Нотариаттық қызмет мәселелері бойынша мемлекеттiк көрсетілетін қызметтің қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2020 жылғы 28 мамырдағы № 62 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 29 мамырда № 20775 болып тіркелді.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 19.09.2025 № 515 (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізілетін) бұйрығымен.

      1. Бекітілсін:

      1) "Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер тұлғаларға аттестаттау жүргізу" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің қағидалары осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес;

      2) "Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің қағидалары осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес;

      3) алып тасталды - ҚР Әділет министрінің 06.12.2024 № 1007 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Әділет министрінің 06.12.2024 № 1007 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес танылсын

      3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

      Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің міндетін атқарушы
Н. Пан

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің м.а.
2020 жылғы 28 мамырдағы
№ 62 бұйрығына 1-қосымша

"Нотариаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары

      Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 25.02.2026 № 191 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдарды атте статтаудан өткізу" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің осы қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін анықтайды.

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың әділет департаменттері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      3. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар мен қысқартулар қолданылады:

      1) көрсетілетін қызметті алушы – кәсіптік қызметпен айналысуға үміткер жеке тұлға;

      2) тестілеу операторы – тестілеу рәсімдерін ұйымдастыруды және "Кәсіби қызметпен айналысу және біліктілік беру құқығына автоматтандырылған режимде кешенді тестілеуге арналған бағдарламалық қамтамасыз ету" АЖ техникалық сүйемелдеуді қамтамасыз етуші оператор;

      3) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы;

      4) портал – "электрондық үкіметтің" веб-порталы www.egov.kz, www.elicense.kz.

      5) "бір өтініш" қағидаты – бір өтініш негізінде көрсетілетін бірнеше мемлекеттік қызметтің жиынтығы көзделетін мемлекеттік қызмет көрсету нысаны.

2-тарау. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi

      4. Мемлекеттік қызмет нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттауды (бұдан әрі – аттестаттау) жүргізу үшін көрсетіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы – мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін портал арқылы 1-қосымшаға сәйкес электрондық құжаттарды жолдайды.

      Егер үміткердің аттестаттау рәсімдерінен өз бетінше өтуіне кедергі келтіретін тұрақты физикалық шектеулері (оның ішінде көру қабілетінің не қол функцияларының бұзылуы) болған жағдайда, көмекшінің тапсырмаларды түсіндіру, жауаптарды тұжырымдау не аттестаттау нәтижелеріне өзге де түрде ықпал ету құқығынсыз техникалық көмек көрсету үшін ғана қатысуына жол беріледі.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауын, көрсетілетін қызметті берушінің атауын, мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдерін, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін, мемлекеттік қызмет көрсету нысанын, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдерін, көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс графигін, мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтер тізбесін және мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді қамтитын, мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтер осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес тізбеде көрсетілген.

      5. Көрсетілетін қызметті алушы, егер Қазақстан Республикасының Заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісімін береді.

      Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы өтініш берген кезде жеке кабинетіне мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні және уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.

      6. Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаты, психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтарының (ауруларының) себебі бойынша психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрғандығы/тұрмағандығы туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

      Көрсетілетін қызметтерді беруші құжаттар түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады. Көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе портал арқылы жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде, еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      7. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар тіркелген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар толық топтамасын ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші құжаттардың Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 20 бұйрығымен бекітілген, (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №10270 болып тіркелген) нотариаттық қызметті жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне сәйкестігін тексереді.

      Ұсынылған құжаттар толық болмаған жағдайда өтініш түскен күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қараудан дәлелді бас тартады. Бас тарту электрондық нысанда ресімделеді, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ куәландырылады және электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жіберіледі.

      8. Көрсетілетін қызметті алушының аттестаттауға жіберу туралы құжаттарын көрсетілетін қызметті беруші құжаттар тіркелген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарайды.

      9. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту үшін негіздер нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер тұлғаларды аттестаттауды өткізу қағидаларының осы Қағидаларға 1-қосымша болып табылатын "Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер тұлғаларды аттестаттауды өткізу" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көзделген.

      10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыны мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша позициясын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы 3 (үш) жұмыс күні ішінде хабардар етеді.

      11. Алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті алушының қарсылығын көрсетілетін қызметті беруші оны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде қабылдайды.

