"Сот-сараптамалық қызмет мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 242 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 01 наурыздағы № 217 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2017 жылғы 15 наурызда № 14903 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 9 сәуірдегі № 546 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Әділет министрінің 09.04.2018 № 546 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Сот-сараптамалық қызмет мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 242 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11188 болып тіркелген, 2015 жылғы 15 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Сот-сараптама қызметімен, соның ішінде сот-медициналық, сот-наркологиялық және сот-психиатриялық сараптамалармен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекiту туралы";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сараптама қызметін ұйымдастыру департаменті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің орынбасары Ж.Б. Ешмағамбетовке жүктелсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Сот-сараптама қызметімен айналысу үшін лицензия беру" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартында:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Сот-сараптама қызметімен, оның ішінде сот-медициналық, сот-наркологиялық және сот-психиатриялық сараптамалармен айналысуға лицензия беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. "Сот-сараптама қызметімен, соның ішінде сот-медициналық, сот-наркологиялық және сот-психиатриялық сараптамалармен айналысуға лицензия беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi – мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет).";

      6-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесi – сот-сараптама қызметімен, соның ішінде сот-медициналық, сот-наркологиялық және сот-психиатриялық сараптамалармен айналысуға лицензия беру, қайта ресiмдеу, лицензияның телнұсқасын беру не осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайлар мен негiздер бойынша мемлекеттiк қызметтер көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап беру.";

      7-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Сот-сараптама қызметімен, соның ішінде сот-медициналық, сот-наркологиялық және сот-психиатриялық сараптамалармен айналысуға лицензия беру, қайта ресiмдеу, лицензияның телнұсқасын беру үшін қызметтiң жекелеген түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым алынады, ол "Салық және бюджетке төленетiн өзге де мiндеттi төлемдер туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексi) 471-бабына сәйкес мынаны:";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Бас тарту негіздемелері:

      1) субъектілердің осы санатына Қазақстан Республикасының заңдарымен қызмет түрімен айналысуға тыйым салынса;

      2) қызмет түріне лицензия беруге өтінішті берген кезде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алым төленбесе;

      3) мемлекеттік қызметті алушы біліктілік талаптарына сәйкес келмесе;

      4) мемлекеттік қызметті алушыға қатысты қызметтің жекелеген түрлерімен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне қатысты сот шешімі болса;

      5) сот орындаушысының ұсынысы негізінде мемлекеттік қызметті алушының лицензияны беруге уақытша тыйым салса.";

      11-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Көрсетiлетiн қызметтi берушiлердiң және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша шешiмдерiне, әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану:

      шағым көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысының атына 010000, Астана қаласы, Есiл ауданы, Мәңгілік Ел көшесі, № 8-үй, "Министрлiктер үйi" ғимараты, 13-кiреберiс мекен-жайы бойынша беріледі.";

      11-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Шағымдар жазбаша нысанда пошта арқылы не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi арқылы қолма-қол, сондай-ақ портал арқылы қабылданады.";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк қызмет көрсетудiң тәртiбi және мәртебесi туралы ақпаратты порталдағы "жеке кабинет", сондай-ақ мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс орталығы арқылы 1414, 8 800 080 7777 қашықтықтан қол жеткiзу режимiнде алу мүмкiндiгi бар.";

      1, 2 және 3-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес келесі редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сараптама қызметін ұйымдастыру департаменті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің орынбасары Ж.Б. Ешмағамбетовке жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Әділет министрі
М. Бекетаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ақпарат және коммуникациялар министрі

      _____________ Д. Абаев

      3 наурыз 2017 жыл

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрі

      _____________ Т. Сүлейменов

      6 наурыз 2017 жыл

  Қазақстан Республикасының
Әділет министрінің
2017ж. 1 наурыздағы
№ 217 бұйрығына 1-қосымша
  "Сот-сараптама қызметімен,
соның ішінде сот-медициналық,
сот-наркологиялық және
сот-психиатриялық
сараптамалармен
айналысуға лицензия беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына
1-қосымша
  Нысан

Жеке тұлғаның лицензия және (немесе) лицензияға қосымша алуға
өтiнiшi

      _______________________________________________________________________________

                              (лицензиардың толық атауы)

      _______________________________________________________________________________

      (жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда), жеке сәйкестендiру нөмiрi)

      ________________________________________________________________________________

            (қызметтiң түрi және (немесе) кiшi түрiнің(-лерi) толық атауы көрсетiлсiн)

      жүзеге асыруға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қағаз тасығышта________

      (лицензияны қағаз тасығышта алу қажет болған жағдайда Х белгісін қою керек) беруiңiздi

      сұраймын.

      Жеке тұлғаның тұрғылықты мекенжайы __________________________________________

                                          (пошталық индексi, облысы, қаласы, ауданы,

      ____________________________________________________________________

                  (елдi мекені, көше атауы, үй/ғимараттың нөмiрi)

      Электрондық пошта ___________________________________________________

      Телефондары_________________________________________________________

      Факс ________________________________________________________________

      Банк шоты ___________________________________________________________

                        (шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi)

      Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекенжайы

      ____________________________________________________________________

            (пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат

                              (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)

      ______ парақта қоса беріліп отыр.

      Осымен:

      көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға

      лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері

      бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы; өтініш берушіге қызметтің

      лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны;

      қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып

      табылатындығы расталады; өтініш беруші лицензияны және (немесе) лицензияға

      қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны

      құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді; өтініш

      беруші халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерінің өтінішті электрондық цифрлік

      қолтаңбамен растауына келіседі (халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы жүгінген

      жағдайда).

