Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.05.2020 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
Ескерту. Бұйрық тақырыбының орыс тіліндегі мәтініне өзгерістер енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді – ҚР Ұлттық экономика министрінің 15.10.2018 № 24 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Табиғи монополиялар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-1-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 15.10.2018 № 24 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Уақытша өтемдік тарифті бекіту қағидалары бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) "Уақытша өтемдік тарифті бекіту жөніндегі қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2013 жылғы 16 сәуірдегі № 115-НҚ бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8472 болып тіркелген);
2) "Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтік сметаны орындау туралы есепті орналастыру қағидаларын, Табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтік сметаны орындау барысы туралы тұтынушыларды хабардар ету қағидаларын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 шілдедегі № 566 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтар тізбесі 5) тармақшасының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11972 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 25 қыркүйекте жарияланған).
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерінің баспа және электрондық түрде мерзімді баспасөз басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі |
Қ. Бишімбаев |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникация министрі
______________Д. Абаев
2016 жылғы "____" ___________
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 23 қарашадағы № 484 бұйрығымен бекітілген |
Уақытша өтемдік тарифті бекіту қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Уақытша өтемдік тарифті бекіту қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Табиғи монополиялар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 15.10.2018 № 24 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Осы Қағидалардың мақсаты табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) уақытша өтемдік тарифтің мөлшерін бекіту және есептеу тәртібін айқындау болып табылады.
3. Осы Қағидалардың ережесі меншік нысанына қарамастан барлық табиғи монополия субъектілеріне қолданылады.
4. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) құзыретті орган – мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
2) негізсіз кіріс – бекітілген инвестициялық бағдарламаларды (жобаларды) іске асыруға, оның ішінде алынған қарызға және оны қайтаруға қызмет көрсетуге арналған қаражатты жинақтау мақсатында резервтік шот ашуды қоспағанда, табиғи монополия субъектісінің уәкілетті органның ведомствосы бекіткен тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) деңгейінен немесе оның шекті деңгейінен асатын құн бойынша ақы алу және (немесе) тарифтік сметада көзделген амортизациялық аударымдарды мақсатқа сай пайдаланбау, тарифтік сметаның шығын баптарын уәкілетті органның ведомствосы бекіткен мөлшерден бес пайыздан астам орындамау, тарифтік сметада инвестициялық бағдарламаларды (жобаларды) орындауға көзделген қаражатты орындамау немесе мақсатқа сай пайдаланбау нәтижесінде алған қосымша кірісі;
3) уәкілетті орган – табиғи монополиялар салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган немесе мынадай:
кәбілдік кәрізді мүліктік жалдауға (жалға) немесе пайдалануға беру;
аэронавигация мен әуежайлар қызметтері салаларындағы реттеу мен бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар;
4) уәкілетті органның ведомствосы – табиғи монополиялар салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның ведомствосы немесе мынадай:
кәбілдік кәрізді мүліктік жалдауға (жалға) немесе пайдалануға беру;
аэронавигация мен әуежайлар қызметтері салаларындағы реттеу мен бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың ведомствосы.
Қағидаларда пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер табиғи монополиялар туралы заңнамаға сәйкес қолданылады.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 15.10.2018 № 24 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5. Уақытша өтемдік тарифті бекітуге негіз табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) тұтынушыларға шығын келтірген іс-қимылдары болып табылады.
