Ормандағы өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1726 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 24 ақпандағы № 105 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 24.11.2015 № 941 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 224 бұйрығы.

      «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 21 шілдедегі Заңының 19-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) Арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясын басқару үшін тұлғаларға конкурстық iрiктеуді жүргiзу қағидалары;
      2) арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясын басқару үшін тұлғаларға қойылатын талаптар бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2011 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 1723 қаулысымен   
бекітілген      

Арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясын басқару үшін тұлғаларға конкурстық iрiктеуді жүргiзу қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясын басқару үшін тұлғаларға конкурстық iрiктеуді жүргiзу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 21 шілдедегі Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және егер Қазақстан Республикасы Президентінің арнайы экономикалық аймақ құру туралы актісінде өзгеше белгіленбесе, дауыс беру акцияларының елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі орталық немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының бастамасы бойынша құрылған арнайы экономикалық аймақтың басқару компаниясын басқару үшін тұлғаларға конкурстық іріктеуді ұйымдастыру және өткізу тәртібін айқындайды. Атқарушы органның басшысы ретінде тұлғаны не мемлекеттік емес заңды тұлғалардың бастамасы бойынша құрылған арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясының атқарушы органы функциясын жеке дара орындайтын тұлғаны сайлау «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) арнайы экономикалық аймақ – қызметтiң басым түрлерiн жүзеге асыру үшiн арнайы экономикалық аймақтың арнайы құқықтық режимi қолданылатын, дәл белгiленген шекаралары бар Қазақстан Республикасы аумағының бiр бөлiгi;
      2) уәкiлеттi орган – арнайы экономикалық аймақтарды құру, олардың жұмыс iстеуi және таратылуы саласындағы мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
      3) басқарушы компания – арнайы экономикалық аймақтың жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету үшiн Заңға сәйкес акционерлiк қоғам ұйымдық-құқықтық нысанында құрылатын заңды тұлға;
      4) конкурсқа қатысушылар – арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясын басқару үшін тұлғаларды іріктеу конкурсына қатысуға өтінім берген жеке тұлғалар.
      3. Конкурстың мәні атқарушы органның басшысын сайлау үшін жеке тұлғаларды не арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясы атқарушы органының функциясын жеке дара орындаушы тұлғаларды іріктеу болып табылады.
      4. Конкурстық іріктеу ашық болып табылады және Қазақстан Республикасының Президентіне арнайы экономикалық аймақ құру туралы ұсыным енгізілген күннен бастап күнтізбелік алпыс күн ішінде жүзеге асырылады.
      5. Басқарушы компанияны басқару үшін тұлғаларды іріктеуге арналған конкурстық комиссияны (бұдан әрі – Конкурстық комиссия) уәкілетті орган тиісті мүдделі мемлекеттік органдармен және басқарушы компанияның құрылтайшыларымен бірлесе отырып құрады. Конкурстық комиссияның құрамын уәкілетті орган конкурсқа қатысу үшін өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде бекітеді.

2. Басқарушы компанияны басқару үшін тұлғаларға конкурстық іріктеу жүргізудің тәртібі

