Банктер болып табылмайтын заңды тұлғалардың банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау бойынша қызметін лицензиялау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 258 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 8 қазанда № 7984 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 25 ақпандағы № 22 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.02.2015 № 22 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, банктер болып табылмайтын заңды тұлғалардың банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау бойынша қызметін лицензиялау тәртібі мен талаптарын жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Банктер болып табылмайтын заңды тұлғалардың банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау бойынша қызметін лицензиялау қағидалары бекітілсін.
      2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы                                   Г. Марченко

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 24 тамыздағы 
№ 258 қаулысына     
қосымша         

Күші жойылды деп танылатын Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкінің Басқармасы қаулыларының тізбесі

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Банк болып табылмайтын заңды тұлғалардың банкноттарды, металл ақшаны және құндылықтарды инкассациялау жөнiндегi қызметiн лицензиялау және реттеу ережесiн бекiту туралы» 2002 жылғы 10 қазандағы № 401 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2062 тіркелген).
      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Банк болып табылмайтын заңды тұлғалардың банкноттарды, металл ақшаны және құндылықтарды инкассациялау, жіберу жөніндегі қызметін лицензиялау және реттеу ережесін бекіту туралы» 2002 жылғы 10 қазандағы № 401 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» 2005 жылғы 14 сәуірдегі № 46 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3643 тіркелген).
      3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Банк болып табылмайтын заңды тұлғалардың банкноттарды, металл ақшаны және құндылықтарды инкассациялау, жіберу жөніндегі қызметін лицензиялау және реттеу ережесін бекіту туралы» 2002 жылғы 10 қазандағы № 401 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2005 жылғы 18 қазандағы № 128 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3935 тіркелген).
      4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Банк болып табылмайтын заңды тұлғалардың банкноттарды, металл ақшаны және құндылықтарды инкассациялау жөніндегі қызметін лицензиялау және реттеу ережесін бекіту туралы» 2002 жылғы 10 қазандағы № 401 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» 2007 жылғы 18 қаңтардағы № 6 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4551 тіркелген).
      5. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Банк болып табылмайтын заңды тұлғалардың банкноттарды, металл ақшаны және құндылықтарды инкассациялау жөніндегі қызметін лицензиялау және реттеу ережесін бекіту туралы» 2002 жылғы 10 қазандағы № 401 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 30 қарашадағы № 131 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5071 тіркелген, 2008 жылғы 27 наурызда Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында № 1 жарияланған).
      6. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2008 жылғы 28 қарашадағы № 94 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5483 тіркелген) 2-тармағы.
      7. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына кассалық операцияларды жүргізу кезінде автоматтандырылған кассаны қолдану және екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың үй-жайларын күзетуді, жайластыруды ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 24 шілдедегі № 65 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5843 тіркелген, 2009 жылғы 22 желтоқсанда «Заң газеті» газетінде № 193 (1616) жарияланған) қосымшасының 2-тармағы.
      8. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын ұйымдардың банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды қайта санау, сұрыптау, орау, сақтау, сондай-ақ оларды банктерге және банктердің тапсырмасы бойынша олардың клиенттеріне беру жөніндегі қызметті қоса атқаруы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 24 тамыздағы № 86 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5804 тіркелген, 2009 жылғы 30 қазанда «Заң газеті» газетінде № 165 (1589) жарияланған) қосымшасының 2-тармағы.
      9. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы негізінде банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын заңды тұлғалардың жарғылық капиталының ең аз мөлшері туралы» 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 122 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6043 тіркелген, 2010 жылғы 19 ақпанда «Заң газеті» газетінде № 26 (1648) жарияланған).
      10. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» 2010 жылғы 21 мамырдағы № 50 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6303 тіркелген, 2010 жылғы 8 қыркүйекте «Егемен Қазақстан» газетінде № 364-365 (26208) жарияланған).

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 24 тамыздағы 
№ 258 қаулысымен    
бекітілген       

Банктер болып табылмайтын заңды тұлғалардың банкноттарды,
монеталарды және құндылықтарды инкассациялау бойынша қызметін
лицензиялау қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Банктер болып табылмайтын заңды тұлғалардың банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау бойынша қызметін лицензиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы, «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және банктер болып табылмайтын, банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау бойынша операцияларды жүзеге асыратын заңды тұлғалардың (бұдан әрі – инкассациялау бойынша операцияларды жүзеге асыратын заңды тұлғалар) қызметін лицензиялаудың тәртібі мен талаптарын айқындайды.
      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – Ұлттық Банк) банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау бойынша банк операциясын (бұдан әрі – инкассациялау бойынша операциялар) жүргізуге лицензияны Қағидаларға 1-қосымшада белгіленген нысан бойынша береді.
      Инкассациялау бойынша операцияларды жүргізуге лицензия өтініш берушіде электрондық цифрлық қолтаңба бар болған жағдайда «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер базасы» ақпараттық жүйесінің веб-порталы: www.elicense.kz (бұдан әрі – «Е-лицензиялау» жүйесінің веб-порталы) арқылы беріледі.

