Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың үй-жайларын күзетуді және жайластыруды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 250 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 15 қарашада № 8080 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 24 ақпандағы № 14 қаулысымен

      Ескерту. Қаулының күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.11.2019 № 231 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда касса операцияларын және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау операцияларын жүргізу тәртібін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда касса операцияларын және банкноталарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау операцияларын жүргізу ережесін бекіту туралы" 2001 жылғы 3 наурыздағы № 58 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 1482 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      қаулыда:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарда кассалық операцияларды және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау бойынша операцияларды жүргізу қағидаларын бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарда кассалық операцияларды және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау бойынша операцияларды жүргізу қағидалары бекітілсін және ол Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күнтізбелік он төрт күн өткен соң қолданысқа енгiзiлсiн.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда касса операцияларын және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау операцияларын жүргізу ережесінде:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарда кассалық операцияларды және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау бойынша операцияларды жүргізу қағидалары";

      1-бөлімде:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Жалпы ережелер";

      1-тарауда:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-параграф. Банктердегі және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы кассалық операциялар және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау бойынша операциялар";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарда кассалық операцияларды және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау бойынша операцияларды жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және кассалық операцияларды және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау бойынша операцияларды жүргізу тәртібін, сондай-ақ қолма-қол ақшаны, басқа да құндылықтарды сақтауды және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – Ұлттық Банк) лицензиясы бар екінші деңгейдегі банктерде, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда, олардың филиалдарында (бұдан әрі – банктер) касса тәртібінің сақталуына бақылауды қамтамасыз ету үшін қажетті талаптарды белгілейді.

      Осы Қағидалардың нормалары қызметінің айрықша түрі қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру болып табылатын уәкілетті ұйымдарға қолданылмайды.";

      3-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бір касса қызметкерінің клиенттерге касса қызметін көрсетуді жүзеге асыруынан басқа, банктердің және Ұлттық почта операторының кассаларында қолма-қол ақша қабылдау және беру операцияларын және қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын қоса атқаруына және орындауына жол беріледі.";

      8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Кассалық торап "Екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың үй-жайларын күзету мен жайластыруды ұйымдастыру жөніндегі талаптарды бекіту туралы" 2007 жылғы 28 мамырдағы № 56 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4817 тіркелген) белгіленген талаптарға сәйкес жобалануға және жасалуға тиiс.

      9. Банктердің кассалық және басқа да банк операцияларын жүргiзу үшiн банк орналасқан жерден басқа жерлерде Қазақстан Республикасының банк заңнамасына сәйкес филиалдар, филиалдардың қосымша үй-жайларын ашуына жол беріледі.";

      2-тарауда:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-параграф. Қағидаларда пайдаланылатын ұғымдар";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Ережеде қолданылатын ұғымдар мынаны бiлдiредi:

      1) автоматтандырылған касса – автоматтандырылған басқару құрылғыларын және бағдарламалық қамтамасыз ету пайдалана отырып қолма-қол ақшаны қабылдау, сақтау және беру бойынша электрондық-механикалық жабдық;

      2) арнайы байланыс – арнайы жөнелтілімдерді (тіркеу пакеттері, жіберілімдер және мемлекеттік құпиялардан тұратын және олардың тасымалдағыштары бар тиісті бумадағы метиздер), сондай-ақ басқа да жөнелтілімдерді қабылдау, өңдеу, тасымалдау және жеткізу (тапсыру);

      3) банк клиентi – банк қызметiн пайдаланатын жеке және заңды тұлғалар;

      4) банкноттар, монеталар – айналымда жүрген құны және түрi әртүрлi ақша белгiлерi;

      5) банкомат – төлем карточкасын ұстаушыларға қолма-қол ақша алуға және төлем карточкаларын пайдалана отырып банктің басқа да қызмет көрсетуін пайдалануға мүмкіндік жасайтын электрондық-механикалық құрылғы;

      6) банк құндылықтарының сақталуына жауапты лауазымды адамдар – банктің (банк филиалының) бірінші басшысы не банк (банк филиалының) басшысының бұйрығымен арнайы тағайындалған лауазымды адам, банктің (банк филиалының) бас бухгалтері не бас бухгалтерінің орынбасары және банк (банк филиалы) кассасының меңгерушісі, не банк (банк филиалы) кассасы меңгерушісінің орнындағы адам;

      7) валюталық құндылықтар – қолма-қол шетел валютасы, төлем құжаттары, номиналы және (немесе) құны шетел валютасындағы бағалы қағаздар;

      8) инкассация – қолма-қол ақшаны және басқа құндылықтарды қабылдау, жинау, жеткізу, алып бару, тасымалдау, сақтау және өткізу;

      9) касса – ақшаны және басқа да құндылықтарды сақтау, қабылдау және беру үшiн арнайы жабдықталған үй-жай;

      10) касса кiтабы (касса журналы) – құндылықтармен жасалған операция көрсетiлетін, олардың түсуi мен берiлуi есепке алынатын есеп жүргiзу ведомостары;

      11) касса құжаты – ақша құжаты (кiрiстiк касса ордерi, шығыстық касса ордерi, қолма-қол ақшамен жарна төлеу жөнiнде хабарландыру, чек, төлем ведомосы), сол бойынша құндылықтарды қабылдау және төлеу жөнiндегi касса операциясы жасалады және ресiмделедi;

      12) касса операциялары – құндылықтарды қабылдау, санап алу, айырбастау, беру, iрiктеу, буып-түю және сақтау;

      13) кешкi касса – жұмыс күнi аяқталғаннан кейiн банк клиенттерiнен және бөлiмшелерiнен қолма-қол ақшаны қабылдап және санап алатын банк кассасы;

      14) корреспондент банктер – Қазақстан Республикасы банктерiнiң корреспонденттiк шоттары ашылған және тиiстi келiсiмдер жасаған банктерi;

      15) кiрiс кассасы – операция кезiнде банктiң клиенттерiнен қолма-қол ақшаны қабылдап алатын банк кассасы;

      16) қолма-қол ақша – айналымда жүрген және тиiстi мемлекетте немесе мемлекеттердiң бiр тобында заңды төлем құралы болып табылатын банкнот және металл ақша түрiндегi ақша белгiлерi, сондай-ақ айналымнан алынған немесе алынатын, бiрақ айырбасталуға тиiстi ақша белгiлерi;

      17) құндылықтар – валюталық құндылықтар, Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары және монеталары, бағалы қағаздар, және қатаң есептегi бланктер, қымбат металдар, олардан жасалған бұйымдар, сондай-ақ айналыстан шығарылып тасталған қымбат металдардан жасалған монеталар, және бағалы заттар;

      18) операциялық касса – банктiң барлық операциялар бойынша клиенттерге қызмет көрсететiн банк кассасы;

      19) санап алу кассасы – банк клиенттерiнен және бөлiмшелерiнен қабылданған қолма-қол ақшаны санап алатын, бәрiн бiр қалыпқа түсiрiп буып-түйетiн банк кассасы;

      20) Ұлттық почта операторының арнайы байланыс қызметі – арнайы байланыс қызметін көрсететін және қолма-қол ақша мен құндылықтарды инкассациялау бойынша қызмет көрсетуді жүзеге асыратын Ұлттық почта операторының құрылымдық бөлімшесі;

      21) шығыс кассасы – операция кезiнде банктiң клиенттерiне қолма-қол ақшаны беретiн банк кассасы;

      22) эмитент-банк – ақша белгiлерiн шығаруға және оларды айналымнан алуға байланысты мемлекеттiң операцияларды жүзеге асыруды реттейтiн орталық (Ұлттық) банкi.";

      2-бөлімде:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Касса операцияларын жүргiзу";

      3-тарауда:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-параграф. Кiрiс кассаларында операциялар жүргiзу";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Банктер осы тараудың 1 және 2-параграфтарының талаптарын сақтауға мүмкіндік бермейтін бағдарламалық қамтамасыз ету мен технологияларды пайдалану кезінде кіріс және шығыс кассаларындағы операцияларды жүргізу тәртібі банктің ішкі қағидаларымен бекітіледі.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Банктер қолма-қол ақшаны енгізуге және кассалық кіріс ордеріне хабарландырудың нысандарын Қағидаларда және мемлекеттік органдардың өкілдерінен салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, салықтық емес және өзге де түсімдерді төлеуге қолма-қол ақша қабылдаған кезде қолма-қол ақша ақша енгізуге арналған хабарландырудың нысанын (Қағидаларға 1-1-қосымша) қоспағанда, Ұлттық Банктің өзге де нормативтік құқықтық актілерінде көзделген барлық міндетті деректемелер сақталған жағдайда, сондай-ақ оларды бюджеттік және Кассалық қызмет көрсетуге арнап жасалған шартқа (Қағидаларға 1-2-қосымша) сәйкес басқа да шоттарға есептеу үшін мемлекеттік мекемелердің өкілдерінен қолма-қол ақша қабылдаған кезде дербес белгілейді.

