Дуальды оқытуды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 50 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 9 наурызда № 13422 болып тіркелді.

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 102) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 08.08.2023 № 252 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Дуальды оқытуды ұйымдастыру қағидалары бекітілсін.

      2. Кәсіптік-техникалық және орта білімнен кейінгі білімді жаңғырту департаменті (Қаленова Д.Ж) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым Министрі
А. Сәрінжіпов

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау және

      әлеуметтік даму министрі

      2016 жылғы 2 ақпан


      __________________


      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрі

      2016 жылғы 5 ақпан


      __________________


  Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрінің
2016 жылғы 21 қантардағы
№ 50 бұйрығымен бекітілген

Дуальды оқытуды ұйымдастыру қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 11.09.2018 № 455 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы дуальды оқытуды ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 102) тармақшасына сәйкес әзірленді және дуальды оқытудың ұйымдастыру тәртібін айқындайды.

      Осы Қағида меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің білім беретін бағдарламаларын іске асыратын оқу орындарына, дуальды оқытуға қатысатын оқу орталықтарына, кәсіпорындарға (ұйымдарға) таратылады.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 08.08.2023 № 252 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) білім алушы – техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымындағы білім алушы адам;

      2) білім алушыларды аралық аттестаттау – білім алушылардың бір оқу сабағының, бір оқу пәнінің және (немесе) модульдің, сондай-ақ бір біліктілік шеңберінде кәсіптік модульдердің бір бөлігінің немесе бүкіл көлемінің мазмұнын, оларды зерделеп бітіргеннен кейінгі меңгеру сапасын бағалау мақсатында жүргізілетін рәсім;

      3) білім беру бағдарламасы – оқытудың мақсатын, нәтижелері мен мазмұнын, білім беру процесін ұйымдастыруды және оларды іске асыру тәсілдері мен әдістерін, оқыту нәтижелерін бағалау өлшемшарттарын қамтитын білім берудің негізгі сипаттамаларының біртұтас кешені;

      4) біліктілік беру – нақты мамандық бойынша тиісті кәсіптік қызмет түрінің шеңберінде жұмысты орындау үшін қажетті жеке қабілеттілік, кәсіптік білім, шеберлік пен дағдылар жиынтығын растау рәсімі;

      5) білім беру саласындағы уәкілетті орган – білім беру саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы;

      6) дуальды оқыту – кәсіпорынның (ұйымның), оқу орнының және білім алушының тең жауапкершілігі кезінде білім беру ұйымындағы оқытуды білім алушыларға жұмыс орындарын ұсынып және өтемақы төлемін төлей отырып, кәсіпорындағы (ұйымдағы) өндірістік оқыту мен кәсіптік практиканың міндетті кезеңдерімен ұштастыратын кадрлар даярлау нысаны;

      7) дуальды оқыту туралы шарт – өндірістік оқыту мен кәсіптік практикадан өту шарттары мен тәртібін регламенттейтін, білім алушы, өндірістік оқыту мен кәсіптік практикадан өту үшін жұмыс орнын ұсынатын кәсіпорын (ұйым) және оқу орны арасындағы жазбаша келісім;

      8) еңбек функциясы – еңбек процесінің бір немесе бірнеше міндеттерін шешуге бағыттталған өзара байланысты іс-қимыл жинағы;

      9) кәсіптік практика – болашақ кәсіптік қызметпен байланысты белгілі бір жұмыс түрлерін орындау процесінде теориялық білімдерді, дағдыларды бекітуге, практикалық машықтар мен құзыреттерді иемденуге және дамытуға бағытталған оқу қызметінің түрі;

      10) кәсіптік бағдар – білім алушының кәсіптік қызығушылықтарына, жеке қабілеттері мен психикалық-физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және кәсіптік мүмкіндіктер саласында, кәсіп пен оқитын орнын еркін және саналы таңдау құқықтарын іске асыруына ақпараттар мен консультациялық көмек беру;

