Білім беру қызметтерін көрсетудің үлгілік шартының және кәсіптік практикадан өткізуге арналған үлгілік шарт нысандарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 93 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 25 ақпанда № 13227 болып тіркелді

Қолданыстағы

      «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 24) тармақшасына, 26-бабының 13-тармағына, 38-бабының 35-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Мыналар:
      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес білім беру қызметтерін көрсетудің үлгілік шарттың нысаны;
      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес кәсіптік практикадан өткізуге арналған үлгілік шарттың нысаны бекітілсін.
      2. Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
      3. Жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім және халықаралық ынтымақтастық департаменті (С.М. Өмірбаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күн жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Т.О. Балықбаевқа жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Білім және ғылым Министрі                  А. Сәрінжіпов

Қазақстан Республикасы   
Білім және ғылым министрінің
2016 жылғы 28 қаңтардағы 
№ 93 бұйрығына       
1-қосымша           

Білім беру қызметтерін көрсетудің
үлгілік шартының нысаны

______________________________________________ негізінде әрекет етуші
    (құрылтайшы құжаттардың реквизиттері)
_____________________________________________________________ атынан,
(басшының немесе басқа өкілетті тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты)
бұдан әрі «білім беру ұйымы» деп аталатын ___________________________
                     (білім беру ұйымның атауы, білім беру қызметімен
_____________________________________________________________________
              айналысу үшін мемлекеттік лицензияның №)
____________________________________________________ бір жағынан және
бұдан әрі «білім алушы» деп аталатын ________________________________
                      (тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болған жағдайда))
_______________________________________________ екінші жақтан, немесе
______________________________________________________ негізінде және
         (құрылтайшы құжаттардың реквизиттері)
азамат(ша) __________________________________________________________
                  (тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болған жағдайда))
мүддесі үшін әрекет етуші ___________________________________________
    (заңды тұлғасы басшының немесе басқа өкілетті тұлғаның тегi, аты,
_____________________________________________________________________
                 әкесiнiң аты (бар болған жағдайда))
атынан, бұдан әрі «тапсырыс беруші» деп аталатын
_____________________________________________________________________
(жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болған жағдайда) немесе
_____________________________________________________________________
                         заңды тұлғаның атауы)
екінші жақтан төмендегілер туралы осы шартты жасады.

1. ШАРТТЫҢ МӘНІ

      1. Тапсырыс беруші тапсырады және төлейді, ал білім беру ұйымы білім алушыға қорытынды аттестаттаудан өтуі және білім беру қызметтерін толық өтеу арқылы оған тиісті біліктілікті және білім туралы құжатты беру арқылы Қазақстан Республикасының білім берудің жалпыға міндетті мемлекеттік стандартына сәйкес келетін мамандық бойынша, білім алу нысаны бойынша оқу процесін ұйымдастыру және білім алушының білім беру қызметтерін алу бойынша өз міндетіне алады.

2. ТАРАПТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

      2. Білім беру ұйымы өзіне мынадай міндеттемелер алады:
      1) конкурс қорытындысы бойынша (немесе басқа білім беру ұйымынан ауысу арқылы, академиялық қарыздарын өтеген жағдайда) ол немесе тапсырыс беруші (өкілі) білім беру ұйымының жылдық төлем сомасынан ____% мөлшерінде төлемді беру жағдайында білім беру ұйымының білім алушылар қатарына қабылдау;
      2) осы шартты жасау кезінде білім алушыны білім беру ұйымының Жарғысымен, білім беру қызметін жүргізу құқығына берілген лицензиясымен, білім беру ұйымының ішкі қабылдау тәртібін реттейтін тәртіп ережелерімен және білім беру ұйымдарына қабылдау тәртібін реттейтін басқа да нормативтік құқықтық актілермен, сондай-ақ оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру жөніндегі негізгі құжаттармен таныстыру;
      3) білім алушыны «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес даярлауды қамтамасыз ету;
      4) білім алушының оқу жүктемесінің көлемін және сабақ кестесін қолданыстағы нормативтерге сәйкес үзілістермен анықтау, білім алушының салауатты, қауіпсіз оқу жағдайын жасау;
      5) білім беру ұйымдары кітапхана қорының ақпараттық қорларына, оқулықтарға, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарға еркін қол жеткізуді және оларды пайдалануды қамтамасыз ету;
      6) білім алушыға оқу бағдарламалары шеңберінде тапсырмаларды орындау үшін білім беру ұйымының басшысы бекіткен жекелеген ережелермен қаралған тәртіпте және жағдайларда компьютерлік техниканы пайдалану мүмкіндігін беру;
      7) білім беру ұйымының оқу жоспарына сәйкес білім алушының кәсіптік практикадан өтуін ұйымдастыру;
      8) білім алушыны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің нормативтік-құқықтық актілермен бекітілген тәртіпте оның өтініші негізінде білім алушылар қатарына қайта қабылдау және оқудан шығару;
      9) білім алушыны бір мамандықтан екінші мамандыққа немесе бір оқу нысанынан екіншісіне, сондай-ақ басқа білім беру ұйымына «Білім алушыларды білім беру ұйымдарының түрлері бойынша ауыстыру және қайта қабылдау қағидалары» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 19 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10297 болып тіркелген) (бұдан әрі – Ауыстыру және қайта қабылдау қағидалары) бекітілген тәртіпте ауыстыру;
      10) шартты бұзған кезде білім алушы барлық оқу мерзіміне алдын ала ақы төлеген жағдайда, төленген ақшасын ағымдағы оқу кезеңіндегі шығыстарды алып тастау арқылы, оған бұйрық шыққан сәттен бастап қайтарып беру;
      11) білім алушыны оның келісімінсіз және оқу үдерісіне зиян тигізетін қоғамдық және басқа да тапсырмаларды орындауға тартуға жол бермеу;
      12) білім алушыға білім беру ұйымының ғылыми, мәдени және спорттық іс-шараларына, сондай-ақ халықаралық ғылыми, мәдени және спорттық іс-шараларға ерікті түрде қатысуға мүмкіндік беру;
      13) толық оқу курсын ойдағыдай аяқтаған соң және қорытынды аттестаттаудан өту нәтижелері бойынша білім алушыға біліктілігін беріп, білім туралы құжатты табыстау;
      14) оқу орны таратылған немесе білім беру қызметі тоқтатылған жағдайда білім алушыға басқа білім беру ұйымында білім алуды жалғастыру үшін білім алушыларды ауыстыру бойынша шаралар қабылдау.
      3. Білім беру ұйымы:
      1) білім алушыдан осы шарт пен білім беру ұйымының ішкі тәртіп ережелеріне сәйкес міндеттерді адал және тиісті орындауды, сондай-ақ оқу тәртібін қадағалауды, білім беру ұйымының оқытушыларына, қызметкерлері мен білім алушыларына дұрыс әрі құрметпен қарауды талап етуге;
      2) оқу тәртібін, осы шарт талаптарын, ішкі тәртіп ережелерін бұзғаны үшін білім алушыларға ықпал ету шараларын қолдануға;
      3) білім алушыдан білім беру ұйымының мүліктеріне ұқыпты қарауды, компьютерлік және басқа да техникалармен жұмыс істеу ережелерін қадағалауды талап етуге. Білім алушының әрекеттерінен материалдық залал келген жағдайда Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларында қарастырылған тәртіппен оны қалпына келтіруге кеткен шығындардың орнын толтыруды талап етуге;
      4) оқудағы, ғылыми және шығармашылық қызметтердегі жетістіктері үшін білім алушыны ынталандыруды және марапаттауды жүзеге асыруға;
      5) оқуға төлем жасау тәртібіне қатысты айрықша жағдайларда жеке жеңілдіктер беруді қарастыруға;