      Мемлекеттік органның өкілі бюджетке төленетін салықтарды және басқа да міндетті төлемдерді, салықтық емес және өзге де түсімдерді төлеуге қолма-қол ақша жарнасын енгізу кезінде сонымен бірге Бюджеттік жіктеу коды бойынша төлемдер тізілімін (Қағидаларға 2-1-қосымша) қоса ұсынады. Банк төлемдер тізілімі негізінде МТ 102 форматында төлем хабарламасын қалыптастырады.

      Басқа құндылықтарды кассаға қабылдау баланстан тыс ордерлермен ресімделеді.";

      19-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Кассир күмәндi ақша белгiлерiне касса меңгерушiсiнiң және клиенттiң көзiнше ақша белгiлерiн сараптауға қабылдау туралы екi дана етiп тiзiмдеме-акт (Қағидаларға 3-қосымша) жасайды, онда күні, осы ақша белгiлерiн тапқан кассирдiң фамилиясы, клиенттiң атауы, банкноттардың құны, нөмiрi және сериялары, сондай-ақ ақша белгiлерiнiң төлеуге жарамайтындығының өзiне тән белгiлерi көрсетiледi. Тізімдеме-актiге кассир, касса меңгерушiсi, бас бухгалтер немесе уәкілетті адам қол қояды және ол банктiң мөрiмен расталады. Тiзiмдеме-актiнiң бiрiншi данасы банкте қалады, екiншiсi клиентке берiледi. Жиналғанына қарай алынған күмәндi ақша белгiлерi iлеспе хатпен бiрге Ұлттық Банктiң тиiстi филиалына сараптауға жiберiледi. Бұл орайда Ұлттық Банктiң филиалына сараптауға ұлттық валютаның күмәндi ақша белгiлерi ғана жiберiледi, төлем жасауға күмән туғызатын шетел валютасының ақша белгілері мен төлем құжаттары Қағидалардың 221-тармағына сәйкес инкассоға қабылданады.";

      21-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Жұмыс күнiнiң соңында кассалық кiрiс құжаттарының негiзiнде кассир (бухгалтер-кассир) бiр күнгi касса айналымы және құндылықтардың қалдығы туралы есеп беру анықтамасын (Қағидаларға 5-қосымша) жасайды және анықтамадағы соманы өзi iс жүзiнде қабылдаған ақша сомасымен салыстырып тексередi.";

      22, 23 және 24-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Жұмыс күнiнiң барысында қабылданған ақшаны кассир (бухгалтер-кассир) жинақтайды, орайды, оны анықтамамен және кiрiс құжаттарымен бiрге кассир берген және қабылдап алған ақшаны (құндылықтарды) есепке алу кiтабына (осы Қағидаларға 6-қосымша) қол қойып касса меңгерушiсiне (аға кассирге) тапсырады.

      23. Кiрiс кассасына түскен ақшаны жұмыс күнi ішінде бiрнеше рет кассирдiң берген және қабылдап алған ақшаны (құндылықтарды) есепке алу кiтабына (Қағидаларға 6-қосымша) қол қойып касса меңгерушiсiне (аға кассирге) тапсыруға болады. Мұндай жағдайда ақшаны тапсырғанға дейiн кассир нақты қолдағы бар ақшаның қабылданған кiрiс құжаттары бойынша жалпы сомаға сәйкес келетiнiн тексеруi тиiс.

      24. Құндылықтардың iс жүзiндегi қолдағы бары мен есеп беру құжаттарындағы деректердiң арасында айырмашылық болған жағдайда кассир бұл туралы касса меңгерушiсiне (аға кассирге) хабарлайды. Артық немесе кем шығуы анықталған жағдайда акт (Қағидаларға 7-қосымша) жасалады, ал касса қызметкерi касса бөлiмшесiнiң бастығына түсiнiктеме жазып береді.";

      4-тарауда:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-параграф. Шығыс кассаларында операциялар жүргiзу";

      28-тармақта:

      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "28. Шығыс операцияларын жасау үшiн касса меңгерушiсi кассирлерге есебi берiлетiн қолма-қол ақшаның қажеттi сомасын кассир қабылдаған және берген ақшаны (құндылықтарды) есепке алу кiтабына (Қағидаларға 6-қосымша) қол қойғызып бередi. Кассир толық және толық емес бумаларды жапсырылған белгiлерi бойынша түбiртегiне қарап тексерiп, ал толық емес түбiртектен немесе жеке беттен тұратын бумаларды бір-бірлеп санап қабылдап алады. Монета жапсырмалардағы, пакеттердегі (тюбиктердегі) жазу бойынша қабылданады.";

      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Есебi берiлетiн қолма-қол ақшаның қажеттi сомасын кассирлерге бергеннен кейiн, касса меңгерушiсi операция кассасында қалған қолма-қол ақша сомасының бар екендiгiн тексеруге және оның қалдығы берiлген соманы ескергенде операциялық кассаның қолма-қол ақшасын және ұлттық валютадағы басқа да құндылықтарды есепке алу кiтабының (Қағидаларға 10-қосымша) күн басындағы шот бойынша деректерiне сәйкес келетiндiгiне көзiн жеткiзуге мiндеттi.";

      31-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "31. Бақылаушы бухгалтер (кассир) Қағидалардың 30-тармағында көрсетiлген iс-қимылдарды орындағаннан кейiн кассалық шығыс құжатын кассирге бередi, ол:";

      33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "33. Клиент алған қолма-қол ақшаны банкте касса бақылаушысының көзiнше кассаның алдында немесе қайта санау үшiн арнайы белгiленген жерде өз қалауынша санап алады. Касса бақылаушысының көзiнше қайта санап алудың нәтижесiнде қолма-қол ақшаның жетпей (артылып) қалуы анықталған жағдайда, акт жасалады (осы Қағидаларға 7-қосымша). Банк жетпеген соманы клиентке сол күнi өтейдi. Банк шеккен шығынды ақшаның кем шығуына жол берген касса қызметкерi өтейдi.";

      35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "35. Кассир жұмыс аяғының соңында есебi берiлетiн қолма-қол ақша сомасын шығыс құжаттарының сомасымен және қалған ақшаның қалдығымен салыстырып тексередi, содан кейiн бiр күнгi касса айналымы және құндылықтар қалды туралы есептiк анықтама жасайды (Қағидаларға 5-қосымша), оған қол қояды және сонда келтiрiлген касса айналымдарын тексерушi бухгалтердiң кассалық журналындағы жазбалармен салыстырып тексередi. Бұл ретте салыстырып тексеру кассалық журналда кассирдiң және кассирдiң анықтамасында тексерушi бухгалтердiң қолымен ресiмделедi.

      Нақты қолдағы қолма-қол ақша мен есеп беру құжаттарындағы деректердiң арасында айырмашылық болған жағдайда, кассир бұл туралы касса меңгерушiсiне мәлiмдейдi. Артылып қалғаны немесе жетпей қалғаны расталған жағдайда акт жасалады (осы Қағидаларға 7-қосымша), осыдан кейiн кассир касса бөлiмшесiнiң бастығына түсiнiктеме беруге тиiс. Қолма-қол ақшаның кем шығуын кассир сол күнi өтеуге тиiс. Жетiспеген қолма-қол ақша сомасын өтеу мүмкiн болмаған жағдайда кем шыққан соманы өтеудiң мерзiмi мен тәртiбi банктiң iшкi активтерiнде реттеледi.

      Шығыс операцияларын касса меңгерушiсi орындайтын банктерде бiр күнгi касса айналымы және құндылықтар қалдығы туралы есептік анықтама жасалмайды, шығыс жөнiндегi барлық айналымдар бiр күнгi касса айналымы туралы жиынтық анықтамаға енгiзiледi (Қағидаларға 11-қосымша).

      Кiрiс және шығыс операцияларын бiр кассир орындағанда, бiр күнгi касса айналымы және құндылықтар қалдығы туралы есептік анықтама жасалады (Қағидаларға 5-қосымша).";

      36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "36. Кассир қалыптастырылған қолма-қол ақшаның қалдығын және бiр күнгi кассалық шығыс құжаттарын есептік анықтамамен бiрге қабылданған және берiлген ақшаны (құндылықтарды) есепке алу кiтабына қол қойғызып (Қағидаларға 6-қосымша), касса меңгерушiсiне өткiзедi, ол есептік анықтаманы тексергеннен кейiн оған қол қойып, сол күнгi құжаттарға тiгуге жiбередi.

      Кассирлерде жұмыс күнiнiң аяғында қалып қалған, басқа кассир жинастырған банкноттардың жекелеген түбiртектерi касса меңгерушiсiне берiлгенге дейiн бiр-бiрлеп саналуға және оралуға тиiс.

