Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қазандағы № 265 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 26 қаңтарда № 14733 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі бекітілсін.

      2. Қаржы нарығының әдіснамасы департаменті (Әбдірахманов Н.А.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберуді;

      3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
Төрағасы
Д. Ақышев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және коммуникациялар министрлігі

      Министр _______________ Д. Абаев

      2016 жылғы 25 қараша

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрі Сұлтанов Б. Т.

      ___________________________

      2016 жылғы 30 қараша

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      Министр ___________Қ. Бишімбаев

      2016 жылғы 26 желтоқсан

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі
Басқармасының
2016 жылғы 28 қазандағы
№ 265 қаулысына
қосымша

Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі

      1. Күші жойылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 № 31 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.01.2019 № 11 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      3 Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.12.2019 № 261 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. "Банк конгломератымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалардың тізбесін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 13 ақпандағы № 37 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7474 тіркелген, 2012 жылғы 24 мамырда "Егемен Қазақстан" газетінде № 261-266 (27340) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Банк конгломератымен ерекше қатынаста болатын тұлғалардың тізбесін белгілеу туралы";

      1-тармақта:

      бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Банк конгломератымен ерекше қатынаста болатын тұлғалар болып:

      1) банк конгломераты бас ұйымының лауазымды адамы, басшы қызметкері, бірінші басшысы және бас бухгалтері, сондай-ақ олардың жұбайы (зайыбы) және жақын туыстары;

      2) банк конгломераты бас ұйымының ірі қатысушысы болып табылатын жеке немесе заңды тұлға не банк конгломераты бас ұйымының ірі қатысушысының лауазымды адамы, сондай-ақ олардың жұбайы (зайыбы) және жақын туыстары;

      3) осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген адамдары ірі қатысушылары не лауазымды адамдары;

      4) банк конгломератының бас ұйымы ірі қатысушысы болып табылатын заңды тұлға, осы заңды тұлғаның лауазымды адамдары, олардың жұбайы мен зайыбы және жақын туыстары;

      5) банк конгломератының қатысушылары;

      6) банк конгломераты қатысушыларының үлестес тұлғалары танылатыны белгіленсін.";

      екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Банк конгломератының бас ұйымының акционері болып табылатын ұлттық басқарушы холдинг және акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) он және одан да көп пайызы осындай ұлттық басқарушы холдингке тиесілі заңды тұлғалар, сондай-ақ банктің тәуелсіз директор болып табылатын лауазымды адамы басқару органдарында тәуелсіз директор болып табылатын заңды тұлғалар, екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйым және акционері уәкілетті орган болып табылатын сауда-саттықты ұйымдастырушы, егер банктің лауазымды адамы осы ұйымдарда лауазымды адам болып табылған жағдайда, банк конгломератымен ерекше қатынаста болатын тұлғалар болып танылмайды.".

      4. "Банктің немесе банк холдингінің меншікті облигациялармен және осы банктің немесе банк холдингінің еншілес ұйымдары шығарған, міндеттемелеріне банк немесе банк холдингі кепілдік берген облигациялармен мәмілелер жасау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 62 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7507 тіркелген, 2012 жылғы 24 мамырда "Егемен Қазақстан" газетінде № 261-266 (27340) жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Банктің немесе банк холдингінің меншікті облигациялармен және осы банктің немесе банк холдингінің еншілес ұйымдары шығарған, міндеттемелеріне банк немесе банк холдингі кепілдік берген облигациялармен мәмілелер жасау қағидаларында:

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Банк немесе банк холдингі қағаз тасымалдағыштағы есептің бір данасын облигацияларды сатып алу мәмілесі жүзеге асырылған күннен бастап бір ай ішінде қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органға ұсынады. Есептің екінші данасы осы есеп жасалған күннен бастап 5 (бес) жыл бойы банкте немесе банк холдингінде сақталады.".

      5. "Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті және (немесе) инвестициялық портфелін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдарының дара және институционалдық инвесторларды білікті инвесторлар деп тану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 78 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7557 тіркелген, 2012 жылғы 25 шілдеде "Егемен Қазақстан" газетінде № 415-421 (27495) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті және (немесе) инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың дара және институционалдық инвесторларын білікті инвесторлар деп тану қағидаларында:

      1-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) уәкілетті орган – қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Білікті инвестор деп тануды жүзеге асыратын тұлға тізілімді жүргізуді Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7734 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 165 қаулысымен бекітілген Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға қажетті бағдарламалық-техникалық құралдардың және өзге жабдықтардың нұсқаулығының талаптарына сәйкес келетін бағдарламалық қамтамасыз етуде электрондық түрде жүзеге асырады.

