Қаруды иеленушілер мен пайдаланушыларды бастапқы даярлау ісін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 366 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 28 мамырда № 11218 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 27 маусымдағы № 514 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ішкі істер министрінің 27.06.2023 № 514 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы" 1998 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының

      29-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қару иелері мен пайдаланушыларының бастапқы даярлығын ұйымдастыру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Е.З. Тургумбаевқа және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетіне (И.В. Лепеха) жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Ішкі істер министрі

Қ. Қасымов


  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 17 сәурдегі
№ 366 бұйрығымен бекітілген

Қару иелері мен пайдаланушыларының бастапқы даярлығын ұйымдастыру қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қару иелері мен пайдаланушыларының бастапқы даярлығын ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 30 желтоқсандағы № 339 Заңы 12-бабының 2)11) тармақтарында көрсетілген адамдарға қолданылады (бұдан әрі - Заң).

      2. Атыс, электр, пневматикалық қаруды, газды тапаншалар мен револьверлерді бірінші рет иемденуші адамдарды алғашқы даярлау, сондай-ақ олардың біліктілігін арттыру Қару иелері мен пайдаланушыларды арнайы даярлау орталықтарында (бұдан әрі - Орталық) жүргізіледі.

      3. Орталықтар қару иелері мен пайдаланушыларды даярлауды осы Қағидаларға 1, 2, 3 және 4 қосымшаларға сәйкес өзін-өзі қорғау тегіс ұңғылы қару, газды тапаншалар мен револьверлер, лақтырылатын қару (садақтар мен арбалеттер), электр қару және қызметтік қару иелері мен пайдаланушыларын бастапқы даярлау бағдарламалары бойынша жүзеге асырады.

      4. Жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын қызметкерлер қару иелері мен пайдаланушыларының бастапқы даярлығын "Күзет қызметі туралы" 2000 жылғы 19 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-1-бабының 4) тармақшасына сәйкес бекітілетін жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын қызметкерлерді даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі үлгілік оқу бағдарламалары мен үлгілік оқу жоспарларына сәйкес мамандандырылған оқу орталықтарында өтеді.

2. Қаруды қауіпсіз қолдану және қаруды қауіпсіз қолдану дағдысын игеру бойынша даярлау (біліктілігін арттыру) бағдарламасы

      Осы Бағдарлама қару иелері мен пайдаланушыларының қаруды қауіпсіз қолдану және қаруды қауіпсіз қолдану дағдысын игеру қағидаларын зерделеуіне, сондай-ақ азаматтарды қаруды қолдану мәдениетімен таныстыруға бағытталған.

      6. Оқу жоспары – әрбір білім алушы орындайтын құжат. Онда көрсетілген пәндер тізбесі, әрбір пәнді зерделеуге бөлінетін сағаттардың жалпы саны, сынақ қабылдауға шығарылатын тақырыптар қысқартылмайды.

      7. Оқуға қабылдау "Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы" Заңның 15-бабы 6-тармағының талаптарын қоспағанда, үміткерде, қару иесінде немесе пайдаланушыда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 11 мамырдағы № 280 бұйрығымен бекітілген 108-1/у нысаны бойынша денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган берген қаруды қолдануға қарсы көрсеткіштерінің жоқтығы туралы медициналық қорытындының көшірмесі болған кезде жүзеге асырылады.

      8. Бағдарлама бойынша оқу сағатының ұзақтығы: теориялық сабақтарға (лекциялар, семинарлар, топтық сабақтар) – 45 минут, практикалық сабақтарды өткізу кезінде қорытындылауға, құжаттаманы ресімдеуге кететін уақытты қоса алғанда – 45 минут.

      9. Сабақатрға қатысуды, үлгерімін және өткен тақырыптарды есепке алуды нұсқаушы Сабақтарды есепке алу журналында жүргізеді.

      10. "Құқықтық даярлық" жөніндегі сабақтарды жоғары заңгерлік білімі бар нұсқаушы өткізеді.

      11. "Атыс даярлығы" жөніндегі сабақтарды ішкі істер органдарының рұқсаты бар, сондай-ақ қарумен жұмыс істеудің практикалық тәжірибесі бар нұсқаушы өткізеді.

