Банкті (банк холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру не рұқсат беруден бас тарту, банкті ислам банкіне айналдыруға рұқсат беру және рұқсат беруден бас тарту, банктерді ерікті түрде таратуға рұқсат беру, Қазақстан Республикасының бейрезиден

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 30 наурыздағы № 31 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 31 наурызда № 20241 болып тіркелді.

      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 16.07.2021 № 80 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 6 т. қараңыз

      "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 52-14-бабы 1-тармағының екінші бөлігіне, 60-бабы 1-тармағының екінші бөлігіне, 69-бабы 1-тармағының үшінші бөлігіне, 74-5-бабы 3-тармағының төртінші бөлігіне, "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына, "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 12-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 16.07.2021 № 80 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Қоса беріліп отырған Банкті (банк холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру не рұқсат беруден бас тарту, банкті ислам банкіне айналдыруға рұқсат беру және рұқсат беруден бас тарту, банктерді ерікті түрде таратуға рұқсат беру, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсат беру, сондай-ақ жеке тұлғалардың депозиттерін қайтару, оларды депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушылары болып табылатын басқа банкке немесе Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалына аудару қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 16.07.2021 № 80 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Банктерді реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттіктің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшасында және 4-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Халықаралық қатынастар және сыртқы коммуникациялар басқармасы осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және дамыту
Агенттігінің Төрағасы
М. Абылкасымова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      2020 жылғы "___" _____________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      2020 жылғы "___" _____________

  Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту агенттігі
Басқармасының
2020 жылғы 30 наурыздағы
№ 31 қаулысымен бекітілген

Банкті (банк холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру не рұқсат беруден бас тарту, банкті ислам банкіне айналдыруға рұқсат беру және рұқсат беруден бас тарту, банктерді ерікті түрде таратуға рұқсат беру, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсат беру, сондай-ақ жеке тұлғалардың депозиттерін қайтару, оларды депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушылары болып табылатын басқа банкке немесе Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалына аудару қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 16.07.2021 № 80 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Банкті (банк холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру не рұқсат беруден бас тарту, банкті ислам банкіне айналдыруға рұқсат беру және рұқсат беруден бас тарту, банктерді ерікті түрде таратуға рұқсат беру, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсат беру, сондай-ақ жеке тұлғалардың депозиттерін қайтару, оларды депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушылары болып табылатын басқа банкке немесе Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалына аудару қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Банктер туралы заң) 52-14-бабы 1-тармағының екінші бөлігіне, 60-бабы 1-тармағының екінші бөлігіне, 69-бабы 1-тармағының үшінші бөлігіне, 74-5-бабы 3-тармағының төртінші бөлігіне, "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) 10-бабының 1) тармақшасына, "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Рұқсаттар туралы заң) 12-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган, көрсетілетін қызметті беруші) банкті (банк холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру не рұқсат беруден бас тарту, банкті ислам банкіне айналдыруға рұқсат беру және рұқсат беруден бас тарту, банктерді ерікті түрде таратуға рұқсат беру, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсат беру, сондай-ақ жеке тұлғалардың депозиттерін қайтару, оларды депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушылары болып табылатын басқа банкке немесе Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалына аудару тәртібін айқындайды.

      2. Мемлекетаралық банктерді ерікті түрде қайта ұйымдастыру және тарату ерекшеліктері сол банктерді құру туралы халықаралық шарттармен (келісімдермен) және олардың құрылтай құжаттарымен айқындалады.

2-тарау. Банкті (банк холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға және банкті ислам банкіне айналдыруға рұқсат беру не рұқсаттар беруден бас тарту тәртібі

      3. Банк (банк холдингі) (бұдан әрі - банк (банк холдингі) банкті (банк холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат алу (бұдан әрі – ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат, мемлекеттік көрсетілетін қызмет) үшін Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банкті (банк холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруды жүргізуге рұқсат алу туралы өтінішхатты немесе Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банкті ислам банкіне айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру туралы өтінішті www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы уәкілетті органға жібереді.

      Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес "Банкті (банк холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында жазылған.

      Көрсетілетін қызметті алушы өтінішхатты немесе өтінішті портал арқылы "жеке кабинетке" жіберген кезде нәтижені алу күні мен уақыты көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті көрсетуге сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе автоматты түрде көрсетіледі.

      4. Көрсетілетін қызметті берушінің хат-хабарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті қызметкері банкті (банк холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруды жүргізуге рұқсат алу туралы өтінішхат немесе банкті ислам банкіне айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру туралы өтініш келіп түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді және мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты бөлімшеге (бұдан әрі – жауапты бөлімше) орындауға жіберуді жүзеге асырады. Көрсетілетін қызметті алушының өтіншхаты немесе өтініші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері келіп түскен жағдайда өтінішхаттарды немесе өтініштерді қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      5. Жауапты бөлімшенің қызметкері банкті (банк холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруды жүргізуге рұқсат алу туралы өтінішхат немесе банкті ислам банкіне айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру туралы өтініш тіркелген күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде ұсынылған құжаттардың толық болуын тексереді.

      Уәкілетті орган тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы Қазақстан Республикасының резиденті-заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжаттарда көрсетілген мәліметтерді алады.

      Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда жауапты бөлімше осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімде банкті (банк холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруды жүргізуге рұқсат алу туралы өтінішхатты немесе банкті ислам банкіне айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру туралы өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды және портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жібереді.

      6. Ұсынылған құжаттардың толық болу фактісі анықталғаннан кейін жауапты бөлімше күнтізбелік 40 (қырық) күн ішінде құжаттарды Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келу тұрғысынан қарайды.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған жағдайда уәкілетті орган көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігін беру үшін мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.

      Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылданғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды қарау, тыңдау нәтижелері бойынша жауапты бөлімше көрсетілетін қызметті беруші Басқармасының банкті (банк холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру (беруден бас тарту туралы) туралы қаулысының жобасын дайындайды және көрсетілетін қызметті беруші Басқармасының қарауына жібереді. Көрсетілетін қызметті берушінің Басқармасы банкті (банк холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру (беруден бас тарту) туралы шешім қабылдайды.