      11) кәсіпорын (ұйым) – осы Қағидаға сәйкес дуальды оқытуға қатысатын заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер;

      12) өтемақы төлемдері – еңбек қатынастарында тұрмайтын жұмыскерлерді немесе басқа да адамдарды кәсіби даярлауға, қайта даярлауға және олардың біліктіліктерін арттыруға байланысты ақшалай төлемдер;

      13) өндірістік оқыту – білім беру ұйымдарының және (немесе) кәсіпорындардың (ұйымдардың) базасында білім алушылардың теориялық білім алуына, практикалық машықтануына бағытталған оқыту;

      14) оқу бағдарламасы – әрбір оқу сабағы, әрбір оқу пәні және (немесе) модуль бойынша меңгерілуге тиіс білімнің, машықтың, дағды мен біліктіліктің мазмұны мен көлемін айқындайтын бағдарлама;

      15) оқу орны – дуальды оқыту бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымы;

      16) оқу орталығы – өндірістік практиканы міндетті ұйымдастырумен қоса қосымша білім берудің білім беретін бағдарламаларын іске асыратын меншіктің тәуелсіз нысаны;

      17) оқу жоспары – тиісті білім беру деңгейінде білім алушылардың оқу сабақтарының, оқу пәндерінің және (немесе) модульдердің, кәсіптік практиканың, өзге де оқу қызметі түрлерінің тізбесін, реттілігін, көлемін (еңбекті қажетсінуін) және бақылау нысандарын регламенттейтін құжат;

      18) тәлімгер – кәсіпорынның (ұйымның) өндіріс немесе қызметтер көрсету саласы технологияларын меңгерген, өндірістік оқыту мен кәсіптік практикаға басшылықты жүзеге асыратын білікті жұмыскері;

      19) тыңдаушы – қосымша білім беру немесе даярлық бөлімінің білім беру бағдарламалары бойынша білім беру ұйымдарында оқитын адам.

      3. Дуальды оқытудың қатысушылары:

      1) меншік нысанына қарамастан техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орындары;

      2) меншік нысанына қарамастан кәсіпорындар (ұйымдар);

      3) білім алушы – студент (тағылымдамашы), тыңдаушы.

      4. Дуальды оқытудың міндетті компоненттері:

      1) дуальды оқыту туралы шарт;

      2) кәсіпорынмен (ұйыммен) келісілген дуальды оқытудың жұмыс оқу жоспары;

      3) өндірістік оқытуды және кәсіптік практиканы іске асыру үшін жабдықталған оқу, жұмыс орындары және/немесе кәсіпорындардағы (ұйымдардағы) оқу-өндірістік орталық немесе өндірістік оқытуды іске асыру үшін оқу-өндірістік шеберханалар, зертханалар, колледждердегі оқу полигондары техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орындарында;

      4) кәсіпорындарда (ұйымдарда) өндірістік оқытудың және кәсіптік практиканың білікті тәлімгерлері болып табылады.

2-тарау. Дуальды оқытуды ұйымдастыру тәртібі

      5. Дуальды оқыту дуальды оқыту туралы шартқа сәйкес жүзеге асырылады.

      6. Дуальды оқытуға арналған іріктеу:

      1) кәсіпорын (ұйым) өткізетін кадрларды даярлаудың дуальды бойынша білім алуға ниет білдірген білімалушылармен әңгімелесу нәтижелері бойынша;

      2) еркін нысандағы азаматтардың өтініші бойынша жүргізіледі.

      7. Оқу процесін ұйымдастыру білім беру бағдарламалары мен жалпы білім беретін пәндер циклінің немесе модулінің үлгілік оқу бағдарламалары негізінде әзірленген оқу жұмыс жоспарларына және оқу жұмыс бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 27.08.2022 № 380 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы оқу процесі білім беру ұйымдарындағы теориялық оқытуды, сондай-ақ оқу-өндірістік шеберханаларда, оқу шаруашылықтары мен оқу полигондарында - өндірістік оқыту шеберінің, практика жетекшісінің басшылығымен, кәсіпорындар (ұйымдар) базасында тәлімгердің, өндірістік оқыту шеберінің, практика жетекшісінің басшылығымен орындалатын өндірістік оқыту мен кәсіптік практиканы қамтиды.