      12. "Атыс даярлығы" жөніндегі практикалық сабақтар тек ішкі істер органдарының аумақтық бөліністері берген атыс тирлері (атыс алаңдары) мен стенділерін ашуға және жұмыс істеуіне рұқсаттары бар үй-жайларда өткізіледі.

      13. Қарудың құрылысын зерделеу, оның материалдық бөліктерін макеттерде, стенділерде, плакаттарда көрсетумен, оқу фильмдерін көрумен, сондай-ақ оқытудың басқа техникалық құралдарын пайдаланумен жүргізіледі.

      14. Тыңдаушылардан сынақ қабылдауды Орталықтың емтихан алу комиссиясы жүргізеді, оны Орталықтың басшысы бұйрықпен тағайындайды. Сынақ қабылдауға бөлінген уақыт бағдарламаның жалпы оқу уақытына кіреді.

      15. Сынақтың мазмұны.

      Теориялық бөлігіне:

      құқықтық даярлық;

      атыс даярлығы оқыту бөлімдері бойынша сұрақтар кіреді.

      16. Теориялық білімдерін тексеру кемінде төрт ашық сұрақтары бар билеттер бойынша немесе жауаптарының екі нұсқасы бар кемінде он жабық сұрақтары бар билеттер бойынша (тестілеу нысанында) өткізілуі мүмкін. Компьютер техникасы мен арнайы тестілеу бағдарламаларын пайдалануға болады.

      17. Сынақтың практикалық бөлігіне осы Қағидаларда бекітілген жаттығуларды орындау кіреді.

      18. Сынақтың теориялық бөлігін тапсырудан қанағаттанарлықсыз нәтиже алған тыңдаушылар сынақтың практикалық бөлігіне жіберілмейді.

      19. Сынақ жүргізу үшін басшының бұйрығымен Орталықтың нұсқаушылары қатарынан емтихан алу комиссиясы тағайындалады, оның құрамына төраға және екі немесе үш мүше, сондай-ақ комиссияның құрамына аумақтық ішкі істер органдары бөлінісінің азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымына бақылау жасау жөніндегі өкілі кіреді.

      20. Сынақты табысты тапсырған адамдарға осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес "Қаруды қауіпсіз қолдану қағидалары бойынша білімін тексеру туралы анықтама" беріледі, ол комиссияның төрағасы мен ішкі істер органдары аумақтық бөлінісінің азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымына бақылау жасау жөніндегі өкілінің қолымен расталады және Орталықтың болған жағдайда мөрімен бекітіледі.

      21. Бағдарламаны тыңдаған адамдар:

      Құқықтық даярлық бойынша:

      Заңның негізгі ұғымдарын;

      азаматтық және қызметтік қарудың және оның патрондарының түрлерін;

      азаматтық және қызметтік қаруды және оның патрондарын сатып алуға, сақтауға және алып жүруге, сақтауға және тасымалдауға рұқсат беру құжаттарын алу тәртібін;

      қару мен патрондарды сату қағидаларын;

      қаруды қолдану негізін, шартын және тәртібін;

      қаруды қолданғаннан кейінгі әрекеттерді;

      қару айналымы саласындағы әкімшілік және қылмыстық заңнаманың нормаларын және оны бұзғаны үшін жауапкершілігін;

      залал келтіргені үшін азаматтық жауапкершілігін білуге сынақтар тапсырады.

      Мыналарды:

      қаруды сақтау, алып жүру, тасымалдау және қолдану үдерісінде қабылданатын шешімдердің құқықтық салдарын дұрыс бағалай;

      атыс даярлығы бойынша:

      азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының мақсатын, жалпы құрылысын, түрлері мен типтерін;

      тікелей қаруды қолдану кезеңіндегі әрекеттерді, оның ішінде үшінші адамдар үшін қауіпсіз атыс траекториясын қамтамасыз ету мақсатында;

      қаруды оқтау және оғын алу тәртібін;

      қаруды жартылай бұзу және жинау тәртібін;

      әртүрлі қарудан ату ерекшеліктерін білуі тиіс.

      Мыналарды:

      қарудан ату кезіндегі кідірістерді жоя;

      қарудан көздеу және одан ата білуі тиіс.

      Қару мен патрондарды, оның ішінде оны алып жүру, сақтау, қолдану, пайдалану және тасымалдау кезінде қауіпсіз қолдану дағдыларын сенімді игеруі тиіс.