      Жауапты бөлімшенің қызметкері жауапты бөлімше көрсетілетін қызметті беруші Басқармасының қаулысын алғаннан кейін күнтізбелік 4 (төрт) күн ішінде (мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі шегінде) Басқарма қаулысының және тиісті рұқсаттың (рұқсат беру туралы шешім қабылданған кезде) электрондық көшірмелерін қоса бере отырып, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған электрондық құжат нысанында банкті (банк холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру туралы хабарламаны не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жібереді.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған кезде өтінішті қарау мерзімі көрсетілетін қызметті беруші басшысының немесе оның орынбасарының дәлелді шешімімен ақылға қонымды мерзімге, бірақ өтінішті дұрыс қарау үшін маңызы бар нақты мән-жайларды анықтау қажеттілігіне байланысты 2 (екі) айдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін, бұл туралы Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 76-бабының 3-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушыға мерзім ұзартылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде хабарланады.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 14.02.2022 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      7. Банкті (банк холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат алу, банкті ислам банкіне айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат алу үшін ұсынылған құжаттарға ескертулер болған кезде уәкілетті орган банкке (банк холдингіне) осы ескертулерді көрсете отырып, пошта, факсимильді байланыс, электрондық пошта және (немесе) портал арқылы оларды жою мерзімін көрсете отырып хат жібереді.

      Банк (банк холдингі) ескертулерді жояды және пысықталған (түзетілген) құжаттарды уәкілетті орган жіберілген хатта белгіленген мерзімде ұсынады.

      Көрсетілетін қызметті алушы уәкілетті органның ұсынылған құжаттар бойынша ескертулерін ол белгілеген мерзімде жоймаған жағдайда, уәкілетті орган рұқсатты беруден бас тартады.

      8. Мемлекеттік қызметтің көрсетілу сатысы туралы ақпарат мемлекеттік қызметтердің көрсетілуін мониторингтеу ақпараттық жүйесінде автоматты режимде жаңартылады.

      9. Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға қайта құру жолымен банк ерікті түрде қайта ұйымдастырылған жағдайда банк акционерлердің жалпы жиналысы оны ерікті түрде қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылдағаннан кейін:

      1) Қағидалардың 5-тарауында көзделген тәртіппен жеке тұлғалардың депозиттерін тікелей төлем жасау жолымен қайтару не оларды депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын басқа банкке немесе Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалына аудару, сондай-ақ заңды тұлғалардың депозиттерін тікелей төлем жасау жолымен оларды қайтару не басқа банкке немесе Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалына аудару шараларын қабылдайды;

      2) банктің бұрын жасалған шарттары бойынша міндеттемелерді мерзімінен бұрын орындау не осы шарттарды бұзу шараларын жүзеге асырады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген іс-шаралар жүргізілгеннен кейін қайта ұйымдастырылатын банк уәкілетті органға растайтын құжаттарды, оның ішінде жеке тұлғалардың депозиттерін міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын басқа банкке немесе Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалына аудару туралы шартты және жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау-өткізу актісін қоса бере отырып, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға қайта құру жолымен банкті ерікті түрде қайта ұйымдастыруды жүргізуге рұқсат алу туралы өтінішхатты ұсынады.

      10. Банктер туралы заңның 52-14-бабының 2-тармағында көрсетілген құжаттар банктің осындай құжаттарға қол қою құқығы бар лауазымды адамдарының қолдарымен куәландырылады.

3-тарау. Банкті ерікті түрде таратуға рұқсат беру тәртібі

      11. Банк банкті ерікті түрде таратуға рұқсат алу (бұдан әрі – банкті ерікті түрде таратуға рұқсат, мемлекеттік көрсетілетін қызмет) үшін Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банкті ерікті түрде таратуға рұқсат беру туралы өтінішхатты портал арқылы уәкілетті органға жібереді.

      Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес "Банкті ерікті түрде таратуға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында (бұдан әрі – Тарату стандарты) жазылған.

      Көрсетілетін қызметті алушы өтінішті портал арқылы "жеке кабинетке" жіберген кезде нәтижені алу күні мен уақыты көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті көрсетуге сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе автоматты түрде көрсетіледі.

      12. Көрсетілетін қызметті берушінің хат-хабарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті қызметкері банкті ерікті түрде таратуға рұқсат беру туралы өтінішхат келіп түскен күні оны қабылдауды, тіркеуді және жауапты бөлімшеге орындауға жіберуді жүзеге асырады. Көрсетілетін қызметті алушының өтіншхаты жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері келіп түскен жағдайда өтінішхаттарды немесе өтінішті қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      13. Жауапты бөлімшенің қызметкері банкті ерікті түрде таратуға рұқсат беру туралы өтінішхат тіркелген күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде ұсынылған құжаттардың толық болуын тексереді.

      Уәкілетті орган тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы Қазақстан Республикасының резиденті-заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжаттарда көрсетілген мәліметтерді алады.

      Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда жауапты бөлімше осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімде банкті ерікті түрде таратуға рұқсат беру туралы өтінішхатты одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды және портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жібереді.

      14. Ұсынылған құжаттардың толық болу фактісі анықталғаннан кейін жауапты бөлімше күнтізбелік 40 (қырық) күн ішінде құжаттарды Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келу тұрғысынан қарайды.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған жағдайда уәкілетті орган көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігін беру үшін мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.

      Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылданғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды қарау, тыңдау нәтижелері бойынша жауапты бөлімше көрсетілетін қызметті беруші Басқармасының банкті ерікті түрде таратуға рұқсат беру (беруден бас тарту туралы) туралы қаулысының жобасын дайындайды және көрсетілетін қызметті беруші Басқармасының қарауына жібереді. Көрсетілетін қызметті берушінің Басқармасы банкті ерікті түрде таратуға рұқсат беру (беруден бас тарту) туралы шешім қабылдайды.

      Жауапты бөлімшенің қызметкері жауапты бөлімше көрсетілетін қызметті беруші Басқармасының қаулысын алғаннан кейін күнтізбелік 4 (төрт) күн ішінде (мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі шегінде) Басқарма қаулысының және тиісті рұқсаттың (рұқсат беру туралы шешім қабылданған кезде) электрондық көшірмелерін қоса бере отырып, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған электрондық құжат нысанында банкті ерікті түрде қайта таратуға рұқсат беру туралы хабарламаны не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жібереді.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған кезде өтінішті қарау мерзімі көрсетілетін қызметті беруші басшысының немесе оның орынбасарының дәлелді шешімімен ақылға қонымды мерзімге, бірақ өтінішті дұрыс қарау үшін маңызы бар нақты мән-жайларды анықтау қажеттілігіне байланысты 2 (екі) айдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін, бұл туралы Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 76-бабының 3-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушыға мерзім ұзартылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде хабарланады.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 14.02.2022 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      15. Мемлекеттің қызметтің көрсетілу сатысы туралы ақпарат мемлекеттік қызметтердің көрсетілуін мониторингтеу ақпараттық жүйесінде автоматты режимде жаңартылады.

