Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 21 тамыздағы № 443 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 22 тамызда № 19278 болып тіркелді.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін:

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік сақтандыру, базалық әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі А.Ә. Сарбасовқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр Б. Нурымбетов

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Білім және ғылым министрлігі

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау
министрінің
20 жылғы 21 тамыздағы
№ 443 бұйрығына
қосымша

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 09.06.2023 № 213 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. "Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін бюджет қаражаты есебінен беру, сондай-ақ жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 223 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11110 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылы 10 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы" 1997 жылғы 16 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 3 және 6-баптарына, "Жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда немесе еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстарда істеген адамдарға берілетін мемлекеттік арнайы жәрдемақы туралы" 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5 және 7-баптарына, "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін бюджет қаражаты есебінен беру, сондай-ақ жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау және жүзеге асыру қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін бюджет қаражаты есебінен беру, сондай-ақ жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау және жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы" 1997 жылғы 16 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы заң) 3 және 6-баптарына, "Жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда немесе еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстарда істеген адамдарға берілетін мемлекеттік арнайы жәрдемақы туралы" 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5 және 7-баптарына, "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-бабына сәйкес әзірленді және мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін бюджет қаражаты есебінен беру, сондай-ақ жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау және жүзеге асыру тәртібін айқындайды.";

      2-тармақта:

      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) зейнетақы мен жәрдемақы алушы (бұдан әрі – алушы) – мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі және (немесе) жасына байланысты зейнетақы төлемдері және (немесе) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдері және (немесе) мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақы және (немесе) мемлекеттік арнайы жәрдемақы тағайындалған жеке тұлға;";

      13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "13) өтініш беруші – базалық зейнетақы және (немесе) жасына байланысты зейнетақы төлемін және (немесе) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерін және (немесе) мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақы және (немесе) мемлекеттік арнайы жәрдемақы тағайындауға жүгінетін жеке тұлға;";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Базалық зейнетақы мен жасына байланысты зейнетақы төлемдерін (бұдан әрі – зейнетақылар), мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мен мемлекеттік арнайы жәрдемақыны (бұдан әрі - жәрдемақылар) алуға құқығы бар адамдар осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті және сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжатты ұсынады.

      Оралман мәртебесі бар адамдар зейнетақылар мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар тағайындауға жүгінген жағдайда сәйкестендіру үшін оралман куәлігі ұсынылады.

      Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды, мемлекеттік арнайы жәрдемақыны тағайындауға өтініш тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне беріледі.

      Базалық зейнетақыны тағайындауға өтініш тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне немесе портал арқылы беріледі.

      Адамдар Заңның 11-бабының 1-тармағына сәйкес зейнеткерлік жасқа толған соң бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан берілетін зейнетақы төлемдерін, базалық зейнетақы және жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындауға жүгінген кезде Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне осы Қағидаларға 1-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бір өтініш береді.

      Мүгедектік алғаш рет белгіленген жағдайда адам мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындау үшін осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішпен тұрғылықты жері бойынша медициналық-әлеуметтік сараптама (бұдан әрі – МӘС) бөлімшесіне жүгінеді.

      Өтініш қабылданған кезде жеке басты куәландыратын құжат туралы, тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгені туралы мәліметтерді "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден (бұдан әрі – ақпараттық жүйелер) алады.

      Өтінішке сондай-ақ зейнетақылар мен жәрдемақылар беру жөніндегі уәкілетті ұйымдағы банк шотының нөмірі туралы немесе қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің қолма-қол ақшаны бақылау шоты туралы мәліметтер қоса беріледі.

      Іс-әрекетке қабілетсіз, іс-әрекетке қабілеті шектеулі немесе қамқоршылыққа немесе қорғаншылыққа мұқтаж адамдарға зейнетақылар мен жәрдемақыларды тағайындау үшін өтінішті және осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды олардың заңды өкілдері береді.

      Зейнетақылар мен жәрдемақыларды тағайындау үшін өтінішті Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 167-бабына сәйкес берілген сенімхат бойынша үшінші тұлғалар береді.

      Құжаттарды мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алуға мүмкіндік болса, оларды ұсыну талап етілмейді.