      Жалақыны немесе банк аппаратын ұстауға байланысты басқа төлемдердi төлеген кезде жұмыс күнiнiң аяғында банк қызметкерлерiне жалақы төлеу үшiн алынған, жалақыны беруге арналған төлем ведомосын және аванстың қалдығын кассир қапшыққа салады, қапшықтың аузы жапсырмамен бiрге тiгiледi және шпагатпен түйiнсiз және үзiксiз мықтап байланады. Жапсырмада оралған күнi, салынған сомасы көрсетiледi және кассирдiң коды немесе оның аты жазылған мөртабаны және қолы қойылады. Шпагаттың шетi шешiлмейтiндей болып түйiледi және оған кассир пломба салады. Кассир аталған қапшықты қабылданған және берiлген ақшаны (құндылықтарды) есепке алу кiтабына (Қағидаларға 6-қосымша) қол қойғызып, баланстан тыс кiрiс ордерiн ресiмдей отырып, келесi жұмыс күнiнiң таңертеңiне дейiн сақтау үшiн касса меңгерушiсiне бередi.";

      4-1-тарауда:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-параграф. Банктердің өз клиенттеріне Ұлттық Банк филиалының орауындағы қолма-қол ақшаны беру ерекшеліктері";

      36-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "36-1. Ұлттық Банк филиалының кассасынан алынған қолма-қол ақшаны өз клиенттеріне беру үшін банк банктің осы үшін арнайы жабдықталған үй-жайында кассирдің қолма-қол ақша беруін көзбен көріп бақылауды жүзеге асыру және клиенттердің қолма-қол ақшаны қайта есептеуін көзбен көріп бақылауды жүзеге асыру үшін касса қызметкерлерінің ішінен (ерекше жағдайларда Қағидаларды білуіне алдын ала сынақ тапсырған экономистердің ішінен) касса бақылаушысын (бақылаушыларын) тағайындау туралы бұйрық шығарады.";

      36-2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "36-2. Кассир Қағидаларда белгіленген тәртіппен Ұлттық Банк филиалы ораған қолма-қол ақшаны банк клиенттеріне беру үшін касса меңгерушісінен алып, алынған қолма-қол ақшаны клиенттерге банкноттарды толық және толық емес бумалармен немесе монеталарды қапшықтармен береді.";

      36-7-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "36-7. Қағидалардың 36-6 тармағында көзделген жағдайларда кассирдің клиентке қолма-қол ақшаны беруі (клиент кассирден қолма-қол ақшаны алған кезден бастап банктің осыған арналған үй-жайында бір-бірлеп қайта санағанға дейін) банктің касса бақылаушысының қадағалауымен жүзеге асырылады.";

      36-8-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "36-8. Берілетін банкноттар бумаларындағы немесе монеталар салынған қапшықтардағы ақшаның кем немесе артық шығуы анықталған кезде банк кассирі, касса бақылаушысы және клиенті қол қоятын акт бес дана етіп жасалады (Қағидаларға 7-қосымша). Үш данасы Ұлттық Банктің филиалына жіберіледі, ал екі данасы банкте қалады.";

      36-10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "36-10. Банк осы параграфтың талаптарын сақтамаған жағдайда Ұлттық Банк банктің банкноттардың немесе монеталардың жетіспеуі туралы өтінішін қанағаттандырмайды.";

      5-тарауда:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-параграф. Қолма-қол ақшаны алдын ала дайындау";

      38-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "38. Клиенттерге беру үшiн қолма-қол ақшаны алдын ала дайындау мiндетi жүктелген кассир қабылданған және берiлген ақшаны (құндылықтарды) есепке алу кiтабына қолын қойып, шығыс операцияларын жүзеге асыруға арналған қажеттi ақша сомасын касса меңгерушiсiнен алады. Кассир алған ақшаны қабылданған және берiлген ақшаны (құндылықтарды) есепке алу кiтабына жазып қояды (Қағидаларға 6-қосымша). Өзi қабылдап алған чектердiң, шығыс ордерлерi мен құжаттардың дұрыс ресiмделуiн тексередi, әрбiр құжат бойынша қолма-қол ақшаны (толық және толық емес бумаларды, банкноттардың түбiртектерiн, монета салынған қапшықтарды (пакеттер мен тюбиктердi) бөлек дайындайды және ақшаны қапшыққа (қоржынға) салады. Қапшықтың аузы тiгiледi және шпагатпен түйiнсiз және үзiксiз мықтап байланады, қапшыққа жапсырма жапсырылады және пломба салынады.";

      42-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "42. Қолма-қол ақша салынған қапшықтарды (қоржындарды) шығыс кассасының кассирi клиенттерге осы Қағидалардың 30 және 31-тармақтарына сәйкес берген кезде берiлетiн қапшықтардың (қоржындардың) пломбалары кесiлiп алынбайды.

      Бөлiмшелер мен клиенттер пломба салынған қоржындарды чек бойынша касса құжаттары мен кiтаптарына қол қойғызып инкассаторлар арқылы бередi.";

      6-тарауда:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-параграф. Кешкi кассада операциялар жүргiзу";

      48-тармақта:

      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Кешкi кассаның кассирi санаған, жинақтаған және тиiсiнше бумалар мен қапшыққа ораған банкноттар мен монеталар, кiрiс касса құжаттары, касса журналы және мөр кешкi кассаның операциялары аяқталғаннан кейiн сейфте сақталады. Сейфтi кассир мен тексерушi жабады және ол қойма бөлмелерін, отқа жанбайтын сейфтер мен басқа да ақша қоймаларын ашуға, жабуға және мөр қойып жабуға рұқсат берілген адамдардың күзетуіне және қоймалардыы, жанбайтын сейфтер мен басқа да ақша қоймаларын ашуға, жабуға және мөр басып жабуға рұқсат берілген адамдардың бақылау журналына (Қағидаларға 29-қосымша) қолхатпен тапсырылады.";

      бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Iс жүзiнде қабылданған қолма-қол ақша сомасы касса журналы мен кiрiс құжаттарының деректерiне сәйкес келмеген жағдайда, касса меңгерушiсi себептерiн анықтайды және бұл туралы акт (Қағидаларға 7-қосымша) жасайды.";

      50-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "50. Жинаушы инкассатор бақылаушыға сенiмхатын, түскен ақша салынған қоржындардың (қапшықтардың) жүк құжаттарын (Қағидаларға 12-қосымша), валюталық және басқа құндылықтар салынған қоржындарды өткiзген кезде валюталық және басқа құндылықтар салынған қоржынның ведомосын (Қағидаларға 17-қосымша) және кассаға өткiзiлетiн қоржындарға (қапшықтарға) берiлген келу карточкаларын (Қағидаларға 13-қосымша) көрсетедi.";

      51-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "51. Бақылаушы жүк құжаттарындағы (жолдама ведомостарындағы) және келу карточкаларындағы жазулардың сәйкес келуiн тексередi, инкассаторлардан қабылдануы тиіс қолма-қол ақша салынған қоржындарды (қапшықтарды) және бос қоржындарды есепке алу журналының (Қағидаларға 14-қосымша) екi данасына да көшiрме арқылы тiркейдi және тiркелуiне қарай жүк құжаттарын (жолдама ведомостарын) кассирге бередi.";

      52-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "52. Осыдан кейiн бақылаушы кассаға өткiзiлетiн қоржындар санының инкассаторларға берiлген қоржындар (қапшықтар) анықтамасының, келу карточкаларының (Қағидаларға 15-қосымша) мәлiметтерiне сәйкес келуiн тексередi, содан кейiн келу карточкаларын инкассаторларға қайтарады.";

      53-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) қабылданатын ақша түсiмiнiң жалпы сомасының ақша салынған қоржындарды (қапшықтарды) және бос қоржындарды есепке алу журналындағы (Қағидаларға 14-қосымша) жазбаларға және жүк құжаттары (жолдама ведомостары) бойынша саналған жалпы жарияланған сомаға сәйкес болуын тексередi.";

      55-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "55. Кассир мен бақылаушы инкассаторлардан қабылдап алынған қоржындардың санын есептейді, оларды құндылықтар салынған қоржындарды (қапшықтарды) және бос қоржындарды есепке алу журналында көрсетiлген санмен салыстырып тексередi және сейфке салып қояды. Қоржындарды қабылдауға негiз болған құжаттар қолма-қол ақшамен және басқа құндылықтармен бiрге сақталады. Сейф екi кiлтпен жабылады, бiрi кассирде, екiншiсi бақылаушыда болады, олар сейфтi мөрлерiмен мөрлеп жабады. Содан кейiн сейф Қағидалардың 48-тармағында көрсетiлген тәртiппен күзетке өткiзiледi.