      Тұлғаны білікті инвестор деп тану туралы шешім қабылдаған күннен бастап келесі жұмыс күнінен кешіктірмей тұлғаны тізілімге қосу жүзеге асырылады.

      Тізілімде білікті инвестор туралы мынадай ақпарат қамтылады:

      тұлға туралы жазбаны тізілімге енгізу күні;

      осы тұлға білікті инвестор болып танылғанға қатысты қызмет түрлері және (немесе) бағалы қағаздардың және (немесе) өзге қаржы құралдарының түрлері;

      тұлғаны тізілімнен алып тастау күні;

      тұлғаны тізілімнен алып тастау себебі;

      жеке тұлға үшін:

      тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса);

      жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен деректемелері;

      заңды мекенжайы және тұрғылықты жері;

      заңды тұлға үшін:

      толық және қысқартылған атауы;

      заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелу (қайта тіркелу) нөмірі мен күні;

      орналасқан жері.

      Тізілімге өзгерістер енгізу білікті инвестордың өтініші, оның ішінде білікті инвестор мәртебесінен бас тарту туралы өтініш бойынша жүзеге асырылады.

      Тізілімнен заңды тұлғаны алып тастауға байланысты өзгерістер енгізу, сондай-ақ егер заңды тұлға белгіленген талаптардың сақталуын растамаған жағдайда жүзеге асырылады.

      Білікті инвестордың сұрау салуы бойынша білікті инвестор деп тануды жүзеге асыратын тұлға білікті инвесторға осы тұлға туралы ақпараттан тұратын тізілімнен үзінді көшірмені ұсынады.

      Білікті инвестор деп тануды жүзеге асыратын тұлға есепті тоқсаннан кейінгі айдың соңғы күнінен кешіктірмейтін мерзімде уәкілетті органға Қағидалардың қосымшасына сәйкес нысан бойынша білікті инвесторлар туралы мәліметтерді тоқсан сайын ұсынады.

      Білікті инвестор деп тануды жүзеге асыратын тұлға уәкілетті органның талабы бойынша сұрау салуда айқындалған мерзімде электронды нысанда және (немесе) қағаз тасымалдауышта тізілімді ұсынады.";

      Білікті инвесторлар туралы мәліметтер нысаны Тізбеге 5-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      7. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.03.2018 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      8. "Банк холдингінің, сондай-ақ банктің ірі қатысушысының банктің және банк конгломератының меншікті капиталы жеткіліктілігінің коэффициенттерін қолдау шаралары туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 26 наурыздағы № 128 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7624 тіркелген, 2012 жылғы 15 тамызда "Егемен Қазақстан" газетінде № 510-515 (27588) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Банк холдингінің, сондай-ақ банктің ірі қатысушысының банктің және банк конгломератының меншікті капиталы жеткіліктілігінің коэффициенттерін қолдау шаралары туралы нұсқаулықта:

      1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Банк холдингі, сондай-ақ банктің ірі қатысушысы Нұсқаулықта көзделген, банктің және банк конгломератының меншікті капиталының жеткіліктілігі коэффициенттерін қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7601 тіркелген "Банк конгломератына арналған нормативтік мәндерін және пруденциалдық нормативтер мен өзге де міндетті лимиттерді есептеу әдістемелерін, сондай-ақ есептілікті ұсыну нысандары мен мерзімдерін белгілеу туралы" 2012 жылғы 24 ақпандағы № 92 (бұдан әрі – № 92 қаулы) және Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13919 тіркелген "Пруденциялық нормативтердің және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен белгілі бір күнге банк капиталының мөлшері лимиттерінің нормативтік мәндерін және есептеу әдістемесін және Банктің ашық валюталық позициясын есептеу қағидаларын және лимиттерін белгілеу туралы" 2016 жылғы 30 мамырдағы № 147 (бұдан әрі – № 147 қаулы) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулыларында белгілеген деңгейде қолдау бойынша шаралар қабылдайды.";

      3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) банк холдингі және (немесе) банктің ірі қатысушылары бар банкте тәуекелдерді басқару жүйелерінің және ішкі бақылаудың, оның ішінде көрсетілген жүйелердің Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9322 тіркелген "Екінші деңгейдегі банктерге арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылы 26 ақпандағы № 29 қаулысымен белгіленген талаптарға сәйкестігін бағалаудың болуын жыл сайын бақылауды;";