      Шет тілінде жасалған құжаттарды ұсыну барысында нотариус "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабы 1-тармағы 9) тармақшасына, 80-бабына сәйкес құжаттың қазақ немесе орыс тіліне дұрыс аударылғанын куәландырады.";

      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі жасына байланысты зейнетақы төлемдерін үш жұмыс күні ішінде, базалық зейнетақыны және жәрдемақыларды екі жұмыс күні ішінде тағайындауға ІЭМ-ді және шешімнің жобасын қалыптастырады.

      Қалыптастырылған ІЭМ зейнетақы немесе жәрдемақы тағайындау (өзгерту, төлемді қалпына келтіру, тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдау үшін Мемлекеттік корпорацияның филиалы арқылы уәкілетті органға жіберіледі.

      Зейнетақы ісінің/жәрдемақы алушы ісінің осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қағаз түріндегі нұсқасын қалыптастыру үшін ІЭМ, Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы заңның 11-бабының 1 және 1-1-тармақтарына сәйкес тағайындалатын мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушыларының ІЭМ-ін қоспағанда, басып шығарылады.

      Мемлекеттік корпорацияның филиалы екі жұмыс күні ішінде келіп түскен құжаттарды қарайды, ІЭМ-ді ресімдеудің және зейнетақылар мен жәрдемақыларды есептеудің дұрыстығын тексереді.";

      24 және 25-тармақтар алып тасталсын;

      27 және 28-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "27. Зейнетақы немесе жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылданған кезде Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі осы Қағидаларға 21-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарламаны осы Қағидаларға 22-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабарламалар журналына тіркей отырып, оны өтініш берушінің өзі келген кезде береді.

      Мобильді телефон нөмірі болған кезде тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарлама өтініш берушінің мобильді телефонына sms-хабарлар жіберу арқылы автоматты режимде жолданады.

      Sms-хабарлар осы Қағидаларға 23-қосымшаға сәйкес нысан бойынша sms-хабарлар журналында тіркеледі.

      28. Уәкілетті орган жасына байланысты зейнетақы төлемін немесе мемлекеттік арнайы жәрдемақы тағайындау туралы шешім қабылдағаннан кейін Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі еңбек кітапшасына "зейнетақы (жәрдемақы) тағайындалды" деген белгі қояды және оны өтініш берушіге өзі келген кезде қайтарады.

      Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі өтініш беруші жүгінген кезде қол қойдыра отырып беретін осы Қағидаларға 24-қосымшаға сәйкес куәлік алушының мәртебесін растайтын ресми құжат болып табылады.

      Куәлікті беру осы Қағидаларға 25-қосымшаға сәйкес нысан бойынша куәлікті тіркеу журналында тіркеледі.

      Куәлікті алуға үшінші тұлғалар жүгінген жағдайда куәлік 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 167-бабына сәйкес берілген сенімхат бойынша беріледі.

      Куәлігін жоғалтқан жағдайда Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі алушының өтініші бойынша куәліктің телнұсқасын жазып береді. Оң жақ үстіңгі бұрышына "Телнұсқа" деген белгі қойылады.

      Зейнетақының немесе жәрдемақының түрі немесе мөлшері өзгерген не тұрғылықты жері өзгерген жағдайда Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі куәлікке қосымша бетте жүргізілген өзгерістер туралы қажетті жазба жасайды.";

      31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "31. Сот шешімімен іс-әрекетке қабілетсіз немесе іс-әрекетке қабілеті шектеулі деп танылған қамқоршылықтағы (қорғаншылықтағы) адам үшін төлем алатын қамқоршы (қорғаншы) ауысқан, мүгедектік тобы немесе асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақымен қамсыздандырылатын отбасының еңбек етуге қабілетсіз мүшелерінің саны өзгерген жағдайларда Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі осы Қағидаларға 13, 14, 15, 16 және 18-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша зейнетақы мен жәрдемақыны тағайындау (өзгерту, төлемді қалпына келтіру, тағайындаудан бас тарту) туралы шешім жобасын дайындайды.

      Алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні өзгерген кезде ОДҚ-да өзгерістер автоматты режимде жүргізіледі.";

      37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "37. Қазақстан Республикасының басқа өңірлеріне кеткен адамның зейнетақы ісі/жәрдемақы алушының ісі (бар болса) Мемлекеттік корпорацияның басқа бөлімшелерінің электрондық сұрау салуы бойынша жіберіледі.