      16. Банкті ерікті түрде таратуға рұқсат беру туралы өтінішхат Қағидалардың 5-тарауында көзделген тәртіппен жеке тұлғалардың депозиттерін тікелей төлем жасау жолымен қайтару не оларды депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын басқа банкке немесе Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалына аудару жүзеге асырылғаннан кейін уәкілетті органға жіберіледі.

      17. Банк ерікті түрде таратуға рұқсат алған кезде банк операцияларын және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыру құқығына бұрын берілген лицензияның түпнұсқасын уәкілетті органның осы шешімі күшіне енген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде қайтарады (егер бұрын берілген лицензия қағаз түрінде ресімделсе).

4-тарау. Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсат беру тәртібі

      18. Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсат алу (бұдан әрі – Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының қызметін ерікті түрде тоқтату, мемлекеттік көрсетілетін қызмет) үшін Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсат беру туралы өтінішхатты портал арқылы уәкілетті органға жібереді.

      Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі Тарату стандартында жазылған.

      Көрсетілетін қызметті алушы өтінішті портал арқылы "жеке кабинетке" жіберген кезде нәтижені алу күні мен уақыты көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті көрсетуге сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе автоматты түрде көрсетіледі.

      19. Көрсетілетін қызметті берушінің хат-хабарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті қызметкері Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсат беру туралы өтінішхат келіп түскен күні оны қабылдауды, тіркеуді және жауапты бөлімшеге орындауға жіберуді жүзеге асырады. Көрсетілетін қызметті алушының өтіншхаты жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері келіп түскен жағдайда өтінішхаттарды немесе өтінішті қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      20. Жауапты бөлімшенің қызметкері Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсат беру туралы өтінішхат тіркелген күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде ұсынылған құжаттардың толық болуын тексереді.

      Уәкілетті орган тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы Қазақстан Республикасы бейрезиденті-банкінің филиалын есептік тіркеу туралы құжаттарда көрсетілген мәліметтерді алады.

      Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда жауапты бөлімше осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімде Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсат беру туралы өтінішхатты одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды және портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жібереді.

      21. Ұсынылған құжаттардың толық болу фактісі анықталғаннан кейін жауапты бөлімше күнтізбелік 40 (қырық) күн ішінде құжаттарды Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келу тұрғысынан қарайды.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде уәкілетті орган көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігін беру үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.

      Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылданғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды қарау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші Басқармасының Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсат беру туралы (беруден бас тарту туралы) қаулысының жобасын дайындайды және көрсетілетін қызметті беруші Басқармасының қарауына жібереді. Көрсетілетін қызметті беруші Басқармасы Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсат беру туралы (беруден бас тарту туралы) шешім қабылдайды.

      Жауапты бөлімшенің қызметкері жауапты бөлімше көрсетілетін қызметті беруші Басқармасының қаулысын алғаннан кейін күнтізбелік 4 (төрт) күн ішінде (мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі шегінде) Басқарма қаулысының және тиісті рұқсаттың (рұқсат беру туралы шешім қабылданған кезде) электрондық көшірмелерін қоса бере отырып, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған электрондық құжат нысанында Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсат беру туралы хабарламаны не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жібереді.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға негіздер болған кезде өтінішті қарау мерзімі көрсетілетін қызметті беруші басшысының немесе оның орынбасарының дәлелді шешімімен ақылға қонымды мерзімге, бірақ өтінішті дұрыс қарау үшін маңызы бар нақты мән-жайларды анықтау қажеттілігіне байланысты 2 (екі) айдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін, бұл туралы Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 76-бабының 3-тармағына сәйкес мерзім ұзартылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға хабарланады.

      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 14.02.2022 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      22. Мемлекеттік қызметтің көрсетілу сатысы туралы ақпарат мемлекеттік қызметтердің көрсетілуін мониторингтеу ақпараттық жүйесінде автоматты режимде жаңартылады.

      23. Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсат беру туралы өтінішхат Қағидалардың 5-тарауында көзделген тәртіппен жеке тұлғалардың депозиттерін тікелей төлем жасау жолымен қайтару не оларды депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын басқа банкке немесе Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалына аудару жүзеге асырылғаннан кейін уәкілетті органға жіберіледі.

      24. Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсат алған кезде банктік операцияларды және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыру құқығына бұрын берілген лицензияның түпнұсқасын уәкілетті органның осы шешімі күшіне енген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде қайтарады (егер бұрын берілген лицензия қағаз түрінде ресімделсе).

5-тарау. Жеке тұлғалардың депозиттерін қайтару, оларды депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушылары болып табылатын басқа банкке немесе Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалына аудару тәртібі

      25. Банк акционерлерінің жалпы жиналысы оның ерікті таратылуы туралы шешім немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің тиісті органы Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының қызметін ерікті түрде тоқтату туралы шешім қабылдағаннан кейін банк, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы жеке тұлғалардың депозиттерін тікелей төлем жасау жолымен қайтару не оларды депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушылары болып табылатын басқа банкке немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалына аудару шараларын қабылдайды.

      26. Жеке тұлғалардың депозиттерін тікелей төлем жасау жолымен қайтару не оларды депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушылары болып табылатын басқа банкке немесе Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалына аудару жөніндегі дайындық іс-шараларына мыналар кіреді:

      1) жеке тұлғалардың депозиттері бойынша банк, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы міндеттемелерінің сомасын айқындау;

      2) алда болатын жеке тұлғалардың депозиттерін қайтару не оларды депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушылары болып табылатын басқа банкке немесе Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалына аудару туралы хабарландыруды кем дегенде 2 (екі) республикалық мерзімді баспасөз басылымында және Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде жариялау;

      3) алда болатын жеке тұлғалардың депозиттерін қайтару не оларды депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушылары болып табылатын басқа банкке немесе Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалына аудару туралы хабарландыруды банк клиенттерінің назарын аударатын қолжетімді орындарда орналастыру.

      27. Жеке тұлғалардың депозиттерін қайтару не банктің немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының таңдауы бойынша оларды депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушылары болып табылатын басқа банкке немесе Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалына аудару туралы өтініштерді қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      Жеке тұлғалардың депозиттерін қайтару депозитті қайтару туралы өтініш берілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүзеге асырылады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімде депозиторлардың жазбаша қарсылығының болмауы депозитордың депозитті аударуға келісімі ретінде қаралады.

      28. Банк немесе Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы Қағидалардың 27-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей депозитті аудару жөнінде өтініш берген, сондай-ақ депозитін алуға өтініш жасамаған не депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушылары болып табылатын басқа банкке немесе Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалына депозитін аудару жөнінде өтініш бермеген депозитор-жеке тұлғалардың тізімдерін, депозит сомасын, депозиторлардың депозит бойынша есептелген және алынған сыйақы сомаларын көрсете отырып қалыптастырады және банктерге немесе Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарына жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау жөнінде ұсыныс жібереді.