      12. Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші үміткерді аттестаттауға жіберу не жіберуден бас тарту туралы дәлелді шешім шығарады.

      13. Көрсетілетін қызметті беруші аттестаттауға жіберуден бас тарту туралы шешімді өтініш тіркелген сәттен бастап 10 (он) жұмыс күннен кешіктірмей қызмет алушыға қысқа мәтіндік хабарламаның абоненттік нөміріне немесе портал арқылы жеке кабинетке жібереді.

      14. Аттестаттауға жіберілген көрсетілетін қызметті алушыны аттестаттауға жіберу туралы шешім қабылданған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде аттестаттауды өткізу орны, күні, уақыты, тәртібі туралы көрсетілетін қызметті беруші оны абоненттік нөміріне немесе портал арқылы жеке кабинетіне қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы хабардар етеді.

      15. Көрсетілетін қызметті беруші аттестаттауға жіберу туралы шешім қабылданған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде Тестілеу операторына аттестаттауға жіберілген тұлғалардың тізімін жолдайды.

      16. Аттестаттау Тестілеу операторының техникалық жабдықталған тестілеу залдарында өткізіледі.

      17. Аттестаттау екі кезеңнен тұрады:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған кешенді компьютерлік тестілеу (100 сұрақ: Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі – 15, Қазақстан Республикасының Жер кодексі – 15, Қазақстан Республикасының "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" кодексі – 15, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі – 5, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы – 5, "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы – 5, "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы – 10, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы – 15, "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасының Заңы – 15);

      2) практикалық дағдылардың тиісті деңгейін тексеруге арналған компьютерлік тестілеу (3 ситуациялық жағдай бойынша 12 сұрақ).

      18. Аттестаттау тестілеріне енгізілуі тиіс сұрақтар тізбесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі қалыптастырады.

      Аттестаттаудың екінші кезеңіне практикалық тапсырманың мазмұнын Республикалық нотариаттық палатасы қалыптастырады.

      19. Үміткерлердің Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын білуін тексеруге арналған сұрақтардың жауабының біреуі дұрыс болған кемінде үш нұсқасы болады.

      Практикалық дағдылардың тиісті деңгейін тексеруге арналған сұрақтарда бір дұрыс жауаппен кемінде үш нұсқасы қамтылады.

      20. Аттестаттау сұрақтары және олардың жауаптары құпия ақпарат болып табылады және таратылуға жатпайды.

      Аттестаттау өткізілгеннен кейін көрсетілетін қызметті алушыға аттестаттау мәселелерін және оларға жауаптарды ашуға жол берілмейді.

      Аттестаттау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызмет алушыға Тестілеу операторы жинаған баллдарының жалпы саны (дұрыс жауаптардың пайызы) туралы және тестілеуден өткені не өтпегені туралы сертификат немесе анықтама береді.

      Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Тестілеу операторына аттестаттау сұрақтары мен олардың жауаптарын электрондық жеткізгіште жолдайды.

      Аттестаттау сұрақтары мен олардың жауаптары ашық байланыс түрлерінің техникалық арналары (телефон, жалпы қолданыстағы факсимильді байланыс, радиобайланыс, спутниктік және ұялы (жылжымалы (мобильді) байланыс, интернет желісі) арқылы беруге жол берілмейді.

      Аттестаттау сұрақтары мен олардың жауаптарын өңдеуді, пайдалануды, сақтауды, есепке алуды және жою есептеу техникасы құралдарында (бұдан әрі – ЕТҚ) жүктеп алу, құжатты қайта жіберу және Интернетке қосу мүмкіндігінсіз жүзеге асырылуға тиіс.

      Тестілеу өткізілетін ЕТҚ-ға магниттік тасығыштарға қолжетімділік бұғатталуы тиіс.

      21. Аттестаттауға келген кезде көрсетілетін қызметті алушының өзімен бірге оның жеке басын куәландыратын құжаты не цифрлық құжаттар сервисінен (сәйкестендіру үшін) цифрлық жеке куәлігі болуы қажет.

      22. Аттестаттаудан өту алдында Тестілеу операторы көрсетілетін қызметті алушыны аттестаттау кезеңдерін өткізу тәртібі және олардың ұзақтығы туралы хабардар етеді.

      23. Көрсетілетін қызметті алушы аттестаттаудан өз таңдауы бойынша мемлекеттік немесе орыс тілдерінде өтеді.