      Алушының жаңа тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік корпорация бөлімшесі өтінішті берген күннен бастап екі жұмыс күн ішінде алушының бұрыңғы тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне электронды сұрау салу жолдайды.

      Алушының бұрынғы тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі сұрау салу келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күн ішінде осы Қағидаларға 34-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Мемлекеттік корпорация бөлімшесі ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық анықтама-аттестатты қалыптастырады және алушының жаңа тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне жолдайды.";

      38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "38. Алушы Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге кеткен жағдайда Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі алушының осы Қағидаларға 35-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініші негізінде зейнетақы ісін/жәрдемақы алушының ісін алушының қолына береді немесе басқа елдердің уәкілетті органдарының сұрау салуы бойынша жіберіледі.

      Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушының ісі болмаған кезде Мемлекеттік корпорация бөлімшесі ІЭМ негізінде осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша істің қағаз нұсқасын қалыптастырады және алушының қолына береді немесе басқа елдердің уәкілетті органдарының сұрау салуы бойынша жіберіледі.

      Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге тұрақты тұруға кетушілерге зейнетақыларды және жәрдемақыларды төлеу ішкі істер органдарынан тіркеуден шығарылған айға қоса жүргізіледі.";

      50-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "50. Төлемді қалпына келтіру үшін негіздеме болып табылатын мән-жайлар туындаған жағдайда Мемлекеттік корпорацияның электрондық шешім жобасымен қоса, жаңадан ұсынылған құжаттармен толықтырылған ІЭМ-ді дайындауы және оны уәкілетті органның бекітуі тоқтатыла тұрған күннен бастап не қалпына келтіруге құқық басталған, бірақ оларды алу үшін жүгінер алдындағы үш жылдан аспайтын сәттен бастап осы Қағидаларға 13, 14, 15, 16 және 18-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша жүргізіледі.";

      56-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "56. Қайтыс болған зейнетақы немесе жәрдемақы алушыны жерлеуді жүзеге асырған жеке немесе заңды тұлға жерлеуге біржолғы төлем тағайындау үшін өтініш берушінің жеке сәйкестендіру нөмірі немесе заңды тұлғаның бизнес сәйкестендіру нөмірі болған кезде осы Қағидалардың 57-тармағында көзделген құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 39-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді.";

      58-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "58. Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі бір жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 40-қосымшаға сәйкес жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындауға ІЭМ-ді және шешімнің электрондық жобасын қалыптастырады және Мемлекеттік корпорацияның филиалына жібереді.

      Мемлекеттік корпорацияның филиалы бір жұмыс күні ішінде келіп түскен құжаттарды қарайды, есептеудің және ІЭМ мен шешімнің электрондық жобасын ресімдеудің дұрыстығын тексереді және жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдау үшін уәкілетті органға жібереді.

      Уәкілетті орган электрондық құжаттармен келіп түскен шешімнің электрондық жобасын қарайды, олар уәкілетті органға келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдайды.

      ІЭМ және жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім жобасы қағаз жеткізгіште (бар болса) зейнетақы ісіне/жәрдемақы алушының ісіне қоса тіркеледі.";

      64-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "64. Қамқоршы (қорғаншы) Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне адамды іс-әрекетке қабілетсіз (іс-әрекетке қабілеті шектеулі) деп тану туралы сот шешімінің көшірмесін не қамқоршылық және қорғаншылық органының шешімін және қамқоршылықты (қорғаншылықты) растайтын құжатты ұсынады.

      Интернаттық (отбасы үлгісіндегі балалар ауылы, Жасөспірімдер үйі, балалар үйі, ересектерге арналған немесе ақыл-ecі кем балаларға арналған жалпы және арнаулы үлгідегі интернат-үй және басқалар) және мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекеме орналасқан жердегі Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі зейнетақыларды немесе жәрдемақыларды төлеуді осы Қағидалардың 33 және 37-тармақтарына сәйкес алынған құжаттар негізінде жүзеге асырады.

