Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктерді ерікті қайта ұйымдастыруға немесе таратуға рұқсат беру, сондай-ақ оларды тікелей төлем жасау арқылы не депозиттерге міндетт

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 55 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 10 сәуірде № 7544 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 30 наурыздағы № 31 қаулысымен

      Ескерту. Қаулының күші жойылды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 № 31 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне банк қызметін және қаржы ұйымдарын тәуекелдерді азайту тұрғысынан реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2011 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктерді ерікті қайта ұйымдастыруға немесе таратуға рұқсат беру, сондай-ақ оларды тікелей төлем жасау арқылы не депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын басқа банкке аударым жасау жолымен жеке тұлғалардың депозиттерін қайтарып беру ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 295 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4521 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Екінші деңгейдегі банктерді (банк холдингтерін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға, екінші деңгейдегі банктерді ерікті түрде таратуға рұқсат беру, сондай-ақ жеке тұлғалардың депозиттерін тікелей төлем жасау не депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын басқа банкке аудару арқылы оларды қайтарып беру қағидаларын бекіту туралы";

      қаулының 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Екінші деңгейдегі банктерді (банк холдингтерін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға, екінші деңгейдегі банктерді ерікті түрде таратуға рұқсат беру, сондай-ақ жеке тұлғалардың депозиттерін тікелей төлем жасау не депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын басқа банкке аудару арқылы оларды қайтарып беру қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктерді ерікті қайта ұйымдастыруға немесе таратуға рұқсат беру, сондай-ақ оларды тікелей төлем жасау арқылы не депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын басқа банкке аударым жасау жолымен жеке тұлғалардың депозиттерін қайтарып беру ережесінде:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Екінші деңгейдегі банктерді (банк холдингтерін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға, екінші деңгейдегі банктерді ерікті түрде таратуға рұқсат беру, сондай-ақ жеке тұлғалардың депозиттерін тікелей төлем жасау не депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын басқа банкке аудару арқылы оларды қайтарып беру қағидалары";

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы Екінші деңгейдегі банктерді (банк холдингтерін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға, екінші деңгейдегі банктерді ерікті түрде таратуға рұқсат беру, сондай-ақ жеке тұлғалардың депозиттерін тікелей төлем жасау не депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын басқа банкке аудару арқылы оларды қайтарып беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы (бұдан әрі - Заң) және "Қаржы рыногы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және екінші деңгейдегі банктерді (банк холдингтерін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға, екінші деңгейдегі банктерді (бұдан әрі - банк) ерікті түрде таратуға рұқсат беру, сондай-ақ жеке тұлғалардың депозиттерін тікелей төлем жасау не депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын басқа банкке аудару арқылы оларды қайтарып беру тәртібін айқындайды.";

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Жалпы ережелер";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Банкті (банк холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруды жүргізуге рұқсат алуға арналған, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетіне (бұдан әрі - уәкілетті орган) ұсынылған өтініш қабылданған күнінен бастап екі ай ішінде қаралады.

      Өтінішті қарастыру нәтижелері бойынша қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган банкті (банк холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға немесе банкті таратуға рұқсат береді немесе рұқсат беруден бас тартады.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Уәкілетті орган осы Қағидалардың 1 және 2-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша банкті (банк холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға немесе банкті таратуға берілген рұқсаттардың тізілімін жүргізеді.";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Банкті (банк холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру тәртібі";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Банк (банк холдингі) уәкілетті органға Заңның 60-бабының 3-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша оны ерікті түрде қайта ұйымдастыруға (бірігуге, қосылуға, бөлінуге, бөлініп шығуға, қайта құруға) рұқсат беру туралы өтінішті ұсынады.";

      мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:

      "5-1. Банк акционерлерінің жалпы жиналысы банкті қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылдағаннан кейін ол кредиттік серіктестікке қайта құрылу жолымен қайта ұйымдастырылған жағдайда банк осы Қағидалардың 2-1-тарауында көзделген тәртіппен жеке тұлғалардың депозиттерін тікелей төлем жасау не депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын басқа банкке аудару арқылы оларды қайтарып беру, сондай-ақ құрылатын кредиттік серіктестік қатысушыларының депозиттерін қоспағанда, заңды тұлғалардың депозиттерін тікелей төлем жасау не басқа банкке аудару арқылы оларды қайтарып беру шараларын қабылдайды.