      24. Аттестаттауды өткізу кезінде көрсетілетін қызметті алушының анықтамалық, арнайы және өзге де әдебиеттерді қағаз, электрондық және өзге де жеткізгіштерде, қабылдайтын-беретін электрондық құрылғыларда (оның ішінде ұялы телефондар мен өзге де электрондық жабдықтар) пайдалануына жол берілмейді.

      Мұндай құрылғылар тестілеу кезінде ұяшықтары бар арнайы шкафтарда сақтауға орналастырылады.

      Көрсетілген талаптар бұзылған жағдайда Тестілеу операторы көрсетілетін қызметті алушыны ағымдағы аттестаттаудан шеттете отырып, бұзушылық туралы акт жасайды.

      25. Аттестаттаудан шеттетілген көрсетілетін қызметті алушы шешім шығарылған күннен бастап 3 (үш) ай өткен соң аттестаттауға жіберу туралы өтінішті қайта бере алады.

      26. Көрсетілетін қызметті беруші компьютерлік тестілеу процесінде не практикалық тапсырмаларда (көрсетілетін қызметті алушыға тәуелді емес) техникалық ақаулар және/немесе қателер анықталған жағдайда, техникалық іркілістер туралы актімен дәлелденген кезде Тестілеу операторының атына дәлелді хат жолдау арқылы аттестаттаудың екінші кезеңіне жіберу туралы шешім қабылдайды.

      Аттестаттаудың екінші кезеңіне жіберу үшін көрсетілетін қызметті алушының ұсынылған сұрақтардың жалпы санынан 70% (жетпіс) және одан да көп жинауға мүмкіндік беретін дұрыс белгіленген жауаптарында қателердің болуы (көрсетілетін қызметті алушыға байланысты емес) негіз болып табылады.

      Практикалық тапсырмаларда қателер (көрсетілетін қызметті алушыға байланысты емес) анықталған кезде көрсетілетін қызметті алушыға аттестаттау туралы шешім беріледі.

      27. Еңсерілмейтін күш (дүлей құбылыстар, әскери іс-қимылдар) салдарынан, сондай-ақ техникалық ақаулар себебінен тестілеуді жалғастыру мүмкін болмаған кезде тестілеу тоқтатыла тұрады және тестілеу рәсімін тоқтата тұру туралы акт ресімделеді.

      Бұл жағдайда көрсетілетін қызметті алушы аттестаттаудан қайтадан өтеді.

      28. Заңнаманы білуге арналған кешенді компьютерлік тестілеуді орындауға бөлінген жалпы уақыт – 90 (тоқсан) минут (100 сұрақ).

      Практикалық дағдылардың тиісті деңгейін тексеруге арналған тестті орындауға бөлінген жалпы уақыт – 30 (отыз) минут (3 практикалық жағдайға 12 сұрақтан кем емес).

      Аттестаттау рәсімдерінен өз бетінше өтуіне кедергі келтіретін тұрақты физикалық шектеулері бар тұлғалар үшін (оның ішінде көру қабілетінің не қол функцияларының бұзылуы):

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған кешенді компьютерлік тестілеуді орындауға қосымша 30 минут беріледі;

      2) практикалық дағдылардың тиісті деңгейін тексеруге компьютерлік тестілеуді орындауға қосымша 20 минут беріледі.

      29. Егер дұрыс жауаптар саны ұсынылған сұрақтардың жалпы санының 70 % (жетпіс) және одан астамын құраса, көрсетілетін қызметті алушы заңнаманы білуге арналған кешенді компьютерлік тестілеуден өткен болып есептеледі және практикалық дағдылардың тиісті деңгейін тексеруге компьютерлік тестілеудің екінші кезеңіне жіберіледі.

      Егер дұрыс жауаптар саны ұсынылған сұрақтардың жалпы санының 65 % (алпыс бес) және одан астамын құраса, көрсетілетін қызметті алушы практикалық дағдылардың тиісті деңгейін тексеруге компьютерлік тестілеуден өткен болып есептеледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы аттестаттаудың екі кезеңінен оң нәтижемен өткен кезде аттестаттаудан өткен болып есептеледі.

      30. Тестілеуде белгіленген мәндерден төмен нәтиже алған кандидаттарға қайта тестілеуге алдыңғы тестілеу өткізілген күннен бастап 3 (үш) ай өткен соң аттестаттауға жіберу туралы өтінішті қайта бере алады.