      Барлық маршруттар бойынша қабылданған, қолма-қол ақша салынған қоржындардың (қапшықтардың) және бос қоржындардың жалпы саны жөнiнде кешкi касса қабылдаған қолма-қол ақша салынған қоржындар (қапшықтар) және бос қоржындар туралы анықтама (Қағидаларға 16-қосымша) жасалады, ол қолма-қол ақша салынған қоржындарды (қапшықтарды) және бос қоржындарды есепке алу журналдардың (Қағидаларға 14-қосымша) бiрiншi даналарымен бiрге жеке папкада сақталады.";

      56-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "56. Маршруттан әкелiнген қолма-қол ақша салынған қоржындар (қапшықтар) кешкi касса жабылғаннан кейiн, қоржындарды (қапшықтарды) әкелiп берген инкассаторлардың жауапкершiлiгiнде арнайы бөлiнген сейфтерде сақталады.";

      58-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "58. Банктiң бұйрығы бойынша басшы құндылықтар салынған қоржындарды қабылдау мiндетiн бiр касса қызметкерiне жүктей алады. Бұл жағдайда кассир өз мiндеттерiне қоса Қағидалардың 52, 53, 55-тармақтарында баяндалған талаптарды орындайды.";

      59-тармақтың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Сейф күзетке өткiзiледi. Күзет шартында кешкi кассаның қызметкерлерi күзетке кешке өткiзген сейфтi күзеттен таңертең құндылықтардың сақталуына жауап беретiн, Қағидалардың 48-тармағында баяндалған тәртiппен қолма-қол ақшаны қабылдап алуды жүзеге асыратын жауапты адамдар қабылдап алады деп ескертiлген.";

      7-тарауда:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6-параграф. Қайта санау кассасының жұмыс істеуі";

      61-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "61. Қайта санау кассасының бақылаушы-кассирi кешкi кассаның кассирiнен және бақылаушысынан қолма-қол ақша салынған қоржындарды және олардың жүк құжаттарын кешкi касса қолма-қол ақшасы салынған қоржындар (қапшықтар) және бос қоржындар туралы анықтамаға (Қағидаларға 16-қосымша) қол қойып, қолма-қол ақша салынған қоржындарды (қапшықтарды) және бос қоржындарды немесе қапшықтардың жүк құжаттарын (Қағидаларға 14-қосымша) есепке алу журналы бойынша қабылдап алады.";

      62-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "62. Бақылаушы-кассир жұмыс күнi бойы қайта санау үшiн қабылданған қолма-қол ақша салынған қоржындарды металл шкафта сақтайды. Бақылаушы-кассир қайта санау кассасының әрбiр кассирiне қайта санау үшiн бiр-бiр қоржыннан бередi, берерде оның нөмiрiн қолма-қол ақшаны қайта санау жөнiндегi бақылау ведомосына (Қағидаларға 18-қосымша) жазып қояды.";

      63-тармақтың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ұлттық және шетел валютасының төлемге жарамсыз және күмәнді банкноттары мен монеталары акт-тізімдемеде (Қағидаларға 3-қосымша) тіркеледі, онда клиенттің атауы, валютаның атауы, банкноттардың (монеталардың) құны, олардың нөмірі мен сериясы, жалпы сомасы, өзіне тән төлемге жарамсыздық белгілері көрсетіледі және касса бөлімшесінің басшысына беріледі. Ұлттық валютаның алынған төлемге жарамсыз және күмәнді ақша белгілері Ұлттық Банк филиалына сараптамаға жіберіледі. Төлемге жарамдылығы күмән тудыратын шетел валютасындағы ақша белгілерімен және төлем құжаттарымен жұмыс Қағидалардың 221-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.";

      65-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Толық бума жасауға келмейтiн банкноттар мен металл ақшаларды, түбiртектер және қаптарды кассирлер контролердiң нұсқауы бойынша тексеру парақтарына қол қойғызып, арнайы бөлiнген кассирге бередi, ол оларды өңдейдi және қалыптастырады.";

      8-тарауда:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7-параграф. Операция кассасының операциялық күндi аяқтауы";

      68-тармақта:

      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "68. Касса айналымын касса журналымен салыстырып тексергеннен кейiн, кассирлер өздерiндегi қолма-қол ақшаның қалыпталған қалдықтарын анықтамалармен және касса құжатымен бiрге касса меңгерушiсiне бередi.";

      үшінші және төртінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:

      "Кейiннен касса меңгерушiсi операция кассасы кассирлерiнiң есептік анықтамалары және қабылданған қолма-қол ақша сомасы туралы журналдардағы қайта санау кассасы мен кешкi кассаның жазбалары негiзiнде, сондай-ақ ақшасын өзi жеке қабылдап алған немесе өзiне берiлген құжаттар бойынша бiр күнгi касса айналымы туралы жиынтық анықтама (Қағидаларға 11-қосымша) жасайды және оның қорытындысын бухгалтерлiк есептiң мәлiметтерiмен салыстырып тексередi. Бухгалтерия қызметкерi бiр күнгi касса айналымы туралы жиынтық анықтамаға қол қойып, салыстырып тексерудi куәландырады, жиынтық анықтама кассирлердiң бiр күнгi касса айналымы және құндылықтың қалдықтары туралы есептік анықтамаларымен бiрге (Қағидаларға 5-қосымша) сол күнгi касса құжаттарында сақталады.

      Бiр күнгi касса айналымдарын салыстырып тексергеннен кейiн, касса меңгерушiсi операциялық кассаның қолма-қол ақшасын және басқа құндылықтарды есепке алу кiтабына ақшаның кiрiсі мен шығысының жалпы сомасын жазады және соған кассаның қалдығын, сондай-ақ келесi күннiң басындағы басқа құндылықтардың қалдығын шығарады (Қағидаларға 10, 37, 38-қосымшалар), олар құндылықтарды сақтауға жауап беретiн лауазымды адамдардың қолымен куәландырылады.";

      69-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "69. Кассада қалған қолма-қол ақшаның қалдығы мен бухгалтерлiк есептiң мәлiметтерiнiң арасында айырмашылық болған жағдайда, касса меңгерушiсi бұл туралы тез арада айырмашылықтың себебiн анықтау шараларын қолдану үшiн банк басшысына, бас бухгалтерге және касса бөлiмшесiнiң бастығына хабарлайды. Артық немесе кем шыққандығы расталса, акт (Қағидаларға 7-қосымша) жасалады.";

      9-тарауда:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8-параграф. Касса құжаттарын ресiмдеу";

      76-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Касса құжаттары салынған папкаға банктiң кiрiс және шығыс құжаттары тiгiледi. Касса құжаттары салынған папканың титулдық бетi Қағидаларға 19-қосымшаның деректемелерiне сәйкес ресiмделедi.";

      77-тармақтың екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жұмыс көлемi шағын болғанда касса құжаттарын бiрнеше жұмыс күнi iшiнде, бiрақ бiр күнтiзбелiк айдан аспайтын мерзiмде брошюралауға рұқсат берiледi, сонда әрбiр жұмыс күнiнiң құжатына титулдық бет (Қағидаларға 19-қосымша) жабыстырылады.

      Брошюраланған немесе брошюраланбаған касса құжаттары күндер бойынша жиналуға және олар толық қалыптасқанша папкада болуға және қоймадағы касса меңгерушiсiнiң жауапкершiлiгiнде немесе жеке жанбайтын сейфте (металл шкафта) банктің ішкі ережелермен бекітілген, бірақ бір күнтізбелік жылдан кем емес мерзім ішінде сақталуға тиiс, содан кейiн олар архивке сақтауға тапсырылады.";

      10-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9-параграф. Қолма-қол ақшамен жұмысты ұйымдастыру";

      11-тарауда:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "10-параграф. Қолма-қол ақшаны жинақтау және орау";

      82-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "82. Барлық банктерде қолма-қол ақшаны өңдеудiң, қалыптастырудың және ораудың осы Қағидаларда белгiленген бiрыңғай тәртiбi қолданылады.";

      83-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "83. Кассирлер өздерi кассаға қабылдап алған қолма-қол ақшаны құнына қарай, ал содан кейiн айналымға жарамды және тозығы жеткен деп сұрыптайды. Тозығы жеткен банкноттар қатарына жатқызылған банкноттар айналымға жiберiлмейдi және Ұлттық Банктiң филиалына өткiзiлуге тиiс.";

      84-тармақтың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қолма-қол ақшаны вакуумдық орағыштардың көмегiмен 1000 (мың) парақтан полиэтилен пакеттерге орау кезiнде банкноттар 100 (жүз) түптен түбiртекке жинақталады. Үстiңгi стандартты жапсырмаға жоғарыда көрсетiлген барлық деректемелер қойылады. Қосылған тiгiсiне клишенiң көмегiмен банктiң сәйкестендiру коды және қолма-қол ақшаны жинақтаған және ораған кассирдiң жеке коды қойылады.";

      85-тармақтың алтыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тексеру үшiн қайта санауға ұшыраған қолма-қол ақша Қағидалардың 85-тармағына сәйкес оралады, бұл ретте бандерольдерге және жоғарғы жапсырмаларға қосымша "тексеру үшін қайта санау" мөртабаны қойылады.";

      12-тарауда:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "11-параграф. Касса қызметкерлерiнiң құндылықтарды бiр-бiрiне беруі";

      87-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "87. Касса меңгерушiсi жұмыс күнi басталмас бұрын қабылданған және берілген (құндылықтарды) есепке алу кiтабына қол қойғызып, кассирлерге қолма-қол ақша бередi және жауапты орындаушылардың есебiне берiлген қатаң есептегi бланкiлерді есепке алу кiтабында (Қағидаларға 20-қосымша) қол қойғыза отырып, бір күнгi бойы операциялар жасау үшін қажеттi қатаң есептегi бланкiлердi бередi.";

      89-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "89. Толық және толық емес бумаларды, сондай-ақ банкноттардың толық емес түбiршектерiнен тұратын бумаларды касса меңгерушiсi бiр-бiрлеп қайта санамай, түбiршектер бойынша тексерiп, жапсырмадағы белгілеріне қарай қабылдап алады, ал толық және толық емес қапшықтарды (қалташаларды, тюбиктердi) олардың ораулары осы тараудың 10-параграфының талаптарына сәйкес келген жағдайда жапсырмадағы белгілері бойынша қабылдап алады.";