      Бұл ретте, мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерде тіркелген күніне дейінгі кезеңге төленбеген зейнетақы және жәрдемақы сомалары алушының банк шотына есептеу арқылы толық көлемде төленеді.";

      66-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "66. Мемлекеттік корпорация жасына байланысты зейнетақы төлемдерін (төлейтін айға қажеттілікті қалыптастырғаннан кейін пайда болған сомаларды) медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) стационар жағдайларында тұратын және мемлекеттің толық қамсыздандыруындағы адамдарға медициналық-әлеуметтік мекемелерге (ұйымдарға) түскені (шыққаны) туралы ақпарат келіп түскен, оның ішінде орталық атқарушы органның ақпараттық жүйесінде алушының медициналық-әлеуметтік мекемеге (ұйымға) кіргені (шыққаны) туралы деректер толтырылған айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап Заңның 21-бабының 2-1-тармағында белгіленген көлемде жүзеге асырады.

      Атқарушылық іс жүргізу құжаттары немесе алушының ұстап қалуға өтініші келіп түскен жағдайда Заңның 21-бабының 2-1-тармағында белгіленген жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің көлемі тиісті ұстап қалудан кейін айқындалады.

      Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) тұратын адамдарға зейнетақылар мен жәрдемақылар сомаларын есептеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      Бұл ретте, медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) тіркелген күніне дейінгі кезеңге төленбеген зейнетақы сомалары алушының банк шотына есептеу арқылы толық көлемде төленеді.";

      67-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "67. Мемлекеттік корпорация мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды төлеуді Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы заңның 6-бабының 1-1 және 1-2 тармақтарында айқындалған мөлшерде және көлемде медициналық-әлеуметтік мекемеден (ұйымнан) алушының медициналық-әлеуметтік мекемеге (ұйымға) кіргені (шыққаны) туралы ақпарат түскен, оның ішінде орталық атқарушы органның ақпараттық жүйесінен деректер алынған айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап жүзеге асырылады.

      Алушының медициналық-әлеуметтік мекемеге (ұйымға) түскені (шыққаны) туралы орталық атқарушы органның ақпараттық жүйесінен алынған ақпараттың келіп түскен күні орталық атқарушы органның ақпараттық жүйесінде деректерді толтыру күні болып есептеледі.

      Атқарушылық іс жүргізу құжаттары немесе алушының ұстап қалуға өтініші келіп түскен жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы заңның 6-бабының 1-1-тармағында белгіленген мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың көлемі тиісті ұстап қалудан кейін айқындалады.

      Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) тұратын адамдарға зейнетақылар мен жәрдемақылар сомаларын есептеу Қазақстан Республикасының зейнетақымен және әлеуметтік жәрдемақылар туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      Бұл ретте, медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) тіркелген күніне дейінгі кезеңге төленбеген зейнетақы сомалары алушының банк шотына есептеу арқылы толық көлемде төленеді.";

      73-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "73. Зейнетақыларды немесе жәрдемақыларды төлеу жүзеге асырылатын зейнетақы істері/жәрдемақы алушылардың істері (қолданыстағы істер) қолданыстағы істер архивінде сақталады.

      ІЭМ орталық атқарушы органның ақпараттық жүйесінде тұрақты түрде сақталады.";

      17-қосымша алып тасталсын;

      19-қосымша алып тасталсын;

      24-қосымша осы Тізбеге 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      31-қосымша алып тасталсын;

      34-қосымша осы Тізбеге 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      3. "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдерді тағайындау, мөлшерін есептеу (айқындау), қайта есептеу, сондай-ақ олардың жүзеге асырылу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 236 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылы 29 мамырда № 11224 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 22 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      осы бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдерді тағайындау, мөлшерін есептеу (айқындау), қайта есептеу, сондай-ақ олардың жүзеге асырылу қағидаларында:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Әлеуметтік қатер туындаған кезде әлеуметтік төлемді тағайындау өтініштің (оның ішінде электрондық) және мынадай құжаттардың негізінде жүзеге асырылады:

      жеке басты куәландыратын (сәйкестендіру үшін).

      Оралман мәртебесі бар адамдар әлеуметтік төлем тағайындауға өтініш берген жағдайда оралман куәлігін ұсынады;

      банктерде және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған банк шотының не түзеу мекемесінің қолма-қол ақшаны бақылау шотының нөмірі туралы мәліметтер;

      сондай-ақ:

      1) асыраушысынан айырылған жағдайда:

      асыраушының қайтыс болғаны туралы куәлік немесе соттың адамды хабар-ошарсыз кетті деп тану туралы немесе қайтыс болды деп жариялау туралы шешімі;

      қайтыс болған (сот хабар-ошарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) адаммен туыстық қатынастарды растайтын құжаттар, қайтыс болған асыраушының бала (балалар) туу туралы куәлігі және неке (ерлі-зайыптылықты) қию (бұзу) туралы, асырап алу туралы, әке (ана) болуды белгілеу туралы куәліктер.

