1928 жылғы 22 қарашада Парижде жасалған Халықаралық көрмелер туралы конвенция (бұдан әрі – Конвенция), Конвенцияға өзгерістер енгізу туралы 1948 жылғы 10 мамырда Парижде жасалған Хаттама, Конвенцияның 4-бабына өзгерістер енгізу туралы 1966 жылғы 16 қарашада Парижде жасалған Хаттама, Конвенцияға өзгерістер енгізу туралы 1972 жылғы 30 қарашада Парижде жасалған Хаттама, Конвенцияға 1982 жылғы 24 маусымда қабылданған Түзету және Конвенцияға 1988 жылғы 31 мамырда қабылданған Түзету ратификациялансын.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Назарбаев
СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕЛЕР ТУРАЛЫ КОНВЕНЦИЯ ПАРИЖ 1928 ЖЫЛҒЫ 22 ҚАРАША ПАРИЖ ҰЛТТЫҚ БАСПАХАНА 1928 ЖЫЛ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕЛЕР ТУРАЛЫ КОНВЕНЦИЯ ПАРИЖ, 1928 ЖЫЛҒЫ 22 ҚАРАША
Төменде қол қойған, төменде тізбеленген Үкіметтердің тиісінше уәкілеттік берілген адамдары 1928 жылғы 12 - 22 қараша аралығында Парижде Конференцияда жиналып, ортақ келісім және ратификациялау шартымен төмендегілер туралы уағдаласты:
БІРІНШІ БӨЛІМ.
АНЫҚТАМАЛАР.
Бірінші бап.
Осы Конвенцияның ережелері тек ресми немесе ресми түрде танылған халықаралық көрмелерге қолданылады.
Қандай да бір атаумен аталатын кез келген экспозиция ресми немесе ресми түрде көрме халықаралық деп танылан деп есептеледі, оған басқа елдер дипломатиялық арналар арқылы шақырылады, әдетте, оның мерзімдік сипаты жоқ және ол әртүрлі елдер өндірістің бір немесе бірнеше саласында қол жеткізген табыстарды көрсету мақсатын көздейді, сондай-ақ мәні бойынша көрме үй-жайына кірген кезде сатып алушылар немесе келушілер арасында ешқандай айырмашылық болмайды.
Көрсетілген Конвенция ережелерінің қолданылу аясына мыналар:
1. Ұзақтығы үш аптадан аз көрмелер;
2. Ұзақтығы 1-тармақта көзделген ұзақтықтан аспайтын жағдайда халықаралық конгрестерге байланысты ұйымдастырылған ғылыми көрмелер;
3. Бейнелеу өнері көрмелер;
4. Бір ғана ел екінші елде соңғысының шақыруы бойынша ұйымдастырған көрмелер жатпайды.
Уағдаласушы елдер осы Конвенцияның қолданылу аясында бола тұра, онда көзделген міндеттемелерін орындамаған халықаралық көрмелерге қамқорлық көрсетуден және мемлекеттік субсидиялардан, сондай-ақ төмендегі III, IV және V бөлімдерде көзделген басқа да артықшылықтардан бас тартуға келісті.
2-бап.
Егер көрмеде бірнеше өнеркәсіп салаларындағы адам еңбегінің бұйымдарына қойылса және ол белгілі бір салада, мысалы, гигиена, қолданбалы өнер, қазіргі заманғы жайлылық, колонияларды дамыту сияқты және т.б. салаларда қол жеткізілген барлық табыстарды көрсету мақсатында ұйымдастырылса, ол әмбебап болып табылады.
Егер көрме қандай да бір қолданбалы ғылым саласына (электр, оптика, химия және т.б.), қандай да бір техника саласына (тоқыма, металлургия, графикалық өнер және т.б.), қандай да бір шикізат түріне (қатты және жұмсақ тері, жібек, никель және т.б.) немесе қажеттіліктің қандай да бір негізгі түрлерінің біріне (жылу беру, тамақтану, көлік және т.б.) арналса, ол мамандандырылған болып табылады; мұндай көрме ұлттық павильондарсыз ұйымдастырылуға тиіс.
10-бапта көзделген Халықаралық Бюро көрмелердің жіктемесін құратын болады, оны алдыңғы абзацқа сәйкес мамандандырылған көрмеге қатысуы мүмкін кәсіптер мен экспонаттарды айқындау үшін басшылыққа алу қажет. Бұл тізбе жыл сайын қайта қаралуы мүмкін.
Ескерту. 2-бап жаңа редакцияда - ҚР 16.04.2014 № 193-V Заңымен.
3-бап. Көрмелердің ұзақтығы.
Халықаралық көрмелердің ұзақтығы алты айдан аспауға тиіс. Бұл мерзім көрме тіркелген кезден бастап белгіленеді. Бюро оны пайдалану барысында болған оқиғалар салдарынан форс-мажорлық мән-жайлар, мысалы салдарынан ресми белгіленген күні көрме ашылмаған не оны ашу мүмкін болмаған не көрме өзіне тағайындалған мерзім ішінде қалыпты жұмыс істей алмаған өрт, су тасқыны, әлеуметтік тәртіпсіздік болған жағдайда ғана ұзартуы мүмкін. Көрмені ұйымдастырушы ел берген көрменің мерзімін ұзарту туралы өтінішті қарау Бюроның құзыретіне кіреді.
Көрменің мерзімін ұзарту көрме жұмыс істемеген кезеңнің ұзақтығына сәйкес болады. Ұзарту көрмені ұйымдастырушы ел белгілеген күннен бастап жарамды болады және ешбір мән-жайларда көрмені жабу үшін белгіленген күннен кейін алты айдан аспауға тиіс.
Ескерту. 3-бап жаңа редакцияда - ҚР 16.04.2014 № 193-V Заңымен.
II-БӨЛІМ.
КӨРМЕЛЕРДІ ӨТКІЗУ ЖИІЛІГІ.
4-бап. КӨРМЕЛЕРДІ ӨТКІЗУ ЖИІЛІЛІГІ
Осы Конвенцияның қолданылу аясына кіретін көрмелердің жиілігі мынадай қағидаттарға сәйкес белгіленеді:
1) әмбебап көрмелер екі санатқа бөлінеді:
Бірінші санат: шақырылған елдер ұлттық павильондар салуға міндеттенетін әмбебап көрмелер;
Екінші санат: шақырылған елдерге ұлттық павильондар салуға рұқсат етілмейтін әмбебап көрмелер.
2) Бір елде 15 жыл кезеңі ішінде, бірінші санаттағы бірден аспайтын әмбебап көрме ұйымдастырылуы мүмкін, бұл ретте қандай да бір санаттағы екі әмбебап көрме арасында 10 жылдық аралық сақталуға тиіс.
3): Егер әңгіме әртүрлі елдерде ұйымдастырылған әмбебап көрмелер туралы болса, осы көрмелер арасындағы уақыт интервалы:
a) бірінші санаттағы әмбебап көрме өткізілген жағдайда алты жылды;
b) екінші санаттағы және ұқсас сипаттағы әмбебап көрме өткізілген жағдайда төрт жылды;
c) өзге сипаттағы екінші санаттағы әмбебап көрме өткізілген жағдайда екі жылды;
d) бірінші және екінші санаттағы әмбебап көрме өткізілген жағдайда екі жылды құрауға тиіс.
4) Алдыңғы параграфтарда көзделген уақыт аралықтары Конвенцияға мүше елдер көрмелерді ұйымдастыратынына немесе ұйымдастырмайтынына қарамастан, барлық әмбебап көрмелерге қолданылады.
5) Бірнеше Уағдаласушы елдің аумақтарында бір уақытта бірден артық бірдей сипаттағы мамандандырылған көрме ұйымдастырылуы мүмкін емес. Сол елде осындай көрмені қайталап өткізу үшін бесжылдық аралық міндетті болып табылады. Алайда Халықаралық көрмелер Бюросы ерекше жағдайларда бұл уақыт аралығын, егер көрмелер арасындағы уақыт аралығын мұндай қысқарту сол не өзге өндіріс саласының қарқынды дамуымен ақталған деп есептесе, кемінде үш жылға дейін қысқартуы мүмкін. Аралықты осылай қысқартуға бірқатар елде интервалы бес жылдан кем болатын қалыптасқан дәстүр бойынша өткізілетін көрмелерге қатысты да рұқсат берілуі мүмкін.
6) Сол бір елде түрлі сипаттағы екі мамандандырылған көрме арасындағы аралық кемінде үш айды құрауға тиіс.
7) Осы бапта айтылған аралық көрме ашылған күннен бастап есептеледі.
Ескерту. 4-бап жаңа редакцияда - ҚР 16.04.2014 № 193-V Заңымен.
5-бап.
Аумағында көрме өткізілетін Уағдаласушы ел осы Конвенцияның ережелеріне сәйкес төменде келтірілген 8-бапты сақтай отырып, басқа елдерге:
Егер әңгіме бірінші санаттағы әмбебап көрмелер туралы болса, үш жыл бұрын;
Екінші санаттағы әмбебап көрмелер үшін екі жыл бұрын;
Мамандандырылған көрмелер үшін бір жыл бұрын дипломатиялық арналар арқылы шақыру жіберуге тиіс.
Ешбір Үкімет, егер жоғарыда көрсетілген шақыру жіберілмесе, халықаралық көрмені өткізе алмайды немесе оған қатысуда қамқорлық жасай алмайды.
6-бап.
Егер бірнеше ел халықаралық көрмені өткізу құқығы үшін өзара бір-бірімен жарысса, олар артықшылық берілетін елді айқындау мақсатында пікір алмасуға тиіс болады.
Егер келісімге қол жеткізілмесе, тараптар Халықаралық Бюроға дауды шешу өтінішімен жүгінеді, ол ұсынылған дәлелдерді, сондай-ақ, атап айтқанда, тарихи немесе моральдық сипаттағы ерекше себептерді, соңғы көрмені өткізу уақытынан бері өткен мерзім мен жарысып отырған елдер ұйымдастырған экспозициялар санын есепке алатын болады.
7-бап.
Егер 1-бапта айқындалған, экспозияциялар үшін белгіленген шарттарға сәйкес келетін көрме осы Конвенцияға қатыспайтын елде ұйымдастырылса, онда Уағдаласушы елдер, осы көрмеге шақыруды қабылдамас бұрын Халықаралық Бюроның пікірін сұрауға тиіс.
Егер жоспарланып отырған көрме осы Конвенцияда талап етілетіндей кепілдіктерді немесе кем дегенде жеткілікті кепілдіктер бермесе, олар осы көрмеге қосылмайды. Уағдаласушы елдердің бірі ұйымдастыратын көрме мен уағдаласпаған ел ұйымдастыратын көрме өткізу мерзімдері сай келген жағдайда, басқа Уағдаласушы елдер, егер ерекше мән-жайлар болмаса, біріншіге артықшылық береді.
8-бап.
Осы Конвенцияның қолданылу аясына кіретін, көрмені ұйымдастыруға ниет білдірген елдер Халықаралық бюроға осы көрмені тіркеуге өтінімді 5-бапта белгіленген шақыру жіберу мерзіміне дейін кем дегенде алты ай бұрын жіберуге тиіс. Осы өтінімде көрменің атауы мен оның ұзақтығы көрсетілуге тиіс; оған көрменің жіктемесін, жалпы регламентін, қазылар алқасы туралы ережені және адамдар мен құрылыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өнеркәсіп және көркемөнер меншігін қорғау үшін және IV мен V бөлімдерде белгіленген міндеттемелерді сақтау үшін көзделген шараларды көрсететін барлық құжаттарды қоса беру қажет. Егер көрме осы Конвенцияға сай келген жағдайда ғана Бюро тіркеуге келісім береді.
Уағдаласушы елдердің ешқайсысы осы Конвенцияның қолданылу аясына кіретін көрмеге қатысуға шақыруды, егер осы шақыруда тіркеудің болғаны айтылмаса, қабылдамауға тиіс.
Дегенмен, осы шақыруды алған Уағдаласушы елдер осы Конвенцияның ережелеріне сәйкес ұйымдастырылған көрмеге қатысу туралы шешім қабылдауда толық еркін болады.
9-бап.
Егер қандай да бір ел өзі жоспарлаған және тіркелген көрмені ұйымдастырудан бас тартқан жағдайда, бұл ел басқа елдермен қатар кезекті көрмені өткізу құқығына конкурсқа қайтадан жіберілуі мүмкін күнді Халықаралық Бюро белгілейтін болады.
ІІІ БӨЛІМ. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕЛЕР БЮРОСЫ.
10-бап.
Конвенция ережелерінің орындалуын байқау міндеті жүктелетін Халықаралық Көрмелер Бюросы құрылады. Бюроның құрамына Әкімшілік Кеңес кіреді, оның жанында Біліктілік Комиссиясы және тағайындалуы мен міндеттері келесі бапта жазылған ережелерде белгіленген директор болады.
Халықаралық Бюроның Әкімшілік Кеңесінің бірінші отырысын Француз Республикасының Үкіметі Парижде Конвенция күшіне енгеннен кейінгі жыл ішінде шақыратын болады. Осы отырыста Кеңес Халықаралық Бюроның штаб-пәтерін белгілеп, директорды сайлайды.
Егер директордың лауазымы босатылған жағдайда, Халықаралық көрмелер Бюросының Кеңесі дауыстардың абсолюттік көпшілігімен Конвенцияға қатысушы елдердің бірінің адамын директор лауазымына сайлайды. Директор ішкі регламентпен айқындалатын мерзімге тағайындалады. Оның жалақысын Бюджет Комиссиясының ұсынысы бойынша Кеңес белгілейді.
Ескерту. 10-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 16.04.2014 № 193-V Заңымен.
11-бап.
Әкімшілік Кеңес Уағдаласушы елдер әрбір елден бірден үшке дейінгі есеппен тағайындайтын мүшелерден тұрады. Оған өзінің құрамына Халықаралық Сауда Палатасы тағайындаған осы Палатаның екі немесе үш мүшесін кеңесші дауыс құқығымен бірге қабылдауға рұқсат беріледі.
Кеңес осы Конвенцияға орай өзінің құзыретіне кіретін барлық мәселелер бойынша шешімдер шығарады; ол ұйымдастыруға және Халықаралық Бюроның ішкі қызметіне қатысты ережелерді талқылайды және қабылдайды. Ол кіріс және шығыс бюджетті бекітеді, бюджеттің атқарылуын тексереді және бекітеді.
12-бап.
Делегаттарының санына қарамастан, әрбір елдің Кеңесте бір дауысы бар. Әрбір ел өзінің өкілдігін басқа елдің делегациясына бере алады, ол бұл жағдайда өзі ұсынған елдер санына тең дауыстар санына ие болады. Талқылаулардың шынайылығы үшін Кеңесте ұсынылған елдердің үштен екісі болатын кворум талап етеді.
Мынадай жағдайларды:
1. Регламенттің әзірлеуді;
2. Бюджеттің ұлғаюын;
3. Уағдаласушы ел берген өтініштен бас тартуды немесе бірнеше ел жарысқан жағдайда өтініштің қабылдануын;
4. Алты айдан астам артық мерзімге әмбебап көрмені өткізуге рұқсатты қоспағанда, дауыс беру дауыстардың абсолюттік көпшілігімен жүргізіледі.
Осы төрт жағдайда Халықаралық Бюрода ұсынылған елдердің үштен екісінен көпшілігі талап етіледі.
13-бап.
Біліктілік Комиссиясы өздерінің Үкіметі тағайындайтын он екі Уағдаласушы елдің өкілінен тұрады.
Осы елдердің жартысын Халықаралық Бюро тағайындайды; екінші жартысы Бюроның регламенті белгілеген шарттарда ауыстырылады.
Комиссия Халықаралық Сауда Палатасы тағайындайтын осы Палатаның бір немесе екі мүшесін кеңесші дауыс құқығымен өзінің құрамына кіргізе алады.
Бұл Комиссия Әкімшілік Кеңестің бекітуіне 2-бапта көзделген жіктемені және оған енгізілуі мүмкін өзгерістерді ұсынады. 4-бапта көзделген уақыт аралықтарды сақтау үшін ол тіркеуге жататын көрме мамандандырылған немесе әмбебап болып табылады ма және өзінің атауы мен жіктемесіне қарамастан, алдыңғы көрмеге немесе сол уақытта ұйымдастырылатын мамандандырылған көрмеге ұқсас сипаты бар ма екені туралы мәселе бойынша өз қорытындысын береді.