      6. Уәкілетті орган арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясын басқару үшін тұлғаны іріктеу бойынша конкурс өткізу туралы және қатысушылар конкурсқа қатысуға өтініш беретін күнтізбелік жиырма күннен аспайтын мерзім туралы хабарландыруды қазақ, орыс және басқа тілдерде республикалық және халықаралық деңгейде басылатын бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ уәкілетті органның ресми веб-сайтында орналыстырады.
      7. Уәкілетті орган қажет болған кезде конкурсқа қатысуға өтінім беру мерзімін бұрын белгіленген мерзім аяқталғанға дейін күнтізбелік бес күннен кешіктірмей күнтізбелік он күнге дейін ұзартуы мүмкін.
      8. Басқарушы компанияны басқару үшін тұлғаларды конкурстық іріктеу рәсімі мынадай екі кезеңнен тұрады:
      1) уәкілетті органның конкурсқа қатысу туралы өтінімдердің басқарушы компанияларды басқару үшін тұлғаларға қойылатын талаптарға сәйкестігін қарауы;
      2) Конкурстық комиссияның конкурстың екінші кезеңіне қатысуға жіберілген қатысушылардың конкурстық ұсыныстарын қарауы және олармен сұхбаттасу жүргізуі, оның қорытындысы бойынша Басқарушы компанияны басқарудың атқарушы органына сайлау үшін ұсынылған тұлғаларды айқындау жүзеге асырылады.
      9. Конкурсқа қатысуға мынадай жеке тұлғалар жіберілмейді:
      1) заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар адамдар;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оны мәжбүреп тарату туралы немесе банкрот деп тану туралы шешім қабылданғанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде бұрын директорлар кеңесінің бірінші басшылары, басқарманың бірінші басшылары (атқарушы органның функцияларын жеке дара жүзеге асырған адамдар) және олардың орынбасарлары, бас бухгалтерлері, акционерлік қоғамның орналастырылған (дауыс беретін) акцияларының жалпы санының он және одан артық пайызы мөлшеріндегі акцияларды иеленуші, пайдаланушы, билік етуші акционер болғандар.
      Көрсетілген шарт осы шешім қабылданған күннен кейін бес жыл бойы қолданылады;
      3) арнайы экономикалық аймақтың қазіргі қатысушыларына қатысы бойынша афилиирленген тұлғалар болып табылатындар.
      10. Басқарушы компанияны басқаруға арналған тұлғаларды іріктеу конкурсына қатысу үшін қатысушылар уәкілетті органға мынадай құжаттарды тапсырады:
      1) электронды және қағаз тасығыштарда осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысуға қатысушы толтырған және қол қойған өтінім;
      2) жеке куәліктің және/немесе паспорттың нотариалды расталған көшірмелері не салыстырып тексеру үшін түпнұсқа ұсынылған кезде көшірмелері;
      3) конкурсқа қатысушының еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі не салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы ұсынылған кезде оның көшірмесі;
      4) жоғарғы оқу орнын бітіргендігі туралы дипломның, сондай-ақ бар болса, магистрлық немесе докторлық бағдарламаларды аяқтағандығы туралы дипломның нотариалды куәландырылған көшірмесі не салыстырып тексеру үшін түпнұсқа ұсынылған кезде көшірмелері;
      5) бар болса, сертификаттардың және басқа да наградалардың көшірмелері;
      6) соттылықтың бар/жоғын растайтын құжат;
      7) бар болса ұсыным хаттар;
      8) құжаттар шетел тілдерінде ұсынылған кезде қосымша мемлекеттік немесе орыс тілдерінде нотариалды куәландырылған аудармасы қоса беріледі.
      Сондай-ақ, қатысушы басқарушы компанияны басқару үшін тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптарын сәйкестігін растайтын басқа да құжаттарды қоса бере алады.
      11. Конкурсқа қатысушы конкурсқа қатысуға өтінім берген кезде уәкілетті орган:
      1) өтінім берілген күні оны өтінімдерді тіркеу журналында тіркейді;
      2) ұсынылған құжаттар пакетінің толықтығын, олардың осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген құжаттар тізбесіне сәйкестігін тексереді;
      3) ұсынылған құжаттар осы Қағидалардың 10-тармағында белгіленген тізбесіне сәйкес болмаған жағдайда өтінімді ол берілген күні қайтарады. Өтінімді қайтару конкурсқа қатысушыны жіберілген кемшіліктерді жойғаннан кейін уәкілетті органға өтініммен қайта жүгіну құқығынан айырмайды.
      12. Конкурсқа қатысушы ұсынған барлық құжаттар тізімдеме бойынша қабылданады, оның көшірмесі уәкілетті органның құжатты қабылдаған күні туралы белгі сала отырып, өтінім берушіге жіберіледі (табысталады).
      13. Өтінім мен конкурсқа қатысушы ұсынған құжаттардың талап етілген біліктілік талаптарына сәйкессіздігін және оларда көрсетілген деректердің дұрыстығын уәкілетті органның қарау мерзімі конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталған күннен бастап күнтізбелік жиырма күнді құрайды.
      14. Осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген ұсынылған құжаттардың қорытындысы бойынша уәкілетті орган айқындаған, конкурстың екінші кезеңінде қатысуға жіберілген қатысушылар тізімін конкурсқа қатысуға өтінімді қабылдау мерзімі аяқталған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде уәкілетті орган бекітеді және уәкілетті органның ресми веб-сайтында жарияланады.
      15. Конкурстың екінші кезеңіне өтпей қалған қатысушыларға қатысушылар тізімі ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік бес күн ішінде конкурсқа одан әрі қатыстырудан дәлелді бас тарту жолданады.
      16. Конкурстың екінші кезеңіне жіберілген конкурсқа қатысушылар уәкілетті органның ресми веб-сайтында конкурстың екінші кезеңіне өткен қатысушылар тізімі ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік бес күн ішінде Конкурстық комиссияның қарауына одан әрі шығару үшін мемлекеттік органға еркін нысандағы конкурстық ұсыныстарды ұсынады, ол мыналарды қамтиды:
      1) АЭА қызметінің мамандану бейіні ескерілген жұмыс тәжірибесі жазылған анықтама;
      2) АЭА даму стратегиясының пайымдауы;
      3) АЭА даму тетігі және/немесе схемасы;
      4) АЭА-ға инвесторларды тарту тәсілдері;
      5) күтілетін нәтижелер (сапалық және сандық көрсеткіштер);
      6) мемлекеттің АЭА басқарушы компанияларына құрылтайшылары мен қатысушыларының мүдделерін ескере отырып, басқару шешімдерін қабылдау және қолдануы жоспарланған әзірлеу тәсілдері.
      17. Конкурстық комиссия сұхбаттасу жүргізеді және конкурстық ұсыныстарды қабылдау аяқталған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде ұсынылған конкурстық ұсыныстарды қарайды. Конкурстық комиссияның шешімі конкурстық ұсыныстарды қабылдау аяқталған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде өткізілген конкурстың қорытындысы жөніндегі хаттамамен ресімделеді. Хаттамаға Конкурстық комиссияның отырысына қатысқан мүшелерінің барлығы қол қояды.
      18. Конкурстық комиссия отырыстар өткізеді және егер оның отырысында оның мүшелерінің жалпы санының үштен екісі қатысқан болса, шешім қабылдайды, бұл ретте конкурстық комиссияның әр мүшесі бір дауысқа ие. Конкурстық комиссияның шешімі отырысқа қатысқан мүшелер санының көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда, конкурстық комиссия төрағасының дауысы шешуші болып саналады.

