ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі.
"Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Эмитенттің ақпаратты жария ету қағидалары;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Эмитенттің жария етуіне жататын ақпараттың мазмұнына қойылатын талаптар, сондай-ақ эмитенттің қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында ақпаратты жария ету мерзімдері бекітілсін.
2. Мыналардың:
1) "Қаржылық есептілік депозитарийінің, қор биржасының интернет-ресурстарында корпоративтік оқиғалар туралы ақпаратты, қаржылық есептілікті және аудиторлық есептерді, акционерлік қоғамдардың үлестес тұлғаларының тізімдерін, сондай-ақ жыл қорытындысы бойынша атқарушы органның мүшелері сыйақысының жиынтық мөлшері туралы ақпаратты орналастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 26 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13438 болып тіркелген, 2016 жылғы 7 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
2) "Қаржылық есептілік депозитарийінің, қор биржасының интернет-ресурстарында корпоративтік оқиғалар туралы ақпаратты, қаржылық есептілікті және аудиторлық есептерді, акционерлік қоғамдардың үлестес тұлғаларының тізімдерін, сондай-ақ жыл қорытындысы бойынша атқарушы органның мүшелеріне берілген сыйақының жиынтық мөлшері туралы ақпаратты орналастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 26 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 28 сәуірдегі № 70 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15270 болып тіркелген, 2017 жылғы 5 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Банктік емес қаржы ұйымдарын реттеу департаменті (Көшербаева А.М.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;
3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2), 3) тармақшаларында және 4-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ж.Б. Құрмановқа жүктелсін.
6. Осы қаулы 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Ұлттық Банк Төрағасы |
Д. Ақышев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
_____________ Ә. Смайылов
2018 жылғы "___" _________
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 189 қаулысына 1-қосымша |
Эмитенттің ақпаратты жария ету қағидалары
1. Осы Эмитенттің ақпаратты жария ету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Бағалы қағаздар нарығы туралы заң) сәйкес әзірленді және эмитенттердің Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасына сәйкес айқындалған қаржылық есептілік депозитарийінің (бұдан әрі - қаржылық есептілік депозитарийі) интернет-ресурсында Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 102-бабында көзделген ақпаратты жария ету тәртібі мен мерзімдерін айқындайды.
2. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) қаржылық есептілік депозитарийін жүргізуді жүзеге асыратын ұйым – Қазақстан Республикасының Үкіметі қаржылық есептілік депозитарийін жүргізу қызметін жүзеге асыруға уәкілетті "Ақпараттық-есепке алу орталығы" акционерлік қоғамы;
2) қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсы – "www.dfo.kz" мекенжайы бойынша интернет желісінде орналасқан бұқаралық ақпарат құралы;
3) уәкiлеттi орган – қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган;
4) шығарылымы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелген эмиссиялық бағалы қағаздар айналысының кезеңі:
акциялар үшін – уәкілетті орган акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы шешім қабылдаған күннен бастап және акциялармен азаматтық-құқықтық мәмілелер жасалуы мүмкін осы акциялар шығарылымының күші жойылған күнге дейінгі кезең;
облигациялар үшін – облигациялармен азаматтық-құқықтық мәмілелер жасалуы мүмкін облигацияларды шығару проспектісінде айқындалған кезең;
пайлар үшін – уәкілетті орган пайлар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы шешім қабылдаған күннен бастап және пайлармен азаматтық-құқықтық мәмілелер жасалуы мүмкін инвестициялық пай қорының қызметі тоқтатылған күнге дейінгі кезең;
өзге де эмиссиялық бағалы қағаздар үшін – осы бағалы қағаздармен азаматтық-құқықтық мәмілелер жасалуы мүмкін эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару шарттарында айқындалған кезең;
5) электрондық есеп – Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығы берген электрондық цифрлық қолтаңба қойылатын жылдық және (немесе) тоқсан сайынғы қаржылық есептіліктің нысандары, Қағидалардың 3, 4, және 5-тармақтарында көрсетілген ақпарат бар толтырылған тиісті шаблоны.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 13.09.2021 № 88 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.3. Эмитент оның эмиссиялық бағалы қағаздар айналысының кезеңінде 2-қосымшаға сәйкес, қаулымен бекітілген Эмитенттің жария етуіне жататын ақпараттың мазмұнына қойылатын талаптарға, сондай-ақ эмитенттің қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында ақпаратты жария ету мерзімдеріне (бұдан әрі – Талаптар) сәйкес:
