Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2016 жылғы 18 қарашадағы № 1056 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 22 желтоқсанда № 14550 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2020 жылғы 28 мамырдағы № 62 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Әділет министрінің м.а. 28.05.2020 № 62 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін) бұйрығымен.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) "Адвокаттық қызмет мәселелері бойынша мемлекеттiк көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 231бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11096 болып тіркелген, 2015 жылғы 11 маусымда "Әділет" ақпараттық -құқықтық жүйесінде жарияланған):

      осы бұйрықпен бекітілген "Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткiзу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Мыналар аттестаттауға жіберуден бас тарту негізде:

      1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті, ұсынылған материалдардың, деректердің және мәліметтердің "Адвокаттық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оқызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;

      4) адвокаттық қызметті жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келмеу болып табылады;

      Көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк қызметті көрсетуден бас тарту себептерін жойған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасы Заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін қайтадан жүгінуі мүмкін.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелерi бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешiмдерiне, әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану: шағым басшысының атына, мемлекеттiк қызмет көрсету стандартының 13-тармағында көрсетiлген мекенжай бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушiнің не Министрлiктiң басшысының атына 010000, Астана қаласы, Есiл ауданы, Мәнгілік ел даңғылы, № 8 үй, "Министрлiктер үйi" ғимараты, 13-кiреберiс мекенжайы бойынша Министрлік басшысының атына беріледі.

      Шағымдар пошта арқылы жазбаша нысанда, "электрондық үкіметтің" веб-порталы көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе Министрлiктiң кеңсесi арқылы қолма-қол қабылданады.

      Шағымда жеке көрсетiлетiн қызметтi алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) пошталық мекен-жайы көрсетіледі.

      Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе Министрлiктiң кеңсесiнде шағымды қабылдаған адамның тегi мен аты-жөнi, берiлген шағымға жауап алу мерзiмi мен орны көрсетiле отырып, оны тiркеу (мөртабан, кiрiс нөмiрi және күнi) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

      Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң атына немесе Министрлiктiң мекенжайына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнінен бастап бес жұмыс күнi iшiнде қарауға жатады. Шағымды қарау нәтижелерi туралы дәлелдi жауап көрсетiлетiн қызметтi алушыға пошта байланысы арқылы не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе Министрлiктiң кеңсесiнде қолма-қол берiледi.

      Портал арқылы жүгіну кезінде шағымдану реті туралы ақпаратты бірыңғай байланыс-орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.

      Көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінен" портал арқылы шағымды жіберу кезінде көрсетілетін қызметті берушінің өтініштерді (жеткізілу, тіркелу, орындалу туралы белгі, қарастыру жөніндегі немесе қарастырудан бас тарту туралы жауап) өңдеу кезінде жаңартылатын өтініштер туралы ақпаратты алуға мүмкіндік беріледі.

      Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау мен бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағыммен жүгiне алады.

      Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау мен бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнінен бастап бес жұмыс күнi iшiнде қарауға жатады.

      Арызды қарау нәтижесі туралы дәлелді жауап қызмет алушыға поштамен "электрондық үкімет" веб-портал арқылы немесе қызмет көрсетушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі";

      3-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      4-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      2) "Нотариаттық қызмет мәселелері бойынша мемлекеттiк көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 232 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11095 болып тіркелген, 2015 жылғы 11 маусымда "Әділет" ақпараттық- құқықтық жүйесінде жарияланған) :

      осы бұйрықпен бекітілген "Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттаудан өткізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Аттестаттауға жіберуден бас тарту негіздемелері:

      1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынған материалдардың, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының "Нотариат туралы" Заңына белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;

      4) нотариаттық қызметті жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келмеген жағдайда;

      Көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк қызметті көрсетуден бас тарту себептерін жойған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасы Заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін қайтадан жүгінуі мүмкін.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушiлердiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану: шағым көрсетiлетiн қызметтi берушi басшысының атына, мемлекеттiк қызмет көрсету стандартының 13-тармағында көрсетiлген мекенжай бойынша не Министрлiктiң басшысының атына 010000, Астана қаласы, Есiл ауданы, Мәнгілік ел даңғылы, № 8 үй, "Министрлiктер үйi" ғимараты, 13-кiреберiс мекенжайы бойынша Министрлік басшысының атына беріледі.

      Шағымдар пошта аркылы жазбаша нысанда, "электрондық үкіметтің" веб-порталы не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе Министрлiктiң кеңсесi арқылы қолма-қол қабылданады.

      Шағымда жеке көрсетiлетiн қызметтi алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) пошталық мекен-жайы көрсетіледі.

      Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе Министрлiктiң кеңсесiнде шағымды қабылдаған адамның тегi мен аты-жөнi, берiлген шағымға жауап алу мерзiмi мен орны көрсетiле отырып, оны тiркеу (мөртабан, кiрiс нөмiрi және күнi) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

      Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе Министрлiктiң мекенжайына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнінен бастап бес жұмыс күнi iшiнде қарауға жатады. Шағымды қарау нәтижелерi туралы дәлелдi жауап көрсетiлетiн қызметтi алушыға пошта байланысы арқылы не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе Министрлiктiң кеңсесiнде қолма-қол берiледi.