      9. Өндірістік оқыту мен кәсіптік практиканың нысаны, мазмұны және көлемі тиісті мамандық пен біліктілік бойынша қолданыстағы білім беру бағдарламаларының негізінде айқындалады.

      10. Дуальды оқыту пайдаланылатын техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары білім беру ұйымдарындағы теориялық оқытуды және кәсіпорын базасында кемінде алпыс пайыздық өндірістік оқытуды, практиканы көздейді.

      11. Оқу процесінің кестесін білім беру ұйымы бекітеді және кәсіпорынмен (ұйыммен) келісіледі.

      12. Өндірістік оқыту мен кәсіптік практикадан өту кезеңінде білім алушыға Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес кәсіпорынның еңбек тәртібі қағидасы қолданылады.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 27.08.2022 № 380 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Білім алушы өндірістік оқыту мен кәсіптік практикадан өту уақытында білім алушының еңбек өтіліне есептелетін белгілі бір функционалдық міндеттерді орындайды және осы уақыт ішінде Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 119-бабына сәйкес өтемақы төлемі жүргізілуі мүмкін.

      Дуальды оқыту туралы шарт білім алушының еңбек қызметін растайтын құжат болып табылады.

      Өндірістік оқыту мен кәсіптік практикадан өтетін адамдарға еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптар қолданылады.

      Дуальды оқыту кезінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары беретін шығыстар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 қарашадағы № 597 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16137 болып тіркелген) Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта білім берудің, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын есепке алғандағы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесіне сәйкес кәсіпорындарға (ұйымдарға) өтеледі.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 27.08.2022 № 380 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. Кәсіпорынның (ұйымның) қалауына қарай білім алушыға өтемақы белгіленеді.

      15. Біліктілік емтиханын тапсырған адамдарға нақты мамандық бойынша тиісті біліктілік деңгейі беріледі және біліктілік беру туралы куәлік (сертификат) беріледі.

      Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары бір біліктілік шеңберінде кәсіптік модульдерді білім алушылардың меңгеру қорытындысы және (немесе) аралық аттестаттау нәтижелері бойынша кәсіптік даярлық туралы куәлік береді

      16. Аралық аттестаттауды оқу орны өткізеді, ол үшін дуальды оқытуда қатысатын кәсіпорындардан (ұйымдардан) (тәлімгерлерді аттестаттаумен байланысты емес) мамандарды тарта отырып емтихан комиссиясы құрылады.

      17. Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламасын меңгеру бойынша қорытынды аттестаттаудан өткен білім алушыға жұмысшы біліктілігі және (немесе) "орта буын маманы" біліктілігі беріледі.

      Орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламасын меңгеру бойынша қорытынды аттестаттаудан өткен білім алушыға "қолданбалы бакалавр" біліктілігі беріледі.

      18. Қорытынды аттестаттаудан табысты өткенде білім алушы, мемлекеттік үлгідегі диплом беріледі.

3-тарау. Дуальды оқытуды ұйымдастыру процесіне қатысушылардың функциялары

      19. Білім беру саласындағы уәкілетті орган дуальды оқыту бойынша оқу процесін ұйымдастыру мәселелері бойынша консультативті көмек көрсетеді және дуальды оқыту шеңберінде басқа да құзыреттеді жүзеге асырады.

      20. "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы дуальды оқыту туралы үш жақты шарттар жасасуға жәрдемдеседі, дуальды оқытуды пайдаланумен оқу-әдістемелік материалдарды, білім беру бағдарламаларын әзірлеуге қатысады, дуальды оқыту бойынша оқыған бітірушілерді жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу жөніндегі іс-шараларды әзірлейді және іске асырады, кәсіпкерлік субъектілерінің кәсіби кадрларға қажеттілігіне мониторинг жүргізеді, өңірлік палаталардың жұмысын үйлестіреді, "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жүзеге асырады, дуальды оқыту шеңберінде өзге де құзыреттерді жүзеге асырады.