      31. Аттестаттаудың әрбір кезеңінен өту нәтижелерін Тестілеу операторы көрсетілетін қызметті берушіге көрсетілетін қызметті алушы аттестаттаудың соңғы кезеңінен өткеннен кейін 1 (бір) жұмыс күн ішінде жібереді.

      32. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аттестаттау/аттестаттамау туралы дәлелді шешім болып табылады.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-мен куәландырылады және электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жіберіледі.

      33. Дәлелді себеппен (денсаулық жағдайы бойынша, жақын туысының қайтыс болуы және еңсерілмейтін күш салдарынан) аттестаттауға келмеген көрсетілетін қызметті алушы өтініш пен растайтын құжаттарды ұсынған жағдайда тестілеуден көрсетілетін қызметті беруші бекіткен басқа күні өте алады. Өтініш тестілеуді өткізіп алған күннен бастап 5 (жұмыс) күнінен кешіктірілмей ұсынылуы тиіс.

      Аттестаттауға дәлелді себептерсіз келмеген көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылады. Бұл ретте ол аттестаттауға жіберу туралы өтінішті қайта бере алады.

      34. Аттестаттау туралы шешім ол шығарылған күннен бастап үш жыл ішінде жарамды болып табылады.

3-тарау. Сынақ тестілеу тапсыру

      35. Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының нотариат саласындағы заңнамасы бойынша білімін тексеру, сондай-ақ аттестаттаудан өтуге дайындалу мақсатында сынақ тестілеуден өту мүмкіндігі бар.

      Сынақ тестілеу нәтижелері аттестаттау/аттесттамау туралы уәжделген шешім шығаруға негіз болып табылмайды.

      Көрсетілетін қызметті алушының сынақ тестілеуінен өту шарттары мен тәртібін Тестілеу операторы белгілейді.

4-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаның шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      36. Шағым көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына беріледі www.adilet.gov.kz.

      Шағымдар пошта бойынша жазбаша нысанда, "электрондық үкіметтің" веб-порталы не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің кеңсесi арқылы қолма-қол қабылданады.

      Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң атына немесе Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мекенжайына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес қарауға жатады.

      Шағымды қарау нәтижелерi туралы дәлелдi жауап көрсетiлетiн қызметтi алушыға пошта байланысы арқылы, "электрондық үкіметтің" веб-порталы не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесiнде қолма-қол берiледi.

      Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушы жеке кабинетінен өтініш туралы ақпаратқа қол жеткізе алады, өтінішті өңдеу барысында көрсетілетін қызметті беруші оны жаңартып отырады (жеткізілгені, тіркелгені, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап).

      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын бағалау мен бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа шағымдана алады.

  "Нотариаттық қызметпен
айналысу құқығына үміткер
тұлғаларға аттестаттау өткізу"
мемлекеттік көрсетілетін
қызметтің қағидаларына
1-қосымша

"Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер тұлғаларға аттестаттау өткізу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе)

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әділет департаменттері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші)

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері

www.egov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкiмет" веб-порталы арқылы

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

15 (он бес) жұмыс күні

4

Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны:

Электрондық (ішінара автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2020 жылғы 28 мамырдағы № 62 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20774 болып тіркелген) Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша аттестаттау туралы шешім не аттестаттамау туралы шешім

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет тегін көрсетіледі

7

Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс графигі

көрсетiлетiн қызметтi берушi - демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбі-жұма аралығында, сағат 12.00-ден 13.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 8.00-ден 17.30-ға дейін;
порталда - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде, өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

1) осы Тізбеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аттестаттауға жіберу туралы өтініш;
2) осы Тізбеге 2-қосымшаға сәйкес нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттаудан өту үшін мәліметтер нысаны.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаты, психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтарының (ауруларының) себебі бойынша психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрғандығы/тұрмағандығы туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

9

Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталғанда;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болған жағдайда;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алуға байланысты арнайы құқықтан айырылған заңды күшіне енген сот шешімі бар болған жағдайда;
5) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.

10

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар

Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Министрліктің интернет-ресурсында: - www.adilet.gov.kz;
2) порталда орналастырылған.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталда "жеке кабинеті" арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері жөніндегі 1414, 8 800 080 7777 бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет "Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет жиынтығында "бір өтініш" қағидаты бойынша көрсетіледі.

