
1-қосымша

Білім алушылардың оқу жетістіктерін дәстүрлі баға шкаласына ауыстыра отырып, бағалаудың балдық-рейтингтік әріптік жүйесі

Әріптік жүйе бойынша баға

Сандық эквивалент

баллдар (%-дық мазмұны)

дәстүрлі жүйе бойынша баға

А

4,0

95-100

Өте жақсы

А-

3,67

90-94

В+

3,33

85-89

Жақсы

В

3,0

80-84

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

С

2,0

65-69

Қанағаттанарлық

С-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D-

1,0

50-54

FX

0,5

25-49

Қанағаттанарлықсыз

F

0

0-24