Кейбір нормативтік құқықтық актілерге бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 23 қыркүйектегі № 250 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 07 қарашада № 8883 тіркелді

      «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы
30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілікті жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің қоса беріліп отырған тізбесі бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы                                    Г. Марченко

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасы
      Статистика агенттігінің төрағасы
      Ә. Смайылов __________
      2013 жылғы 10 қазан

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2013 жылғы 23 қыркүйектегі
№ 250 қаулысымен    
бекітілген       

Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық
есептілік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қаржы нарығының жекелеген субъектілерінің бухгалтерлік есепті жүргізуі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» 2011 жылғы 1 шілдедегі № 68 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7121 тіркелген, 2011 жылғы 5 қазанда «Заң газеті» газетінде № 144 (1960) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қаржы нарығының жекелеген субъектілерінің бухгалтерлік есепті жүргізуі жөніндегі нұсқаулықта:
      45-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «45. РЕПО операциясын жасаған кезде (бағалы қағаздарды сатқан кезде) мәмiле сомасына мынадай бухгалтерлiк жазба жүзеге асырылады:
      Дт   1030     Ағымдағы шоттардағы ақша қаражаты
      Кт   3050 03  Бағалы қағаздармен «РЕПО» операциялары.»;
      47 және 48-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «47. РЕПО операциясы бойынша бұрын берiлген бағалы қағаздарды алған кезде РЕПО мәмілесі бойынша сыйақы түрiнде есептелген шығыстар сомасына және РЕПО мәмiлесiн жабу сомасына (осы мәмiлені жасау сәтiнде белгiленген мәмiленi жабу сомасы) мынадай бухгалтерлiк жазба жүзеге асырылады:
      Дт   3050 03  Бағалы қағаздармен «РЕПО» операциялары
           3380 02  Бағалы қағаздармен «РЕПО» операциялары бойынша
                    сыйақы түрінде есептелген шығыстар
      Кт   1030     Ағымдағы шоттардағы ақша қаражаты.
      48. Керi РЕПО операциясын жасаған кезде (бағалы қағаздарды сатып алған кезде) мәмiле сомасына мынадай бухгалтерлiк жазба жүзеге асырылады:
      Дт   1150 01  Бағалы қағаздармен «кері РЕПО» операциялары
      Кт   1030     Ағымдағы шоттардағы ақша қаражаты.»;
      50-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «50. Керi РЕПО операциясы бойынша бұрын алынған бағалы қағаздарды берген кезде керi РЕПО мәмiлесi бойынша есептелген сыйақы сомасына және керi РЕПО мәмiлесiн жабу сомасына (осы мәмiленi жасау сәтiнде белгiленген мәмiлені жабу сомасы) мынадай бухгалтерлiк жазба жүзеге асырылады:
      Дт   1030     Ағымдағы шоттардағы ақша қаражаты
      Кт   1150 01  Бағалы қағаздармен «кері РЕПО» операциялары
           1270 02  Бағалы қағаздармен «кері РЕПО» операциялары
                    бойынша сыйақы түрінде есептелген кірістер.».
      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары жүзеге асыратын зейнетақы активтерімен операциялардың бухгалтерлік есебін жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» 2011 жылғы 1 шілдедегі № 69 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7118 тіркелген, 2011 жылғы 2 қарашада «Заң газеті» газетінде № 160 (1976) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары жүзеге асыратын зейнетақы активтерімен операциялардың бухгалтерлік есебін жүргізу жөніндегі нұсқаулықта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Осы Нұсқаулық «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы, «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы, «Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Зейнетақы активтері бойынша операциялар туралы ақпаратты есепке алу және жария ету» қаржылық есептілік стандартын бекіту туралы» 2013 жылғы 26 шілдедегі № 195 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8765 тіркелген) бекітілген «Зейнетақы активтері бойынша операциялар туралы ақпаратты есепке алу және жария ету» қаржылық есептілік стандартына (бұдан әрі – Стандарт), халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттарына сәйкес әзiрлендi және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары (бұдан әрi – Қор) зейнетақы активтерiмен жүзеге асыратын операциялардың бухгалтерлiк есебiн жүргiзудi нақтылайды.»;
      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      «2-1. Осы Нұсқаулықтың мақсаттары үшін активтің әділ құны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Зейнетақы активтерін есепке алуды және бағалауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 26 шілдедегі № 186 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8691 тіркелген) бекітілген Зейнетақы активтерін есепке алуды және бағалауды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес айқындалады.»;