      3-бөлімде:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Автоматтандырылған жүйелердi қолдана отырып клиенттерге касса арқылы қызмет көрсету";

      13-тарауда:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-параграф. Банк кассаларының клиенттерге қызмет көрсетуi";

      90-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "90. Банктерге салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды, жеке тұлғалардан заңды тұлғалардың және жеке кәсіпкерлердің пайдасына сатылған тауар, көрсетілген қызмет, орындалған жұмыстар үшін төлемдерді, сондай-ақ жеке тұлғалардың банктік шоттарына кейіннен есептеу үшін төлемдерді төлеу есебіне клиенттерден ұлттық валютадағы қолма-қол ақшаны қабылдауға жол беріледі.";

      105-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "105. Кейiннен алушы заңды тұлғаның банктiк есепшотына есептеу үшiн клиенттен қабылданған соманы клиенттің банктен талап етіп алуына жол берілмейді. Жоғарыда көрсетiлген соманы қайтаруды алушы заңды тұлға жүзеге асырады.";

      14-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-параграф. Төлем карточкаларын қолдана отырып арқылы кiрiс-шығыс операцияларын орындау";

      15-тарауда:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-параграф. Банкоматтармен жұмыс iстеу және ұйымдастыру";

      121-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Банктер банкоматтарға қолма-қол ақша салу немесе инкассациялау бойынша Қағидалардың талаптарын сақтауға мүмкіндік бермейтін бағдарламалық қамтамасыз ету мен технологияларды пайдаланған жағдайда, аталған операцияларды жүргiзу тәртiбi банктiң iшкi қағидаларымен бекiтiледі.";

      123-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Банкоматтармен жүргiзiлетiн операцияларды есепке алу үшiн банкоматтарды толтыру және босату операциялары есебiнiң кiтабы (Қағидаларға 22-қосымша) жүргiзiледi. Бұл кiтапты жүргiзу жөнiндегi жауапкершiлiк касса меңгерушiсiне немесе банк басшысының бұйрығымен арнайы тағайындалған лауазымды тұлғаға жүктеледi. Ол нөмірленген, тiгiлiп, банк басшысы мен бас бухгалтердiң қолы қойылған және банктiң (банк филиалының) мөрiмен куәландырылған болуы керек.";

      124 және 125-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "124. Касса меңгерушiсiне немесе банк басшысының бұйрығымен арнайы тағайындалған лауазымды тұлғаға сейф кiлттерiнiң бiр жиынтығы және банкноттарды басқару модулiнiң кiлттерi бекiтiлiп берiледi. Сейф кiлттерi және банкноттарды басқару модулiнiң кiлттерi, қызметкерлердiң банкоматты пайдалануға рұқсат карточкалары, сондай-ақ банкоматтарды толтыру және босату операциялары есебiнiң кiтабы касса меңгерушiсiнiң сейфiнде сақталады.

      Банкомат кiлттерiнiң түпнұсқалары және телнұсқалары осы Қағидалар талаптарына сәйкес банк қауiпсiздiгi қызметiнде немесе қоймада сақталады. Құлыптың құпия кодын ауыстыруға мүмкiндiк беретiн кiлт iстен шыққанда банк қауiпсiздiгi қызметiне (банкомат құлпының құпия кодын ауыстыруға жауапты қызметкерге) берiледi.

      Кiлттер осы Қағидалардың талаптарына сәйкес тiркелуi тиiс. Қызметкерлер арасында бiр-бiрiне кiлт беру тәртiбi банк басшысының жазбаша нұсқауымен белгiленедi.

      125. Банкоматты қолма-қол ақшамен толықтыру оған деген сұранысқа байланысты жүргiзiледi. Кассеталарды толтыру үшін арнайы тағайындалған кассир банкомат үшін белгіленген лимит шегіндегі қолма-қол ақшаның қажетті сомасын осы Қағидаларда белгiленген тәртiппен касса меңгерушiсiнен сұратады. Кассеталарға ақша салу, сондай-ақ оларды кассеттен алу касса үй-жайында жүргiзiледi. Қабылданған ақша сомасын кассир купюр бойынша қайта санап шығады, оны кассеталарға салады, кассетталарды кiлтпен жабады және пломба салады.

      Кассетаға банктiң атауы, банкомат номерлерi, купюрлердiң номиналы және саны, салынған ақшаның сомасы, күнi, кассирдiң қолы және жеке мөртабаны көрсетiлген жапсырма жапсырылады. Кассетталарды толтырғаннан кейiн кассир банкоматтың тұрған жерiн, банкоматтан алынуға және банк кассасына жеткiзiлуге тиiстi кассеталар нөмірiн, банкоматқа қойылуға тиiстi кассеталарын нөмірлерiн көрсете отырып инкассаторға жүру бағыты парағын (Қағидаларға 23-қосымша) ресiмдейдi және оның жұмысын іске қосуға қажеттi ақпарат ұсынады. Инкассаторларға келесі күні беру үшін алдын ала дайындалған, қолма-қол ақша салынған касеталар қоймада қолма-қол ақшадан бөлек сақталуы тиіс.";

      128-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Байқалған алшақтық дерегi бойынша қызметтiк зерттеу жүргiзiледi. Оның құрамында қосымша банкоматқа қызмет көрсететiн техникалық қызметкер, банкомат кассетiн ауыстырған инкассатор болады және алшақтық себептерi анықталады. Қызметтiк зерттеу нәтижелерi бойынша қолма-қол ақша жетiспейтiндiгi расталған кезде кiнәлi адамдар жетiспейтiн соманың орнын толтырады.";

      129-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "129. Мезгiл-мезгiл, айына кем дегенде бiр рет, банкоматқа ақша толтырылып тұрады. Инкассатор алынған кассеталармен бiрге банкоматтың баспа қондырғысынан (банкоматтың операциялар журналы) алынған қағаз таспаны кассаға жеткiзедi. Алынған кассетталардағы қолма-қол ақша сомасының қалдығын банкомат шотындағы сома қалдығымен салыстырады және қолма-қол ақша қалдығын Қағидалардың 128-тармағында көрсетiлген тәртiппен кассаға салады. Ақша қалдықтары арасында алшақтық байқалған жағдайда тиiстi акт жасалып, оған касса меңгерушiсi, кассир және техникалық қызметкер қол қояды, бұл ретте банкоматтарды басқару жүйесi берген мәлiметтер және банкомат операциялары журналынан алынған мәліметтер пайдаланылады, қалдықтардың сәйкес келмеу себептерi анықталады.";

      15-1-тарауда:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-параграф. Автоматтандырылған кассамен жұмыс және ұйымдастыру";

      132-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "132-1. Банктер және ұлттық почта операторы кассалық операцияларды осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен жүргізген кезде автоматтандырылған касса қолданылуы мүмкін.";

      132-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "132-2. Автоматтандырылған кассамен жұмыс істеу, қолма-қол ақшаны толықтыру және инкассациялау, техникалық қызмет көрсету осы тараудың 3-параграфына сәйкес жүзеге асырылады.

      Кассалық операцияларды автоматтандырудың ішкі банктік жүйелерінде автоматтандырылған кассаны қолданған кезде кассалық операцияларды Қағидаларда көзделмеген ұйымдастыру тәртібі банктің ішкі ережесімен анықталады.";

      5-бөлім алып тасталсын;

      6-бөлімде:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Валюталық құндылықтармен жұмыс жүргiзу ерекшеліктері";

      22-тарауда:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-параграф. Банк кассаларының валюталық құндылықтарды қабылдауы (беруi)";

      186-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "186. Банктер осы параграфтың талаптарын сақтауға мүмкiндiк бермейтiн бағдарламалық қамтамасыз ету мен технологияларды пайдаланған кезде банк кассаларының валюталық құндылықтарды қабылдау және өткiзу жөнiндегi операцияларды жасау тәртiбi банктiң iшкi актiлерімен бекiтiледі.";

      188-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "188. Операцияларды жүзеге асыру үшiн касса меңгерушiсі кассирлерге қабылданған және берiлген құндылықтар есебiн жүргiзу кiтабына (Қағидаларға 33-қосымша) қол қойғыза отырып қоймадан валюталық құндылықтарды береді. Мұндайда чемодандар (инкассатор қоржындары, қапшықтар және тағы басқалар) орын саны бойынша берiледi.";

      192-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "192. Кассирлер арасында валюталық құндылықтарды беру қабылданған және берiлген құндылықтардың есебiн жүргiзу кiтабы бойынша (Қағидаларға 32-қосымша) немесе қабылданған және берiлген құндылықтардың бақылау парақтары (Қағидаларға 34-қосымша) бойынша жүзеге асыруға болады.";

      193 және 194-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "193. Кассир жұмыс күнi аяқталған соң касса құжаттары бойынша құндылықтардың әрбiр атауы бойынша кiрiс (шығыс) сомасын есептейдi, бiр күн iшiндегi касса айналысы және қалған құндылықтар туралы есеп беру анықтамасын толтырады (Қағидаларға 5-қосымша), анықтамада көрсетiлген қалған құндылықтарды нақты бар құндылықтармен алдын ала салыстырып тексергеннен кейiн оған қол қояды.