  Қару иелері мен
пайдаланушыларының
бастапқы даярлығын
ұйымдастыру қағидаларына
1-қосымша

Азаматтық атыс қаруының иелері мен пайдаланушыларын бастапқы даярлау бағдарламасы

Тақырыбы

Лекциялар, сағат

Практика, сағат

Барлық сағат

1.

Ойық қарудың тактикалық-техникалық сипаттамасы

1

1

2

2.

Тегіс ұңғылы қарудың тактикалық-техникалық сипаттамасы

1

1

2

3.

Баллистика

2



2

4.

Атыс қаруын сақтау, алып жүру, тасымалдау тәртібі

1

1

2

5.

Қаруды сақтау, алып жүру, тасымалдау және тіркеу (қайта тіркеу) тәртібін бұзғаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік

1



1

6.

Атыс қаруын қолдану қағидалары мен тәртібі

1



1

7.

Қажетті қорғаныс, аса қажеттілік немесе қылмыс жасаған адамды ұстау кезінде атыс қаруын қолдану негіздері

2



2

8.

Атыс қаруынан жараланған кезде алғашқы медициналық көмек көрсету

1



1

9.

Практикалық сабақ (атыс)



1

1

10.

Сынақтар қабылдау

Уақыт бағдарламаның жалпы оқыту уақытына кіреді


Барлығы

10

4

14

  Қару иелері мен
пайдаланушыларының
бастапқы даярлығын
ұйымдастыру қағидаларына
2-қосымша

Лақтырылатын қару иелері мен пайдаланушыларын бастапқы даярлау бағдарламасы
(садақтар мен арбалеттер)

      Дайындықтың ұзақтығы 11 сағат.

      Лақтырылатын қару иелерін және пайдаланушыларын даярлаудың мақсаты:

      қарудың осы түрін меңгерудің қауіпсіздігі үшін қажетті практикалық және теориялық дағдыларды игеру;

      тактикалық-техникалық сипаттама, баллистика;

      лақтырылатын қаруды қолдану тәртібі жөніндегі қолданыстағы заңнаманы, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің талаптарын және басқа да нормативтік актілерді білу;

      лақтырылатын қаруды қолдану дағдыларын қалыптастыру болып табылады.

      Сабақтарды Қазақстан спорт атысы федерациясының адамға қаруды қолдану дағдысына оқыту саласында білім беру қызметімен айналысуға рұқсат беру туралы куәлігімен расталған мамандығы бойынша арнайы немесе жоғары білімі бар оқытушылар мен мамандар жүргізеді.

      Бастапқы даярлық жөніндегі сабақтар бекітілген жоспар және кесте бойынша жүргізіледі. Комиссияның құрамына аумақтық ішкі істер органының өкілі кіреді.

      Лақтырылатын қаруды сатып алушы азаматтар (иелері) мынадай пәндер бойынша бастапқы даярлықтан өтуге міндетті:

      1) құқықтық білім негіздері (қаруды сақтауға немқұрайлы қарағаны және қару иеленуге байланысты басқа да заң бұзушылықтар үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік);

      2) медициналық даярлық (жараланған және жарақат алған кезде алғашқы медициналық көмек көрсету);

      3) сатып алынған қарудың тактикалық-техникалық сипаттамасы (баллистика, лақтырылатын қаруды сақтау, алып жүру мен тасымалдау тәртібі және қауіпсіздік шаралары).

Тақырыбы

Лекциялар, сағат

Практика, сағат

Барлық сағат

1.

Лақтырылатын қарудың тактикалық-техникалық сипаттамасы

1

1

2

2.

Баллистика

2



2

3.

Лақтырылатын қаруды сақтау, алып жүру, тасымалдау тәртібі, пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидалары

1

1

2

4.

Лақтырылатын қаруды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидалары

2



2

5.

Қаруды сақтау, алып жүру, тасымалдау және тіркеу (қайта тіркеу) тәртібін бұзғаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік

1



1

6.

Жараланған кезде алғашқы медициналық көмек көрсету

1



1

7.