      6) оқу тәртібін бұзу, білім беру ұйымының ішкі тәртіп ережелерін және білім беру ұйымның Жарғысын бұзу, шарттың міндеттерін орындамауға, басқа білім беру ұйымына ауысу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен қарастырылатын басқа жағдайлардың болуы сияқты себептер шартты бұзуға құқылы.
      4. Білім алушы өзіне мынадай міндеттемелер алады:
      1) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының толық көлеміндегі білімді, іскерліктерді және практикалық дағдыларды меңгеру, оқу және практикалық сабақтарға қатысу. Осы тармақты білім алушы тарапынан бұзған жағдайда шарт бойынша білім алушының немесе тапсырыс берушінің төлемнен босату үшін негіз бола алмайды.
      2) сабақтар жіберген жағдайда, білім беру ұйымында болмаған күннен бастап он күн ішінде жазбаша түрде білім беру ұйымына хабар беру, отбасылық жағдай мен байланыс ақпараттың (тұрғылықты мекен-жайдың, телефон нөмерінің, электрондық поштаның және сол сияқты) ауысуы кезінде білім беру ұйымын хабардар ету;
      3) білім алушы амбулаториялық немесе стационарлық емделуде болған кезде растайтын құжаттарын көрсету арқылы білім беру ұйымын хабардар ету;
      4) білім беру ұйымы басшысының бұйрықтары мен өкімдерін, Жарғысын, ішкі тәртіп ережелерін және осы шарт талаптарын қадағалау және орындау;
      5) білім беру ұйымының мүліктеріне ұқыпты қарау және оны тиімді пайдалану, білім алу және жатақханада тұру үшін қалыпты жағдай жасауға қатысу;
      6) әскери есепке тұру ережелерін қадағалау;
      7) білім беру ұйымының оқытушыларына, қызметкерлеріне және білім алушыларына құрмет көрсету және сыпайы қатынас жасау;
      8) жоғары оқу орнын бітіргеннен кейiн тиісінше мемлекеттік бiлiм беру ұйымдарында, мемлекеттік медицина ұйымдарында, ветеринария саласында қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік органдар бөлімшелерінде не ауылдық жерде орналасқан мемлекеттік ветеринария ұйымдарында кемiнде үш жыл жұмысты өтеу.
      Осы ереже қабылдау квотасы шегiнде педагогикалық, медициналық және ветеринарлық мамандықтар бойынша оқуға түскен ауыл жастары қатарынан шыққан азаматтарға қатысты;
      9) жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін кемінде үш жыл мемлекеттік білім беру ұйымдарында және мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында жұмыспен өтеу.
      Осы ереже мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде педагогикалық және медициналық мамандықтарға оқуға түскен азаматтарға қатысты.
      10) жоғары оқу орнын аяқтағаннан кейін оқытқан жері бойынша өңірде кемінде үш жыл жұмыспен өтеу;
      Осы ереже қабылдау квотасы шегінде педагогикалық, техникалық және ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша оқуға түскен ауыл жастары арасынан шыққан азаматтарға қатысты.
      5. Білім алушы:
      1) ауыстыру және қайта қабылдау қағидарымен бекіткен тәртіпте білім беру ұйымы басшысының бұйрығы негізінде бір оқу нысанынан екіншісіне, бір білім беру ұйымынан екіншісіне, бір мамандықтан басқа мамандыққа, сондай-ақ ақылы оқудан мемлекеттік білім тапсырысы бойынша оқуға ауысуға;
      2) барлық оқу мерзімі үшін оқу төлемін алдын ала төлеуге;
      3) оқу төлемін сатылап төлеуге, бұл жағдайда төлем мөлшері еңбекке төлем жасау шығыстары мен инфляция индексі ұлғайған жағдайда тараптардың келісімі бойынша жылына бір реттен аспай өзгеруі мүмкін;
      4) қосымша ақыға мемлекеттік стандарттардан тыс қосымша білім беру қызметін алуға;
      5) кітапханалар мен оқу залдары базаларында оқулық, оқу-әдістемелік әдебиеттер қорына еркін қол жеткізіп, пайдалануға;
      6) студенттік өзін-өзі басқару органдарына қатысуға;
      7) жоғарыда аталған мүмкіндіктерді осы шартқа қосымша келісіммен бекітілуі арқылы білім беру ұйымының шешімімен жеке оқу жоспары мен жеделдетілген бағдарламалар бойынша оқуға;
      8) білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тәртіппен білім беру ұйымына қайта қабылдануға құқылы.
      6. Тапсырыс беруші өзіне мынадай міндеттемелер алады (тапсырыстың болғаны кезде):
      1) бекітілген мерзімдер мен мөлшерде көрсетілетін білім беру қызметтері үшін төлемақыны төлеу.
      7. Тапсырыс беруші (тапсырыстың болғаны кезде):
      1) білім алушыдан осы шартқа сәйкес міндеттерді адал және тиісті орындауды талап етуге құқылы.

3. БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТІН ТӨЛЕУДІҢ МӨЛШЕРІ МЕН ТӘРТІБІ

      8. Кредиттің бағасы, білі алу үшін төлемнің мөлшері және мерзімдері теңгеде және жыл сайын білім беру ұйымның басшысымен бекітіледі.
      9. Оқу жылы үшін оқу ақысы (шартты жасау уақыты бойынша) ___________ теңгені құрайды.
      10. Оқу ақысы «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес білім беру ұйымның басшысының бұйрығымен және еңбекке төлем жасау шығыстары мен инфляция индексі ұлғайған жағдайда, білім беру қызметтеріне деген шығыстарды және жағдайды елеулі түрде өзгертетін нормативтік актілердің жариялануы жағдайында жылына бір реттен артық емес өзгертілуі мүмкін.
      11. Оқу ақысы бірден немесе ___________________________________
_____________________________________________________________________
жағдайға сәйкес жүргізіледі.
      12. Кез-келген тарап жағынан шартты бұзу жағдайында оқу ақысын төлеу білім беру ұйымы басшысының бұйрығы шыққаннан кейін тоқталады.
      13. Білім алушының академиялық демалыстан шығуы немесе қайта қабылдануы жағдайында оқу ақысы академиялық демалыстан шығу немесе қайта қабылдау туралы бұйрықтың шығу уақытында қолданыстағы тәртіп пен мөлшерде жүргізіледі.
      14. Өз еркімен оқуды тоқтатқан кезде, яғни білім алушының осы шартты орындауды бір жағынан бас тарту жағдайында оқудан шығару туралы бұйрықтың жариялануы кезінен бастап осы шарт бұзылған депе есептелінеді. Көрсетілген мрезімге дейін оқу ақысы бойынша шарттың міндеттемелері сақталынады.

4. ТАРАПТАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІКТЕРІ

      15. Оқу ақысын төлемеген жағдайда білім алушы тиісті сессияға жіберілмейді және қайта оқу курсына қалдырылады. Оқығаны үшін жинақталған қарызы болған жағдайда, қайта курсына шықпаған кезде Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген тәртіппен талап етіледі.
      16. Осы шартта көзделген өз міндеттемелерін орындамағаны үшін немесе тиесілі орындамағаны үшін тараптар Қазақстан Республикасы заңнамаларында белгіленген жауапкершіліктерді мойнына алады.
      17. Осы білім беру қызметін көрсетудің үлгілік шартының 4-тармақтың 8)9) және 10)-тармақшаларын орындамағаны үшін білім алушының қаза тапқандығы туралы куәлікпен расталған білім алушының қаза болғандығын есептемегенде оның оқуымен байланысты республикалық бюджет шығыстарының орнын толтыруға міндетті.
      18. Тапсырыс беруші мен білім алушының көрсетілген қызметтер үшін қарызды төлеу бойынша жауапкершілігі шартты бұзу жағдайында ортақтасқан болып табылады.