      Қайта ұйымдастырылатын банк банктің бұрын жасалған шарттары бойынша міндеттемелерді мерзімінен бұрын орындау не осы шарттарды бұзу шараларын жүзеге асырады.

      Осы тармақтың бірінші және екінші бөліктерінде көрсетілген іс-шаралар жүргізілгеннен кейін қайта ұйымдастырылатын банк уәкілетті органға осы Қағидалардың 8-тармағының 1-1) тармақшасында көрсетілген құжаттармен бірге кредиттік серіктестікке қайта құру жолымен оны қайта ұйымдастыруға рұқсат беру туралы, оның ішінде заңды тұлғалардың депозиттеріне қатысты, сондай-ақ осы тармақ талаптарының орындалуын растайтын құжаттарды қоса бере отырып өтініш жасайды.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Заңның 61-бабында көзделген негіздемелер бойынша банкті (банк холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беруден бас тартылады.";

      2-1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-1. Жеке тұлғалардың депозиттерін тікелей төлем жасау не депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын басқа банкке аудару арқылы оларды қайтарып беру тәртібі";

      7-3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7-3. Жеке тұлғалардың депозиттерін қайтарып беру және депозиттерді банктің таңдауы бойынша депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын басқа банкке аудару туралы депозиторлардан өтінішті қабылдау рәсімі хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде жүзеге асырылады.

      Жеке тұлғалардың депозиттерін қайтарып беру депозитті қайтару туралы өтініш берілген күннен бастап үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүзеге асырылады.

      Хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде депозиторлардың жазбаша қарсылығының болмауы депозитордың депозитті аударуға келісімі ретінде қаралады.";

      7-8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7-8. Жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау-өткізу актісін ресімдеу кезінде онда мынадай мәліметтер көрсетіледі:

      1) банктің жеке тұлғалардың депозиттері бойынша аударым жасаған күнгі міндеттемелерінің мөлшері;

      2) ерікті түрде таратылатын банктің филиалдары бөлігінде мынадай ақпаратты қамтитын депозитор жеке тұлғалардың тізімі:

      депозитордың жеке сәйкестендіру коды (банк шотының нөмірі);

      депозитордың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні;

      депозитордың жеке басын куәландыратын құжат нөмірі және оны берген мемлекеттік орган туралы мәліметтер, берілген күні;

      салық төлеушінің тіркеу нөмірі немесе жеке сәйкестендіру нөмірі;

      депозитордың заңды мекенжайы, тұрғылықты орны;

      банк шоты және (немесе) банк салымы шартының жасалған күні және нөмірі, шарттың қолданылу мерзімі;

      салым бойынша сыйақы ставкасы;

      депозит сомасы және салым бойынша есептелген және депозитор алған сыйақы сомасы;

      3) берілетін істердің (құжаттардың) саны.";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Банкті ерікті түрде таратуға рұқсат беру тәртібі";

      10 және 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Заңның 69-бабында көзделген негіздемелер бойынша банкті ерікті түрде таратуға рұқсат беруден бас тартылады.

      11. Банк ерікті түрде таратуға рұқсат алған жағдайда уәкілетті органға банктік және өзге де операцияларды жүзеге асыру құқығына бұрын берілген лицензиялардың түпнұсқаларын қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органның осы шешімі күшіне енген күннен бастап он жұмыс күні ішінде қайтарады.";

      4-тарау алып тасталсын;

      1-қосымша осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын;

      2-қосымшаның жоғары оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Екінші деңгейдегі банктерді (банк
холдингтерін) ерікті түрде қайта
ұйымдастыруға, екінші деңгейдегі
банктерді ерікті түрде таратуға рұқсат
беру, сондай-ақ жеке тұлғалардың
депозиттерін тікелей төлем жасау не
депозиттерге міндетті кепілдік беру
жүйесінің қатысушысы болып
табылатын басқа банкке аудару арқылы
оларды қайтарып беру қағидаларына
2-қосымша
Нысан";