      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 27.08.2022 № 380 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      21. Оқу орны:

      1) оқу процесіне қажетті жағдайлар туғызады;

      2) кәсіпорынмен (ұйыммен) дуальды оқыту бойынша оқу жұмыс жоспарларын және оқу жұмыс бағдарламаларды келіседі;

      3) кәсіпорынның (ұйымның) талаптарын ескере отырып, дуальды оқыту бойынша білім беру бағдарламаларын іске асырады;

      4) кәсіпорында (ұйымда) білім алушылардың өндірістік оқытудан және кәсіптік практикадан өтуіне бақылау жүргізеді;

      5) оқу орнында аралық және қорытынды аттестаттауды өткізеді және біліктілік емтиханына қатысады;

      6) кәсіпорынмен (ұйыммен) келісім бойынша педагогтерді тағылымдамадан өтуге жібереді;

      7) дуальды оқыту бойынша білім алған және өз біліктілігін растаған түлектерді жұмысқа орналастыруға көмек көрсетеді;

      8) дуальды оқыту туралы үш жақты шарттар жасасады;

      9) білім алушының бір біліктілік шеңберінде кәсіптік модульдерді меңгеру қорытындылары және (немесе) аралық аттестаттаудың нәтижелері бойынша кәсіптік даярлау туралы куәлік береді;

      10) кәсіпорын (ұйым) базасында білім алушының өндірістік оқуын және кәсіптік практикасын ұйымдастыру кестесін бекітеді;

      11) кәсіпорын (ұйым) базасында өндірістік оқыту мен кәсіптік практикадан өту кезеңінде білім алушыға ұйымдастыруды және бақылауды жүзеге асыратын практика жетекшісін немесе өндірістік оқыту шеберін тағайындайды;

      12) оқу процесінің кестесіне сәйкес кәсіпорын (ұйым) базасында өндірістік оқыту және кәсіптік практика бағдарламаларын орындау бойынша тәлімгер қол қойған білім алушының есебін қабылдайды.

      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 18.05.2021 № 222 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Оқу-ағарту министрінің 27.08.2022 № 380 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      22. Кәсіпорын (ұйым):

      1) Қазақстан Республикасының білім туралы заңнамасына сәйкес кәсіптік практикадан, сондай-ақ өндірістік оқытудан өту үшін орындар ұсынады, қауіпсіз жағдайлар жасайды және шарттарда көзделген міндеттерді орындайды;

      2) оқу орнын жақсарту бойынша ұсынымдарды енгізу мақсатында оқу орнының материалдық-техникалық базасымен танысады;

      3) оқу орнының материалдық-техникалық базасын нығайтуға жәрдемдеседі;

      4) дуальды оқыту бойынша кәсіпорында (ұйымда) оқу, жұмыс орындары туралы өңірлік кәсіпкерлер палатасына өтінімдер береді;

      5) оқу орындарының оқу жұмыс жоспарлары мен оқу жұмыс бағдарламаларын, сондай-ақ оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеуге қатысады;

      6) білім беру бағдарламаларына сәйкес кәсіпорында (ұйымда) өндірістік оқыту мен кәсіптік практиканы өткізуді ұйымдастыруды келісімге сәйкес қамтамасыз етеді;

      7) білім алушыны кәсіпорынның (ұйымның) нұсқаулықтарына, оқу үшін қажетті құралдарға сәйкес жеке қорғаныс заттарымен қамтамасыз етеді;

      8) техникалық қауіпсіздік талаптарына сәйкес жабдықталған оқушы, жұмыс орындарын ұсынады;

      9) дуальды оқыту туралы шарт негізінде кәсіпорын (ұйым) өндірістік оқыту мен кәсіптік практикаға басшылықты жүзеге асыру үшін білім алушыға тәлімгерді береді;