14-бап.
Бюроның бюджеті уақытша 4 000 фунт стерлинг болып белгіленеді. Бюро қызметіне арналған шығыстарды Уағдаласушы елдер көтереді, олардың жарналары мынадай түрде бөлінеді: Ұлттар Лигасына мүше елдердің үлесі осы елдер Ұлттар Лигасына жүргізетін жарнаға пропорционалды түрде айқындалады. Жоғарыда көрсетілген бюджет артқан жағдайды қоспағанда, салық салынуы неғұрлым жоғары елдердің үлесі 500 фунт стерлингтен аспайды. Ұлттар Лигасының мүшелері болып табылмайтын елдер өзінің экономикалық дамуын ескере отырып, Ұлттар Лигасына мүше елді көрсетеді және олардың жарнасы осындай тәртіппен көрсетілген ел төлейтін жарнаға теңестіріледі.
Одан басқа, Әкімшілік Кеңес ұжымдарға немесе жеке тұлғаларға көрсетілген қызметтерге ақы төлеу үшін кез келген басқа алымдарды алуға рұқсат беруі мүмкін.
ІV БӨЛІМ ШАҚЫРУШЫ ЕЛ МЕН ҚАТЫСУШЫ ЕЛДЕРДІҢ МІНДЕТТЕМЕЛЕРІ
15-бап.
Халықаралық көрмеге шақыратын Үкімет Үкіметтік Комиссарды немесе Уәкілді тағайындауға тиіс, оның атынан өкілдік ету және шетелдік қатысушыларға қатысты өзіне алынған міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру міндеті жүктеледі. Комиссар немесе Уәкіл, бұдан басқа, қойылған заттардың материалдық сақталуын қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдауға тиіс.
16-бап.
Қатысушы елдердің Үкіметтері өз өкілдігі үшін және көрмені өткізуге байланысты шығарылған ережелердің орындалуын байқау үшін Комиссарларды немесе Уәкілдерді тағайындауға тиіс.
Комиссарларға немесе Уәкілдерге ғана өз елдерінің павильондарындағы және ұлттық секциялардағы экспоненттер арасындағы орындарды айқындау немесе болу тапсырылады.
17-бап.
Әмбебап көрмеде әкімшілік көрменің бағдарламасында көзделген және қатысушы елдердің әрқайсысына берілген жабын үй-жайлардағы және ашық орындар үшін ешқандай салық алмайды.
18-бап
Осы Конвенцияның қолданылу аясына кіретін әрбір көрмеде кедендік баждар мен алымдар төлеуге жататын шетелдік заттар оларды кері әкеткен жағдайда кедендік баждар салынбай уақытша жіберіледі. Тауарлармен бірге жүретін жіберуші сертификатта олардың саны және орындардың сипаты, таңбалануы мен нөмірлері, сондай-ақ заттардың сауда атауы, олардың салмағы, шығарылған жері мен құны көрсетіледі. Заттарға қатысты кедендік формалдылықтар шекарада кедендік қарап тексеру жүргізусіз көрме үй-жайларында жүргізіледі. Алдыңғы ережелер көрмені ұйымдастырушы елдің кедендік қағидалары сақталған жағдайда қолданылады.
Егер шақырушы елдің ұлттық заңнамасына сәйкес алдыңғы абзацта көзделген, кедендік баждардан уақытша босатуды алу үшін кепіл енгізу қажеттігі туындаса, онда әрбір қатысушы елдің Комиссары өзінің экспоненттері атынан берген кепілгерлігі, егер көрме жабылғаннан кейін белгіленген мерзімде көрмеге қойылған заттар әкетілмейтін болса, оларға салынуға жататын кедендік баждар мен өзге баждардың және салықтардың төлемі жеткілікті кепілдік деп қаралады.
Тікелей мағынада үлгілер болып табылмайтын және көрме уақытында сату мақсатында ғана әкелінетін тауарлар партиясына баждардан уақытша босату қолданылмайды.
Көрмеге қойылған заттар толық немесе ішінара жойылған жағдайда экспонент:
1. Егер ол жоқ саны немесе зақымданған заттар көрменің мұқтаждығы үшін пайдаланылғанын немесе өзінің бүлінген жай-күйі бойынша сатылуы мүмкін емес екенін дәлелдесе; және
2. Егер кедендік тарифте бүлінген немесе қолдануға жарамсыз заттарға ешбір әкелу алымдары немесе баждары салынбаса, баждардан босату құқығын пайдаланады.
Егер бұл заттар әдеттегі мақсаты бойынша тұтыну үшін пайдаланылса, бұл жеңілдік берілмейтін болады.
4-абзацта көзделген дәлелдемелерді экспонент тиесілі елдің Комиссары немесе Уәкілі ұсынады; түпкілікті шешімді көрме өткізілетін елдің билік орындарына тиесілі болады.
Алдыңғы ережелерді қолдану мағынасында көрмеге арналған заттар ретінде:
1. Егер көрме өткізілетін елге келгеннен кейін өңдеуге арналған шикізат түрінде әкелінсе де, құрылыс материалдары;
2. Көрме бойынша жұмыстарға арналған құралдар, көлік құралдары;
3. Экспоненттердің үй-жайларын, стендтері мен витриналарын ішкі және сыртқы әрлеуге қолданылатын заттар;
4. Қатысушы елдердің комиссарларына немесе уәкілдеріне арналған үй-жайларды безендіру мен жиһаздау үшін қолданылатын заттар, сондай-ақ олардың пайдаланылуына арналған кеңсе керек-жарақтары;
5. Көрмеге қойылған машиналарды немесе аппараттарды орнатуға және олардың жұмысына арналған заттар мен бұйымдар;
6. Секция Комиссары тұтынылған заттардың сипаты мен санын көрсете отырып, куәлікті ұсынған жағдайда көрмеге қойылған заттарды бағалау мен олар туралы пікір айту үшін қазылар алқасына қажетті үлгілер қаралуға тиіс.
Одан басқа баждарды төлеуден:
1. Көрмеге қатысатын елдер шығарған иллюстрацияланған немесе иллюстрацияланбаған ресми каталогтар, брошюралар, афишалар;
2. Шетелдік объектілердің экспоненттері көрме ішінде және көрмені өткізу уақытында ғана тегін тарататын каталогтар, брошюралар, афишалар және кез келген басқа да иллюстрацияланған немесе иллюстрацияланбаған басылымдар босатылады.
Осы баптың ережелері ұйымдастырушы елдің қолданыстағы заңнамасының күшіне орай мемлекеттік монополия болып табылатын немесе осы елдің Үкіметі ұйғарған шарттармен сатуды қоспағанда, сатылуына тыйым салынатын немесе сатылуы лицензиялармен реттелетін заттарға қолданылмайды. Кез келген жағдайда, осы тауарлардың экспозициясына сатылуына тыйым салу мақсаты бар бақылау шараларын сақтау кезінде рұқсат етіледі.
19-бап.
Кез келген халықаралық көрмені өткізуді реттейтін ережеде экспонентке, егер көрмеге қатысуға шақыруды қабылдағаннан кейін осы экспоненттің тауарларына баждардың артуы орын алған жағдайда, оған қатысуға өз өтінімін кері қайтарып алу құқығын беретін тармақ болуға тиіс.
20-бап.
Көрме аяқталғаннан кейін экспоненттің, егер көрме өтіп жатқан елдің заңнамасы бұған кедергі келтірмесе, көрмеге қойылған үлгілерді сатуына немесе беруіне болады. Бұл жағдайда оған тікелей импорт жағдайында төлеуге тиіс болған салықтардан басқа, ешқандай басқа алымдар салынбайды.
21-бап.
Халықаралық көрмеде қандай да бар қатысушы елдің Комиссарының немесе Уәкілінің рұқсатынсыз қандай да бір топты немесе мекемені белгілеу үшін осы елге қатысты қандай да бір географиялық атауды пайдалануға болмайды.
Егер Уағдаласушы елдер көрмеге қатыспаған жағдайда, мұндай тыйым салуды мүдделі Үкіметтердің талабы бойынша Көрме әкімшілігі шығарады.
22-бап.
Көрмеде 15 және 16-баптарға сәйкес ұйымдастырушы елдің немесе қатысушы елдің Үкіметі тағайындаған Комиссардың немесе Уәкілдің бастамасымен қалыптастырылған секциялар ғана ұлттық деп қаралады, демек, осы атаумен көрсетілуі мүмкін.
23-бап.
Елдің ұлттық секциясы тек осы елге тиесілі заттарды қамтуы мүмкін.
Дегенмен, мүдделі елдің Комиссарының немесе Уәкілінің рұқсатымен оған басқа елге тиесілі зат, бұл зат экспозицияны тек толықтыруға арналған және негізгі зат бойынша награда беруге ықпал етпейтін, сондай-ақ оның өзіне осы тұрғыда ешбір награда берілмейтін жағдайда, қойылуы мүмкін.
Қандай да бір елдің өнеркәсібіне және ауыл шаруашылығына тиесілі заттар деп оның жер қойнауынан алынған, оның аумағында жиналған немесе жасалған заттар ғана есептеледі.
24-бап
Егер ұйымдастырушы елдің заңнамасында өзге ережелер болмаса ғана, көрмеде қандай да бір сипаттағы ешқандай монополия берілмеуге тиіс. Алайда, Көрме әкімшілігі, егер қажет деп есептесе, мынадай: көрме шегінде жарықтандыру, жылу беру, кедендік формалдылықтар, тиеу-түсіру қызметтеріне және жарнама қызметтеріне монополия бере алады. Мұндай жағдайда ол мынадай шарттарды орындауға тиіс:
1. Көрме туралы ережеде және экспоненттер қол қоюға тиіс қатысу туралы өтінімде осы монополияның немесе осы монополиялардың бар екенін көрсету;
2. Экспоненттерге әдетте елде қолданылатын шарттарда монополистердің қызметтерін пайдалануды қамтамасыз ету;
3. Ешбір мән-жайларда Комиссарлардың тиісті секцияларындағы өкілеттіктерін шектемеу.
Ұйымдастырушы елдің Комиссары қатысушы елдерге қойылатын жұмыс күшіне тарифтік мөлшерлемелер ұйымдастырушы елдің Әкімшілігі қоятын мөлшерлемелерден аспауы үшін барлық шараларды қолданады.
25-бап.
Халықаралық көрме өткізілетін әрбір ел өзінің теміржол, кеме қатынасы немесе авиациялық билік органдарына, компанияларынан және кәсіпорындарынан осы көрмеге арналған заттарды тасымалдау бойынша жеңілдіктерді алу үшін өз жәрдемін көрсететін болады.
26-бап.
Әрбір қатысушы ел жалған көрмелердің немесе алдау арқылы, жалған уәделер, хабарландыру немесе жарнама арқылы қатысушылар тартылатын көрмелердің бастамашыларына қарсы іс-қимыл жасау үшін оның заңнамасына сәйкес неғұрлым қолайлы барлық шараларды қабылдайды.
V БӨЛІМ. НАГРАДАЛАР.
27-бап.
Көрме туралы жалпы ережеде әрқашан берілуі мүмкін қатысу туралы куәліктеріне қарамастан, экспоненттерге наградалар берілетінін не берілмейтінін көрсету керек. Наградалар көзделетін жағдайларда оларды беру кейбір разрядтармен шектелуі мүмкін.
Көрме ашылғанға дейін оған не секцияларға не өздерінің ұлттық павильондарына қатысатын және наградаға ұсынылғысы келмеген экспоненттер бұл туралы көрме әкімшілігіне өз Комиссарларының немесе Уәкілдерінің делдалдығы арқылы мәлімдеуге тиіс.
Қазылар алқасы мүшелері награда берілмейтіндер болып қала береді.
28-бап.
Көрмеге қатысу еркін болып табылады не алдын ала рұқсат беру рәсіміне жатады.
Экспонент қатысуға өтінімді тағайындалған уақытта берген және осыған қатысу үшін белгіленген жалпы шарттарды орындаған жағдайда, барлық заттарды көрмеге қоюға рұқсат берілсе, қатысу еркін болып табылады.
Егер көрме туралы жалпы ереже бойынша көрмеге қойылатын заттар кейбір ерекше талаптарды, атап айтқанда жағымды сапалы немесе түпнұсқалықты қанағаттандыруы тиіс болса, қатысу алдын ала рұқсат беру рәсімін талап етеді.
Бұл жағдайда ереже шақырылған елдерге оған сілтеме жасауға мүмкіндік беру үшін заттарды өзінің ұлттық секциясына жіберу үшін ұйымдастырушы ел қабылдаған шарттармен таныстыруы тиіс, әрі әрбір елдің бұл шарттарды өз қалауы бойынша қолдануға құқығы бар.
29-бап.
Көрмеге қойылған заттарды бағалауды және олар туралы пікір айтуды мынадай қағидаларға сәйкес шақырылатын халықаралық қазылар алқасы шығарады:
1. Әрбір ел қазылар алқасына қызметкерлері мен жәрдемдес көрсететін адамдарын және өздері алатын аумақты есепке алмай, ең бастысы, экспоненттердің санын ескере отырып, көрмеге өзінің қатысуына пропорционалды түрде ұсынылуы тиіс.
Көрме әкімшілігі және мүдделі елдің Комиссары немесе Уәкіл, өкілдік ету оның осы разрядта қатысуы маңыздылығын ақтамайды деп тануға келіскен жағдайды қоспағанда, әрбір елдің, ең болмағанда, оның экспонаттары қойылған барлық разрядтарда қазылар алқасының бір мүшесіне құқығы болады.
Ешбір елдің сол бір ғана разрядта қазылар алқасында жетеуден көп мүшесі бола алмайды; алайда бұл шектеу сұйық және қатты тамақ өнімдерінің разрядына қолданылмайды;
2. Қазылар алқасы мүшесінің функциялары қажетті техникалық білімі бар адамдарға беруге тиіс;
3. Қазылар алқасының мүшелері өз міндеттерін өз Үкіметінің келісімімен ғана орындай алады;
4. Қазылар алқасы юрисдикцияның немесе инстанцияның үш деңгейіне ие болады.
30-бап.
Наградалар бес санатқа бөлінеді:
1. Гран-при;
2. Құрмет дипломдары;
3. Алтын медальдар;
4. Күміс медальдар;
5. Қола медальдар.
Одан басқа, наградталған экспоненттердің немесе қазылар алқасы мүшелерінің ұсынысы бойынша олардың қызметкерлеріне немесе жәрдем көрсететін адамдарына дипломдар берілуі мүмкін.
Қазылар алқасы мүшесінің атағы оның иеленушісі экспоненттерге өз наградалары туралы айтуға рұқсат берілген барлық жағдайларда айтылуы мүмкін.
«Конкурстан тыс» анықтамасы бұдан былай қазылар алқасының мүшелеріне де, наградаға ұсынылуға ниеті жоқ екені туралы мәлімдеген экспоненттер үшін де тыйым салынған.
31-бап.
Көрмеде наградталған экспоненттердің тізімі Халықаралық Бюрода тіркеледі. Лауреаттар награданың атынан кейін көрменің дәл атауы нұсқалған жағдайда ғана алынған наградаларға сілтеме жасай алады. Олардың бұл нұсқауға Халықаралық Бюроның монограммасын қосуға құқығы болады. Халықаралық көрмелер Бюросы Берндегі Өнеркәсіптік меншік Халықаралық бюросына тіркелген көрмелер туралы хабарлайды және оған наградталғандардың тізімін жібереді.
32-бап.
Халықаралық Бюроның өкімімен қазылар алқасының құрамы мен қызметінің жалпы шарттарын белгілейтін және наградаларды беру тәртібін айқындайтын үлгілік ережелер жасалады. Ұйымдастырушы елдерге осындай ережелерді қабылдау ұсынылады.
VІ БӨЛІМ. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР.
33-бап.
Осы Конвенция ратификацияланады.
a. Әрбір мемлекет ратификациялық грамоталарды сақтауға тапсыруға дайын бола салысымен бұл жайында Француз Үкіметін хабардар етеді. Жеті Үкімет осы тапсыруды жүзеге асыруға өзінің дайын екендігі туралы жариялаған кезде ғана Француз Үкіметі соңғы өтінішті алғаннан кейінгі айдың ішінде және осы Үкімет белгілеген күні жасалады.
b. Ратификациялық грамоталар Француз Үкіметінің мұрағатына сақтауға тапсырылады.