орталық депозитарийдің және қаржылық есептілік депозитарийін жүргізуді жүзеге асыратын ұйымның ақпараттық жүйелерінің ақпараттық өзара іс-қимылы арқылы орталық депозитарий ашатын, Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 102-бабы 5-тармағының 3), 5), 6) және 6-1) тармақшаларында көрсетілген корпоративтік оқиғалар туралы ақпаратты қоспағанда, тізбесі Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның осы бабының 5-тармағында айқындалған корпоративтік оқиғалар туралы ақпаратты;
эмитенттің қатысу үлестерінің он және одан да көп пайызын иеленетін қатысушылардың құрамын,
эмитенттің әрбір осындай ұйымның акцияларының (үлестерінің, пайларының) он және одан да көп пайызын иеленетін ұйымдардың тізімін,
акционерлік қоғам оларды ұйымдастырылмаған нарықта сатып алған кезде акциялардың құнын айқындау әдістемесін қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етеді.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.12.2022 № 111 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) қаулысымен.4. Акционерлік қоғам жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 31 тамызынан кешіктірмей қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында жыл қорытындысы бойынша акционерлік қоғамның атқарушы органы мүшелері сыйақысының жиынтық мөлшері туралы ақпаратты орналастыруды қамтамасыз етеді.
Жыл қорытындысы бойынша акционерлік қоғамның атқарушы органы мүшелері сыйақысының жиынтық мөлшері туралы ақпаратта акционерлік қоғам есепті кезеңде олардың атқарушы органның құрамында болу кезеңінде атқарушы органның мүшелеріне төлеген жалақының және ақшалай нысандағы марапаттаулардың барлық түрлерінің жиынтық мөлшері туралы мәліметтерді қоса алғанда, акционерлік қоғам есепті кезеңде атқарушы орган мүшелерінің пайдасына төлеген барлық төлемдердің жиынтық мөлшері туралы мәліметтер қамтылады.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!5-тармақтың қолданылуы Жарлықпен енгізілген төтенше жағдайдың қолданылуы кезеңінде тоқтатыла тұрады, тоқтатыла тұру кезеңінде осы редакцияда қолданылады – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 27.04.2020 № 53 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
5. Тұрақтандыру банкін, коммерциялық емес ұйымдарды және кредиттік бюроларды қоспағанда, акционерлік қоғам Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша есепті жылдың 1 қаңтарындағы, 1 сәуіріндегі, 1 шілдесіндегі және 1 қазанындағы жағдай бойынша акционерлік қоғамның үлестес тұлғалары туралы мәліметтерді есепті жылдың тиісінше 31 қаңтарынан, 31 мамырынан, 31 шілдесінен және 31 қазанынан кешіктірмейтін мерзімде қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етеді.
6. Бағалы қағаздары Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ресми тізіміне енгізілген және шетел мемлекетінің аумағында жұмыс істейтін қор биржасының алаңында айналысқа түспейтін эмитент Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 102-бабы 2-тармағының бірінші және үшінші бөліктерінде көрсетілген ақпаратқа қосымша есепті тоқсанның соңғы күнінен кейінгі 30 (отыз) жұмыс күні ішінде тоқсан сайын қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында тоқсан сайынғы шоғырландырылмаған қаржылық есептілікті жария етуді жүзеге асырады, ол мыналардан тұрады:
1) қаржы ұйымын қоспағанда, акционерлік қоғам үшін – Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15384 болып тіркелген, "Жария мүдделі ұйымдардың (қаржы ұйымдарынан басқа) жариялау үшін жылдық қаржылық есептіліктің тізбесі мен нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 28 маусымдағы № 404 бұйрығымен бекітілген нысандарға сәйкес жасалған бухгалтерлік баланс және пайда мен зиян туралы есеп;
2) екінші деңгейдегі банкті қоспағанда, қаржы ұйымы болып табылатын акционерлік қоғам үшін – Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13504 болып тіркелген, "Қаржы ұйымдарының қаржылық есептiлiктi ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 41 қаулысымен бекітілген нысандарға сәйкес жасалған бухгалтерлік баланс және пайда мен зиян туралы есеп;
3) екінші деңгейдегі банк болып табылатын акционерлік қоғам үшін – Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20474 болып тіркелген, "Екінші деңгейдегі банктер есептілігінің тізбесін, нысандарын, мерзімдерін және ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 21 сәуірдегі № 54 қаулысымен бекітілген нысанға сәйкес жасалған екінші деңгейдегі банктің баланстық және баланстан тыс шоттарындағы қалдықтар туралы есеп;
4) ипотекалық ұйым болып табылатын акционерлік қоғам үшін – Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10117 болып тіркелген, "Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар есептілігінің тізбесін, нысандарын, ұсыну мерзімдері мен қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 178 қаулысымен бекітілген нысанға сәйкес жасалған ипотекалық ұйымдардың баланстық және баланстан тыс шоттарындағы қалдықтар туралы есеп;
5) акционерлік қоғам болып табылмайтын эмитент үшін – халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына (бұдан әрі – ХҚЕС) сәйкес жасалған бухгалтерлік баланс және пайда мен зиян туралы есеп.