      Ұсыныста депозиттердің жалпы сомасы, оның ішінде депозиторлардың депозит бойынша есептелген және алынған сыйақы сомалары, сондай-ақ банктің филиалдары немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының қосымша үй-жайлары бойынша депозитор-жеке тұлғалардың жалпы саны көрсетіледі.

      Жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдауға ниет білдірген банктер немесе Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау жөнінде ұсыныс жіберілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде банкке немесе Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалына жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдауға ниет білдіргені жөнінде еркін нысанда жасалған өтінішін ұсынады.

      29. Банк немесе Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы ұсыныс жіберген күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күнінен кешіктірмей, жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдауға ниет білдіргені жөнінде өтініш берген банктер арасынан және мынадай талаптарға сай келетін банкті немесе Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын таңдайды:

      1) депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылады;

      2) уәкілетті органның депозиттер қабылдауға, жеке тұлғалардың банктік шоттарын ашуға және жүргізуге, кассалық операциялар жүргізуге қолданыстағы лицензиясы бар;

      3) соңғы күнтізбелік 3 (үш) ай ішінде пруденциялық нормативтерді, сондай-ақ жеке тұлғалардың қабылданатын депозиттері сомасын ескере отырып сақтайды;

      4) уәкілетті орган өтініш берген күні және құжаттарды қарау кезеңінде банкке, ірі қатысушыға (банк холдингіне) және (немесе) банктің басшы қызметкеріне, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалына қолданған Банктер туралы заңның 46-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында, 47-1-тармағында көзделген қолданыстағы қадағалап ден қою шаралары және (немесе) "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының кодексінің 213-бабының төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы бөліктерінде, 227-бабының бірінші бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық үшін әкімшілік жазалары жоқ;

      5) филиалдары не ерікті түрде таратылатын банктің не Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының депозиторларына қызмет көрсететін қосымша үй-жайлары бар.

      30. Депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушылары болып табылатын банкті немесе Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын таңдау туралы шешім уәкілетті органға қарауға жіберіледі.

      Уәкілетті орган құжаттар келіп түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жазбаша түрде банкке немесе Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалына банктің немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының шешімін қарау нәтижелерін жібереді.

      Уәкілетті органның сұрау салуы бойынша банк немесе Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы жеке тұлғалардың депозиттерін аударуға қатысты ақпаратты ұсынады.

      31. Жеке тұлғалардың депозиттерін, сондай-ақ тиісті құжаттарды (шарттарды және басқа құжаттарды) аудару ерікті түрде таратылатын банк, ерікті түрде қызметі тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы және депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын басқа банк, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы арасында жасалатын жеке тұлғалардың депозиттерін аудару туралы шарттың және 2 (екі) данада жасалған жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау-өткізу актісінің негізінде банктің немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының шешімі уәкілетті орган қараған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      32. Жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау-өткізу актісін ресімдеу кезінде онда мынадай мәліметтер көрсетіледі:

      1) банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының жеке тұлғалардың депозиттері бойынша аудару күнінде міндеттемелерінің мөлшері;

      2) ерікті түрде таратылатын банктің филиалдары бойынша, ерікті түрде қызметі тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының қосымша үй-жайлары бойынша депозитор-жеке тұлғалардың тізімі, онда мынадай ақпарат қамтылады:

      депозитордың жеке сәйкестендіру коды (банктік шоттың нөмірі);

      депозитордың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні;

      депозитордың жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі және оны берген мемлекеттік орган туралы мәліметтер, берілген күні;

      жеке сәйкестендіру нөмірі;

      депозитордың заңды мекенжайы, тұрғылықты орны;

      банктік шот және (немесе) банк салымы шарты жасалған күні және нөмірі, шарттың қолданылу мерзімі;

      депозит бойынша сыйақы мөлшерлемелері;

      депозит сомасы, сондай-ақ депозит бойынша есептелген және депозитор алған сыйақы сомасы;

      3) берілетін істердің (құжаттардың) саны.

      33. Ерікті түрде таратылатын банк, ерікті түрде қызметі тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы жеке тұлғалардың депозиттерін аударуға байланысты барлық шығыстарға жауапты болады және жеке тұлғалардың депозиттерін аударған күнді қоса алғанда, депозиттер бойынша сыйақыны есептейді.

      34. Ерікті түрде таратылатын банк, ерікті түрде қызметі тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау-өткізу актісіне қол қойылған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның уәкілетті органына жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау-өткізу актісінің және жеке тұлғалардың депозиттерін аудару туралы шарттың көшірмесін жібереді.

      35. Депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын, жеке тұлғалардың депозиттері аударылған банк немесе Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы бір ай мерзім ішінде депозиттері оған жіберілген жеке тұлғалардың банктік шот және (немесе) банк салымы шарттарын жасайды.

      36. Ерікті түрде таратылатын банк, ерікті түрде қызметі тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы жеке тұлғалардың депозиттерін аудару жөніндегі ақпаратты республикалық мерзімді баспасөз басылымдарында қазақ және орыс тілдерінде жариялайды.

6-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      37. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану жазбаша түрде жүргізіледі.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды көрсетілетін қызметті берушінің жоғары тұрған лауазымды адамы, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізеді.

      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға алынатын жауаптың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

      Портал арқылы өтініш берген жағдайда шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының 8-800-080-7777 немесе 1414 телефоны арқылы алуға болады.

      Шағым портал арқылы жіберілген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинеттен" шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің шағымды өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралады.

      Ескерту. 37-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 14.02.2022 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      38. Шағымда:

      1) көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің атауы және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);

      3) шағым беруші тұлға өзінің талаптары мен дәлелдемелерін негіздейтін мән-жайлар;

      4) шағымның шығыс нөмірі және берілген күні;

      5) шағымға қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетіледі.

      Шағымға көрсетілетін қызметті алушы не оның өкілі болып табылатын тұлға қол қояды.

      Ескерту. 38-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 14.02.2022 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      39. Егер өзгесі заңда көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.