      Қажет болған жағдайда (олардың бар болуына байланысты) мынадай құжаттар ұсынылады:

      осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша он сегіз жастан жиырма үш жасқа дейінгі отбасы мүшелерінің білім алатыны немесе күндізгі оқу нысанында білім алатыны туралы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарынан алынған анықтамалар (жыл сайын жаңартылады);

      қамқорлық немесе қорғаншылықты белгілеу туралы құжат;

      2) жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайларда:

      жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты берілген еңбекке уақытша жарамсыздық парағы (парақтары);

      дара кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатын адамдар, сондай-ақ шаруа немесе фермер қожалықтарының басшылары үшін қосымша – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 306 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16601 болып тіркелген) бекітілген Жеке шоттарын жүргізу қағидаларына (бұдан әрі – Жеке шоттарын жүргізу қағидалары) 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік кірістер органдары берген бюджетпен есеп айырысулардың жай-күйі, сондай-ақ әлеуметтік аударымдар туралы жеке шоттан үзінді көшірме;

      3) бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда:

      баланың (балалардың) туу туралы куәлігі (куәліктері) (немесе азаматтық хал актілерінің жазбаларынан туу туралы мәліметтерді қамтыған анықтама);

      қамқоршылық немесе қорғаншылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган берген баланы (балаларды) асырап алу туралы соттың шешімінен үзінді көшірме (бір жасқа толмаған баланы (балаларды) асырап алған жағдайларда);

      баланың (балалардың) қайтыс болғаны туралы куәлік (куәліктері) (немесе азаматтық хал актілерінің жазбаларынан қайтыс болғаны туралы мәліметтерді қамтыған анықтама);

      4) жұмысынан айырылған жағдайда:

      Еңбек кодексінің 52-бабы 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша еңбек қатынастарының бұзылғанын растайтын жұмыс берушінің актісінің расталған үзінді көшірмесі немесе көшірмесі немесе еңбек кітапшасы.

      Құжаттарды мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алу мүмкін болған жағдайда оларды ұсыну талап етілмейді.";

      5-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынатын:

      өтініш берушінің жеке басын куәландыратын;

      тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгені туралы;

      банктерде және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған банк шотының нөмірі не түзеу мекемесінің қолма-қол ақшаны бақылау шоты туралы;

      мемлекеттік кірістер органдарында дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы және бюджетпен есеп айырысулардың жай-күйі, сондай-ақ әлеуметтік аударымдар туралы (Жеке шоттарын жүргізу қағидаларына 16-қосымшадағы нысанға сәйкес мемлекеттік кірістер органдары берген бюджетпен есеп айырысулардың жай-күйі, сондай-ақ әлеуметтік аударымдар туралы жеке шоттан үзінді көшірме) (жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайда берілетін әлеуметтік төлемді тағайындауға дара кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатын адамдар, сондай-ақ шаруа немесе ферма қожалықтарының басшылары жүгінген кезде);

      балаға қамқоршылық (қорғаншылық) белгілеу туралы;

      асыраушының қайтыс болуы туралы (соттың хабар-ошарсыз кетті деп тануы немесе қайтыс болды деп жариялануы) (асыраушысынан айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау үшін жүгінген кезде);

      жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты берілген еңбекке уақытша жарамсыздық парағы туралы.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі екі жұмыс күні ішінде келіп түскен құжаттар топтамасының толықтығын тексереді, ІЭМ-ді, осы Қағидаларға 8 немесе 9-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілі және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының орташа айлық табысы туралы анықтаманы, осы Қағидаларға 10, 11, 12, 13, 14-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша әлеуметтік төлемді тағайындау (қайта есептеу) немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешімнің жобасын, осы Қағидаларға 15 және (немесе) 16-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемнің мөлшері туралы және (немесе) еңбек ету қабілетінен айырылу жағдайына тағайындалған әлеуметтік төлем сомасы туралы не оны тағайындаудан бас тарту туралы анықтаманың жобасын (анықтамалардың жобаларын) қалыптастырады. Қалыптастырылған ІЭМ Мемлекеттік корпорацияның филиалына жіберіледі. ІЭМ асыраушысынан айырылған, жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем алушы ісінің осы Қағидаларға 17-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қағаз нұсқасын қалыптастыру үшін басып шығарылады.

