Қазақстан Республикасы мемлекеттік орман инспекциясы лауазымды адамдарының орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруы жөніндегі қағидаларды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 18-02/59 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 13 наурызда № 10426 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 31 шiлдедегi № 322 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 31.07.2018 № 322 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 13-бабының 1-тармағының 18-37) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы мемлекеттік орман инспекциясы лауазымды адамдарының орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруы жөніндегі қағидалар бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы


Ауыл шаруашылығы министрі

А. Мамытбеков

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Ішкі істер министрі

      _____________ Қ. Қасымов

      2015 жылғы 10 ақпан



  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 30 қаңтардағы
№ 18-02/59 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы мемлекеттік орман инспекциясы лауазымды
адамдарының орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды
молықтыру және орман өсіру саласындағы мемлекеттік бақылау мен
қадағалауды жүзеге асыруы жөніндегі
қағидалар
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасы мемлекеттік орман инспекциясы лауазымды адамдарының орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруы жөніндегі қағидалар (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 13-бабының 1-тармағының 18-37) тармақшасына (бұдан әрі – Орман кодексі) сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы мемлекеттік орман инспекциясы лауазымды адамдарының орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруы тәртібін айқындайды.

      2. Қазақстан Республикасы мемлекеттік орман инспекциясы Орман кодексінің 20-бабының 1-тармағына сәйкес орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру, жануарлар дүниесі мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті (бұдан әрі – Ведомство) мен оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдарынан (бұдан әрі – лауазымды адам) тұрады.

      3. Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды Ведомство мен оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдары жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы орман заңнамасының талаптарын сақтауы мақсатында жүзеге асырады.

2. Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру
және орман өсіру саласындағы мемлекеттік бақылау мен
қадағалауды жүзеге асыру тәртібі

      4. Лауазымды адамдар Орман кодексінің 21-бабының 1-тармағына сәйкес:

      1) ормандарды күзету, қорғау, молықтыру және орман пайдалану жөнiндегi жұмыстар мен iс-шаралардың барлық түрлерiн тексерудi жүзеге асырады;

      2) ормандарда орман шаруашылығын жүргiзумен және орман қоры аумағында орман пайдаланумен байланысты емес жұмыстарды жүргiзген кезде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiптiң сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

      3) Қазақстан Республикасының орман заңдары, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңдары саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасайды;

      4) мынадай:

      Қазақстан Республикасының орман заңнамасы бұзылған жағдайда кінәлі тұлғаларды әкімшілік жауаптылыққа тарту туралы;

      сот шешімі шығарылғанға дейін уақытша сақтау үшін алынған орман ресурстарын, көлік құралдарын, оларды алу құралдарын алып қою туралы қаулылар шығарады;

      5) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдалану құқығын тоқтата тұрады, шектейді, тоқтатады;

      6) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жеке және заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының орман заңдарын, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңдарын бұза отырып мемлекеттiк орман қорына келтiрiлген залалды өтеу туралы талаптар қояды;

      7) тиiстi мемлекеттiк органдардың басшыларына Қазақстан Республикасының орман заңнамасын, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсімін молайту мен пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңнамасын бұзуға жол берген лауазымды адамдарды жауапқа тарту жөнiнде ұсыныс енгiзеді;

      8) заңсыз қолға түсірілген орман ресурстарын, көлік құралдарын және құқық бұзушылықтарды жасау құралдары болып табылатын өзге де заттарды алып қояды, сот шешімі шығарылғанға дейін олардың сақталуын қамтамасыз етеді.

      5. Лауазымды адамның Қазақстан Республикасы орман заңнамасы талаптарының сақталуын тексеруі ведомствоның немесе оның аумақтық бөлімшесінің басшысы шығаратын тексеру тағайындау туралы бұйрықтың негізінде жүзеге асырылады.