с. Ратификациялық грамоталарды сақтауға тапсыру оған қатысушы елдердің өкілдері және Француз Республикасының Сыртқы істер министрі қол қойған хаттамамен расталады.
d. Осы баптың а) тармағында жазылған шарттармен ратификациялық құралдарды сақтауға тапсыруға мүмкіндігі болмаған қол қоюшы елдердің Үкіметтері бұл тапсыруды Француз Республикасы Үкіметінің атына берілген және ратификациялық құралмен бірге жүретін жазбаша өтініш арқылы кейінірек жүзеге асыра алады.
е. Ратификациялық грамоталарды бірінші болып тапсыру туралы хаттаманың куәландырылған көшірмесі және алдыңғы абзацта айтылған өтініштер Француз Үкіметі арқылы және дипломатиялық арналар арқылы осы Конвенцияға қол қойған немесе оған қосылған Үкіметтерге дереу беріледі. Алдыңғы абзацта көзделген жағдайда Француз Үкіметі өзінің өтінішті алған күні туралы бір мезгілде хабардар етеді.
34-бап
a. Осы Конвенция Уағдаласушы елдердің метрополиясына ғана толық көлемде қолданылады.
b. Егер қандай да бір ел оның қолданысын өз колонияларына, протектораттарына, теңіздің арғы жағындағы аумақтарына және сюзерениттегі немесе мандаттағы аумақтарына қолдануға ниет білдірсе, онда бұл ниет ратификациялық құралдың өзінде немесе Француз Үкіметінің мұрағатына сақтауға тапсырылатын сол Үкіметтің атына берілген жазбаша хабарламада көрсетілуге тиіс.
Бұл жағдайда Француз Үкіметі қол қойған немесе қосылған елдердің Үкіметтеріне оны алған күнін көрсете отырып, хабарламаның куәландырылған көшірмесін береді;
с. Метрополиялардың және колониялардың, протектораттардың, теңіздің арғы жағындағы аумақтардың, сюзерениттегі немесе мандаттағы аумақтардың заттары ғана қойылатын көрмелер ұлттық көрмелер ретінде қаралады және соның салдарынан осы Конвенцияның осы аумақтарға қолданылғанына қарамастан, осы Конвенцияның қолданылу аясына кірмейді.
35-бап
a. Осы Конвенция күшіне енгеннен кейін қол қоймаған кез келген ел оған кез келген уақытта қосыла алады.
b. Осы мақсатта ол жазбаша нысанда және дипломатиялық арналар арқылы өзінің қосылуы туралы өтініш түрінде Француз Үкіметін хабардар етуге тиіс, бұл өтініш осы Үкіметтің мұрағатында сақталуға тапсырылады.
c. Француз Үкіметі қол қойған немесе қосылған елдердің Үкіметтеріне хабарламаны алған күнін көрсетіп, оның куәландырылған көшірмесін дереу береді.
36-бап
Осы Конвенция ратификациялық грамоталарды сақтауға бірінші болып тапсыруға қатысқан Уағдаласушы елдер үшін хаттама жасалған күннен бастап бір ай өткен соң күшіне енеді. Оны кешірек ратификациялайтын және оған кейіннен қосылатын елдер үшін, сондай-ақ ратификациялық құралдарда айтылмаған колониялар, протектораттар, теңіздің арғы жағындағы аумақтар, сюзерениттегі немесе мандаттағы аумақтар үшін Конвенция 33-баптың d) абзацында; 34-баптың b) абзацында; 35-баптың b) абзацында көзделген өтініштерді алған күннен кейін бір ай өткен соң күшіне енеді.
37-бап
Уағдаласушы елдер осы Конвенцияны күшіне енген күнінен бастап бесжылдық мерзім өтпестен бұрын оның денонсациялай алмайды.
Бұзу кез келген кезде Француз Республикасы Үкіметінің атына берілген хабарлама арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Ол осы хабарламаны алған күннен бастап бір жылдан кейін күшіне енеді. Өтінішті алған күнін көрсете отырып, оның куәландырылған көшірмесін Француз Республикасының Үкіметі қол қойған және қосылған елдердің Үкіметтеріне дереу береді.
Осы баптың ережелері колонияларға, протектораттарға, теңіздің арғы жағындағы аумақтарға, сюзерениттегі немесе мандаттағы аумақтарға теңдей қолданылады.
38-бап
Егер бұзу салдарынан Уағдаласушы елдердің саны жетіден азға дейін қысқарса, Француз Республикасының Үкіметі қабылдануы тиіс шаралар туралы уағдаласу үшін Халықаралық Конференцияны дереу шақырады.
39-бап.
Француз Республикасының Үкіметі барлық ратификациялық Грамоталардың, қосылу және бұзу туралы өтініштердің көшірмелерін теңдей Халықаралық Бюроға жібереді.
40-бап.
Осы Конвенцияға Парижде 1929 жылғы 30 сәуірге дейін қол қойылуы мүмкін.
ОСЫНЫ КУӘЛАНДЫРУ ҮШІН төменде қол қойған Уәкілетті адамдар осы Конвенцияға қол қойды.
Бір мың тоғыз жүз жиырма сегізінші жылғы жиырма екінші қарашада ПАРИЖДЕ жалғыз данада жасалды, ол Француз Республикасы Үкіметінің мұрағатында сақталады және оның куәландырылған көшірмелері Париждегі конференцияда ұсынылған барлық елдердің Үкіметтеріне дипломатиялық жолмен тапсырылады.
Албания үшін:
Д-р Ставро Ставри
Германия үшін:
Д-р Петер Матис
Эмиль Виль
Д-р Ганс Гейман
Аустралия үшін:
Ф.Ц. Фарекер
Аустрия үшін:
Грюнбергер
Бельгия үшін:
Э. де Геффье
Боливия үшін:
Бразилия үшін:
Ф. Гимарес
Канада үшін:
Филипп Рой
Колумбия үшін:
Хозеде ла Вега
Куба үшін:
Хернандец Портела
Дания үшін:
Х. А. Бернхофт
Доминикан Республикасы үшін:
Д-р Т. Франко Франко
Эквадор үшін:
Испания үшін:
Карлос де Гойонехе
Финляндия үшін:
Франция үшін:
П.Шапсаль
Шармей
Р.Кулондр
Ж.Лесуфаш
Ж.Роже Сандос
Барон Тенар
Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия үшін:
Э.Кроу
Ж.Р.Кэиль
Г.У.Г.Коль
Грекия үшін:
Н.Политис
Гватемала үшін:
Хозе Матос
Гаити үшін:
Немур
Венгрия үшін:
Фредерик Виллани
Ирландия Еркін мемлекеті үшін:
Италия үшін:
Джиованни Белли
Жапония үшін:
Х.Каваи
Литва үшін:
Марокко үшін:
Ж.Насиве
Никарагуа үшін:
Жаңа Зеландия үшін:
Нидерланд үшін:
Э.Крелаг
Перу үшін:
М.Х.Корнехо
Польша үшін:
Оттон Вецлавович
Португалия үшін:
А.да Гама Ошоа
Румыния үшін:
Константин Диаманди
Сербтер, Хорваттар мен Словендер Корольдігі үшін:
Миливой Пилья
Швеция үшін:
Риксдагтың мақұлдауымен Жоғары мәртебелі Корольдің
ратификациялауы туралы ескертпемен
Альберт Эренсворд
Иозеф Закс
С.Берьюс
Швейцария үшін:
Дюнан
Д-р М.Ж.Лиенер
Густав Брандт
Чехословакия үшін:
Тунис үшін:
Г.Жоффруа-Сент-Илер
Түркия үшін:
Кеңестік Социалистік Республикалардың Одағы үшін:
И.Туманов
Г.Лашкевич
М.Рафалов
Венесуэла үшін:
КУӘЛАНДЫРЫЛҒАН КӨШІРМЕ ТҮПНҰСҚАМЕН
САЛЫСТЫРЫЛЫП ТЕКСЕРІЛДІ
ФРАНЦУЗ РЕСПУБЛИКАСЫ
СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНІҢ
МҰРАҒАТТАРЫНДА САҚТАЛАДЫ
Париж, 2013 жылғы 23 желтоқсан
1928 жылғы 22 қарашада Парижде қол қойылған
Халықаралық көрмелер туралы конвенцияға
өзгерістер енгізу туралы
ХАТТАМА
Төменде қол қойған, төменде тізбеленген Үкіметтердің тиісінше өкілеттік берілген адамдары 1948 жылғы 10 мамырда Парижде Конференцияда жиналып, ортақ келісім мен ратификациялау шартымен төмендегілер туралы уағдаласты:
1-БАП.
1928 жылғы 22 қарашадағы Конвенцияның 2, 3 және 4-баптары жеңілдетілді және мынадай баптармен ауыстырылды:
2-бап: Егер көрмеде бірнеше өнеркәсіп салаларындағы адам еңбегінің бұйымдарына қойылса және ол белгілі бір салада, мысалы, гигиена, қолданбалы өнер, қазіргі заманғы жайлылық, колонияларды дамыту сияқты және т.б. салаларда қол жеткізілген барлық табыстарды көрсету мақсатында ұйымдастырылса, ол әмбебап болып табылады.
Егер көрме қандай да бір қолданбалы ғылым саласына (электр, оптика, химия және т.б.), қандай да бір техника саласына (тоқыма, металлургия, графикалық өнер және т.б.), қандай да бір шикізат түріне (қатты және жұмсақ тері, жібек, никель және т.б.) немесе қажеттіліктің қандай да бір негізгі түрлерінің біріне (жылу беру, тамақтану, көлік және т.б.) арналса, ол мамандандырылған болып табылады; мұндай көрме ұлттық павильондарсыз ұйымдастырылуға тиіс.
10-бапта көзделген Халықаралық Бюро көрмелердің жіктемесін құратын болады, оны алдыңғы абзацқа сәйкес мамандандырылған көрмеге қатысуы мүмкін кәсіптер мен экспонаттарды айқындау үшін басшылыққа алу қажет. Бұл тізбе жыл сайын қайта қаралуы мүмкін.
3-бап. Көрмелердің ұзақтығы.- Халықаралық көрмелердің ұзақтығы алты айдан аспауға тиіс. Бұл мерзім көрме тіркелген кезден бастап белгіленеді. Бюро оны пайдалану барысында болған оқиғалар салдарынан форс-мажорлық мән-жайлар, мысалы салдарынан ресми белгіленген күні көрме ашылмаған не оны ашу мүмкін болмаған не көрме өзіне тағайындалған мерзім ішінде қалыпты жұмыс істей алмаған өрт, су тасқыны, әлеуметтік тәртіпсіздік болған жағдайда ғана ұзартуы мүмкін. Көрмені ұйымдастырушы ел берген көрменің мерзімін ұзарту туралы өтінішті қарау Бюроның құзыретіне кіреді.
Көрменің мерзімін ұзарту көрме жұмыс істемеген кезеңнің ұзақтығына сәйкес болады. Ұзарту көрмені ұйымдастырушы ел белгілеген күннен бастап жарамды болады және ешбір мән-жайларда көрмені жабу үшін белгіленген күннен кейін алты айдан аспауға тиіс.
4-бап. Көрмелер жиілілігі.- Осы Конвенцияның қолданылу аясына кіретін халықаралық көрмелердің жиілілігі мынадай қағидаттарға сәйкес белгіленеді:
Әмбебап көрмелер екі санатқа бөлінеді:
Бірінші санат - шақырылған елдер ұлттық павильондар салуға міндеттенетін әмбебап көрмелер;
Екінші санат - шақырылған елдер үшін мұндай міндеттеме белгіленбейтін әмбебап көрмелер.
Халықаралық көрмелерді ұйымдастыруға қатысты, бүкіл әлем үш аймаққа бөлінеді, атап айтқанда: Еуропа аймағы, екі Америка аймағы және үшінші аймақ - әлемнің қалған барлық бөлігі. Аумағы екі аймақта орналасқан елдер өздері тиесілі болуды қалайтын аймақты таңдауға тиіс.
Бір елде 15 жыл кезеңі ішінде бірінші санаттағы бірден аспайтын әмбебап көрме ұйымдастырылуы мүмкін, бұл ретте кез келген санаттағы әмбебап көрме арасында 10 жылдық аралық сақталуға тиіс.
Уағдаласушы елдердің ешқайсысы, егер сол аймақта бірінші санаттағы соңғы әмбебап көрмеден кейін кем дегенде алты жыл немесе кез келген аймақта бірінші санаттағы соңғы әмбебап көрмеден кейін кем дегенде екі жыл өтпесе, бірінші санаттағы әмбебап көрмеге қатыса алмайды. Уағдаласушы елдердің ешқайсысы, егер сол аймақта соңғы әмбебап көрме кезінен бастап екі жыл және кез келген басқа аймақта бір жыл өтпесе, екінші санаттағы әмбебап көрмеге қатыса алмайды. Осы екі уақыт аралығы тиісінше бірдей сипаттағы көрмелер үшін төрт және екі жылға дейін ұлғайтылады.
Алдыңғы параграфта көзделген аралықтар Конвенцияға қатысушы немесе қатыспайтын елдердің көрмелерді ұйымдастыратынына немесе ұйымдастырмайтынына қарамастан қолданылады.
Уағдаласушы елдердің аумақтарында бір мезгілде бірдей сипаттағы бірнеше мамандандырылған көрмелер ұйымдастырылуы мүмкін емес. Сол елде осындай көрмені қайталау үшін бес жылдық уақыт аралығы міндетті болып табылады. Алайда Халықаралық көрмелер Бюросы ерекше жағдайларда бұл уақыт аралығын, егер көрмелер арасындағы уақыт аралығын мұндай қысқарту сол не өзге өндіріс саласының қарқынды дамуымен ақталған деп есептесе, кемінде үш жылға дейін қысқартуы мүмкін. Көрмелер арасындағы уақыт аралығын осылай қысқартуға бірқатар елде интервалы кемінде бес жылдан кем болатын қалыптасқан дәстүр бойынша өткізілетін көрмелерге қатысты да рұқсат берілуі мүмкін.
Түрлі сипаттағы мамандандырылған көрмелер кемінде үш ай интервалмен сол бір елде өткізілуі мүмкін.
Осы бапта айтылған аралықтар көрме ашылған күннен бастап есептеледі.
2-БАП. - 1928 жылғы 22 қарашадағы Конвенцияның 10-бабы мынадай ережемен толықтырылды:
«Егер директордың лауазымы босатылған жағдайда, Халықаралық көрмелер Бюросының Кеңесі дауыстардың абсолюттік көпшілігімен Конвенцияға қатысушы елдердің бірінің адамын директор лауазымына сайлайды. Директор ішкі регламентпен айқындалатын мерзімге тағайындалады. Оның жалақысын Бюджет Комиссиясының ұсынысы бойынша Кеңес белгілейді».
3-БАП. - Кез келген мемлекет өзінің қосылуы туралы жазбаша хабарламасын Француз Республикасының Үкіметіне дипломатиялық арналар арқылы жіберіп, осы Хаттамаға қосыла алады, бұл хабарлама оның мұрағаттарына сақтауға тапсырылатын болады.
1928 жылғы 22 қарашадағы Конвенцияға кез келген жаңа қосылу осы Хаттамаға да толық құқықты қосылуға әкеледі.
Француз Үкіметі қол қойған немесе қосылған елдердің Үкіметтеріне, сондай-ақ Халықаралық көрмелер Бюросының Төрағасына алған күнін көрсете отырып, хабарламаның куәландырылған көшірмесін дереу береді.
4-БАП. - Осы Хаттама ратификацияланады. Әрбір мемлекет барынша қысқа мерзімде Француз Республикасының Үкіметіне ратификациялық грамотаны жібереді, ол бұл туралы басқа қатысушы елдерді хабардар етеді. Осы Хаттама әрбір қол қоюшы ел үшін өзінің ратификациялық грамотасын берген күні күшіне енеді.