3. Өткізілген конкурстың қорытындысын шығару

      19. Уәкілетті орган Конкурстық комиссия хаттамаға қол қойған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органның ресми веб-сайтында конкурс нәтижелері туралы хабарлайды.
      20. Акционерлік қоғамдар туралы заңнамада белгіленген тәртіппен Конкурс қорытындысы бойынша жеңімпаз болып танылған конкурсқа қатысушы атқарушы органның басшысы немесе арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясы атқарушы органының функцияларын жеке дара орындаушы тұлға ретінде сайлауға ұсынылады.
      21. Конкурсқа қатысуға басқарушы компанияны басқару үшін адамдарға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін әлеуетті екі адамнан кем қатысқан жағдайда Конкурс өткізілмеген болып танылады.
      22. Конкурс өткізілмеген болып танылған жағдайда уәкілетті орган конкурс өткізілмеді деп танылған күннен бастап екі айдан кейін конкурсты қайта өткізу туралы хабарлайды.

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2011 жылғы 30 желтосандағы
№ 1723 қаулысымен   
бекітілген      

Арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясын басқару
үшін тұлғаларға қойылатын талаптар

      Басқарушы компанияны басқару үшін тұлғаларға қойылатын талаптар:
      1) жоғары білімінің болуын қамтиды. Өзге де тең жағдайларда артықшылық Басқарушы компанияның негізгі қызметіне және арнайы экономикалық аймақтың салалық бағытына (экономика, қаржы, басқару (менеджмент) саласындағы және арнайы экономикалық аймақтың салалық бағытына сәйкес келетін басқа салаларда (магистр, ғылым кандидаты/докторы, PhD дәрежесі) сай келетін салаларда қосымша білімі бар үміткерлерге берілуі тиіс;
      2) арнайы экономикалық аймақтарды басқару не арнайы экономикалы  аймақтың тиісті салалық бағытына сай келетін белгілі бір жобаларды іске асыру бойынша кемінде 3 (үш) жыл жұмыс тәжірибесі және/немесе ірі компанияларда, оның ішінде: компанияның негізгі қызметіне сәйкес келетін листингтік/жария компанияларда басшы лауазымдарда кемінде 3 (үш) жыл жұмыс тәжірибесінің болуын қамтиды.

