"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 06.12.2024 № 1007 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Бекітілсін:
1) "Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер тұлғаларға аттестаттаудан өткізу" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес;
2) "Адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидасы осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушы |
Н. Пан |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
| Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2020 жылғы 28 мамырдағы № 61 бұйрығына 1-қосымша |
"Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары
Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 25.02.2026 № 191 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің осы қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін анықтайды.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың әділет департаменттері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
3. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар мен қысқартулар қолданылады:
1) көрсетілетін қызметті алушы – кәсіптік қызметпен айналысуға үміткер жеке тұлға;
2) тестілеу операторы - тестілеу рәсімдерін ұйымдастыруды және "Кәсіби қызметпен айналысу және біліктілік беру құқығына автоматтандырылған режимде кешенді тестілеуге арналған бағдарламалық қамтамасыз ету" АЖ техникалық сүйемелдеуді қамтамасыз етуші оператор;
3) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы;
4) портал – "электрондық үкіметтің" веб-порталы www.egov.kz, www.elicense.kz.
5) "бір өтініш" қағидаты – бір өтініш негізінде көрсетілетін бірнеше мемлекеттік қызметтің жиынтығы көзделетін мемлекеттік қызмет көрсету нысаны.
2-тарау. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан (бұдан әрі – аттестаттау) өткізу үшін көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге өтінішті 1-қосымшаға сәйкес портал арқылы электрондық құжат нысанында жолдайды.
Егер үміткердің аттестаттау рәсімдерінен өз бетінше өтуіне кедергі келтіретін тұрақты физикалық шектеулері (оның ішінде көру қабілетінің не қол функциясының бұзылуы) болған жағдайда, көмекшінің тапсырмаларды түсіндіру, жауаптарды тұжырымдау не аттестаттау нәтижелеріне өзге де түрде ықпал ету құқығынсыз техникалық көмек көрсету үшін ғана қатысуына жол беріледі.
Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауын, көрсетілетін қызметті берушінің атауын, мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдерін, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін, мемлекеттік қызмет көрсету нысанын, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдерін, көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс графигін, мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтерді тізбесін және мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді қамтитын, мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтер осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес тізбеде көрсетілген.
5. Көрсетілетін қызметті алушы егер Қазақстан Республикасының Заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісімін береді.
Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы өтініш берген кезде жеке кабинетіне мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні және уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.
6. Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаты, психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтарының (ауруларының) себебі бойынша психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрғандығы/тұрмағандығы туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.
Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады. Көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе портал арқылы жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде, еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
7. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар тіркелген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар толық топтамасын ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші құжаттардың Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 20 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №10270 болып тіркелген) адвокаттық қызметті жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне сәйкестігін тексереді.
Өтініште мәліметтер толық болмаған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші өтініш түскен күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартады. Бас тарту электрондық құжат нысанында беріледі, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-мен куәландырылады және көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жіберіледі.
8. Көрсетілетін қызметті алушының аттестаттауға жіберу туралы құжаттарын көрсетілетін қызметті беруші құжаттар тіркелген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарайды.
9. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту үшін негіздер осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес Тізбенің 9-тармағында көзделген.
10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыны мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша позициясын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы 3 (үш) жұмыс күні ішінде хабардар етеді.
11. Алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті алушының қарсылығын көрсетілетін қызметті беруші оны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде қабылдайды.
12. Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші үміткерді аттестаттауға жіберу не жіберуден бас тарту туралы дәлелді шешім шығарады.
13. Көрсетілетін қызметті беруші аттестаттауға жіберуден бас тарту туралы шешімді өтініш тіркелген сәттен бастап 10 (он) жұмыс күннен кешіктірмей көрсетілетін қызметті алушыға оның абоненттік нөміріне немесе портал арқылы жеке кабинетіне қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы жолданады.
14. Аттестаттауға жіберілген көрсетілетін қызметті алушыны аттестаттауға жіберу туралы шешім қабылданған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде аттестаттауды өткізу орны, күні, уақыты, тәртібі туралы көрсетілетін қызметті беруші оның абоненттік нөміріне немесе портал арқылы жеке кабинетіне қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы хабардар етеді.
15. Көрсетілетін қызметті беруші аттестаттауға жіберу туралы шешім қабылданған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде Тестілеу операторына аттестаттауға жіберілген тұлғалардың тізімін жолдайды.
