"Сот-сараптама қызметiмен, оның ішінде сот-медициналық, сот-наркологиялық және сот-психиатриялық сараптамалармен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 9 сәуірдегі № 546 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 19 сәуірде № 16780 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 21 сәуірдегі № 5 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Әділет министрінің 21.04.2020 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған "Сот-сараптама қызметімен, оның ішінде сот-медициналық, сот-наркологиялық және сот-психиатриялық сараптамалармен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      3. Сараптама қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және қосу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Әділет министрі
М. Бекетаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және коммуникациялар министрі

      __________________ Д. Абаев

      2018 жылғы 12 сәуір

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрі
2018 жылғы 9 сәуірдегі
№ 546 бұйрығына
1-қосымша

"Сот-сараптама қызметімен, оның ішінде сот-медициналық,сот-наркологиялық және сот-психиатриялық сараптамалармен айналысуға лицензия беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтінің стандарты

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Сот-сараптама қызметімен, оның ішінде сот-медициналық, сот-наркологиялық және сот-психиатриялық сараптамалармен айналысуға лицензия беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi – мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен (бұдан әрi – Министрлiк) әзірленген.

      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен (бұдан әрі – қызмет көрсетуші) көрсетіледі.

      Өтініштердің қабылдануы және мемлекеттік қызметтерді көрсету нәтижелері "электронды үкімет" www.egov.kz веб-порталы арқылы (бұдан әрі – портал)" арқылы жүзеге асырылады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 16.11.2018 № 1538 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі – 6 (алты) жұмыс күн.

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған кезден бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушымен ұсынылған құжаттардың осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес толық емес, зақымданған және (немесе) мерзімі өткен жағдайларда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті қарауды тоқтату туралы жазбаша дәлелді бас тарту береді.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 16.11.2018 № 1538 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Мемлекеттік қызметті көрсетудің нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған).

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 16.11.2018 № 1538 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесi:

      1) сот-сараптама қызметімен, оның ішінде сот-медициналық, сот-наркологиялық және сот-психиатриялық сараптамалармен айналысуға лицензия беру, не осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайлар мен негiздер бойынша мемлекеттiк қызметтер көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауабы;

      2) сот-сараптама қызметімен, оның ішінде сот-медициналық, сот-наркологиялық және сот-психиатриялық сараптамалармен айналысуға лицензияны қайта ресiмдеу, не осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайлар мен негiздер бойынша мемлекеттiк қызметтер көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауабы.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

      Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне", комиссия төрағасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жолданады және сақталады.

      7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) ақылы түрде көрсетiледi.

      Сот-сараптама қызметімен, оның ішінде сот-медициналық, сот-наркологиялық және сот-психиатриялық сараптамалармен айналысуға лицензия беру, қайта ресiмдеу, үшін қызметтiң жекелеген түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым алынады, ол "Салық және бюджетке төленетiн өзге де мiндеттi төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексi) 554-бабына сәйкес мынаны:

      1) лицензия беру кезiнде 6 (алты) айлық есептiк көрсеткiштi (бұдан әрi – АЕК);

      2) лицензияны қайта ресiмдеу үшiн лицензияны беру кезiндегi мөлшерлеменiң 10 %-н құрайды, алайда 4 АЕК-тен аспайды.

      Лицензиялық алымды төлеу қолма-қол және қолма-қол ақшасыз төлем түрiнде екiншi деңгейдегi банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.

      Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алуға портал арқылы электрондық сұрау салу берiлген жағдайда, төлем "электрондық үкiметтiң" төлем шлюзi (бұдан әрi – ЭҮТШ) арқылы немесе екiншi деңгейдегi банктер арқылы жүзеге асырылуы мүмкiн.

      8. Жұмыс кестесi:

      1) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады;

      2) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiнгi түскi үзiлiспен, дүйсенбiден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 16.11.2018 № 1538 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Көрсетілетін қызметті алушы порталға жүгінген кезде мемлекеттік қызметтерді көрсетуге қажетті құжаттардың тізбесі:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қоса тіркелген 1 қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш;

      2) ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын санамағанда, жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электронды көшірмесі;

      3) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қоса тіркелген 2 қосымшаға сәйкес қызмет түріне қойылатын біліктілік талаптар туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны;

      4) қызмет көрсетушіге ұсынардан бір ай бұрын көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жері бойынша, Қазақстан Республикасы бойынша мәліметтер көрсетіле отырып, наркологиялық және психиатриялық ұйымдардан берілген анықтамалардың электронды көшірмелері;

      5) еңбек өтілін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;

      6) жоғары білім туралы дипломның электронды көшірмесі, дипломға қоса берілген қосымшаның электронды көшірмесі.

      Мемлекеттік ақпараттық жүйелермен ақпарат расталған жағдайда 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ұсыну талап етілмейді.

      Лицензияны қайта ресімдеу көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (егер болса) өзгерген жағдайда жүзеге асырылады.

      Көрсетілетін қызметті алушы қайта ресімдеу туралы өтінішті жеке куәлігін ауыстырған күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде тапсырады.

