"Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 28 қарашадағы № 631 және «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 11 маусымдағы № 520 бұйрығы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 28 қарашадағы № 631 бұйрығының (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылы 5 желтоқсанда № 7324 болып тіркелген және «Егемен Қазақстан» газетінің 2012 жылғы 15 ақпандағы № 61 (27133); «Егемен Қазақстан» газетінің 2012 жылғы 17 ақпан № 63 (27135); «Егемен Қазақстан» газетінің 2012 жылғы 18 ақпандағы № 64 (27136); «Егемен Қазақстан» газетінің 2012 жылғы 22 ақпандағы № 66 (27138); «Егемен Қазақстан» газетінің 2012 жылғы 14 наурыздағы № 95-101 (27173); «Егемен Қазақстан» газетінің 2012 жылғы 16 наурыздағы № 107-114 (27187); ҚР нормативтік құқықтық актілер бюллетенінің, 2012 жылғы ақпандағы, № 2, 435-құжат; «Егемен Қазақстан» газетінде 2012 жылғы 2 мамырдағы № 201-202 (27276); «Егемен Қазақстан» газетінде 2012 жылғы 29 мамырдағы № 274-278 (27352) болып жарияланған);
      2) «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 16 сәуірдегі № 219 бұйрығының (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылы 23 мамырда № 9464 болып тіркелген және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 3 маусымда жарияланған) күш жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаменті (С.В. Пономарев):
      1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жолдасын;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап енгізіледі.

      Министр
      полиция генерал-полковнигі                            Қ.Қасымов