«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін ұйымдастыру, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың тізбесі бекітілсін.
2. Мыналардың:
1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Арнайы қаржы компаниясының және ислам арнайы қаржы компаниясының жылдық қаржылық есептілігінің нысандарын бекіту туралы» 2011 жылғы 29 сәуірдегі № 44 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6992 тіркелген, 2011 жылғы 24 қарашада Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге орталық мемлекеттік органдарының актілері жинағының № 26 жарияланған);
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау мәселелерін реттейтін кейбір нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 ақпандағы № 43 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7503 тіркелген) 1-қосымшасы 3-тармағының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк
Төрағасы Г. Марченко
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Статистика агенттігі
Төраға _______ Ә.А. Смайылов
2012 жылғы 13 қыркүйек
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 24 тамыздағы
№ 271 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік
құқықтық актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың
тізбесі
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы қаржы нарығының жекелеген субъектілеріне арналған бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын бекіту туралы» 2008 жылғы 22 қыркүйектегі № 79 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5348 тіркелген, 2008 жылғы 12 желтоқсанда Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге орталық мемлекеттік органдарының актілері жинағының № 12 жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы қаржы нарығының жекелеген субъектілеріне арналған бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасы қаржы нарығының жекелеген субъектілеріне арналған бухгалтерлік есептің осы үлгі шот жоспары (бұдан әрі – Шоттар жоспары) «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, жинақтаушы зейнетақы қорларының, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру брокерлерінің, өзара сақтандыру қоғамдарының, арнайы қаржы компанияларының, исламдық арнайы қаржы компанияларының, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының және акционерлік инвестициялық қорлардың (бұдан әрі – ұйымдар) қаржылық есептілік элементтерін құндық көрсеткіш бойынша топтау және қаржылық есептілікті жасау үшін бухгалтерлік есеп шоттарында ағымдағы көрсету үшін арналған.».
2. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.05.2013 № 130 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қаржы нарығының жекелеген субъектілерінің бухгалтерлік есепті жүргізуі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» 2011 жылғы 1 шілдедегі № 68 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7121 тіркелген, 2011 жылғы 4 қазанда № 143 (1959) «Заң газеті» газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қаржы нарығының жекелеген субъектілерінің бухгалтерлік есепті жүргізуі жөніндегі нұсқаулықта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қаржы нарығының жекелеген субъектілерінің бухгалтерлік есепті жүргізуі жөніндегі осы нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, жинақтаушы зейнетақы қорларының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, өзара сақтандыру қоғамдарының, сақтандыру брокерлерінің, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының, арнайы қаржы компанияларының және акционерлік инвестициялық қорлардың (бұдан әрі – ұйым) меншікті ақшаны салымдарға, қарыздарға, бағалы қағаздарға, туынды құралдарға, тазартылған бағалы металдарға, шетел валютасына орналастыру бойынша операциялардың, хеджирлеу операцияларының, сондай-ақ РЕПО және кері РЕПО операцияларының бухгалтерлік есебін жүргізуін нақтылайды.».
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 24 тамыздағы
№ 271 қаулысына
1-қосымша
Қаржы ұйымдарының, арнайы қаржы компанияларының,
исламдық арнайы қаржы компанияларының
және «Қазақстан Даму Банкі» акционерлік қоғамының
және инвестициялық қорлардың
қаржылық есептілігінің нысандары, тізбесі,
ұсыну мерзімдері мен тәртібі туралы нұсқаулыққа
12-қосымша
Нысан
_______________________________________________________________
(арнайы қаржы компаниясының толық атауы)
20___ жылғы «___» ____________ жағдай бойынша