ПАРИЖДЕ ЖАСАЛДЫ, 1948 жылғы 10 мамыр
Франция үшін:
Екі қолтаңба
Албания үшін:
Румыния үшін:
Швеция үшін:
Бір қолтаңба
Швейцария үшін:
Бір қолтаңба
Тунис үшін:
Марокко үшін:
Бір қолтаңба
Италия үшін:
Бір қолтаңба
Бельгия үшін:
Бір қолтаңба
Чехословакия үшін:
Португалия үшін:
Дания үшін:
Бір қолтаңба
Польша үшін:
Грекия үшін:
Екі қолтаңба
Норвегия үшін:
Бір қолтаңба
Финляндия үшін:
Бір қолтаңба
Аустрия үшін:
Ливан үшін:
Бір қолтаңба
Гаити үшін:
Бір қолтаңба
Португалия үшін:
Бір қолтаңба
Ұлыбритания үшін:
Бір қолтаңба
КУӘЛАНДЫРЫЛҒАН КӨШІРМЕ ТҮПНҰСҚАМЕН
САЛЫСТЫРЫЛЫП ТЕКСЕРІЛДІ
ФРАНЦУЗ РЕСПУБЛИКАСЫ
СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНІҢ
МҰРАҒАТТАРЫНДА САҚТАЛАДЫ
Париж, 2013 жылғы 23 желтоқсан
1928 ЖЫЛҒЫ 22 ҚАРАШАДА ПАРИЖДЕ ҚОЛ ҚОЙЫЛҒАН
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕЛЕР ТУРАЛЫ КОНВЕНЦИЯНЫҢ
IV БАБЫНА ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗУ ТУРАЛЫ ХАТТАМА
1928 жылғы 22 қарашада Парижде жасалған
Халықаралық көрмелер туралы конвенцияның
IV-бабына өзгерістер енгізу туралы хаттама
Осы Хаттамаға қатысушы Үкіметтер,
1948 жылғы 10 мамырдағы Хаттамамен толықтырылған 1928 жылғы 22 қарашадағы Халықаралық көрмелер туралы конвенцияда (бұдан әрі - «Конвенция») белгіленген екі әмбебап көрме арасындағы ең аз аралық өте қысқа деп бағаланғанын ескере отырып, үлкен шығын мен осы көрмеге қатысуда болатын күрделі техникалық дайындықты ескере отырып;
Осы Конвенцияның қолданылу аясына кіретін әмбебап көрмелер өткізудің жиілігін мүмкіндігінше қысқартуға ниет білдіре отырып,
Мыналар туралы уағдаласты:
1-БАП
Конвенцияның 4-бабы оңайлатылған және мынадай редакциядағы 4-баппен ауыстырылған:
КӨРМЕЛЕРДІ ӨТКІЗУ ЖИІЛІЛІГІ
Осы Конвенцияның қолданылу аясына кіретін көрмелердің жиілігі мынадай қағидаттарға сәйкес белгіленеді:
1) әмбебап көрмелер екі санатқа бөлінеді:
Бірінші санат: шақырылған елдер ұлттық павильондар салуға міндеттенетін әмбебап көрмелер;
Екінші санат: шақырылған елдерге ұлттық павильондар салуға рұқсат етілмейтін әмбебап көрмелер.
2) Бір елде 15 жыл кезеңі ішінде, бірінші санаттағы бірден аспайтын әмбебап көрме ұйымдастырылуы мүмкін, бұл ретте қандай да бір санаттағы екі әмбебап көрме арасында 10 жылдық аралық сақталуға тиіс.
3): Егер әңгіме әртүрлі елдерде ұйымдастырылған әмбебап көрмелер туралы болса, осы көрмелер арасындағы уақыт интервалы:
a) бірінші санаттағы әмбебап көрме өткізілген жағдайда алты жылды;
b) екінші санаттағы және ұқсас сипаттағы әмбебап көрме өткізілген жағдайда төрт жылды;
c) өзге сипаттағы екінші санаттағы әмбебап көрме өткізілген жағдайда екі жылды;
d) бірінші және екінші санаттағы әмбебап көрме өткізілген жағдайда екі жылды құрауға тиіс.
4) Алдыңғы параграфтарда көзделген уақыт аралықтары Конвенцияға мүше елдер көрмелерді ұйымдастыратынына немесе ұйымдастырмайтынына қарамастан, барлық әмбебап көрмелерге қолданылады.
5) Бірнеше Уағдаласушы елдің аумақтарында бір уақытта бірден артық бірдей сипаттағы мамандандырылған көрме ұйымдастырылуы мүмкін емес. Сол елде осындай көрмені қайталап өткізу үшін бесжылдық аралық міндетті болып табылады. Алайда Халықаралық көрмелер Бюросы ерекше жағдайларда бұл уақыт аралығын, егер көрмелер арасындағы уақыт аралығын мұндай қысқарту сол не өзге өндіріс саласының қарқынды дамуымен ақталған деп есептесе, кемінде үш жылға дейін қысқартуы мүмкін. Аралықты осылай қысқартуға бірқатар елде интервалы бес жылдан кем болатын қалыптасқан дәстүр бойынша өткізілетін көрмелерге қатысты да рұқсат берілуі мүмкін.
6) Сол бір елде түрлі сипаттағы екі мамандандырылған көрме арасындағы аралық кемінде үш айды құрауға тиіс.
7) Осы бапта айтылған аралық көрме ашылған күннен бастап есептеледі.
2-БАП
1) Осы Хаттама Конвенцияға қатысушы Үкіметтерге Парижде 1966 жылғы 1 қаңтар - 1966 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғандағы кезеңде қол қою үшін ашық болады. Бұл Үкіметтер осы Хаттамаға:
а) ратификациялау, қабылдау немесе бекіту шартынсыз оған қол қойып;
b) қол қойылғаннан кейін депозитарий-Үкіметке қажетті конституциялық формалдылықтардың орындалғаны туралы хабарлап;
c) 1966 жылғы 31 желтоқсаннан кейін оған қосылып, қосылуы мүмкін.
2) Ратификациялау, қабылдау, бекіту немесе қосылу құралдары Француз Республикасы Үкіметінің мұрағатына тапсырылатын болады.
3-БАП
Осы Хаттама оған 2-бапта көзделген шарттармен жиырма Үкімет қосылған күні күшіне енеді.
4-БАП
1) 1966 жылғы 30 маусымнан бастап және осы Хаттама бұл күнге күшіне енбеген жағдайда да, көрсетілген хаттамаға қол қойған немесе қосылған әрбір Үкімет Халықаралық көрмелер Бюросына осы Хаттаманың күшіне енуіне орай тіркелуі мүмкін болмаған бірде-бір әмбебап көрмеге қатыспау ниеті туралы хабарлауы мүмкін.
2) Бюро Конвенцияға қатысушы Үкіметтерге жоғарыда жазылған 1-тармаққа орай берілген кез келген өтініш туралы хабарлайды және Конвенцияға мүше мемлекеттің Үкіметі болып табылатынына немесе табылмайтынына қарамастан, сұрау салуды жіберетін кез келген Үкіметке немесе кез келген басқа тұлғаға осы өтінішті жіберген барлық елдердің тізімін ұсынады.
5-БАП
Осы Хаттама күшіне енгеннен кейін Конвенцияға кез келген жаңа қосылу міндетті түрде осы Хаттамаға қосылуға әкеп соғады.
6-БАП
Осы Хаттаманың ережелері көрменің тіркелуіне қолданылмайды, оны ұйымдастыруға өтінімді Бюро 1965 жылғы 17 қарашадағы Директорлар кеңесінің отырысына дейін қабылдады.
7-БАП
1) Француз Республикасының Үкіметі Конвенцияға барлық қатысушы Үкіметтерге осы Хаттамаға қол қоюдың, оны ратификациялаудың, қабылдаудың немесе бекітудің әрбір жағдайы туралы, соңғысына кез келген қосылу туралы, сондай-ақ оның күшіне ену күні туралы хабарлайды.
2) Осы Хаттама Француз Республикасы Үкіметінің мұрағаттарына тапсырылатын болады, ол куәландырылған көшірмесін қол қоюшы Үкіметтердің әрқайсысына жіберетін болады.
Осыны куәландыру үшін, төменде қол қойған, тиісті Үкіметтер тиісінше уәкілеттік берген адамдар осы Хаттамаға қол қойды.
Парижде жасалды, 1966 жылғы 16 қараша
Германия Федеративтік Республикасының Үкіметі үшін
Ратификациялау шартымен
Қолтаңба
Аустрия Республикасының Үкіметі үшін
Бельгия Корольдігінің Үкіметі үшін
Қолтаңба
Белоруссия Кеңестік Социалистік Республикасының Үкіметі үшін
Қолтаңба 30/12 1966
Болгария Халық Республикасының Үкіметі үшін
Қолтаңба 14/12 1966
Канаданың Үкіметі үшін
Қолтаңба
Дания Корольдігінің Үкіметі үшін
Қолтаңба
Финляндия Республикасының Үкіметі үшін
Ратификациялау шартымен
Қолтаңба
Француз Республикасының Үкіметі үшін
Қолтаңба
Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің
Үкіметі үшін
Қолтаңба
Қолтаңба
Грекия Корольдігінің Үкіметі үшін
Қолтаңба
Гаити Республикасының Үкіметі үшін
Қолтаңба
Венгрия Халық Республикасының Үкіметі үшін
Ратификациялау шартымен
Қолтаңба 16/12 1966
Израиль Мемлекетінің Үкіметі үшін
Ратификациялау шартымен
Қолтаңба 14/12 1966
Италия Республикасының Үкіметі үшін
Жапонияның Үкіметі үшін
Қолтаңба
Ливан Республикасының Үкіметі үшін
Ратификациялау шартымен
Қолтаңба 28/12 1966
Марокко Корольдігінің Үкіметі үшін
Қолтаңба 16/11 1966
Монако Княздігінің Үкіметі үшін
Қолтаңба 15/12 1966
Нигерия Федеративтік Республикасының Үкіметі үшін
Қолтаңба 30/12 1966
Норвегия Корольдігінің Үкіметі үшін
Қолтаңба
Жаңа Зеландияның Үкіметі үшін
Қолтаңба
Нидерланд Корольдігінің Үкіметі үшін
Польша Халық Республикасының Үкіметі үшін
Ратификациялау шартымен
Қолтаңба
Португалия Республикасының Үкіметі үшін
Париж, 1966 жылғы 12 желтоқсан
Қолтаңба
Румыния Социалистік Республикасының Үкіметі үшін
Ратификациялау шартымен
Қолтаңба
Швеция Корольдігінің Үкіметі үшін
Ратификациялау шартымен
Қолтаңба
Швейцария Конфедерациясының Үкіметі үшін
Ратификациялау шартымен
Қолтаңба
Танзания Біріккен Республикасының Үкіметі үшін
Чехословакия Социалистік Республикасының Үкіметі үшін
Қолтаңба 30/11 1966
Тунис Республикасының Үкіметі үшін
Қолтаңба 14/12 1966
Украина Кеңестік Социалистік Республикасының Үкіметі үшін
Қолтаңба 16/11 1966
Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының Үкіметі үшін
Қолтаңба 16/11 1966
КУӘЛАНДЫРЫЛҒАН КӨШІРМЕ ТҮПНҰСҚАМЕН
САЛЫСТЫРЫЛЫП ТЕКСЕРІЛДІ
ФРАНЦУЗ РЕСПУБЛИКАСЫ
СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНІҢ
МҰРАҒАТТАРЫНДА САҚТАЛАДЫ
Париж, 2013 жылғы 23 желтоқсан
1928 ЖЫЛҒЫ 22 ҚАРАШАДА ПАРИЖДЕ ҚОЛ ҚОЙЫЛҒАН
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕЛЕР ТУРАЛЫ КОНВЕНЦИЯҒА
ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗУ ТУРАЛЫ ХАТТАМА
Осы Конвенцияның тараптары,
1928 жылғы 22 қарашада Парижде қол қойылған Халықаралық көрмелер туралы конвенцияда белгіленген, 1948 жылғы 10 мамырдағы және 1966 жылғы 16 қарашадағы хаттамалармен өзгертілген және толықтырылған қағидалар мен рәсімдер көрмені ұйымдастырушылар үшін де, қатысушы мемлекеттер үшін де пайдалы және қажетті болғанын ескере отырып;
Жоғарыда аталған қағидалар мен рәсімдерді қолдануға және осы ережелерді 1928 жылғы Конвенцияны ауыстыруды көздейтін бір құжатқа біріктіруге жауапты Ұйымға қатысты қағидалармен бірге қазіргі заманғы жағдайларға бейімдеуге ниет білдіре отырып,
Төмендегілер туралы уағдаласты:
I бап
Осы Хаттаманың мақсаты:
a) халықаралық көрмелерді өткізуге қатысты қағидалар мен рәсімдерге түзету енгізу;
b) Халықаралық көрмелер Бюросының жұмысын реттейтін ережелерге түзету енгізу болып табылады.
Түзету
ІІ бап
1928 жылғы Конвенция I бапта көрсетілген мақсаттарға сәйкес осы Хаттамамен қайтадан өзгертілді. Енгізілген түзетулері бар Конвенция мәтіні осы Хаттаманың ажырамас бөлігі болып табылатын Қосымшада қамтылған.
ІІІ бап
1) Осы Хаттама 1928 жылғы Конвенцияның Тараптары Парижде қол қоюы үшін 1972 жылғы 30 қарашадан бастап 1973 жылғы 30 қараша аралығында ашық және осы Тараптар қосылу үшін осы соңғы күннен кейін де ашық болып қала береді.
2) 1928 жылғы Конвенцияның Тараптары:
а) ратификациялау, қабылдау немесе бекіту шартынсыз қол қою;
b) ратификациялау, акцептілеу, бекіту тиіс болатын ратификациялау, акцептілеу немесе бекіту жағдайында қол қою;
с) қосылу арқылы осы Хаттаманың қатысушылары бола алады.
3) Ратификациялау, акцептілеу, бекіту немесе қосылу құралдары Француз Республикасының Үкіметіне берілуге тиіс.
IV бап
Осы Хаттама III баптың ережелеріне сәйкес 29 ел оның қатысушысы болған күні күшіне енеді.
V бап
Осы Хаттаманың ережелері Әкімшілік кеңестің жоғарыда көрсетілген IV бапқа сәйкес осы Хаттама күшіне енудің тікелей алдында болатын отырыс өтетін күнді қоса алғанда, күнін Халықаралық көрмелер Бюросы кеш белгілеген көрмені тіркеуге қолданылмайды.
VI бап
Француз Республикасының Үкіметі уағдаласушы елдердің Үкіметтерін, сондай-ақ Халықаралық көрмелер Бюросын:
a) III бапқа сәйкес қол қою, ратификациялау, бекіту, акцептілеу және қосылу;
b) IV бапқа сәйкес осы Хаттаманың күшіне енген күні туралы хабардар етеді.
VII бап
Осы Хаттама күшіне енген кезден бастап Француз Республикасының Үкіметі БҰҰ Жарғысының 102-бабына сәйкес БҰҰ Хатшылығының Хаттаманы тіркеуі үшін өкім етеді.
ОСЫНЫ КУӘЛАНДЫРУ ҮШІН төменде қол қойғандар тиісті түрде соған уәкілеттік берілген адамдар осы Хаттамаға қол қойды.
1972 жылғы 30 қарашада ПАРИЖДЕ француз тілінде жалғыз данада ЖАСАЛДЫ, ол Француз Республикасы Үкіметінің мұрағаттарында сақталады, 1928 жылғы Конвенцияға барлық тараптардың Үкіметтеріне оның куәландырылған көшірмелерін жібереді.