      Ескерту. 39-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 14.02.2022 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Банкті (банк холдингін) ерікті
түрде қайта ұйымдастыруға
рұқсат беру не рұқсат беруден
бас тарту, банкті ислам банкіне
айналдыруға рұқсат беру және
рұқсат беруден бас тарту,
банктерді ерікті түрде таратуға
рұқсат беру,
Қазақстан Республикасының
бейрезидент-банкі филиалының
қызметін ерікті түрде тоқтатуға
рұқсат беру, сондай-ақ жеке
тұлғалардың депозиттерін
қайтару, оларды депозиттерге
міндетті кепілдік беру жүйесінің
қатысушылары болып
табылатын басқа банкке немесе
Қазақстан Республикасы
бейрезидент-банкінің
филиалына аудару қағидаларына
1-қосымша
  Нысан
  Қазақстан Республикасы
уәкілетті органының
Төрағасына

Банкті (банк холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруды жүргізуге рұқсат алу туралы өтінішхат

      ____________________________________________________________________ (банктің (банк холдингінің) атауы)

      банк (банк холдингі) акционерлерінің (қатысушыларының)

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (өткізу орны)

      ___ жылғы "___" ______ жалпы жиналысының № ___ шешіміне сәйкес, банкті (банк холдингін) (біріктіру, қосу, бөлу, бөліп шығару, қайта құру)

      ___________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (банкті (банк холдингін) ерікті қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылатын заңды тұлғалар атауы)

      ____________________________________________________________________

      (қажеттінің астын сызу)

      ____________________________________________________________________

      арқылы ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беруді сұрайды.

      Банк (банк холдингі) өтінішхатқа қоса берілген құжаттар мен мәліметтердің дәйектілігіне, сондай-ақ өтінішхатты қарауға байланысты сұратылатын қосымша ақпаратты және құжаттарды уәкілетті органға уақтылы берілуіне толық жауап береді.

      Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

      Қоса берілетін құжаттар (жіберілетін құжаттардың атаулары бар тізбе, әрқайсысы бойынша даналары мен парақтарының санын көрсету):

      ____________________________________________________________________

      Банктің (банк холдингінің) акционерлері (қатысушылары) өтінішхатқа қол қоюға уәкілеттік берген адам (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), аталған өкілеттіктерді алуға негіз болып табылатын құжатқа сілтеме).

      _______________________ (қолы)

  Банкті (банк холдингін) ерікті
түрде қайта ұйымдастыруға
рұқсат беру не рұқсат беруден
бас тарту, банкті ислам банкіне
айналдыруға рұқсат беру және
рұқсат беруден бас тарту,
банктерді ерікті түрде таратуға
рұқсат беру,
Қазақстан Республикасының
бейрезидент-банкі филиалының
қызметін ерікті түрде тоқтатуға
рұқсат беру, сондай-ақ жеке
тұлғалардың депозиттерін
қайтару, оларды депозиттерге
міндетті кепілдік беру жүйесінің
қатысушылары болып
табылатын басқа банкке немесе
Қазақстан Республикасы
бейрезидент-банкінің
филиалына аудару қағидаларына
2-қосымша
  Нысан
  Қазақстан Республикасы
уәкілетті органының төрағасы

Банкті ислам банкіне айналдыру нысанында ерікті қайта ұйымдастыруға рұқсат беру туралы өтініш

      ____________________________________________________________________

      (банктің атауы)

      ___________________________________________________________________

      (өткізу орны)

      "____"___________ жылғы_______________________ № ____ шешіміне сәйкес

      банкті __________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (банкті ислам банкіне айналдыру нәтижесінде құрылатын ислам банкінің атауы) ислам банкіне айналдыру нысанында ерікті қайта ұйымдастыруға рұқсат беруді сұрайды.

      Банк өтінішке қоса берілетін құжаттар мен мәліметтердің дәйектілігін, сондай-ақ өтінішті қарауға байланысты сұратылатын қосымша ақпаратты және құжаттарды уәкілетті органға уақтылы берілуін толық растайды.

      Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

      Қоса берілетін құжаттар (жіберілетін құжаттардың атаулары бар тізбе, әрқайсысы бойынша даналары мен парақтарының санын көрсету):

      ____________________________________________________________________

      Банктің акционерлері өтінішке қол қоюға уәкілеттік берген адам (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), аталған өкілеттіктерді алуға негіз болып табылатын құжатқа сілтеме).

      ______________________ қолы

  Банкті (банк холдингін) ерікті
түрде қайта ұйымдастыруға
рұқсат беру не рұқсат беруден
бас тарту, банкті ислам банкіне
айналдыруға рұқсат беру және
рұқсат беруден бас тарту,
банктерді ерікті түрде таратуға
рұқсат беру,
Қазақстан Республикасының
бейрезидент-банкі филиалының
қызметін ерікті түрде тоқтатуға
рұқсат беру, сондай-ақ жеке
тұлғалардың депозиттерін
қайтару, оларды депозиттерге
міндетті кепілдік беру жүйесінің
қатысушылары болып
табылатын басқа банкке немесе
Қазақстан Республикасы
бейрезидент-банкінің
филиалына аудару қағидаларына
3-қосымша

"Банкті (банк холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі

2.

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

"Электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал)

3.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Порталға өтініш берген күннен бастап – 2 (екі) ай ішінде.

4.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған)

5.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Көрсетілетін қызметті берушінің Басқарма қаулысының көшірмелерін қоса бере отырып, банкті (банк холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру туралы хабарлама не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Қызмет көрсету нәтижесінің нысаны: электрондық

6.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан өндіріп алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілдері

Тегін

7.

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті берушінің - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі - жұма аралығында сағат 9.00-ден18.30-ға дейін;
2) порталдың – жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты болатын техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін жіберу келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

8.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

Банкті (банк холдингін) біріктіру, қосу, бөлу, бөліп шығару, қайта құру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті алушының акционерлері (қатысушылары) өтінішхатқа қол қоюға уәкілеттік берген адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банкті (банк холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруды жүргізуге рұқсат алу туралы өтінішхат;
2) көрсетілетін қызметті алушының жоғары органының оны ерікті түрде қайта ұйымдастыру туралы шешімінің өтіншіхат беруге уәкілетті тұлға туралы ақпарат қамтылған электрондық көшірмесі;
3) көрсетілетін қызметті алушыны ерікті түрде қайта ұйымдастырудың болжанған талаптарын, нысандарын, тәртібі мен мерзімдерін сипаттайтын құжаттардың электрондық көшірмелері;
4) көрсетілетін қызметті алушыны ерікті түрде қайта ұйымдастырғаннан кейінгі және (немесе) көрсетілетін қызметті алушыны ерікті түрде қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылған заңды тұлғалардың көрсетілетін қызметті алушының есеп айырысу балансын қоса алғанда, ерікті түрде қайта ұйымдастыру салдарының қаржылық болжамының электрондық көшірмесі;
5) қайта ұйымдастырылатын банктердің атқарушы органдарының бірінші басшылары қол қойған қосу туралы шарттың электрондық көшірмесі (қосу нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат алған жағдайда қоса беріледі); 6) жеке тұлғалардың депозиттерін аудару туралы шарттың және жеке тұлғалардың депозиттерін басқа банкке немесе Қазақстан Республикасының бейрезиденті-банктің филиалына қабылдау-өткізу актісінің электрондық көшірмесі (банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға қайта ұйымдастыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат алған жағдайда қоса беріледі).
Банкті ислам банкіне айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру бойынша мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті алушының акционерлері өтінішке қол қоюға уәкілеттік берген адамның ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанында Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банкті ислам банкіне айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру туралы өтініш;
2) банк акционерлерінің жалпы жиналысының банкті ислам банкіне айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыру шешімінің өтіншіхат беруге уәкілетті тұлға туралы ақпарат қамтылған электрондық көшірмесі;
3) банкті Банктер туралы заңның 52-15-бабының талаптарына сәйкес келетін ислам банкіне айналдыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының электрондық көшірмесі;
4) Осы Стандартқа қосымшаға сәйкес талаптарды ескере отырып, ислам банкінің банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге лицензия алғаннан кейінгі банкті ислам банкіне айналдыру кезеңіне және кейінгі 3 (үш) жылға арналған бизнес-жоспарының электрондық көшірмесі.