      6. Мемлекеттік бақылау мен қадағалауды лауазымды адам Орман кодексінің 21-бабының 2-тармағына сәйкес:

      1) орман шаруашылығы iс-шараларының орындалу сапасын және олардың мемлекеттiк орман қоры учаскелерiндегi орман орналастыру жобаларына сәйкестiгiн;

      2) орман қорының сандық және сапалық өзгерiстерiн, орманның санитариялық жай-күйiн, ормандағы ағаштардың патологиялық жағдайын;

      3) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман ресурстарын орман пайдалануға беру тәртібін және ұзақ мерзімді орман пайдалану шарттарының сақталуын;

      4) ормандарда өрт қауiпсiздiгi талаптарының, ормандағы өрттердiң алдын алу жөнiндегi, оларды дер кезiнде байқау мен жоюды қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шаралардың орындалуын, сондай-ақ өртеңдер алаңының есебiн жүргiзудiң дәлдiгiн және мемлекеттiк орман қорына өрттен келген нұқсанды анықтау, орман өрттерiнiң зардаптарын жою жөнiндегi шаралардың уақтылы қабылдануын;

      5) ормандарды орман зиянкестері мен ауруларынан қорғау жөнiндегi iс-шаралардың орындалуын, орман зиянкестерi мен аурулары ошақтарының пайда болуының, таралуының, екпелердiң табиғи, антропогендік және техногендік сипаттағы қолайсыз әсерлерден қурап-солып қалуының алдын алу жөнiндегi шаралардың дер кезiнде қабылдануын, олардың есебiн жүргiзу мен болжаудың дәлдiгiн;

      6) кеспеағаш аймағын бөлiп беруді;

      7) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде сүректі түбiрiмен босату және ағаш кесу ережелерiнiң, орман пайдаланудың өзге де ережелерiнiң сақталуын;

      8) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар ормандарындағы күзет режимдерінің сақталуын;

      9) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман тұқымдарының аудандастырылуының, орман тұқымдарының дайындалуының, өңделуінің, сақталуының және пайдаланылуының орындалуын, питомник шаруашылығының жүргiзілуін;

      10) орман қоры жерлерiнiң олардың нысаналы қызметiне сәйкес пайдаланылуын және осы жерлердiң қорғалуын;

      11) құрылыс жұмыстары, пайдалы қазбаларды өндiру, коммуникацияларды тарту және орман шаруашылығын жүргiзумен және орман пайдаланумен байланысты емес өзге де жұмыстарды орындау кезiнде мемлекеттiк орман қорын пайдалану тәртiбiнiң сақталуын;

      12) Қазақстан Республикасының орман заңдарының, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңдарының өзге де талаптарының орындалуын тексеру арқылы жүзеге асырады.

      7. Лауазымды адам орман заңнамасының бұзылуын байқаса, орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру саласында жеке және заңды тұлғалар жүргізіп жатқан жұмыстар мен іс-шараларды тексеруді, сондай-ақ мемлекеттік орман қорының аумағында орман шаруашылығын жүргізумен және орман пайдаланумен байланысты емес жұмыстар жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіптің сақталуына бақылауды жүзеге асырады.

      8. Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру нәтижелері бойынша лауазымды адам субъектінің немесе оның заңды өкілінің қатысуымен:

      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасы орман заңнамасының сақталуын тексеру актісін (бұдан әрі – тексеру актісі) жасайды.

      Тексеру актісінің бір данасы, тексеріліп отырған субъектіде түпнұсқасы бар құжаттардың көшірмелерін қоспағанда, танысу және анықталған тәртіп бұзушылықтарды (олар анықталған жағдайда) жою жөнінде шаралар қолдану және басқа да әрекеттер жасау үшін тексеріліп отырған субъектіге немесе оның заңды өкіліне тапсырылады;

      2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасы орман заңнамасының анықталған тәртіп бұзушылықтарын жою бойынша екі данада ұйғарым (бұдан әрі – ұйғарым) жасайды, ол ұйғарымда белгіленген мерзімде орындау үшін міндетті болып табылады.

      Ұйғарымның бір данасы танысу және анықталған тәртіп бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қолдану үшін тексеріліп отырған субъектіге немесе оның заңды өкіліне тапсырылады.

      Анықталған тәртіп бұзушылықтар ұйғарымда көрсетілген мерзімде жойылмаған жағдайда тексеріліп отырған субъектіге 2014 жылғы 5 шілдедегі "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес шаралар қолданылады.