  Өтініш нысаны Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың
Әділет департаменті

Аттестаттауға жіберу туралы өтініш

      Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттаудан өтуге мені жіберулеріңізді сұраймын.

      Осымен: анық деректер бергенім; көрсетілген барлық деректер ресми байланыстар болып табылады және оларға аттестаттаудан өтуге рұқсат беру немесе бас тарту туралы кез келген ақпарат жіберілуі мүмкін; сотпен өтініш берушіге лицензияланатын қызмет түрімен және / немесе кіші қызмет түрімен айналысуға тыйым салынбаған; қоса берілген барлық құжаттар дұрыс және жарамды екені; өтініш беруші лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде сақталатын, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділіктің шектеулі жеке деректерін пайдалануға келісетіні расталады.

      Жеке тұлға ______________________________________________________ (қолы)

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

      күні:_______

      Қоса берілген құжаттардың тізбесі:

      1. ___________________________

      2. ___________________________

      Ақпараттық жүйелердегі қамтылған, заңмен қорғалған құпияны құрайтын мәліметтерді қолдануға келісемін:

      ____________________________________________________________________

      _____________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) және қызмет алушының қолы)

      Өтініш беру күні________________________________

      Нысан

Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттаудан өтуге арналған деректер нысаны

      ____________________________________________________________________

      жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) жеке сәйкестендіру нөмірі

      І. Дипломы туралы деректер:

      1. Жоғары оқу орнының атауы __________________________________________

      2. Мамандық шифрі ___________________________________________________

      3. Диплом нөмірі ______________________________________________________

      4. Дипломды беру күні _________________________________________________

      5. "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес дипломның немесе

      нострификациялаудың немесе тану рәсімінің өтуін растайтын құжаттың берілген күні:

      1. сериясы және нөмірі _________________________________________________

      2. негіздемесі: күні және нөмірі __________________________________________

      3. тіркеу нөмірі және күні ______________________________________________

      ІІ. Нотариустан тағылымдамадан өткені туралы қорытынды:

      1. нотариустан тағылымдамадан өткені туралы қорытындыны бекіту күні ______

      2. ___________________________ облысының/қаласының нотариаттық палатасы

      3. тағылымдама басшысы ______________________________________________

      4. тағылымдама басшысының нотариаттық қызметінің өтілі _________________

      5. тағылымдаманың басталу күні ________________________________________

      6. тағылымдаманың аяқталған күні ______________________________________

      Жеке тұлға __________________________________________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

      күні:____

  "Нотариаттық қызметпен
айналысу құқығына үміткер
тұлғаларға аттестаттау өткізу"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
қағидаларына 2-қосымша

      Нысан

  ________________ номер

Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткерді аттестаттау/аттестаттамау туралы шешім

_________ қаласы

күні ___________

      _____________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

      аттестатталды/аттестатталмады деп танылсын.

      Басшы _______________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің міндетін
атқарушысының
2020 жылғы 28 мамырдағы
№ 62 бұйрығына
2-қосымша

"Нотариатық қызметпен айналысу құқығына лицензия беру" мемлекеттік көрселетін қызметтің қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің осы қағидаларын (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 10-бабының 1-тармақшасына сәйкес әзірледі және "Нотариатық қызметпен айналысу құқығына лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін анықтайды.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      2. Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер тұлға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) лицензияны алуға немесе қайта ресімдеуге www.adіlet.gov.kz www.elіcense.kz "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі - ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес "Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет тізбесінің (бұдан әрі - Тізбе) 8-тармағында көрсетілген құжаттарды жолдайды.

      Көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет "Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер тұлғаларға аттестаттау жүргізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет жиынтығында "бір өтініш"қағидаты бойынша көрсетіледі.

      Лицензияны қайта ресімдеу көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) өзгерген жағдайда жүзеге асырылады.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 19.09.2025 № 515 (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізілетін) бұйрығымен.

      3. "Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 06.12.2024 № 1007 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен көрсетілу нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын негізгі талаптардың тізбесінде келтірілген.

      Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаты, лицензиясы, соттылығының бар не жоқ екендігі және наркологта және психиатрда диспансерлік есепте тұрғандығы/тұрмағандығы туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 19.09.2025 № 515 (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізілетін) бұйрығымен.