      Портал арқылы жүгіну кезінде шағымдану реті туралы ақпаратты бірыңғай байланыс-орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.

      Көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінен" портал арқылы шағымды жіберу кезінде көрсетілетін қызметті берушінің өтініштерді (жеткізілу, тіркелу, орындалу туралы белгі, қарастыру жөніндегі немесе қарастырудан бас тарту туралы жауап) өңдеу кезінде жаңартылатын өтініштер туралы ақпаратты алуға мүмкіндік беріледі.

      Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау мен бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағыммен жүгiне алады.

      Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау мен бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнінен бастап бес жұмыс күнi iшiнде қарауға жатады.

      Арызды қарау нәтижесі туралы дәлелді жауап қызмет алушыға поштамен "электрондық үкімет" веб-портал арқылы немесе қызмет көрсетушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі";

      3-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      4-қосымша осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      Осы бұйрықпен бекітілген "Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      2-қосымша осы бұйрыққа 5- қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментіне:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеу қорытындысын алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесін Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Әділет министрі
М. Бекетаев
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының

Ақпарат және коммуникациялар

министрі

____________ Д. Абаев

2016 жылғы "____"_________
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
____________
Қ. Бишімбаев
2016 жылғы "____"_________

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2016 жылғы 18 қарашадағы
№ 1056 бұйрығына
1-қосымша
  "Адвокаттық қызметпен
айналысуға үміткер адамдарды
аттестаттаудан өткiзу"
мемлекеттiк көрсетiлетiн
қызмет стандартына
3-қосымша
  Нысан

      Адвокаттық қызметпен айналысуға
үмiткер адамдарды аттестаттау
жөніндегі комиссияның төрағасына
кімнен _________________________
(жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты
(бар болған кезде), жеке сәйкестендiру нөмiрi)
мекен-жайы ________________________
(пошталық индексi, облысы, қаласы, ауданы,
(елдi мекені, көше атауы, үй/ғимараттың нөмiрi)

Аттестаттауға жіберу туралы өтініш

      Маған адвокаттық қызметпен айналысуға аттестаттаудан өтуге рұқсат етуіңізді сұраймын.

      Осымен:

      шынайы мәліметтер ұсынғаным үшін дербес жауап беремін; көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға аттестаттаудан өтуге рұқсат беру немесе бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге мүмкін болатындығы; өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны; қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады; өтініш беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді.

      Жеке тұлға ______________________ күні:________

      (қолы) (Т.А.Ә. (бар болған кезде)

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2016 жылғы 18 қарашадағы
№ 1056 бұйрығына
2-қосымша
  "Адвокаттық қызметпен
айналысуға үміткер адамдарды
аттестаттаудан өткiзу"
мемлекеттiк көрсетiлетiн
қызмет стандартына
4-қосымша

Адвокаттық қызметпен айналысуға аттестаттаудан өту үшін мәліметтер нысаны

      _____________________________________________________________________

      (жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болған кезде), жеке сәйкестендiру нөмiрi)

      I. Диплом туралы мәлімет:

      1. жоғары оқу орнының атауы ________________________________________

      2. мамандықтың шифрі ________________________________________________

      3. дипломның нөмірі _________________________________________________

      4 дипломның берілген күні ___________________________________________

      5. "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес нострификациялау немесе тану

      рәсімдерінен өткенін растайтын құжат

      ____________________________________________________________________

      1. сериясы және нөмірі:

      2. негіздеме: күні және нөмірі ______________________________________

      3. тіркеу нөмірі және күні __________________________________________

      II. Тағылымдамадан өткені туралы қорытынды:

      1. Тағылымдамадан өткені туралы қорытындыны бекіту күні ______________

      2. _____________________________облысының/қаласының адвокаттар алқасы

      3. тағылымдама жетекшісі________________________________________

      4. тағылымдама жетекшісінің адвокаттық қызмет өтілі______________________

      5. тағылымдаманың басталу күні _______________________________________

      6. тағылымдаманың аяқталу күні _______________________________________

      Жеке тұлға ______________________ күні:________

      (қолы) (Т.А.Ә. (бар болған кезде)

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2016 жылғы 18 қарашадағы
№ 1056 бұйрығына
3-қосымша
  "Нотариаттық қызметпен
айналысу құқығына
аттестаттаудан өткiзу"
мемлекеттiк көрсетiлетiн
қызмет стандартына
3-қосымша
  Нысан

      Нотариаттық қызметпен айналысу
құқығына Әділет аттестаттау
комиссиясының төрағасына
кімнен ________________________
(жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты
(бар болған кезде), жеке сәйкестендiру нөмiрi)
мекен-жайы ________________________
(пошталық индексi, облысы, қаласы, ауданы,
(елдi мекені, көше атауы, үй/ғимараттың нөмiрi)

Аттестаттауға жіберу туралы өтініш

      Маған нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттаудан өтуге рұқсат етуіңізді сұраймын.