      Портал арқылы лицензияны қайта ресімдеу үшін, көрсетілетін қызметті алушылар мына құжаттарды ұсынады:

      1) ЭСҚ қол қойылған электронды құжат нысанындағы сұрау салу;

      2) ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын санамағанда, жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электронды көшірмесі;

      3) тегінің, атының және әкесінің аты (егер болса) ауыстырылғанын растайтын құжаттың электронды көшірмесі (ақпараттық жүйеде мәлімет болмаған жағдайда);

      4) қызмет көрсетушіге ұсынардан бір ай бұрын көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жері бойынша, Қазақстан Республикасы бойынша мәліметтер көрсетіле отырып, наркологиялық және психиатриялық ұйымдардан берілген анықтамалардың электронды көшірмелері.

      Қызмет көрсетуші жеке басын куәландыратын құжат туралы, адамның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы, лицензия туралы мәліметтерді "электронды үкімет" шлюзі арқылы тиісті ақпараттық жүйелерден алады.

      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының келісімін алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызметке сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 16.11.2018 № 1538 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Көрсетілетін мемлекеттік қызметі көрсетуден бастарту негіздері:

      1) субъектілердің осы санатына Қазақстан Республикасының заңдарымен қызмет түрімен айналысуға тыйым салынса;

      2) қызмет түріне лицензия беруге өтінішті берген кезде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алым төленбесе;

      3) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың және деректердің (мәліметтердің) Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 48 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10309 болып тіркелген) бекітілген сот-сараптама қызметі, соның ішінде сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптамалар саласындағы сот-сараптама қызметiн жүзеге асыру үшiн қойылатын бiлiктiлiк талаптарына және оларға сәйкестiктi растайтын құжаттардың тiзбесiне сәйкес келмеу;

      4) мемлекеттік қызметті алушыға қатысты қызметтің жекелеген түрлерімен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне қатысты сот шешімі болса;

      5) сот орындаушысының ұсынысы негізінде мемлекеттік қызметті алушының лицензияны беруге уақытша тыйым салса.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының, сондай-ақ қызметкерлердің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағымдар осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына: 010000, Астана қаласы, Есiл ауданы, Мәңгілік Ел көшесі, № 8-үй, "Министрлiктер үйi" ғимараты, 13-кiреберiс мекенжайы бойынша беріледі.

      Шағым жазбаша түрде поштамен немесе қолма-қол көрсетілетін қызметті берушеенің кеңсесі, сондай-ақ портал арқылы беріледі. Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қояды, онда оның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), пошталық мекен-жайы көрсетіледі.

      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымның қабылданғанын растау, оны қабылдаған тұлғаның тегі, байланыс деректері, сондай-ақ жауапты алу орны мен мерзімі, лауазымды тұлғалардың байланыс деректері көрсетілген талонды бере отырып тіркеу (мөртабаны, кіріс нөмірі мен күні) болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады. Шағымды қарау нәтижелері көрсетілетін қызметті алушыға пошталық байланыс арқылы жіберіледі немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

      Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының телефоны бойынша алуға болады.

      Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетінен" шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті беруші шағымды өңдеген кезде жаңартылып отырады (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгі, шағымды қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап).

      Көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

      12. Көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

4-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

      13. Алып тасталды – ҚР Әділет министрінің 16.11.2018 № 1538 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.adilet.gov.kz ресми интернет-қорында орналастырылған.

      15. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті ЭЦҚ болған кезде портал арқылы электрондық нысанда алады.

      16. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтағы қолжетімділік режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алады.

      17. Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8-800-080-7777.

  "Сот-сараптама қызметімен,
оның ішінде сот-медициналық,
сот-наркологиялық және
сот-психиатриялық
сараптамалар мен айналысуға
лицензия беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызметінің стандартына
1-қосымша
Нысан

Жеке тұлғаның лицензия және (немесе) лицензияға қосымша алуға өтiнiшi

      _________________________________________________________________________

      (лицензиардың толық атауы)

      _________________________________________________________________________

      (жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда), жеке сәйкестендiру нөмiрi)

      _________________________________________________________________________

      (қызметтiң түрi және (немесе) кiшi түрiнің(-лерi) толықатауы көрсетiлсiн)

      Жеке тұлғаның тұрғылықты мекен жайы

      _________________________________________________________________________

      (пошталық индексi, облысы, қаласы, ауданы,

      _________________________________________________________________________

      елдi мекені, көше атауы, үй/ғимараттың нөмiрi) Электрондық пошта______________

      Телефондары____________________________________________________

      Факс __________________________________________________________

      Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекен жайы__________________________________________________

      (пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі) ______ парақта қоса беріліп отыр.

      Осымен:

      көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кезкелген ақпаратты жіберуге болатындығы; өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрі мен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны; қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады; өтініш беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелер деқамтылған, заң мен қорғалатын құпияны құрайтын қол жетімділігі шектеулідер бес деректерді пайдалануға келісімін береді; өтініш беруші халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерінің өтінішті электрондық цифрлік қолтаңбамен растауына келіседі (халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы жүгінген жағдайда).