      5. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі лицензияны алуға құжаттар келіп түскен күні оларды тіркейді және жауапты орындаушыға орындауға береді.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 06.12.2024 № 1007 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін құжаттарды қабылдаған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынылған құжаттар толық болмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде негіздеме мен себептерін көрсете отырып, өтінішті қабылдаудан дәлелді бас тарту береді және көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жібереді.

      7. Лицензияны алуға ұсынылған құжаттар толық болған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші 11 (он бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 20 бұйрығымен бекітілген біліктілік талаптарына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10270 болып тіркелген) сәйкестігін тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушының ұсынған құжаттары біліктілік талаптарына сәйкес келген кезде мемлекеттік қызмет 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетіледі.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыны мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша позициясын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабардар етеді.

      Алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті алушының қарсылығын көрсетілетін қызметті беруші оны алған күннен бастап 2 жұмыс күні ішінде қабылдайды.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия не көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберілген көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы лицензияны беруден бас тарту туралы дәлелді жауап немесе қайта рәсімдеу болып табылады.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 06.12.2024 № 1007 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Лицензияны қайта ресімдеуге арналған жеке тұлғаның өтініші "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат ауыстырылған сәттен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде беріледі.

      Көрсетілетін қызметті беруші тегін, атын, әкесінің атын (бар болса) ауыстыру туралы мәліметтерді "электрондық үкімет" шлюзі арқылы "Жеке тұлғалар" мемлекеттік деректер базасынан алады.

      Тегін, атын, әкесінің атын (бар болса) ауыстыру туралы мәліметтер болмаған жағдайда электрондық өтінішті қалыптастыру процесі аяқталады.

      "Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы көрсетілетін қызметті алушының өтініші бойынша мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін "электрондық үкімет" веб-порталының көліктік қолтаңбасы арқылы көрсетілетін қызметті берушінің қатысуынсыз жұмыс күнінде 20 (жиырма) минут ішінде толық автоматты түрде өңдейді және қалыптастырады.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "электрондық үкімет" веб-порталының көліктік қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 06.12.2024 № 1007 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды тұлғалардың шешімдеріне, әрекеттіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      9. Шағым көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына www.adilet.gov.kz.

      Шағымдар пошта бойынша жазбаша нысанда, "электрондық үкіметтің" веб-порталы не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе Министрлiктiң кеңсесi арқылы қолма-қол қабылданады.

      Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң атына немесе Министрлiктiң мекенжайына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес қарауға жатады.

      Шағымды қарау нәтижелерi туралы дәлелдi жауап көрсетiлетiн қызметтi алушыға пошта байланысы арқылы, "электрондық үкіметтің" веб-порталы не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесiнде қолма-қол берiледi.

      Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушы "жеке кабинетінен" өтініш туралы ақпаратқа қол жеткізе алады, өтінішті өңдеу барысында көрсетілетін қызметті беруші оны жаңартып отырады (жеткізілгені, тіркелгені, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап).

      Көрсетілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын бағалау мен бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа шағымдана алады.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 24.09.2021 № 827 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  "Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің қағидаларына
  1-қосымша

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 25.02.2026 № 191 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

"Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия беру және қайта ресiмдеу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе)
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы:
1. Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия беру;
2. Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия қайта ресiмдеу.

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитеті

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары)

www.egov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкiмет" веб-порталы арқылы

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

1) лицензия беру кезiнде – 15 (он бес) жұмыс күнi;
2) лицензияны қайта ресiмдеу кезiнде – 20 (жиырма) минут

4

Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі

нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия беру немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметтен дәлелді бас тарту

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия беру, қайта ресімдеу үшін жекелеген қызмет түрлерімен айналасу құқығы үшін лицензиялық алым
Қазақстан Республикасының Салық кодексiнiң 616-бабына сәйкес мыналарды:
1) лицензия беру кезінде 6 айлық есептік көрсеткішті;
2) лицензияны қайта ресiмдеу үшiн лицензияны беру кезiндегi мөлшерлеменiң 10 %-ын құрайды.