Германия Федеративтік Республикасының Үкіметі үшін
С. Вон Браун
Аустрия Республикасының Үкіметі үшін
Ратификациялау шартымен
Эрик Биелка 28/09/1973
Бельгия Корольдiгiнің Үкіметі үшін
Ратификациялау шартымен
Р. Росшилд
Р. Рау
Белоруссия Кеңестік Социалистік Республикасының Үкіметі үшін
мандатта және декларацияда айтылған ескертпелермен
В. Анитчук
Бразилия Федеративтік Республикасының Үкіметі үшін
Болгария Халық Республикасының Үкіметі үшін
Е. Разлогов
қол қою кезінде айтылған ескертпелермен және мәлімдемемен
Канаданың Үкіметі үшін
Клауд Т.Чарланд
Дания Корольдiгiнің Үкіметі үшін
Ратификациялау шартымен
Пол Ассам
Испанияның Үкіметі үшін
Эмили де Мотта
Америка Құрама Штаттарының Үкіметі үшін
Ратификациялау шартымен
Джек Кубич
Финляндия Республикасының Үкіметі үшін
Ратификациялау шартымен
Олле Герольд
Француз Республикасының Үкіметі үшін
Кристиан Домаль
Ұлыбритания және Солтүстiк Ирландия Құрама Корольдiгiнiң Yкiметi үшін
Ф. Седгуик-Джелл
Д. Логан
Грекия Корольдiгiнiң Yкiметi үшін
Гаити Республикасының Үкіметі үшін
Венгрия Халық Республикасының Үкіметі үшін
мандаттарда қамтылған ескертпелермен
Лазло Фолдес
Израиль Мемлекетінің Үкіметі үшін
Ратификациялау шартымен
Израел Хавив
Италия Республикасының Үкіметі үшін
Ратификациялау шартымен
Ф. Малфатти
Жапонияның Үкіметі үшін
Ливан Республикасының Үкіметі үшін
Марокко Корольдiгiнiң Yкiметi үшін
Монако Князьдігінің Үкіметі үшін
Пьер-Люис Фалаизе
Нигерия Федеративтік Республикасының Үкіметі үшін
Норвегия Корольдiгiнiң Yкiметi үшін
Ратификациялау шартымен
Херслеб Вогт
Жаңа Зеландияның Yкiметi үшін
Нидерланд Корольдiгiнiң Yкiметi үшін
Ратификациялау шартымен
Ж.А де Ранитз
Польша Халық Республикасының Үкіметі үшін
Ратификациялау шартымен және 1972 жылғы 30 қарашада вербальды түрде айтылған ескертпелермен (№ Z-II OME-BIE)
Мичата Каджзера
Португалия Республикасының Үкіметі үшін
Ратификациялау шартымен
А.Ленкастре ла Вейга
1973 жылғы 29 қараша
Румыния Социалистік Республикасының Үкіметі үшін
34-баптың 3 және 4-параграфтарының ережелеріне және 35-баптың декларациясына сәйкес мандаттарда көрсетілген ескертпелермен
С. Флитан
1973 жылғы 8 қараша
Швеция Корольдiгiнiң Yкiметi үшін
Ратификациялау шартымен
Д. Уинтер
Швейцария Конфедерациясының Yкiметi үшін
Ратификациялау шартымен
Макс Троэндл
Танзания Біріккен Республикасының Үкіметі үшін
Чехословакия Социалистік Республикасының Үкіметі үшін
Тунис Республикасының Үкіметі үшін
Абдессалем Бенайед
Украина Кеңестік Социалистік Республикасының Үкіметі үшін
Александр Горденко
Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының Үкіметі үшін
қол қою кезінде айтылған ескертпелермен және декларациямен
Юрий Борисов
ҚОСЫМША
1928 ЖЫЛҒЫ 22 ҚАРАШАДА ПАРИЖДЕ ҚОЛ ҚОЙЫЛҒАН ЖӘНЕ 1948 ЖЫЛҒЫ 10 МАМЫРДАҒЫ, 1966 ЖЫЛҒЫ 16 ҚАРАШАДАҒЫ ЖӘНЕ 1972 ЖЫЛҒЫ 30 ҚАРАШАДАҒЫ ХАТТАМАЛАРМЕН ӨЗГЕРТІЛГЕН ЖӘНЕ ТОЛЫҚТЫРЫЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕЛЕР ТУРАЛЫ КОНВЕНЦИЯ
I БӨЛІМ Анықтамалар мен міндеттер
1-бап
1) Көрме - бұл оның атауына қарамастан, адамда бар өркениеттің қажеттіліктерін қанағаттандыру құралдарын пайдалана отырып және адами қызметтің бір немесе бірнеше салаларында жетістіктерін немесе болашаққа перспективаларын көрсете отырып, негізгі мақсаты жұртшылықты ағарту болып табылатын экспозиция.
2) Егер көрмеге бірден көп ел қатысса, ол халықаралық деп есептеледі.
3) Халықаралық көрменің қатысушылары бір жағынан, ұлттық секцияларда ресми түрде қатыстырылған елдердің экспоненттері және екінші жағынан, халықаралық ұйымдар немесе ресми емес түрде қатыстырылған елдердің экспоненттері, сондай-ақ көрме қағидаларына сәйкес өзге қызметті жүргізуге уәкілеттік берілген тұлғалар, атап айтқанда, концессионерлер болып табылады.
2-бап
Осы Конвенция:
а) ұзақтығы үш аптадан кем көрмелерді;
b) бейнелеу өнерінің көрмелерін;
c) басым коммерциялық бағытта болатын көрмелерді қоспағанда, барлық халықаралық көрмелерге қолданылады.
Ұйымдастырушылар көрмеге бере алатын мәртебеге қарамастан, осы Конвенция көрмелерді тіркелген және танылған деп аражігін ажыратады.
Ескерту. 2-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 16.04.2014 № 193-V Заңымен.
3-бап
Ескерту. 3-бап алып тасталды - ҚР 16.04.2014 № 193-V Заңымен.
ІІ БӨЛІМ Халықаралық көрмелерді ұйымдастырудың жалпы шарттары
Ескерту. II-бөлім жаңа редакцияда - ҚР 16.04.2014 № 193-V Заңымен.
3-бап
Төменде келтірілген 25-бапқа сәйкес Халықаралық көрмелер Бюросында мынадай сипаттамалары бар көрмелер тіркеле алады:
А) олардың ұзақтығы алты аптадан кем болмайды және алты айдан аспайды;
В) қатысушы елдер пайдаланатын көрмені салу режимі көрменің жалпы ережесінде белгіленеді. Егер шақырушы елдің қолданыстағы заңнамасына сәйкес жылжымайтын мүліктен салық алынған жағдайда, оны ұйымдастырушылардың төлеуіне жатқызылатын болады. Бюро қабылдаған қағидаларға сәйкес шын мәнінде көрсетілген қызметтер ғана төлеуге жатқызылуы мүмкін;
C) 1995 жылғы 1 қаңтардан екі тіркелген көрме арасында уақыт аралығы бес жылдан кем емес мерзімді құрайды әрі бірінші көрме 1995 жылы өткізілуі мүмкін. Дегенмен, алғашқы күнтізбеде белгіленген, бес жылдық уақыт аралығын өзгертусіз, халықаралық ауқымдағы ерекше оқиғаны атап өтуге мүмкіндік беру үшін, Халықаралық көрмелер Бюросы көрмені өткізуді алдыңғы ережеден туындаған күнге қатысты бір жылдан аспайтын уақытқа жеделдетуге келісуі мүмкін.
4-бап
А) Халықаралық көрмелер Бюросы мынадай сипаттамалары бар көрмелерді тануы мүмкін:
1. олардың ұзақтығы үш аптадан кем болмайды және үш айдан аспайды;
2. олар нақты тақырыпқа арналуы тиіс;
3. олардың жалпы аумағы 25 га-дан аспауға тиіс;
4. оларды өткізу шеңберінде қатысушы елдерге ұйымдастырушы салған алаңдар бөлінуге тиіс, олар қызмет көрсету шығындарынан басқа жалдау ақысы, салықтар, баждар немесе басқа да шығындар төлеуге жатпайды; мемлекетке бөлінген ең ірі алаң 1000 м2-дан аспауға тиіс. Дегенмен, Халықаралық көрмелер Бюросы, егер ұйымдастырушы мемлекеттің экономикалық және қаржылық жағдайы мұны ақтаса, өтеусіздіктің міндетті сипатынан бас тартуға рұқсат бере алады;
5. осы А) параграфына сәйкес тіркелген екі көрменің арасында тек танылған бір көрме ғана өткізілуі мүмкін.
6. осы А) параграфына сәйкес бір жылдың ішінде тіркелген немесе танылған бір көрме ғана өткізілуі мүмкін.
В. Халықаралық көрмелер Бюросы сондай-ақ:
1. үш жылда бір рет өтетін, өзінің тарихи маңыздылығына қарай және ол алғашқы сипаттамасын сақтаған жағдайда, Миланның бейнелеу өнері мен қазіргі заманғы сәулетінің көрмесін;
2. кемінде екі жылды құрайтын кезектілікпен әртүрлі мемлекеттерде және кемінде он жылды құрайтын интервалмен сол бір мемлекетте өткізу шартымен Гүл өсіру шаруашылығы өндірушілерінің халықаралық қауымдастығы таныған А1 үлгісіндегі гүл өсіру көрмелерін тануы мүмкін;
олар тіркелген екі көрме арасындағы аралықта өткізілуге тиіс.
5-бап
Көрменің ашылуы мен жабылуы және оның жалпы сипаты көрмені тіркеу немесе тану кезінде белгіленеді және ХКБ-ның келісуімен ғана өзгертілуге тиіс.
ІІІ БӨЛІМ Тіркеу
6-бап
1) Аумағында көрмені өткізу жоспарланған Уағдаласушы тараптың Үкіметі (бұдан әрі - «шақырушы Үкімет») Бюроға көрменің өткізілуіне себебіне байланысты күтілетін заңдарды, құқықтық нормаларды немесе қаржылық көрсеткіштерді көрсете отырып, осылайша тіркеуге немесе тануға өтінім бере алады. Конвенцияға қатыспайтын, көрмені тіркеуге немесе тануға ниет білдірген елдің Үкіметі аталған көрмені өткізу шеңберінде осы Конвенцияның I, II, III және IV бөлімдерінің ережелерін және оларды қолдануға белгіленген қағидаларды сақтау міндеттемесін өзіне алатын жағдайда, Бюроға өтініш білдіре алады.
2) көрмені өткізу жоспарланып отырған жерде, халықаралық қатынастарға жауапты Үкімет (бұдан әрі - «шақырушы Үкімет») тіпті егер аталған Үкімет көрменің ұйымдастырушысы болып табылмаса да, тіркеуге немесе тануға өтінімді жіберуге тиіс.
3) Бюро міндетті қағидалар түрінде көрмені өткізу кезеңін айқындау үшін ең ұзақ мерзімдерді, сондай-ақ тіркеуге немесе тануға өтінім қабылдау үшін ең қысқа мерзімдерді белгілейді; ол аталған өтініммен бірге берілуге тиіс құжаттардың тізімін де нақтылайды. Бұдан басқа, Бюро міндетті қаулы түрінде өтінімді қарауға арналған жарналардың мөлшерін белгілейді.
4) Көрме осы Конвенцияның талаптарын және Бюро белгілеген қағидаларды қанағаттандырған сай келген жағдайда ғана тіркеу немесе тану жүзеге асырылады.
Ескерту. 6-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 16.04.2014 № 193-V Заңымен.
7-бап
1) Екі немесе одан көп мемлекет көрмені тіркеу немесе тану құқығына бәсекелескен және ортақ қорытындыға келе алмаған жағдайда, олар Бюроның Бас Ассамблеясына жүгінуге тиіс, ол келтірілген дәлелдерді, сондай-ақ, атап айтқанда, тарихи немесе моральдық сипаттағы ерекше себептерді, соңғы көрме өткізілген кезеңнен бері өткен мерзімді және бәсекелесетін елдер ұйымдастырған көрмелер санын ескере отырып, шешім қабылдайды.
2) Айрықша мән-жайларды қоспағанда, Бюро қатысушы елдің аумағында жоспарланатын көрмеге өз артықшылығын береді.
Ескерту. 7-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 16.04.2014 № 193-V Заңымен.
8-бап
4-баптың 2-параграфында көзделген жағдайларды қоспағанда, егер көрмені тіркеу немесе тану құқығын алған ел көрмені өткізу мәлімделген күндерді өзгертсе, тіркеуге немесе тануға байланысты барлық құқықтардан айырылады. Егер аталған мемлекет көрменің өткізілуін басқа күнге ауыстыруды қаласа, онда ол жаңа өтінім беруге және қажет болған жағдайда, ықтимал бәсекелестікті көздейтін 7-бапта белгіленген рәсімнен өтуге тиіс.
Ескерту. 8-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 16.04.2014 № 193-V Заңымен.
9-бап
1) Егер қандай да бір көрме тіркелмеген немесе танылмаған жағдайда, қатысушы елдер оған қатысудан және қамқорлық көрсетуден, сондай-ақ субсидия бөлуден бас тартады.
2) Қатысушы елдер тіркелген немесе танылған көрмеге қатысудан бас тарту туралы шешім қабылдауда толық еркіндігін өзінде қалдырады.
3) Әрбір қатысушы ел жалған көрмелердің немесе алдау арқылы, жалған уәделер, хабарландыру немесе хабарландырулар арқылы қатысушылар тартылатын көрмелердің бастамашыларына қарсы іс-қимыл жасау үшін оның заңнамасына сәйкес неғұрлым қолайлы барлық шараларды қабылдайды.
Ескерту. 9-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 16.04.2014 № 193-V Заңымен.
ІV БӨЛІМ Тіркелген көрмелерді ұйымдастырушылардың және қатысушы
елдердің міндеттемелері
10-бап
1) Шақырушы Үкімет осы Конвенция ережелерінің және оларды қолдануға белгіленген қағидалардың сақталуына кепілдік беруге тиіс.
2) Егер аталған Үкімет көрмені дербес ұйымдастырмаған жағдайда, ол ұйымдастырушы ретінде заңды тұлғаны ресми түрде тануға және аталған заңды тұлғаның міндеттемелерін орындауына кепілдік беруге тиіс.
11-бап
1) Көрмеге қатысу туралы барлық шақыруларды, олардың қатысушы немесе қатысушы болып табылмайтын мемлекетке жіберілгеніне қарамастан, ұйымдастырушы елдің Үкіметі шақырылған елдің Үкіметіне Үкіметтің өзіне де, ол басшылық ететін жеке және заңды тұлғаларға да дипломатиялық арналар арқылы жіберуге тиіс. Шақырушы Үкіметке жауаптар шақырылмаған жеке және заңды тұлғалардың қатысуға өтінімдері сияқты осындай арналар арқылы жіберілуге тиіс. Шақыруларда Бюро белгілеген мерзімдер ескерілуге тиіс. Халықаралық ұйымдарға арналған шақырулар ұйымдардың өздеріне тікелей жіберілуге тиіс.
2) Қатысушы елдің ешқайсысы, егер жоғарыда көрсетілген шақырулар осы Конвенцияның ережелеріне сәйкес жіберілмесе, халықаралық көрмені ұйымдастыра алмайды немесе оған қатысуға қамқорлық көрсете алмайды.
3) Қатысушы елдер, егер шақыруда осы Конвенцияның ережелеріне сәйкес жүзеге асырылған тіркеуге немесе тануға сілтеме қамтылмаса, қатысушы елдің аумағында немесе осы Конвенцияға қол қоймаған мемлекеттің аумағында өтуге тиіс көрмеге қатысуға қандай да бір шақыруды жібермеуге және қабылдамауға міндеттенеді.
4) Кез келген қатысушы ел ұйымдастырушылардан өзіне жіберілгеннен басқа шақыруды жібермеуді талап етуі мүмкін. Ол шақырылмаған жеке немесе заңды тұлғалардан қатысуға шақыруларды немесе өтінімдерді жіберуден де қалыс қалуы мүмкін.
Ескерту. 11-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 16.04.2014 № 193-V Заңымен.
12-бап
Шақырушы Үкімет осы Конвенция шеңберінде кез келген мақсаттар үшін және көрмеге қатысты барлық жағдайда егер тіркелген көрме туралы сөзі болса, оның атынан өкілдік етуге уәкілеттік берілген көрменің Бас комиссарын немесе егер танылған көрме туралы сөз болса, көрме Комиссарын тағайындауға тиіс.
Ескерту. 12-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 16.04.2014 № 193-V Заңымен.
13-бап
Көрмеге қатысатын кез келген мемлекеттің Үкіметі шақырушы Үкіметтің алдында өзінің мүдделерін білдіру үшін егер тіркелген көрме туралы сөз болса, секцияның Бас комиссарын немесе танылған көрме туралы сөз болса, көрме Комиссарын тағайындауға тиіс. Секцияның Бас комиссары немесе секцияның Комиссары өз елі атынан өкілдік етуді ұйымдастыру үшін жеке-дара жауаптылықта болады. Ол көрменің Бас комиссарына немесе көрменің Комиссарына оның елінің құрамы туралы хабарлайды, сондай-ақ экспоненттердің құқықтары мен міндеттерінің сақталуын қадағалайды.
Ескерту. 13-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 16.04.2014 № 193-V Заңымен.
14-бап
Ескерту. 14-бап алып тасталды - ҚР 16.04.2014 № 193-V Заңымен.
15-бап
Ескерту. 15-бап алып тасталды - ҚР 16.04.2014 № 193-V Заңымен.
16-бап
Көрмені өткізу кезінде басшылыққа алынатын кедендік режим осы Конвенцияның ажырамас бөлігі болып табылатын қосымшада сипатталды.