      Мемлекеттік корпорацияның филиалы екі жұмыс күні ішінде келіп түскен құжаттарды, ІЭМ-ді ресімдеудің және әлеуметтік төлемді есептеудің дұрыстығын тексереді және әлеуметтік төлемдерді тағайындау (қайта есептеу) немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдау үшін Қордың филиалына жібереді.";

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Негіздер болған жағдайда Қордың филиалы ІЭМ-мен салыстырып тексеру үшін Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесінен қағаз жеткізгіштегі асыраушысынан айырылған, жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем алушы ісінің макетін сұратады.";

      32-тармақ мынадай редакцияды жазылсын:

      "32. Еңбек ету қабілетінен айырылған, асыраушысынан айырылған, жұмысынан айырылған және бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайларда төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу кезінде орташа айлық табыс мөлшері әлеуметтік төлемге құқық басталған айдың алдындағы соңғы күнтізбелік жиырма төрт ай ішінде әлеуметтік аударымдар жүргізілген (осы кезеңде әлеуметтік аударымдарда үзілістердің болу-болмауына қарамастан) табыс сомасын жиырма төртке бөлу арқылы мынадай формула бойынша айқындалады:

      ОАТ = (АТ1 + АТ2 + АТ3...... + АТ24) / 24, мұндағы:

      ОАТ – өзі үшін әлеуметтік аударымдар жүргізілген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының орташа айлық табысы;

      АТ – әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі ретінде ескерілген ай сайынғы табысы.

      Бұл ретте Заңның 23-бабының 1-тармағының екінші бөлігіне сәйкес жұмысынан айырылған жағдайға төленетін әлеуметтік төлем мөлшерін есептеу кезінде Кодекстің 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеуші болып табылатын жеке тұлғалардың табыстары есепке алынбайды.";

      34-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "34-1. Кодекстің 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеуші болып табылатын жеке тұлғалар үшін әлеуметтік аударымдар жүргізілген әрбір ай сайынғы табыс тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген бір ең төменгі жалақы деңгейінде қабылданады:

      ЕД = 1 ЕТЖ

      ЕТЖ – тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңда белгіленген жалақының ең төменгі мөлшері.";

      49-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "49. Осы Қағидаларға 25-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қор филиалы шешімінің негізінде Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі:

      1) алушының қайтыс болғаны немесе қайтыс болды деп жарияланғаны туралы мәліметтерді, оның ішінде ақпараттық жүйелерден;

      2) әлеуметтік аударымдар жүргізілген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы баланың (балалардың)/асырауындағылардың қайтыс болғаны немесе қайтыс болды деп жарияланғаны туралы мәліметтерді, оның ішінде ақпараттық жүйелерден;

      3) әлеуметтік төлемді алушының ішкі істер органдарынан тіркеуден шығарылғанын растайтын құжатты бере отырып, оның әлеуметтік төлемді тоқтату туралы өтінішін;

      4) шығу елінің уәкілетті органынан әлеуметтік төлемді алушының ісіне сұрау салуды;

      5) Қордың әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру бойынша міндеттемелерінің орындалуына әсер ететін өзгерістер туралы әлеуметтік төлемдерді алушыдан осы Қағидаларға 26-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабарламаны;

      6) өтініш берушінің әлеуметтік төлемдерді негізсіз тағайындауға әкелген дәйексіз мәліметтер ұсыну фактісі туралы ақпаратты;

      7) балаға (балаларға) мемлекеттің толық қамсыздандыруы белгіленгені туралы мәліметтерді алған кезде осындай тоқтату үшін негіз болып табылатын мән-жай туындаған айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыруды тоқтатады.