7

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші – демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі-жұма аралығында,
сағат 12-00-ден 13-30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 8-00-ден 17-30-ға дейін; 2) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде, өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия алу үшін:
1) осы Тізбеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке тұлғаның лицензия алуға өтiнiшi;
2) осы Тізбенің 2-қосымшасындағы нысанға сәйкес адвокаттық қызметті жүзеге асыру мәліметтерінің нысаны;
3) ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, қызметтің жекелеген түрлерiмен айналысу құқығына лицензиялық алымның бюджетке төленгенiн растайтын құжаттың электрондық көшiрмесi.
Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензияны қайта ресімдеу үшін:
1) "Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне 3-қосымша сәйкес нысандағы өтініш;
2) жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның төленгенiн растайтын және лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы мәліметтер мемлекеттік ақпараттық жүйелерінен алынады.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаты, психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтарының (ауруларының) себебі бойынша психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрғандығы/тұрмағандығы туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталғанда;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болған жағдайда;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алуға байланысты арнайы құқықтан айырылған заңды күшіне енген сот шешімі бар болған жағдайда;
5) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы.

10

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар

Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Министрліктің интернет-ресурсында: - www.adilet.gov.kz;
2) порталда орналастырылған.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталда "жеке кабинеті" арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері жөніндегі 1414, 8 800 080 7777 бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет "Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет жиынтығында "бір өтініш" қағидаты бойынша көрсетіледі.

  "Нотариаттық қызметпен
айналысу құқығына лицензия
беру" мемлекеттік қызмет
көрсетуге қойылатын негізгі
талаптардың тізбесіне
1-қосымша
Нысан

Жеке тұлғаның лицензия алуға өтiнiшi

      __________________________________________________________________

      (лицензиардың толық атауы)

      _________________________________________________________________

      (жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған жағдайда), жеке сәйкестендiру

      нөмiрi)

      _________________________________________________ жүзеге асыру үшін

      (қызметтiң түрi толық атауы көрсетiлсiн) лицензия беруiңiздi сұраймын.

      Байланыс деректері_________________________________________________

      Осымен: көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы; өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны; қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады; өтініш беруші лицензияны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді; өтініш беруші халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерінің өтінішті электрондық цифрлік қолтаңбамен растауына келіседі (халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы жүгінген жағдайда).

      Жеке тұлға ____________________________________________________________

      (қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған жағдайда)

      Толтыру күні: 20__ жылғы "__" _________________

  "Нотариаттық қызметпен
айналысу құқығына лицензия
беру" мемлекеттік қызмет
көрсетуге қойылатын негізгі
талаптардың тізбесіне
2-қосымша
Нысан

Нотариаттық қызметті жүзеге асыру мәліметтерінің нысаны

      ___________________________________________________________________

      (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), жеке сәйкестендіру

      нөмірі) барлық адамдар толтырады

      1. Диплом туралы мәліметтер

      1. жоғары оқу орнының атауы________________________________

      2. мамандық атауы________________________________

      3. мамандық шифры________________________________

      4. диплом нөмірі________________________________

      5. дипломның берілген күні________________________________

      6. дипломды тану/нострификациялау туралы куәліктің берілген күні ________

      7. дипломды тану/нострификациялау туралы куәліктің нөмірі ________________

      (6,7-тармақтар шетелдің білім беру мекемелері берген дипломдар үшін толтырылады)

      нотариустан тағылымдамадан және аттестаттаудан өткен тұлғалар үшін

      2. Нотариустан тағылымдамадан өткені туралы қорытынды

      1. нотариустан тағылымдамадан өткені туралы қорытындының бекітілген күні___

      2. облыс _______________________________

      3. тағылымдаманың жетекшісі ___________________________

      4. тағылымдаманың басталған күні _________________________________

      5. тағылымдаманың аяқталған күні___________________________________

      Нотариустан тағылымдамадан және аттестаттаудан өткен адамдар үшін

      3. Аттестаттау туралы шешімі

      1. қала ______________________________

      2. өткізілген күні ______________________________

      3. қарау мәртебесі ______________________________

      Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Кеңесінің жанындағы Біліктілік

      комиссиясында біліктілік емтихандарын тапсырған адамдар үші

      4. Судья лауазымына біліктілік емтиханын тапсыру

      1. өткізілген күні ______________________________

      2. қарау мәртебесі ______________________________ тұрақты судьялар үшін

      5. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы (бұдан әрі - Жарлық) туралы

      Мәліметтер

      1. Жарлықтың нөмірі ___________________________________________

      2. Судья лауазымына тағайындау туралы Жарлықтың қабылданған күні

      ____________________________________________________________________

      тұрақты судья болып жұмыс істеген тұлғалар үшін

      6. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы туралы мәліметтер ________