Бағалы қағаздары Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ресми тізіміне енгізілген және оның бағалы қағаздары шетел мемлекетінің аумағында жұмыс істейтін қор биржасының алаңында айналысқа түсетін эмитент тоқсан сайынғы қаржылық есептілікті, ал осы эмитенттің еншілес ұйымы бар болатын болса - ХҚЕС-қа сәйкес жасалған тоқсан сайынғы шоғырландырылған қаржылық есептілікті ресми тізіміне эмитенттің бағалы қағаздары кіретін, Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ішкі құжаттарында белгіленген мерзімде қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етеді.
Екінші деңгейдегі банк болып табылатын, бағалы қағаздары Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ресми тізіміне енгізілген және оның бағалы қағаздары шетел мемлекетінің аумағында жұмыс істейтін қор биржасының алаңында айналысқа түсетін эмитент Қағидалардың осы тармағының екінші бөлігінде көрсетілген мәліметтерден басқа, сондай-ақ ресми тізіміне эмитенттің бағалы қағаздары кіретін, Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ішкі құжаттарында белгіленген мерзімде Қағидалардың осы тармағының бірінші бөлігінің 3) тармақшасында көзделген ақпаратты береді.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 14.03.2022 № 25 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.7. "Аудиторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті аудит жүргізілетін эмитент жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылғы 31 тамыздан кешіктірмей қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында жылдық қаржылық есептілікті және аудиторлық есепті, ал еншілес ұйымдары болған жағдайда – мыналарға:
1) акционерлік қоғамдар (қаржы ұйымдарын қоспағанда) үшін –Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15384 болып тіркелген, "Жария мүдделі ұйымдардың (қаржы ұйымдарынан басқа) жариялау үшін жылдық қаржылық есептіліктің тізбесі мен нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2017 жылғы 28 маусымдағы № 404 бұйрығымен бекітілген тізбеге және нысандарға;
2) қаржы ұйымы үшін – Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13504 болып тіркелген, "Қаржы ұйымдарының қаржылық есептiлiктi ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 41 қаулысына;
3) бағалы қағаздары қор биржасының тізіміне енгізілген және акционерлік қоғам болып табылмайтын эмитент үшін – ХҚЕС-қа сәйкес жасалған жылдық жеке жылдық қаржылық есептілікті, жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікті және жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілік бойынша аудиторлық есепті орналастыруды жүзеге асырады.
Қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында орналастырылуы тиіс жылдық қаржылық есептілікті және аудиторлық есепті эмитент Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26686 болып тіркелген, "Жария мүдделі ұйымдардың қаржылық есептілікті депозитарийге тапсыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 28 қаңтардағы № 94 бұйрығына сәйкес қаржылық есептілік депозитарийіне ұсынады.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 14.03.2022 № 25 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.8. Эмитент қаржылық есептілік депозитарийіне ұсыну үшін корпоративтік оқиғалар туралы ақпаратты, тоқсан сайынғы қаржылық есептілікті, акционерлік қоғамның атқарушы органы мүшелерінің есепті жыл үшін сыйақысының жиынтық мөлшері туралы ақпаратты, сондай-ақ акционерлік қоғамдардың үлестес тұлғалары туралы мәліметтерін қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында орналастырылған "Есептілікті тапсырудың бірыңғай жүйесі" электрондық сервисі арқылы қалыптастырады.
Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген, қазақ және орыс тілдерінде, сондай-ақ ақпарат құрастырушының бастамасы бойынша ағылшын тілінде жасалған ақпарат, қазақ және (немесе) орыс тілдерінде, сондай-ақ ақпарат құрастырушының бастамасы бойынша ағылшын тілінде жасалған тоқсан сайынғы қаржылық есептілік және есепті жылға акционерлік қоғамның атқарушы органы мүшелері сыйақысының жиынтық мөлшері туралы ақпарат, акционерлік қоғамның үлестес тұлғалары туралы мәліметтер мынадай тәртіппен қаржылық есептілік депозитарийін жүргізуді жүзеге асыратын ұйымға ұсынылады:
1) "Есептілікті тапсырудың бірыңғай жүйесі" электрондық сервисі арқылы тиісті шаблон толтырылады;
2) шаблонды толтыру нәтижесінде эмитенттің бірінші басшысының немесе уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған электрондық есеп қалыптастырылады;
3) электрондық есепке қол қойғанға дейін оған эмитенттер "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының және Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның талаптарына сәйкес немесе өзінің бастамасы бойынша жария ететін, қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында эмитенттің "электрондық досье" қосымша бетінде орналастырылатын PDF электрондық форматындағы сканерленген құжаттар қоса беріледі;
4) электрондық есеп оны қаржылық есептілік депозитарийінің құрылымына енгізу үшін қаржылық есептілік депозитарийінің серверіне жіберіледі.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 14.03.2022 № 25 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.9. Эмитенттің Қағидаларда көрсетілген тәртіпті сақтамауы және Талаптарда көрсетілген ақпараттың толық жария етілмеуі қаржылық есептілік депозитарийін жүргізуді жүзеге асыратын ұйымның электрондық есепті қабылдаудан бас тартуына негіз болып табылады.
10. Эмитент Талаптардың 10, 12, 13, 14 және 17-тармақтарына сәйкес бұдан бұрын орын алған оқиғалардың салдары болып табылатын оқиғалар туралы ақпаратты ұсыну кезінде қаржылық есептілік депозитарийінің серверіне жіберілетін электрондық есепте осы оқиға салдары болып табылатын бұдан бұрын жарияланған бастапқы оқиға бойынша қаржылық есептілік депозитарийінің серверіне келіп түскен электрондық есепті өңдеу нәтижелері туралы электрондық хабарламаның нөмірін көрсетеді.
Егер бастапқы оқиға туралы ақпарат оның туындау сәтінде қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында орналастыруға тиіс болмаса, осы оқиғаның алдындағы оқиға бойынша қаржылық есептілік депозитарийінің серверіне келіп түскен электрондық есепті өңдеу нәтижелері туралы электрондық хабарламаның нөмірі көрсетіледі.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.12.2022 № 111 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.11. Қағидалардың 3, 4 және 5-тармақтарында көрсетілген, эмитенттер қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсына ұсынатын ақпаратты қаржылық есептілік депозитарийін жүргізуді жүзеге асыратын ұйым өзінің интернет-ресурсында оларды алған күні орналастырады, ақпарат жұмыс күні Астана қаласының уақыты бойынша сағат 18-00-ден кейін ұсынылған жағдайда, мұндай ақпарат алған күннен кейінгі бірінші жұмыс күнінің Астана қаласының уақыты бойынша сағат 10-00-ден кешіктірмей орналастырылады.
Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген, эмитенттер қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсына ұсынатын ақпаратты қаржылық есептілік депозитарийін жүргізуді жүзеге асыратын ұйым өзінің интернет-ресурсында оларды алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде орналастырады.
12. Эмитенттің бастамасы бойынша электрондық есепке енгізілген және қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында жарияланған ақпаратты эмитент осы Қағидалардың талабын ықтимал бұзу туралы түсіндірмелер беру туралы уәкілетті органның хабарламасын алған күнге дейін түзетуге жол беріледі.