6. Табиғи монополия субъектісінің:
1) тарифті (бағаны, алым мөлшерлемесін) немесе оның шекті деңгейін заңсыз көтеруі;
2) амортизациялық аударым қаражатын мақсатқа сай пайдаланбауы (бұдан әрі - мақсатс);
3) неғұрлым тиімді әдістер мен технологияларды қолдануға, нормативтік техникалық шығындарды төмендету іс-шараларын өткізуге, реттеліп көрсетілетін қызметтер көлемінің табиғи монополия субъектісіне байланысты емес себептер бойынша, конкурстық (тендерлік) рәсімдерді өткізу нәтижелері бойынша қысқаруына байланысты шығындарды үнемдеу жағдайларын, сондай-ақ Заңның 15-3-бабы 10-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін бекіту кезінде ескерілген инвестициялық бағдарламалардың іс-шараларын (жобаларды) орындамауы;
4) неғұрлым тиімді әдістер мен технологияларды қолдануға, нормативтік техникалық шығындарды төмендету іс-шараларын өткізуге, реттеліп көрсетілетін қызметтер көлемінің табиғи монополия субъектісіне байланысты емес себептер бойынша, конкурстық (тендерлік) рәсімдерді өткізу нәтижелері бойынша қысқаруына байланысты шығындарды үнемдеу жағдайларын қоспағанда, тарифтік сметаның шығындары баптарын уәкілетті органның ведомствосы бекіткен мөлшерден бес пайыздан астам орындамауы тұтынушыларға шығын келтірген іс-қимылы деп танылады.
Ескерту: Осы тармақта реттеліп көрсетілетін қызметтер көлемінің қысқаруы деп бекітілген тарифтік сметада көзделген тарифтік кірісті толық алмауға әкеп соғатын тұтынушылар топтары көрсететін қызметтер көлемінің қысқаруы түсініледі.
Бұл ретте осы тармақтың 1) және 4) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, өтемдік тарифті бекіту туралы шешім тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шекті деңгейінің қолданыс мерзімі аяқталған соң қабылданады.
Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық экономика министрінің 15.10.2018 № 24 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.6-1. Табиғи монополия субъектiсi уәкiлеттi органның ведомствосына:
табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсынудың жаңа әдістерін және технологияларын енгізуі туралы құзыретті органның қорытындысы;
конкурстық (тендерлік) комиссиялардың хаттамалары;
көрсетілген реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) көлемін тұтынушылармен салыстырып тексеру актілері, берілген төлем шоттары сияқты аталған үнемдеудің және (немесе) реттелiп
көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) көлемін қысқартудың нақты пайдаланылғанын растайтын материалдарды қоса бере отырып, шығындардың баптар бойынша үнемделгенін растайтын материалдарды ұсынады.
Егер уәкілетті орган мен құзыретті орган бір мемлекеттік орган болып табылған жағдайда, онда табиғи монополия субъектісі өзінің реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсынудың жаңа әдістерін және технологияларын енгізгені туралы қорытындыны ұсынбайды.
Ескерту. 1-тарау 6-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 15.10.2018 № 24 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2-тарау. Уақытша өтемдік тарифті бекіту тәртібі
7. Уәкілетті органның ведомствосы уақытша өтемдік тарифті:
1) табиғи монополия субъектiсiне олар жүргiзген тексерулер материалдарының;
2) табиғи монополия субъектiсiнiң тарифтiк сметаны орындауын талдау және (немесе) табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламаны (жобаны) орындау туралы ақпаратын талдау нәтижелерiнiң негiзiнде шешім қабылдау күніне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру мөлшерлемесін ескере отырып бекiтедi.
8. Осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілеген Заңның 7-бабы 5-тармағының талаптарын ескере отырып фактілерді растау үшін уәкілетті органның ведомствосы табиғи монополия субъектісінен қажетті ақпаратты оны ұсыну мерзімін көрсете отырып сұратады.
9. Коммерциялық құпияны құрайтын ақпарат оны уәкілетті органның ведомствосына ұсынудан бас тартуға негіз болып табылмайды, бұл ретте мүдделі тұлғалар ақпаратты ұсыну кезінде коммерциялық құпияны құрайтын мәлiметтердiң толық тiзбесiн көрсетеді не мүдделі тұлғаның коммерциялық құпияны құрайтын мәлiметтердiң тiзбесiн бекітуі туралы актінің көшірмесін қоса береді.