17-бап
Көрмені өткізу шеңберінде 13-бапқа сәйкес қатысушы елдер Үкіметтері тағайындаған Бас комиссарлардың немесе Комиссарлардың басшылығымен секциялар ұлттық секциялар ретінде қаралады және тиісінше осылай аталуға құқығы болады. Ұлттық секцияға концессиялық ұстаушыларды қоспағанда, жеке бір елдің барлық экспоненттері кіреді.
Ескерту. 17-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 16.04.2014 № 193-V Заңымен.
18-бап
1) Көрмеде жеке бір қатысушы елдің Үкіметі атынан өкілдік ететін секцияның Бас комиссарының немесе секцияның Комиссарының рұқсатымен ғана қандай да бір қатысушыны немесе қандай да бір қатысушылар тобын белгілеу үшін қатысушы елге қатысты қандай да бір географиялық атауды пайдалануға болмайды.
2) Егер қатысушы ел көрмеге қатыспаған жағдайда, көрменің Бас комиссары немесе Комиссары қатысушы елге қатысты алдыңғы параграфта көзделген қорғаудың қамтамасыз етілуін қадағалауға тиіс.
Ескерту. 18-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 16.04.2014 № 193-V Заңымен.
19-бап
1) Қатысушы елдің ұлттық секциядағы барлық экспонаттар осы елмен тығыз байланысты болуға тиіс (мысалы, аталған қатысушы елде шығарылған заттар немесе осы елдің тумалары жасаған заттар).
2) Дегенмен, бұл жерде басқа елдердің Бас комиссарларының немесе Комиссарларының рұқсатымен экспозицияның қосымшасы ретінде ғана болу шартымен өзге заттар мен тауарлар ұсынылуы мүмкін.
3) Қатысушы елдер арасында 1 және 2-параграфтарда көзделген жағдайлар шеңберінде даулар туындаған жағдайда, аталған дау бойынша шешімді секциялар Бас комиссарларының немесе Комиссарларының алқасы қатысып отырған комиссарлардың көпшілік дауысымен қабылдайды. Олардың шешімі түпкілікті болып табылады.
Ескерту. 19-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 16.04.2014 № 193-V Заңымен.
20-бап
1) Егер ұйымдастырушы елдің қолданыстағы заңнамасында көрмені тіркеу немесе тану кезінде Бюроның тиісті рұқсатты беруі шартымен коммуналдық қызметтерден басқа өзгеше ережелер болмаса, көрмеде қандай да бір сипаттағы монополия ұсынылмауға тиіс. Мұндай жағдайда ұйымдастырушылар мынадай талаптарды орындауға міндеттенеді:
a) көрмені өткізуді реттейтін ережеде және қатысу шартында осы монополияның немесе осы монополиялардың бар екенін көрсету;
b) қатысушылардың әдетте елде қолданылатын шарттарда монополия қызметтерін пайдалануын қамтамасыз ету;
с) бір мән-жайларда Бас комиссарлардың немесе Комиссарлардың өздерінің тиісті секцияларындағы өкілеттіктерін шектемеу.
2) Көрменің Бас комиссары немесе Комиссары қатысушы елдерге қойылатын тарифтік мөлшерлемелердің көрмені ұйымдастырушыларға қойылатын мөлшерлемелерден және кез келген жағдайда осы жергілікті жерде қолданылатын қалыпты тарифтерден асып кетпеуі үшін барлық шараларды қолданады.
Ескерту. 11-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 16.04.2014 № 193-V Заңымен.
21-бап
Көрменің Бас комиссары немесе Комиссары көрме аумағындағы коммуналдық қызметтердің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қолынан келетіннің бәрін жасауға тиіс.
Ескерту. 21-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 16.04.2014 № 193-V Заңымен.
22-бап
Шақырушы Үкімет Үкіметтердің және олардың азаматтарының қатысуын жеңілдетуге, атап айтқанда, көлік шығыстары мен адамдардың және заттардың кіру жағдайларына қатысты мәселелерде барлық күш-жігерін жұмсауға тиіс.
23-бап
1) Көрме өткізудің жалпы қағидаларында қатысу туралы анықтаманың берілу мүмкіндігіне қарамастан, қатысушыларға наградалар берілетіні немесе берілмейтіні туралы ақпарат қамтылуға тиіс. Наградалар беру көзделген жағдайда, оларды беру белгілі бір санаттармен шектелуі мүмкін.
2) Егер көрменің қандай да бір қатысушысы наградалар ұтысына қатысқысы келмеген жағдайда, ол бұл туралы көрме басталғанға дейін мәлімдеуге тиіс.
24-бап
Келесі бапта айтылатын Халықаралық көрмелер Бюросы қазылар алқасын шақырудың және оның жұмысының жалпы шарттарын белгілейтін және наградалар беру қисынын айқындайтын қағидалар әзірлеуі мүмкін.
V БӨЛІМ Институционалдық ережелер
25-бап
1) ХКБ деген атпен халықаралық ұйым құрылады, оған осы Конвенция ережелерінің орындалуына және оған жан-жақты жәрдемдесуге кепілдік беру міндеті жүктеледі. Аталған ұйымның мүшелері қатысушы елдердің Үкіметтері болып табылады. Бюроның штаб-пәтері Парижде орналасқан.
2) Бюроның құқықтық құрылымы бар, атап айтқанда, шарттар жасасу, жылжымалы және жылжымайтын мүлікті иелену және сату, сондай-ақ сотта сөз сөйлеуге құқығы болады.
3) Бюроның өзіне осы Конвенция мен сеніп берілген өкілеттіктерді орындау шеңберінде мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен артықшылықтар мен иммунитеттерге қатысты шарттар жасасу құқығы бар.
4) Бюро Бас Ассамблеядан, Төрағадан, Атқару комиссиясынан, Мамандандырылған комиссиялардан, комиссиялар санына тең төраға орынбасарларынан, сондай-ақ Бас хатшы басқаратын хатшылықтан тұрады.
26-бап
Бюроның Бас Ассамблеясы әр елге бірден үшке дейінгі есеппен қатысушы елдер Үкіметтері тағайындаған делегаттардан тұрады.
27-бап
Бас Ассамблея кезекті отырыстарды өткізеді, сондай-ақ кезектен тыс сессияларды шақыра алады. Ол осы Конвенцияға сәйкес Бюроға ең жоғары деңгейдегі өкілеттіктер берілетін барлық мәселелерді шешуге арналған, атап айтқанда:
а) халықаралық көрмелердің тіркелуін немесе танылуын, жіктемесін және ұйымдастырылуын, сондай-ақ Бюроның жұмысын реттейтін қағидаларды талқылайды, қабылдайды және жариялайды.
Осы Конвенция туралы ережелер шеңберінде Бас ассамблея міндетті қағидаларды белгілей алады. Ол көрмелерді ұйымдастыру үшін басшылық ету болып табылатын үлгілік қағидаларды да белгілей алады;
b) Бюроның бюджетін айқындайды, бухгалтерлік есебін тексереді және қабылдайды;
с) Бас хатшының есептерін бекітеді;
d) қажет болған жағдайларда комиссияларды шақырады және Атқару комиссиясының, сондай-ақ басқа да комиссиялардың мүшелерін тағайындайды, олардың мандатының мерзімін белгілейді;
e) осы Конвенцияның 25 (3)-бабында белгіленген халықаралық
шарттардың кез келген жобаларын бекітеді;
f) 33-бапқа сәйкес түзетулердің жобаларын қабылдайды;
g) Бас хатшыны тағайындайды.
Ескерту. 27-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 16.04.2014 № 193-V Заңымен.
28-бап
1) Әрбір қатысушы ел Үкіметінің өз өкілдерінің санына қарамастан, Бас Ассамблеяда бір дауысқа құқығы болады. Ол осы дауыс беру құқығынан, егер 32-бапқа сәйкес төлейтін жарналардың жалпы сомасы ағымдағы және алдыңғы жылдардағы жарналарының жалпы сомасынан асып кеткен жағдайда, уақытша айырылады.
2) Бас Ассамблея отырысқа қатысып отырған және дауыс беру құқығы бар делегациялардың саны дауыс беру құқығы бар барлық қатысушы елдер санының кемінде үштен екісін құраса, дәйекті негіздерде отырыс өткізе алады. Егер көрсетілген кворумға қол жеткізілмесе, Бас Ассамблея сол күн тәртібімен кемінде бір айдан кейін қайтадан шақырылады. Мұндай жағдайда міндетті кворум дауыс беруге құқығы бар қатысушы елдер санының жартысына дейін қысқарады.
3) Шешімдер жақтап немесе қарсы дауыс беретін қатысушы делегаттардың көпшілік дауысымен қабылданады. Дегенмен, мынадай жағдайларда дауыстың үштен екісін басымдықпен жинау міндетті:
а) осы Конвенцияға түзетулер енгізу туралы жобаларды қабылдау;
b) қағидаларды әзірлеу және оларға өзгерістер енгізу;
c) бюджетті қабылдау және қатысушы елдердің жылдық
жарналарының сомасын бекіту;
d) жоғарыда келтірілген 4-бапқа сәйкес шарттарда көрмені ашу және жабу күндерін өзгертуге рұқсат беру;
e) қатысушы елдің аумағындағы көрмемен бәсекелескен қатыспайтын мемлекеттің аумағында көрмені тіркеу немесе тану;
f) осы Конвенцияның 5-бабында көзделген интервалдарды қысқарту;
g) қатысушы елдер берген түзетулердің шарттарын қабылдау; бұл
ретте, 33-баптың шарттарына сәйкес мұндай көрсетілген түзету дауыстың
4/5 басымдығымен немесе бірауыздан қабылдануға тиіс;
h) халықаралық келісімнің кез келген жобасын бекіту;
і) Бас хатшыны тағайындау.
Ескерту. 28-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 16.04.2014 № 193-V Заңымен.
29-бап
1) Төрағаны Бас Ассамблея жасырын дауыс беру арқылы екі жыл мерзімге қатысушы елдер Үкіметтері делегаттарының қатарынан сайлайды. Ол өз мандатының барысында қатысушы елдердің өзі азаматы болып табылатын елді білдірмейді. Ол қайта сайлануы да мүмкін.
2) Төраға Бас Ассамблеяның отырыстарын шақырады және оларға басшылық етеді, сондай-ақ Бюроның тиісті жұмыс істеуіне кепілдік береді. Төраға болмағанда оның функцияларын Атқару комиссиясының қызметіне жауап беретін Төраға орынбасары, ал ол болмаған жағдайда сайлау тәртібімен басқа орынбасарлардың бірі орындайды.
3) Төрағаның орынбасарларын Бас Ассамблея қатысушы елдер Үкіметтерінің делегаттары арасынан сайлайды, Бас Ассамблея олардың қызметінің сипаты мен мерзімін айқындайды, сондай-ақ атап айтқанда, орынбасар бекітілетін комиссияны тағайындайды.
30-бап
1) Атқару комиссиясы әрқайсысы бір өкілін ұсынатын он екі қатысушы ел Үкіметтерінің делегаттарынан тұрады.
2) Атқару комитеті:
a) көрме шеңберінде көрініс табуы мүмкін адами қызметі түрлерінің жіктемесін әзірлейді және жаңартады;
b) көрмені тіркеуге немесе тануға арналған барлық өтінімдерді қарайды және оларды өз қорытындысымен бірге Бас Ассамблеяның бекітуіне ұсынады;
с) Бас Ассамблея тапсырған функцияларды орындайды;
d) басқа комиссиялардың қорытындысын сұрата алады.
Ескерту. 30-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 16.04.2014 № 193-V Заңымен.
31-бап
1) Осы Конвенцияның 28-бабының ережелеріне сәйкес тағайындалған Бас хатшы сол немесе өзге қатысушы елдің азаматы болуға тиіс.
2) Бас хатшы Бас Ассамблея мен Атқару комиссиясының нұсқаулықтарына сәйкес Бюроның ағымдағы істерінің орындалуы үшін жауаптылықта болады. Ол бюджеттің жобасын әзірлейді, бухгалтерлік есеп бойынша есеп береді және Бас Ассамблеяға өзінің қызметі туралы есептер береді. Ол Бюроның, атап айтқанда, сотта мүдделерін білдіреді.
3) Бас Ассамблея Бас хатшының басқа да міндеттерін белгілейді, сондай-ақ оның мәртебесін айқындайды.
32-бап
Бюроның жылдық бюджетін 28-баптың 3-параграфының ережелеріне сәйкес Бас Ассамблея бекітеді. Бюджетте Бюроның қаржы резервтері, әртүрлі кірістер, сондай-ақ алдыңғы қаржы жылдарынан ауысқан кіріс және шығыс баланстар есепке алынады. Бюроның шығыстары қатысушы елдердің үлестерінің мөлшері негізінде Бас Ассамблея шешімдеріне сәйкес қатысушы елдердің кірістері мен жарналары есебінен орны толтырылады.
33-бап
1) Кез келген қатысушы ел осы Конвенцияға түзетулер енгізу туралы ұсыныс жасай алады. Аталған түзету жобасының мәтіні мен оның себептері Бас хатшыға жіберіледі, ол барынша тез оларды барлық басқа қатысушы елдерге беруге міндетті.
2) Түзету енгізу жобасы Бас Ассамблеяның кезекті немесе кезектен тыс сессиясының күн тәртібіне енгізіледі, бұл Бас хатшы түзетулерді енгізу туралы ұсынысты почта арқылы жібергеннен кейін кемінде үш ай өткен соң өткізіледі.
3) Алдыңғы параграфтың және 28-баптың ережелеріне сәйкес Бас Ассамблея қабылдаған кез келген түзету енгізу жобасын Француз Республикасының Үкіметі барлық қатысушы елдерге бекітуге ұсынады. Түзету жобасы барлық қатысушылар үшін олардың 4/5 бөлігі өздерінің оны қабылдағаны туралы Француз Республикасының Үкіметіне хабарлаған күні күшіне енеді. Дегенмен, алдыңғы ережелерден ерекшелік ретінде кедендік режим туралы осы параграфқа, 16-бапқа немесе осы бапта көзделген қосымшаға түзету енгізу туралы кез келген жоба барлық қатысушы елдер оны өздерінің қабылдағаны туралы Француз Республикасының Үкіметіне хабарлаған күні ғана күшіне енеді.
4) Түзетуді қабылдаған кезде ескерту жасауға ниет білдірген кез келген қатысушы ел Бюроға бұл туралы хабарлауға тиіс. Бас Ассамблея аталған ескертпенің қолайлылығын қарайды. Бас Ассамблея көрмелер өткізуге қатысты жетістіктерді қорғауға септігін тигізетін ескертпелерді қабылдауға және артықшылық жағдай туғызу мақсатын көздейтін ескертпелерді қабылдамауға тиіс. Егер ескертпе қабылданса, онда оны ұсынған қатысушы есептеу кезінде 4/5 көпшілік дауыспен жалпы түзетуді қабылдағандардың құрамына енгізілуге тиіс. Егер ескертпе қабылданбаса, онда оны ұсынған ел түзетуді қабылдаудан бас тартуды не оны ескертпесіз қабылдауды таңдауға тиіс.
5) Осы баптың 3-параграфында көзделген шарттармен түзету күшіне енген кезде түзетуді қабылдаудан бас тартқан кез келген қатысушы ел бұл жағдайға 37-баптың ережелерін қолдану керек деп есептей алады.
34-бап
1) Осы Конвенцияның қолданылуы немесе түсіндірілуі бойынша осы Конвенцияның ережелеріне сәйкес шешімдер қабылдауға өкілеттіктер берілген органдар шеше алмайтын, екі немесе бірнеше қатысушы ел арасындағы кез келген дау дауласушы тараптар арасындағы келіссөздер арқылы шешіледі.
2) Егер бұл келіссөздер қысқа мерзім ішінде келісімге әкелмесе, онда тараптардың бірі Бюро Төрағасына делдалды тағайындау туралы өтінішпен жүгінеді. Егер делдал дауда келісімге қол жеткізе алмаса, онда ол даудың сипаты мен көлемі туралы есеп жасап, оны Төрағаға береді.