16. Аттестаттау Тестілеу операторының техникалық жабдықталған тестілеу залдарында өткізіледі.
17. Аттестаттау екі кезеңнен тұрады:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған кешенді компьютерлік тестілеу (100 сұрақ: Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі – 15, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі – 15, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі – 15, Қазақстан Республикасының Қылмыстық процестік кодексі – 15, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексі – 15, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі – 5, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы – 5, "Қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы – 5, "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы – 10);
2) практикалық дағдылардың тиісті деңгейін тексеруге арналған компьютерлік тестілеу (3 ситуациялық жағдай бойынша 12 сұрақ).
18. Аттестаттау тестілеріне енгізілуі тиіс сұрақтар тізбесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі қалыптастырады.
Аттестаттаудың екінші кезеңіне практикалық тапсырманың мазмұнын Республикалық адвокаттар алқасы қалыптастырады.
19. Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын білуін тексеруге арналған сұрақтардың жауабының біреуі дұрыс болған кемінде үш нұсқасы болады.
Практикалық дағдылардың тиісті деңгейін тексеруге арналған сұрақтарда бір дұрыс жауаппен кемінде үш нұсқасы қамтылады.
20. Аттестаттау сұрақтары және олардың жауаптары құпия ақпарат болып табылады және таратуға жатпайды.
Аттестаттау өткізілгеннен кейін көрсетілетін қызметті алушыға аттестаттау мәселелерін және оларға жауаптарды ашуға жол берілмейді.
Аттестаттау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызмет алушыға Тестілеу операторы жинаған балдарының жалпы саны (дұрыс жауаптардың пайызы) туралы және тестілеуден өткені не өтпегені туралы сертификат немесе анықтама береді.
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тестілеу операторына аттестаттау сұрақтары мен олардың жауаптарын электрондық тасығышта жолдайды.
Аттестаттау сұрақтары мен олардың жауаптары ашық байланыс түрлерінің техникалық арналары (телефон, жалпы қолданыстағы факсимильді байланыс, радиобайланыс, спутниктік және ұялы (жылжымалы (мобильді) байланыс, интернет желісі) арқылы беруге жол берілмейді.
Аттестаттау сұрақтары мен олардың жауаптарын өңдеуді, пайдалануды, сақтауды, есепке алуды және жою есептеу техникасы құралдарында (бұдан әрі – ЕТҚ) жүктеп алу, құжатты қайта жіберу және интернетке қосу мүмкіндігінсіз жүзеге асырылуға тиіс.
Тестілеу өткізілетін ЕТҚ-ға магниттік тасығыштарға қолжетімділік бұғатталуы тиіс.
21. Аттестаттауға келген кезде көрсетілетін қызметті алушының өзімен бірге оның жеке басын куәландыратын құжаты не цифрлық құжаттар сервисінен (сәйкестендіру үшін) цифрлық жеке куәлігі болуы қажет.
22. Аттестаттаудан өту алдында Тестілеу операторы көрсетілетін қызметті алушыны аттестаттау кезеңдерін өткізу тәртібі және олардың ұзақтығы туралы хабардар етеді.
23. Көрсетілетін қызметті алушы аттестаттаудан өз таңдауы бойынша мемлекеттік немесе орыс тілдерінде өтеді.
24. Аттестаттауды өткізу кезінде көрсетілетін қызметті алушының анықтамалық, арнайы және өзге де әдебиеттерді қағаз, электрондық және өзге де жеткізгіштерде, қабылдайтын-беретін электрондық құрылғыларда (оның ішінде ұялы телефондар мен өзге де электрондық жабдықтар) пайдалануына жол берілмейді.
Мұндай құрылғылар тестілеу кезінде ұяшықтары бар арнайы шкафтарда сақтауға орналастырылады.
Көрсетілген талаптар бұзылған жағдайда Тестілеу операторы көрсетілетін қызметті алушыны ағымдағы аттестаттаудан шеттете отырып, бұзушылық туралы акт жасайды.
25. Аттестаттаудан шеттетілген көрсетілетін қызметті алушы шешім шығарылған күннен бастап 3 (үш) ай өткен соң аттестаттауға жіберу туралы өтінішті қайта бере алады.