Ескерту. 12-тармақпен толықтырылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.12.2022 № 111 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 189 қаулысына 2-қосымша |
Эмитенттің жария етуіне жататын ақпараттың мазмұнына қойылатын талаптар, сондай-ақ эмитенттің қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында ақпаратты жария ету мерзімдері
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.12.2022 № 111 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
№ | Ақпарат түрі | Ақпарат мазмұны | Жария ету мерзімдері |
1 | 2 | 3 | 4 |
1. | Акционерлердің (қатысушылардың) жалпы жиналысы немесе жалғыз акционер (қатысушы) қабылдаған шешімдер туралы ақпарат) |
1) эмитент акционерлерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысын өткізу күні, уақыты және орны; | акционерлердің (қатысушылардың) жалпы жиналысы немесе жалғыз акционер (қатысушы) шешім қабылдаған күннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде. |
2. | Эмитенттің басқару органының (байқаушы кеңесінің), атқарушы органының (атқарушы органның функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын тұлғаның) құрамын көрсете отырып, эмитенттің басқару органын (байқаушы кеңесін), атқарушы органын (атқарушы органның функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын тұлғаны) сайлау, сондай-ақ эмитенттің басқару органының (байқаушы кеңесінің), атқарушы органының (атқарушы органының функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын тұлғаның) құрамындағы өзгерістер туралы ақпарат |
1) шешім қабылдаған эмитент органының атауын көрсетумен эмитент органының құрамын сайлау (тағайындау) не оның өзгеруі туралы шешім қабылдаған күні. Егер басқару органы және (немесе) атқарушы орган мүшесінің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату, олардың бастамасы бойынша жүзеге асырылған жағдайда, онда эмитенттің басқару органының жазбаша хабарламасын алған күні көрсетіледі; | эмитент органының құрамын сайлау (тағайындау) не эмитент органы құрамының өзгеруі туралы шешім қабылдаған күннен кейін немесе эмитенттің басқару органы жазбаша хабарламаны алған күннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде. |
3. | Эмитенттің қатысушыларының құрамы туралы және (немесе) қатысу үлестерінің он және одан да көп пайызын иеленетін қатысушылардың құрамындағы өзгерістер туралы ақпарат |
1) эмитенттің қатысу үлестерінің он және одан да көп пайызына ие қатысушылардың құрамы: | эмитент бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдер жүйесіндегі немесе номиналды ұстауды есепке алу жүйесіндегі немесе Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінде өзгерістердің тіркелуін растайтын құжаттарды алған күннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде. |
4. | Эмитенттің директорлар кеңесі қабылдаған немесе акционерлік қоғам болып табылмайтын эмитенттің акционерлердің (қатысушылардың) жылдық және кезектен тыс жалпы жиналыстарын шақыру туралы шешім қабылдауға уәкілеттік берілген тиісті органының шешімі туралы ақпарат |
1) шешім қабылданған күн; | эмитенттің директорлар кеңесі немесе осы шешімді қабылдауға өкілетті акционерлік қоғам болып табылмайтын эмитенттің тиісті органы шешім қабылдаған күннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде. |
5. | Акционерлік қоғамның директорлар кеңесі қабылдаған акцияларды орналастыру (өткізу) туралы, оның ішінде жарияланған акциялардың саны шегінде орналастырылатын (өткізілетін) акциялардың саны, оларды орналастыру (өткізу) тәсілі мен бағасы туралы ақпарат |
1) шешім қабылданған күн; | акционерлік қоғамның директорлар кеңесі шешім қабылдаған күннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде. |
6. | Акционерлік қоғамның директорлар кеңесі қабылдаған, егер қоғам сатып алатын акциялардың саны орналастырылған акциялардың жалпы санының бір пайызынан асып түссе, акционерлік қоғамның орналастырылған акцияларды сатып алуы және оларды сатып алу бағасы туралы шешім қабылдау туралы ақпарат |
1) шешім қабылданған күн; | акционерлік қоғамның директорлар кеңесі шешім қабылдаған күннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде. |