      Дәл осындай есептік анықтаманы жұмыс күнi ұзартылған кассалардың кассирлерi де жасайтын болады.

      194. Кассир жұмыс күнi iшiнде қабылданған валюталық құндылықтарды жинақтап, Қағидалардың 84, 85, 206-тармақтарында айтылған тәртiппен жинақтап, орайды және есептік анықтаманы, кiрiс (шығыс) құжаттарымен бiрге касса меңгерушiсiне (арнайы бөлiнген кассирге) өткiзедi.";

      195-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Касса меңгерушiсiне құндылықтарды Қағидалардың 211-тармағында көзделген тәртiппен жинақталған түрде чемоданмен (арбамен, инкассатор қоржындарымен немесе қапшықтармен) өткiзген кезде есептік анықтама екi дана етiп жасалады, оның бiреуi өткiзiлетiн құндылықтарға жапсырма ретiнде пайдаланылады.";

      196-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "196. Кiрiс және шығыс операцияларын касса меңгерушiсi орындайтын банктерде есеп беру анықтамасы жасалмайды, ал касса айналымы бiр күн iшiндегi касса айналымы туралы жиынтық есепке (Қағидаларға 11-қосымша) енгiзiледi.";

      23-тарауда:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-параграф. Қайта санау кассасының валюталық құндылықтар салынған инкассатор қоржындарын қайта санау";

      198-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "198. Бақылаушы қайта санау үшiн кассирге бiр қоржыннан (жөнелтiмнен) ғана беретiн болады, қабылданған және берiлген құндылықтардың өзінің бақылау парағына (Қағидаларға 34-қосымша) берiлген қоржынның нөмірiн және кассирдiң аты-жөнiн алдын ала жазып алады. Кассир қоржынды алғаннан кейiн оны өзiнiң бақылау парағына тiркейдi.";

      199-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "199. Қоржындарды ашу және қайта санау Қағидалардың 2-тарауының 6-параграфында белгіленген тәртiппен жүзеге асырылады.";

      24-тарауда:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-параграф. Қолма-қол шетел валютасын және шетел валютасындағы төлем құжаттарын өңдеу, қалыптастыру және орау";

      210-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бiр қапшыққа салынатын монетаның ең жоғары сомасын касса меңгерушiсi анықтайды, бiрақ ол салмағы жағынан алғанда 7 (жеті) килограмнан аспауға тиiс.";

      25-тарауда:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-параграф. Валюталық құндылықтарды қабылдау";

      213-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Байланыс кәсiпорындарынан валюталық құндылықтар салынған жөнелтiлімдердi алу үшiн банк инкассаторға (кассирге) бiр жолғы сенiмхат бередi. Корреспондент банктерден авиакомпания арқылы келген валюталық құндылықтар салынған жөнелтiмдердi (қапшықтарды) алу үшiн инкассаторға сенiмхат (Қағидаларға 31-қосымша) берiледi.";

      214-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "214. Орауы бөлiнген немесе басқа да ақаулары бар валюталық құндылықтар салынған жөнелтiлімдердi қабылдау Қағидалардың 57-тармағында көрсетiлген тәртiппен жүзеге асырылады.";

      216-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "216. Құндылықтарды сақтауға жауапты адамдар валюталық құндылықтар салынған инкассатор қоржындарын Қағидалардың 54-тармағында көрсетiлген тәртiппен қабылдайды, ал валюталық құндылықтар салынған қапшықтарды қабылдағанда олардың жапсырмаларының бар-жоғын және дұрыс ресiмделуiн, сондай-ақ жапсырмада көрсетiлген соманың iлеспе құжаттардағы мәлiметтермен сәйкестiгiн қосымша тексередi.";

      217-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "217. Кассирлер банктiң айырбастау пункттерiнен және клиенттерiнен жұмыс күнi iшiнде валюталық құндылықтар салынған инкассатор қоржындарын қабылдаған жағдайда, қабылданған қолма-қол ақша салынған қоржындарды (қапшықтарды) және бос қоржындарды есепке алу журналын (Қағидаларға 14-қосымша) екi дана етiп толтырады, онда айырбастау пункттерiнiң қызметкерлерi тiкелей жеткiзген валюталық құндылықтар салынған қабылданған қоржындар есепке алынады.";

      26-тарауда:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-параграф. Түпнұсқалығына және төлемге жарамдылығына күмән туғызатын шетел валютасындағы қолма-қол ақшамен және төлем құжаттарымен жұмыс жүргiзу";

      221-тармақта:

      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "221. Төлем жасауға күмән туғызатын шетел валютасындағы банкноттар мен төлем құжаттары, сондай-ақ төлем жасалмайтын және айналымға жарамсыз шетел валютасындағы банкноттар клиенттерден инкассоға қабылдануы мүмкiн. Мұндай жағдайда клиент өтiнiш толтырады (Қағидаларға 35-қосымша), онда валютаның (төлем құжатының) атауы, банкноттар мен төлем құжаттарының деректемелерi, олардың құны, жалпы сомасы және төлем құжаттарын кiм және қашан бергенi көрсетiледi.";

      төртінші және бесінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:

      Корреспондент банктерден инкассоға қабылданған банкноттарды (төлем құжаттарын) алғаннан кейін банк клиентке хабарлама (Қағидаларға 36-қосымша) жiбередi.

      Клиенттерден инкассоға қабылданған банкноттар мен төлем құжаттары үшiн өтелуге тиiстi сома қолма-қол валютада не клиент ұсынған түбіртек негiзiнде клиенттiң өтiнiшiне (Қағидаларға 36-қосымша) сәйкес клиенттiң ұлттық немесе шетел валютасындағы банк шотына оны отырып төленедi. Егер клиент Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген шағым-талап мерзiмi өтiп кетуi бойынша өтелген соманы алмаса, онда өтеу сомасы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес нотариалды кеңсенiң депозитiне аударылады, ал осы құндылықтар жөнiндегi барлық материалдар сол күнi бақылаудан алынып, күн құжатына тiгiледi.";

      27-тарауда:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6-параграф. Операция кассасын қорытындылау";

      223 және 224-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "223. Касса меңгерушiсi (арнайы бөлiнген кассир) кассирлерден валюталық құндылықтары, есептiк анықтамаларды және құжаттарды қабылдап, есептiк анықтамалардағы қалдықтарды шығарудың дұрыстығын, бақылау парақтарының, қабылданған және берiлген құндылықтардың есебiн жүргiзу кiтабының дұрыс толтырылуын тексередi, бiр күн iшiндегi касса айналымы жөнiнде жиынтық анықтама (Қағидаларға 11-қосымша) жасайды, оны бухгалтерлiк есептегi мәлiметтермен салыстырып тексередi, бұл ретте салыстырып тексеру нәтижелерi қол қойылып ресiмделедi.

      Касса меңгерушiсi бiр күн iшiндегi касса айналымы туралы жиынтық анықтаманы жасағаннан кейiн тиiстi кiтаптардағы валюталық құндылықтардың қалдығын шығарады (Қағидаларға 10, 37, 38-қосымшалар).

      224. Операция кассасының мәлiметтерiнде анықталған нақты бар валюталық құндылықтардың және есептiк құжаттардың арасында алшақтық болған жағдайда, касса меңгерушiсi бұл жөнiнде бөлiмше кассасының басшысына мәлiмдейдi. Артық шығуы немесе кем шығуы расталған жағдайда акт жасалады (Қағидаларға 7-қосымша), бұл ретте касса меңгерушiсi банк (филиал) басшысына түсiнiктеме бередi.";

      225-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "225. Бiр күнгi касса құжаттары Қағидалардың 2-тарауының 8-параграфында белгіленген тәртiппен қалыптастырылады. Жұмыс күнi ұзартылған кассалардың және айырбастау пункттерiнiң касса құжаттары жеке қалыптастырылады.";

      28-тарауда:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7-параграф. Валюталық құндылықтарды сақтау";

      228-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "228. Жалпы қойманы ашу және жабу Қағидалардың 8-тарауында белгіленген тәртiппен жүзеге асырылады.";

      29-тарауда:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8-параграф. Валюталық құндылықтарға ревизия жүргiзу";

      229-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "229. Кассалар мен бiрiнен бiрiне өтетiн аванс қалдығы бар аванстарды дайындау кассалары қызметкерлерi өз жауапкершiлiгiне алған, сондай-ақ айырбастау пункттерiндегi валюталық құндылықтарға ревизия жүргiзу Қағидалардың 9-тарауында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.";

      230-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "230. Айырбастау пункттерiне және банк кассаларында жүргiзiлген ревизия туралы акт (Қағидаларға 39-қосымша) жасалады.";

      30-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9-параграф. Валюталық құндылықтардың сақталуын қамтамасыз ету";

      31-тарауда:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "10-параграф. Валюталық құндылықтардың аванстарын дайындау және айырбастау пункттерiне жеткiзу";

      232-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "232. Банктердiң айырбастау пункттерi мен кассалары аванс әзiрлеу жөнiндегi жұмысты демалыс және мереке күндерi де кiдiрiссiз атқаруы үшiн касса бөлiмшесiнiң басшысы (арнайы бөлiнген қызметкер) жұмыс күнi қарсаңында шығыс ордерлерi мен жолдама ведомостерiн жасау үшiн бухгалтерия қызметкерлерiне валюталық құндылықтар беруiне аванстық тапсырыс (Қағидаларға 40-қосымша) бередi.";