9.

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту негіздері

Банкті (банк холдингін) біріктіру, қосу, бөлу, бөліп шығару, қайта құру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту негіздері: 1) қайта ұйымдастырылатын көрсетілетін қызметті алушылардың жоғары органдарының тиісті шешімдерінің болмауы;
2) болжанған қайта ұйымдастыру нәтижесінде депозиторлар мүдделерінің бұзылуы;
3) болжанған қайта ұйымдастыру нәтижесінде пруденциялық нормативтердің және сақталуға міндетті өзге нормалар мен лимиттердің бұзылуы;
4) болжанған қайта ұйымдастыру нәтижесінде Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасы талаптарының бұзылуы;
5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот шешімі бар, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқығынан айырылды.
Банкті ислам банкіне айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту негіздері:
1) көрсетілетін қызметті берушінің ұсынылған құжаттар бойынша ескертулерін ол белгілеген мерзімде жоймауы;
2) банкті ислам банкіне айналдыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының Банктер туралы заңның 52-15-бабында көзделген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) бизнес-жоспардың Банктер туралы заңның 52-14-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында, осы Стандартқа қосымшада көзделген талаптарға сәйкес келмеуі;
4) банкті ислам банкіне айналдыру салдарларының қаржылық болжамы банкті ислам банкіне айналдыру салдарынан банктің қаржылық жай-күйінің нашарлауын болжайды;
5) банктің және (немесе) банк конгломератының пруденциялық нормативтерді және (немесе) басқа да сақталуы міндетті нормалар мен лимиттерді бұзуы және (немесе) банктің банкті ислам банкіне айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру туралы өтініш берілген күннің алдындағы қатарынан күнтізбелік 3 (үш) ай ішінде "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының кодексінің 213-бабының алтыншы, сегізінші бөліктерінде, 227-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық үшін әкімшілік жазаның болуы;
6) банкті ислам банкіне болжанған айналдыру нәтижесінде банк депозиторлары мүдделерінің бұзылуы.

10.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге талаптар

Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің ресми интернет-ресурсында орналастырылған.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы "жеке кабинеті" арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары көрсетілетін қызметті берушінің ресми интернет-ресурсында орналастырылған.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

  "Банкті (банк холдингін) ерікті
түрде қайта ұйымдастыруға
рұқсат беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына қосымша

Бизнес-жоспардың мазмұнына қойылатын талаптар

      Ислам банкінің банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге лицензия алғаннан кейін банкті ислам банкіне айналдыру кезеңіне және кейінгі 3 (үш) жылға банктің директорлар кеңесі бекіткен бизнес-жоспары, онда мынадай ақпарат қамтылады:

      1) банкті ислам банкіне айналдыру салдарының қаржылық болжамы, мынадай көрсеткіштердің қысқамерзімді, ортамерзімді және ұзақмерзімді талдауын қоса алғанда:

      айналдыру рәсімі аяқталғаннан кейін қаржылық есептіліктер негізінде меншікті активтерге және меншікті капиталға рентабельділік (таза пайданың активтердің орташа мәніне және меншікті капиталдың орташа мәніне қатынасы);

      айналдыру рәсімі аяқталғаннан кейін салалар, валюталар, қаржы құралдарының түрлері, өтеуге дейінгі мерзімдер бойынша инвестициялық портфельдің құрылымы бойынша болжам;

      2) банктің мақсаты мен міндеттерінің сипаттамасы және ислам банкінің банк операциялары және өзге де операциялар түрлері;

      3) банк қызметін талдау (сыртқы және ішкі ортаны талдау);

      4) банкті ислам банкіне айналдырғаннан кейін банкті ислам банкіне айналдыру кезеңіне және кейінгі үш қаржылық (операциялық) жылға банк қызметін дамыту стратегиясы және ауқымы;

      5) банкті ислам банкіне айналдыру кезеңіне және кейінгі 3 (үш) қаржылық (операциялық) жылға негізгі қаржылық көрсеткіштердің есебін, бюджетті, бухгалтерлік балансты, пайда мен зиян туралы есепті, бизнес-жоспарды қаржыландыру көздерін және көлемін қамтитын банктің толық жылдық қаржылық жоспары;

      6) тәуекелдерді басқару жоспары банктің қызметін және оның қаржылық жай-күйін директорлар кеңесінің, басқарманың тарапынан тиімді бақылауды, оның ішінде мыналарды:

      корпоративтік басқарудың тиісті практикасын және іскерлік этика мен мәдениеттің тиісті деңгейін;

      банктің және оның қызметкерлерінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауды;

      банк капиталының ол қабылдайтын тәуекелдердің деңгейіне сәйкестігін қамтамасыз ету үшін тәуекелдерді уақтылы анықтау, өлшеу, бақылау және мониторингі арқылы банктің тәуекелдерін тиімді басқаруды;

      банктің және оның қызметкерлерінің қызметіндегі кемшіліктерді уақтылы анықтау мен жоюды;

      болжанбаған немесе төтенше жағдайларды шешу үшін банкте барабар тетіктер құруды;

      банкті қаржылық қалпына келтіру жөніндегі іс-шаралардың (банктің меншікті капиталын пруденциялық нормативтер және басқа да сақталуы міндетті нормалар мен лимиттер орындалатын мөлшерге дейін қалпына келтіруге бағытталған шығыстарды төмендету жөніндегі шаралар, қосымша қаржылық салымдар (ақша сомасын және ақша салу көздерін көрсете отырып), қосымша кірістер алу жөніндегі іс-шаралар және басқа да іс-шаралар) егжей-тегжейлі сипаттамасын;

      банкті қаржылық қалпына келтіру жөніндегі іс-шараларды орындаудың күнтізбелік мерзімдерін сақтауды;

      қалпына келтіру жөніндегі іс-шаралардың болжамды экономикалық нәтижесін алуды (пруденциялық нормативтердің өзгеру динамикасы, банктің меншікті капиталы мөлшерінің өзгеруі, банктің қаржылық және басқа да көрсеткіштерінің өзгеруі) қамтамасыз ету арқылы жүзеге асыруды қамтамасыз ететін ақпаратты қамтиды.