7. | Эмитенттің директорлар кеңесі қабылдаған немесе акционерлік қоғам болып табылмайтын эмитенттің облигациялар мен туынды бағалы қағаздарды шығару туралы шешім қабылдауға уәкілеттік берілген тиісті органының шешімі туралы ақпарат |
1) шешiм қабылданған күн; | эмитенттің директорлар кеңесі немесе осы шешімді қабылдауға уәкілетті акционерлік қоғам болып табылмайтын эмитенттің тиісті органы шешім қабылдаған күннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде. |
8. | Акционерлердің (жалғыз акционердің) жалпы жиналысы немесе акционерлік қоғамның директорлар кеңесі бір мезгілде мынадай талаптарға сәйкес келетін: акционерлік қоғамның оларды жасасуға мүдделігі бар және акционерлік қоғамның уәкілетті органы осындай мәмілелерді жасасу туралы шешім қабылдаған күнге құны акционерлік қоғам активтерінің жалпы баланстық құны мөлшерінің он және одан көп пайызын құрайтын мүлікті сатып алуға немесе иеліктен шығаруға байланысты мәмілелер болып табылатын ірі мәмілелер және (немесе) мәмілелер жасасу туралы қабылдаған шешім туралы ақпарат |
1) ірі мәміле және (немесе) мүдделігі бар мәміле туралы шешім қабылдау күні; | акционерлердің жалпы жиналысы (жалғыз акционер) немесе акционерлік қоғамның директорлар кеңесі шешім қабылдаған күннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде. |
9. | Эмитент әрбір осындай ұйым акцияларының (үлестерінің, пайларының) он және одан көп пайызын иеленетін ұйымдардың тізімі және (немесе) ұйымдар тізіміндегі өзгерістер туралы ақпарат |
1) эмитент әрбір осындай ұйым акцияларының (үлестерінің, пайларының) он және одан көп пайызын иеленетін ұйымдардың тізімі; | эмитент ұйым акцияларының (үлестерінің, пайларының) он және одан көп пайызын иеленгенін (иелігі тоқтағанын) растайтын құжаттарды алған соң 3 (үш) жұмыс күні ішінде. |
10. | Акционерлік қоғамның ірі мәмілелерді және (немесе) бір мезгілде мынадай шарттарға сай келетін: акционерлік қоғамның оларды жасасуға мүдделігі бар және акционерлік қоғамның уәкілетті органы осындай мәмілелерді жасасу туралы шешім қабылдаған күнге құны акционерлік қоғам активтерінің жалпы баланстық құны мөлшерінің он және одан көп пайызын құрайтын мүлікті сатып алуға немесе иеліктен шығаруға байланысты мәмілелер болып табылатын мәмілелерді жасауы туралы ақпарат |
1) ірі мәміле туралы және (немесе) қоғамның уәкілетті органы сондай мәміле жасау туралы шешім қабылдаған жасалуында мүдделігі бар мәміленің немесе қосымша келісімнің (шартқа қосымша келісімнің) жасалған күні; |
акционерлік қоғам шарт немесе шартқа қосымша келісім жасау сәтінен; |
11. | Эмитентті мәжбүрлеп тарату немесе қайта ұйымдастыру туралы, сондай-ақ оның еншілес және тәуелді ұйымдарын мәжбүрлеп тарату немесе қайта ұйымдастыру туралы сот шешімі туралы ақпарат |
1) эмитентті, еншілес ұйымдарын және тәуелді ұйымдарын мәжбүрлеп тарату немесе қайта құру туралы шешім қабылдаған күні; | соттың тиісті шешімі заңды күшіне енген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде. |
12. | Эмитенттің мүлкін осы эмитент активтерінің жалпы баланстық құны мөлшерінің он және одан көп пайызын құрайтын сомаға кепілге (қайта кепілге) беру, сондай-ақ эмитенттің мүлкін осы эмитент активтерінің жалпы баланстық құны мөлшерінің он және одан көп пайызын құрайтын сомаға кепілден (қайта кепілден) шығару туралы ақпарат |
1) кепілге беру (қайта кепілге) туралы эмитент органының шешім қабылдаған күні; |
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес кепілі тіркелуі тиіс мүлікке қатысты - осы эмитенттің активтерінің жалпы баланстық құнының он және одан да көп пайыз сомасын құрайтын мүлікті кепілге беру (қайта кепілге беру) шартын тіркелгенін растайтын құжаттарын алған; |
13. | Құны эмитент активтерінің жалпы баланстық құны мөлшерінің он және одан астам пайызын құрайтын эмитенттің мүлкіне тыйым салу (мүліктен тыйымды алу) туралы ақпарат |