3) Егер осылайша дау үшін негіз тұжырымдалса, дау төрелік талқылаудың нысанасына айналады. Осы мақсатта қатысушы тараптардың бірі есеп туралы даудың тараптарына хабарлама жіберілген кезден бастап екі айлық мерзім ішінде Бюроның Бас хатшысына өзі таңдаған төрешіні көрсете отырып, төрелік ету туралы өтініш жібереді. Екінші тарап немесе даудың екінші тараптары екі айлық мерзімде тиісті төреші тағайындауға тиіс. Бұл рәсім орындалмаған жағдайда тараптардың бірі төрешіні немесе төрешілерді тағайындау туралы өтінішпен істі Халықаралық Соттың төрағасына қарауға жібере алады.
Бірнеше тарап бірлесіп әрекет еткен кезде олар алдыңғы параграфта жазылған ережелерге сәйкес бір тарап болып қаралады. Күмән болған жағдайда шешімді Бас хатшы қабылдайды.
Төрешілер өз кезегінде жоғары төрешіні тағайындайды. Егер төрешілер екі айлық мерзім ішінде жоғарғы төрешіні таңдауға қатысты ортақ пікірге келе алмаса, онда шешімді тараптардың бірі жүгінуі нәтижесінде Халықаралық Соттың төрағасы қабылдайды.
4) Төрелік алқа алқа мүшелерінің көпшілік дауысымен шығарылған шешім туралы хабарлайды, бұл ретте, егер төрешілердің дауыстары тең бөлінген жағдайда жоғарғы төрешінің дауысы шешуші болып табылады. Бұл шешім барлық дауласушы тараптар үшін міндетті, түпкілікті болуға тиіс және шағым жасауға жатпайды.
5) Кез келген елдің осы Конвенцияға қол қойған немесе оны ратификациялаған немесе оған қосылған кезде өзінің алдыңғы 3 және 4-параграфтарда көрсетілген мән-жайларға байланысты деп есептемейтіні туралы мәлімдеуге құқығы бар. Басқа қатысушы елдер мұндай ескертпені берген елге қатысты ережелермен байланысты деп есептелмейтін болады.
6) Алдыңғы параграфтың ережелеріне сәйкес ескертпені берген кез келген қатысушы ел кез келген уақытта осы ескертпесін депозитарий Үкіметті хабардар ете отырып, кері қайтара алады.
35-бап
Осы Конвенция бір жағынан БҰҰ-ға мүше болып табылатынына не мүше болып табылмайтынына қарамастан кез келген ел үшін, Халықаралық Сот Жарғысының қатысушысы болып табылатын ел үшін немесе БҰҰ-ның мамандандырылған агенттіктерінің бірінің немесе халықаралық атом энергетикасы агенттігінің мүшесі болып табылатын ел үшін, екінші жағынан қосылу туралы өтініші Бюроның Бас ассамблеясында дауыс беру құқығы бар қатысушы елдердің үштен екісінің көпшілік дауысымен бекітілген кез келген басқа елдің қосылуы үшін ашық. Қосылу туралы құжаттар Француз Республикасы Үкіметінің мұрағатына сақтауға тапсырылады және олар тапсырылған кезден бастап күшіне енеді.
36-бап
Француз Республикасының Үкіметі осы Конвенцияға қатысушы елдердің Үкіметтеріне, сондай-ақ Халықаралық көрмелер Бюросына:
а) 33-бапқа сәйкес түзетулердің күшіне енуі;
b) 35-бапқа сәйкес жаңа мүшелердің қосылуы;
с) 37-бапқа сәйкес осы Конвенцияны бұзу;
d) 34-баптың 5-параграфына сәйкес ұсынылған ескертпелер;
f) Конвенцияның мерзімінің аяқталуы туралы хабарлауға тиіс.
37-бап
1) Кез келген қатысушы ел Француз Республикасының Үкіметіне бұл туралы жазбаша түрде хабарлай отырып, осы Конвенцияны бұзуы мүмкін.
2) Аталған бұзу хабарлама алынған күннен бастап бір жыл өткен соң күшіне енеді.
3) Осы Конвенция, егер бұзу нәтижесінде қатысушы елдердің саны жетіден кем болып қысқарса, өзінің қолданысын тоқтатады.
Қатысушы елдер арасында Бюроның таратылуына қатысты жасалуы мүмкін кез келген шарт болмаған жағдайда, Бас хатшы тарату мәселелері үшін жауаптылықта болады. Активтер қатысушы елдердің арасында өздері осы Конвенцияның қатысушысы болған кезден бастап төлеген жарналарына мөлшерлес бөлінетін болады. Егер қарыздары болса, оларды ағымдағы қаржы жылына көрсетілген жарналарға мөлшерлес осы қатысушы елдер өтейтін болады.
1972 жылғы 30 қарашада Парижде жасалды.
Германия Федеративтiк Республикасының Үкіметі үшін
С. Вон Браун
Аустрия Республикасының Үкіметі үшін
Ратификациялау шартымен
Эрик Биелка 28/09/1973
Бельгия Корольдiгiнің Үкіметі үшін
Ратификациялау шартымен
Р. Росшилд
Р. Рау
Белоруссия Кеңестік Социалистік Республикасының Үкіметі үшін
мандатта және декларацияда айтылған ескертпелермен
В. Анитчук
Бразилия Федеративтік Республикасының Үкіметі үшін
Болгария Халық Республикасының Үкіметі үшін
Е. Разлогов
қол қою кезінде айтылған ескертпелермен және мәлімдемемен
Канаданың Үкіметі үшін
Клауд Т.Чарланд
Дания Корольдiгiнің Үкіметі үшін
Ратификациялау шартымен
Пол Ассам
Испанияның Үкіметі үшін
Эмили де Мотта
Америка Құрама Штаттарының Үкіметі үшін
Ратификациялау шартымен
Джек Кубич
Финляндия Республикасының Үкіметі үшін
Ратификациялау шартымен
Олле Герольд
Француз Республикасының Үкіметі үшін
Кристиан Домаль
Ұлыбритания және Солтүстiк Ирландия Корольдiгiнiң Yкiметi үшін
Ф. Седгуик-Джелл
Д. Логан
Грекия Корольдiгiнiң Yкiметi үшін
Гаити Республикасының Үкіметі үшін
Венгрия Халық Республикасының Үкіметі үшін
мандаттарда қамтылған ескертпелермен
Лазло Фолдес
Израиль Мемлекетінің Үкіметі үшін
Ратификациялау шартымен
Израел Хавив
Италия Республикасының Үкіметі үшін
Ратификациялау шартымен
Ф. Малфатти
Жапонияның Үкіметі үшін
Ливан Республикасының Үкіметі үшін
Марокко Корольдiгiнiң Yкiметi үшін
Монако Князьдігінің Үкіметі үшін
Пьер-Люис Фалаизе
Нигерия Федеративтік Республикасының Үкіметі үшін
Норвегия Корольдiгiнiң Yкiметi үшін
Ратификациялау шартымен
Херслеб Вогт
Жаңа Зеландияның Yкiметi үшін
Нидерланд Корольдiгiнiң Yкiметi үшін
Ратификациялау шартымен
Ж.А де Ранитз
Польша Халық Республикасының Үкіметі үшін
Ратификациялау шартымен және 1972 жылғы 30 қарашада вербальды түрде айтылған ескертпелермен (№ Z-II OME-BIE)
Мичата Каджзера
Португалия Республикасының Үкіметі үшін
Ратификациялау шартымен
А.Ленкастре ла Вейга
1973 жылғы 29 қараша
Румыния Социалистік Республикасының Үкіметі үшін
34-баптың 3 және 4-параграфтарының ережелеріне және 35-баптың декларациясына сәйкес мандаттарда көрсетілген ескертпелермен
С. Флитан
1973 жылғы 8 қараша
Швеция Корольдiгiнiң Yкiметi үшін
Ратификациялау шартымен
Д. Уинтер
Швейцария Конфедерациясының Yкiметi үшін
Ратификациялау шартымен
Макс Троэндл
Танзания Біріккен Республикасының Үкіметі үшін
Чехословакия Социалистік Республикасының Үкіметі үшін
Тунис Республикасының Үкіметі үшін
Абдессалем Бенайед
Украина Кеңестік Социалистік Республикасының Үкіметі үшін
Александр Горденко
Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының Үкіметі үшін
қол қою кезінде айтылған ескертпелермен және декларациямен
Юрий Борисов
1928 ЖЫЛҒЫ 22 ҚАРАШАДА ПАРИЖ ҚАЛАСЫНДА ҚОЛ ҚОЙЫЛҒАН, 1948 ЖЫЛҒЫ 10 МАМЫРДАҒЫ, 1966 ЖЫЛҒЫ 16 ҚАРАШАДАҒЫ, 1972 ЖЫЛҒЫ 30 ҚАРАШАДАҒЫ ХАТТАМАЛАРМЕН ӨЗГЕРТІЛГЕН ЖӘНЕ ТОЛЫҚТЫРЫЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕЛЕР ТУРАЛЫ КОНВЕНЦИЯҒА
ҚОСЫМША
Халықаралық көрмелерге қатысушылардың бұйымдарды әкелуінің
КЕДЕНДІК ҚАҒИДАЛАРЫ
1-бап
Анықтамалар
Осы Қосымшаны қолдану мақсатында мыналар көзделеді:
а) «әкелу баждары» - әкелген кезде немесе әкелумен байланысты алынатын кедендік баждар мен кез келген басқа да баждар мен салықтар, сондай-ақ көрсетілген қызметтердің құнымен шектелген және отандық тауарларды жанама қорғауды білдірмейтін төлемдер мен салықтарды немесе әкелу кезінде фискальдік сипаттағы алымдарды қоспағанда, әкелінетін тауарларға салынатын барлық акциздік алымдар мен ішкі салықтар;
b) «уақытша әкелу» - қандай да бір импорттық тыйым салусыз немесе кері экспорт міндеттемесімен шектеулерсіз әкелу баждарын төлеуден босата отырып, уақытша әкелу.
2-бап
Уақытша әкелу мыналарға:
a) көрсетуге арналған немесе көрмеде көрсету нысанасы болып табылатын тауарларға;
b) көрмеде шетелдік тауарларды көрсету мақсатында пайдалануға арналған тауарларға, атап айтқанда:
і) көрмеге қойылған шетелдік механизмдерді немесе аппараттарды көрсетуге қажетті тауарларға;
іі) құрылыс материалдарына, оның ішінде шикізат күйіндегі материалдарға, көркем безендіруге арналған материалдарға, шетелдік павильондар мен көрмедегі стендтер, сондай-ақ шетелдік қатысушы ел секциясының Бас Комиссарына арналған үй-жайлар үшін жиһаз бен электр жабдығына;
ііі) көрмедегі жұмыстарды атқаруға қажетті аспаптарға, құрылыс жабдығы мен көлік құралдарына;
iv) көрмеде ұсынылған шетелдік тауарлардың жарнамасы ретінде нақ пайдалануға арналған жарнамалық және көрсету материалдарына, дыбыстық жазбалар, фильмдер мен диапозитивтер сияқты, сондай-ақ оларды пайдалану үшін қажетті аппаратураға;
с) құрал-жабдыққа, оның ішінде аударманы жүзеге асыру үшін арналған аппаратураға, дыбыс жазатын аппаратура мен көрмеге қатысуға байланысты пайдалануға арналған оқу, ғылыми немесе мәдени сипаттағы фильмдерге қолданылады.
3-бап
Осы Қосымшаның 2-бабында көзделген жеңілдіктер мына:
а) тауарлардың кері экспорты кезінде олардың танылуы мүмкін болған;
b) қатысушы ел секциясының Бас комиссары ақшалай депозит енгізбестен көрме жабылғаннан кейін белгіленген мерзімде кері экспортталмайтын тауарлардан алынатын әкелу баждарын төлеуге кепілдік берген; экспоненттердің өтініші бойынша шақырушы елдің заңнамасында көзделген басқа түрдегі кепілдіктер (мысалы, 1961 жылғы 6 желтоқсандағы Кедендік ынтымақтастық Кеңесінің Конвенциясымен қолданысқа енгізілген А.Т.А. карнеттері) қабылдануы мүмкін болған;
с) уақытша әкелінетін елдің кеден биліктері осы Қосымшада жазылған шарттардың орындалады деп ұйғарған жағдайларда беріледі.
4-бап
Тауарларға осы Қосымшада көзделген жеңілдіктер қолданылатын кезеңде және уақытша әкелінетін елдің заңдарында немесе қағидаларында бұл рұқсат етілген жағдайларды қоспағанда, уақытша әкелуге рұқсат етілген тауарлар қарызға берілмейді, жалға өткізілмейді немесе ақы үшін пайдаланылмайды, сондай-ақ көрме аумағынан шығарылмайды. Олар өте қысқа мерзімде және көрме жабылғаннан кейін үш айдан кешіктірілмей кері экспортталуға тиіс. Кеден биліктері дәлелді себептермен бұл мерзімді уақытша әкелінетін елдің заңдарында және қағидаларында белгіленген шекте ұзартуы мүмкін.
5-бап
a) 4-бапта көзделген кері экспорттау міндеттемесіне қарамастан, тез бұзылатын, қатты зақымданған немесе қымбат емес тауарларды кеден биліктері шешіміне сәйкес:
і) оларға қолма-қол төленетін әкелу баждары салынған; не
іі) олар уақытша әкелінетін елдің мемлекеттік қазынасына кез келген шығыстардан еркін берілген; не
ііі) олар уақытша әкелінетін елдің мемлекеттік қазына тарапынан ешқандай шығыстарсыз ресми бақылаумен кедендік органдардың талабы бойынша жойылған жағдайда кері экспорттау талап етілмейді.
Кері экспорт міндеттемесі тиісті секцияның Бас комиссарының талабы бойынша жойылатын, кез келген сипаттағы тауарларға да қолданылмайды. Бұл жағдайда жою уақытша әкелінетін елдің мемлекеттік қазынасы тарапынан ешқандай шығыстарсыз ресми бақылаумен жүзеге асырылады;
b) уақытша әкелуге рұқсат етілген тауарлар, егер осы тауарлар тікелей шетелден әкелінген болса, кері экспорт үшін ғана емес, атап айтқанда, уақытша әкелінетін елдің заңдары мен қағидаларына орай қолданылатын шарттар мен формалдылықтар орындалған жағдайда ішкі пайдалануға арналуы мүмкін.
6-бап
Қойылған механизмдердің немесе аппараттардың жұмыс істеуін көрсету үшін уақытша әкелінген тауарлардан көрме барысында иемденген қосымша тауарларға, оларды уақытша әкелуге рұқсат етілгендей тәртіппен, бірақ төменде келтірілген 7-баптың ережелері сақталған жағдайда, осы Қосымшаның 4 және 5-баптарының ережелері қолданылады.
7-бап
Тауарлардың жалпы құны мен саны әкелінетін елдің кеден биліктерінің пікірі бойынша негізді болған жағдайларда және талаппен, көрменің сипаты, келушілердің саны мен экспоненттің қатысу көлемі ескеріле отырып:
a) көрмеге қойылған шетелдік тауарларды білдіретін ұсақ үлгілерден (алкоголь ішімдіктерін, темекіні және жағармайды қоспағанда), оның ішінде импортталған немесе қапталмаған күйде әкелінген тауарлардан көрмеге алынған тамақ өнімдерінің және сусындардың үлгілерінен:
і) тегін жеткізілетін және қолдану үшін көрмеге келушілерге тегін тарату немесе өздеріне таратылған адамдардың тұтынуы үшін ғана пайдаланылатын шетелдік тауарлар туралы сөз болған;
іі) осы тауарлар жарнамалық сипаттағы үлгілер ретінде танылуы мүмкін және олардың өнім бірлігі үшін құндылығы болмашы болған;
ііі) олар коммерциялық қолдану үшін арналмаған және тиісті жағдайларда олардың өлшеніп оралуы бөлшек саудаға түсетін ең аз мөлшердегі өлшеп ораудан едәуір аз болған;
iv) ііі) тармаққа сәйкес қаптамада бөліп таратылмайтын, тамақ өнімдері мен сусындар көрмеде тұтынылатын;
b) секцияның Бас комиссары жәдігерлерді бағалау кезінде тұтынылған заттардың сипатын және санын көрсете отырып, куәлікті берген жағдайда осындай бағалау кезінде көрменің қазылар алқасы мүшелері пайдаланған немесе тұтынған, әкелінген үлгілерден;
c) көрсету немесе көрмеде ұсынылған шетелдік механизмдер мен аппараттарды көрсету мақсатында ғана әкелінетін және көрсетілім уақытында тұтынылған немесе кәдеге жаратылған тауарлардан;
d) тегін жеткізілетін және көрме аумағында жұртшылыққа тегін тарату үшін ғана арналған шетелдік тауарлар туралы сөз болған жағдайда көрмеде ұсынылған шетелдік тауарларды жарнамалау мақсатына арналған баспа материалдарынан, каталогтардан, проспектілерден, прейскуранттардан, жарнама афишаларынан, иллюстрацияланған немесе иллюстрацияланбаған күнтізбелерден, сондай-ақ жиектемесі жоқ фотосуреттерден әкелу баждары алынбайды, оларға импорттық тыйым салу немесе шектеу қолданылмайды және уақытша әкелу рұқсат етілген кезде оларды кері экспорттау талап етілмейді.