      9. Профилактикалық-алдын алу сипатындағы рейділік іс-шараларды жүзеге асыру кезінде лауазымды адам тәртіп бұзушылық анықталған жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық туралы анықтама, ұйғарым және (немесе) іс қозғалмайтын қорытынды жасайды, бірақ тексеріліп отырған субъектіге оны жою тәртібін міндетті түрде түсіндіреді.

      10. Лауазымды адам:

      1) мемлекеттік орман қорының аумағында:

      ағаштың заңсыз кесілу фактісі;

      ағаштар мен бұталардың жойылуы немесе зақымдануы;

      орман тұқымбақтары мен плантацияларда орман ағаштарының, қалемшелердің, көшеттердің, табиғи өскен жас талдардың, ормандарды молықтыру мен орман өсіруге арналған алқаптарда өркендердің, тұқымнан өсіп шыққан шыбықтардың жойылуы немесе зақымдануы;

      отқа абай болмау салдарынан немесе өзге аса қауіптілік көзінен ағаштар мен бұталардың жойылуы немесе зақымдануы бойынша тәртіп бұзушылықтар;

      2) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда:

      ерекше қорғалатын табиғи аумақ режимінің бұзылуы;

      мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектісінің қасақана зақымдалуы немесе жойылуы бойынша тәртіп бұзушылықтар байқалған жағдайда материалдарды дереу құқық қорғау органдарына береді.

      11. Ведомствоның аумақтық бөлімшелері шешімдерге шағымданудың және оларды орындаудың қолданыстағы мерзімдерін ескере отырып, анықталған Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзу фактілері бойынша материалдардың әртүрлі инстанцияларда орындалуына және өтуіне мониторинг жүргізеді.

      12. Тәртіп бұзушылықтарды есепке алу, тәртіп бұзудың саны, түрлері және орындары бойынша олардың үрдісін талдау мақсатында осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзушылықтарды, алынып қойылған табиғатты заңсыз пайдалану құрал-саймандары мен заңсыз олжаланған орман ресурстарын тіркеу журналы жүргізіледі.

  Қазақстан Республикасы
мемлекеттік орман инспекциясы
лауазымды адамдарының орман қорын
күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды
молықтыру жән орман өсіру саласындағы
мемлекеттік бақылау мен қадағалауды
жүзеге асыруы жөніндегі қағидаларға
1-қосымша

      Нысан

      _____________________________________________________________________

      (орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган ведомствосының немесе

      оның аумақтық бөлімшесінің атауы)

      _____________________________________________________________________

      (пошталық мекенжайы, телефоны, телефаксы)

Қазақстан Республикасы орман заңнамасының сақталуын тексеру
актісі

      № _________

      _____________________________________________________________________

      (объектінің орналасқан жері)

      20__ жылғы "___"______________.

      Мен, мемлекеттік орман инспекциясының лауазымды адамы:

      _____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болса)

      _____________________________________________________________________

      (бұйрықтың немесе басқа нормативтік құжаттың негізінде)

      Қазақстан Республикасы Орман кодексінің талаптарына сәйкес __________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (тексерілетін субъектінің атауы, пошталық мекенжайы, (тұрғылықты жері)

      _____________________________________________________________________

      (тексерілетін субъектінің не басшының тегі, аты, әкесінің аты (болса)

      _____________________________________________________________________

      орналасқан жері _____________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      телефоны:_____________________ факсы: _______________________________

      Қазақстан Республикасы орман заңнамасының сақталуына тексеру жүргіздім.

      Тексеру _____________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (болса)

      қатысуымен өткізілді, оған __________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (тексерілетін субъекті өкілінің лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты

      (болса)

      _____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________ қатысты.

      Тексеру кезінде мыналар анықталды: __________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      қолдары: ____________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болса)

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      ____________ данада ________________________________ парақта жасалды.

      бірінші дана ________________________________________________________

      екінші дана _________________________________________________________

      үшінші дана__________________________________________________________

      Актімен таныстым және бір данасын алдым 20__ жылғы "___" ____________

      Тексерілетін субъектінің өкілі не басшысы: __________________________

      _____________________________________________________________________

      (қолы, тегі, аты, әкесінің аты (болса))

      Тіркеу нөмірі _______________________________________________________

  Қазақстан Республикасы
мемлекеттік орман инспекциясы
лауазымды адамдарының орман қорын
күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды
молықтыру жән орман өсіру саласындағы
мемлекеттік бақылау мен қадағалауды
жүзеге асыруы жөніндегі қағидаларға
2-қосымша

      Нысан

      _____________________________________________________________________

      (орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган ведомствосының немесе

      оның аумақтық бөлімшесінің атауы)

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (пошталық мекенжайы, телефоны, телефаксы)

      20__ жылғы "___" _______________.