1) эмитенттің активтерінің жалпы баланстық құнының он және одан да көп пайызын құрайтын мүлікке тыйым салу (мүліктен тыйымды алу) туралы қабылданған шешімнің күні, нөмірі; | эмитенттің активтерінің жалпы баланстық құнының он және одан да көп пайыз сомасын құрайтын мүлігіне тыйым салу (мүліктен тыйымды алу) туралы шешімді алған күннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде. |
14. | Эмитент активтерінің жалпы баланстық құны мөлшерінің жиырма бес және одан көп пайызын құрайтын мөлшерде эмитенттің қарыз алуы, сондай-ақ осы қарыз бойынша негізгі борышты және есептелген сыйақыны толық өтеу туралы ақпарат |
1) эмитент органының қарызды алу (кредит желісі) туралы шешім қабылдаған күні; |
эмитент активтерінің жалпы баланстық құны мөлшерінің жиырма бес және одан көп пайызын құрайтын мөлшерде эмитенттің қарыз алуы немесе кредит желісі туралы шартын жасаған немесе эмитенттің осы қарыз немесе кредит желісі бойынша негізгі борышты және есептелген сыйақыны толық өтеген; |
15. | Солардың нәтижесінде баланстық құны эмитент активтерінің жалпы мөлшерінің он және одан көп пайызын құраған эмитенттің мүлкі жойылған төтенше сипаттағы мән-жайлардың басталуы туралы ақпарат. |
1) эмитенттің мүлкінің жойылуына әкеп соққан төтенше сипаттағы мән-жайлар туындаған күн; | эмитенттің активтерінің жалпы баланстық құнының он және одан да көп пайызын құрайтын эмитент мүлкінің жойылуына әкеп соққан төтенше сипаттағы мән-жайлар туындаған күннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде. |
16. | Сотта корпоративтік дау бойынша істі қозғау туралы ақпарат |
1) корпоративтік дау бойынша талапкер, жауапкер туралы мәлімет (жеке тұлға үшін) тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), (заңды тұлға үшін) толық атауы, орналасқан жері; | эмитент корпоративтік дау бойынша азаматтық іске қатысты тиісті сот хабарламасын (шақыруын) алған күннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде. |
17. | Бірінші санаттағы рұқсаттарды алу (тоқтату, тоқтата тұру) туралы ақпарат |
1) бірінші санаттағы рұқсатты берген, бірінші санаттағы рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұру, тоқтату туралы шешім қабылдаған рұқсат беру органының атауы; | уәкілетті органда тіркелген жарғыны және (немесе) жарғыға өзгертулерді алған күннен кейінгі 3 (үш) жұмыс күні ішінде. |
18. | Мемлекеттік емес бағалы қағаздар эмитентінің негізгі қызмет түрлерін өзгертуі туралы ақпарат |
1) қызметтің негізгі түрлерін өзгерту туралы шешім қабылдау күні; | уәкілетті органда тіркелген жарғыны және (немесе) жарғыға өзгертулерді алған күннен кейінгі 3 (үш) жұмыс күні ішінде. |
19. | Акционерлік қоғам бағалы қағаздардың ұйымдастырылмаған нарығында акцияларды сатып алған кезде олардың құнын айқындау әдістемесі |
1) құрылтайшылардың жалпы жиналысы (жалғыз құрылтайшы) қабылдаған шешім күні | акционерлік қоғамның құрылтай жиналысында (жалғыз акционері) әдістеме бекітілген жағдайда уәкілетті органның акциялар шығарылымы проспектісін мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжаттарды алған күннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде немесе қоғам акционерлерінің жалпы жиналысында (жалғыз акционер) әдістеме және (немесе) әдістемеге өзгерістер бекітілген жағдайда акционерлердің жалпы жиналысы (жалғыз акционер) шешім қабылдаған күннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде. |
20. | Эмитенттің жарғысына және эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару проспектісіне сәйкес эмитент акционерлерінің (қатысушыларының) және (немесе) инвесторлардың мүдделерін қозғайтын өзге де оқиғалар туралы ақпарат |
1) эмитенттің жарғысы мен эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару проспектісіне сәйкес эмитенттің акционерлерінің (қатысушыларының) және (немесе) инвесторлардың мүддесін қозғайтын мәліметтер; |
егер "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының заңында және Бағалы қағаздар нарығы туралы заңда бағалы қағаздарды ұстаушылардың назарына жеткізудің өзге мерзімдері көзделмеген жағдайда, эмитенттің жарғысына және эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару проспектісіне сәйкес эмитент акционерлерінің (қатысушыларының) және (немесе) инвесторлардың мүдделерін қозғайтын өзге де оқиғалар туындаған күннен кейінгі 3 (үш) жұмыс күні ішінде. |