      Алушы еңбек етуге қабілетті деп танылған жағдайда еңбек ету қабілетінен айырылу жағдайына әлеуметтік төлем МӘС бөлімшесі шешім шығарған күннен бастап тоқтатылады.";

      мынадай мазмұндағы 73, 74 және 75-тармақтармен толықтырылсын:

      "73. Әлеуметтік төлем алушылардың төлем жүргізілетін істері (қолданыстағы істері) қолданыстағы істер архивінде сақталады.

      ІЭМ уәкілетті органның ақпараттық жүйесінде тұрақты сақталады.

      74. Әлеуметтік төлем алушылардың төлем тоқтатыла тұратын істері алушының өзі немесе отбасы мүшесі жүгінгенге дейін "Бақылауда" белгісімен қолданыстағы істе жеке сақталады.

      Іс алты ай өткен соң күні мен соңғы төлем сомасын көрсете отырып Мемлекеттік корпорацияның архивіне тапсырылады. Мемлекеттік корпорация алты айдан астам мерзімге тоқтатыла тұрған әлеуметтік төлем алушылардың істері бойынша әлеуметтік төлемдерді Қор филиалының әлеуметтік төлемдерді тағайындау туралы шешімі бойынша жаңартады.

      75. Әлеуметтік төлем алушы ісінің телнұсқасын қалпына келтіру Қор филиалының шешімі негізінде жүргізіледі.

      Әлеуметтік төлем алушының қалпына келтірілген ісінің телнұсқасы мұқабасының оң жақ үстіңгі бұрышында "Телнұсқа" деген белгі қойылады.".

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
1-қосымша
  Мемлекеттік базалық зейнетақы
төлемін бюджет қаражаты
есебінен беру, сондай-ақ
жасына байланысты зейнетақы
төлемдерін, мүгедектігі
бойынша, асыраушысынан
айырылу жағдайы
бойынша берілетін мемлекеттік
әлеуметтік жәрдемақыларды,
мемлекеттік арнайы
жәрдемақыларды
тағайындау және жүзеге
асыру қағидаларына
24-қосымша
  Нысан

Герб
Жасына байланысты
зейнетақы/жәрдемақы алушының
КУӘЛІГІ
УДОСТОВЕРЕНИЕ
получателя пенсионных выплат по возрасту/пособий

Куәлік № ____
Удостоверение ___________________
(тегі - фамилия)
___________________
(аты - имя)
___________________
(әкесінің аты - отчество)
"__" ____________ ж.\г.
(туған жылы - дата рождения)
сурет - фото
М.О.
М.П.
Бөлімше бастығы _______________
Начальник отделения
Берілген күні "__" ___20__ ж./г.
Дата выдачи

1. Заңның _____________ бабына сәйкес
________________ теңге
_____________________
мөлшерінде ______________ жылғы
"_____" _________ бастап
__________ жылғы "_____"
_________ дейін
_____________________
(төлемнің түрі)
___________________ тағайындалды.
Еңбек стажы ____________________
Орташа айлық табысы
_________ жылғы "_____" _________ бастап
__________ жылғы "_____" _________ дейін
2. Мүгедектік тобы және ceбeбі
3. Отбасының еңбек етуге қабілетсіз
мүшелерінің саны ________________
4. _____________________
теңге мөлшерінде 20 _ жылғы _____
бастап мемлекеттік базалық
зейнетақы төлемі тағайындалды.

1. В соответствии со ст.________ Закона
___________________
___________________
назначена (о) ___________________
(вид выплаты)
в размере ___________________
______________ тенге
с "___" _________ _______года
по "____" _________ _______года
Стаж работы __________________
Среднемесячный доход
_____________ тенге
за период
с "_____" _________ _______года
по "____" _________ _______года
2. Группа и причина инвалидности
3. Количество нетрудоспособных членов
семьи _________________
4. Назначена государственная базовая
пенсионная выплата
с "____" ___________
20 ___ года
в размере ______________ тенге

№ _____ куәлікке қосымша бет
______________ жылғы "_____"
_________ бастап __________ жылғы
"_____" _________ дейін
_________________ теңге
мөлшерінде зейнетақы (жәрдемақы)
төлеу жүргізіледі.
Бөлімше бастығы ________________ М.О.
Есептен шығарылды ______________
Мемелекеттік корпорацияның
аудандық (қалалық) бөлімшесі
__________ жылғы "_____" _________ дейін
_________________ теңге
мөлшерінде зейнетақы (жәрдемақы)
төлеу жүргізіледі.
Бөлімше бастығы ________________ М.О.