Басқарушы компанияны басқару
үшін тұлғаларды конкурстық 
іріктеу жүргізу қағидаларына,
сондай-ақ оларға қойылатын 
талаптарға қосымша    


 
 
 

фотосуреттiң орны

Конкурсқа қатысуға арналған
өтінім

      _____________________________________________________________
      (кандидаттың тегі, аты, бар болса - әкесiнiң аты көрсетіледі)
      _____________________________________________________________
                      (Басқарушы компанияның атауы)
      1. Жалпы мәлiметтер

Туған күнi және орны


Азаматтығы


Жеке басын куәландыратын құжаттың деректерi


      2. Бiлiмi:

Оқу орнының атауы

Түскен уақыты - бiтiрген уақыты

Мамандығы

Бiлiмi туралы дипломның деректемелерi, бiлiктiлiгi

Оқу орны орналасқан жер

1.






      3. Ерi (зайыбы), жақын туыстары (ата-анасы, аға-iнiсi, апа-сiңлi-қарындасы, балалары) және жекжаттары (ерiнiң (зайыбының) ата-анасы, аға-iнiсi, апа-сiңлi-қарындасы, балалары) туралы мәлiметтер:

Тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса)

Туған
жылы

Туыстық қатынастары

Жұмыс орны және лауазымы

1.





      4. Кандидаттың заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы және акцияларын иеленуi туралы мәлiметтер:

Заңды тұлғаның атауы және орналасқан жерi

Заңды тұлға қызметiнiң жарғылық түрi

Жарғылық капиталдағы қатысу үлесi немесе кандидатқа тиесiлi акциялар санының заңды тұлғаның дауыс беретiн акцияларының жалпы санына арақатынасы (пайызбен)

1.




      5. Соңғы үш жылдағы бiлiктiлiгін арттыру жөнiндегi семинарлардан, курстардан өткені туралы мәлiметтер:

Ұйымның атауы

Өткiзілген күнi және орны

Сертификат деректемелерi

1.




      6. Еңбек қызметi туралы мәлiметтер.
      Бұл тармақта:
      кандидаттың барлық еңбек қызметiндегi атқарған лауазымдары туралы;
      осы ұйымның мекенжайы және байланыс телефоны көрсетiлген, осы мәліметтерді берген күнi кандидат басқа ұйымдарда атқарған лауазымдары туралы мәлiметтер көрсетiледi.

Жұмыс кезеңi (күнi, айы, жылы)

Жұмыс орны

Лауазымы

Тәртiптiк
жазасының
болуы

Қызметтен шығу,
босатылу себептерi

1.






      7. Қолда бар жарияланымдары, ғылыми әзiрленiмдері және басқа да жетiстiктерi:________________________________________________________
          (иә/жоқ, бар болған жағдайда күнiн, басылымдарды көрсету)
      _______________________________________________________________
      8. Кандидаттың бұрын банкрот деп танылған не лицензиясынан айыру, ерiксiз тарату, консервациялау, акцияларды мәжбүрлеп сатып алу туралы шешiм қабылданған қаржы ұйымының басшы қызметкерi болғаны туралы мәлiметтер:__________________________________________________
      ______________________________________________________________
  (иә/жоқ, ұйымның атауы, лауазымы, жұмыс кезеңi көрсетiлсiн)
      9. Қадағалау органдарының заңнаманы бұзғаны үшiн қызметтiк мiндеттерiн орындаудан шеттетуi туралы деректердiң болуы:
     _______________________________________________________________
     _________________________________________________________
    (иә/жоқ, күнiн, қолдану негiздерi мен қадағалау органының атауы көрсетiлсiн)
      10. Кандидат арнайы экономикалық аймақта жұмыс істеп жатқан қатысушыларға қатынасы бойынша афилиирленген тұлға болып табылатын-табылмайтын туралы мәлімет
     ______________________________________________________________
                              (иә/жоқ)
      Осы ақпаратты мен тексердiм және оның толық әрі дұрыс болып табылатындығын растаймын.
      Тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса)____________________________
                                             (баспа әрiптерiмен)

Конкурсқа қатысушы толтырады:
Мен ___________________________________
(тегi, аты, бар болса – әкесiнiң аты
____________________________________________
Осы Қағидаларда көрсетілген талаптарға сәйкес келетінімді растаймын

      Күнi ____________________ Қолы _______________________