бөлінген активтер мен облигациялар бойынша бухгалтерлік баланс
(мың теңгемен)
Баптың атауы |
Жол коды |
Есепті жылдың аяғында |
Өткен жылдың аяғында |
1 |
2 |
3 |
4 |
Активтер |
|||
Бөлінген активтер |
1 |
||
оның ішінде: |
|||
талап ету құқықтары |
1.1 |
||
кастодиан банктің шоттарындағы бөлінген активтер |
1.2 |
||
Екінші деңгейдегі банктердегі салымдар |
2 |
||
Акциялар |
3 |
||
Борыштық бағалы қағаздар |
4 |
||
Туынды бағалы қағаздар |
5 |
||
Активтердің жиынтығы |
6 |
||
Міндеттемелер |
|||
Шығарылған облигациялар |
7 |
||
Есептелген купон бойынша кредиторлық берешек |
8 |
||
Міндеттемелердің жиынтығы |
9 |
Бірінші басшы
(ол болмаған кезеңде –
оның орнындағы тұлға) _______________ күні ____________
Бас бухгалтер _______________ күні ____________
Орындаушы _______________ күні ____________
Телефоны _______________
Мөрдің орны
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 24 тамыздағы
№ 271 қаулысына
2-қосымша
Қаржы ұйымдарының, арнайы қаржы компанияларының,
исламдық арнайы қаржы компанияларының
және «Қазақстан Даму Банкі» акционерлік қоғамының
және инвестициялық қорлардың
қаржылық есептілігінің нысандары, тізбесі,
ұсыну мерзімдері мен тәртібі туралы нұсқаулыққа
13-қосымша
Нысан
_______________________________________________________________
(исламдық арнайы қаржы компаниясының толық атауы)
20___ жылғы «___» ____________ жағдай бойынша
бөлінген активтер бойынша бухгалтерлік баланс
(мың теңгемен)
Баптың атауы |
Жол коды |
Есепті жылдың аяғында |
Өткен жылдың аяғында |
1 |
2 |
3 |
4 |
Активтер |
|||
Екінші деңгейдегі банктердегі шоттардағы ақша |
1 |
||
Екінші деңгейдегі банктердегі салымдар |
2 |
||
Акциялар (қатысу үлестері) |
3 |
||
Жалға берілген бөлінген активтер |
4 |
||
Басқа да активтер |
5 |
||
Активтердің жиынтығы |
6 |
||
Міндеттемелер |
|||
Айналысқа шығарылған исламдық жалдау сертификаттары |
7 |
||
Айналысқа шығарылған исламдық қатысу сертификаттары |
8 |
||
Исламдық бағалы қағаздар бойынша кірісті төлеумен байланысты кредиторлық берешек |
9 |
||
олардың ішінде: |
|||
исламдық жалдау сертификаттары бойынша |
9.1 |
||
исламдық қатысу сертификаттары бойынша |
9.2 |
||
Комиссиялық сыйақылар бойынша кредиторлық берешек |
10 |
||
Басқа да міндеттемелер |
11 |
||
Міндеттемелердің жиынтығы |
12 |
Бірінші басшы (ол болмаған
кезеңде – оның орнындағы тұлға) ____________ күні ____________
Бас бухгалтер ____________ күні ____________
Орындаушы ____________ күні ____________
Телефоны ____________
Мөрдің орны
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 24 тамыздағы
№ 271 қаулысына
3-қосымша
Қаржы ұйымдарының, арнайы қаржы компанияларының,
исламдық арнайы қаржы компанияларының
және «Қазақстан Даму Банкі» акционерлік қоғамының
және инвестициялық қорлардың
қаржылық есептілігінің нысандары, тізбесі,
ұсыну мерзімдері мен тәртібі туралы нұсқаулыққа
14-қосымша
Нысан
_______________________________________________________________
(исламдық арнайы қаржы компаниясының толық атауы)
20___ жылғы «___» ____________ жағдай бойынша
бөлінген активтер бойынша пайдалар мен зияндар туралы есебі
(мың теңгемен)
Баптың атауы |
Жол коды |
Есепті жылда |
Өткен жылда |
1 |
2 |
3 |
4 |
Кірістер |
|||
Қаржылық жалдаудан болған кірістер |
1 |
||
Операциялық жалдаудан болған кірістер |
2 |
||
Инвестициялық жоба бойынша кірістер |
3 |
||
олардың ішінде: |
|||
акциялар бойынша дивидендтер түрінде |
3.1 |
||
Басқа да кірістер (түсімдер) |
4 |
||
Кірістердің жиынтығы |
5 |
||
Шығыстар |
|||
Исламдық бағалы қағаздар бойынша кірістерді төлеумен байланысты шығыстар |
6 |
||
олардың ішінде: |
|||
исламдық жалдау сертификаттары бойынша |
6.1 |
||
исламдық қатысу сертификаттары бойынша |
6.2 |
||
Комиссиялық сыйақылар |
7 |
||
Операциялық шығыстар |
8 |
||
оның ішінде: |
|||
амортизациялық аударымдар және тозу |
8.1 |
||
ағымдағы салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер |
8.2 |
||
Басқа да шығыстар |
9 |
||
Шығыстардың жиынтығы |
10 |
||
Резервтік қорды құрғанға дейінгі таза пайда |
11 |
||
Резервтік қорды қалыптастыру (қалпына келтіру) бойынша шығыстар |
12 |
||
Таза пайданың (зиянның) жиынтығы |
13 |
Бірінші басшы (ол болмаған
кезеңде – оның орнындағы тұлға) ____________ күні ____________
Бас бухгалтер ____________ күні ____________
Орындаушы ____________ күні ____________
Телефоны ____________
Мөрдің орны