26. Көрсетілетін қызметті беруші компьютерлік тестілеу процесінде не практикалық тапсырмаларда (көрсетілетін қызметті алушыға тәуелді емес) техникалық ақаулар және/немесе қателер анықталған жағдайда, техникалық іркілістер туралы актімен дәлелденген кезде Тестілеу операторының атына дәлелді хат жолдау арқылы аттестаттаудың екінші кезеңіне жіберу туралы шешім қабылдайды.
Аттестаттаудың екінші кезеңіне жіберу үшін көрсетілетін қызметті алушының ұсынылған сұрақтардың жалпы санынан 70% (жетпіс) және одан да көп жинауға мүмкіндік беретін дұрыс белгіленген жауаптарында қателердің болуы (көрсетілетін қызметті алушыға байланысты емес) негіз болып табылады.
Практикалық тапсырмаларда қателер (көрсетілетін қызметті алушыға байланысты емес) анықталған кезде көрсетілетін қызметті алушы екінші кезеңге қайта жіберіледі.
27. Еңсерілмейтін күш (дүлей құбылыстар, әскери іс-қимылдар) салдарынан, сондай-ақ техникалық ақаулар себебінен тестілеуді жалғастыру мүмкін болмаған кезде тестілеу тоқтатыла тұрады және тестілеу рәсімін тоқтата тұру туралы акт ресімделеді.
Бұл жағдайда көрсетілетін қызметті алушы аттестаттаудан қайтадан өтеді.
28. Заңнаманы білуге арналған кешенді компьютерлік тестілеуді орындауға бөлінген жалпы уақыт - 90 (тоқсан) минут (100 сұрақ).
Практикалық дағдылардың тиісті деңгейін тексеруге арналған тестті орындауға бөлінген жалпы уақыт - 30 (отыз) минут (3 практикалық жағдайға 12 сұрақтан кем емес).
Аттестаттау рәсімдерінен өз бетінше өтуіне кедергі келтіретін тұрақты физикалық шектеулері тұлғалар үшін (оның ішінде көру қабілетінің не қол функциясының бұзылуы):
1) Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған кешенді компьютерлік тестілеуді орындауға қосымша 30 минут беріледі;
2) практикалық дағдылардың тиісті деңгейін тексеруге компьютерлік тестілеуді орындауға қосымша 20 минут беріледі.
29. Егер дұрыс жауаптар саны ұсынылған сұрақтардың жалпы санының 70 % (жетпіс) және одан астамын құраса, көрсетілетін қызметті алушы заңнаманы білуге арналған кешенді компьютерлік тестілеуден өткен болып есептеледі және практикалық дағдылардың тиісті деңгейін тексеруге компьютерлік тестілеудің екінші кезеңіне жіберіледі.
Егер дұрыс жауаптар саны ұсынылған сұрақтардың жалпы санының 65 % (алпыс бес) және одан астамын құраса, көрсетілетін қызметті алушы практикалық дағдылардың тиісті деңгейін тексеруге компьютерлік тестілеуден өткен болып есептеледі.
Көрсетілетін қызметті алушы аттестаттаудың екі кезеңінен оң нәтижемен өткен кезде аттестаттаудан өткен болып есептеледі.
30. Тестілеуде белгіленген мәндерден төмен нәтиже алған кандидаттарға қайта тестілеуге алдыңғы тестілеу өткізілген күннен бастап 3 (үш) ай өткен соң аттестаттауға жіберу туралы өтінішті қайта бере алады.
31. Аттестаттаудың әрбір кезеңінен өту нәтижелерін Тестілеу операторы көрсетілетін қызметті берушіге көрсетілетін қызметті алушы аттестаттаудың соңғы кезеңінен өткеннен кейін 1 (бір) жұмыс күн ішінде жібереді.
32. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аттестаттау/аттестаттамау туралы дәлелді шешім болып табылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-мен куәландырылады және электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жіберіледі.
33. Дәлелді себеппен (денсаулық жағдайы бойынша, жақын туысының қайтыс болуы және еңсерілмейтін күш салдарынан) аттестаттауға келмеген көрсетілетін қызметті алушы өтініш пен растайтын құжаттарды ұсынған жағдайда тестілеуден көрсетілетін қызметті беруші бекіткен басқа күні өте алады. Өтініш тестілеуді өткізіп алған күннен бастап 5 (жұмыс) күнінен кешіктірілмей ұсынылуы тиіс.
Аттестаттауға дәлелді себептерсіз келмеген көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылады. Бұл ретте ол аттестаттауға жіберу туралы өтінішті қайта бере алады.