      Жеке тұлға __________________________________________________________

                        (қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса)

      Мөр орны       Толтыру күні:                        20__ жылғы "__" _________________

  Қазақстан Республикасының
Әділет министрінің
2017ж. 1 наурыздағы
№ 217 бұйрығына 2-қосымша
  "Сот-сараптама қызметімен,
соның ішінде сот-медициналық,
сот-наркологиялық және
сот-психиатриялық
сараптамалармен
айналысуға лицензия беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына 2-қосымша
  Нысан

Қызмет түріне қойылатын біліктілік талаптары туралы
ақпаратты қамтитын мәліметтер

      ЖСН _____________________________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      ________________________________________________________________________________

      Мынадай нормативтік құқықтық актілер бойынша біліктілік емтихандарын

      тапсырғанын растайтын біліктілік куәлігінің болуы: Қазақстан Республикасының

      Қылмыстық-процестік кодексі, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі,

      Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі, "Қазақстан

      Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы:

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі берген біліктілік куәлігінің/ біліктілік куәлігіне қосымшаның нөмірі

Біліктілік куәлігінің/ біліктілік куәлігінің қосымшасының берілген күні

Сот сараптамасы бойынша мамандығы (біліктілік куәлігі)































  Қазақстан Республикасының
Әділет министрінің
2017ж. 1 наурыздағы
№ 217 бұйрығына 3-қосымша
  "Сот-сараптама қызметімен,
соның ішінде сот-медициналық,
сот-наркологиялық және
сот-психиатриялық
сараптамалармен
айналысуға лицензия беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына 3-қосымша
  Нысан

Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны
қайта ресімдеуге арналған жеке тұлғаның өтiнiші

      _______________________________________________________________________________

                              (лицензиардың толық атауы)

      _______________________________________________________________________________

      (жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі)

      ________________________________________________________________________________

            (қызметтiң түрi және (немесе) кіші түрінің(-лері) толық атауы)

      __________________________________________________________________ жүзеге асыруға

      20___ жылғы " " ______ № ________, _______________ берілген, (лицензияны және (немесе)

      лицензияға қосымшаның(лардың) нөмірі(лері), берілген күні, лицензияны және (немесе)

      лицензияға қосымшаны(ларды) берген лицензиардың атауы) лицензияны және (немесе)

      лицензияға қосымшаны (керектің асты сызылсын) қағаз тасығышта ___ (лицензияны қағаз

      тасығышта алу қажет болған жағдайда Х белгісін қою керек) мынадай негіз(дер) бойынша

      (тиісті жолға Х қою қажет):

      1) жеке тұлға-лицензиаттың тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) өзгеруі

      _________________________________________________________________

      2) жеке кәсіпкер-лицензиат қайта тіркелген, оның атауы өзгеруі _____________

      3) жеке кәсіпкер-лицензиат қайта тіркелген, оның заңды мекенжайы өзгеруі ____________

      4) егер лицензияның иеліктен шығарылатындығы "Рұқсаттар және хабарламалар туралы"

      Қазақстан Республикасының Заңына 1-қосымшада көзделген жағдайларда, лицензиат үшінші

      тұлғалардың пайдасына объектімен бірге "объектілерге берілетін рұқсаттар" класы бойынша

      берілген лицензияны иеліктен шығаруы____________________________________________

      5) "объектілерге берілетін рұқсаттар" класы бойынша берілген лицензия үшін немесе

      лицензияға қосымшалар үшін объектілерді көрсете отырып, объект нақты көшірілмей оның

      орналасқан жерінің мекенжайы өзгеруі _____________________________________________

      6) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеу туралы талап болған жағдайларда

      ________________________________________________________________________________

      7) қызмет түрінің атауы өзгеруі _________________________________________

      8) қызметтің кіші түрінің атауы өзгеруі __________________ қайта ресімдеуіңізді сұраймын.

      Жеке тұлғаның тұрғылықты жерінің мекенжайы

      ________________________________________________________________________________

                  (пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы,

                                          үй/ғимарат нөмірі)

      Электрондық пошта ___________________________________________________

      Телефондары_________________________________________________________

      Факс ________________________________________________________________

      Банк шоты ___________________________________________________________

                        (шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi)

      Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің

      мекенжайы______________________________________________________________________

            (пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы,

                              үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар нөмірі)

      _________________________________________________________ парақта қоса беріліп отыр.

      Осымен:

      көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және

      оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту

      мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы; өтініш берушіге

      қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым

      салмайтыны; қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды

      болып табылатындығы расталады; өтініш беруші лицензияны және (немесе) лицензияға

      қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны

      құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді;өтініш

      беруші халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерінің өтінішті электрондық цифрлік

      қолтаңбамен растауына келіседі (халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы жүгінген

      жағдайда).

      Жеке тұлға ____________________________________________________

                        (қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса)

      Мөр орны       Толтыру күні:       20__ жылғы "__" ___________