      9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Банктің және банк конгломератының меншікті капиталы жеткіліктілігінің коэффициенттері № 92 және № 147 қаулыларда белгіленген ең төмен нормативтік мәндерден төмендеген жағдайда:

      1) банк холдингі, сондай-ақ банктің ірі қатысушысы – банктің және банк конгломератының меншікті капиталының жеткіліктілігі коэффициенттерінің төмендеу фактісі анықталған күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде банк акционерлерінің жалпы жиналысының орындалуға міндетті, оның ішінде Нұсқаулықта белгіленген банктің және банк конгломератының меншікті капиталы жеткіліктілігінің коэффициенттерін жедел қамтамасыз ету шараларын қамтитын Іс-шаралар жоспарын (бұдан әрі – Іс-шаралар жоспары) қабылдауының бастамашысы болады және Іс-шаралар жоспары қабылданғаннан кейін 7 (жеті) жұмыс күні ішінде оны уәкілетті органға ұсынады;

      2) банк холдингі не банкті бақылайтын немесе шарттың күшіне орай немесе өзге тәсілмен банктің шешімдеріне ықпал етуге мүмкіндігі бар банктің ірі қатысушысы банктің және банк конгломераты меншікті капиталының жеткіліктілігі коэффициентінің төмендеу фактісі анықталған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде уәкілетті органға Нұсқаулықта белгіленген банктің және банк конгломератының меншікті капиталы жеткіліктілігінің коэффициенттерін жедел қамтамасыз ету шараларын қамтитын Іс-шаралар жоспарын келісу үшін ұсынады.

      Банкте біреуден артық банк холдингі не банктің ірі қатысушылары болған жағдайда осы банк холдингтері және (немесе) банктің ірі қатысушылары - жеке тұлғалар осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген іс-әрекеттерді бірлесіп жүзеге асырады.

      10. Уәкілетті органмен келісілген Іс-шаралар жоспарында банк холдингінің не банктің ірі қатысушысының меншікті капиталының жеткіліктілігі коэффициентін қолдау жөніндегі шараларды орындау мерзімдері және олардың орындалуы жөніндегі ақпаратты уәкілетті органға ұсыну мерзімдері көрсетіледі.

      Банк холдингінің не банктің ірі қатысушысының Іс-шаралар жоспарында айқындалған іс-шараларды орындауы туралы ақпараты оны растайтын құжаттармен қоса беріледі. Іс-шаралар жоспарының кез келген талабы орындалмаған жағдайда банк холдингі не банктің ірі қатысушысы орындамау себептері туралы уәкілетті органды хабардар етеді.".

      9. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 02.11.2017 № 208 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      10. "Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының ерікті зейнетақы жарналарын тарту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 27 тамыздағы № 213 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8798 тіркелген, 2013 жылғы 25 желтоқсанда "Заң газеті" газетінде № 191 (2392) жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының ерікті зейнетақы жарналарын тарту қағидаларында:

      1-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) уәкілетті орган – қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган.".

      11. "Кастодиан банк пен ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының арасында жасалатын кастодиандық үлгі шарттың нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 27 тамыздағы № 234 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8795 тіркелген, 2013 жылғы 15 қарашада "Заң газеті" газетінде № 172 (2373) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Кастодиан банк пен ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының арасында жасалатын үлгілік кастодиандық шарттың нысанын бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Кастодиан банк пен ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының арасында жасалатын үлгілік кастодиандық шарттың нысаны бекітілсін.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Кастодиан банк пен ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының арасында жасалатын кастодиандық үлгі шарт нысанында:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Кастодиан банк пен ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының арасында жасалатын үлгілік кастодиандық шарт";

      4-тармақтың 23) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "23) Қордың теңгедегі немесе шетел валютасындағы банктік инвестициялық шоттарынан ақша аудару және қаржы құралдарын есепке алуға арналған шоттардан бағалы қағаздарды есептен шығару туралы бұйрықтарын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен (бұдан әрі – уәкілетті орган) Қордың лицензиясының қолданылуын тоқтата тұру туралы хабарлама алған күннен бастап уәкілетті органнан Қор лицензиясының қолданылуын қайта бастау туралы хабарламасын алған күнге дейін орындамауға;".