34. Аттестаттау туралы шешім ол шығарылған күннен бастап үш жыл ішінде жарамды болып табылады.
3-тарау. Сынақ тестілеу тапсыру
35. Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының адвокатура саласындағы заңнамасы бойынша білімін тексеру, сондай-ақ аттестаттаудан өтуге дайындалу мақсатында сынақ тестілеуден өту мүмкіндігі бар.
Сынақ тестілеу нәтижелері аттестаттау/аттестаттамау туралы уәжделген шешім шығаруға негіз болып табылмайды.
Көрсетілетін қызметті алушының сынақ тестілеуінен өту шарттары мен тәртібін Тестілеу операторы белгілейді.
4-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
36. Шағым көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына беріледі www.adilet.gov.kz.
Шағымдар пошта бойынша жазбаша нысанда, "электрондық үкіметтің" веб-порталы не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің кеңсесi арқылы қолма-қол қабылданады.
Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң атына немесе Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мекенжайына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес қарауға жатады.
Шағымды қарау нәтижелерi туралы дәлелдi жауап көрсетiлетiн қызметтi алушыға пошта байланысы арқылы, "электрондық үкіметтің" веб-порталы не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесiнде қолма-қол берiледi.
Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушы жеке кабинетінен өтініш туралы ақпаратқа қол жеткізе алады, өтінішті өңдеу барысында көрсетілетін қызметті беруші оны жаңартып отырады (жеткізілгені, тіркелгені, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап).
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын бағалау мен бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа шағымдана алады.
| Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу қағидаларына 1-қосымша |
"Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу" мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әділет департаменттері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) |
2 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері | www.egov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкiмет" веб-порталы арқылы |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі | 15 (он бес) жұмыс күні |
4 | Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны | Электрондық (ішінара автоматтандырылған) |
5 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі | Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2020 жылғы 28 мамырдағы № 61 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20774 болып тіркелген) Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша аттестаттау туралы шешім не аттестаттамау туралы шешім |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Мемлекеттік көрсетілетін қызмет тегін көрсетіледі |
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс графигі |
көрсетiлетiн қызметтi берушi - демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбі-жұма аралығында, сағат 12.00-ден 13.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 8.00-ден 17.30-ға дейін; |
8 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
1) осы Тізбеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аттестаттауға жіберу туралы өтініш; |
9 | Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; |
10 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар |
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары: |
| Өтініш нысаны Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың Әділет департаменті |
Аттестаттауға жіберу туралы өтініш
Мені, адвокаттық қызметпен айналысуға аттестаттаудан өтуге жіберуіңізді сұраймын.
Осымен: анық деректер бергенім; көрсетілген барлық деректер ресми байланыстар болып табылады және оларға аттестаттаудан өтуге рұқсат беру немесе бас тарту туралы кез келген ақпарат жіберілуі мүмкін; сот өтініш берушіге лицензияланатын қызмет түрімен және / немесе кіші қызмет түрімен айналысуға тыйым салмаған; қоса берілген барлық құжаттар дұрыс және жарамды екені; өтініш беруші лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде сақталатын, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділіктің шектеулі жеке деректерін пайдалануға келісетіні расталады.
Жеке тұлға ______________________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
күні:_______
Қоса берілген құжаттардың тізбесі:
1. ___________________________
2. ___________________________
Ақпараттық жүйелердегі қамтылған, заңмен қорғалған құпияны құрайтын
мәліметтерді қолдануға келісемін:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) және қызмет алушының қолы)
Өтініш беру күні ________________________________
| "Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне 2-қосымша Нысан |
Адвокаттық қызметпен айналысуға аттестаттаудан өтуге арналған деректер нысаны
_________________________________________________________________
жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) жеке сәйкестендіру нөмірі)
I. Дипломы туралы деректер:
1. Жоғары оқу орнының атауы_________________________________________
2. Мамандық коды ___________________________________________________
3. Диплом нөмірі ____________________________________________________
4. Дипломды беру күні ________________________________________________
5. "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес дипломның немесе
нострификациялаудың немесе тану рәсімінің өтуін растайтын құжат:
1. Сериясы және нөмірі ________________________________________________
2. Негіздемесі: күні және нөмірі _________________________________________
3. Тіркеу нөмірі және күні______________________________________________
II. Тағылымдамадан өткені туралы қорытынды:
1. Тағылымдамадан өткені туралы қорытындыны бекіту күні ________________
2. Адвокаттар алқасы __________________________________облыстар/қалалар
3. Тағылымдама басшысы______________________________________________
4. Тағылымдама жетекшісінің адвокаттық қызмет өтілі _____________________
5. Тағылымдаманың басталу күні________________________________________
6. Тағылымдаманың аяқталған күні______________________________________
Жеке тұлға _________________________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
күні:____
| Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу қағидаларына 2-қосымша Нысан |
|
| ________________ номері |
Адвокаттық қызметпен айналысу құқығына үміткерді аттестаттау/ аттестаттамау туралы шешім