Сынақтар қабылдау

Уақыт бағдарламаның жалпы оқыту уақытына кіреді


Барлығы

8

2

10

  Қару иелері мен
пайдаланушыларының
бастапқы даярлығын
ұйымдастыру қағидаларына
3-қосымша

Өзін-өзі қорғау (газды, электр) қаруының иелері мен пайдаланушыларын бастапқы даярлау (біліктігін арттыру) бағдарламасы

Тақырыбы

Лекциялар, сағат

Практика, сағат

Барлық сағат

1.

Қаруды қолдану қағидалары мен тәртібі

1

1

2

2.

Қажетті қорғаныс, аса қажеттілік немесе қылмыс жасаған адамды ұстау кезінде атыс қаруын қолдану негіздері

1



1

3.

Қарудың адамға әсер етуі

1



1

4.

Қаруды сақтау, алып жүру, тасымалдау тәртібі

1



1

5.

Қарудың тактикалық-техникалық сипаттамасы

1

1

2

6.

Алғашқы медициналық көмек көрсету

1



1

7.

Қаруды сақтау, алып жүру, тасымалдау және тіркеу (қайта тіркеу) тәртібін бұзғаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік

1



1

8.

Практикалық сабақтар (атыс)



1



9.

Сынақтар қабылдау

Уақыт бағдарламаның жалпы оқыту уақытына кіреді


Барлығы

7

3

10

  Қару иелері мен
пайдаланушыларының
бастапқы даярлығын
ұйымдастыру қағидаларына
4-қосымша

Қызметтік қару иелері мен пайдаланушыларын бастапқы даярлау (біліктігін арттыру) бағдарламасы
(жеке күзет қызметі субъектілерін қоспағанда)

Тақырыбы

Лекциялар, сағат

Практика, сағат

Барлық сағат

1.

Атыс негіздері. Баллистика

2



2

2.

Қару мен арнайы құралдарды қолданудың құқықтық негіздері мен тәртібі

4



4

3.

Ойық, тегіс ұңғылы, газды және электр қаруының мақсаты, жауынгерлік қасиеті, құрылысы

2



2

4.

Атыс қаруының (ойық, тегіс ұңғылы және газды) материалдық бөлігі

1

1

2

5.

Атыс жүргізу кезінде қаруды қауіпсіз қолдану қағидалары

1

1

2

6.

Қарудан ату тәсілдері мен қағидалары

1

1

2

7.

Ойық, тегіс ұңғылы және газды қаруды қолдану кезіндегі қауіпсіздік шаралары

1

1

2

8.

Тапаншадан, револьверден, карабиннен, винтовкадан, қарудан және ЭШҚ ату жаттығуларын орындау тәртібі

1

1

2

9.

Оқтан жараланған кезде алғашқы медициналық көмек көрсету

1

1

2

10.

Практикалық сабақ (атыс)


1



Сынықтар қабылдау

Уақыт бағдарламаның жалпы оқыту уақытына кіреді


Барлығы

14

6

20

  Қару иелері мен
пайдаланушыларының
бастапқы даярлығын
ұйымдастыру қағидаларына
5-қосымша

Қаруды қауіпсіз қолдану қағидалары бойынша
білімін тексеру туралы
№_______ АНЫҚТАМА

      Азамат(ша) __________________________________________________________

      (тегі, аты, (болған жағдайда) әкесінің аты)

      ____________________________________________________________ тұрады

      (мекенжайы)

      20__ж. "___" ______ және 20__ж. "___" ______ аралығында

      Азаматтық қару мен оның патрондарын қауіпсіз қолдану қағидаларын зерделеудің бастапқы курсын аяқтады

      1. Құқықтық даярлық ___________;

      (нәтижесі)

      2. Атыс даярлығы:

      2.1. өзін-өзі қорғаудың азаматтық қаруы ___________;

      (нәтижесі)

      2.2 азаматтық аңшылық қаруы:

      2.2.1 ойық ___________;

      (нәтижесі)

      2.2.2 тегіс ұңғылы ___________;

      (нәтижесі)

      20___ жылғы "__" _______

      Орталықтың басшысы:

      _________________ ________________________________

      (қолы) (тегі, аты, (болған жағдайда) әкесінің аты)

      ІІО аумақтық бөлінісінің азаматтық және

      қызметтік қару мен оның патрондарының

      айналымын бақылау жөніндегі өкілі:

      _________________ ________________________________

      (қолы) (тегі, аты, (болған жағдайда) әкесінің аты)

      болған

      жағдайда

      мөр орны