      9-тармақтың 8) тармақшасының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «8) Стандартта көзделген жағдайларда, операция бағасы активтің әділ құнын білдірмеген кезде қаржы активтерін бастапқы тану Қор және инвестициялық портфельді басқарушы немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі арасында жасалған инвестициялық (сенімгерлікпен) басқару туралы шартқа сәйкес инвестициялық портфельді басқарушыдан немесе сенімгерлікпен басқаруды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен алынған ақпарат негізінде әділ құн бойынша жүзеге асырылады:»;
      17-тармақтың 5) тармақшасының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) Стандартта көзделген жағдайларда, операция бағасы активтің әділ құнын білдірмеген кезде қаржы активтерін бастапқы тану Қор және инвестициялық портфельді басқарушы немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі арасында жасалған инвестициялық (сенімгерлікпен) басқару туралы шартқа сәйкес инвестициялық портфельді басқарушыдан немесе сенімгерлікпен басқаруды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен алынған ақпарат негізінде әділ құн бойынша жүзеге асырылады:»;
      22-тармақтың 8) тармақшасының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «8) Стандартта көзделген жағдайларда, операция бағасы активтің әділ құнын білдірмеген кезде қаржы активтерін бастапқы тану Қор және инвестициялық портфельді басқарушы немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі арасында жасалған инвестициялық (сенімгерлікпен) басқару туралы шартқа сәйкес инвестициялық портфельді басқарушыдан немесе сенімгерлікпен басқаруды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен алынған ақпарат негізінде әділ құн бойынша жүзеге асырылады:».
      3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Акционерлік қоғамдардың және қаржы ұйымдарының қаржылық есептілікті жариялау қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 31 тамыздағы № 282 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8003 тіркелген, 2013 жылғы 12 қаңтарда «Егемен Қазақстан» газетінде № 16-20 (27959) жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Акционерлік қоғамдардың және қаржы ұйымдарының қаржылық есептілікті жариялау қағидаларында:
      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
      «Осы Акционерлік қоғамдардың және қаржы ұйымдарының қаржылық есептілікті жариялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін ұйымдастыру, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және акционерлік қоғамдар мен қызметінің айрықша түрі шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғаларды және қызметінің айрықша түрі банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау болып табылатын заңды тұлғаларды қоспағанда, қаржы ұйымдарының қаржылық есептілікті жариялау тәртібін, тізбесін және мерзімдерін белгілейді.»;
      мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
      «4. Қаржы ұйымдары және «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамы қаржы есептілік жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмейтін мерзімде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетіне осы Қағидалардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынады.».
      4. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 41 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Қазақстан Республикасының      
бухгалтерлік есеп және қаржылық   
есептілік мәселелері бойынша      
өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін
нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне
1-қосымша              

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 41 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Қазақстан Республикасының       
бухгалтерлік есеп және қаржылық     
есептілік мәселелері бойынша       
өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін 
нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне
2-қосымша               

3-қосымша               

4-қосымша               

5-қосымша                

6-қосымша                

7-қосымша                

8-қосымша                

9-қосымша                

10-қосымша                

11-қосымша                

12-қосымша                

13-қосымша              

14-қосымша                

15-қосымша                

16-қосымша                

17-қосымша                

18-қосымша                

19-қосымша                

20-қосымша                

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 41 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.