5. ДАУЛАРДЫ ШЕШУДІҢ ТӘРТІБІ

      19. Осы шартты орындау үрдісіне туындаған келіспеушіліктер мен даулар, тікелей тараптардың өзара қолайлы шешімдерге келуі мақсатында шешіледі.
      20. Тараптар арасында келіссөздер, өзара қолайлы шешімдер жасау жолымен шешілмеген мәселелер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес шешіледі.

6. ФОРС-МАЖОР

      21. Су тасқыны, өрт, басқа табиғи апаттар, соғыс немесе соғыс қимылдары сияқты форс-мажорлық жағдай кезінде, сондай-ақ саналы шектерде Тараптардың бақылауынан тәуелді болмайтын және шартты жасаудан кейін пайда болған басқа кез-келген жағдай кезінде Тараптардың жауапкершілігі басталмайды. Алайда, егер форс-мажорлық жағдайға тап болған Тарап дәлелдер ұсынса және форс-мажордың басталу сәтінен бастап үш тәуліктен кешіктермей басқа Тарапты хабардар еткен кезде осы ереже күшке енеді.
      22. Тараптардың бақылауына тәуелді болмайтын жағдайлар ретінде билік пен басқару органдарының тым болмаса бір Тарап жағынан осы шарттың міндеттемелерін орындауын мүмкіндік жасамайтын актілерді қабылдау болып табылады.
      23. Тараптардың міндеттемелерді орындауы форс-мажорлық жағдайлар мен олардың зардаптарының әрекет ету мерзіміне қарай сәйкестей отырып, ауыстырылады.

7. ШАРТТЫҢ ӘРЕКЕТ ЕТУ МЕРЗІМІ, ТАЛАПТАРЫН ӨЗГЕРТУ ЖӘНЕ ОНЫ
БҰЗУ ТӘРТІБІ

      24. Осы шарт оған тараптар қол қойған күнінен бастап күшіне енеді және толық орындалғанға дейін әрекет етеді. Жаңа шарт жасау кезінде жаңа шарт жасау сәтінде белгіленген талаптар әрекет етеді.
      25. Осы шарттың талаптары тараптардың өзара жазбаша келісімдері бойынша өзгеруі және толықтырылуы мүмкін.
      26. Тараптар арасындағы шарттық қатынастардың тоқтау сәті білім беру ұйымы басшысының тиісті бұйрығын шығаруы болып табылады.
      27. Осы шарт екі данада жасалады, ал Тапсырыс беруші қатысса үш данада мемлекеттік немесе орыс тілінде бірдей заң күшімен жасалады және бір данадан әрбір тарапқа беріледі.
      28. Тараптардың заңды мекен-жайлары мен банктік реквизиттері:
Білім беру ұйымының атауы ___________________________________________
Білім беру ұйымының тұрғылықты жері _________________________________
Білім беру ұйымының СТН-ы____________________________________________
Білім беру ұйымының есеп шоты _______________________________________
Басшының немесе басқа уәкілетті тұлғаның қолы __________________ М.О.
Білім алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) ________
_____________________________________________________________________
Білім алушының куәлігінің №, қашан және кіммен берілді ______________
_____________________________________________________________________
Білім алушының ЖТН __________________________________________________
Білім алушының мекен-жайы ___________________________________________
Білім алушының қолы _________________________________________________
Тапсырыс берушінің атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) (тапсырыстың болғаны кезде)________________________________
_____________________________________________________________________
Тапсырыс берушінің тұрғылықты жері немесе мекен-жайы_________________
Тапсырыс берушінің СТН-ы ____________________________________________
Тапсырыс берушінің есеп шоты (болған жағдайда) ______________________
Тапсырыс берушінің қолы ________________________________________ М.О.