10. Уақытша өтемдiк тарифтi енгiзу табиғи монополия субъектісінің тарифтік сметаны орындауын тексеру, талдау және (немесе) табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламаны (жобаны) орындауы туралы ақпаратына талдау жүргізген айдан кейінгі екінші айдың бiрiншi күнiнен бастап жүзеге асырылады.
11. Табиғи монополия субъектісі уақытша өтемдік тарифті бекіту туралы ақпаратты тұтынушының назарына оны қолданысқа енгізгенге дейін кемінде күнтізбелік 10 күн бұрын жеткізеді.
Уақытша өтемдік тарифтің қолданылуы кезеңінде табиғи монополия субъектісі ай сайын коммуналдық көрсетілетін қызметтерді төлеу туралы төлем құжатындағы реттеліп көрсетілетін қызметтердің құнына ескертпе түрінде берілген тарифтерді төмендету туралы ақпаратты тұтынушылардың назарына жеткізеді.
Реттеліп көрсетілетін қызметтің құнына берілген ескертпеде уәкілетті орган ведомствосының интернет-ресурсында жарияланған, уақытша өтемдік тарифті бекіту туралы уәкілетті орган ведомствосының шешіміне сілтеме жасалып, тұтынушылардың қаражатын қайтару сомасын көрсетумен бағаны төмендету туралы ақпарат көрсетіледі.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 11.12.2018 № 100 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.12. Уәкiлеттi органның ведомствосы табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) уақытша өтемдiк тарифтi бекiту туралы шешiмi уәкiлеттi орган ведомствосының бұйрығымен ресiмделедi.
13. Уақытша өтемдiк тарифтiң қолданысы кезеңінде табиғи монополия субъектiсi Заңға сәйкес уәкілетті органның ведомствосына тарифтi (бағаны, алым мөлшерлемесін) немесе оның шектi деңгейiн бекiтуге өтiніш жасай алады.
Бұл ретте, жаңа тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) деңгейін негіздеуге алынған кіріс шешім қабылдау күніне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру мөлшерлемесін ескере отырып, табиғи монополия субъектісінің өзінің реттеліп көрсетілетін қызметтерін (тауарларын, жұмыстарын) тұтынушыларға өтегенін шегеріп, негізсіз алынған кіріс сомасына азаяды.
Инвестициялық бағдарламаны іске асыратын және міндеттемелері табиғи монополия субъектісінің рейтингімен тікелей байланысты кредиттік ұйымдардың қарыз қаражатын тартатын табиғи монополия субъектісі үшін тарифтік сметаны және (немесе) инвестициялық бағдарламаны орындамау нәтижесінде алынған сома тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) деңгейін өзгертуге өтінімді қарау кезінде кіріс бөлігін кеміту жолымен ескеріледі.
Бұл ретте, тарифтік сметада тарифтік сметаны және (немесе) инвестициялық бағдарламаны орындамаудың сомасы жеке жолда көрсетіледі.
Уәкілетті органның ведомствосы жаңа тарифті (бағаны, алым мөлшерлемесін) немесе оның шекті деңгейлерін бекітуге табиғи монополия субъектісінің өтінімін қарау кезінде, уәкілетті органның ведомствосы негізсіз кіріс сомасын анықтаған кезде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру мөлшерлемесін ескере отырып, жаңа тариф (баға, алым мөлшерлемесі) немесе оның шекті деңгейінің негіздемесіне алынған кірістен оны алып тастайды.
Уәкілетті органның ведомствосы жаңа тарифті (бағаны, алым мөлшерлемесін) немесе оның шекті деңгейін Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2013 жылғы 17 шілдедегі № 213-НҚ бұйрығымен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті деңгейін және тарифтік сметаларды бекіту қағидаларының 19-тармағына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8625 болып тіркелген), Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2013 жылғы 19 шілдедегі № 215-НҚ бұйрығымен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) және тарифтік сметаларды бекіту қағидаларының 16-тармағына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8642 тіркелген) және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 176 бұйрығымен бекітілген Қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін оңайлатылған мемлекеттік реттеу қағидаларының 7-тармағына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10512 тіркелген) бекітудан бас тартқан жағдайда және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру мөлшерлемесін ескере отырып, негізсіз кіріс сомасын анықтаған кезде уәкілетті органның ведомствосы уақытша өтемдiк тарифті (бағаны, алым мөлшерлемесін) немесе оның шекті деңгейін бекіту туралы шешім қабылдайды.