_________ қаласы | күні ___________ |
______________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) аттестатталды/аттестатталмады деп танылсын.
Басшы _______________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
| Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2020 жылғы 28 мамырдағы № 61 бұйрыққа 2-қосымша |
"Адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік көрселетін қызметтің қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің осы қағидаларын (бұдан әрі - Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен әзірленді және "Адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің тәртібін анықтайды.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
2. Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер тұлға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) лицензияны алуға немесе қайта ресімдеуге www.adilet.gov.kz www.elicense.kz "электрондық үкiмет" веб-порталы арқылы электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі - ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес "Адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің (бұдан әрі - Тізбе) 8-тармағында көрсетілген құжаттарды жолдайды.
Көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет "Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет жиынтығында "бір өтініш" қағидаты бойынша көрсетіледі.
Лицензияны қайта ресімдеу көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) өзгерген жағдайда жүзеге асырылады.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Әділет министрінің 06.12.2024 № 1007 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3. "Адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 06.12.2024 № 1007 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4. Тізбеде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауын, көрсетілетін қызметті берушінің атауын, мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдерін, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін, мемлекеттік қызмет көрсету нысанын, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдерін, көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс графигін, мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесін, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді қамтитын, мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі бар қосымшаны, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын негізгі талаптардың тізбесі келтірілген.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаты, лицензиясы, соттылығының бар не жоқ екендігі және наркологта және психиатрда диспансерлік есепте тұрғандығы/тұрмағандығы туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.
Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Әділет министрінің 06.12.2024 № 1007 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі лицензияны алуға құжаттар келіп түскен күні оларды тіркейді және жауапты орындаушыға орындауға береді.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 06.12.2024 № 1007 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.6. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін құжаттарды қабылдаған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынылған құжаттар толық болмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде негіздеме мен себептерін көрсете отырып, өтінішті қабылдаудан дәлелді бас тарту береді және көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жібереді.
7. Лицензияны алуға ұсынылған құжаттар толық болған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші 11 (он бір) күнтізбелік күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 20 бұйрығымен бекітілген біліктілік талаптарына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10270 болып тіркелген) сәйкестігін тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушының ұсынған құжаттары біліктілік талаптарына сәйкес келген кезде мемлекеттік қызмет 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыны мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша позициясын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабардар етеді.
Алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті алушының қарсылығын көрсетілетін қызметті беруші оны алған күннен бастап 2 жұмыс күні ішінде қабылдайды.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша адвокаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия немесе көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберілген көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы лицензияны беруден бас тарту туралы дәлелді жауап немесе қайта рәсімдеу болып табылады.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 24.09.2021 № 828 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.8. Лицензияны қайта ресімдеуге арналған жеке тұлғаның өтініші "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында "Адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне 3 қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат ауыстырылған сәттен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде беріледі.
Көрсетілетін қызметті беруші тегін, атын, әкесінің атын (бар болса) ауыстыру туралы мәліметтерді "электрондық үкімет" шлюзі арқылы "Жеке тұлғалар" мемлекеттік деректер базасынан алады.
Тегін, атын, әкесінің атын (бар болса) ауыстыру туралы мәліметтер болмаған жағдайда электрондық өтінішті қалыптастыру процесі аяқталады.
"Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы көрсетілетін қызметті алушының өтініші бойынша мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін "электрондық үкімет" веб-порталының көліктік қолтаңбасы арқылы көрсетілетін қызметті берушінің қатысуынсыз жұмыс күнінде 20 (жиырма) минут ішінде толық автоматты түрде өңдейді және қалыптастырады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "электрондық үкімет" веб-порталының көліктік қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 06.12.2024 № 1007 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды тұлғалардың шешімдеріне, әрекеттіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
9. Шағым көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына www.adilet.gov.kz.