Қазақстан Республикасы   
Білім және ғылым министрінің
2016 жылғы 28 қаңтардағы 
№ 93 бұйрығына       
2-қосымша           

Кәсіптік практиканы өткізуге арналған
үлгілік шарттың нысаны

______________ қаласы                    20 ____ жылғы «___»_________

______________________________________________ негізінде әрекет етуші
    (құрылтайшы құжаттардың реквизиттері)
_____________________________________________________________ атынан,
(басшының немесе басқа өкілетті тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты
                   (бар болған жағдайда))
бұдан әрі «білім беру ұйымы» деп аталатын ___________________________
                                          (білім беру ұйымның атауы)
_____________________________________________________________________
________________________________________________________ бір жағынан,
______________________________________________ негізінде әрекет етуші
    (құрылтайшы құжаттардың реквизиттері)
_____________________________________________________________ атынан,
(басшының немесе басқа өкілетті тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты
                   (бар болған жағдайда))
бұдан әрі «кәсіпорын» деп аталатын __________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
                           (кәсіпорынның атауы)
екінші жағынан, және азамат(ша) _____________________________________
                      (тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болған жағдайда))
_____________________________________________________________________
бұдан әрі «білім алушы» деп аталатын үшінші жақтан Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаға сәйкес төмендегілер туралы осы шартты жасады:

1. ШАРТТЫҢ МӘНІ

      1. Білім беру ұйымы 20___ жылы түскен _________________________
                                        (мамандықтың коды және атауы)
мамандығының (біліктіліктің) ________________________________________
_____________________________________________________________________
                    (білім беру бағдарламаның атауы)
білім беру бағдарламасы бойынша білім алушының оқытуын жүзеге асырайды.
      2. Кәсіпорын білім алушыны білім беру бағдарламасының бейініне сәйкес кәсіптік практиканың базасымен қамтамасыз етеді.
      3. Білім алушы өндірістік функциялар мен міндеттерді білікті орындауға мүмкіндік беретін негізгі және кәсіби құзыреттерді алу мақсатында білім беру бағдарламасын игереді.

2. ТАРАПТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

      4. Білім беру ұйымы өзіне мынадай міндеттемелер алады:
      1) __________________ оқу нысаны бойынша ______________________
                                        (мамандықтың коды және атауы)
_____________________________________________________________________
мамандық бойынша оқитын білім алушыны академиялық күнтізбеге сәйкес _______________________ практиканы өту мақсатында кәсіпорынға жіберу;
     (практика түрі)
      2) білім алушыны осы Шартта белгіленген міндеттер мен жауапкершілікпен таныстыру;
      3) кәсіптік практиканың бағдарламасын және өтудің күнтібелік кестесін кәсіпорынмен бірге әзірлеу және келісу;
      4) кәсіпорынға кәсіптік практиканың басталуынан екі ай бұрын білім алушылардың санын көрсетіп, кәсіптік практиканың бағдарламасын, практикадан өтудің күнтізбелік кестесін ұсыну;
      5) білім беру ұйымның тиісті мамандықтары бойынша оқытушылар арасынан практика жетекшілерін білім беру ұйымның басшысының бұйрығымен бекіту;
      6) кәсіпорынның қызметкерлері үшін міндетті болып табылатын еңбек тәртібін және ішкі тәртіп ережелерін білім алушымен сақталуын қамтамасыз ету;
      7) білім беру бағдарламасы мен академиялық күнтізбеге сәйкес білім алушының кәсіптік практикасына мерзімді бақылау етіп, оның өтуін ұйымдастыру;
      8) кәсіпорынның қызметкерлеріне білім алушылардың кәсіптік практикасын ұйымдастыруға және өткізуге әдістемелік көмек көрсету;
      9) қажеттілік туындаған кезде кәсіпорынға білім алушының оқу жетістіктері туралы мәліметтер беру;
      10) жазатайым оқиғаларды, егер олар практиканы өту барысында білім алушының қатысуымен болған оқиғаларды тергеуге қатысу;
      11) білім беру ұйымы таратылған немесе білім беру қызметі тоқтатылған жағдайда кәсіпорынды хабардар ету және басқа білім беру ұйымында білім алуды жалғастыру үшін білім алушыны ауыстыру бойынша шаралар қабылдау;
      12) тұрғылықты мекен-жайынан практика базасының алыс орналасуы кезінде білім алушыға қажетті тұрмыстық және басқа жағдайлар жасау мүмкіндігін қарастыру.
      5. Білім беру ұйымы:
      1) білім алушының өз еркімен оқытуды тоқтату, оқытудың қайта оқу курсына қалдырылған кезде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен беліленген тәртіпте оқудан шығарылғаны кезде бір жақты тәртіппен шартты бұзуға құқылы.
      6. Кәсіпорын өзіне мынадай міндеттемелер алады:
      1) білім алушыға жұмыс орнында қауіпсіз жұмыс жағдайын (қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау бойынша міндетті нұсқамалықты өткізу арқылы) қамтамасы ету және қажетті жағдайда білім алушының еңбектің қауіпсіз әдістеріне оқытуын жүргізу;
      2) тиісті қызметтің бос орны бар болғаны кезде иеленген мамандыққа сәйкес жұмысқа қабылдау үшін білім беру гранты негізінде оқыған түлектің кандидатурасын қарастыру;
      3) білім беру ұйымына академиялық күнтізбеге сәйкес білім алушының кәсіптік практикадан өтуі үшін жұмыс орындарын ұсыну;
      4) осы шарттың ережелеріне сәйкес тиісті мамандықтардың кәсіптік практикаға жіберу бойынша білім алушыны қабылдау;
      5) практиканың бағдарламасында қарастырылмаған және білім алушының мамандығына қатысы жоқ лауазымдарда білім алушыны пайдалануға жол бермеу;
      6) бөлімшелерде (бөлімдерде, цехтерде, зертханаларда және сол сияқты) білім алушының кәсіптік практикасына жетекшілік ету үшін білікті мамандарды белгілеуін қамтамасыз ету;
      7) білім алушының еңбек тәртібін және кәсіпорынның ішкі тәртіп ережелерін бұзғаны бойынша барлық оқиғалар туралы білім беру ұйымын хабардар ету;
      8) білім алушының кәсіптік практиканың бағдарламасын толық игеру және оның жеке тапсырмаларды орындауы үшін қажетті болатын зертханаларды, кабинеттерді, шеберханаларды, кітапхананы, сызбаларды, техникалық және басқа құжаттарды пайдалану арқылы білім алушының кәсіптік практиканың бағдарламасын орындау мақсатында жұмыс орындарда қажетті жағдай жасау;
      9) кәсіптік практика аяқталған соң білім алушының жұмысы туралы мінездеме беру және практикадан өту сапасын бағалау.
      7. Кәсіпорын:
      1) жаңа технологияларға және өндірістік процестің өзгерген жағдайларына сәйкес кәсіптік практиканың білім беру бағдарламасын әзірлеуге қатысу;
      2) кәсіпорынның қажеттеліктеріне сәйкес курстық және дипломдық жұмыстардың тақырыптарын ұсыну;
      3) білім алушылардың қорытынды аттестаттауына қатысу;
      4) білім алушылардың ағымдағы үлгерімі туралы ақпарат сұрастыру;
      5) білім беру ұйымынан жұмыс берушілердің болжалдарына сәйкес білім алушылардың сапалы оқытуын талап ету құқылы.
      8. Білім алушы өзіне мынадай міндеттемелер алады:
      1) кәсіптік практика орнында кәсіпорынның қызметкерлері үшін міндетті болып табылатын еңбек тәртібін, ішкі тәртіп ережелерін, қауіпсіздік техника ережелерін және өндірістік тәртіптемесін сақтау;
      2) кәсіпорынның жабдықтарына, аспаптарына, құжаттарына және басқа мүлкіне ұқыпты қарау;
      3) практика бағдарламасының талаптарын қатаң сақтау және орындау;
      4) практикадан өту үшін белгіленген уақытта кәсіпорынның қарауына келу;
      5) практикадан өту барысында және аяқтаған соң кәсіпорын туралы құпия ақпаратты жария етпеу.
      9. Білім алушы:
      1) кәсіпорында бекітілген тәлімгердің келісімі бойынша қажетті құралдарды, жабдықтарды, аспаптарды және басқа өндірістік материалдарды пайдалану, кітапхана және оқу залдары базасында оқуға оқу-әдістемелік әдебиеттер қорына, зертханалық базасына, оқыту мақсатында компьютерлік және басқа техниканы пайдалануға қол жеткізуі мен пайдалануына;
      2) кәсіптік практиканы өту барысында денсаулыққа зақым келген зиянның өтеуіне;
      3) кәсіптік даярлығын аяқтаған соң және қорытынды аттестаттаудан сәтті өткен соң иеленген мамандық бойынша бос орынның болуы кезінде кәсіпорында жұмысты жалғастыруға құқылы.

3. ТАРАПТАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

      10. Тараптар осы Шартта қарастырылған міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жауаптылыққа жүктеледі

4. ДАУЛАРДЫ ШЕШУДІҢ ТӘРТІБІ

      11. Осы шартты орындау процесінде туындаған даулар мен келіспеушіліктерді өзара тиімді шешім қабылдау мақсатында тараптар тікелей өздері қарастырады.
      12. Келіссөз, өзара тиімді шешім жолымен шешілмеген мәселелер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешіледі.

5. ШАРТТЫҢ ӘРЕКЕТ ЕТУ МЕРЗІМІ, ТАЛАПТАРЫН ӨЗГЕРТУ ЖӘНЕ ОНЫ
БҰЗУ ТӘРТІБІ

      13. Осы шарт оған тараптар қол қойған күнінен бастап күшіне енеді және толық орындалғанға дейін әрекет етеді.
      14. Осы Шарттың ережелері тараптардың өзара жазбаша келісімі бойынша толықтырып өзгертілуі мүмкін.
      15. Осы шарт мемлекеттік немесе орыс тілінде бірдей заң күшімен үш данада жасалады, бір данадан әрбір тарапқа беріледі.
      16. Тараптардың заңды мекен-жайлары мен банктік реквизиттері:

Білім беру ұйымы:

_______________________
(білім беру ұйымның атауы)
_______________________
_______________________
(заңды мекен-жайы)
_______________________
_______________________
(БСН, БСК, Кбе, банк)
_______________________
_______________________
(қала кодын көрсетіп байланыс телефон, факс нөмірі)
Білім беру ұйымның басшысы
_______________________
_______________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), қолы)

Білім алушы: _____________________
(Толық тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))
_____________________
(Туған күні, ЖСН; куәлік №, қашан және кіммен берілді)
_____________________
(Тұрғылықты мекен-жай, телефон)
_____________________
(қолы)
Заңды өкілі (ата-анасы)
_____________________
(Толық тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))
_____________________
(Тұрғылықты мекен-жай, телефон)
_____________________
(қолы)

Кәсіпорын:

______________________
(Кәсіпорынның, мекеменің, ұйымның және тағы басқа тауы)
______________________
______________________
(заңды мекен-жайы)
______________________
(БСН, БСК, Кбе, банк)
______________________
______________________
______________________
______________________
(қала кодын көрсетіп байланыс телефон, факс нөмірі)
Директор
______________________
______________________
(Тегі, аты, әкесінің аты, қолы)

Қазақстан Республикасы   
Білім және ғылым министрінің
2016 жылғы 28 қаңтардағы 
№ 93 бұйрығына       
3-қосымша           

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің
күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1) «Кәсіптік практиканы өткізуге арналған үлгілік шарттың нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2007 жылғы 29 қарашадағы № 582 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5053 болып тіркелген, «Заң газетінің» 2008 жылғы 29 қаңтардағы № 13 (1413) санында жарияланған);
      2) «Білім беру қызметтерін көрсету үлгі шартының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 621 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5070 болып тіркелген, «Заң газетінің» 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 12 (1412) санында жарияланған);
      3) «Білім беру қызметтерін көрсету үлгі шартының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 621 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің міндетін атқарушының 2012 жылғы 23 тамыздағы № 396 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7918 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2012 жылғы 24 қазандағы № 696-701 (27773) санында жарияланған).