2. Инкассациялау бойынша операцияларды жүргізуге лицензия беру
тәртібі мен талаптары

      3. Инкассациялау бойынша операцияларды жүргізуге лицензия алу үшін өтініш берушіге мынадай біліктілік талаптары қойылады:
      1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың үй-жайларын күзетуді және жайластыруды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 24 тамыздағы № 250 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8080 тіркелген) бекітілген Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың үй-жайларын күзетуді және жайластыруды ұйымдастыру қағидаларына (бұдан әрі – Үй-жайларды күзетуді және жайластыруды ұйымдастыру қағидалары) сәйкес келетін үй-жайлардың және жабдықтың болуы;
      2) өтініш берушінің атқарушы органының бірінші басшысының қаржылық қызмет көрсету саласында кемінде бір жыл жұмыс тәжірибесі болуы;
      3) өтініш берушінің атқарушы органының бірінші басшысының меншікке қарсы, экономикалық қызмет саласындағы, коммерциялық және өзге ұйымдардағы қызметтің мүдделеріне қарсы қылмыстары, сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін өтелмеген немесе алынбаған соттылығының болмауы.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 27.05.2013 № 128 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      4. Өтініш беруші инкассациялау бойынша операцияларды жүргізуге лицензия алу үшін мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) Қағидаларға 2-қосымшада белгіленген нысан бойынша банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау бойынша банк операциясын жүргізуге лицензия алуға өтініш;
      2) қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат;
      3) жарғының және заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың немесе куәліктің көшірмесі (түпнұсқаларын бермеген жағдайда салыстырып тексеру үшін нотариатта куәландырылған көшірмелері);
      4) Қағидаларға 3-қосымшада белгіленген нысан бойынша атқарушы органның бірінші басшысы туралы мәліметтер;
      5) үй-жайды жалға алу туралы шарттың немесе үй-жайға меншік құқығын куәландыратын құжаттың көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларын бермеген жағдайда, нотариаттық куәландырылған көшірмелері).
      Өтінішті «Е-лицензиялау» жүйесінің веб-порталы арқылы өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберген кезде өтінішке осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттар сканирленген түрде қоса беріледі. Бұл ретте осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) және 5) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды сканирлеу олардың нотариаттық куәландырылған көшірмелерінен жасалады.
      Ескерту. 4-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 26.04.2013 № 110 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      5. Ұлттық Банк инкассациялау бойынша операцияларды жүргізуге лицензия беру туралы өтінішті оны қабылдаған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде қарайды.
      6. Құжаттарды қабылдауды, қарауды, Ұлттық Банк Төрағасының немесе оның орнындағы тұлғаның қарауына лицензияны беру жөніндегі материалдарды дайындауды және лицензияны ресімдеуді Ұлттық Банктің қолма-қол ақшамен жұмыс бөлімшесі жүргізеді.
      7. Инкассациялау бойынша операцияларды жүргізуге лицензия беруден бас тарту «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген негіздер бойынша және Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген мерзімде жасалады.
      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 27.05.2013 № 128 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      8. Инкассациялау бойынша операцияларды жүргізуге берілген лицензияның жоғалған, бүлiнген бланкісі лицензиаттың Ұлттық Банкке жазбаша өтiнiш берген күнінен бастап жарамсыз деп есептеледi.
      Ұлттық Банк өтiнiш берiлген күннен бастап екі жұмыс күнi iшiнде жаңа нөмiрін бере отырып және жоғарғы оң жақ бұрышында «Телнұсқа» деген жазуы бар инкассациялау бойынша операцияларды жүргізуге берілген лицензияның телнұсқасын бередi.
      9. Инкассациялау бойынша операцияларды жүргізуге лицензия мынадай жағдайларда:
      1) заңды тұлға бірігу, қосылу, бөлініп шығу немесе қайта құру нысанында қайта ұйымдастырылған кезде;
      2) заңды тұлғаның атауы және (немесе) заңдық мекенжайы өзгерген кезде қайта ресімдеуге жатады.
      Лицензиат қайта ресімдеу туралы өтінішті лицензияларды қайта ресімдеу кезінде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алым төлегенін растайтын құжатты, лицензияның көшірмесін (болған жағдайда) қоса ұсынып, күнтізбелік отыз күн ішінде береді.
      Өтінішке осы тармақта көрсетілген құжаттарды қоса ұсынбаған жағдайда, лицензиаттың өтінішті берген күнінен бастап он жұмыс күні ішінде Ұлттық Банк лицензияны қайта ресімдеуден бас тартады.
      Лицензиат өтініш берген күннен бастап он жұмыс күні ішінде Ұлттық Банк лицензияны қайта ресімдейді.
      Лицензиат қайта ресімделген лицензияны алған кезде бұрын берілген лицензияны (болған жағдайда) лицензиарға қайтарады.
      10. Инкассациялау бойынша операцияларды жүзеге асыратын заңды тұлға филиал құрған жағдайда, Ұлттық Банкке филиалдың қызметі үшін үй-жайды жалдау туралы шарттың немесе осындай үй-жайларға меншік құқығын растайтын құжаттың көшірмесін (салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларын бермеген жағдайда, нотариаттық куәландырылған көшірмелерін) ұсынады.
      11. Инкассациялау бойынша операцияларды жүзеге асыратын заңды тұлғалардың филиалдары өздерінің қызметінде Үй-жайларды күзетуді және жайластыруды ұйымдастыру қағидаларына сәйкес келетін үй-жайларды пайдаланады.
      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банк Басқармасының 27.05.2013 № 128 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      12. Инкассациялау бойынша операцияларды жүзеге асыратын заңды тұлға филиалды Қазақстан Республикасының әділет органдарында есептік тіркегеннен (қайта тіркегеннен) кейін филиалды есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы алған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде Ұлттық Банкке көрсетілген анықтаманың көшірмесін ұсынады.
      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 26.04.2013 № 110 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Банктер болып табылмайтын заңды    
тұлғалардың банкноттарды, монеталарды 
және құндылықтарды инкассациялау бойынша
қызметін лицензиялау қағидаларына   
1-қосымша                