      Жеке тұлға __________________________________________________________

      (қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса)

      Мөр орны Толтыру күні: 20__ жылғы"__"_____________

  "Сот-сараптама қызметімен,
оның ішінде сот-медициналық,
сот-наркологиялық және
сот-психиатриялық
сараптамалар мен айналысуға
лицензия беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызметінің стандартына
2-қосымша
  Нысан

Қызмет түріне қойылатын біліктілік талаптары туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер

      ЖСН ______________________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      ______________________________________________________________

      Мынадай нормативтік құқықтық актілер бойынша біліктілік емтихандарын тапсырғанын растайтын біліктілік куәлігінің болуы: Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексі, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі, "Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы:


Тегі, аты, әкесініңаты (бар болса)

ҚазақстанРеспубликасыныңӘділетминистрлігі, және Денсаулық сақтау министрлігінен берген біліктілік куәлігінің/ біліктілік куәлігіне қосымшаның нөмірі

Біліктілік куәлігінің/ біліктілік куәлігінің қосымшасының берілген күні

Сот сараптамасы бойынша мамандығы (біліктілік куәлігі)





















 
  "Сот-сараптама қызметімен,
оның ішінде сот-медициналық,
сот-наркологиялық және
сот-психиатриялық
сараптамалар мен айналысуға
лицензия беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызметінің стандартына
3-қосымша
Нысан

Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге арналған жеке тұлғаның өтiнiші

      _________________________________________________________________

      (лицензиардың толықатауы)

      _________________________________________________________________

      (жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiңаты (болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі)

      _________________________________________________________________

      (қызметтiң түрi және (немесе) кіші түрінің(-лері) толық атауы)

      ________________________________________________________________

      жүзеге асыруға 20___ жылғы" " ______ № ________, _______________

      берілген, (лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаның(лардың) нөмірі(лері), берілген күні, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны(ларды) берген лицензиардың атауы) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны (керектің асты сызылсын) қағазтасығышта ___ (лицензияны қағаз тасығышта алу қажет болған жағдайда Х белгісінқоюкерек) мынадай негіз(дер) бойынша (тиісті жолға Х қою қажет): 1) жеке тұлға лицензиаттың тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) өзгеруі ____________________________

      2) жеке кәсіпкер-лицензиат қайта тіркелген, оның атауы өзгеруі______________________

      3) жеке кәсіпкер-лицензиат қайта тіркелген, оның заңды мекен жайы өзгеруі ________

      4) егер лицензияның иеліктен шығарылатындығы "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына 1-қосымшада көзделген жағдайларда, лицензиат үшінші Тұлғалардың пайдасына объекті мен бірге "объектілерге берілетін рұқсаттар" класы бойынша берілген лицензияны иеліктен шығаруы ________________________________________________

      5) "объектілерге берілетін рұқсаттар" класы бойынша берілген лицензия үшін немесе лицензияға қосымшалар үшін объектілерді көрсете отырып, объект нақты көшірілмей оның орналасқан жерінің мекен жайы өзгеруі _____________________________________________

      6) Қазақстан Республикасының заңдарында қайтар есімдеу туралы талап болған жағдайларда _________________________________________________________________

      7) қызмет түрінің атауыөзгеруі __________________________________

      8) қызметтің кіші түрінің атауы өзгеруі __________________ қайта ресімдеуіңізді сұраймын.

      Жеке тұлғаның тұрғылықты жерінің мекен жайы

      _________________________________________________________________

      (пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат нөмірі)

      Электрондық пошта _____________________________________________

      Телефондары___________________________________________________

      Факс __________________________________________________________

      Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекен жайы______________________________________________________ (пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елдімекені, көшеатауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар нөмірі)

      __________________________________________________ парақта қоса беріліп отыр.

      Осымен:

      көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бастарту мәселелері бойынша кезкелген ақпаратты жіберуге болатындығы; өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрі мен және (немесе) кіші түрі мен айналысуға сот тыйым салмайтыны; қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады; өтініш беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заң мен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді; өтініш беруші халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерінің өтінішті электрондық цифрлік қолтаңбамен растауына келіседі (халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы жүгінген жағдайда).

      Жеке тұлға ____________________________________________________

      (қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты (барболса)

      Мөр орны Толтыру күні: 20__ жылғы"__" ___________

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2018 жылғы 9 сәуірдегі
№ 546 бұйрығына
2-қосымша

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің күші жойылды деп тануға жататын кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Сот-сараптамалық қызмет мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 242 бұйрығы (Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттік тiркеу тiзiлiмiнде № 11188 болып тіркелген, 2015 жылғы 15 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

      2. "Сот-сараптамалық қызмет мәселелері бойынша мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділетминистрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 242 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2016 жылғы 28 ақпандағы № 196 бұйрығы (Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттік тiркеу тiзiлiмiнде № 13798 болып тіркелген, 2016жылғы30 маусымдағы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

      3. "Сот-сараптамалық қызмет мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 242 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 1 наурыздағы № 217 бұйрығы (Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттік тiркеу тiзiлiмiнде № 14903 болып тіркелген, 2017 жылғы 17 наурызда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).