Шағымдар пошта бойынша жазбаша нысанда, "электрондық үкіметтің" веб-порталы не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе Министрлiктiң кеңсесi арқылы қолма-қол қабылданады.
Министрлiктiң атына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес қарауға жатады.
Шағымды қарау нәтижелерi туралы дәлелдi жауап көрсетiлетiн қызметтi алушыға пошта байланысы арқылы, "электрондық үкіметтің" веб-порталы не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесiнде қолма-қол берiледi.
Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушы "жеке кабинетінен" өтініш туралы ақпаратқа қол жеткізе алады, өтінішті өңдеу барысында көрсетілетін қызметті беруші оны жаңартып отырады (жеткізілгені, тіркелгені, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап).
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын бағалау мен бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа шағымдана алады.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 24.09.2021 № 828 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.| "Адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің қағидаларына 1-қосымша |
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 25.02.2026 № 191 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия беру және қайта ресiмдеу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитеті |
2 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары) | www.egov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкiмет" веб-порталы арқылы |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі | 1) лицензия беру кезiнде - 15 (он бес) жұмыс күнi; 2) лицензияны қайта ресiмдеу кезiнде - 20 (жиырма) минут |
4 | Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны | Электрондық (ішінара автоматтандырылған) |
5 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі | адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия беру немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметтен дәлелді бас тарту |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия беру, қайта ресiмдеу үшiн жекелеген қызмет түрлерімен айналасу құқығы үшін лицензиялық алым Қазақстан Республикасының Салық Кодексiнiң 616-бабына сәйкес мыналарды құрайды: |
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс графигі |
1) көрсетiлетiн қызметтi берушi – демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбі-жұма аралығында, сағат 12.00-ден 13.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 8.00-ден 17.30-ға дейін; |
8 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
Адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия алу үшін: |
9 | Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; |
10 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар |
Мемлекеттік қызмет көрсететін мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында:-www.adilet.gov.kz, порталда орналастырылған. |
| "Адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне 1-қосымша Нысан |
Жеке тұлғаның лицензия алуға өтiнiшi
__________________________________________________________________
(лицензиардың толық атауы)
__________________________________________________________________
(жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған жағдайда),
жеке сәйкестендiру нөмiрi) _______________________________________
жүзеге асыру үшін (қызметтiң түрi толық атауы көрсетiлсiн) лицензия беруiңiздi сұраймын.
Байланыс деректері _________________________________________________
Осымен: көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы; өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны; қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады; өтініш беруші лицензияны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді; өтініш беруші халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерінің өтінішті электрондық цифрлік қолтаңбамен растауына келіседі (халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы жүгінген жағдайда).
Жеке тұлға ________________________________________________________
(қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған жағдайда)
Толтыру күні: 20__ жылғы "__" _________________
| "Адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне 2-қосымша Нысан |
Адвокаттық қызметті жүзеге асыру мәліметтерінің нысаны
____________________________________________________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі) барлық адамдар толтырады
І. Диплом туралы мәліметтер ___________
1. Жоғары оқу орнының атауы ___________
2. Мамандық атауы ___________
3. Мамандық шифры ___________
4. Диплом нөмірі ___________
5. Дипломның берілген күні ___________
6. Дипломды тану/нострификациялау туралы куәліктің берілген күні _________
7. Дипломды тану/нострификациялау туралы куәліктің нөмірі ____________
(6, 7-тармақтар шетелдің білім беру мекемелері берген дипломдар үшін толтырылады)
Адвокаттан тағылымдамадан және аттестаттаудан өткен адамдар үшін
ІІ. Адвокаттан тағылымдамадан өткені туралы қорытынды
1. адвокаттан тағылымдамадан өткені туралы қорытындының бекітілген күні ______
2. Облысы ______________
3. Тағылымдаманың жетекшісі ______________
4. Тағылымдаманың басталған күні ________________
5. Тағылымдаманың аяқталған күні ______________
ІІІ. Аттестаттау туралы шешім
1. Қала ______________
2. Өткізілген күні ______________
3. Қарау мәртебесі ______________
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Кеңесінің жанындағы Біліктілік
комиссиясында біліктілік емтихандарын тапсырған адамдар үшін
ІІ. Судья лауазымына біліктілік емтиханын тапсыру