Вкладыш к удостоверению № ____
Выплата пенсии (пособия)
производится с "____" _____ года
в размере ________________ тенге
Начальник отделения __________
М.П.
Снят с учета _________________
рай(гор) отделение Государственной корпорации
Выплата пенсии (пособия) в размере
________________ тенге
произведена по "___" ________ г.
Начальник отделения __________
М.П.

Зейнетақы (жәрдемақы) төлеу
мерзімі ұзартылды немесе оның
мөлшері _________ жылғы "_____"
_________ бастап __________ жылғы
"_____" _________ дейін өзгертілді
_________________________________
(зейнетақы түрі, стажы, табысы, мүгедектік
тобы, _____________________
асырауындағы адамдар саны, және басқалар)
өзгеруіне байланысты зейнетақы (жәрдемақы)
___________ теңге мөлшерінде белгіленді.
__________________ есепке алынды.
Бөлімше бастығы ______________ М.О.

Выплата пенсии(пособия)
продлена или изменен размер
с "_____" _________ _______года
до "____" _________ _______года
Пенсия (пособие) установлена в размере
__________________ тенге в связи
с изменением
___________________
(вида пенсии, стажа,
___________________
дохода, группы инвалидности,
___________________
числа иждивенцев и т.д.)
Принят на учет
_________________________
Начальник отделения ______________
М.П.

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
2-қосымша
  Мемлекеттік базалық зейнетақы
төлемін бюджет қаражаты
есебінен беру, сондай-ақ
жасына байланысты зейнетақы
төлемдерін, мүгедектігі
бойынша, асыраушысынан
айырылу жағдайы
бойынша берілетін мемлекеттік
әлеуметтік жәрдемақыларды,
мемлекеттік арнайы
жәрдемақыларды
тағайындау және жүзеге
асыру қағидаларына
34-қосымша
  Нысан

20__ жылғы ____ ____________

№ _______ АНЫҚТАМА-АТТЕСТАТ

      Азамат

      ______________________________________________________________

                        (төлемдердің түрлері көрсетілсін)

      Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесінде _________________ алып отырды.

      1. Базалық зейнетақы төлемі 20__ жылғы _________ _______ қоса алғанда

      ____________________________________________ теңге мөлшерінде төленді

      2. Жасына байланысты зейнетақы төлемі 20__ жылғы ____ __________ қоса алғанда

      ____________________________________ теңге мөлшерінде төленді

      3. Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы 20__ жылғы ___ _____________ қоса алғанда

      ____________________________________ теңге мөлшерінде төленді

      4. Мемлекеттік арнайы жәрдемақы 20__ жылғы _____ _______ қоса алғанда

      ____________________________________________ теңге мөлшерінде төленді

      5. Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы 20__ жылғы ____ ______ қоса алғанда

      ____________________________________ теңге мөлшерінде төленді

      6. Экологиялық үстемеақы 20__ жылғы ____ _______ қоса алғанда

      _____________________________________________ теңге сомасында төленді

      7. 1995-1997 жылдарға "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың

      салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы" 1992 жылғы

      18 желтоқсан Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабына сәйкес жүзеге асырылған

      экологиялық үстемеақы бойынша берешек _________ жылғы "____" _______бастап

      20__ жылғы ____ _______ қоса алғанда

      _____________________________________________ теңге сомасында төленді

      8. Оңалту бойынша біржолғы өтемақы 20___ жылғы ________

      _______бастап 20___ жылғы ____ ______ қоса алғанда_________ теңге

      сомасында төленді

      9. Семей полигоны аймағында тұрғаны үшін біржолғы өтемақы

      20__ жылғы ____ _____ қоса алғанда _____________________ теңге сомасында төленді

      10. _______________________________________

      (төлемнің басқа түрі көрсетілсін (бар болса))

      Қосымша: ______________

      "Е-макет" ААЖ-ға ІЭМ ғана жолданатын барлық төлем түрлері көрсетілсін

      1. _________________

      2. _________________

      Барлық төлемдер тоқтатылды және Мемлекеттік корпорация бөлімшесінің есебінен

      алынды

      М.O.

      Мемлекеттік корпорация бөлімшесінің бастығы

      ____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Мемлекеттік корпорация бөлімшесінің маманы

      ____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қызметтік тел. №)