      12. "Кастодиандық үлгі шарттар нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 23 сәуірдегі № 67 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9487 тіркелген, 2014 жылғы 16 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Кастодиандық үлгілік шарттар нысандарын бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мыналар:

      1) қоса беріліп отырған Кастодиан банк және арнайы қаржы компаниясы, сондай-ақ инвестициялық портфельді басқарушының арасында жасалатын кастодиандық үлгілік шарттың нысаны;

      2) қоса беріліп отырған Кастодиан банк пен арнайы қаржы компаниясының арасында жасалатын кастодиандық үлгілік шарттың нысаны бекітілсін.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Кастодиан банк және арнайы қаржы компаниясы, сондай-ақ инвестициялық портфельді басқарушының арасында жасалатын кастодиандық үлгі шартында:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Кастодиан банк және арнайы қаржы компаниясы, сондай-ақ инвестициялық портфельді басқарушының арасында жасалатын кастодиандық үлгілік шарт";

      5-тармақтың 24) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "24) егер мәміле оның сауда жүйесінде жасалған болса, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органға, Компанияға, Басқарушыға, сондай-ақ қор биржасына жасалған мәміленің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмейтіні туралы дереу хабарлауға міндетті.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Кастодиан банк және арнайы қаржы компаниясы арасында жасалатын кастодиандық үлгі шарт нысанында:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Кастодиан банк және арнайы қаржы компаниясы арасында жасалатын кастодиандық үлгілік шарт";

      4-тармақтың 16) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "16) егер мәміле оның сауда жүйесінде жасалған болса, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органға, Компанияға, сондай-ақ қор биржасына жасалған мәміленің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмейтіні туралы дереу хабарлауға міндетті.";

      13. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.03.2017 № 54 (01.06.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

  Өзгерістер енгізілетін
Қазақстан Республикасының
қаржы нарығын реттеу
мәселелері бойынша
нормативтік құқықтық
актілерінің тізбесіне
1-қосымша

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 № 31 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Өзгерістер енгізілетін
Қазақстан Республикасының
қаржы нарығын реттеу
мәселелері бойынша
нормативтік құқықтық
актілерінің тізбесіне
2-қосымша

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 № 31 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Өзгерістер енгізілетін
Қазақстан Республикасының
қаржы нарығын реттеу
мәселелері бойынша
нормативтік құқықтық
актілерінің тізбесіне
3-қосымша

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 № 31 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Өзгерістер енгізілетін
Қазақстан Республикасының
қаржы нарығын реттеу
мәселелері бойынша
нормативтік құқықтық
актілерінің тізбесіне
4-қосымша

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.01.2019 № 11 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Өзгерістер енгізілетін
Қазақстан Республикасының
қаржы нарығын реттеу
мәселелері бойынша
нормативтік құқықтық
актілерінің тізбесіне
5-қосымша
  Бағалы қағаздар нарығында
брокерлік және (немесе)
дилерлік қызметті және
(немесе) инвестициялық
портфелін басқару жөніндегі
қызметті жүзеге асыратын
ұйымдарының дара және
институционалдық
инвесторларды білікті
инвесторлар деп тану
қағидаларына
қосымша

Білікті инвесторлар туралы мәліметтер Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан Есепті кезең: 20___ жылғы __________________

      Индекс: F1-QI

      Кезеңділік: тоқсан сайын

      Ұсынады: білікті инвестор деп тануды жүзеге асыратын тұлға

      Нысан қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

      Ұсыну мерзімі: есепті тоқсаннан кейінгі айдың соңғы күнінен кешіктірмеген мерзімде тоқсан сайын.

      Нысан

      20__жылғы "___" __________ жағдай бойынша

      ____________________________________________________________________

      (білікті инвестор деп тануды жүзеге асыратын тұлғаның толық атауы)

1 Білікті инвестор деп тануды жүзеге асыратын тұлға туралы мәліметтер

1.1

Ұйымның толық атауы


1.2

Ұйымның қысқартылған атауы


1.3

Бизнес-сәйкестендіру нөмірі


1.4

Бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті жүзеге асыруға лицензиялардың болуы туралы мәліметтер


1.5

Лицензияның нөмірі


1.6

Лицензия беру күні


2. Білікті инвесторлардың тізілімі туралы мәліметтер берілетін күн

2.1

Білікті инвесторлардың тізілімі туралы мәліметтер берілетін күн


2.2

Есепті кезеңде тізілімге енгізілген жеке тұлғалардың саны


2.3

Есепті кезеңде тізілімнен шығарылған жеке тұлғалардың саны


2.4

Тізілімде тұрған жеке тұлғалардың, оның ішінде Қазақстан Республикасы бейрезиденттерінің саны