      Осымен:

      шынайы мәліметтер ұсынғаным үшін дербес жауап беремін; көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға аттестаттаудан өтуге рұқсат беру немесе бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге мүмкін болатындығы; өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны; қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады; өтініш беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын, қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді.

      Жеке тұлға ______________________ күні:________

      (қолы) (Т.А.Ә. (бар болған кезде)

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2016 жылғы 18 қарашадағы
№ 1056 бұйрығына
4-қосымша
  "Нотариаттық қызметпен
айналысу құқығына
аттестаттаудан өткiзу"
мемлекеттiк көрсетiлетiн
қызмет стандартына
4-қосымша

Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттаудан өту үшін мәліметтер нысаны

      _____________________________________________________________________

      (жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда), жеке сәйкестендiру нөмiрi)

      I. Диплом туралы мәлімет:

      1. жоғары оқу орнының атауы ________________________________________

      2. мамандықтың шифрі ________________________________________________

      3. дипломның нөмірі _________________________________________________

      4 дипломның берілген күні ___________________________________________

      5. "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес нострификациялау және

      тану рәсімдерінен өткенін растайтын құжат

      ____________________________________________________________________

      1. сериясы және нөмірі:

      2. негіздеме: күні және нөмірі ______________________________________

      3. тіркеу нөмірі және күні __________________________________________

      II. Тағылымдамадан өткені туралы қорытынды:

      1. Тағылымдамадан өткені туралы қорытындыны бекіту күні ______________

      2. ___________________________облысының/қаласының нотариаттық палата

      3. тағылымдаманың жетекшісі __________________________________________

      4. тағылымдаманың басталу күні _______________________________________

      5. тағылымдаманың аяқталу күні _____________ _________________________

      Жеке тұлға ______________________ күні:________

      (қолы) (Т.А.Ә. (бар болған кезде)

  "Нотариаттық қызметпен
айналысу құқығына
аттестаттаудан өткiзу"
мемлекеттiк көрсетiлетiн
қызмет стандартына
5-қосымша
  "Нотариаттық қызметпен
айналысу құқығына лицензия
беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн
қызмет стандартына
2-қосымша

Нотариаттық қызметті жүзеге асыру мәліметтерінің нысаны

      _________________________________________________________________

      (жеке тұлғаныі тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде), жеке сәйкестендіру нөмірі)

      барлық адамдар толтырады

      1. диплом туралы мәліметтер

      1. жоғары оқу орнының атауы _________________________________________

      2. мамандық атауы ___________________________________________________

      3. мамандық шифры___________________________________________________

      4. диплом нөмірі_____________________________________________________

      5. дипломның берілген күні___________________________________________

      6. дипломды тану/нострификациялау туралы куәліктің берілген күні_____

      7. дипломды тану/нострификация туралы куәліктің нөмірі ______________

      (6,7-тармақтар шетел білім беру мекемелері берген дипломдар үшін толтырылады)

      2. Тағылымдамадан өткені туралы қорытынды

      1. тағылымдамадан өткені туралы қорытындының бекітілген күні ________

      2. облыс ____________________________________________________________

      3. тағылымдаманың жетекшісі__________________________________________

      4. тағылымдаманың басталған күні_____________________________________

      5. тағылымдаманың аяқталған күні_____________________________________

      тағылымдамадан және аттестаттаудан өткен адамдар үшін

      3. Комиссияның аттестаттау туралы шешімі

      1. қала______________________________________________________________

      2. өткізілген күні___________________________________________________

      3. қарау мәртебесі __________________________________________________

      Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Кеңесінің жанындағы Біліктілік комиссиясында

      біліктілік емтихандарын тапсырған адамдар үшін

      4. Судья лауазымына біліктілік емтиханын тапсыру

      1. өткізілген күні __________________________________________________

      2. қарау мәртебесі __________________________________________________

      тұрақты судьялар үшін

      5. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы (бұдан әрі - Жарлық) туралы мәліметтер

      1. Жарлықтың нөмірі__________________________________________________

      2. Судья лауазымына тағайындау туралы жарлықтың қабылданған күні

      _________________________________________________________________

      тұрақты судья болып жұмыс істеген тұлғалар үшін

      6. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы туралы мәліметтер

      1. Жарлықтың нөмірі__________________________________________________

      2. Судья лауазымына тағайындау туралы жарлықтың қабылданған күні_____

      3. Жарлықтың нөмірі__________________________________________________

      4. Судья лауазымынан босату туралы жарлықтың қабылданған күні________

      5. Босату негізі_____________________________________________________

      Жеке тұлға ______________________ күні:________

      (қолы) (Т.А.Ә. (бар болған кезде)