      Тексеріліп отырған субъектіге: ______________________________________

      _____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болса))

Қазақстан Республикасы орман заңнамасының анықталған
бұзушылықтарын жою бойынша
ұйғарым № ________

      20__ жылғы "___"_______ №___ Қазақстан Республикасы орман

      заңнамасының сақталуын тексеру актісі негізінде мынадай іс-шараларды

      орындауға ҰЙҒАРЫМ ЖАСАЙМЫН:

Р/с

Ұйғарымның мазмұны

Орындау мерзімі





























      Осы ұйғарым міндетті түрде орындалуға жатады.

      Тексерілетін субъект Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің немесе оның аумақтық бөлімшесінің атына (керегі сызылсын) осы ұйғарымның орындалуы туралы ақпарат жіберсін. Ұйғарымның орындалмауы немесе тиісті дәрежеде орындалмауы үшін кінәлі тұлға 2014 жылғы 5 шілдедегі "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексіне сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тартылуы мүмкін.

      Уәкілетті лауазымды адам ____________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      20__ жылғы "__" _____________

      Ұйғарымды алдым: ____________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (тексерілетін субъект өкілінің не басшысының қолы, тегі, аты,

      әкесінің аты (болса)

      20__ жылғы "__" _______________

      Тіркеу нөмірі _________________

  Қазақстан Республикасы
мемлекеттік орман инспекциясы
лауазымды адамдарының орман қорын
күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды
молықтыру және орман өсіру саласындағы
мемлекеттік бақылау мен қадағалауды
жүзеге асыруы жөніндегі қағидаларға
3-қосымша

      Нысан

Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзушылықтарды,
алынып қойылған табиғатты заңсыз пайдалану құралдарын және
заңсыз олжаланған орман ресурстарын тіркеу
журналы

р/с

Хаттама жасалған күн, хаттама жасаған адамның тегі, және аты-жөні

Тәртіп бұзушылықты анықтауға және болдырмауға қатысқан адамдардың тегі және аты-жөні

Тәртіп бұзушының тегі және аты-жөні (лауазымды адам үшін – лауазымы және ұйымның атауы)

Тәртіп бұзушылық жасалған және дайындалған жер (субъектінің атауы, орам №)

Тәртіп бұзудың мән-жайы

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы қаулының нөмірі және күні

1

2

3

4

5

6

7









      Журналдың жалғасы:

Айыппұл сомасы, теңге

Залал сомасы теңге

Заңсыз олжаланған орман ресурстарының құны, теңге

Табиғатты заңсыз пайдалану құралдары мен заңсыз олжаланған орман ресурстары алынды

Сақтауға қайда тапсырылды (қабылдау актісінің № және күні)

Табиғатты заңсыз пайдалану құралдары мен заңсыз олжаланған орман ресурстары тәркіленді

салынды

өндіріп алынды

берілді

Өндіріп алынды

Құрал түрлері және орман ресурстарының атаулары

Саны және олардың құны

Құрал түрлері және орман ресурстарының атаулары

Саны және олардың құны

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17












      Журналдың жалғасы:

Табиғатты заңсыз пайдалану құралдары мен заңсыз олжаланған орман ресурстары қайтарылды

Табиғатты заңсыз пайдалану құралдары мен заңсыз олжаланған орман ресурстары өткізілуге берілді

Табиғатты заңсыз пайдалану құралдары мен заңсыз олжаланған орман ресурстарын өткізуден бюджетке түсті, мың теңге

Табиғатты заңсыз пайдалану құралдары мен заңсыз олжаланған орман ресурстары қалды (саны/құны)

Құрал түрлері және орман ресурстарының атаулары

Саны және олардың құны

Құрал түрлері және орман ресурстарының атаулары

Саны және олардың құны

Құрал түрлері және орман ресурстарының атаулары

Саны және олардың құны

18

19

20

21

22

23

24