      10) аталған саланы реттейтін жұмыс шарттарымен, нормативтік құқықтық актілермен, қауіпсіздік және еңбекті қорғау талаптарымен таныстырады;

      11) еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі бойынша заңнамада және кәсіпорында (ұйымда) жергілікті құжаттар да көзделген барлық нұсқамалықтардың түрлерін жүргізеді;

      12) білім алушының аралық және қорытынды аттестаттауына қатысады;

      13) өндірістік оқыту мен кәсіптік практикадан өту кезінде Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 119-бабына және дуальды оқыту туралы шарттың талаптарына сәйкес білім алушыға орындалған белгілі бір функционалдық міндеттері үшін өтемақы төлемін жүргізе алады;

      14) дуальды оқыту бойынша білім алған және өз біліктілігін растаған бітірушілерді бос орындар болған жағдайда жұмыс орындарымен қамтамасыз етуді қарастырады;

      15) дуальды оқыту бойынша оқуға ниет білдірген талапкерлермен әңгімелесу жүргізеді;

      16) дуальды оқыту туралы үш жақты шарттар жасасады;

      17) дуальды оқыту туралы шартқа сәйкес білім алушының кәсіпорын (ұйым) базасында өндірістік оқыту мен кәсіптік практикадан өтуді растайды.

      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 18.05.2021 № 222 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Оқу-ағарту министрінің 27.08.2022 № 380 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. бұйрықтарымен.

      23. Білім алушы:

      1) аталған саланы реттейтін жұмыс шарттарымен, нормативтік құқықтық актілермен, қауіпсіздік және еңбекті қорғау талаптарымен танысады;

      2) оқу және өндірістік тәртіпті, ішкі еңбек тәртібі қағидаларын, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша талаптарды сақтайды;

      3) оқу жоспарымен белгіленген көлемде толық оқу курсынан өтеді;

      4) өндірістік оқыту мен кәсіптік практикадан өту туралы күнделік жүргізуді, жасалған жұмыс туралы тәлімгерге есеп ұсынады;

      5) аралық аттестаудан және дуальды оқыту аяқталғаннан кейін қорытынды атестаттаудан өтеді.

      24. Дуальды оқыту саласындағы жергілікті атқарушы орган:

      1) дуальды оқыту бойынша білікті жұмысшы кадарлар мен орта буын мамандарын даярлауды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;

      2) өңірде дуальды оқытуды ұйымдастыру мониторингін жүзеге асырады;

      3) дуальды оқыту бойынша оқу процесін ұйымдастыру мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсетеді;

      4) өңірлік кәсіпкерлер палаталарымен бірлесіп дуальды оқытуға оқу орындарын тарту жұмысын жүргізеді және ұйымдарды (кәсіпорындарды) тартуға ықпал етеді;

      5) өңірлік палатамен бірлесіп дуальды оқыту туралы шарттар жасауға жәрдем көрсетеді;

      6) дуальды оқыту бойынша білім алған бітірушілерді жұмысқа орналастыру жөнінде мониторинг жүргізеді және жәрдемдеседі;

      7) дуальды оқыту шеңберінде өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      25. Өңірлік кәсіпкерлер палатасы:

      1) дуальды оқытуға қатысуға бойынша, кәсіпорында (ұйымдарда) оқу, жұмыс орындарын ұсынуға ниет білдірген кәсіпорындар (ұйымдар) тараптарынан өтінімдер қабылдайды;

      2) кәсіпорындардың (ұйымдардың) өтініштері бойынша оқу орындарын оқушы, жұмыс орындарын құруға жәрдемдеседі;

      3) дуальды оқыту туралы үшжақты шарт жасауға жәрдем көрсетеді;

      4) дуальды оқыту туралы үшжақты шарттарды тіркейді және тізілімін жүргізеді;

      5) дуальды оқыту бойынша оқу процесін ұйымдастыру мәселелері бойынша консультативтік көмек көрсетеді;