8-бап
Мынадай жағдайларда:
a) көрмедегі шетелдік экспозицияларды салу, жабдықтау, көркем ресімдеу, жандандыру және әшекейлеу үшін әкелінетін және қолданылатын
тауарлар (бояулар, лактар, түсқағаздар, буланғыш сұйықтықтар, фейерверктерге арналған материалдар, тұқымдар, өсімдіктер және т.б.) және оларды пайдалану фактісіне орай кәдеге жаратылатын тауарлардан;
b) көрмеге қатысушы ел жариялайтын иллюстрацияланған және иллюстрацияланбаған каталогтардан, кітапшалардан, афишалар мен басқа да ресми баспа материалдарынан;
c) жоспарлардан, сызбалардан, дерекнамалардан, мұрағат материалдарынан, бланкілер мен көрмеде сондайлар ретінде пайдалануға арналған басқа да құжаттардан әкелу баждары алынбайды, оларға импорттық тыйым салу немесе шектеу қолданылмайды және уақытша әкелу рұқсат етілген кезде оларды кері экспорттау талап етілмейді.
9-бап
а) көрмеде ұсынылатын немесе ұсынылған немесе пайдаланылған тауарларды әкелу кезінде де, әкету кезінде де тексеру мен кедендік тазалау аталған көрменің аумағында мүмкін және мақсатқа сай болған барлық жағдайларда жүзеге асырылады;
b) әрбір Уағдаласушы тарап өз аумағында өзі ұйымдастыруға көрмеде ақылға қонымды мерзімде кедендік бюроны ашу үшін көрменің көлемін ескере отырып, мақсатқа сай деп есептеген барлық жағдайларда күш-жігерін жұмсайтын болады;
с) импортшы ресімдеудің жеңілдетілген рәсімін пайдалану мақсатында әкелу бюросы арқылы тауарларға кері экспортты жүргізуге міндеттелген жағдайларды қоспағанда, уақытша әкелу режимі қолданылатын тауарлардың кері экспорты осы мақсат үшін құрылған кез келген кедендік бюро арқылы, егер ол әкелу бюросы болмаса да, бір рет немесе бірнеше рет орын алуы мүмкін.
10-бап
Жоғарыда келтірілген ережелер:
а) жекелеген Уағдаласушы тараптар біржақты тәртіппен не екіжақты немесе көпжақты келісімдерге орай берген немесе беретін неғұрлым ауқымды жеңілдіктерді;
b) көрмені ұйымдастыруға қатысты кедендік емес сипаттағы ұлттық немесе конвенциялық қағидаларды;
с) қоғамдық мораль мен тәртіпті, қоғамдық қауіпсіздікті, гигиена немесе денсаулық сақтау мақсаттарына немесе ветеринариялық немесе фитопатологиялық тәртіп мақсаттарына негізделген немесе патенттерді, фабрикалық маркаларды, авторлық және баспа құқықтарын қорғауға қатысты ұлттық заңдарда және қағидаларда көзделген тыйым салу мен шектеулерді қолдануға кедергі келтірмейді.
11-бап
Осы Қосымшаның ережелерін қолдану үшін Кедендік немесе экономикалық одақты құратын Уағдаласушы елдердің аумақтары біртұтас аумақ ретінде қаралуы мүмкін.
Қол қоюлар
ҰСЫНЫМ
Бас Ассамблея әкелу баждарын алмауды, импорттық тыйым салу мен шектеулер қолданбауды және уақытша рұқсат етілген жағдайда тауарлардың жалпы құны мен саны әкелінетін елдің кеден биліктерінің пікірі бойынша көрменің сипаты, келушілердің саны мен экспоненттің қатысу көлемі, Бас комиссарлар:
і) өздерінің жеке тұтынуы үшін;
іі) ресми қабылдаулар уақытында пайдалану үшін;
ііі) өздерінің елдерінен, ұйымдастырушы елден немесе үшінші елдерден құрметті қонақтарға табыс ету үшін әкелген тауарлар ескеріле отырып, ақылға қонымды болған жағдайда кері экспорттауды талап етпеуді ұсынады.
КУӘЛАНДЫРЫЛҒАН КӨШІРМЕ ТҮПНҰСҚАМЕН САЛЫСТЫРЫЛЫП ТЕКСЕРІЛДІ
ФРАНЦУЗ РЕСПУБЛИКАСЫ
СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНІҢ
МҰРАҒАТТАРЫНДА САҚТАЛАДЫ
Париж, 2013 жылғы 23 желтоқсан
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕЛЕР
БЮРОСЫ
Виктор Гюго авеню, 59
75783 ПАРИЖ
Телефон: 45-00-38-63
1928 жылғы 22 қарашада Парижде қол қойылған,
1972 жылғы 30 қазандағы хаттамамен өзгертілген
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕЛЕР ТУРАЛЫ КОНВЕНЦИЯҒА ТҮЗЕТУ
Халықаралық көрмелер бюросының Бас ассамблеясы 1982 жылғы 24 маусымда жиналып, өзгертілген Халықаралық көрмелер туралы конвенцияның 28-бабына сәйкес қажет ететін осы Конвенцияға мынадай редакциядағы түзетуді көпшілік дауыспен қабылдады:
«ЖОҒАРЫДА КЕЛТІРІЛГЕН ИНТЕРВАЛДАРДЫ» ДЕГЕН СӨЗДЕРДЕН БАСТАП 5.2-БАПТЫҢ ЕРЕЖЕЛЕРІ АЛЫП ТАСТАЛДЫ.
КУӘЛАНДЫРЫЛҒАН КӨШІРМЕ ТҮПНҰСҚАМЕН САЛЫСТЫРЫЛЫП ТЕКСЕРІЛДІ
ФРАНЦУЗ РЕСПУБЛИКАСЫ
СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНІҢ
МҰРАҒАТТАРЫНДА САҚТАЛАДЫ
Париж, 2013 жылғы 23 желтоқсан
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕЛЕР
БЮРОСЫ
Виктор Гюго авеню, 59
75783 ПАРИЖ
Телефон: 45-00-38-63
1948 жылғы 10 мамырдағы, 1966 жылғы 16 қарашадағы
және 1972 жылғы 30 қарашадағы хаттамалармен,
сондай-ақ 1988 жылғы 31 мамырда Бас ассамблея қабылдаған
1982 жылғы 24 маусымдағы түзетумен өзгертілген және
толықтырылған 1928 жылғы 22 қарашадағы Конвенцияға түзету
ХКБ-ның Бас ассамблеясы 1988 жылғы 31 мамырда жиналып,
1928 жылғы 22 қарашада Парижде қол қойылған, 1948 жылғы 10 мамырдағы, 1966 жылғы 16 қарашадағы және 1972 жылғы 30 қарашадағы Хаттамалармен, сондай-ақ, 1982 жылғы 24 маусымдағы түзетумен өзгертілген және толықтырылған Халықаралық көрмелер туралы конвенциямен бекітілген қағидалар мен рәсімдер аталған көрмелерді ұйымдастырушылар үшін де қатысушы елдер үшін де пайдалы және қажетті болып табылатынын ескере отырып,
жоғарыда аталған қағидалар мен рәсімдерді қазіргі жағдайларға бейімдеуге ниет білдіре отырып,
Өзгертілген 1928 жылғы 22 қарашадағы Конвенцияның 33-бабының ережелеріне сәйкес халықаралық көрмелерді реттейтін бірқатар қағидалар мен рәсімдерге мынадай редакцияда түзетулер енгізуді шешті:
І БАП
Өзгертілген 1928 жылғы 22 қарашадағы Конвенцияның 2-бабы мынадай редакциядағы екінші абзацпен толықтырылды:
«Ұйымдастырушылар көрмеге бере алатын мәртебеге қарамастан, осы Конвенция көрмелерді тіркелген және танылған деп аражігін ажыратады».
ІІ БАП
Өзгертілген 1928 жылғы 22 қарашадағы Конвенцияның 1-бөлімінің 3-бабы және 2-бөлімінің 4 және 5-баптары алып тасталсын және атауы «Халықаралық көрмелерді ұйымдастырудың жалпы шарттары» болатын жаңа 2-бөлімді құрайтын мынадай ережелермен ауыстырылған.
3-бап: төменде келтірілген 25-бапқа сәйкес Халықаралық көрмелер Бюросында мынадай сипаттамалары бар көрмелер тіркеле алады:
А) олардың ұзақтығы алты аптадан кем болмайды және алты айдан аспайды;
В) қатысушы елдер пайдаланатын көрмені салу режимі көрменің жалпы ережесінде белгіленеді. Егер шақырушы елдің қолданыстағы заңнамасына сәйкес жылжымайтын мүліктен салық алынған жағдайда, оны ұйымдастырушылардың төлеуіне жатқызылатын болады. Бюро қабылдаған қағидаларға сәйкес шын мәнінде көрсетілген қызметтер ғана төлеуге жатқызылуы мүмкін;
C) 1995 жылғы 1 қаңтардан екі тіркелген көрме арасында уақыт аралығы бес жылдан кем емес мерзімді құрайды әрі бірінші көрме 1995 жылы өткізілуі мүмкін. Дегенмен, алғашқы күнтізбеде белгіленген, бес жылдық уақыт аралығын өзгертусіз, халықаралық ауқымдағы ерекше оқиғаны атап өтуге мүмкіндік беру үшін, Халықаралық көрмелер Бюросы көрмені өткізуді алдыңғы ережеден туындаған күнге қатысты бір жылдан аспайтын уақытқа жеделдетуге келісуі мүмкін.
4-бап:
А) Халықаралық көрмелер Бюросы мынадай сипаттамалары бар көрмелерді тануы мүмкін:
1. олардың ұзақтығы үш аптадан кем болмайды және үш айдан аспайды;
2. олар нақты тақырыпқа арналуы тиіс;
3. олардың жалпы аумағы 25 га-дан аспауға тиіс;
4. оларды өткізу шеңберінде қатысушы елдерге ұйымдастырушы салған алаңдар бөлінуге тиіс, олар қызмет көрсету шығындарынан басқа жалдау ақысы, салықтар, баждар немесе басқа да шығындар төлеуге жатпайды; мемлекетке бөлінген ең ірі алаң 1000 м2-дан аспауға тиіс. Дегенмен, Халықаралық көрмелер Бюросы, егер ұйымдастырушы мемлекеттің экономикалық және қаржылық жағдайы мұны ақтаса, өтеусіздіктің міндетті сипатынан бас тартуға рұқсат бере алады;
5. осы А) параграфына сәйкес тіркелген екі көрменің арасында тек танылған бір көрме ғана өткізілуі мүмкін.
6. осы А) параграфына сәйкес бір жылдың ішінде тіркелген немесе танылған бір көрме ғана өткізілуі мүмкін.
В. Халықаралық көрмелер Бюросы сондай-ақ:
1. үш жылда бір рет өтетін, өзінің тарихи маңыздылығына қарай және ол алғашқы сипаттамасын сақтаған жағдайда, Миланның бейнелеу өнері мен қазіргі заманғы сәулетінің көрмесін;
2. кемінде екі жылды құрайтын кезектілікпен әртүрлі мемлекеттерде және кемінде он жылды құрайтын интервалмен сол бір мемлекетте өткізу шартымен Гүл өсіру шаруашылығы өндірушілерінің халықаралық қауымдастығы таныған А1 үлгісіндегі гүл өсіру көрмелерін тануы мүмкін;
олар тіркелген екі көрме арасындағы аралықта өткізілуге тиіс.
5-бап: Көрменің ашылуы мен жабылуы және оның жалпы сипаты көрмені тіркеу немесе тану кезінде белгіленеді және ХКБ-ның келісуімен ғана өзгертілуге тиіс.
ІІІ БАП
Өзгертілген 1928 жылғы 22 қарашадағы Конвенцияның 14 және 15-баптары алып тасталсын.
IV БАП
Өзгертілген 1928 жылғы 22 қарашадағы Конвенцияның 8-бабының бірінші сөйлеміндегі «5-бап» деген сөздер «4-бап» деген сөздермен ауыстырылсын.
V БАП
1. Өзгертілген 1928 жылғы 22 қарашадағы Конвенцияның 12-бабындағы «оның» және «тағайындауға» деген сөздер тиісінше «егер тіркелген көрме туралы сөзі болса, «оның» және «немесе егер танылған көрме туралы сөз болса, көрме Комиссарын тағайындауға» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. 13-бабының бірінші сөйлеміндегі «секцияның» және «тағайындауға» деген сөздер тиісінше «егер тіркелген көрме туралы сөз болса, секцияның» және «немесе танылған көрме туралы сөз болса, көрме Комиссарын тағайындауға» деген сөздермен ауыстырылсын.
13-баптың екінші сөйлеміндегі «Секцияның Бас комиссары» деген сөздерден кейін «немесе секцияның Комиссары» деген сөздерді қою керек.
13-баптың үшінші сөйлеміндегі «көрменің Бас комиссарына» деген сөздерден кейін «немесе көрменің Комиссарына» деген сөздерді қою керек.
3. 17-баптағы «Бас комиссарлардың» деген сөздерден кейін «немесе Комиссарлардың» деген сөздерді қою керек.
4. 18-баптың 1-параграфындағы «секцияның Бас комиссарының» сөздерден кейін «немесе секцияның Комиссарының» деген сөздерді қосу керек.
18-тармақтың 2-параграфындағы «Бас комиссары» деген сөздерден кейін «немесе Комиссары» деген сөздерді қою керек.
5. 19-тармақтың 2-параграфындағы «Бас комиссарларының» деген сөздерден кейін «немесе Комиссарларының» деген сөздерді қою керек.
19-баптың үшінші абзацында «Бас комиссарларының» деген сөздерден кейін «немесе Комиссарларының» деген сөздерді қою керек.
6. 20-баптың 1-параграфының С тармағындағы «Бас комиссарлардың» деген сөздерден кейін «немесе Комиссарлардың» деген сөздерді қою керек.
20-баптың 2-параграфындағы «Бас комиссары» деген сөздерден кейін «немесе Комиссары» деген сөздерді қою керек.
7. 21-баптағы «Бас комиссары» деген сөздерден кейін «немесе Комиссары» деген сөздерді қою керек.
VІ БАП
1. мыналарда:
- 6-бапта, 1-параграф, екінші сөйлем;
- 6-бапта, 4-параграф;
- 7-бапта, 1-параграф;
- 8-бапта, бірінші сөйлем «тіркеуге», «тіркеу» деген сөздерден кейін тиісінше «немесе тануға», «немесе тану» деген сөздерді қою керек.
2. мыналарда:
- 11-баптың 3-параграфында;
- 20-баптың 1-параграфында «тіркеуге», «тіркеу» деген сөздерден кейін тиісінше «немесе тануға», «немесе тану» деген сөздерді қою керек.
3. мыналарда:
- 6-баптың 2-параграфында;
- 6-баптың 3-параграфында;
- 30-баптың 2b-параграфында «тіркеуге» деген сөзден кейін «немесе тануға» деген сөздерді қою керек.
4. 8-баптың бірінші жолындағы «тіркеу» деген сөзден кейін «немесе тану» деген сөздерді қою керек.
5. 6-тармақтың 1-параграфының бірінші сөйлеміндегі «тіркеуге» деген сөзден кейін «немесе тануға» деген сөздерді қою керек.
6. 27а-бабында «тіркелуін» деген сөзден кейін «немесе танылуын» деген сөздерді қою керек.
7. мыналарда:
- 9-баптың 1-параграфында;
- 9-баптың 2-параграфында;
- 28-баптың 3е-параграфында «тіркелмеген», «тіркелген», «тіркеу» деген сөздерден кейін тиісінше «немесе танылмаған», «немесе танылған», «немесе тану» деген сөздерді қою керек.