Эмитенттің ақпаратты жария ету қағидаларына қосымша |
|
Нысан |
Акционерлік қоғамның үлестес тұлғалары туралы мәліметтер (акционерлік қоғамның атауы)
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 29.06.2020 № 68 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізілімінің деректеріне сәйкес жарияланған акциялар шығарылымын халықаралық сәйкестендіру нөмірі (ISIN коды) және күні | Үлестес тұлғалар туралы мәліметтер ұсынылатын күн | |||||
Жеке тұлғалар | ||||||
№ | Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) | Туған күні, жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) | Үлестестігін тану негіздері | Үлестестігінің туындау күні | Резиденттігі | Ескертпе |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
кестенің жалғасы:
Заңды тұлғалар | ||||||
№ | Заңды тұлғаның толық атауы | Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу күні мен нөмірі, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН), заңды тұлғаның пошталық мекенжайы және нақты орналасқан жері | Үлестестігін тану негіздері | Үлестестігінің туындау күні | Резиденттігі | Ескертпе |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Атауы ________________________ Мекенжайы________________________
Телефоны __________________________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы ___________________________________________
Орындаушы _______________________________________ ___________________
тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса) қолы, телефоны
Бірінші басшы немесе ол есепке қол қоюға уәкілеттік берген тұрған тұлға
__________________________________________________ ___________________
тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса) қолы, телефоны
Күні 20__ жылғы "____" ______________
Акционерлік қоғамның үлестес тұлғалары туралы мәліметтер нысанына қосымша |
"Акционерлік қоғамның үлестес тұлғалары туралы мәліметтер" нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме 1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы түсіндірме (бұдан әрі - Түсіндірме) "Акционерлік қоғамның үлестес тұлғалары туралы мәліметтер" нысанын (бұдан әрі - Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.
2. Формат "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 102-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес әзірленген.
3. Нысанды акционерлік қоғам тоқсан сайын жасайды және есепті жылғы 1 қаңтардағы, 1 сәуірдегі, 1 шілдедегі және 1 қазандағы жағдай бойынша толтырады.
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
4. 3-бағанда жеке тұлғалар болып табылатын, акционерлік қоғамның үлестес тұлғалары туралы мәліметтерді көрсету үшін туған күні - кк.аа.жж (күні/айы/жылы) форматында жеке жолдарға бөлусіз жеке сәйкестендіру нөмірімен (ЖСН) бір бағанда көрсетіледі.
5. 3-бағанда заңды тұлғалар болып табылатын, акционерлік қоғамның үлестес тұлғалары туралы мәліметтерді көрсету үшін заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу күні мен нөмірі, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН), заңды тұлғаның пошталық мекенжайы және нақты орналасқан жері жеке жолдарға бөлусіз бір бағанда көрсетіледі.
6. 4-бағанда "Акционерлік қоғамдар туралы" 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 64-бабының 1 және 1-1-тармақтарының тиісті тармақшасына немесе "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 2-1-бабына сілтеме жасау қажет - екiншi деңгейдегi банктер үшін.
7. 5-бағанда үлестестігінің туындау күні - кк.аа.жж (күні/айы/жылы) форматында көрсетіледі.
8. 3 және 5-бағандарда күндер толығымен цифрлармен толтырылады және акционерлік қоғамның жарғысында белгіленген тәртіппен акционерлер және акционерлік қоғамның лауазымды тұлғалары ұсынған ақпарат негізінде белгіленеді.
9. Жеке тұлға болып табылатын акционерлік қоғамның үлестес тұлғасының жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) және резиденттігі қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында ашық қол жеткізу арқылы жарияланбайды.