  Банкті (банк холдингін) ерікті
түрде қайта ұйымдастыруға
рұқсат беру не рұқсат беруден
бас тарту, банкті ислам банкіне
айналдыруға рұқсат беру және
рұқсат беруден бас тарту,
банктерді ерікті түрде таратуға
рұқсат беру,
Қазақстан Республикасының
бейрезидент-банкі филиалының
қызметін ерікті түрде тоқтатуға
рұқсат беру, сондай-ақ жеке
тұлғалардың депозиттерін
қайтару, оларды депозиттерге
міндетті кепілдік беру жүйесінің
қатысушылары болып
табылатын басқа банкке немесе
Қазақстан Республикасы
бейрезидент-банкінің
филиалына аудару қағидаларына
4-қосымша
  Нысан
  Қазақстан Республикасы
уәкілетті органының төрағасына

Банкті ерікті түрде таратуға рұқсат беру туралы өтінішхат

      ____________________________________________________________________

      (банктің атауы)

      банк акционерлерінің жалпы жиналысының ________ жылғы "____" ____________

      №_____ шешіміне сәйкес ___________ (өткізу орны) банкті ерікті түрде таратуға рұқсат беруді өтінеді.

      Банк __________________________________________ жүзеге асырды (жеке тұлғалардың депозиттерін оларды тікелей төлеу немесе басқа депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушы болып табылатын банкке немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалына аудару арқылы қайтару жөнінде қабылдаған шараларды сипаттау).

      Банк өзінің барлық кредиторларының талаптарын толық көлемде қанағаттандыруға міндеттенеді. Банк өтінішхатқа қоса берілетін құжаттар мен ақпараттың дәйектілігіне, сондай-ақ өтінішхатты қарауға байланысты сұратылатын қосымша ақпаратты және құжаттарды уәкілетті органға уақтылы берілуіне толық жауап береді.

      Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

      Қоса берілетін құжаттар (жіберілетін құжаттардың атаулары бар тізбе, әрқайсысы бойынша даналары мен парақтарының санын көрсету): ________________________________________________________

      Банктің акционерлері өтінішхатқа қол қоюға уәкілеттік берген адам (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), аталған өкілеттіктерді алуға негіз болып табылатын құжатқа сілтеме).

      __________________ (қолы)

  Банкті (банк холдингін) ерікті
түрде қайта ұйымдастыруға
рұқсат беру не рұқсат беруден
бас тарту, банкті ислам банкіне
айналдыруға рұқсат беру және
рұқсат беруден бас тарту,
банктерді ерікті түрде таратуға
рұқсат беру,
Қазақстан Республикасының
бейрезидент-банкі филиалының
қызметін ерікті түрде тоқтатуға
рұқсат беру, сондай-ақ жеке
тұлғалардың депозиттерін
қайтару, оларды депозиттерге
міндетті кепілдік беру жүйесінің
қатысушылары болып
табылатын басқа банкке немесе
Қазақстан Республикасы
бейрезидент-банкінің
филиалына аудару қағидаларына
5-қосымша

"Банкті ерікті түрде таратуға, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі

2.

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

"Электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал)

3.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімі

Порталға өтініш берген күннен бастап – 2 (екі) ай ішінде.

4.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған)

5.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі

Көрсетілетін қызметті берушінің Басқарма қаулысының көшірмелерін қоса бере отырып, банкті ерікті түрде таратуға, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсат беру туралы хабарлама не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Қызмет көрсету нәтижесінің нысаны: электрондық.

6.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан өндіріп алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілдері

Тегін

7.

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті берушінің - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі - жұма аралығында сағат 9.00-ден18.30-ға дейін;
2) порталдың – жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты болатын техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін жіберу келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

Банкті ерікті түрде таратуға рұқсат алу үшін көрсетілетін қызметті алушы өтініш жасаған кезде:
1) банктің акционерлері өтінішхатқа қол қоюға уәкілеттік берген адамның электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банкті ерікті түрде таратуға рұқсат беру туралы өтінішхат;
2) таратудың себептерін және өтінішхатты беруге уәкілетті тұлғаны міндетті түрде көрсете отырып, акционерлердің жалпы жиналысының банкті ерікті түрде тарату туралы шешімінің электрондық көшірмесі;
3) жеке тұлғалардың депозиттерін аудару туралы шарттың және депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын басқа банкке немесе Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалына жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау-өткізу актісінің электрондық көшірмесі.
Көрсетілетін қызметті алушы жеке тұлғалардың депозиттерін оларды тікелей төлеу арқылы қайтарған жағдайда көрсетілген құжаттар ұсынылмайды. Көрсетілген жағдайда уәкілетті органға жеке тұлғалардың депозиттері бойынша ақшаның тікелей төленгенін растайтын электрондық құжат ұсынылады;
4) акционерлердің жалпы жиналысында бекітілген банктің өз қызметін тоқтату мерзімі мен дайындық кезеңдері (таратудың негізгі іс-шаралар жоспары) көрсетілген іс-шаралар тізбесінің электрондық көшірмесі;
5) өз міндеттемелері бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыру үшін банк қаражатының жеткіліктілігін куәландыратын, банктердің аудитін жүргізуге өкілетті тәуелсіз аудиторлық ұйым куәландырған соңғы есеп беру күніне жасалған баланстық есептің электрондық көшірмесі;
6) тәуелсіз бағалаушы жүргізген, банк активтерінің құнын бағалау жөніндегі есептің электрондық көшірмесі.
Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсат алу үшін көрсетілетін қызметті алушы өтініш жасаған кезде:
1) өтінішхатқа қол қоюға уәкілеттік берген адамның ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсат беру туралы өтінішхат;
2) қызметін тоқтатудың себептерін және өтінішхатты беруге уәкілетті тұлғаны міндетті түрде көрсете отырып, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының қызметін ерікті түрде тоқтату туралы Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің тіисті органының шешімінің электрондық көшірмесі;
3) жеке тұлғалардың депозиттерін аудару туралы шарттың және депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушылары болып табылатын басқа банкке немесе Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалына аудару және (немесе) жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау-өткізу актісінің электрондық көшірмесі.
Көрсетілетін қызметті алушы жеке тұлғалардың депозиттерін оларды тікелей төлеу арқылы қайтарған жағдайда көрсетілген құжаттар ұсынылмайды. Көрсетілген жағдайда уәкілетті органға жеке тұлғалардың депозиттері бойынша ақшаның тікелей төленгенін растайтын электрондық құжат ұсынылады;
4) Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің шешімімен бекітілген Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының өз қызметін тоқтату мерзімі мен дайындық кезеңдері (Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының қызметін тоқтатудың негізгі іс-шаралар жоспары) көрсетілген іс-шаралар тізбесінің электрондық көшірмесі;
5) Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының оның міндеттемелері бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыру үшін қаражатының жеткіліктілігін куәландыратын активтер мен міндеттемелер туралы, соңғы есепті күнгі жағдай бойынша жасалған, банктердің аудитін жүргізуге құқылы тәуелсіз аудиторлық ұйым растаған есептің электрондық көшірмесі;
6) Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы активтерінің құнын бағалау туралы, тәуелсіз бағалаушы жүргізген есептің электрондық көшірмесі.
Шет тілінде ұсынылған құжаттар қазақ және орыс тілдеріне аударылады және Қазақстан Республикасының нотариат туралы заңнамасына сәйкес нотариаттың куәландыруына жатады.

