"Білім беру қызметтерін көрсету үлгі шартының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 621 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2012 жылғы 23 тамыздағы № 396 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 17 қыркүйекте № 7918 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 93 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Саран қаласы әкімдігінің 28.04.2014 № 22/01 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы", 2002 жылғы 11 шілдедегі "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңдарына сәйкес Саран қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Саран қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 14 маусымдағы "Қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 8-7-138 болып тіркелген, "Спутник" 2012 жылғы 5 шілдедегі N 27 (1385), газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
      мемлекеттік тілдегі қаулының 3 тармағының 1) тармақшасындағы "ата-анасының біреуіне және мүгедек баланың" сөздері "үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балалардың ата-анасының біреуіне және" сөздеріне ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2012 жылғы 1 наурыздан бастап пайда болған қатынастарға таратылады.

      Саран қаласының әкімінің
      міндетін атқарушы                          М. Кожухов