      3-қосымша осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын;

      4-қосымшаның жоғары оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Екінші деңгейдегі банктерді (банк

      холдингтерін) ерікті түрде қайта

      ұйымдастыруға, екінші деңгейдегі

      банктерді ерікті түрде таратуға рұқсат

      беру, сондай-ақ жеке тұлғалардың

      депозиттерін тікелей төлем жасау не

      депозиттерге міндетті кепілдік беру

      жүйесінің қатысушысы болып табылатын

      басқа банкке аудару арқылы оларды

      қайтарып беру қағидаларына 4-қосымша

      Нысан

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің

      Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын

      бақылау мен қадағалау комитетінің

      төрағасына".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк

      Төрағасы Г. Марченко

  Қазақстан Республикасының Ұлттық
Банкі Басқармасының 2012 жылғы
24 ақпандағы № 55 қаулысына
1-қосымша
Екінші деңгейдегі банктерді (банк
холдингтерін) ерікті түрде қайта
ұйымдастыруға, екінші деңгейдегі
банктерді ерікті түрде таратуға
рұқсат беру, сондай-ақ жеке
тұлғалардың депозиттерін тікелей
төлем жасау не депозиттерге міндетті
кепілдік беру жүйесінің қатысушысы
болып табылатын басқа банкке
аудару арқылы оларды қайтарып
беру қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

Уәкілетті органның екінші деңгейдегі банктерді
(банк холдингтерін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға берілген
рұқсаттарды есепке алу тізілімі






Банктің (банк холдингінің) атауы

Банктер (банк холдингтері) акционерлерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысы хаттамасының күні мен нөмірі

Банкті (банк холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға берілген рұқсаттың күні мен нөмірі

Банкті (банк холдингін) қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылған заңды тұлғаның (тұлғалардың) атауы

Банкті (банк холдингін) қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылған заңды тұлға (тұлғалар) қызметінің түрі































  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 24 ақпандағы
№ 55 қаулысына
2-қосымша
Екінші деңгейдегі банктерді (банк
холдингтерін) ерікті түрде қайта
ұйымдастыруға, екінші деңгейдегі
банктерді ерікті түрде таратуға
рұқсат беру, сондай-ақ жеке
тұлғалардың депозиттерін тікелей
төлем жасау не депозиттерге міндетті
кепілдік беру жүйесінің қатысушысы
болып табылатын басқа банкке аудару
арқылы оларды қайтарып
беру қағидаларына
3-қосымша

      Нысан

      № ___ күні ____

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетінің төрағасына

Банкті (банк холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға
берілетін рұқсатты алуға арналған
ӨТІНІШ

      _____________________________________________________________________

      (өтініш берушінің атауы)

      банк (банк холдингі) акционерлерінің жалпы жиналысының

      _____________ ____ жылғы "__" _______ № _____ шешіміне сәйкес (өткізілетін орны)

      _____________________________________________________________________

      банкті (банк холдингін) қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылған

      _____________________________________________________________________

      (заңды тұлғаға (тұлғаларға) (бірігу, қосу, бөлу, бөлініп шығу, қайта құру) (керегінің асты сызылсын) арқылы банкті (банк холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беруді сұрайды.

      Банк (банк холдингі) өтінішке қоса берілген құжаттар мен мәліметтердің дәйектілігіне, сондай-ақ өтінішті қарауға байланысты сұралатын қосымша ақпараттың және құжаттардың уәкілетті органға уақтылы берілуіне толығымен жауап береді.

      Қоса берілетін құжаттар (жіберілетін құжаттардың атаулы тізбесін, әрқайсысы бойынша дана және бет санын көрсету керек):

      Банк акционерлерінің атынан уәкілетті адам (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), аталған өкілеттіктерді алуға негіз болып табылатын құжатқа сілтеме).

      _____________________________ _______________

      (қолы) мөр