"Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 1 қыркүйектегі № 455 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу ту

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2013 жылғы 01 наурыздағы № 159 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 11 наурызда № 8370 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 16 сәуірдегі № 219 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - Көкпекті аудандық мәслихатының 27.05.2014 N 24-4/2 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысының 1 тармағының 14) тармақшасына сәйкес Көкпекті аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Мәслихаттың «Әлеуметтік көмек алу үшін жеке тұлғалардың санаттарын және қажетті құжаттардың тізбесін айқындау туралы» 2012 жылғы 12 шілдедегі № 5-3/2) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2620 нөмірімен тіркелген, 2012 жылғы 9 тамызында № 64 «Жұлдыз» және «Новая жизнь» газеттерінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Әлеуметтік көмек алу үшін мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарын және қажетті құжаттардың тізбесін айқындау туралы».
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік өткен соң қолданысқа енгізіледі.


      Сессия төрағасы                            А. Ахатов

      Аудандық
      мәслихатының хатшысы                       Р. Беспаев