14. Табиғи монополия субъектiсi тұтынушыларға келтiрген шығындарды уақытша өтемдiк тарифтiң қолданылу кезеңi аяқталғанға дейiн толық өтеген жағдайда, табиғи монополия субъектiсi уәкiлеттi орган ведомствосына уақытша өтемдiк тарифтiң қолданылу кезеңi аяқталғанға дейiн уақытша өтемдiк тарифтiң күшін жою туралы өтiнiшті, тұтынушыларға келтірілген шығынды өтеу фактісін растайтын құжаттарды қоса бере отырып, жасай алады.
Уәкiлеттi органның ведомствосы өтініш түскен күннен бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде уақытша өтемдік тарифті алып тастау туралы өтiнiштi қарайды және қарау нәтижелері бойынша уақытша өтемдік тарифтің қолданыс кезеңін өзгеру туралы шешім қабылдайды не табиғи монополиялар субъектісін бас тарту себептерін көрсете отырып, бас тартқандығы туралы хабардар етеді.
3-тарау. Уақытша өтемдік тариф мөлшерін есептеу
15. Осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген бұзушылықтар анықталған жағдайда, уәкілетті органның ведомствосы реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) іс жүзінде ұсынылған көлемін және табиғи монополия субъектісі бұзушылықтарға жол берген кезеңде іс жүзінде алынған кірісті айқындайды.
16. Табиғи монополия субъектiсi жол берген бұзушылықтар кезеңi:
1) осы Қағидалардың 6-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайда – табиғи монополия субъектiсi уәкiлеттi органның ведомствосы бекiткен тарифтен (бағадан, алым мөлшерлемесінен) немесе оның шектi деңгейiнен асатын құн бойынша ақы алған кезең;
2) осы Қағидалардың 6-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген жағдайда – уәкiлеттi органның ведомствосы табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтiк смета бекiткен жыл болып есептеледi.
17. Осы Қағидалардың 6-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайда, негiзсiз алынған кіріс (НК1) мынадай формула бойынша айқындалады:
НК1 = (Т1 - Т) х V1,мұнда:
T1 – табиғи монополия субъектiсi нақты қолданған көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) құны, теңге;
Т – уәкiлеттi органның ведомствосы шешім қабылдау күніне бекiткен тариф (баға, алым мөлшерлемесі) немесе оның шектi деңгейi, теңге;
V1– бұзушылықтар жiберiлген кезең iшiнде табиғи монополия субъектiсi нақты көрсеткен реттеліп көрсетілетін қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) көлемi.
Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 15.10.2018 № 24 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.18. Осы Қағидалардың 6-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайда, негiзсiз алынған кіріс (НК2) мынадай формула бойынша айқындалады:
НК2 = Амақсатс.
мұнда:
Амақсатс. – бекітілген тарифте және (немесе) тарифтік сметада табиғи монополия субъектісі реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынуда пайдаланылатын тіркелген активтерге капитал салымдарына және тартылған кредиттік ресурстар бойынша негізгі борышты қайтаруға байланысты емес мақсаттарға бағыттаған амортизациялық аударымдар қаражаты есебінен көзделген қаражат.
Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 15.10.2018 № 24 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.19. Осы Қағидалардың 6-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайда, негiзсiз алынған кіріс (НК3) мынадай формула бойынша айқындалады:
мұнда:
ИПi – тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін бекіту кезінде ескерілген инвестициялық бағдарламаның (жобаның) орындалмаған і – іс-шарасын толық немесе ішінара іске асыруға инвестициялық бағдарламада (жобада) көзделген шығындар, теңге.
Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 15.10.2018 № 24 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.20. Осы Қағидалардың 6-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайда, негiзсiз алынған кіріс (НК4) мынадай формула бойынша айқындалады:
мұнда:
Зi – бекiтiлген тарифтiк сметада ескерiлген шығындармен салыстырғанда i-бабы бойынша 5 пайыздан асатын шығындарды толық игермеу, теңге.
Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 15.10.2018 № 24 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.20-1. Негiзсiз алынған кіріс (НК) сомасы мынадай формула бойынша айқындалады:
НК = НК1 + НК2 + НК3 + НК4 + НКбекітілген - НКқайт.,
мұнда:
НКбекітілген – қолданыстағы уақытша өтемдік тарифті бекіту кезінде ескерілген негiзсiз алынған кіріс, теңге;
НКқайт. – шешім қабылдау күніне қайтарылатын негiзсiз алынған кіріс, теңге.
Ескерту. 3-тарау 20-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 15.10.2018 № 24 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.21. Негiзсiз алынған кірістің түпкiлiктi сомасы (НТк) шешiм қабылдау күнiне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қайта қаржыландыру мөлшерлемесін ескере отырып, мынадай формула бойынша айқындалады:
, мұндағы
НТк – қайта қаржыландыру мөлшерлемесін ескере отырып, негiзсiз алынған кіріс сомасы, теңге;
НТ – осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген бұзушылықтардың түрлері бойынша негiзсiз алынған кірістің жалпы сомасы;
к – шешiм қабылдау күнiне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қайта қаржыландыру мөлшерлемесі, %.
22. Уақытша өтемдiк тариф мынадай формула бойынша бір жылға айқындалады:
мұнда:
Төтем. – уақытша өтемдiк тариф, теңге;
Vжыл – бекiтiлген тарифтiк сметада ескерілген уақытша өтемдік тарифті енгізу кезеңіндегі реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) жылдық көлемi.
Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 15.10.2018 № 24 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.23. Егер уақытша өтемдік тарифті есептеу кезінде тариф теріс мәнмен қалыптасса, уақытша өтемдік тариф үш жылға дейінгі мерзіммен мынадай формула бойынша айқындалады:
мұнда:
Төтем. – уақытша өтемдік тариф, теңге;
V – бекітілген тарифтік сметада ескерілген, уақытша өтемдік тарифті енгізу кезеңіндегі реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) көлемі;
n – есептеу кезінде тарифтің қандай кезеңде оң мәнмен қалыптасқанына байланысты болатын уақытша өтемдік тарифтің қолданылу кезеңі.
Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 15.10.2018 № 24 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.24. Уақытша өтемдік тарифті есептеу үлгісі Уақытша өтемдік тарифті бекіту қағидаларына қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 15.10.2018 № 24 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.Уақытша өтемдік тарифті бекіту қағидаларына қосымша |
Уақытша өтемдiк тарифтi есептеу үлгiсi
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 15.10.2018 № 24 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Бекiтiлген тариф (баға, алым мөлшерлемесі) Т – 8 теңге/м3.
Бекiтiлген тарифте қабылданған реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) көлемi V-1000 текше метр (бұдан әрі - м3).
1. Негiзсiз алынған кіріс (НК) сомасы – 1000 теңге.
2. Шешiм қабылдау күнiне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қайта қаржыландыру мөлшерлемесін ескере отырып, негiзсiз алынған кіріс сомасы айқындалады (НКк):
мұнда:
1000 теңге – негiзсiз алынған кіріс сомасы;
7,5 % – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қайта қаржыландыру мөлшерлемесі;
1075 теңге – қайта қаржыландыру мөлшерлемесін ескере отырып, негiзсiз алынған кіріс сомасы.
3. Уақытша өтемдiк тарифтiң деңгейi мынадай формула бойынша айқындалады:
мұнда:
6,93 теңге/м3 - уақытша өтемдiк тарифтiң деңгейi.