2.5

Есепті кезеңде тізілімге енгізілген заңды тұлғалардың саны


2.6

Есепті кезеңде тізілімнен шығарылған заңды тұлғалардың саны


2.7

Тізілімде тұрған заңды тұлғалардың, оның ішінде Қазақстан Республикасы бейрезиденттерінің саны


3. Жеке және заңды тұлғалар оларға қатысты білікті инвесторлар деп танылған қызмет түрлері туралы мәліметтер

3.1 Қызмет түрі

3.2 Осы қызмет түріне қатысты білікті инвесторлар деп танылған жеке тұлғалар саны

3.3 Осы қызмет түріне қатысты білікті инвесторлар деп танылған заңды тұлғалар саны

4. Жеке және заңды тұлғалар оларға қатысты білікті инвесторлар деп танылған бағалы қағаздардың және (немесе) өзге қаржы құралдарының түрлері туралы мәліметтер

4.1 Бағалы қағаздардың және (немесе) өзге қаржы құралдарының түрі

4.2 Осы бағалы қағаздардың және (немесе) өзге қаржы құралдарының түріне қатысты білікті инвесторлар деп танылған жеке тұлғалар саны

4.3 Осы бағалы қағаздардың және (немесе) өзге қаржы құралдарының түріне қатысты білікті инвесторлар деп танылған заңды тұлғалар саны

5. Есепті кезеңде білікті инвесторлардың қаражаты есебінен қаржы құралдарымен жасалған мәмілелердің көлемі туралы мәліметтер (мың теңге)

5.1

Жеке тұлғалар есебінен жасалған мәмілелер көлемі


5.2

Заңды тұлғалар есебінен жасалған мәмілелер көлемі


      Бірінші басшы (ол болмаған кезеңде – оның орнындағы адам)

      ____________________      _________________      _______ _______

      тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)

      _____________ ____________

      қолы                  күні

      Бас бухгалтер

      ____________________      _________________ ________ ________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)

      _____________ ____________

      қолы                  күні

      Орындаушы __________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)

      _____________ ____________

      қолы                  күні

      Мөр орны (ол бар болса)

      Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме осы нысанға қосымшада берілген.

  Білікті инвесторлар туралы
мәліметтердің нысанына
қосымша

Білікті инвесторлар туралы мәліметтер

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме

1. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме (бұдан әрі – Түсіндірме) "Білікті инвесторлар туралы мәліметтер" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Нысан "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 55) тармақшасына, "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-1-бабының 3-тармағына және "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      3. Білікті инвесторларды тануды жүзеге асыратын тұлға Нысанды есепті кезеңің соңындағы жағдай бойынша тоқсан сайын толтырады. Нысандағы деректер Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңге және мың теңгемен толтырылады. Бес жүз теңгеден кем сома нөлге дейін дөңгелектенеді, ал бес жүз теңгеге тең және одан астам сома мың теңгеге дейін дөңгелектенеді.

      4. Нысанға бірінші басшы (ол болмаған кезеңде – оның орнындағы адам), бас бухгалтер және орындаушы қол қояды.

2. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      5. 1.1 – 1.6 аралығындағы жолдарда білікті инвестор деп тануды жүзеге асыратын тұлғаны сәйкестендіретін мәліметтердің негізіндегі деректер көрсетіледі.

      6. 2.1 – 2.7 аралығындағы жолдарда білікті инвесторлар тізілімінің немесе Қазақстан Республикасының заңнамасын ескере отырып қалыптастырылған дерекқордың ақпараты негізіндегі деректер көрсетіледі.

      7. 3.1 – 3.3 аралығындағы жолдарда білікті инвесторлар тізілімінің немесе Қазақстан Республикасының заңнамасын ескере отырып қалыптастырылған дерекқордың ақпараты негізіндегі деректер көрсетіледі.

      8. 4.1 – 4.3 аралығындағы жолдарда эмиссиялық бағалы қағаздардың болуы және иеленушілері, номиналды ұстауды есепке алу жүйесі туралы ақпараттың негізіндегі деректер көрсетіледі.

      9. 5.1 және 5.2-жолдарды толтыру кезінде есепті кезеңнің соңғы күнін қоса алғанда, есепті жылдағы деректер көрсетіледі.