      234-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "234. Авансты даярлау үшiн кассирлер касса меңгерушiсiнен өздері дайындаған аванстар касса меңгерушісіне сол күні қайтарылған жағдайда қабылданған және берілген құндылықтарды есепке алу кітаптарында (Қағидаларға 32-қосымша) қол қоя отырып, қажеттi құндылықтарды алады. Егер даярланған аванстар салынған қоржындар сол жұмыс күнi касса меңгерушiсiне қайтарылмай, арнайы бөлінген кассир оны банктiң (филиалдың) жалпы қоймасындағы сейфте (бөлек сейфте) сақтаса немесе кешкi кассаға өткiзсе, қолма-қол ақша кассирге шығыс ордерiне қол қойғыза отырып берiлетiн болады.";

      239-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Аванстар салынған қоржындарды қабылдағанда және қайта санаған кезде анықталған артық немесе жетпеген ақша жолдама ведомосiне екi дана етiп актiмен (Қағидаларға 17-қосымша) ресiмделедi.";

      32-тарауда:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "11-параграф. Айырбастау пункттерiндегi кассаның жұмысы";

      244-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "244. Қолма-қол шетел валютасын және шетел валютасындағы төлем құжаттарын инкассоға қабылдау бойынша операциялар клиенттiң өтiнiшi (Қағидаларға 35-қосымша) негiзiнде оған түбіртек (Қағидаларға 41-қосымша) беру арқылы жүзеге асырылады.";

      245-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "245. Айырбастау пунктiнiң қызметкерi жұмыс күнi аяқталғаннан кейiн касса айналымы және құндылықтар қалдығы туралы есептік анықтаманы (Қағидаларға 5-қосымша) жасайды, валюталық құндылықтарды есептейдi, оларды касса аппаратының немесе компьютердiң есеп жүргiзу құжаттарының мәлiметтерiмен сәйкестiгiн салыстырып тексередi және құндылықтар салынған инкассатор қоржынының әрқайсысына үш дана етiп жолдама ведомостерiн жасайды.";

      249-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "249. Инкассаторлар банкке валюталық құндылықтар салынған қоржындарды Қағидалардың 2-тарауының 5-параграфында белгіленген тәртiппен бередi.";

      8-бөлімде:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Ақшаны және басқа құндылықтарды сақтау";

      41-тараудың тақырыбы алып тасталсын;

      301-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "301. Құндылықтар қоймасында осы тараудың 300-тармағында көзделмеген құжаттар мен заттарды сақтауға жол берілмейді.";

      308-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Кiлттердiң телнұсқалары бар пакет құндылықтардың сақталуына жауапты лауазымды адамдар қол қойған iлеспе хатпен банктiң жақын филиалдарының бiрiне немесе шарттық талаптармен басқа банкке сақтауға өткiзiледi, ол туралы пакет өткiзген банкке түбіртек (Қағидаларға 45-қосымша) берiледi. Iлеспе хатта кiлттердiң телнұсқалары бар пакет құндылықтардың сақталуына жауапты лауазымды адамдар қол қойған және банктiң мөрiмен расталған банктiң жазбаша талабы болғанда керi қайтып берiлетiнi көрсетiледi.";

      309-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "309. Құндылықтар қоймасын ашу алдында құндылықтардың сақталуына жауапты лауазымды адамдар күзет өкiлiнiң қатысуымен кiретiн есiктiң, құлыптардың, шпагаттың және мөр бедерлерiнiң тұтастығына және бұзылмағандығына көз жеткiзуi, содан соң құндылықтар қоймасын күзеттен шығаруы, ол туралы қойманы, отқа төзiмдi сейфтердi және басқа ақша сақтау орындарын ашуға, жабуға және мөрлеуге рұқсат етiлген адамдардың бақылау журналына (Қағидаларға 29-қосымша) қол қоюы тиiс. Содан соң шпагаттың бiр орамын қырқып алып, мөр бедерлерi бар тақтайшаны қойманы тексеру аяқталғанға дейiн бүлiнбейтiндей етiп кесiп алу керек. Қойманы қарау аяқталысымен сургуч мөрлердің бедерлерi жойылуға тиiс.";

      319-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "319. Құндылықтар қоймасы кiлттермен жабылады, содан соң күзет өкiлiнiң көзiнше құндылықтардың сақталуына жауапты лауазымды адамдар мөрлейдi. Мөрлердiң бедерлерiн қолда бар үлгiлермен салыстырып тексергеннен кейiн қоймаларды, отқа жанбайтын сейфтердi және басқа ақша сақтайтын орындарды ашуға, жабуға және мөр қоюға рұқсат берiлген адамдардың бақылау журналына (Қағидаларға 29-қосымша) күзет өкiлi қол қояды.";

      320-тармақтың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "320. Құндылықтар қоймасының барлық мөрлерi және кiлттерi, пломбирлер, клишелер және атаулы мөртабандар, сондай-ақ кассирлердiң банктегi құндылықтарын сақтауға арналған жеке құралдарының кiлттерi нысанын банк белгілейтін, металл мөрлердi, мөртабандарды, клишелердi, пломбирлердi және қойма мен жанбайтын шкафтардың кiлттерiн тіркеу журналына тiркеледі.

      Құндылықтар қоймасының мөрлерiн және кiлттерiн, пломбирлерiн, клишелерiн және атаулы мөртабандарын және кассирлердiң құндылықтарды сақтау үшiн жеке құралдарының кiлттерiн беру және өткiзу нысанын банк белгілейтін, металл мөрлерді, мөртабандарды, клишелерді, пломбирлерді қойма мен отқа төзiмдi шкафтардың кiлттерiн берудi тiркеу журналында қолхат арқылы жүргiзiледi.";

      9-бөлімде:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Құндылықтарға ревизия жүргiзу";

      42-тараудың тақырыбы алып тасталсын;

      322-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "322. Ревизияларды жүргiзуге дайындалған, құндылықтармен операцияларды орындауға байланысы жоқ, осы Қағидаларды және Ұлттық Банктiң касса жұмысы бойынша басқа нормативтiк құқықтық актiлерiн бiлуi жөнiнде сынақ қабылданатын қызметкерлер қатыстырылады.";

      326-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бiр уақытта бiр жолы барлық құндылықтарға ревизия жүргiзуге мүмкiн болмаған жағдайларда, ревизия басшысы жұмыс күнi аяқталған соң күзетуге өткiзiлетiн құндылықтар қоймаларын және сейфтердi құндылықтардың сақталуына жауапты лауазымды адамдармен бiрге мөр қояды. Ревизия басшысының мөрi ревизия жүргiзiлетiн банктiң лауазымды адамдарының мөрлерiнiң жоғары жағына қойылады.";

      330-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "330. Қолма-қол ақшаны және құндылықтарды парақтап және даналап санауға қоймадан беру және оларды тексерiп болғаннан кейiн қабылдау қабылданған және берiлген ақшаны (құндылықтарды) есепке алу кiтабына (Қағидаларға 6-қосымша) кассирлердiң қол қоюы арқылы жүзеге асырылады.";

      332-тармақтың төртінші бөлігінің 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) ақшаның және құндылықтардың ревизия кезiнде анықталған артық шығуы және кем шығуы, сондай-ақ Қағидалар талаптарының бұзылуы;";

      1-1-қосымшаның оң жақтағы жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Банктерде және банк
операцияларының жекелеген түрлерін
жүзеге асыратын ұйымдарда касса
операцияларын және банкноттарды,
монеталарды және құндылықтарды
инкассациялау операцияларын
жүргізу қағидаларына
1-1-қосымша";

      1-2-қосымшаның оң жақтағы жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Банктерде және банк
операцияларының жекелеген түрлерін
жүзеге асыратын ұйымдарда касса
операцияларын және банкноттарды,
монеталарды және құндылықтарды
инкассациялау операцияларын
жүргізу қағидаларына
1-2-қосымша";

      2-1-қосымшаның оң жақтағы жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Банктерде және банк
операцияларының жекелеген түрлерін
жүзеге асыратын ұйымдарда касса
операцияларын және банкноттарды,
монеталарды және құндылықтарды
инкассациялау операцияларын
жүргізу қағидаларына
2-1-қосымша";

      3-қосымшаның оң жақтағы жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Банктерде және банк
операцияларының жекелеген түрлерін
жүзеге асыратын ұйымдарда касса
операцияларын және банкноттарды,
монеталарды және құндылықтарды
инкассациялау операцияларын
жүргізу қағидаларына
3-қосымша";

      4-қосымша алып тасталсын;

      5-қосымшаның оң жақтағы жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Банктерде және банк
операцияларының жекелеген түрлерін
жүзеге асыратын ұйымдарда касса
операцияларын және банкноттарды,
монеталарды және құндылықтарды
инкассациялау операцияларын
жүргізу қағидаларына
5-қосымша";