Нысан

Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау
бойынша банк операциясын жүргізуге лицензия

      Нөмірі _______________
      Берілген күні 20__ жылғы «___» ____________
      Мемлекеттік тіркеу күні және нөмірі ___________________________
_____________________________________________________________________

      Осы лицензия __________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
                         (заңды тұлғаның атауы)
берілді және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды
инкассациялау бойынша банк операциясын жүргізуге құқық береді.
      Осы лицензияның талаптарынан туындайтын құқықтар үшінші
тұлғаларға берілмейді.
      Осы лицензия бір данада беріледі.

      Төраға __________________________________ Тегі және инициалдары
                          (қолы)

Банктер болып табылмайтын заңды    
тұлғалардың банкноттарды, монеталарды 
және құндылықтарды инкассациялау бойынша
қызметін лицензиялау қағидаларына   
2-қосымша                

Нысан

      (Кімге) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
      (Кімнен) ______________________________________________________
                              (өтініш берушінің атауы)

Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау
бойынша банк операциясын жүргізуге лицензия алуға өтініш

_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
                 (банк операциясының түрін көрсету)
банк операциясын жүзеге асыруға лицензия беруіңізді өтінемін.

      Өтініш беруші туралы мәліметтер
      1. Меншік нысаны ______________________________________________
      2. Мекенжайы __________________________________________________
        (индекс, қала, аудан, облыс, көшесі, үйдің №, телефон, факс)

      Өтінішке қоса берілетін құжаттар:
      1. ____________________________________________________________
      2. ____________________________________________________________
      3. ____________________________________________________________
      4. ____________________________________________________________
      5. ____________________________________________________________
 (Өтініш беруге уәкілетті тұлғаның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты)
  ___________________________________________________________________

      ______________________
           (Қолы, күні)
           Мөрдің орны

Банктер болып табылмайтын заңды    
тұлғалардың банкноттарды, монеталарды 
және құндылықтарды инкассациялау бойынша
қызметін лицензиялау қағидаларына   
3-қосымша                

Нысан

Атқарушы органның бірінші басшысы туралы мәліметтер
_____________________________________________________________________
(басшының лауазымы және ұйымның атауы көрсетіледі)

Жалпы мәліметтер:

Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)

___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
(бірінші басшының тұлғасын куәландыратын құжатқа толығымен сәйкес)

Туылған күні мен жері

___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

Тұрақты тұратын жері, телефон нөмірлері

___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
(елді мекеннің кодын қоса алғанда, толық мекенжайын, мобильдік, қызметтік, үй телефонының нөмірін көрсету)

Еңбек қызметі туралы мәліметтер:

Жұмыс кезеңі (ай/жыл)

Ұйымның атауы, атқаратын лауазымдары және лауазымдық міндеттері, ұйымның координаттары

Басқа мәліметтер:

Меншікке қарсы, экономикалық қызмет саласындағы, коммерциялық және өзге ұйымдардағы қызметтің мүдделеріне қарсы қылмыстары, сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін өтелмеген немесе алынбаған соттылығының болуы

Иә/жоқ
(өтелмеген соттылығы болған кезде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің бабын, үкім шығарылған күнді және нөмірін көрсету)

      Мен, (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), ________________
____________________________________________________________________
осы ақпаратты мұқият тексергенімді және ол дәйекті және толық болып
табылатынын растаймын, ________________________________ (қолы, күні).