      6) кәсіпорындарда (ұйымдарда) тәлімгерлерді бекітудің мониторингін қамтамасыз ету және тәлімгерлерді оқытуға жәрдем көрсетеді;

      7) дуальды оқытуды оқыған бітірушілерге біліктілікті тағайындау мен біліктілікті беруді өткізуге жәрдемдеседі;

      8) біліктілік емтиханын ұйымдастыруда кәсіпорындар өкілдерінің және жұмыс берушілер қауымдастығы қатарынан қалыптастырылатын кандидатураларды біліктілік комиссиясының төрағасы мен құрамын келісуді қамтамасыз етеді;

      9) дуальды оқыту саласындағы өзге де өкілеттікті жүзеге асырады;

      10) дуальды оқыту жүйесі бойынша мамандарды даярлау жөнінде мемлекеттік тапсырысты қалыптастыруға қатысады;

      26. Тәлімгер:

      1) кәсіпорынның (ұйымның) тікелей басшысының келісімімен өзінің қамқорлығындағы адамды қосымша оқыту үшін кәсіпорынның басқа мамандарын тартады;

      2) білім алушыдан өндірістік қызметке байланысты мәселелер бойынша нұсқаулардың орындалуын талап етеді;

      3) өзінің қамқорлығындағы оқушының қолайлы еңбек қызметі үшін жағдайлар жасау туралы басшылық алдында өтініш жасайды;

      4) білім алушыдан ауызша және жазбаша нысанда жұмыс есептерін талап етеді;

      5) білім алушыға жұмысшы разрядын беру және оның кәсіби мінездемесін талқылауға қатысу туралы ұсыныс енгізеді;

      6) білім алушының өндірістік және қоғамдық қызметіне байланысты мәселелерді талқылауға қатысуға, кәсіпорынның (ұйымның) оны көтермелеу немесе тәртіптік жазалау шараларын қолдану туралы тікелей басшыға ұсыныстар енгізеді;

      7) білім алушыға өндірістік қызметпен, корпоративтік мәдениетпен танысуға және кейіннен кәсіби дамуына, оның жұмыс орнында кәсіби қызметті бекітуге жәрдемдеседі;

      8) білім алушыны практикалық тәсілдерге және лауазымдық міндеттер мен тапсырмаларды сапалы орындау әдістеріне оқытады;

      9) кәсіпорынмен (ұйыммен) келісілген оқу жұмыс жоспарлары мен оқу жұмыс бағдарламаларына сәйкес білім алушыны оқытуды жүзеге асырады;

      10) білім алушыға берілген тапсырмалардың орындалуын бақылайды;

      11) білім алушы жіберген қателіктерді анықтауға және бірлесіп жоюға, бар кемшіліктерді жеңуге көмек көрсетеді;

      12) білім алушының бойында өзінің кәсіби міндеттерін орындауға жауапты қарауға, сондай-ақ жұмыстағы әріптестеріне дұрыс қарым-қатынасты қалыптастырады;

      13) еңбек етушілерге, олардың еңбегіне және еңбек нәтижелеріне, сондай-ақ қатар жеке еңбекке деген жауапты қатынасты құрметтеуге тәрбиелейді;

      14) білім алушыға пікір жазады;

      15) педагогикалық технологиялар саласында өз біліктілік денгейін көтереді;

      16) дуальды оқыту туралы шарты шеңберінде өндірістік оқыту мен кәсіптік практикадан өту кезеңінде білім алушының міндеттемелерінің орындалуын растайды.

      Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 18.05.2021 № 222 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Оқу-ағарту министрінің 27.08.2022 № 380 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. бұйрықтарымен.

      27. Жергілікті атқарушы органдар, өңірлік кәсіпкерлер палаталары, оқу орындары, кәсіпорындар (ұйымдар) дуальды оқытуға тарту бойынша орта білім беру ұйымдардың оқушыларын, жұмыссыз және табысы төмен, өзін-өзі жұмыспен қамтитын халық тобымен жүйелі түрде кәсіптік бағдар жүргізеді.