9.

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту негіздері

1) ұсынылған құжаттардың толық болмауы немесе тиісінше ресімделмеуі;
2) өз міндеттемелері бойынша есеп айырысу үшін басқа банк немесе Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы қаражатының жеткілікті болмауы;
3) жеке тұлғалардың депозиттерін тікелей төлем жасау арқылы қайтару не оларды депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушылар болып табылатын басқа банкке немесе Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалына аудару шараларын қабылдамауы.

10.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге талаптар

Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің ресми интернет-ресурсында орналастырылған.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы "жеке кабинеті" арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары көрсетілетін қызметті берушінің ресми интернет-ресурсында орналастырылған.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

  Банкті (банк холдингін) ерікті
түрде қайта ұйымдастыруға
рұқсат беру не рұқсат беруден
бас тарту, банкті ислам банкіне
айналдыруға рұқсат беру және
рұқсат беруден бас тарту,
банктерді ерікті түрде таратуға
рұқсат беру,
Қазақстан Республикасының
бейрезидент-банкі филиалының
қызметін ерікті түрде тоқтатуға
рұқсат беру, сондай-ақ жеке
тұлғалардың депозиттерін
қайтару, оларды депозиттерге
міндетті кепілдік беру жүйесінің
қатысушылары болып
табылатын басқа банкке немесе
Қазақстан Республикасы
бейрезидент-банкінің
филиалына аудару қағидаларына
6-қосымша
  Нысан
  Қазақстан Республикасы
уәкілетті органының төрағасы

Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсат беру туралы өтінішхат

      ____________________________________________________________________

      (Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің атауы)

      Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының қызметін ерікті түрде тоқтату туралы "____" _________ жылғы № ____ ________________ (өткізу орны) Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің тиісті органының шешіміне сәйкес, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсат беруді сұрайды.

      Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі __________________________________________ жүзеге асырды (жеке тұлғалардың депозиттерін оларды тікелей төлеу немесе басқа депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушы болып табылатын банкке немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалына аудару арқылы қайтару жөнінде қабылдаған шараларды сипаттау)

      Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі өзінің барлық кредиторларының талаптарын толық көлемде қанағаттандыруға міндеттенеді. Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі өтінішхатқа қоса берілетін құжаттар мен ақпараттың дәйектілігіне, сондай-ақ өтінішхатты қарауға байланысты сұратылатын қосымша ақпаратты және құжаттарды уәкілетті органға уақтылы берілуіне толық жауап береді.

      Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

      Қоса берілетін құжаттар (жіберілетін құжаттардың атаулары бар тізбе, әрқайсысы бойынша даналары мен парақтарының санын көрсету: ________________________________________________________________

      Банктің акционерлері өтінішхатқа қол қоюға уәкілеттік берген адам (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), аталған өкілеттіктерді алуға негіз болып табылатын құжатқа сілтеме).

      __________________ (қолы)

  Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту агенттігі
Басқармасының
2020 жылғы 30 наурыздағы
№ 31 қаулысына
қосымша

Күші жойылды деп танылатын Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің құрылымдық элементтерінің тізбесі

      1. "Банкті (банк холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру не рұқсат беруден бас тарту, банктерді ерікті түрде таратуға рұқсат беру, сондай-ақ жеке тұлғалардың депозиттерін қайтару, оларды басқа банкке аудару қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 295 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4521 болып тіркелген).

      2. "Екінші деңгейдегі банктерді ерікті қайта ұйымдастыруға немесе таратуға рұқсат беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 295 қаулысына толықтырулар мен өзгерісті енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 28 қарашадағы № 203 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5460 болып тіркелген, 2009 жылы Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында № 1 жарияланған).

      3. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сәйкестендіру нөмірлері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 29 наурыздағы № 50 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6219 болып тіркелген, 2010 жылғы 26 тамызда Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында № 14 жарияланған) бекітілген Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сәйкестендіру нөмірлері бойынша енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар тізбесінің 14-тармағы.

      4. "Екінші деңгейдегі банктерді ерікті қайта ұйымдастыруға немесе таратуға рұқсат беру, сондай-ақ оларды тікелей төлем жасау арқылы не депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын басқа банкке аударым жасау жолымен жеке тұлғалардың депозиттерін қайтарып беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 295 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 55 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7544 болып тіркелген, 2012 жылғы 30 маусымда "Егемен Қазақстан" газетінде № 360-364 (27438) жарияланған).

      5. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 22 қазандағы № 191 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9894 болып тіркелген, 2014 жылғы 28 қарашада "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бекітілген Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 2-тармағы.

      6. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі көрсететін мемлекеттік қызметтердің бизнес-процестерін оңтайландыру және автоматтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 261 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10211 болып тіркелген, 2015 жылғы 26 ақпанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі көрсететін мемлекеттік қызметтердің бизнес-процестерін оңтайландыру және автоматтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 1-тармағы.

      7. "Банкті ислам банкіне айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру және рұқсат беруден бас тарту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 15 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13526 болып тіркелген, 2016 жылғы 6 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      8. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қазандағы № 265 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14733 болып тіркелген, 2017 жылғы 28 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) бекітілген Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 1-тармағы.

      9. "Банкті ислам банкіне айналдыру нысанында ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру және рұқсат беруден бас тарту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 15 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 258 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16557 болып тіркелген, 2018 жылғы 16 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      10. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 30 шілдедегі № 157 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17559 болып тіркелген, 2018 жылғы 22 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) бекітілген Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 7-тармағы.