1. Өткізілген күні ______________
2. Қарау мәртебесі___________
ІІІ. Сотта облыстық немесе оған теңестірілген соттың жалпы отырысының оң
пікірімен тағылымдамадан өту
1. Облыстық немесе оған теңестірілген соттың жалпы отырысының болған күні ____
2. Облысы ___________
3. Тағылымдаманың басталған күні ___________
4. Тағылымдаманың аяқталған күні ___________
ІV. Адвокаттан тағылымдамадан өткені туралы қорытынды
1. адвокаттан тағылымдамадан өткені туралы қорытындының бекітілген күні _____
2. Облысы ______________
3. Тағылымдаманың жетекшісі ______________
4. Тағылымдаманың басталған күні ______________
5. Тағылымдаманың аяқталған күні ______________
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы" Конституциялық Заңының 34-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 9) және 12) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша судья өкілеттіктерін тоқтатқан адамдар үшін
ІІ. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы туралы мәліметтер
1. Судья лауазымына тағайындау туралы Жарлықтың нөмірі ______________
2. Судья лауазымына тағайындау туралы Жарлықтың қабылданған күні _______
3. Судья лауазымынан босату туралы Жарлықтың нөмірі ______________
4. Судья лауазымынан босату туралы Жарлықтың қабылданған күні __________
5. Босату негізі ______________
| "Адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне 3-қосымша Нысан |
Лицензияны қайта ресімдеуге арналған жеке тұлғаның өтiнiші
__________________________________________________________________
(лицензиардың толық атауы)
_________________________________________________________________
(жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған жағдайда), жеке сәйкестендіру
нөмірі) _______________________________________________________________
Тегімнің, атымның, әкемнің атының (ол болған жағдайда) өзгеруіне байланысты
адвокаттық қызметті жүзеге асыруға 20___ жылғы "____" № __________,
_______________________________________________________
(лицензияның нөмірі(лері), лицензияны берген лицензиардың атауы)
берілген лицензияны қайта ресімдеуіңізді сұраймын.
Қазақстан Республикасы заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметті көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді.
Жеке тұлға ____________________________________________________ (қолы)
(тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған жағдайда)
Толтыру күні: 20__ жылғы "__" _______
| "Адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің қағидаларына 2-қосымша |
|
| нысаны |

Лицензия
20____ жылғы "___" ___________ №_____________
________________________________________________________________________________
("Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес
лицензияланатын қызмет түрінің атауы)
______________________________________________________________________ айналысуға
_________________________________________________________________________ берілді
(жеке тұлғаның толық тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі, толық атауы, мекен-жайы)
Ерекше шарттары __________________________________________________________
("Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы
Заңының 36-бабына сәйкес)
Ескерту: __________________________________________________________________
(иеліктен шығарылатындығы, рұқсаттың класы)
Лицензиар ________________________________________________________________
(лицензиардың толық атауы)
Басшы (уәкiлеттi тұлға) _____________________________________________________
(тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған жағдайда)
Берілген орны ____________________________

Бұл құжат "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" 2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 1-тармағына сәйкес қағаз құжатқа балама болып табылады.
| Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2020 жылғы 28 мамырдағы № 61 бұйрығына 3-қосымша |
1. "Адвокаттық қызмет мәселелері бойынша мемлекеттiк көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 231 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 20 мамырда № 11096 тіркелді);
2. "Адвокаттық қызмет мәселелері бойынша мемлекеттiк көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 231 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 28 қыркүйектегі № 1461 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 24 қазанда № 17595 болып тіркелді);
3. "Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер және толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы 8 қарашадағы № 540 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 13 қарашада № 19588 болып тіркелді).
4. "Адвокаттық қызметпен айналысуға үмiткер адамдарға аттестаттау жүргізу қағидаларын бекіту туралы және "Тағылымдамадан өткен және адвокаттық қызметпен айналысуға және нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 27 қаңтардағы № 56 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 28 қыркүйектегі № 1466 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 11 қазанда № 17529 болып тіркелді);
5. "Адвокаттық қызмет мәселелері бойынша мемлекеттiк көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2015 жылғы 26 мамырдағы № 298 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 13 шілдеде № 11648 тіркелді.);
6. "Адвокаттық қызмет мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 мамырдағы № 298 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 26 қарашадағы № 1554 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 28 қарашада № 17802 болып тіркелді).