      6-қосымшаның оң жақтағы жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Банктерде және банк
операцияларының жекелеген түрлерін
жүзеге асыратын ұйымдарда касса
операцияларын және банкноттарды,
монеталарды және құндылықтарды
инкассациялау операцияларын
жүргізу қағидаларына
6-қосымша";

      7-қосымшаның оң жақтағы жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Банктерде және банк
операцияларының жекелеген түрлерін
жүзеге асыратын ұйымдарда касса
операцияларын және банкноттарды,
монеталарды және құндылықтарды
инкассациялау операцияларын
жүргізу қағидаларына
7-қосымша";

      8-қосымшаның оң жақтағы жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Банктерде және банк
операцияларының жекелеген түрлерін
жүзеге асыратын ұйымдарда касса
операцияларын және банкноттарды,
монеталарды және құндылықтарды
инкассациялау операцияларын
жүргізу қағидаларына
8-қосымша";

      10-қосымшаның оң жақтағы жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Банктерде және банк
операцияларының жекелеген түрлерін
жүзеге асыратын ұйымдарда касса
операцияларын және банкноттарды,
монеталарды және құндылықтарды
инкассациялау операцияларын
жүргізу қағидаларына
10-қосымша";

      11-қосымшаның оң жақтағы жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Банктерде және банк
операцияларының жекелеген түрлерін
жүзеге асыратын ұйымдарда касса
операцияларын және банкноттарды,
монеталарды және құндылықтарды
инкассациялау операцияларын
жүргізу қағидаларына
11-қосымша";

      12-қосымшаның оң жақтағы жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Банктерде және банк
операцияларының жекелеген түрлерін
жүзеге асыратын ұйымдарда касса
операцияларын және банкноттарды,
монеталарды және құндылықтарды
инкассациялау операцияларын
жүргізу қағидаларына
12-қосымша";

      13-қосымшаның оң жақтағы жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Банктерде және банк
операцияларының жекелеген түрлерін
жүзеге асыратын ұйымдарда касса
операцияларын және банкноттарды,
монеталарды және құндылықтарды
инкассациялау операцияларын
жүргізу қағидаларына
13-қосымша";

      14-қосымшаның оң жақтағы жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Банктерде және банк
операцияларының жекелеген түрлерін
жүзеге асыратын ұйымдарда касса
операцияларын және банкноттарды,
монеталарды және құндылықтарды
инкассациялау операцияларын
жүргізу қағидаларына
14-қосымша";

      15-қосымшаның оң жақтағы жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Банктерде және банк
операцияларының жекелеген түрлерін
жүзеге асыратын ұйымдарда касса
операцияларын және банкноттарды,
монеталарды және құндылықтарды
инкассациялау операцияларын
жүргізу қағидаларына
15-қосымша";

      16-қосымшаның оң жақтағы жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Банктерде және банк
операцияларының жекелеген түрлерін
жүзеге асыратын ұйымдарда касса
операцияларын және банкноттарды,
монеталарды және құндылықтарды
инкассациялау операцияларын
жүргізу қағидаларына
16-қосымша";

      17-қосымшаның оң жақтағы жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Банктерде және банк
операцияларының жекелеген түрлерін
жүзеге асыратын ұйымдарда касса
операцияларын және банкноттарды,
монеталарды және құндылықтарды
инкассациялау операцияларын
жүргізу қағидаларына
17-қосымша";

      18-қосымшаның оң жақтағы жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Банктерде және банк
операцияларының жекелеген түрлерін
жүзеге асыратын ұйымдарда касса
операцияларын және банкноттарды,
монеталарды және құндылықтарды
инкассациялау операцияларын
жүргізу қағидаларына
18-қосымша";

      19-қосымшаның оң жақтағы жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Банктерде және банк
операцияларының жекелеген түрлерін
жүзеге асыратын ұйымдарда касса
операцияларын және банкноттарды,
монеталарды және құндылықтарды
инкассациялау операцияларын
жүргізу қағидаларына
19-қосымша";

      20-қосымшаның оң жақтағы жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Банктерде және банк
операцияларының жекелеген түрлерін
жүзеге асыратын ұйымдарда касса
операцияларын және банкноттарды,
монеталарды және құндылықтарды
инкассациялау операцияларын
жүргізу қағидаларына
20-қосымша";

      21-қосымшаның оң жақтағы жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Банктерде және банк
операцияларының жекелеген түрлерін
жүзеге асыратын ұйымдарда касса
операцияларын және банкноттарды,
монеталарды және құндылықтарды
инкассациялау операцияларын
жүргізу қағидаларына
21-қосымша";

      22-қосымшаның оң жақтағы жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Банктерде және банк
операцияларының жекелеген түрлерін
жүзеге асыратын ұйымдарда касса
операцияларын және банкноттарды,
монеталарды және құндылықтарды
инкассациялау операцияларын
жүргізу қағидаларына
22-қосымша";

      23-қосымшаның оң жақтағы жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Банктерде және банк
операцияларының жекелеген түрлерін
жүзеге асыратын ұйымдарда касса
операцияларын және банкноттарды,
монеталарды және құндылықтарды
инкассациялау операцияларын
жүргізу қағидаларына
23-қосымша";

      24, 25, 26, 27 және 28-қосымшалар алып тасталсын;

      29-қосымшаның оң жақтағы жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Банктерде және банк
операцияларының жекелеген түрлерін
жүзеге асыратын ұйымдарда касса
операцияларын және банкноттарды,
монеталарды және құндылықтарды
инкассациялау операцияларын
жүргізу қағидаларына
29-қосымша";

      30-қосымша алып тасталсын;

      31-қосымшаның оң жақтағы жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Банктерде және банк
операцияларының жекелеген түрлерін
жүзеге асыратын ұйымдарда касса
операцияларын және банкноттарды,
монеталарды және құндылықтарды
инкассациялау операцияларын
жүргізу қағидаларына
31-қосымша";

      32-қосымшаның оң жақтағы жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Банктерде және банк
операцияларының жекелеген түрлерін
жүзеге асыратын ұйымдарда касса
операцияларын және банкноттарды,
монеталарды және құндылықтарды
инкассациялау операцияларын
жүргізу қағидаларына
32-қосымша";

      33-қосымша алып тасталсын;

      34-қосымшаның оң жақтағы жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Банктерде және банк
операцияларының жекелеген түрлерін
жүзеге асыратын ұйымдарда касса
операцияларын және банкноттарды,
монеталарды және құндылықтарды
инкассациялау операцияларын
жүргізу қағидаларына
34-қосымша";

      35-қосымшаның оң жақтағы жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Банктерде және банк
операцияларының жекелеген түрлерін
жүзеге асыратын ұйымдарда касса
операцияларын және банкноттарды,
монеталарды және құндылықтарды
инкассациялау операцияларын
жүргізу қағидаларына
35-қосымша";

      36-қосымшаның оң жақтағы жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Банктерде және банк
операцияларының жекелеген түрлерін
жүзеге асыратын ұйымдарда касса
операцияларын және банкноттарды,
монеталарды және құндылықтарды
инкассациялау операцияларын
жүргізу қағидаларына
36-қосымша";

      37-қосымшаның оң жақтағы жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Банктерде және банк
операцияларының жекелеген түрлерін
жүзеге асыратын ұйымдарда касса
операцияларын және банкноттарды,
монеталарды және құндылықтарды
инкассациялау операцияларын
жүргізу қағидаларына
37-қосымша";

      38-қосымшаның оң жақтағы жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Банктерде және банк
операцияларының жекелеген түрлерін
жүзеге асыратын ұйымдарда касса
операцияларын және банкноттарды,
монеталарды және құндылықтарды
инкассациялау операцияларын
жүргізу қағидаларына
38-қосымша";

      39-қосымшада:

      оң жақтағы жоғарғы бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:

  "Банктерде және банк
операцияларының жекелеген түрлерін
жүзеге асыратын ұйымдарда касса
операцияларын және банкноттарды,
монеталарды және құндылықтарды
инкассациялау операцияларын
жүргізу қағидаларына
39-қосымша";

      "Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiнде және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарда касса операцияларын жүргiзу ережесiне" деген сөздер "Банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарда кассалық операцияларды және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау бойынша операцияларды жүргізу қағидаларына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      40-қосымшаның оң жақтағы жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Банктерде және банк
операцияларының жекелеген түрлерін
жүзеге асыратын ұйымдарда касса
операцияларын және банкноттарды,
монеталарды және құндылықтарды
инкассациялау операцияларын
жүргізу қағидаларына
40-қосымша";

      41-қосымшаның оң жақтағы жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Банктерде және банк
операцияларының жекелеген түрлерін
жүзеге асыратын ұйымдарда касса
операцияларын және банкноттарды,
монеталарды және құндылықтарды
инкассациялау операцияларын
жүргізу қағидаларына
41-қосымша";

      45-қосымшаның оң жақтағы жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Банктерде және банк
операцияларының жекелеген түрлерін
жүзеге асыратын ұйымдарда касса
операцияларын және банкноттарды,
монеталарды және құндылықтарды
инкассациялау операцияларын
жүргізу қағидаларына
45-қосымша";

      46-қосымша алып тасталсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк

      Төрағасы Г. Марченко