      1. Жарлықтың нөмірі ________________________________________

      2. Судья лауазымына тағайындау туралы Жарлықтың қабылданған күні _______

      3. Жарлықтың нөмірі ___________________________________________

      4. Судья лауазымынан босату туралы Жарлықтың қабылданған күні ___________

      5. Босату негізі ________________________________________________________

      Жеке тұлға _____________________________ күні__________________________

      ____________________________________________________________________

      (қолы) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

  "Нотариаттық қызметпен
айналысу құқығына лицензия
беру" мемлекеттік қызмет
көрсетуге қойылатын негізгі
талаптардың тізбесіне
3-қосымша
Нысан

Лицензияны қайта ресімдеуге арналған жеке тұлғаның өтiнiші

      _________________________________________________________________

      (лицензиардың толық атауы)

      _________________________________________________________________

      (жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған жағдайда), жеке сәйкестендіру

      нөмірі) _________________________________________________________________

      Тегімнің, атымның, әкемнің атының (ол болған жағдайда) өзгеруіне байланысты

      нотариаттық қызметті жүзеге асыруға 20___ жылғы "____" № ________________,

      _____________________________________________________________________

      (лицензияның нөмірі(лері), лицензияны берген лицензиардың атауы) берілген

      лицензияны қайта ресімдеуіңізді сұраймын.

      Қазақстан Республикасы заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметті

      көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны

      құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді.

      Жеке тұлға ________ ______________________________________________ (қолы)

      (тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған жағдайда) Толтыру күні: 20__ жылғы "__" ____

  "Нотариаттық қызметпен
айналысу құқығына лицензия
беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызметтің
қағидаларына
2-қосымша
  нысаны



Лицензия

      20____ жылғы "___" ___________ №_____________

      __________________________________________________________________________

      ("Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес

      лицензияланатын қызмет түрінің атауы)

      ________________________________________________________________ айналысуға

      ____________________________________________________________________ берілді

      (жеке тұлғаның толық тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), жеке сәйкестендіру

      нөмірі, толық атауы, мекен-жайы)

      Ерекше шарттары __________________________________________________________

      ("Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабына сәйкес)

      Ескерту: _________________________________________________________________

                        (иеліктен шығарылатындығы, рұқсаттың класы)

      Лицензиар ________________________________________________________________

                              (лицензиардың толық атауы)

      Басшы (уәкілетті тұлға) ____________________________________________________

                                    (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

      Берілген орны _____________________________________________



      Бұл құжат "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" 2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 1-тармағына сәйкес қағаз құжатқа балама болып табылады.

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің міндетін
атқарушысының
2020 жылғы 28 мамырдағы
№ 62 бұйрығына
3-қосымша

"Нотариустардың өтініштерін қабылдау, мөрлерін тіркеу және беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің қағидалары

      Ескерту. 3-қосымша алып тасталды - ҚР Әділет министрінің 06.12.2024 № 1007 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің міндетін
атқарушысының
2020 жылғы 28 мамырдағы
№ 62 бұйрығына
4-қосымша

      1. "Нотариаттық қызмет мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 232 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 20 мамырда № 11095 тіркелді.);

      2. "Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 10 қаңтардағы № 54 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 26 қаңтарда № 16285 болып тіркелді.);

      3. "Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2016 жылғы 18 қарашадағы № 1056 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 22 желтоқсанда № 14550 болып тіркелді).

      4. "Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер және толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы 8 қарашадағы № 540 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 13 қарашада № 19588 болып тіркелді);

      5. "Нотариаттық қызмет мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 мамырдағы № 297 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 13 шілдеде № 11647 тіркелді);

      6. "Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 20 наурыздағы № 442 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 17 сәуірде № 16766 болып тіркелді);

      7. "Тағылымдамадан өткен нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 27 қаңтардағы № 56 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 17 ақпанда № 10269 тіркелді);

      8. "Тағылымдамадан өткен және адвокаттық қызметпен айналысуға және нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 27 қаңтардағы № 56 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2016 жылғы 18 қарашадағы № 1055 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 28 қарашада № 14466 болып тіркелді);

      9. "Тағылымдамадан өткен нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 27 қаңтардағы № 56 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2019 жылғы 25 ақпандағы № 84 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 28 ақпанда № 18352 болып тіркелді).